Сұхбат: Түркістанның сұлтаны Қожа Ахмет Яссауи Хазірет, ол жерден бұрын жүректерді жаулаған әулие (2) (2026.01.19 / Хижри 1447-жыл 30-Ражаб)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8670
Сұхбат: Түркістанның сұлтаны Қожа Ахмет Яссауи Хазірет, ол жерден бұрын жүректерді жаулаған әулие (2) (2026.01.19 / Хижри 1447-жыл 30-Ражаб)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Jamia Masjid Abu Bakr – Rotherham, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّمَا ٱلْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ فَأَصْلِحُوا۟ بَيْنَ أَخَوَيْكُمْ» яғни, «мүминдер өзара бауырлар, сондықтан олардың арасын жарастырыңдар», садақал лахул ғазим, құран 49інші сүре 10інші аят. Алла Әззә уә-Жәллә мүминдерді өзара бауырлар ретінде баяндауда, көптеген хадистер де солай дер. Мәселен, бір хадисте, «لا يُؤْمِنُ أحدُكُم حتى يُحِبَّ لِأَخِيهِ ما يُحِبُّ لنفسِه» яғни, «өзіңе тілегенді өзге бауырыңа тілей алмай тұрып, ешқайсысың мүмин бола алмайсың» делінер, садақалфимақал аукамақал. Демек, пайғамбарымыз ﷺ, «адам өзіне сүйген нәрсені бауырына тілемей тұрып, толық иманға жете алмас» дейді, бұл барша мұсылман, барша адамзат үшін өте маңызды, өте пайдалы. Себебі, өзіңізге қалағанды бауырыңызға қаласаңыз, бағана айтып өткеніміздей, исламдағы бауырыңызға өзіңізге қалағанды қаласаңыз, ол да сіз үшін жақсы нәрсені қалайды, демек, жақсы нәрсе жақсылық таратады, қуаныш таратады, құт-береке таратады.
Пайғамбарымыз ﷺ баяндаған нәрсе міне осы, Алла Әззә уә-Жәллә құранда, «мүминдер - өзара бауырлар» дейді. Біз пайғамбарымыз ﷺның заманын, «асрус-садах», яғни, «қуаныш заманы» деп атаймыз, ал бақыт-қуаныш деген не? пайғамбарымыздың кезінде оларда жеуге ас та болған жоқ, олар кейде 2-3 күн аш жүретін, ештеңе жемейтін, ештеңе таба алмайтын. Бірақ адамдар сол кездің адамзат заманындағы ең қуанышты, ең бақытты кез екендігін біледі, бүкіл тәрихта пайғамбарымыз ﷺның заманы ең бақытты заман болды. Әрине, ол 23 жыл ғана болды, бірақ ең бақытты кезең болды, одан соң лезде кей адамдар өзара жау болып кетті, кейбірі бүлікке түсіп кетті, ол содан ақырын-ақырын бұзыла бастады, қитұрқыласып кетті. Сол үшін пайғамбарымыз ﷺ, «менің заманым ең жақсы заман, одан соң хұлафа рашидиндер заманы жақсы, яғни, Сәйдәина Әбубакір, Омар, Осман, Әли хазіреттер заманы жақсы, одан соңғы 1-2 ғасыр да жақсырақ заман болар, одан соң біртіндеп көптеген адамдар дұрыс жолда болмас» дейді.
Бұндағы жол дегені пайғамбарымыз ﷺның жолы еді, яғни ол, «бір-біріңді бауырым деп сүй» деген жол еді, ол, «олардың арасында көптеген істер туылар» дейді, олардың кейбірі дұрыс болса, кейбірі дұрыс болмас. Бірақ ол кезде адамдар пайғамбарымыз ﷺның заманындағыдай бақытты бола алмас, жылдан жылға, ғасырдан ғасырға жағдай бұзыла берер, пайғамбарымыз ﷺ, «бір ғасыр бір ғасырдан сорақы болар, бір-бірінен өткен жаман болар» дейді. Ал, әлхамдулилла, біз қазір сол ең сорақы заманға жеттік, әлхамдулилла, (мәуләнә күліп кетті). Енді біз не істерміз, Алла ﷻ бізді осы заманда өмір сүретіндерден етіп жаратты, бірақ сонда да ұқсас әмір пайғамбарымыз ﷺнан келіп жатыр, ол әмірлер біткен жоқ. Демек, мүминдер - өзара бауырлар, олар бауырларын, жамағатын, мұсылмандарын сүйсін, оларды сүйсін, бірақ олардың арасына от салмасын, өзара өштестірмесін, арасына бүлік-фитна жасамасын, бөліп-жармасын, өзара айтыстырып қоймасын, оларды бір-біріне дұшпан етпесін, олардың берекесін бұзбасын.
Сіз мүмин бауырыңызға риза болған сайын, пайғамбарымыз ﷺ да, әулиелер де сізге риза болады, демек, сіз мүмин бауырыңызға риза болған кезде, Алла ﷻ да сізге риза болады. Бірақ шайтан риза болмас, ал шайтан қашан риза болар? ол мұсылман бауырлар өзара бір-бірімен соғысқанда риза болар, бірақ шайтанның қуанғаны біздің қуанғанымыз емес. Себебі шайтан тым көре алмас, ішітар бірдеңе, іші толған жамандық, ол ешқашан қуанбас, риза болмас, біз қиналып, азаптанған сайын, ол жәйлы бола түседі, ол көрер көзге қуанышты көрінгендей болар. Бірақ Алла ﷻ оған қуаныш, бақыт деген нәрселерді бермеген, Алла ﷻ қуаныш-бақыт деген нәрселерді мүминдерге берген. Әрине, сіздер бүлік-фитна жасағандарды, мұсылмандарға жамандық істегендерді көріп жүрсіздер, олар әрдайым мазасыздық ішінде жүреді, олардың ішкі дүниесі тек жамандыққа, кесапатқа, бұзық ойларға толы болады. Олардың жүректері су қараңғылыққа толған, кезкелген шайтани ойларға толған, олар қайдан қуана алсын, қайдан бақытты болсын, олар қуана алмайды, егер олар мына бүкіл дүниені жоқ қылып жіберсе де, қуана алмайды.
