You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: дүниелік кеңестер: биліктегілер айдан келмеді, олар сендер, ал сендер оларсыңдар (2025.12.01 / Хижри 1447-жыл 10-Жұмадал Әл-Тәни)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8598
Сұхбат: дүниелік кеңестер: биліктегілер айдан келмеді, олар сендер, ал сендер оларсыңдар (2025.12.01 / Хижри 1447-жыл 10-Жұмадал Әл-Тәни)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Біз бүгін ертерек келдік, бұл сапарға әр жылы шығатынбыз, біз бұнда Қажы Несілихан ханым үшін жиналдық, және мен осындағы жиынымызға жиналғандардың барлығына сауап тиуіне тілектеспін. Біз бұнда Алла ﷻ үшін жиналдық, Алла Әззә уә-Жәллә үшін, және пайғамбарымыз ﷺның құрметі жиналдық, бізде бұдан басқа ой жоқ, сол үшін бүгін біз ертерек келдік, бауырларда да басқа мақсат жоқ. Яғни бұнда Алла ﷻ ризалығы үшін келдік, маңызды іс міне осы, адамға шын пайда беретін нәрсе де осы, демек әр істе Алла ﷻ үшін деген ниетіңіз болсын, сонда ол сізге пайдалы болар, және анық түрде оның сауабы сізбен бірге қалатын болады. Әйтпесе, яғни біз бұнда тек дүние үшін жиналсақ, онда жұрттың барлығы дүние қуалаумен кетер еді, және ақырына барғанда дүние олардан қашатын болады.

Ал тек пайданы, дүниелік жетістікті мақсат еткен амалдардың ақыры жақсылыққа апармайды, себебі бұндайда адамның өзімшілдігі, нәпсішілдігі өзімен қалып қояды да, ол адамға, «барлығы менікі» дегіздіргісі келеді. Бірақ оған не берсеңіз де, ол оған қанағаттанбайды, мейлі не істеңіз, олар риза болмайды, сондықтан тек дүниені мақсат еткен жиын-жиналстар ешбір пайда алып келмейді. Тіпті сіз дүниелік нәрселер үшін жиналсаңыз да, назарыңызды Алла ﷻ ризалығына бұрыңыз, және, «бұл бір дүниелік жиналыс, бірақ оның нәтижесі Алланың ризалығы үшін болуы керек, Алла бар тапқанымызды Алла жолында істетуіме жәрдем еткей» деп ойлаңыз. Әдетте, көптеген адамдар дүниелік пайда үшін келеді, өзгелерді алдайды, міне осылай адамдар адамдарды алдайды, және өздері де алданады, кейбірі өзгелерді алдайды, сонымен бүкіл дүние осылай бірін-бірі алдаумен өтеді, ал сіз бұдан еш пайда ала алмайсыз.

Дүниенің хәлі барған сайын жаман болып барады, әсіресе Османлы кеткеннен бері қазірге дейін бұзылып, тіпті де сорақы хәлге өзгеруде. Бұл не үшін? ол үкіметтің, биліктің, мемлекеттің қателігіме? жоқ, ол жалпы адамдарға байланысты нәрсе, себебі адам нені ексе, соны орады, ал бұндайда билік-мемлекет саған не істеуі керек? сен оларға ұқсайсың, ал олар да саған ұқсайды. Биліктегілер айдан я күннен әкелінген адамдар емес, демек біз барлығымыз жерде бірге өмір сүріп жатқан адамдармыз, біз бәріміз осы дүниеде күн өткізудеміз, ал Османлы империясы кеткен соң ... себебі Османлы Алла Әззә уә-Жәлләның жолында болған, бірақ оның соңына келгенде оны құртқысы келген адамдар оны мүлдем құртты, бұнда, «Османлы кеткен соң» деп айтып жатырмыз, бірақ Османлының соңғы күндері, Османлы Империясы манағы бұзықтардың қолына түсті. Одан соң олар барлығын күн өткен сайын онан арман сорақы етіп жіберді, неге? себебі бұл адамдарда Алла ﷻдан қорқу деген нәрсе болмады, ар-ұят болмады, олар тым әдепсіз, тым арсыз еді, оларда бұндай ештеңе жоқ.

