You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: мұнай Алла жағынан қарғысталған қара лас май, яғни мұнай мұңайтады (2026.01.21 / Хижри 1447-жыл 02-Шағбан)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8675
Сұхбат: мұнай Алла жағынан қарғысталған қара лас май, яғни мұнай мұңайтады (2026.01.21 / Хижри 1447-жыл 02-Шағбан)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.

(Waltham Forest Islamic Association (WFIA), Walthamstow, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Әлхамдулилла, біз лондонға қауіпсіз жеттік, және біздің бірінші рет келген жеріміз осы мешіт болып отыр, бұнда бірінші рет келдік, әлхамдулилла, машалла, мұсылмандар көптеген мешіттерді салып жатыр екен. Осыдан 50 жыл бұрын Мәуләнә Шайық Назым хазірет келген кезде, бұнда ештеңе жоқ болатын, мешіт жоқ еді, тіпті орталық мешіттің өзі бір шатырша болатын. Әлхамдулилла, одан соң мыңдаған адамдар келді, әлхамдулилла, бұл бір нұр, ол Алла Әззә уә-Жәлләның үйі, ал Алланың үйі нұр, құт, береке таратады. Әлхамдулилла. Алла ﷻ мешіт салушыға, мешітте жәрдем етушіге, немесе исламға көмектескен әрқандай іске сауап береді. Алайда мешіт жәйлы Алла Әззә уә-Жәллә, және пайғамбарымыз ﷺ, «кім мешіт салса, Алла оған жәннәтта бір сарай салар» дейді, сіз бір жақсы іс істегенде, ол өседі, бұл кәдімгі ақша салып, оның өсімімен көбейгенге ұқсайды, ал манағы игіліктің өсімі мәңгілік. Әлхамдулилла, бұл бір игілік, машалла, Алла ﷻ сіздердің барлығыңызды берекелегей, әлхамдулилла, менше мейлі көп, я аз болсын, жұрттың бәрі жәрдемдесті, Алла ﷻ бізді сауапқа бөлегей, иншалла.

Айтып өткеніміздей, бұл Алла Әззә уә-Жәлләның үйі, ал Алла ﷻ ең рахымды, ең мейірімді, ол Алла Әззә уә-Жәллә, ал біз де адамдарға, Алла ﷻдың жаратылыстарына рахымды болуымыз керек, міне бұл жол пайғамбарымыз ﷺның жолы. Ал оның жолынан салих ғұламалардың, әулие-машайықтардың жолы келді, барлығы осы жолға ілесуде, олар жаратылыс үшін, Алла жаратылыстары үшін игілік қалайды. Мейлі адам, немесе адамнан басқасы болсын, барлығы болсын, біз оларға мейірімді болайық, қатты болмайық, Алла Әззә уә-Жәллә пайғамбарымыз ﷺ жәйлы, «رَءُوفٌ رَّحِيمٌ», «рауфун рахим» яғни, «рахымды және мейірімді» дейді, құран 9інші сүре 128інші аят. Оның мағынасы, «өте жұмсақ, өте мейірімді пайғамбар» дегенді білдіреді, біз мұсылманбыз, сондықтан, шама келгенінше оған еліктеуіміз керек, біз әр нәрсе жәйлы, әркім жәйлы жақсы ойда болайық, дұшпан ойда болмайық. Себебі барлығы Алла Әззә уә-Жәлләның меңгеруінде.

