You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: өлім жәннәтпен тозақтың арасында бауыздалады (2026.01.20 / Хижри 1447-жыл 01-Шағбан)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8674
Сұхбат: өлім жәннәтпен тозақтың арасында бауыздалады (2026.01.20 / Хижри 1447-жыл 01-Шағбан)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.

(Smethwick Jamia Masjid – Birmingham, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Бисмиллахир рахманир рахим, «إنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُؤْمِنِينَ», яғни Алла мүмииндерді сүйеді, және, «فَإِنَّ اللّهَ عَدُوٌّ لِّلْكَافِرِينَ», яғни, «сонда расында, Алла кәпірлерге дұшпан», құран 2інші сүре 98інші аят. Демек, Алла ﷻ мүминді сүйеді, Алла ﷻ құран әзиму-шәнда Өзінің кәпірлерге дұшпан екендігін айтады, ал кәпірдің мағынасы не? кәпір дегеніміз Аллаға сенбейтіндер, иманы жоқтар, иман етпегендер, ал иман етпеудің мағынасы не? ол Алланың өзіне берген нәрселері үшін алғыс-шүкір айтпайтындар, сондықтан кәпір Аллаға дұшпан, Алла да оған дұшпан. Мәселен, егер сізді бір құмырсқа десек, тіпті былай салыстыруға да келмес, лә-тәсбих, бұл мысал болмайды, бірақ бір құмырсқа мына бүкіл әлемге дұшпан болса, олай қалай болмақ, ол не істей алады? ол бір құмырсқа ғой. Бұндай мысал бергеніміз жақсы әдеп емес, бірақ бұл Алла Әззә уә-Жәлләға қарсы келгендердің ешбір құны жоқ түкке татымайтындар екендігін көрсетеді.

Алла Әззә уә-Жәллә бүкіл дүниені жаратты, бүкіл жершарыны жаратты, жершары түгіл, мына бүкіл құс жолы, галактика Алла алдында бір түйір тозаң да бола алмайды, сонда Алла Әззә уә-Жәлләға қарсы адамдар неткен құтырық десеңізші! олар Аллаға қарсы келеді, Алла Әззә уә-Жәлләға қарсы соғысқысы келеді, және олар, «біз жеңеміз» деп ойлар, олар ешқашан жеңе алмайды, себебі Алла ﷻ бізбен бірге. Бізде еш құрал жоқ, бізде ештеңе жоқ, өзімізде еш қуат жоқ, бірақ бізге қуат Алла Әззә уә-Жәлләдан келеді, Алла ﷻ жеңеді, Оны ешкім жеңе алмайды. Бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّهُ لاَ يَذِلُّ مَنْ وَالَيْتَ وَلاَ يَعِزُّ مَنْ عَادَيْتَ», яғни, «кім Сенімен дос болса, қор болмас, ал кім Сенімен жау болса, жеңіске жетпес» делінер. Оның мағынасы сол, Раббым Сен кімді қолдасаң, ол ешқашан жеңілмейді, ал кім Саған жау болса, ол ешқашан жеңбес демекілік-дүр. Сол үшін, әлхамдулилла, бұнда отырғандардың барлығы да Алла Әззә уә-Жәллә сүйген мүминдер.

Біз барлығымыз біргеміз, біз өз жағымызға келген адамдарды сүйеміз, олардың Алла Әззә уә-Жәлләға қарсы емес, бірақ сүйікті жан болуларын қалаймыз, ал егер сіз Алла Әззә уә-Жәлләға қарсы болсаңыз, ештеңе ұтпайсыз. Бұндағы маңыздысы - ең соңғы ақырыңыздың жақсы болуы, мәңгілік өмір маңызды, бұл өмір тым маңызды емес, бұл өмір көп болса жүз жыл, жүзден аса жасайтындар көп емес. Демек, жүз жыл да бірдемде өте шығар, содан соң не болар? одан соң екінші өмір басталар, бұл екінші өмір мәңгілік өмір, ол жүз жыл, мың жыл, милион жыл, милиярт жыл емес, ол - мәңгілік. Ал манағы Алла ﷻға қарсылар сол кезде мәңгілік мазасыздыққа қалады, олар осы өмірде «біз ұттық» деп ойлар, бірақ ақиретте, олар толассыз жаза астында болар. Олардан барлығы сұралады, әр сәттен сұралады, олардан не істегені сұралады, сол үшін олар қазір өкіне тәубе етіп кешірім сұрамаса, олар мәңгілік азапқа қалады, ол азап он жыл, жүз жыл, мың жыл, милион жыл, милиярт жыл емес, олар мәңгі қиналар, еш тыныштық көрмес, олардың жағдайы міне осылай.