Бірақ мүминдер Алла ﷻдан не келсе де қуанышты жүре береді, олар қуанышқа толы жандар, олар отбасымен болғанда, өздеріне сүйікті болғандармен бірге болғанда, олар қуанады. Оған бір мысал, мәселен олар умраға немесе қажылыққа барғанда, олардың төбелеріне қуаныш жауады. Бірақ адамдар касино, құмархана, шарапқана сияқты жаман жерлерге барса, олар ешқашан қуанышты бола алмайды, олар осыбір жаман жерлерден шыққан соң тіпті де жаман болады, мазасы кетеді, жақсы болмайды, онан арман қитұрқы болады. Сол үшін, әлхамдулилла, біздің сопылық тәриқат адамдардың қуанышты жүруіне, бақытты болуына көмектеседі. Кейбір адамдар мұсылманбыз деп жар салады, бірақ олар мұсылмандарды қуандырмайтын, бақытты етпейтін нәрселерді істейді. Олар сонау бастан өздерін, балаларын бақытты болмауға, жақсы адамдарды, пайғамбарымыздың сахабаларын қарғап сілеуге үйретеді. Одан соң олар жылайды-ау, өкіреді-ау, бірақ, әлхамдулилла, біз күлудеміз, олар сияқты жылау қажетсіз.
Алла ﷻ бізге, «فَبِذَٰلِكَ فَلْيَفْرَحُوا۟» яғни, «олар содан қуансын» деп әмір етеді, садақал лахул ғазим, құран 10інші сүре 58інші аят. Демек, қуануыңыз керек, Алла ﷻ осылай дер, сіз тура жолда болсаңыз, Алла ﷻмен бірге болсаңыз, және мұсылман болсаңыз, құранда айтқан, «فَبِذَٰلِكَ فَلْيَفْرَحُوا۟» яғни, «олар содан қуансын» дегендей хәлде болуыңыз керек. Міне бұл бір әмір, сіз қуанышты жүруіңіз керек, жыламаңыз, өзіңізді ұрмаңыз, бірақ сіздер, «біз мұсылманбыз, біз осыны сүйеміз» деп, әр жерде бүлік жасап жүрсіздер. Жоқ, о мұсылмандар, бұлай етсеңдер болмайды, ал сопылық тәриқаттағылар болса, әр жерде жүректі ашуға қызмет етеді. Мәселен, Сәйдина Қожа Ахмет Яссауи деген үлкен әулие өткен, ол Түркістанның сұлтаны, оның мазар-шәрифы Қазақстан елінде, біз оны зиярат еткенбіз. Оның жүз мыңдаған мүриттері болған, ол олардың барлығын тәрбиелеп, бүкіл жер-жерге, дүниенің төрт бұрышына жіберген, оларды мұсылман емес елдерге жіберген, олар бөтен жерлерге барды, және онда олар ешқашан соғысқан жоқ, тек қана ел-жұртқа нәсихат айтты.
Одан соң ол жерлерге ислам армиясы жеткенде, ондағылар оларды қуана қарсы алды, себебі Қожа Ахмет Яссауи хазіреттің мүриттері оларға бақытты болуды үйретті, жақсы нәрселерді, әділдікті, әрбір игі істі, оларда жоқ нәрселерді үйретті. Олар жүзмыңдаған дәруиш-ғұламалардан тұратын еді, ал дәруиш дегеніміз қалай құлшылық етуді, сүннеттердің не екендігін, парыздың не екендігін білетін, және сопылық тәриқатқа ілесетін адам. Олар қамалды ашудан бұрын жүректерді ашып болатын жандар еді, сол үшін сопылық тәриқат дегеніміз махаббат, ол адамдарға, күллі адамзатты махаббат сыйлайды. Біз қазір де көріп жүрміз, көптеген мұсылман емес кісілер сопылық тәриқат арқылы исламға келді, олар ұдайы сопылық-сопылық дер, бірақ оларға ислам десеңіз, олар қашып кетеді. Себебі олар ислам дегеніміз манағы надан-бұзық адамдардың айтып жүрген, «адам өлтір, елдің мазасын кетір, рахымсыз бол, жақсы нәрсе жоқ» деген нәрсесі екен деп ойлап қалған. Демек, манағы қыңыр адамдар исламды күллі әлемге жиіркенішті нәрсе ретінде көрсетіп жіберген.
Бірақ сіз, «сопылық яғни суфи» десеңіз, олар исламға келеді, мәселен, кония қаласында Сәйдина Мәуләнә Жамалудин Руми хазірет бар, ал мұсылман еместер осы әулиеге құмар, олар оған көп барады, олар оның мұсылман екендігін білсе де, білмесе де, оған барады, және олар Руми хазірет сопылықтың әйгілі пірі екендігін айтады. Оған еріп алған мыңдаған, жүзмыңдаған адамдар бар, және дүниеде ең көп сатылған кітап та осы Руми әулиенің кітабі, ал жұрт осыны білуі, және оны қадірлеуі керек. Сопылар, яғни сопылық тәриқаттағылар пайғамбарымыз ﷺның айтқанын дәл істеушілер, олар арқылы жүзмыңдаған, милиондаған адамдар исламға келді. Ал оның қарсысын айтар болсақ, яғни манағы қыңыр-қисық адамдар пайғамбарымыздың үйреткендеріне қарсы нәрселерді істеген кезде, олар көптеген адамды исламнан шығарып жіберетін болады, содан ел-жұрт, «жоқ, бізге бұл керек емес, ол жақсы емес екен» дейді, бірақ олар шын исламның қалай екендігін білген жоқ.