Бұрын түркия жерінде бір үлкен әулие өткен еді, оның есімі Меркез Әфенді болатын, ол өте үлкен ғұлама және қазы еді, менше солай болатын, кейін ол осы жұмысн тастап кетеді, ал оның пір шайығы оған сынақ жібереді. Ол келеді, және шайығы оны өзіне өте жақын ұстайды, ал манағы шайықтың қасында көптеген жасамыс мүриттер бар болатын, олар оған ергелі мүмкін 30-40 жыл болып кеткен. Бірақ олар жаңа келген меркез әфендиге біраз іштарлық етіп, «бұл қалай болғаны, ол жаңа келді емеспе, ол келе сала шайықтың ризалығына жетті» дейді, сонымен шайық оларды сынап, бір ғибырат сабақ үйретпек болады. Ол оларға, «егер Алла сендерге күш берсе, не істер едіңдер» деп сұрайды, ол бұны барлығынан сұрар, сонда біреуі, «мен кәпірлерді жоқ қылар едім» дер, тағы біреуі, «ешкімді кедей қылмас едім» дер. Ал басқалары да осылай айтып шығады, сұрақ Меркіз Әфендиге келгенде, ол, «мен ештеңе істемес едім» дейді, оған «не үшін» делінеді. Ол, «мен бүкіл барлығын меркезде қалдырар едім» дейді, бұндағы меркез сөзі ұқсас орнында қалдыру, ештеңені өзгертпеу дегенді білдіреді. Ал шайық одан, «неге» деп сұрайды, ол, «себебі Алла Әззә уә-Жәллә соны қалар, мен Алла ісіне араласпаймын» дейді. Сол үшін біз қуанып, риза болып жүруіміз керек, біз көмек ете алғанша көмек етелік, істей алғанша істелік, бірақ зорлықты күшпен, я қатыкездікпен іс қылмайық.

Алла ﷻ біреуге хидаят қалаған кезде, оған хидаят жібереді, сіз оған қаттылықпен кезкелген нәрсе істеңіз, бірақ ештеңе бітіре алмайсыз, алайда жұмсақтықпен, рахыммен, адамдарға жақсы іс істесеңіз, адамдар сізге риза болады, бұл бір жақсы ниеттен. Біздің ел-жұртқа, адамзатқа ниетіміз дұрыс, бірақ қазіргі кез өмірдің соңы болғандықтан барлығы өте қиын, тым жәйсыз болып кетті, бұндағы өмір соңы дегеніміз адамзат өмірінің жершарындағы соңғы кезеңі. Қазір адамдар еш қуанбайды, Алла ﷻ оларға барлығын берді, бірақ сонда да олар қуанбайды, бақытты сезіне алмайды. Не үшін? себебі оларда көре алмастық бар, іштарлық бар, жаман ниет, жаман ахылақ бар. Олар тым мөралсыз болып кеткен, бәрін тек өздеріне тілейді, басқаға ештеңе тілемейді, тым өзімшіл, насакүр келеді. Алла ﷻ бізге жақсы ой берген, ал сіз жақсы ойлануыңыз керек, мәселен, егер барлығы жақсы болса, сіз де жақсы боласыз, бүкіл бәрі жақсы болады. Ал сіз риза болмасаңыз, басқалар да риза бола алмайды, басқалар да бір-біріне іштарлық қылады, және бір-біріне мәселе тудырғысы келеді, содан әр жақ, яғни бүкіл адамдар мазасыздыққа түседі, кедейлеседі.

Қазір алда рамазан айы келе жатыр, шахру-рамадан, әдетте кезкелген кезде зекет беруге болады, бірақ рамазанда беру оны ұмытпауға ең жақсы. Ал біреулер ақша сұраса, олар, «бізде ақша жоқ» дейді, не үшін? себебі бай адамдар зекеттерін бермей жатыр, өзгелерді ойламай жатыр. Егер олар зекеттерін берсе, ол бүкіл кедейлерге жетіп асар еді, бірақ олар бермеген кезде Алла ﷻдың қарғысы оны бермегендерге түседі, ал кедейлер ашуланып, тағылана түседі, тіпті де мазаланады. Олар зекет бермегендерге, өздеріне қарамағандарға қарсы нәлет айтып, теріс дұға жасайды, сонымен бүкіл жүйе бұзылады, жаман болып кетеді. Ислам болса, бізге, бүкіл әлемге ең жақсы адамгершілікті көрсетуде, ал қазір жүз жылдан бері ислам мүлдем қалмады. Жұрттың бәрі, «біз мұсылманбыз» дейді, қазір біздің санымыз милиярт болды, бірақ оның түк пайдасы жоқ, пайғамбарымыз ﷺ, «сендер кейін саны тым көп мұсылман боласыңдар, сандардың өте көп болады, бірақ сендерде еш құн, еш күш болмайды, сендер толқынның көпіршігі сияқты боласңдар, ал көпіршік түкке жарамас, ештеме де емес» дейді.