Біздің келер өміріміз, яғни ақиретіміз мәңгілік, мүмкін кәпірлер бұған сенбейді, олар бұл өмірде жүргенде қалай, және қашан өлетіні жәйлы еш ойланбас, олар, «әйтеу өмір сүреміз» деп ойлар. Көптеген адамдар осылай ойлар, бірақ әрине, олар ақырына жеткенде, «біз өлеміз» деп ойлар, ал біз өлім жәйлы ойланбайтын көптеген кәрі адамдарды көрдік. Яғни, сіз жүз жасқа келдіңіз, бірақ сонда да «мен өлермін» деп ойланбайсыз, бұл не? оны ойлау Алладан адамға берілген келер өмір жәйлы бір илхам-шабыт еді, одан соң өлім болмайды, демек екінші өмір мәңгілік. Пайғамбарымыз ﷺ қиямет күні біткеннен кейінгі істі айтар, әрине, ол милиондаған жылды алуы мүмкін, себебі кейбір адамдар кезегін бір-бірден күтеді. Олардың кейбірі мыңдаған жыл, кейбірі неше оның жыл, тіпті кейбірі неше жүзмың жыл кезегін күтеді, ал осы біткен соң, Алла Әззә уә-Жәллә Жебірейіл періштеге өлімді алып келуге әмір етеді. Олар өлімді жәннәтпен тозақтың арасына қояды, және Алла Әззә уә-Жәллә Жебірейіл періштеге оны бауыздауға әмір етеді, ол оны кәдімгі қой сияқты бауыздайды. Одан соң еш өлім жоқ, сіз мәңгілік боласыз, жәннәтқа да, тозаққа да мәңгілік орнайды.

Сондықтан бұл қалжың емес, көптеген адамдар бәс тігіп құмар ойнайды, ең жаман бәс тігу осы, яғни одан соң манағы адамдарға ешбір бәс тігу орайы берілмейді, ол бітеді, олар я жәннәтта, я тозақта болады. Сол үшін кімде ойланарлық сана болса, манағы адамдарға құлақ аспасын, қазір шайтанмен көптеген шайтани адамдар айнала жүріп, қалың елді жәннәттан тозаққа қарай бастап әкетуде. Олар жәннәттан тозаққа қарай бастауда, жол көрсетуде, ал осылардың кейбірі он жыл, кейбірі жүз жыл, кейбірі мыңдаған жыл тозақта болады. Бұл солай, олар күпірлік жасамаса, жазасын тартқан соң, жәннәтқа кіруіне болады, ал оларда күпірлік болса, уәл-ғиязу-биллах, Алладан пана сұраймыз. Қазіргі кезде олар көп елді әтеист етіп жүр, бұның мағынасы адамдарды Алла сендірмеу дегенді білдіреді, сол үшін бұл бір үлкен бәс тігу, ал манағы шайтани адамдар ел-жұртты жәханнамға қарай бастап барады. Олар, «елді тозақта мәңгі қалдырамыз» деп ойлар, алайда олар тәубе етіп, Алладан кешірім сұраса, Алла оларды кешіреді. Ал қазір көптеген адамдар, «біз Аллаға ашуланамыз» дейтін сұмдықты шығарды, ал сен Аллаға ашуланатын кім едің!

Біздің түріктерде, «қоян тауға ашуланыпты, бірақ таудың одан хабары болмапты» деген бір сөз бар, яғни қоян тауға ашуланып, тауға сөйлемей қойыпты, бұл бір күлкілі іс, қоян тауға не істей алар. Тіпті бүкіл қояндар жиналып тауға ашуланса не болар? олар сол таудан ішпей-жемей кетуі керек болар. Сондықтан, егер біреу, «біз Аллаға ашуланамыз, Ол біздің қалағанымызды бермей қойды» десе, болама, сірә, сіз не қалайсыз! сіз рестұранға, я қонақ үйге барып, қалауыңызды сұрай бермейсіз ғой! егер Алла ﷻ сізге бірдеңе берсе, оған риза болыңыз, ал Алла ﷻ сізге барлығын берді. Бірақ сіз ат сияқты ана жаққа, мына жаққа жойдақсыз шауып жүрсіз, бар жаман істі істейсіз, одан келіп, «мені қорғамадың» деп, Алланы кінәлайсыз, әулиелерді, машайықтарды кінәлайсыз. Өзіңізді өзіңіз қорғаңыз, және сіз істеген әр ісіңізден сұралатындығыңызды біліңіз, сіз адамсыз, Алла ﷻ сізге жақсы-жаманды көрсін, білсін деп, ми берді, сана берді. Ал кім жауапкершілік арқаламайды? рухани ауруы бар, миы кем адамдар жауапкершілік арқаламайды, оларға үкіметтен бір қағаз беріледі. Содан соң, олардың көбі бірдеңе істеп қойса, еш жауапкершілік арқаламайды, себебі оларда ақыл жоқ, олар бірдеңені білместен істейді, міне осы адамдар тобы ғана жазамен сұрақтан аман қалады.

Сол үшін ақылы барлар Алла Әззә уә-Жәлләның әр адамға риздық беретіндігін ойлануы және білуі керек, ол әркімге риздық береді, әркімде риздық бар, бұнда еш адамның өзін тола мәселелерге шырмалтуының, мәңгілік қиындықтарды тілеп алуының еш қажеті жоқ. Бұл өте қауіпті іс, өмірде одан асқан қауіпті нәрсе жоқ, себебі сізге бұл өмір бір рет қана беріледі, осы кезде жақсы амал істемесеңіз, ендігәрі еш орай жоқ. Құранның көптеген сүрелерінде айтылғандай, тозақтағы адамдар, «о Раббым, бізді дүниеге қайтаршы, біз бағыбып, құлшылық ететін боламыз, біз барша игі істі істейміз» дейді. Сонда оларға, «жоқ, бұл бітті, дүние бір рет қана, көптеген адамдар саған сақ болуды, жақсы адам болуды, Аллаға сүйікті жан болуды үйретті емеспе, айтты емеспе, сол кезде сендер оларға күлгенсіңдер, оларға сендерде ақыл жоқ, сендер топас адамсыңдар деп едіңдер ғой» делінеді. Иә, міне осы адамдар Аллаға сенген, құлшылық еткендерге осылай деген болатын. Ал қазір бір қыңыр мода-фашын пайда болды, олар мектептегі я көшедегі кішкене балаларды өздеріне тартып, «бұл балалардың отбасы, ата-анасы, біздей ақылды емес» деп ойлайды. Бірақ олар сізден жүз есе ақылды, себебі олар осы иманмен ақиреттен бұрын бақытқа да жетіп болады, демек, олар өздерінің балаларының, туыстарының Алла жолында екендігін көргенде, олар ең бақытты жандар болады.