Ал ислам дегеніміз бауырластық, бірін-бірі сүю, ешкімге зұлымдық жасамау, ешкімді исламда болуға зорлық көрсетпеу. Ислам жүрекпен келеді, пайғамбарымыз ﷺ ешкімді мұсылман болуға күштеген жоқ, бұл құранның тәубе сүресіне айтылған. Онда біреу қағбаға келгісі келсе, мұсылман болсын, егер ол мұсылман болмаса, келуіне болмайды, алайда оларды мұсылман етемін деп соғыспаңдар делінген. Егер олар мұсылман болғысы келмесе, өз дінінде қалып, билеушіге немесе сұлтанға бағынсын, және салығын төлесін, ал бұндағы салық та тым аз, кейбір адамдар оны «көп» деп ойлар, бірақ ол тым аз. Ал қазір европада салық 90, я 80 пайыз, бірақ мұсылмандар салған салық яғни жиза зекет сияқты ғана болған, мүмкін 2.5 пайыз ғана, басқа ештеңе жоқ. Қазір ват деген салық бар, ол кей жерлерде 20 пайыз, 30 пайыз, білмедік, сондай көп, оған қоса салық төлейсіз, сонымен қазір не істесеңіз де бүкіл пайданы билікке беріп жатырсыздар, әлхамдулилла. Бірақ сонда да осыбір адамдар ел-жұртқа исламды жаман нәрсе сияқты көрсетіп жатыр.
Қазір ислам, әлхамдулилла, ең жақсысы, себебі ол Алла ﷻдың діні, онда барлығы теңгеріліп, тепе-теңдік сақталынған, ешқандай қиын нәрсе жоқ, демек исламда қиын нәрсе жоқ, бүкіл барлығы игілікпен жақсылыққа толы. Тіпті пайғамбарымыз ﷺ мисуақ жәйлы, «لَوْلاَ أَنْ أَشُقَّ عَلَى أُمَّتِي لأَمَرْتُهُمْ بِالسِّوَاكِ عِنْدَ كُلِّ صَلاَةٍ» яғни, «үмбетіме ауыр болмаса, мен оларды әр намазда мисуақ істетуге әмір етер едім» дейді. Намазда мисуақ істеткен жақсы, онда жүздеген пайда жатыр, ол тек сүннет қана емес, ол сіздің денсаулығыңызға, тісіңізге, басқа бәріне пайдалы, онда сансыз пайда бар. Ал пайғамбарымыз ﷺ бізге жүк болып кетпесін деп, оны әмір етпеген, ол, «мен оны әмір етпедім» дейді. Сол үшін исламда барлығы өз тепе-теңдігін сақтаған, ал осы тепе-теңдіктерді қайдан таба аласыз? оны сопылық тәриқаттан таба аласыз, әлхамдулилла, бұнда тәриқатпен шәриғат ұқсас, шәриғаттың жүрегі сопылық тәриқат.
Мүмкін кейбір адамдар, «біз не үшін сопылық тәриқатты керек қыламыз» деп айтар, ал сіз сопылық тәриқатқа ергіңіз келмесе, онда шәриғатқа еріңіз, бірақ кейін біреулер келіп, сізді алдап, сізді сол шәриғаттан да шығарып жіберетін болады, әхлул бәйіттермен сахабаларды боқтатып қоятын болады. Сопылық тәриқаттан тыс жүрген адамдардың көбі осылай болады, олар ана жақта да, мында жақта да болмай, ортада жүреді, сондықтан олар манағы қыңыр адамдардың әсеріне оңай ұшырайды. Содан олар харам істерді істеп, киелі адамдары, әулиелерді балағаттай бастайды, сол үшін, адамдар шәриғатқа ерумен бірге сопылық тәриқатқа да еруі, немесе сопылыққа құлақ асуы керек. Бұл біздің өміріміз үшін, балаларымыздың өмірі үшін өте маңызды, оларға пайғамбарымыз ﷺды, сахабаларды, әхлул бәйіттерді, әулиелерді сүюді үйрету өте маңызды шаруа. Әлхамдулилла, айтып өткеніміздей, бұл ай пайғамбарымыз ﷺның айы, біздің календарда ол бүгін кеште кіреді, ал кейбір календарда ертең кіруі мүмкін, онда тұрған мәселе жоқ.
Маңыздысы сол, осы айды құрметтеп, оны пайғамбарымыз ﷺның айы екендігін қабыл ете білу болмақ, ол өзі осы айды қадірлеген, және бұлар барша хадис кітаптармен сирада жазылған, ол рамазан айынан кейін осы айда яғни шағбанда, шахрул шағбан әл-мұкаррам әл-мұғззамда ең көп ораза ұстаған. Ал пайғамбарымыз ﷺға деген құрметпен, оның істегендеріне деген құрметпен, біз осы айларды, күндерді, құтты түндерді құрметтейміз. Бұның барлығы пайғамбарымыз ﷺның үйреткендерінен, ал сіз оның үйреткендеріне ерген кезіңізде, Алла ﷻ сізге сауапты он еседн 700 есе, тіпті одан да көп еселеп беретін болады. Әлхамдулилла, бұл бір құтты күн, бұл жер берекелі жер, ал біз бұнда бірінші рет болып отырмыз. Алла ﷻ сіздерді берекелегей, құтайта бергей, біздерді өз жолында еткей, бізді шайтанмен шайтанның ерушілеріне алданып қалғандардан етпегей, Алла ﷻ бізді онан арман қуанышы, бақытты ете бергей.
