You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

АДАСПАУ ҮШІН ПАЙҒАМБАР ӘУЛЕТІН ҚҰРМЕТТЕ, ЖӘНЕ ҚАЗАҚҚА СҰЛТАНДАР ҚАЙТА БИЛІККЕ КЕЛЕДІ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8328
АДАСПАУ ҮШІН ПАЙҒАМБАР ӘУЛЕТІН ҚҰРМЕТТЕ, ЖӘНЕ ҚАЗАҚҚА СҰЛТАНДАР ҚАЙТА БИЛІККЕ КЕЛЕДІ

пайғамбарымыз, 'адаспауларың үшін құранға, сүннетіме және ахлул бәйтіме жармасыңдар' дейді. Демек құран-сүннеттен тыс, әхлул бәйттерді яғни пайғамбарымыздың әулет-ұрпақтарын құрметтеу керек, әхлул сүннә уәл жамағада болудың бір шарты да осы еді. Пайғамбарымыздың ұрпақтары құран-сүннеттпен бірге келіп, құтылысқа жеткізетін тағы бір фактор. Кейбіреулер әхлул бәйіттер жәйлы жаман сөйлейді, кері көзғараста болады, бірақ бұл шайтанға алдану болмақ. Пайғамбарымыздың ұрпақтары өте көп, олар жер-жүзіндегі әр ұлттың арасына шашырап, оларға сіңіп, сол ұлт болып кеткен. Олар сол тұрған жеріне береке әкеледі, сондықтан оған қызғанбай, қайта шүкірлік айту керек, осы нығыметті игілікке пайдалана білу керек, олар да Алланың рахымынан. Себебі, адамдарды дұрыс жолға бастаған ұлық әулиелермен ғұламалардың көбі пайғамбарымыздың ұрпағынан шыққан. Пайғамбарымыз, 'менің ұрпағыма жаман ниетте болатындар, оларға жамандық істейтіндер мұнафиыққа айналар' дейді, ал мына хадисте барлығы тіпті де анық айтылады. Пайғамбарымыз хазірет Әлиге былай деген екен. О әли, мен мұса болсам, сен маған мұсаның харұны сияқтысың, мүминдерден басқа ешкім сені сүймейді, және мұнафиқтардан басқа ешкім сені жек көрмейді. О әли, егер біреу өмір бойы қағбамен ибраһим мақамы арасында намаз оқыса да, ораза ұстаса да, бірақ оның жүрегінде менің әулетіме деген жек көрушілік болса, ол бәрібір мұнафиық болады, тозаққа кіреді. Сенің ұлдарың Хасанмен Хұсейін жәннаттағы жастардың басшы ханзадалары, ал олардың әкесі болған сен, олардан да ұлықсың. Пайғамбарымыз осылай дер. Демек пайғамбарымыздың әулетіне теріс көзғараста болу, оларды жамандау, оларға жаман ниетте болу, оларға жамандық істеу мұнафиықтыққа апарады. Ал Османлы империясы кезінде пайғамбарымыздың ұрпақтарын арнайы тіркеп, оларға өзгелерге ұқсамайтын ерекше тақия кигізетін заң болған. Олар осылай жұрттың білместікпен оларға құрметсіздік етуінен сақтанатын. Ал қазақтағы пайғамбарымыздың ұрпақтары қожа аталынып, қазаққа ислам дінін үйретуші ұстаз, пір, имам болған. Демек олар қазақтың ақирет ісіне, исламына жауапты болған. Ал шыңғысханның жошы ұрпақтары Қазақта төре аталынып, қазақтың хан-сұлтандары болды, ел басқарды, билік ұстады. Сондықтан қазақта бертінге дейін, 'тірімізге төре ие, өлімізге қожа ие' деген астарлы сөз болған. Бұның мағынасы сол, төрелер билік ұстап, дүние тірлігімізге бас болады, ал қожалар исламмен иман үйретіп, ақиретіміздің нұрлы болуына еңбек етер деген мағынаны білдіреді. Ал Мәхди хазірет келгенде, қазаққа хан-сұлтандық түзімі қайта келеді, Мәхди хазірет бүкіл дүниеге осындай түзім орнатады. Ақш, орыс, қытай, европа, Аустралия, Канада, Жапония, Африка барлығына сұлтандар билікке келеді, жер жүзі мұсылман болады.

اداسپاۋ ءۇشىن پايعامبار اۋلەتىن قۇرمەتتە، جانە قازاققا سۇلتاندار قايتا بيلىككە كەلەدى