Мүмкін біреулер көпіршікке қуанып жүрген шығар, бірақ оның пайдасы жоқ, себебі олар соңғы халифат Османлы империясымен келе жатқан шын исламды тастап кетті, ал Османлы тек түріктер үшін болмаған, оның ішінде 70 ұлт-қауым бірге өмір сүрген, онда мұсылман, христан, католик, ортодокс, әрмениян, ефофиян, зардушт, барлығы бірге тұрған. Демек, сіз не ойлай аласыз, соның барлығы Османлы Империясында болған, ол ислами империя еді, олар әр жерде әділ болып, кедейлерді, зұлымдыққа ұшыраушыларды қорғаған. Ал кейін адамдар османылыны аударды, содан бүкіл дүние де онымен бірге тындым болды, шипасы бітті, олар, «біз османлының көзін құртсақ, қуанып бақытты өмірге жетеміз, жақсы боламыз» деп ойлап қалды. Бірақ, жоқ, олай болмады, олар оны жоқ қылысымен, олардың халі онан арман мүшкілденіп, сорақы бола түсті, олар толассыз қиындықтар көруде, бірақ сонда да олар бұл қателіктерін танымай жатыр. Олар бүкіл адамзатты рухани, және мадди тұрғыдан түгел ластап, улап болды, тіпті теңіздер де улы зәхарға толды, аталмыш қара ласқа, яғни мұнай ластығына толды. Ал қайда мазасыздық болса, сонда жаман нәрсе болады, бақ-тәлей тұрмайды, сормаңдай сорлы тірлік орнайды. Манағы қара сұйықтық дегеніміз мұнай яғни петрол еді, ал қайда мұнай болса, сол жерге қарғыс келуде, бар сұмдық соларға келеді, біреулер ондағыларды тонайды, өлтіреді, мұнайын тартып алады, оларға ештеңе бермейді.

Бірақ Османлы империясы кезінде, ондай ештеңе болмаған, ел-жұрт, «османлы адамдарды алып кетті» дер, ал османлы кезінде сауд арабия, я шығанақ сияқты жерлер болмады, ол кезде онда тек құм шөл болған. Сұлтан оларға тамақ жіберіп, оларды баққан, бірақ ондағылар бұған риза болмады, ал мұнай, яғни манағы қарғысталған қара сұйықтық келгенде, адамдар османлыны, және бүкіл дүниені құртты. Қараңыз, қазірге дейін қай жерде мұнай болса, сонда қарғыс бар, адамдар оның артынан жүгіреді, сүбіханАлла, ол сонау баста жақсы емес еді, ол жақсы нәрсе емес. Бұрынғы кезде мұнай кей жерлерден атып шығатын, сонда адамдар, «бұл қара су, қара сұйықтық не нәрсе, ол өте лас нәрсе екен, ол қай жақтан келіп жатыр» деп таңғалатын. Ол осыдан 200 жылдай бұрынғы кез еді, олар мұнай жәйлы ештеңе білген жоқ, кейін олар оны біле бастады да, сол қара май үшін бір-бірімен соғысып, бір-бірін өлтіре бастады, бүкіл елді, кедейлерді өлтірді, олар сүйте тұра, «біз елді құтқарып жатырмыз» дер. Бірақ олардың бар істегендері әділдік жүйесіне мүлдем қарсы болатын, олар жалғыз қалған әділ жүйені де құртты, оны өлтірді, одан соң ештеңе қалмады. Ал біз, әлхамдулилла, мүминдер қуанышты, олар бақытты, себебі олар Алла ﷻға сүйенеді.