Көптеген адамдар келіп, балалары үшін, күйеуі үшін, аға-бауыр, әпке-сіңлілері үшін хидаят сұрайды, көбі осыны сұрайды, әрине, біз олар үшін дұға етудеміз. Ал харам істеу, күнәға бару сияқты істер англия-европадағы осындай үлкен жерлерде сақталынған мәселелер болып отыр, мұсылман елдерінде жағдай олардан сәл жақсырақ. Адам харамға барса, олар сол үшін жазаланады, ал мына дүниедегі ең бір сорақы іс сол, үйленіп алған ердің өзімен некесі жоқ тағы бір әйелге баруы болмақ, міне бұл аса үлкен күнә. Күнәнің үлкені және кішісі болады, ал манағы іс үлкен күнәға жатады. Адамдар бұндай күнәні жәй іс сияқты көріп жүр, олар, «біз бұның харам екендігін білеміз, бірақ біз өзімізді тежей алмаймыз» дер, иә, сен өзіңді тежей алмадың, себебі сен оның артында қандай ауыр жаза жатқанын білмедің. Оған жаза ең алдымен ақиреттен бұрын осы дүниеде келетін болады, бұнда жақсы бір сөз бар, ол хадиспе, емеспе, оны білмедім. Бірақ онда, «بشِّرِ القاتلَ بالقتلِ ولو بعد حينٍ وبشرِ الزانيَ بالفقرِ ولو بعد حينٍ», яғни, «кісі өлтіргеннің көп болмай өлтірілетінін біл, зина істегеннің көп болмай кедейлесетінін біл» делінген.

Демек, кісі өлтірушіге кейін болса да, бір өлтірілетіндігін айт, ал бөгде әйелмен зина істеушінің көп болмай кедейлесетіндігін айт, бұндай адамнан береке кетеді, онда ештеңе болмайды. Тіпті оның милион ақшасы болса да, ол кенеттен кетіп қалатын болады, бұл өте маңызды. Себебі адамдар, «ақиретте болады, Алла бізді кешірер» деп біледі, солай дейді, бірақ олар осы дүниенің өзінде жазалана бастайтын болады, сондықтан, сен мәлім харам іс істегенде, саған бір жаман іс, я бір бәле-қала сөзсіз келетін болады. Әрбір істе болсын, егер сен жақсы бір іс істесең, ақиреттен бұрын әуелі осы дүниеде тағы бір жақсы іске жолығатын боласың, тіпті кедей болсаңыз да, бір жақсы іс істесеңіз, Алла ﷻ сізге милион ақшасы барлар жете алмайтын мәлім жақсылықты беретін болады. Ал егер мәлім жаман істі істесеңіз, Алла ﷻ осы дүниенің өзінде сізді жазалай бастайтын болады, ол не жаза? ол кезкелген жаза бола берер, ал бұндағы ең үлкен жаза сол, Алла ﷻдың саған ашумен қарауы болмақ, демек, Алла Әззә уә-Жәллә саған ашуланады, Ол саған рахым көзімен қарамайтын болады.

Ал сіз кедей, я жәй адам, я қыз, әйел, жас, кәрі болсаңыз да, бірақ жақсы іс істесеңіз, Алла ﷻ сізге риза болады, Ол осындай адамдарды берекеге бөлейді. Алла ﷻ құдыси хадисте, «егер Алла біреуге риза болса, Ол жебірейіл періштеге, оған риза болуды айтады, ал Жебірейіл періште басқа барлық періштелерге бұл адамға риза болуды айтады, содан Алла барлық адамды оған риза етіп қояр» дейді. Сондықтан, адамдар үшін Алла жолында болу, күнәдан, харамнан аулақ болу өте маңызды, әсіресе, манағындай істеу аса үлкен харам іс, сол үшін сақ болыңыз. Өзіңді қатерге тастама, отбасыңды мазасыздыққа салма, туыстарды, ата-ананы ренжітпе, жақсы адам бол, иншалла, жақсылық бір адамнан тағы бір адамға барады, бүкіл қоғамға барады, содан Алла ﷻ бүкіл елге рахым және махаббатпен қарайтын болады, бұл аса маңызды іс. Сол үшін пайғамбарымыз ﷺ болса, «الدِّين النَّصِيحَة», «әдину нәсихах», яғни, «дін дегеніміз нәсихат» дейді, демек, сіз адамдарға олардың нендей жақсы іс, немесе жаман іс істегендігін айтуыңыз керек, бұны оларға айтуыңыз керек. Егер мәлім бір жаман іс болып жатса, оны өзіңіз тоқтата алатын болсаңыз, оны тоқтатыңыз, егер шама келмесе, тілмен, сөзбен тосыңыз, «бұны істеме» деп айтыңыз.