Біз жыламаймыз, айғайламаймыз, алдымызда өткен кейбіреулер сияқты бірдеңелерді пайдаланып бүлік жасамаймыз. Алла ﷻ кейін не болғанын сұрайтын болады, Адамдарды боқтауда, балағаттауда, немесе олар жәйлы жаман нәрселерді айтуда еш береке жоқ, онда еш сауап жоқ. Ал олай ету керісінше жүрегіңді онан арман қарайтып жібереді, сізді онан арман бақытсыз етеді, сізге тіпті де көптеген бәле-қала, бүлік-фитналарды шақыратын болады. Алла ﷻ бізді бұдан аулақ еткей, оларды берекелегей, Алла ﷻ бізге олардың берекесінен, яғни пайғамбарымыз ﷺның кезіндегі асрус-садах заманынан үлес бергей. Біз жаман заманда өмір сүріп жатырмыз, бірақ Алла ﷻ біздің жүрегімізге осыбір қуаныштардан қуаныш салады, иншалла. Бұл заман жақсы заман емес, бірақ иншалла, Алла ﷻдың күші барлығына жетеді, біз жүрегімізде оңай бақытты болатындығымызға, жүректе оңай қуанышты болатындығымызға сенеміз, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: تۇركىستاننىڭ سۇلتانى قوجا احمەت ياسساۋي حازىرەت، ول جەردەن بۇرىن جۇرەكتەردى جاۋلاعان اۋليە (2) (2026.01.19 / حيجري 1447-جىل 30-راجاب)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Jamia Masjid Abu Bakr – Rotherham، UK، 2026) انگليادا ايتىلعان سۇحبات. بيسميللاحير راحمانير راحيم، «إِنَّمَا ٱلْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ فَأَصْلِحُوا۟ بَيْنَ أَخَوَيْكُمْ» ياعني، «مۇميندەر ءوزارا باۋىرلار، سوندىقتان ولاردىڭ اراسىن جاراستىرىڭدار»، ساداقال لاحۋل عازيم، قۇران 49ءىنشى سۇرە 10ءىنشى ايات. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا مۇميندەردى ءوزارا باۋىرلار رەتىندە بايانداۋدا، كوپتەگەن حاديستەر دە سولاي دەر. ماسەلەن، ءبىر حاديستە، «لا يُؤْمِنُ أحدُكُم حتى يُحِبَّ لِأَخِيهِ ما يُحِبُّ لنفسِه» ياعني، «وزىڭە تىلەگەندى وزگە باۋىرىڭا تىلەي الماي تۇرىپ، ەشقايسىسىڭ ءمۇمين بولا المايسىڭ» دەلىنەر، ساداقالفيماقال اۋكاماقال. دەمەك، پايعامبارىمىز ﷺ، «ادام وزىنە سۇيگەن نارسەنى باۋىرىنا تىلەمەي تۇرىپ، تولىق يمانعا جەتە الماس» دەيدى، بۇل بارشا مۇسىلمان، بارشا ادامزات ءۇشىن وتە ماڭىزدى، وتە پايدالى. سەبەبى، وزىڭىزگە قالاعاندى باۋىرىڭىزعا قالاساڭىز، باعانا ايتىپ وتكەنىمىزدەي، يسلامداعى باۋىرىڭىزعا وزىڭىزگە قالاعاندى قالاساڭىز، ول دا ءسىز ءۇشىن جاقسى نارسەنى قالايدى، دەمەك، جاقسى نارسە جاقسىلىق تاراتادى، قۋانىش تاراتادى، قۇت-بەرەكە تاراتادى.
پايعامبارىمىز ﷺ بايانداعان نارسە مىنە وسى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇراندا، «مۇميندەر - ءوزارا باۋىرلار» دەيدى. ءبىز پايعامبارىمىز ﷺنىڭ زامانىن، «اسرۋس-ساداح»، ياعني، «قۋانىش زامانى» دەپ اتايمىز، ال باقىت-قۋانىش دەگەن نە؟ پايعامبارىمىزدىڭ كەزىندە ولاردا جەۋگە اس تا بولعان جوق، ولار كەيدە 2-3 كۇن اش جۇرەتىن، ەشتەڭە جەمەيتىن، ەشتەڭە تابا المايتىن. ءبىراق ادامدار سول كەزدىڭ ادامزات زامانىنداعى ەڭ قۋانىشتى، ەڭ باقىتتى كەز ەكەندىگىن بىلەدى، بۇكىل ءتاريحتا پايعامبارىمىز ﷺنىڭ زامانى ەڭ باقىتتى زامان بولدى. ارينە، ول 23 جىل عانا بولدى، ءبىراق ەڭ باقىتتى كەزەڭ بولدى، ودان سوڭ لەزدە كەي ادامدار ءوزارا جاۋ بولىپ كەتتى، كەيبىرى بۇلىككە ءتۇسىپ كەتتى، ول سودان اقىرىن-اقىرىن بۇزىلا باستادى، قيتۇرقىلاسىپ كەتتى. سول ءۇشىن پايعامبارىمىز ﷺ، «مەنىڭ زامانىم ەڭ جاقسى زامان، ودان سوڭ حۇلافا راشيديندەر زامانى جاقسى، ياعني، ءسايداينا ابۋباكىر، ومار، وسمان، ءالي حازىرەتتەر زامانى جاقسى، ودان سوڭعى 1-2 عاسىر دا جاقسىراق زامان بولار، ودان سوڭ بىرتىندەپ كوپتەگەن ادامدار دۇرىس جولدا بولماس» دەيدى.