Алайда пайғамбарымыз ﷺ, «кейін бір өте жаман заман орнайды, тас қараңғылық келіп, дүниені зұлымдықпен бүкіл жамандық жаулайды, ол кез түн сияқты қараңғы болады, бірақ сондай заман болып жатқанда, Алла менің ұрпағымнан бір кісіні жібереді, ол ұрпағым манағы тас қараңғылықты жоғалтып, бүкіл әлемге әділдікпен тыныштық орнатар» дейді, иншалла. Міне бұл да бір жақсы шүйінші, себебі біз осыны білеміз, біз Алла ﷻға сүйенеміз, еш қорықпаймыз, сонда кімдер қорқақ? басқалар, яғни, «не болмақшы, не болады, ол ана елді алды, мына елді алды, ана жерді, мына жерді бомбалауда» деп жүргендер. Бірақ бұлар мұсылман үшін түк емес, себебі Алла зұлымдыққа ұшыраушыға өз сауабын береді, оны сыйлығына бөлейді, ал зұлымдық істеушілерге рахым етілмейді. Алла ﷻ бізді есендікте еткей, иншалла, Алла ﷻ Мәхди әлейхис-саламды жіберіп, жақсы күндерді көруге нәсіп еткей. Алла ﷻ пайғамбарымыз ﷺға уәде еткендей, бүкіл дүние тыныштықта жететін болады, еш мәселе болмайды. Алда міне осы істер болады, ал қазір ақиру-заман, яғни ақырзаман, иншалла. Біз болсақ Сәйдина Мәхди әлейхис-саламды күтудеміз, иншалла. Алла ﷻ үмбетті құтқаруға, күллі адамзатты құтқаруға оны тезден жібергей, иншалла.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: مۇناي اللا جاعىنان قارعىستالعان قارا لاس ماي، ياعني مۇناي مۇڭايتادى (2026.01.21 / حيجري 1447-جىل 02-شاعبان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.

(Waltham Forest Islamic Association (WFIA)، Walthamstow، UK، 2026) انگليادا ايتىلعان سۇحبات. ءالحامدۋليللا، ءبىز لوندونعا ءقاۋىپسىز جەتتىك، جانە ءبىزدىڭ ءبىرىنشى رەت كەلگەن جەرىمىز وسى مەشىت بولىپ وتىر، بۇندا ءبىرىنشى رەت كەلدىك، ءالحامدۋليللا، ماشاللا، مۇسىلماندار كوپتەگەن مەشىتتەردى سالىپ جاتىر ەكەن. وسىدان 50 جىل بۇرىن ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت كەلگەن كەزدە، بۇندا ەشتەڭە جوق بولاتىن، مەشىت جوق ەدى، ءتىپتى ورتالىق مەشىتتىڭ ءوزى ءبىر شاتىرشا بولاتىن. ءالحامدۋليللا، ودان سوڭ مىڭداعان ادامدار كەلدى، ءالحامدۋليللا، بۇل ءبىر نۇر، ول اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءۇيى، ال اللانىڭ ءۇيى نۇر، قۇت، بەرەكە تاراتادى. ءالحامدۋليللا. اللا ﷻ مەشىت سالۋشىعا، مەشىتتە جاردەم ەتۋشىگە، نەمەسە يسلامعا كومەكتەسكەن ءارقانداي ىسكە ساۋاپ بەرەدى. الايدا مەشىت ءجايلى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، جانە پايعامبارىمىز ﷺ، «كىم مەشىت سالسا، اللا وعان ءجانناتتا ءبىر ساراي سالار» دەيدى، ءسىز ءبىر جاقسى ءىس ىستەگەندە، ول وسەدى، بۇل كادىمگى اقشا سالىپ، ونىڭ وسىمىمەن كوبەيگەنگە ۇقسايدى، ال ماناعى يگىلىكتىڭ ءوسىمى ماڭگىلىك. ءالحامدۋليللا، بۇل ءبىر يگىلىك، ماشاللا، اللا ﷻ سىزدەردىڭ بارلىعىڭىزدى بەرەكەلەگەي، ءالحامدۋليللا، مەنشە مەيلى كوپ، يا از بولسىن، جۇرتتىڭ ءبارى جاردەمدەستى، اللا ﷻ ءبىزدى ساۋاپقا بولەگەي، ينشاللا.