Ал бұдан пайда болмаса, бұған да шама келмесе, онда, «бұл қабыл емес, Алла бұны жақсы көрмейді, қабыл етпейді, мен де оны жақсы көрмеймін, оны қабыл етпеймін, бұл іс бір жаман іс, жақсы емес, ол шайтаннан, біз оны қабыл етпейміз» деп жүрекпен айтыңыз. Сонда сізге ешбір жауапкершілік келмейтін болады, бірақ сіз, «жақсы, олар оны істеп жатыр, солай бола берсін, не істей аламын, бұл қалыпты іс қой» десеңіз, болмайды, демек, жаман істі қалыпты іс сияқты көрмеңіз. Жаман іс сол жаман іс, сіз оның жаман екендігін білуіңіз керек, және өзіңізге, «мен ештеңе істей алмаймыз, бірақ оны қабыл етпеймін, бұл қалпыты іс емес» деңіз. Қазір адамдар көптеген қалыпсыз істерді қалыпты істер етіп көрсетуге тырысып жатыр, бірақ олар қалыпты істер емес. Олардың қайдан келіп жатқанын білмедім, бұл зәхарлар тамақтан, ауадан, я басқадан келіп жатырма, оны білмедім, бірақ олар барлық адамдарға қалыпсыз істерді қалыпты істер етіп көрсетуде. Алла ﷻ біздің жүректерімізді ашқай, және бұл кеселдерді қоғамымыздан аулақ еткей, бұл бір өте жаман кесел. Алла ﷻ бұны істеп жатқандарға хидаят бергей, және адамдар өздері үшін кешірім сұрағай, тәубеге келгей, иншалла.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: ءولىم جانناتپەن توزاقتىڭ اراسىندا باۋىزدالادى (2026.01.20 / حيجري 1447-جىل 01-شاعبان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.

(Smethwick Jamia Masjid – Birmingham، UK، 2026) انگليادا ايتىلعان سۇحبات. بيسميللاحير راحمانير راحيم، «إنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُؤْمِنِينَ»، ياعني اللا مۇميندەردى سۇيەدى، جانە، «فَإِنَّ اللّهَ عَدُوٌّ لِّلْكَافِرِينَ»، ياعني، «سوندا راسىندا، اللا كاپىرلەرگە دۇشپان»، قۇران 2ءىنشى سۇرە 98ءىنشى ايات. دەمەك، اللا ﷻ ءمۇميندى سۇيەدى، اللا ﷻ قۇران ءازيمۋ-ءشاندا ءوزىنىڭ كاپىرلەرگە دۇشپان ەكەندىگىن ايتادى، ال كاپىردىڭ ماعىناسى نە؟ كاپىر دەگەنىمىز اللاعا سەنبەيتىندەر، يمانى جوقتار، يمان ەتپەگەندەر، ال يمان ەتپەۋدىڭ ماعىناسى نە؟ ول اللانىڭ وزىنە بەرگەن نارسەلەرى ءۇشىن العىس-شۇكىر ايتپايتىندار، سوندىقتان كاپىر اللاعا دۇشپان، اللا دا وعان دۇشپان. ماسەلەن، ەگەر ءسىزدى ءبىر قۇمىرسقا دەسەك، ءتىپتى بىلاي سالىستىرۋعا دا كەلمەس، ءلا-ءتاسبيح، بۇل مىسال بولمايدى، ءبىراق ءبىر قۇمىرسقا مىنا بۇكىل الەمگە دۇشپان بولسا، ولاي قالاي بولماق، ول نە ىستەي الادى؟ ول ءبىر قۇمىرسقا عوي. بۇنداي مىسال بەرگەنىمىز جاقسى ادەپ ەمەس، ءبىراق بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا قارسى كەلگەندەردىڭ ەشبىر قۇنى جوق تۇككە تاتىمايتىندار ەكەندىگىن كورسەتەدى.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بۇكىل دۇنيەنى جاراتتى، بۇكىل جەرشارىنى جاراتتى، جەرشارى تۇگىل، مىنا بۇكىل قۇس جولى، گالاكتيكا اللا الدىندا ءبىر ءتۇيىر توزاڭ دا بولا المايدى، سوندا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا قارسى ادامدار نەتكەن قۇتىرىق دەسەڭىزشى! ولار اللاعا قارسى كەلەدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا قارسى سوعىسقىسى كەلەدى، جانە ولار، «ءبىز جەڭەمىز» دەپ ويلار، ولار ەشقاشان جەڭە المايدى، سەبەبى اللا ﷻ بىزبەن بىرگە. بىزدە ەش قۇرال جوق، بىزدە ەشتەڭە جوق، وزىمىزدە ەش قۋات جوق، ءبىراق بىزگە قۋات اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كەلەدى، اللا ﷻ جەڭەدى، ونى ەشكىم جەڭە المايدى. بيسميللاحير راحمانير راحيم، «إِنَّهُ لاَ يَذِلُّ مَنْ وَالَيْتَ وَلاَ يَعِزُّ مَنْ عَادَيْتَ»، ياعني، «كىم سەنىمەن دوس بولسا، قور بولماس، ال كىم سەنىمەن جاۋ بولسا، جەڭىسكە جەتپەس» دەلىنەر. ونىڭ ماعىناسى سول، راببىم سەن كىمدى قولداساڭ، ول ەشقاشان جەڭىلمەيدى، ال كىم ساعان جاۋ بولسا، ول ەشقاشان جەڭبەس دەمەكىلىك-ءدۇر. سول ءۇشىن، ءالحامدۋليللا، بۇندا وتىرعانداردىڭ بارلىعى دا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا سۇيگەن مۇميندەر.