بۇنداعى جول دەگەنى پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولى ەدى، ياعني ول، «ءبىر-ءبىرىڭدى باۋىرىم دەپ ءسۇي» دەگەن جول ەدى، ول، «ولاردىڭ اراسىندا كوپتەگەن ىستەر تۋىلار» دەيدى، ولاردىڭ كەيبىرى دۇرىس بولسا، كەيبىرى دۇرىس بولماس. ءبىراق ول كەزدە ادامدار پايعامبارىمىز ﷺنىڭ زامانىنداعىداي باقىتتى بولا الماس، جىلدان جىلعا، عاسىردان عاسىرعا جاعداي بۇزىلا بەرەر، پايعامبارىمىز ﷺ، «ءبىر عاسىر ءبىر عاسىردان سوراقى بولار، ءبىر-بىرىنەن وتكەن جامان بولار» دەيدى. ال، ءالحامدۋليللا، ءبىز ءقازىر سول ەڭ سوراقى زامانعا جەتتىك، ءالحامدۋليللا، (ءماۋلانا كۇلىپ كەتتى). ەندى ءبىز نە ىستەرمىز، اللا ﷻ ءبىزدى وسى زاماندا ءومىر سۇرەتىندەردەن ەتىپ جاراتتى، ءبىراق سوندا دا ۇقساس ءامىر پايعامبارىمىز ﷺنان كەلىپ جاتىر، ول امىرلەر بىتكەن جوق. دەمەك، مۇميندەر - ءوزارا باۋىرلار، ولار باۋىرلارىن، جاماعاتىن، مۇسىلماندارىن ءسۇيسىن، ولاردى ءسۇيسىن، ءبىراق ولاردىڭ اراسىنا وت سالماسىن، ءوزارا وشتەستىرمەسىن، اراسىنا بۇلىك-فيتنا جاساماسىن، ءبولىپ-جارماسىن، ءوزارا ايتىستىرىپ قويماسىن، ولاردى ءبىر-بىرىنە دۇشپان ەتپەسىن، ولاردىڭ بەرەكەسىن بۇزباسىن.
ءسىز ءمۇمين باۋىرىڭىزعا ريزا بولعان سايىن، پايعامبارىمىز ﷺ دا، اۋليەلەر دە سىزگە ريزا بولادى، دەمەك، ءسىز ءمۇمين باۋىرىڭىزعا ريزا بولعان كەزدە، اللا ﷻ دا سىزگە ريزا بولادى. ءبىراق شايتان ريزا بولماس، ال شايتان قاشان ريزا بولار؟ ول مۇسىلمان باۋىرلار ءوزارا ءبىر-بىرىمەن سوعىسقاندا ريزا بولار، ءبىراق شايتاننىڭ قۋانعانى ءبىزدىڭ قۋانعانىمىز ەمەس. سەبەبى شايتان تىم كورە الماس، ءىشىتار بىردەڭە، ءىشى تولعان جاماندىق، ول ەشقاشان قۋانباس، ريزا بولماس، ءبىز قينالىپ، ازاپتانعان سايىن، ول ءجايلى بولا تۇسەدى، ول كورەر كوزگە قۋانىشتى كورىنگەندەي بولار. ءبىراق اللا ﷻ وعان قۋانىش، باقىت دەگەن نارسەلەردى بەرمەگەن، اللا ﷻ قۋانىش-باقىت دەگەن نارسەلەردى مۇميندەرگە بەرگەن. ارينە، سىزدەر بۇلىك-فيتنا جاساعانداردى، مۇسىلماندارعا جاماندىق ىستەگەندەردى كورىپ جۇرسىزدەر، ولار ءاردايىم مازاسىزدىق ىشىندە جۇرەدى، ولاردىڭ ىشكى دۇنيەسى تەك جاماندىققا، كەساپاتقا، بۇزىق ويلارعا تولى بولادى. ولاردىڭ جۇرەكتەرى سۋ قاراڭعىلىققا تولعان، كەزكەلگەن شايتاني ويلارعا تولعان، ولار قايدان قۋانا السىن، قايدان باقىتتى بولسىن، ولار قۋانا المايدى، ەگەر ولار مىنا بۇكىل دۇنيەنى جوق قىلىپ جىبەرسە دە، قۋانا المايدى.
ءبىراق مۇميندەر اللا ﷻدان نە كەلسە دە قۋانىشتى جۇرە بەرەدى، ولار قۋانىشقا تولى جاندار، ولار وتباسىمەن بولعاندا، وزدەرىنە سۇيىكتى بولعاندارمەن بىرگە بولعاندا، ولار قۋانادى. وعان ءبىر مىسال، ماسەلەن ولار ۋمراعا نەمەسە قاجىلىققا بارعاندا، ولاردىڭ توبەلەرىنە قۋانىش جاۋادى. ءبىراق ادامدار كاسينو، قۇمارحانا، شاراپقانا سياقتى جامان جەرلەرگە بارسا، ولار ەشقاشان قۋانىشتى بولا المايدى، ولار ءوسىبىر جامان جەرلەردەن شىققان سوڭ ءتىپتى دە جامان بولادى، مازاسى كەتەدى، جاقسى بولمايدى، ونان ارمان قيتۇرقى بولادى. سول ءۇشىن، ءالحامدۋليللا، ءبىزدىڭ سوپىلىق ءتاريقات ادامداردىڭ قۋانىشتى جۇرۋىنە، باقىتتى بولۋىنا كومەكتەسەدى. كەيبىر ادامدار مۇسىلمانبىز دەپ جار سالادى، ءبىراق ولار مۇسىلمانداردى قۋاندىرمايتىن، باقىتتى ەتپەيتىن نارسەلەردى ىستەيدى. ولار سوناۋ باستان وزدەرىن، بالالارىن باقىتتى بولماۋعا، جاقسى ادامداردى، پايعامبارىمىزدىڭ ساحابالارىن قارعاپ سىلەۋگە ۇيرەتەدى. ودان سوڭ ولار جىلايدى-اۋ، وكىرەدى-اۋ، ءبىراق، ءالحامدۋليللا، ءبىز كۇلۋدەمىز، ولار سياقتى جىلاۋ قاجەتسىز.
