БҰЛ СӨЗДЕРДІ БІЛІП АМАЛ ЕТСЕҢ, ЕШ ӨКІНБЕЙСІҢ

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8671
БҰЛ СӨЗДЕРДІ БІЛІП АМАЛ ЕТСЕҢ, ЕШ ӨКІНБЕЙСІҢ
- зікір етпейтін тіл, көрмейтін көзге, естімейтін құлаққа, істемейтін қолға ұқсайды.
- дүние ісіне келгенде мәңгі өмір сүретіндей жұмыс істе, ал ақирет ісіне келгенде ертең өлетіндей жұмыс істе.
- біздің басымыздағы мәселелеріміз дерлік белгілі біреу, танымал бірдеңе болып көрінгіміз келгендіктен туындайды, біз илаһи бірләндық мұхитына сүңгіп, жоқ болғымыз келмейді.
- Алла - үнсіз, Оған көбінесе үнсіздікте жетерсің...
- Алла Өз нұрымен әулиелердің жүрегіне қарайды, ал кімдер осы әулиелердің жанында я жүрегінде жүрсе, олар осы нұрдың берекесіне бөленеді.
- егер жүрек таза болса, мына бүкіл дүние әдемі болып кететін болады.
- шүкірлікті бейне ұзын камзал шапандай қастерлеп киіп ал, ол өміріңнің әр бұрышын асырайтын болады.
- суықтан үсіп өлу, жүрегіңді бір сәт ғафилетте қалдырғаннан да қайырлы.
- бір заман келеді, сол кезде адамдар білімді Аллаға жақындау үшін емес, бірақ мақтан, атақ, даңық, байлық, қошамет, дәреже үшін үйренеді.
- нәпсіңе жеке қарсы шаппа, егер үйтсең, ол сені сол жерде лезде жайрата салады, нәпсіңе нәпсісін жеңген кәміл пірмен қарсы кел, сонда нәпсің иесін көрген иттей жуаси бастайды.
- өзіңнің түкке жарамайтын тым әлсіз бірдеңе екендігіңді шын мойындаған сайын, Алланың жәрдемі келеді. Ал өзіңді тым керемет санаған сайын, Алла сені жалғыз өзіңе тастап қояды да, содан сен медетсіз қалып құрисың.
- неге өзге адамдарды, өзге елді ойласа бересің, неге ел әйтпесін, ел бүйтпесін дейсің? Әлде олар сені жараттыма? О достым, елге қалай жағамын деп шаршама, бірақ Аллаға қалай жағамын деп шарша.
- сенің жарты сұлулығың сөзді қалай сөйлейтіндігіңнен келеді.
- дүниеге сүңгіген сайын, жүрегің қарая береді, қинала береді, ал одан құтылудың бірден-бір жолы Алланың айтқанымен сүйгенін істеу.
- сөйлеуден бұрын сөзіңді мына үш есіктен өткізіп көр, бірінші, ол шынба, екінші, ол қажеттіме, үшінші, онда мейірім барма.
- мен әулиемін деп жар салу, өзін әулие адам, киелі біреу санап көпіру, зинадан жүз есе ауыр күнә істеумен бірдей іс.
- ӘУЛИЕЛЕР ТАҒЫЛЫМЫ
بۇل سوزدەردى ءبىلىپ امال ەتسەڭ، ەش وكىنبەيسىڭ
- زىكىر ەتپەيتىن ءتىل، كورمەيتىن كوزگە، ەستىمەيتىن قۇلاققا، ىستەمەيتىن قولعا ۇقسايدى.
- دۇنيە ىسىنە كەلگەندە ماڭگى ءومىر سۇرەتىندەي جۇمىس ىستە، ال اقيرەت ىسىنە كەلگەندە ەرتەڭ ولەتىندەي جۇمىس ىستە.