ءبىز بارلىعىمىز بىرگەمىز، ءبىز ءوز جاعىمىزعا كەلگەن ادامداردى سۇيەمىز، ولاردىڭ اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا قارسى ەمەس، ءبىراق سۇيىكتى جان بولۋلارىن قالايمىز، ال ەگەر ءسىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا قارسى بولساڭىز، ەشتەڭە ۇتپايسىز. بۇنداعى ماڭىزدىسى - ەڭ سوڭعى اقىرىڭىزدىڭ جاقسى بولۋى، ماڭگىلىك ءومىر ماڭىزدى، بۇل ءومىر تىم ماڭىزدى ەمەس، بۇل ءومىر كوپ بولسا ءجۇز جىل، جۇزدەن اسا جاسايتىندار كوپ ەمەس. دەمەك، ءجۇز جىل دا بىردەمدە وتە شىعار، سودان سوڭ نە بولار؟ ودان سوڭ ەكىنشى ءومىر باستالار، بۇل ەكىنشى ءومىر ماڭگىلىك ءومىر، ول ءجۇز جىل، مىڭ جىل، ميليون جىل، ميليارت جىل ەمەس، ول - ماڭگىلىك. ال ماناعى اللا ﷻعا قارسىلار سول كەزدە ماڭگىلىك مازاسىزدىققا قالادى، ولار وسى ومىردە «ءبىز ۇتتىق» دەپ ويلار، ءبىراق اقيرەتتە، ولار تولاسسىز جازا استىندا بولار. ولاردان بارلىعى سۇرالادى، ءار ساتتەن سۇرالادى، ولاردان نە ىستەگەنى سۇرالادى، سول ءۇشىن ولار ءقازىر وكىنە تاۋبە ەتىپ كەشىرىم سۇراماسا، ولار ماڭگىلىك ازاپقا قالادى، ول ازاپ ون جىل، ءجۇز جىل، مىڭ جىل، ميليون جىل، ميليارت جىل ەمەس، ولار ماڭگى قينالار، ەش تىنىشتىق كورمەس، ولاردىڭ جاعدايى مىنە وسىلاي.

ءبىزدىڭ كەلەر ءومىرىمىز، ياعني اقيرەتىمىز ماڭگىلىك، مۇمكىن كاپىرلەر بۇعان سەنبەيدى، ولار بۇل ومىردە جۇرگەندە قالاي، جانە قاشان ولەتىنى ءجايلى ەش ويلانباس، ولار، «ايتەۋ ءومىر سۇرەمىز» دەپ ويلار. كوپتەگەن ادامدار وسىلاي ويلار، ءبىراق ارينە، ولار اقىرىنا جەتكەندە، «ءبىز ولەمىز» دەپ ويلار، ال ءبىز ءولىم ءجايلى ويلانبايتىن كوپتەگەن كارى ادامداردى كوردىك. ياعني، ءسىز ءجۇز جاسقا كەلدىڭىز، ءبىراق سوندا دا «مەن ولەرمىن» دەپ ويلانبايسىز، بۇل نە؟ ونى ويلاۋ اللادان ادامعا بەرىلگەن كەلەر ءومىر ءجايلى ءبىر يلحام-شابىت ەدى، ودان سوڭ ءولىم بولمايدى، دەمەك ەكىنشى ءومىر ماڭگىلىك. پايعامبارىمىز ﷺ قيامەت كۇنى بىتكەننەن كەيىنگى ءىستى ايتار، ارينە، ول ميليونداعان جىلدى الۋى مۇمكىن، سەبەبى كەيبىر ادامدار كەزەگىن ءبىر-بىردەن كۇتەدى. ولاردىڭ كەيبىرى مىڭداعان جىل، كەيبىرى نەشە ونىڭ جىل، ءتىپتى كەيبىرى نەشە ءجۇزمىڭ جىل كەزەگىن كۇتەدى، ال وسى بىتكەن سوڭ، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جەبىرەيىل پەرىشتەگە ءولىمدى الىپ كەلۋگە ءامىر ەتەدى. ولار ءولىمدى جانناتپەن توزاقتىڭ اراسىنا قويادى، جانە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جەبىرەيىل پەرىشتەگە ونى باۋىزداۋعا ءامىر ەتەدى، ول ونى كادىمگى قوي سياقتى باۋىزدايدى. ودان سوڭ ەش ءولىم جوق، ءسىز ماڭگىلىك بولاسىز، ءجانناتقا دا، توزاققا دا ماڭگىلىك ورنايدى.