اللا ﷻ بىزگە، «فَبِذَٰلِكَ فَلْيَفْرَحُوا۟» ياعني، «ولار سودان قۋانسىن» دەپ ءامىر ەتەدى، ساداقال لاحۋل عازيم، قۇران 10ءىنشى سۇرە 58ءىنشى ايات. دەمەك، قۋانۋىڭىز كەرەك، اللا ﷻ وسىلاي دەر، ءسىز تۋرا جولدا بولساڭىز، اللا ﷻمەن بىرگە بولساڭىز، جانە مۇسىلمان بولساڭىز، قۇراندا ايتقان، «فَبِذَٰلِكَ فَلْيَفْرَحُوا۟» ياعني، «ولار سودان قۋانسىن» دەگەندەي حالدە بولۋىڭىز كەرەك. مىنە بۇل ءبىر ءامىر، ءسىز قۋانىشتى ءجۇرۋىڭىز كەرەك، جىلاماڭىز، ءوزىڭىزدى ۇرماڭىز، ءبىراق سىزدەر، «ءبىز مۇسىلمانبىز، ءبىز وسىنى سۇيەمىز» دەپ، ءار جەردە بۇلىك جاساپ جۇرسىزدەر. جوق، و مۇسىلماندار، بۇلاي ەتسەڭدەر بولمايدى، ال سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار بولسا، ءار جەردە جۇرەكتى اشۋعا قىزمەت ەتەدى. ماسەلەن، ءسايدينا قوجا احمەت ياسساۋي دەگەن ۇلكەن اۋليە وتكەن، ول تۇركىستاننىڭ سۇلتانى، ونىڭ مازار-ءشاريفى قازاقستان ەلىندە، ءبىز ونى زيارات ەتكەنبىز. ونىڭ ءجۇز مىڭداعان مۇريتتەرى بولعان، ول ولاردىڭ بارلىعىن تاربيەلەپ، بۇكىل جەر-جەرگە، دۇنيەنىڭ ءتورت بۇرىشىنا جىبەرگەن، ولاردى مۇسىلمان ەمەس ەلدەرگە جىبەرگەن، ولار بوتەن جەرلەرگە باردى، جانە وندا ولار ەشقاشان سوعىسقان جوق، تەك قانا ەل-جۇرتقا ءناسيحات ايتتى.
ودان سوڭ ول جەرلەرگە يسلام ارمياسى جەتكەندە، ونداعىلار ولاردى قۋانا قارسى الدى، سەبەبى قوجا احمەت ياسساۋي حازىرەتتىڭ مۇريتتەرى ولارعا باقىتتى بولۋدى ۇيرەتتى، جاقسى نارسەلەردى، ادىلدىكتى، ءاربىر يگى ءىستى، ولاردا جوق نارسەلەردى ۇيرەتتى. ولار ءجۇزمىڭداعان ءدارۋيش-عۇلامالاردان تۇراتىن ەدى، ال ءدارۋيش دەگەنىمىز قالاي قۇلشىلىق ەتۋدى، سۇننەتتەردىڭ نە ەكەندىگىن، پارىزدىڭ نە ەكەندىگىن بىلەتىن، جانە سوپىلىق ءتاريقاتقا ىلەسەتىن ادام. ولار قامالدى اشۋدان بۇرىن جۇرەكتەردى اشىپ بولاتىن جاندار ەدى، سول ءۇشىن سوپىلىق ءتاريقات دەگەنىمىز ماحاببات، ول ادامدارعا، كۇللى ادامزاتتى ماحاببات سىيلايدى. ءبىز ءقازىر دە كورىپ ءجۇرمىز، كوپتەگەن مۇسىلمان ەمەس كىسىلەر سوپىلىق ءتاريقات ارقىلى يسلامعا كەلدى، ولار ۇدايى سوپىلىق-سوپىلىق دەر، ءبىراق ولارعا يسلام دەسەڭىز، ولار قاشىپ كەتەدى. سەبەبى ولار يسلام دەگەنىمىز ماناعى نادان-بۇزىق ادامداردىڭ ايتىپ جۇرگەن، «ادام ءولتىر، ەلدىڭ مازاسىن كەتىر، راحىمسىز بول، جاقسى نارسە جوق» دەگەن نارسەسى ەكەن دەپ ويلاپ قالعان. دەمەك، ماناعى قىڭىر ادامدار يسلامدى كۇللى الەمگە جيىركەنىشتى نارسە رەتىندە كورسەتىپ جىبەرگەن.