ايتىپ وتكەنىمىزدەي، بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءۇيى، ال اللا ﷻ ەڭ راحىمدى، ەڭ مەيىرىمدى، ول اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، ال ءبىز دە ادامدارعا، اللا ﷻدىڭ جاراتىلىستارىنا راحىمدى بولۋىمىز كەرەك، مىنە بۇل جول پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولى. ال ونىڭ جولىنان ساليح عۇلامالاردىڭ، اۋليە-ماشايىقتاردىڭ جولى كەلدى، بارلىعى وسى جولعا ىلەسۋدە، ولار جاراتىلىس ءۇشىن، اللا جاراتىلىستارى ءۇشىن يگىلىك قالايدى. مەيلى ادام، نەمەسە ادامنان باسقاسى بولسىن، بارلىعى بولسىن، ءبىز ولارعا مەيىرىمدى بولايىق، قاتتى بولمايىق، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا پايعامبارىمىز ﷺ ءجايلى، «ءرَُوفٌ رَّحِيمٌ»، «راۋفۋن راحيم» ياعني، «راحىمدى جانە مەيىرىمدى» دەيدى، قۇران 9ءىنشى سۇرە 128ءىنشى ايات. ونىڭ ماعىناسى، «وتە جۇمساق، وتە مەيىرىمدى پايعامبار» دەگەندى بىلدىرەدى، ءبىز مۇسىلمانبىز، سوندىقتان، شاما كەلگەنىنشە وعان ەلىكتەۋىمىز كەرەك، ءبىز ءار نارسە ءجايلى، اركىم ءجايلى جاقسى ويدا بولايىق، دۇشپان ويدا بولمايىق. سەبەبى بارلىعى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ مەڭگەرۋىندە.

بۇرىن تۇركيا جەرىندە ءبىر ۇلكەن اۋليە وتكەن ەدى، ونىڭ ەسىمى مەركەز افەندى بولاتىن، ول وتە ۇلكەن عۇلاما جانە قازى ەدى، مەنشە سولاي بولاتىن، كەيىن ول وسى جۇمىسن تاستاپ كەتەدى، ال ونىڭ ءپىر شايىعى وعان سىناق جىبەرەدى. ول كەلەدى، جانە شايىعى ونى وزىنە وتە جاقىن ۇستايدى، ال ماناعى شايىقتىڭ قاسىندا كوپتەگەن جاسامىس مۇريتتەر بار بولاتىن، ولار وعان ەرگەلى مۇمكىن 30-40 جىل بولىپ كەتكەن. ءبىراق ولار جاڭا كەلگەن مەركەز افەنديگە ءبىراز ءىشتارلىق ەتىپ، «بۇل قالاي بولعانى، ول جاڭا كەلدى ەمەسپە، ول كەلە سالا شايىقتىڭ ريزالىعىنا جەتتى» دەيدى، سونىمەن شايىق ولاردى سىناپ، ءبىر عيبىرات ساباق ۇيرەتپەك بولادى. ول ولارعا، «ەگەر اللا سەندەرگە كۇش بەرسە، نە ىستەر ەدىڭدەر» دەپ سۇرايدى، ول بۇنى بارلىعىنان سۇرار، سوندا بىرەۋى، «مەن كاپىرلەردى جوق قىلار ەدىم» دەر، تاعى بىرەۋى، «ەشكىمدى كەدەي قىلماس ەدىم» دەر. ال باسقالارى دا وسىلاي ايتىپ شىعادى، سۇراق مەركىز افەنديگە كەلگەندە، ول، «مەن ەشتەڭە ىستەمەس ەدىم» دەيدى، وعان «نە ءۇشىن» دەلىنەدى. ول، «مەن بۇكىل بارلىعىن مەركەزدە قالدىرار ەدىم» دەيدى، بۇنداعى مەركەز ءسوزى ۇقساس ورنىندا قالدىرۋ، ەشتەڭەنى وزگەرتپەۋ دەگەندى بىلدىرەدى. ال شايىق ودان، «نەگە» دەپ سۇرايدى، ول، «سەبەبى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا سونى قالار، مەن اللا ىسىنە ارالاسپايمىن» دەيدى. سول ءۇشىن ءبىز قۋانىپ، ريزا بولىپ ءجۇرۋىمىز كەرەك، ءبىز كومەك ەتە العانشا كومەك ەتەلىك، ىستەي العانشا ىستەلىك، ءبىراق زورلىقتى كۇشپەن، يا قاتىكەزدىكپەن ءىس قىلمايىق.