سوندىقتان بۇل قالجىڭ ەمەس، كوپتەگەن ادامدار ءباس تىگىپ قۇمار وينايدى، ەڭ جامان ءباس تىگۋ وسى، ياعني ودان سوڭ ماناعى ادامدارعا ەشبىر ءباس تىگۋ ورايى بەرىلمەيدى، ول بىتەدى، ولار يا ءجانناتتا، يا توزاقتا بولادى. سول ءۇشىن كىمدە ويلانارلىق سانا بولسا، ماناعى ادامدارعا قۇلاق اسپاسىن، ءقازىر شايتانمەن كوپتەگەن شايتاني ادامدار اينالا ءجۇرىپ، قالىڭ ەلدى ءجانناتتان توزاققا قاراي باستاپ اكەتۋدە. ولار ءجانناتتان توزاققا قاراي باستاۋدا، جول كورسەتۋدە، ال وسىلاردىڭ كەيبىرى ون جىل، كەيبىرى ءجۇز جىل، كەيبىرى مىڭداعان جىل توزاقتا بولادى. بۇل سولاي، ولار كۇپىرلىك جاساماسا، جازاسىن تارتقان سوڭ، ءجانناتقا كىرۋىنە بولادى، ال ولاردا كۇپىرلىك بولسا، ءۋال-عيازۋ-بيللاح، اللادان پانا سۇرايمىز. قازىرگى كەزدە ولار كوپ ەلدى اتەيست ەتىپ ءجۇر، بۇنىڭ ماعىناسى ادامداردى اللا سەندىرمەۋ دەگەندى بىلدىرەدى، سول ءۇشىن بۇل ءبىر ۇلكەن ءباس تىگۋ، ال ماناعى شايتاني ادامدار ەل-جۇرتتى ءجاحاننامعا قاراي باستاپ بارادى. ولار، «ەلدى توزاقتا ماڭگى قالدىرامىز» دەپ ويلار، الايدا ولار تاۋبە ەتىپ، اللادان كەشىرىم سۇراسا، اللا ولاردى كەشىرەدى. ال ءقازىر كوپتەگەن ادامدار، «ءبىز اللاعا اشۋلانامىز» دەيتىن سۇمدىقتى شىعاردى، ال سەن اللاعا اشۋلاناتىن كىم ەدىڭ!

ءبىزدىڭ تۇرىكتەردە، «قويان تاۋعا اشۋلانىپتى، ءبىراق تاۋدىڭ ودان حابارى بولماپتى» دەگەن ءبىر ءسوز بار، ياعني قويان تاۋعا اشۋلانىپ، تاۋعا سويلەمەي قويىپتى، بۇل ءبىر كۇلكىلى ءىس، قويان تاۋعا نە ىستەي الار. ءتىپتى بۇكىل قوياندار جينالىپ تاۋعا اشۋلانسا نە بولار؟ ولار سول تاۋدان ىشپەي-جەمەي كەتۋى كەرەك بولار. سوندىقتان، ەگەر بىرەۋ، «ءبىز اللاعا اشۋلانامىز، ول ءبىزدىڭ قالاعانىمىزدى بەرمەي قويدى» دەسە، بولاما، ءسىرا، ءسىز نە قالايسىز! ءسىز رەستۇرانعا، يا قوناق ۇيگە بارىپ، قالاۋىڭىزدى سۇراي بەرمەيسىز عوي! ەگەر اللا ﷻ سىزگە بىردەڭە بەرسە، وعان ريزا بولىڭىز، ال اللا ﷻ سىزگە بارلىعىن بەردى. ءبىراق ءسىز ات سياقتى انا جاققا، مىنا جاققا جويداقسىز شاۋىپ ءجۇرسىز، بار جامان ءىستى ىستەيسىز، ودان كەلىپ، «مەنى قورعامادىڭ» دەپ، اللانى كىنالايسىز، اۋليەلەردى، ماشايىقتاردى كىنالايسىز. ءوزىڭىزدى ءوزىڭىز قورعاڭىز، جانە ءسىز ىستەگەن ءار ىسىڭىزدەن سۇرالاتىندىعىڭىزدى ءبىلىڭىز، ءسىز ادامسىز، اللا ﷻ سىزگە جاقسى-جاماندى كورسىن، ءبىلسىن دەپ، مي بەردى، سانا بەردى. ال كىم جاۋاپكەرشىلىك ارقالامايدى؟ رۋحاني اۋرۋى بار، ميى كەم ادامدار جاۋاپكەرشىلىك ارقالامايدى، ولارعا ۇكىمەتتەن ءبىر قاعاز بەرىلەدى. سودان سوڭ، ولاردىڭ كوبى بىردەڭە ىستەپ قويسا، ەش جاۋاپكەرشىلىك ارقالامايدى، سەبەبى ولاردا اقىل جوق، ولار بىردەڭەنى بىلمەستەن ىستەيدى، مىنە وسى ادامدار توبى عانا جازامەن سۇراقتان امان قالادى.

سول ءۇشىن اقىلى بارلار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءار ادامعا ريزدىق بەرەتىندىگىن ويلانۋى جانە ءبىلۋى كەرەك، ول اركىمگە ريزدىق بەرەدى، اركىمدە ريزدىق بار، بۇندا ەش ادامنىڭ ءوزىن تولا ماسەلەلەرگە شىرمالتۋىنىڭ، ماڭگىلىك قيىندىقتاردى تىلەپ الۋىنىڭ ەش قاجەتى جوق. بۇل وتە ءقاۋىپتى ءىس، ومىردە ودان اسقان ءقاۋىپتى نارسە جوق، سەبەبى سىزگە بۇل ءومىر ءبىر رەت قانا بەرىلەدى، وسى كەزدە جاقسى امال ىستەمەسەڭىز، ەندىگارى ەش وراي جوق. قۇراننىڭ كوپتەگەن سۇرەلەرىندە ايتىلعانداي، توزاقتاعى ادامدار، «و راببىم، ءبىزدى دۇنيەگە قايتارشى، ءبىز باعىبىپ، قۇلشىلىق ەتەتىن بولامىز، ءبىز بارشا يگى ءىستى ىستەيمىز» دەيدى. سوندا ولارعا، «جوق، بۇل ءبىتتى، دۇنيە ءبىر رەت قانا، كوپتەگەن ادامدار ساعان ساق بولۋدى، جاقسى ادام بولۋدى، اللاعا سۇيىكتى جان بولۋدى ۇيرەتتى ەمەسپە، ايتتى ەمەسپە، سول كەزدە سەندەر ولارعا كۇلگەنسىڭدەر، ولارعا سەندەردە اقىل جوق، سەندەر توپاس ادامسىڭدار دەپ ەدىڭدەر عوي» دەلىنەدى. ءيا، مىنە وسى ادامدار اللاعا سەنگەن، قۇلشىلىق ەتكەندەرگە وسىلاي دەگەن بولاتىن. ال ءقازىر ءبىر قىڭىر مودا-فاشىن پايدا بولدى، ولار مەكتەپتەگى يا كوشەدەگى كىشكەنە بالالاردى وزدەرىنە تارتىپ، «بۇل بالالاردىڭ وتباسى، اتا-اناسى، بىزدەي اقىلدى ەمەس» دەپ ويلايدى. ءبىراق ولار سىزدەن ءجۇز ەسە اقىلدى، سەبەبى ولار وسى يمانمەن اقيرەتتەن بۇرىن باقىتقا دا جەتىپ بولادى، دەمەك، ولار وزدەرىنىڭ بالالارىنىڭ، تۋىستارىنىڭ اللا جولىندا ەكەندىگىن كورگەندە، ولار ەڭ باقىتتى جاندار بولادى.