- ءبىزدىڭ باسىمىزداعى ماسەلەلەرىمىز دەرلىك بەلگىلى بىرەۋ، تانىمال بىردەڭە بولىپ كورىنگىمىز كەلگەندىكتەن تۋىندايدى، ءبىز يلاھي ءبىرلاندىق مۇحيتىنا سۇڭگىپ، جوق بولعىمىز كەلمەيدى.
- اللا - ءۇنسىز، وعان كوبىنەسە ۇنسىزدىكتە جەتەرسىڭ...
- اللا ءوز نۇرىمەن اۋليەلەردىڭ جۇرەگىنە قارايدى، ال كىمدەر وسى اۋليەلەردىڭ جانىندا يا جۇرەگىندە جۇرسە، ولار وسى نۇردىڭ بەرەكەسىنە بولەنەدى.
- ەگەر جۇرەك تازا بولسا، مىنا بۇكىل دۇنيە ادەمى بولىپ كەتەتىن بولادى.
- شۇكىرلىكتى بەينە ۇزىن كامزال شاپانداي قاستەرلەپ كيىپ ال، ول ءومىرىڭنىڭ ءار بۇرىشىن اسىرايتىن بولادى.
- سۋىقتان ءۇسىپ ءولۋ، جۇرەگىڭدى ءبىر ءسات عافيلەتتە قالدىرعاننان دا قايىرلى.
- ءبىر زامان كەلەدى، سول كەزدە ادامدار ءبىلىمدى اللاعا جاقىنداۋ ءۇشىن ەمەس، ءبىراق ماقتان، اتاق، داڭىق، بايلىق، قوشامەت، دارەجە ءۇشىن ۇيرەنەدى.
- ناپسىڭە جەكە قارسى شاپپا، ەگەر ۇيتسەڭ، ول سەنى سول جەردە لەزدە جايراتا سالادى، ناپسىڭە ءناپسىسىن جەڭگەن كامىل پىرمەن قارسى كەل، سوندا ءناپسىڭ يەسىن كورگەن يتتەي جۋاسي باستايدى.
- ءوزىڭنىڭ تۇككە جارامايتىن تىم ءالسىز بىردەڭە ەكەندىگىڭدى شىن مويىنداعان سايىن، اللانىڭ جاردەمى كەلەدى. ال ءوزىڭدى تىم كەرەمەت ساناعان سايىن، اللا سەنى جالعىز وزىڭە تاستاپ قويادى دا، سودان سەن مەدەتسىز قالىپ قۇريسىڭ.
- نەگە وزگە ادامداردى، وزگە ەلدى ويلاسا بەرەسىڭ، نەگە ەل ايتپەسىن، ەل بۇيتپەسىن دەيسىڭ؟ الدە ولار سەنى جاراتتىما؟ و دوستىم، ەلگە قالاي جاعامىن دەپ شارشاما، ءبىراق اللاعا قالاي جاعامىن دەپ شارشا.
- سەنىڭ جارتى سۇلۋلىعىڭ ءسوزدى قالاي سويلەيتىندىگىڭنەن كەلەدى.
- دۇنيەگە سۇڭگىگەن سايىن، جۇرەگىڭ قارايا بەرەدى، قينالا بەرەدى، ال ودان قۇتىلۋدىڭ بىردەن-ءبىر جولى اللانىڭ ايتقانىمەن سۇيگەنىن ىستەۋ.
- سويلەۋدەن بۇرىن ءسوزىڭدى مىنا ءۇش ەسىكتەن وتكىزىپ كور، ءبىرىنشى، ول شىنبا، ەكىنشى، ول قاجەتتىمە، ءۇشىنشى، وندا مەيىرىم بارما.
- مەن اۋليەمىن دەپ جار سالۋ، ءوزىن اۋليە ادام، كيەلى بىرەۋ ساناپ كوپىرۋ، زينادان ءجۇز ەسە اۋىر كۇنا ىستەۋمەن بىردەي ءىس.
- اۋليەلەر تاعىلىمى
#қазақ #салауат #әулие #ислам #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8671