اللا ﷻ بىرەۋگە حيدايات قالاعان كەزدە، وعان حيدايات جىبەرەدى، ءسىز وعان قاتتىلىقپەن كەزكەلگەن نارسە ىستەڭىز، ءبىراق ەشتەڭە بىتىرە المايسىز، الايدا جۇمساقتىقپەن، راحىممەن، ادامدارعا جاقسى ءىس ىستەسەڭىز، ادامدار سىزگە ريزا بولادى، بۇل ءبىر جاقسى نيەتتەن. ءبىزدىڭ ەل-جۇرتقا، ادامزاتقا نيەتىمىز دۇرىس، ءبىراق قازىرگى كەز ءومىردىڭ سوڭى بولعاندىقتان بارلىعى وتە قيىن، تىم ءجايسىز بولىپ كەتتى، بۇنداعى ءومىر سوڭى دەگەنىمىز ادامزات ءومىرىنىڭ جەرشارىنداعى سوڭعى كەزەڭى. ءقازىر ادامدار ەش قۋانبايدى، اللا ﷻ ولارعا بارلىعىن بەردى، ءبىراق سوندا دا ولار قۋانبايدى، باقىتتى سەزىنە المايدى. نە ءۇشىن؟ سەبەبى ولاردا كورە الماستىق بار، ءىشتارلىق بار، جامان نيەت، جامان احىلاق بار. ولار تىم ءمورالسىز بولىپ كەتكەن، ءبارىن تەك وزدەرىنە تىلەيدى، باسقاعا ەشتەڭە تىلەمەيدى، تىم ءوزىمشىل، ناساكۇر كەلەدى. اللا ﷻ بىزگە جاقسى وي بەرگەن، ال ءسىز جاقسى ويلانۋىڭىز كەرەك، ماسەلەن، ەگەر بارلىعى جاقسى بولسا، ءسىز دە جاقسى بولاسىز، بۇكىل ءبارى جاقسى بولادى. ال ءسىز ريزا بولماساڭىز، باسقالار دا ريزا بولا المايدى، باسقالار دا ءبىر-بىرىنە ءىشتارلىق قىلادى، جانە ءبىر-بىرىنە ماسەلە تۋدىرعىسى كەلەدى، سودان ءار جاق، ياعني بۇكىل ادامدار مازاسىزدىققا تۇسەدى، كەدەيلەسەدى.

ءقازىر الدا رامازان ايى كەلە جاتىر، شاحرۋ-رامادان، ادەتتە كەزكەلگەن كەزدە زەكەت بەرۋگە بولادى، ءبىراق رامازاندا بەرۋ ونى ۇمىتپاۋعا ەڭ جاقسى. ال بىرەۋلەر اقشا سۇراسا، ولار، «بىزدە اقشا جوق» دەيدى، نە ءۇشىن؟ سەبەبى باي ادامدار زەكەتتەرىن بەرمەي جاتىر، وزگەلەردى ويلاماي جاتىر. ەگەر ولار زەكەتتەرىن بەرسە، ول بۇكىل كەدەيلەرگە جەتىپ اسار ەدى، ءبىراق ولار بەرمەگەن كەزدە اللا ﷻدىڭ قارعىسى ونى بەرمەگەندەرگە تۇسەدى، ال كەدەيلەر اشۋلانىپ، تاعىلانا تۇسەدى، ءتىپتى دە مازالانادى. ولار زەكەت بەرمەگەندەرگە، وزدەرىنە قاراماعاندارعا قارسى نالەت ايتىپ، تەرىس دۇعا جاسايدى، سونىمەن بۇكىل جۇيە بۇزىلادى، جامان بولىپ كەتەدى. يسلام بولسا، بىزگە، بۇكىل الەمگە ەڭ جاقسى ادامگەرشىلىكتى كورسەتۋدە، ال ءقازىر ءجۇز جىلدان بەرى يسلام مۇلدەم قالمادى. جۇرتتىڭ ءبارى، «ءبىز مۇسىلمانبىز» دەيدى، ءقازىر ءبىزدىڭ سانىمىز ميليارت بولدى، ءبىراق ونىڭ تۇك پايداسى جوق، پايعامبارىمىز ﷺ، «سەندەر كەيىن سانى تىم كوپ مۇسىلمان بولاسىڭدار، سانداردىڭ وتە كوپ بولادى، ءبىراق سەندەردە ەش قۇن، ەش كۇش بولمايدى، سەندەر تولقىننىڭ كوپىرشىگى سياقتى بولاسڭدار، ال كوپىرشىك تۇككە جاراماس، ەشتەمە دە ەمەس» دەيدى.