ءبىراق ءسىز، «سوپىلىق ياعني سۋفي» دەسەڭىز، ولار يسلامعا كەلەدى، ماسەلەن، كونيا قالاسىندا ءسايدينا ءماۋلانا جامالۋدين رۋمي حازىرەت بار، ال مۇسىلمان ەمەستەر وسى اۋليەگە قۇمار، ولار وعان كوپ بارادى، ولار ونىڭ مۇسىلمان ەكەندىگىن بىلسە دە، بىلمەسە دە، وعان بارادى، جانە ولار رۋمي حازىرەت سوپىلىقتىڭ ايگىلى ءپىرى ەكەندىگىن ايتادى. وعان ەرىپ العان مىڭداعان، ءجۇزمىڭداعان ادامدار بار، جانە دۇنيەدە ەڭ كوپ ساتىلعان كىتاپ تا وسى رۋمي اۋليەنىڭ كىتابى، ال جۇرت وسىنى ءبىلۋى، جانە ونى قادىرلەۋى كەرەك. سوپىلار، ياعني سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ايتقانىن ءدال ىستەۋشىلەر، ولار ارقىلى ءجۇزمىڭداعان، ميليونداعان ادامدار يسلامعا كەلدى. ال ونىڭ قارسىسىن ايتار بولساق، ياعني ماناعى قىڭىر-قيسىق ادامدار پايعامبارىمىزدىڭ ۇيرەتكەندەرىنە قارسى نارسەلەردى ىستەگەن كەزدە، ولار كوپتەگەن ادامدى يسلامنان شىعارىپ جىبەرەتىن بولادى، سودان ەل-جۇرت، «جوق، بىزگە بۇل كەرەك ەمەس، ول جاقسى ەمەس ەكەن» دەيدى، ءبىراق ولار شىن يسلامنىڭ قالاي ەكەندىگىن بىلگەن جوق.
ال يسلام دەگەنىمىز باۋىرلاستىق، ءبىرىن-ءبىرى ءسۇيۋ، ەشكىمگە زۇلىمدىق جاساماۋ، ەشكىمدى يسلامدا بولۋعا زورلىق كورسەتپەۋ. يسلام جۇرەكپەن كەلەدى، پايعامبارىمىز ﷺ ەشكىمدى مۇسىلمان بولۋعا كۇشتەگەن جوق، بۇل قۇراننىڭ تاۋبە سۇرەسىنە ايتىلعان. وندا بىرەۋ قاعباعا كەلگىسى كەلسە، مۇسىلمان بولسىن، ەگەر ول مۇسىلمان بولماسا، كەلۋىنە بولمايدى، الايدا ولاردى مۇسىلمان ەتەمىن دەپ سوعىسپاڭدار دەلىنگەن. ەگەر ولار مۇسىلمان بولعىسى كەلمەسە، ءوز دىنىندە قالىپ، بيلەۋشىگە نەمەسە سۇلتانعا باعىنسىن، جانە سالىعىن تولەسىن، ال بۇنداعى سالىق تا تىم از، كەيبىر ادامدار ونى «كوپ» دەپ ويلار، ءبىراق ول تىم از. ال ءقازىر ەۆروپادا سالىق 90، يا 80 پايىز، ءبىراق مۇسىلماندار سالعان سالىق ياعني جيزا زەكەت سياقتى عانا بولعان، مۇمكىن 2.5 پايىز عانا، باسقا ەشتەڭە جوق. ءقازىر ۆات دەگەن سالىق بار، ول كەي جەرلەردە 20 پايىز، 30 پايىز، بىلمەدىك، سونداي كوپ، وعان قوسا سالىق تولەيسىز، سونىمەن ءقازىر نە ىستەسەڭىز دە بۇكىل پايدانى بيلىككە بەرىپ جاتىرسىزدار، ءالحامدۋليللا. ءبىراق سوندا دا ءوسىبىر ادامدار ەل-جۇرتقا يسلامدى جامان نارسە سياقتى كورسەتىپ جاتىر.
ءقازىر يسلام، ءالحامدۋليللا، ەڭ جاقسىسى، سەبەبى ول اللا ﷻدىڭ ءدىنى، وندا بارلىعى تەڭگەرىلىپ، تەپە-تەڭدىك ساقتالىنعان، ەشقانداي قيىن نارسە جوق، دەمەك يسلامدا قيىن نارسە جوق، بۇكىل بارلىعى يگىلىكپەن جاقسىلىققا تولى. ءتىپتى پايعامبارىمىز ﷺ ميسۋاق ءجايلى، «لَوْلاَ أَنْ أَشُقَّ عَلَى أُمَّتِي لأَمَرْتُهُمْ بِالسِّوَاكِ عِنْدَ كُلِّ صَلاَةٍ» ياعني، «ۇمبەتىمە اۋىر بولماسا، مەن ولاردى ءار نامازدا ميسۋاق ىستەتۋگە ءامىر ەتەر ەدىم» دەيدى. نامازدا ميسۋاق ىستەتكەن جاقسى، وندا جۇزدەگەن پايدا جاتىر، ول تەك سۇننەت قانا ەمەس، ول ءسىزدىڭ دەنساۋلىعىڭىزعا، تىسىڭىزگە، باسقا بارىنە پايدالى، وندا سانسىز پايدا بار. ال پايعامبارىمىز ﷺ بىزگە جۇك بولىپ كەتپەسىن دەپ، ونى ءامىر ەتپەگەن، ول، «مەن ونى ءامىر ەتپەدىم» دەيدى. سول ءۇشىن يسلامدا بارلىعى ءوز تەپە-تەڭدىگىن ساقتاعان، ال وسى تەپە-تەڭدىكتەردى قايدان تابا الاسىز؟ ونى سوپىلىق ءتاريقاتتان تابا الاسىز، ءالحامدۋليللا، بۇندا تاريقاتپەن ءشاريعات ۇقساس، ءشاريعاتتىڭ جۇرەگى سوپىلىق ءتاريقات.