كوپتەگەن ادامدار كەلىپ، بالالارى ءۇشىن، كۇيەۋى ءۇشىن، اعا-باۋىر، اپكە-سىڭلىلەرى ءۇشىن حيدايات سۇرايدى، كوبى وسىنى سۇرايدى، ارينە، ءبىز ولار ءۇشىن دۇعا ەتۋدەمىز. ال حارام ىستەۋ، كۇناعا بارۋ سياقتى ىستەر انگليا-ەۆروپاداعى وسىنداي ۇلكەن جەرلەردە ساقتالىنعان ماسەلەلەر بولىپ وتىر، مۇسىلمان ەلدەرىندە جاعداي ولاردان ءسال جاقسىراق. ادام حارامعا بارسا، ولار سول ءۇشىن جازالانادى، ال مىنا دۇنيەدەگى ەڭ ءبىر سوراقى ءىس سول، ۇيلەنىپ العان ەردىڭ وزىمەن نەكەسى جوق تاعى ءبىر ايەلگە بارۋى بولماق، مىنە بۇل اسا ۇلكەن كۇنا. كۇنانىڭ ۇلكەنى جانە كىشىسى بولادى، ال ماناعى ءىس ۇلكەن كۇناعا جاتادى. ادامدار بۇنداي كۇنانى ءجاي ءىس سياقتى كورىپ ءجۇر، ولار، «ءبىز بۇنىڭ حارام ەكەندىگىن بىلەمىز، ءبىراق ءبىز ءوزىمىزدى تەجەي المايمىز» دەر، ءيا، سەن ءوزىڭدى تەجەي المادىڭ، سەبەبى سەن ونىڭ ارتىندا قانداي اۋىر جازا جاتقانىن بىلمەدىڭ. وعان جازا ەڭ الدىمەن اقيرەتتەن بۇرىن وسى دۇنيەدە كەلەتىن بولادى، بۇندا جاقسى ءبىر ءسوز بار، ول حاديسپە، ەمەسپە، ونى بىلمەدىم. ءبىراق وندا، «بشِّرِ القاتلَ بالقتلِ ولو بعد حينٍ وبشرِ الزانيَ بالفقرِ ولو بعد حينٍ»، ياعني، «كىسى ولتىرگەننىڭ كوپ بولماي ولتىرىلەتىنىن ءبىل، زينا ىستەگەننىڭ كوپ بولماي كەدەيلەسەتىنىن ءبىل» دەلىنگەن.

دەمەك، كىسى ولتىرۋشىگە كەيىن بولسا دا، ءبىر ولتىرىلەتىندىگىن ايت، ال بوگدە ايەلمەن زينا ىستەۋشىنىڭ كوپ بولماي كەدەيلەسەتىندىگىن ايت، بۇنداي ادامنان بەرەكە كەتەدى، وندا ەشتەڭە بولمايدى. ءتىپتى ونىڭ ميليون اقشاسى بولسا دا، ول كەنەتتەن كەتىپ قالاتىن بولادى، بۇل وتە ماڭىزدى. سەبەبى ادامدار، «اقيرەتتە بولادى، اللا ءبىزدى كەشىرەر» دەپ بىلەدى، سولاي دەيدى، ءبىراق ولار وسى دۇنيەنىڭ وزىندە جازالانا باستايتىن بولادى، سوندىقتان، سەن ءمالىم حارام ءىس ىستەگەندە، ساعان ءبىر جامان ءىس، يا ءبىر بالە-قالا ءسوزسىز كەلەتىن بولادى. ءاربىر ىستە بولسىن، ەگەر سەن جاقسى ءبىر ءىس ىستەسەڭ، اقيرەتتەن بۇرىن اۋەلى وسى دۇنيەدە تاعى ءبىر جاقسى ىسكە جولىعاتىن بولاسىڭ، ءتىپتى كەدەي بولساڭىز دا، ءبىر جاقسى ءىس ىستەسەڭىز، اللا ﷻ سىزگە ميليون اقشاسى بارلار جەتە المايتىن ءمالىم جاقسىلىقتى بەرەتىن بولادى. ال ەگەر ءمالىم جامان ءىستى ىستەسەڭىز، اللا ﷻ وسى دۇنيەنىڭ وزىندە ءسىزدى جازالاي باستايتىن بولادى، ول نە جازا؟ ول كەزكەلگەن جازا بولا بەرەر، ال بۇنداعى ەڭ ۇلكەن جازا سول، اللا ﷻدىڭ ساعان اشۋمەن قاراۋى بولماق، دەمەك، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ساعان اشۋلانادى، ول ساعان راحىم كوزىمەن قارامايتىن بولادى.