مۇمكىن بىرەۋلەر كوپىرشىككە قۋانىپ جۇرگەن شىعار، ءبىراق ونىڭ پايداسى جوق، سەبەبى ولار سوڭعى حاليفات وسمانلى يمپەرياسىمەن كەلە جاتقان شىن يسلامدى تاستاپ كەتتى، ال وسمانلى تەك تۇرىكتەر ءۇشىن بولماعان، ونىڭ ىشىندە 70 ۇلت-قاۋىم بىرگە ءومىر سۇرگەن، وندا مۇسىلمان، حريستان، كاتوليك، ورتودوكس، ارمەنيان، ەفوفيان، زاردۋشت، بارلىعى بىرگە تۇرعان. دەمەك، ءسىز نە ويلاي الاسىز، سونىڭ بارلىعى وسمانلى يمپەرياسىندا بولعان، ول يسلامي يمپەريا ەدى، ولار ءار جەردە ءادىل بولىپ، كەدەيلەردى، زۇلىمدىققا ۇشىراۋشىلاردى قورعاعان. ال كەيىن ادامدار وسمانىلىنى اۋداردى، سودان بۇكىل دۇنيە دە ونىمەن بىرگە تىندىم بولدى، شيپاسى ءبىتتى، ولار، «ءبىز وسمانلىنىڭ كوزىن قۇرتساق، قۋانىپ باقىتتى ومىرگە جەتەمىز، جاقسى بولامىز» دەپ ويلاپ قالدى. ءبىراق، جوق، ولاي بولمادى، ولار ونى جوق قىلىسىمەن، ولاردىڭ ءحالى ونان ارمان مۇشكىلدەنىپ، سوراقى بولا ءتۇستى، ولار تولاسسىز قيىندىقتار كورۋدە، ءبىراق سوندا دا ولار بۇل قاتەلىكتەرىن تانىماي جاتىر. ولار بۇكىل ادامزاتتى رۋحاني، جانە ماددي تۇرعىدان تۇگەل لاستاپ، ۋلاپ بولدى، ءتىپتى تەڭىزدەر دە ۋلى ءزاحارعا تولدى، اتالمىش قارا لاسقا، ياعني مۇناي لاستىعىنا تولدى. ال قايدا مازاسىزدىق بولسا، سوندا جامان نارسە بولادى، باق-تالەي تۇرمايدى، سورماڭداي سورلى تىرلىك ورنايدى. ماناعى قارا سۇيىقتىق دەگەنىمىز مۇناي ياعني پەترول ەدى، ال قايدا مۇناي بولسا، سول جەرگە قارعىس كەلۋدە، بار سۇمدىق سولارعا كەلەدى، بىرەۋلەر ونداعىلاردى تونايدى، ولتىرەدى، مۇنايىن تارتىپ الادى، ولارعا ەشتەڭە بەرمەيدى.