مۇمكىن كەيبىر ادامدار، «ءبىز نە ءۇشىن سوپىلىق ءتاريقاتتى كەرەك قىلامىز» دەپ ايتار، ال ءسىز سوپىلىق ءتاريقاتقا ەرگىڭىز كەلمەسە، وندا ءشاريعاتقا ەرىڭىز، ءبىراق كەيىن بىرەۋلەر كەلىپ، ءسىزدى الداپ، ءسىزدى سول ءشاريعاتتان دا شىعارىپ جىبەرەتىن بولادى، ءاحلۋل بايىتتەرمەن ساحابالاردى بوقتاتىپ قوياتىن بولادى. سوپىلىق ءتاريقاتتان تىس جۇرگەن ادامداردىڭ كوبى وسىلاي بولادى، ولار انا جاقتا دا، مىندا جاقتا دا بولماي، ورتادا جۇرەدى، سوندىقتان ولار ماناعى قىڭىر ادامداردىڭ اسەرىنە وڭاي ۇشىرايدى. سودان ولار حارام ىستەردى ىستەپ، كيەلى ادامدارى، اۋليەلەردى بالاعاتتاي باستايدى، سول ءۇشىن، ادامدار ءشاريعاتقا ەرۋمەن بىرگە سوپىلىق ءتاريقاتقا دا ەرۋى، نەمەسە سوپىلىققا قۇلاق اسۋى كەرەك. بۇل ءبىزدىڭ ءومىرىمىز ءۇشىن، بالالارىمىزدىڭ ءومىرى ءۇشىن وتە ماڭىزدى، ولارعا پايعامبارىمىز ﷺدى، ساحابالاردى، ءاحلۋل بايىتتەردى، اۋليەلەردى ءسۇيۋدى ۇيرەتۋ وتە ماڭىزدى شارۋا. ءالحامدۋليللا، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، بۇل اي پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ايى، ءبىزدىڭ كالەنداردا ول بۇگىن كەشتە كىرەدى، ال كەيبىر كالەنداردا ەرتەڭ كىرۋى مۇمكىن، وندا تۇرعان ماسەلە جوق.
ماڭىزدىسى سول، وسى ايدى قۇرمەتتەپ، ونى پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ايى ەكەندىگىن قابىل ەتە ءبىلۋ بولماق، ول ءوزى وسى ايدى قادىرلەگەن، جانە بۇلار بارشا حاديس كىتاپتارمەن سيرادا جازىلعان، ول رامازان ايىنان كەيىن وسى ايدا ياعني شاعباندا، شاحرۋل شاعبان ءال-مۇكاررام ءال-مۇعززامدا ەڭ كوپ ورازا ۇستاعان. ال پايعامبارىمىز ﷺعا دەگەن قۇرمەتپەن، ونىڭ ىستەگەندەرىنە دەگەن قۇرمەتپەن، ءبىز وسى ايلاردى، كۇندەردى، قۇتتى تۇندەردى قۇرمەتتەيمىز. بۇنىڭ بارلىعى پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ۇيرەتكەندەرىنەن، ال ءسىز ونىڭ ۇيرەتكەندەرىنە ەرگەن كەزىڭىزدە، اللا ﷻ سىزگە ساۋاپتى ون ەسەدن 700 ەسە، ءتىپتى ودان دا كوپ ەسەلەپ بەرەتىن بولادى. ءالحامدۋليللا، بۇل ءبىر قۇتتى كۇن، بۇل جەر بەرەكەلى جەر، ال ءبىز بۇندا ءبىرىنشى رەت بولىپ وتىرمىز. اللا ﷻ سىزدەردى بەرەكەلەگەي، قۇتايتا بەرگەي، بىزدەردى ءوز جولىندا ەتكەي، ءبىزدى شايتانمەن شايتاننىڭ ەرۋشىلەرىنە الدانىپ قالعانداردان ەتپەگەي، اللا ﷻ ءبىزدى ونان ارمان قۋانىشى، باقىتتى ەتە بەرگەي.
ءبىز جىلامايمىز، ايعايلامايمىز، الدىمىزدا وتكەن كەيبىرەۋلەر سياقتى بىردەڭەلەردى پايدالانىپ بۇلىك جاسامايمىز. اللا ﷻ كەيىن نە بولعانىن سۇرايتىن بولادى، ادامداردى بوقتاۋدا، بالاعاتتاۋدا، نەمەسە ولار ءجايلى جامان نارسەلەردى ايتۋدا ەش بەرەكە جوق، وندا ەش ساۋاپ جوق. ال ولاي ەتۋ كەرىسىنشە جۇرەگىڭدى ونان ارمان قارايتىپ جىبەرەدى، ءسىزدى ونان ارمان باقىتسىز ەتەدى، سىزگە ءتىپتى دە كوپتەگەن بالە-قالا، بۇلىك-فيتنالاردى شاقىراتىن بولادى. اللا ﷻ ءبىزدى بۇدان اۋلاق ەتكەي، ولاردى بەرەكەلەگەي، اللا ﷻ بىزگە ولاردىڭ بەرەكەسىنەن، ياعني پايعامبارىمىز ﷺنىڭ كەزىندەگى اسرۋس-ساداح زامانىنان ۇلەس بەرگەي. ءبىز جامان زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، ءبىراق اللا ﷻ ءبىزدىڭ جۇرەگىمىزگە ءوسىبىر قۋانىشتاردان قۋانىش سالادى، ينشاللا. بۇل زامان جاقسى زامان ەمەس، ءبىراق ينشاللا، اللا ﷻدىڭ كۇشى بارلىعىنا جەتەدى، ءبىز جۇرەگىمىزدە وڭاي باقىتتى بولاتىندىعىمىزعا، جۇرەكتە وڭاي قۋانىشتى بولاتىندىعىمىزعا سەنەمىز، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8670