ال ءسىز كەدەي، يا ءجاي ادام، يا قىز، ايەل، جاس، كارى بولساڭىز دا، ءبىراق جاقسى ءىس ىستەسەڭىز، اللا ﷻ سىزگە ريزا بولادى، ول وسىنداي ادامداردى بەرەكەگە بولەيدى. اللا ﷻ قۇدىسي حاديستە، «ەگەر اللا بىرەۋگە ريزا بولسا، ول جەبىرەيىل پەرىشتەگە، وعان ريزا بولۋدى ايتادى، ال جەبىرەيىل پەرىشتە باسقا بارلىق پەرىشتەلەرگە بۇل ادامعا ريزا بولۋدى ايتادى، سودان اللا بارلىق ادامدى وعان ريزا ەتىپ قويار» دەيدى. سوندىقتان، ادامدار ءۇشىن اللا جولىندا بولۋ، كۇنادان، حارامنان اۋلاق بولۋ وتە ماڭىزدى، اسىرەسە، ماناعىنداي ىستەۋ اسا ۇلكەن حارام ءىس، سول ءۇشىن ساق بولىڭىز. ءوزىڭدى قاتەرگە تاستاما، وتباسىڭدى مازاسىزدىققا سالما، تۋىستاردى، اتا-انانى رەنجىتپە، جاقسى ادام بول، ينشاللا، جاقسىلىق ءبىر ادامنان تاعى ءبىر ادامعا بارادى، بۇكىل قوعامعا بارادى، سودان اللا ﷻ بۇكىل ەلگە راحىم جانە ماحابباتپەن قارايتىن بولادى، بۇل اسا ماڭىزدى ءىس. سول ءۇشىن پايعامبارىمىز ﷺ بولسا، «الدِّين النَّصِيحَة»، «ءادينۋ ءناسيحاح»، ياعني، «ءدىن دەگەنىمىز ءناسيحات» دەيدى، دەمەك، ءسىز ادامدارعا ولاردىڭ نەندەي جاقسى ءىس، نەمەسە جامان ءىس ىستەگەندىگىن ايتۋىڭىز كەرەك، بۇنى ولارعا ايتۋىڭىز كەرەك. ەگەر ءمالىم ءبىر جامان ءىس بولىپ جاتسا، ونى ءوزىڭىز توقتاتا الاتىن بولساڭىز، ونى توقتاتىڭىز، ەگەر شاما كەلمەسە، تىلمەن، سوزبەن توسىڭىز، «بۇنى ىستەمە» دەپ ايتىڭىز.

ال بۇدان پايدا بولماسا، بۇعان دا شاما كەلمەسە، وندا، «بۇل قابىل ەمەس، اللا بۇنى جاقسى كورمەيدى، قابىل ەتپەيدى، مەن دە ونى جاقسى كورمەيمىن، ونى قابىل ەتپەيمىن، بۇل ءىس ءبىر جامان ءىس، جاقسى ەمەس، ول شايتاننان، ءبىز ونى قابىل ەتپەيمىز» دەپ جۇرەكپەن ايتىڭىز. سوندا سىزگە ەشبىر جاۋاپكەرشىلىك كەلمەيتىن بولادى، ءبىراق ءسىز، «جاقسى، ولار ونى ىستەپ جاتىر، سولاي بولا بەرسىن، نە ىستەي الامىن، بۇل قالىپتى ءىس قوي» دەسەڭىز، بولمايدى، دەمەك، جامان ءىستى قالىپتى ءىس سياقتى كورمەڭىز. جامان ءىس سول جامان ءىس، ءسىز ونىڭ جامان ەكەندىگىن ءبىلۋىڭىز كەرەك، جانە وزىڭىزگە، «مەن ەشتەڭە ىستەي المايمىز، ءبىراق ونى قابىل ەتپەيمىن، بۇل قالپىتى ءىس ەمەس» دەڭىز. ءقازىر ادامدار كوپتەگەن قالىپسىز ىستەردى قالىپتى ىستەر ەتىپ كورسەتۋگە تىرىسىپ جاتىر، ءبىراق ولار قالىپتى ىستەر ەمەس. ولاردىڭ قايدان كەلىپ جاتقانىن بىلمەدىم، بۇل ءزاحارلار تاماقتان، اۋادان، يا باسقادان كەلىپ جاتىرما، ونى بىلمەدىم، ءبىراق ولار بارلىق ادامدارعا قالىپسىز ىستەردى قالىپتى ىستەر ەتىپ كورسەتۋدە. اللا ﷻ ءبىزدىڭ جۇرەكتەرىمىزدى اشقاي، جانە بۇل كەسەلدەردى قوعامىمىزدان اۋلاق ەتكەي، بۇل ءبىر وتە جامان كەسەل. اللا ﷻ بۇنى ىستەپ جاتقاندارعا حيدايات بەرگەي، جانە ادامدار وزدەرى ءۇشىن كەشىرىم سۇراعاي، تاۋبەگە كەلگەي، ينشاللا.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8674