ءبىراق وسمانلى يمپەرياسى كەزىندە، ونداي ەشتەڭە بولماعان، ەل-جۇرت، «وسمانلى ادامداردى الىپ كەتتى» دەر، ال وسمانلى كەزىندە ساۋد ارابيا، يا شىعاناق سياقتى جەرلەر بولمادى، ول كەزدە وندا تەك قۇم ءشول بولعان. سۇلتان ولارعا تاماق جىبەرىپ، ولاردى باققان، ءبىراق ونداعىلار بۇعان ريزا بولمادى، ال مۇناي، ياعني ماناعى قارعىستالعان قارا سۇيىقتىق كەلگەندە، ادامدار وسمانلىنى، جانە بۇكىل دۇنيەنى قۇرتتى. قاراڭىز، قازىرگە دەيىن قاي جەردە مۇناي بولسا، سوندا قارعىس بار، ادامدار ونىڭ ارتىنان جۇگىرەدى، ءسۇبىحاناللا، ول سوناۋ باستا جاقسى ەمەس ەدى، ول جاقسى نارسە ەمەس. بۇرىنعى كەزدە مۇناي كەي جەرلەردەن اتىپ شىعاتىن، سوندا ادامدار، «بۇل قارا سۋ، قارا سۇيىقتىق نە نارسە، ول وتە لاس نارسە ەكەن، ول قاي جاقتان كەلىپ جاتىر» دەپ تاڭعالاتىن. ول وسىدان 200 جىلداي بۇرىنعى كەز ەدى، ولار مۇناي ءجايلى ەشتەڭە بىلگەن جوق، كەيىن ولار ونى بىلە باستادى دا، سول قارا ماي ءۇشىن ءبىر-بىرىمەن سوعىسىپ، ءبىر-ءبىرىن ولتىرە باستادى، بۇكىل ەلدى، كەدەيلەردى ءولتىردى، ولار سۇيتە تۇرا، «ءبىز ەلدى قۇتقارىپ جاتىرمىز» دەر. ءبىراق ولاردىڭ بار ىستەگەندەرى ادىلدىك جۇيەسىنە مۇلدەم قارسى بولاتىن، ولار جالعىز قالعان ءادىل جۇيەنى دە قۇرتتى، ونى ءولتىردى، ودان سوڭ ەشتەڭە قالمادى. ال ءبىز، ءالحامدۋليللا، مۇميندەر قۋانىشتى، ولار باقىتتى، سەبەبى ولار اللا ﷻعا سۇيەنەدى.

الايدا پايعامبارىمىز ﷺ، «كەيىن ءبىر وتە جامان زامان ورنايدى، تاس قاراڭعىلىق كەلىپ، دۇنيەنى زۇلىمدىقپەن بۇكىل جاماندىق جاۋلايدى، ول كەز ءتۇن سياقتى قاراڭعى بولادى، ءبىراق سونداي زامان بولىپ جاتقاندا، اللا مەنىڭ ۇرپاعىمنان ءبىر كىسىنى جىبەرەدى، ول ۇرپاعىم ماناعى تاس قاراڭعىلىقتى جوعالتىپ، بۇكىل الەمگە ادىلدىكپەن تىنىشتىق ورناتار» دەيدى، ينشاللا. مىنە بۇل دا ءبىر جاقسى ءشۇيىنشى، سەبەبى ءبىز وسىنى بىلەمىز، ءبىز اللا ﷻعا سۇيەنەمىز، ەش قورىقپايمىز، سوندا كىمدەر قورقاق؟ باسقالار، ياعني، «نە بولماقشى، نە بولادى، ول انا ەلدى الدى، مىنا ەلدى الدى، انا جەردى، مىنا جەردى بومبالاۋدا» دەپ جۇرگەندەر. ءبىراق بۇلار مۇسىلمان ءۇشىن تۇك ەمەس، سەبەبى اللا زۇلىمدىققا ۇشىراۋشىعا ءوز ساۋابىن بەرەدى، ونى سىيلىعىنا بولەيدى، ال زۇلىمدىق ىستەۋشىلەرگە راحىم ەتىلمەيدى. اللا ﷻ ءبىزدى ەسەندىكتە ەتكەي، ينشاللا، اللا ﷻ ءماحدي الەيحيس-سالامدى جىبەرىپ، جاقسى كۇندەردى كورۋگە ءناسىپ ەتكەي. اللا ﷻ پايعامبارىمىز ﷺعا ۋادە ەتكەندەي، بۇكىل دۇنيە تىنىشتىقتا جەتەتىن بولادى، ەش ماسەلە بولمايدى. الدا مىنە وسى ىستەر بولادى، ال ءقازىر اقيرۋ-زامان، ياعني اقىرزامان، ينشاللا. ءبىز بولساق ءسايدينا ءماحدي الەيحيس-سالامدى كۇتۋدەمىز، ينشاللا. اللا ﷻ ۇمبەتتى قۇتقارۋعا، كۇللى ادامزاتتى قۇتقارۋعا ونى تەزدەن جىبەرگەي، ينشاللا.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8675