پايعامبارىمىز، 'اداسپاۋلارىڭ ءۇشىن قۇرانعا، سۇننەتىمە جانە احلۋل بايتىمە جارماسىڭدار' دەيدى. دەمەك قۇران-سۇننەتتەن تىس، ءاحلۋل بايتتەردى ياعني پايعامبارىمىزدىڭ اۋلەت-ۇرپاقتارىن قۇرمەتتەۋ كەرەك، ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال جاماعادا بولۋدىڭ ءبىر شارتى دا وسى ەدى. پايعامبارىمىزدىڭ ۇرپاقتارى قۇران-سۇننەتتپەن بىرگە كەلىپ، قۇتىلىسقا جەتكىزەتىن تاعى ءبىر فاكتور. كەيبىرەۋلەر ءاحلۋل بايىتتەر ءجايلى جامان سويلەيدى، كەرى كوزعاراستا بولادى، ءبىراق بۇل شايتانعا الدانۋ بولماق. پايعامبارىمىزدىڭ ۇرپاقتارى وتە كوپ، ولار جەر-جۇزىندەگى ءار ۇلتتىڭ اراسىنا شاشىراپ، ولارعا ءسىڭىپ، سول ۇلت بولىپ كەتكەن. ولار سول تۇرعان جەرىنە بەرەكە اكەلەدى، سوندىقتان وعان قىزعانباي، قايتا شۇكىرلىك ايتۋ كەرەك، وسى نىعىمەتتى يگىلىككە پايدالانا ءبىلۋ كەرەك، ولار دا اللانىڭ راحىمىنان. سەبەبى، ادامداردى دۇرىس جولعا باستاعان ۇلىق اۋليەلەرمەن عۇلامالاردىڭ كوبى پايعامبارىمىزدىڭ ۇرپاعىنان شىققان. پايعامبارىمىز، 'مەنىڭ ۇرپاعىما جامان نيەتتە بولاتىندار، ولارعا جاماندىق ىستەيتىندەر مۇنافيىققا اينالار' دەيدى، ال مىنا حاديستە بارلىعى ءتىپتى دە انىق ايتىلادى. پايعامبارىمىز حازىرەت اليگە بىلاي دەگەن ەكەن. و ءالي، مەن مۇسا بولسام، سەن ماعان مۇسانىڭ حارۇنى سياقتىسىڭ، مۇميندەردەن باسقا ەشكىم سەنى سۇيمەيدى، جانە مۇنافيقتاردان باسقا ەشكىم سەنى جەك كورمەيدى. و ءالي، ەگەر بىرەۋ ءومىر بويى قاعبامەن يبراھيم ماقامى اراسىندا ناماز وقىسا دا، ورازا ۇستاسا دا، ءبىراق ونىڭ جۇرەگىندە مەنىڭ اۋلەتىمە دەگەن جەك كورۋشىلىك بولسا، ول ءبارىبىر مۇنافيىق بولادى، توزاققا كىرەدى. سەنىڭ ۇلدارىڭ حاسانمەن حۇسەيىن ءجانناتتاعى جاستاردىڭ باسشى حانزادالارى، ال ولاردىڭ اكەسى بولعان سەن، ولاردان دا ۇلىقسىڭ. پايعامبارىمىز وسىلاي دەر. دەمەك پايعامبارىمىزدىڭ اۋلەتىنە تەرىس كوزعاراستا بولۋ، ولاردى جامانداۋ، ولارعا جامان نيەتتە بولۋ، ولارعا جاماندىق ىستەۋ مۇنافيىقتىققا اپارادى. ال وسمانلى يمپەرياسى كەزىندە پايعامبارىمىزدىڭ ۇرپاقتارىن ارنايى تىركەپ، ولارعا وزگەلەرگە ۇقسامايتىن ەرەكشە تاقيا كيگىزەتىن زاڭ بولعان. ولار وسىلاي جۇرتتىڭ بىلمەستىكپەن ولارعا قۇرمەتسىزدىك ەتۋىنەن ساقتاناتىن. ال قازاقتاعى پايعامبارىمىزدىڭ ۇرپاقتارى قوجا اتالىنىپ، قازاققا يسلام ءدىنىن ۇيرەتۋشى ۇستاز، ءپىر، يمام بولعان. دەمەك ولار قازاقتىڭ اقيرەت ىسىنە، يسلامىنا جاۋاپتى بولعان. ال شىڭعىسحاننىڭ جوشى ۇرپاقتارى قازاقتا تورە اتالىنىپ، قازاقتىڭ حان-سۇلتاندارى بولدى، ەل باسقاردى، بيلىك ۇستادى. سوندىقتان قازاقتا بەرتىنگە دەيىن، 'تىرىمىزگە تورە يە، ولىمىزگە قوجا يە' دەگەن استارلى ءسوز بولعان. بۇنىڭ ماعىناسى سول، تورەلەر بيلىك ۇستاپ، دۇنيە تىرلىگىمىزگە باس بولادى، ال قوجالار يسلاممەن يمان ۇيرەتىپ، اقيرەتىمىزدىڭ نۇرلى بولۋىنا ەڭبەك ەتەر دەگەن ماعىنانى بىلدىرەدى. ال ءماحدي حازىرەت كەلگەندە، قازاققا حان-سۇلتاندىق ءتۇزىمى قايتا كەلەدى، ءماحدي حازىرەت بۇكىل دۇنيەگە وسىنداي ءتۇزىم ورناتادى. اقش، ورىس، قىتاي، ەۆروپا، اۋستراليا، كانادا، جاپونيا، افريكا بارلىعىنا سۇلتاندار بيلىككە كەلەدى، جەر ءجۇزى مۇسىلمان بولادى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8328