Сонда бұл адамдар сірә қандай болмақ? білгін, адамның құны оның адамдығында болады, ал адамдық дегеніміз не? ол ар-ұят, жамандық істемеу, өзгелерге залал әкелмеу-дүр, адамдардың хәлі осындай болуы тиіс, ал адамдықтан жұрдай болу оның керісі-дүр. Ондай адамдарда ар-ұят болмайды, әдеп болмайды, олар әрқандай жамандықты істей алады, олар адам емес, хайуан болып кетеді, ал қазір біз дәл сондай адамдардың дәурендеген кезінде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан да, «егер мен жақсы болсам да, басқалар неге жақсы емес, енді қайттік» дегендей жағдай болуда, ал ең жақсысын Алла ﷻ біледі, Алла ﷻ бар, Алла Әззә уә-Жәллә бастан ақыр бірге келе жатыр, жоғалып кеткен ештеңе жоқ. Тіпті мысқалдай нәрсе де жоғалмас, ол жәйлы, «‎فَمَن يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ خَيْرًا يَرَهُۥ ‎وَمَن يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ شَرًّا يَرَهُۥ» яғни «сондықтан кім мысқалдай жақсылық істесе, оны көрер, ал мысқалдай жамандық істесе де, оны көрер» делінер, (құран 99інші сүре 7-8інші аят).

Демек не істедіңіз, тіпті істегеніңіз тозаңдай кіші болса да, жамандықпен жақсылық ешқашан ұмытылып қалмайды, ал кешірім сұрасаңыз, өкіне тәубе етсеңіз, ғапу өтінсеңіз, Алла ﷻ жамандықты кешіреді, ал жақсылығыңыз үшін Ол сізге сауап беретін болады. Кім жақсы амал істесе, Алла ﷻ оған он еселеп сауап береді, яғни Алла Әззә уә-Жәллә істеген игілігіңіз үшін он еседен мың есеге дейін сауап береді, бірақ істеген бір жамандығыңыз үшін бір жаман амал жазады. Алла ﷻ ешкімге зұлымдық қылмайды, себебі қараңыз, Алла Әззә уә-Жәллә бір жақсылыққа он есе сауап берсе, ал бір жамандыққа он күнә жазбайды емеспе, жағдай осылай. Демек бір күнә істесеңіз, бір күнә жазар, ал сіз жақсылық істеген кезде оған он еселеп сауап жазылар, тіпті мың есе, онмың есе сауап жазады, Алла Әззә уә-Жәлләның қақпасы тым айқара ашық тұр.

Сол үшін біз әрқандай іс істеген кезде оны Алла ﷻ үшін істелік, ал, «мына адам бәлен жамандық істеді, ана адам түгілен жамандық істеді, мен де соны істегім келеді, анаған қарашы, ол жеңіп алыпты» деп, сіз де сондай бірдеңе істерсіз. Және сіз де бір рет, екі рет, тіпті мың рет жеңіп аларсыз, сіз әлі қолға түспедіңіз, бірақ сіз ақиретте ұсталасыз, онысызда істеп жүргендеріңіздің бұл дүниеде пайдасы жоқ, бұнда ұсталмағаныңызға қуанбаңыз. «Мен ұттым» деп ойламаңыз, оның кесірі осында да, ақиретте де басңызға түсетін болады, расында, бұндай адам еш тыныштық таппайды, еш рахат сезіне алмайды, еш жәйлы бола алмас. Сондықтан айтып өткеніміздей, барлық ісімізді Алла ﷻ үшін істелік, және оны Алла ﷻдың қалағанындай етелік, біз Оның жолынан адасып кетпелік, Оның жолы тура жол, ал біздің басқа барар еш жеріміз жоқ, басқа жолымыз да жоқ.

Алла Әззә уә-Жәлләның жолы құтылыстың жолы, ал басқа әрқандай жолдар құрдымға кетудің сораптары болмақ, адам құрыса, онда еш пайда жоқ, ол адам үшін қашар жол жоқ. Мәселен, сіз мына дүниеде алдамшылықпен, ұрлықпен шұғылданыңыз, және басқа ұқсамаған елдерге, басқа қалаларға, басқа алыс жақтарға кетіп қалдыңыз делік, және сіз, «ондағы адамдар мені көрмес» деп ойларсыз. Демек сіз мына дүниеде қашып құтылдыңыз делік, алайда ақиретте бұндай іс болмайды, ол жерде ешқайда қаша алмайсыз, онда пана болар жер жоқ, бұнда сіз тек қана Алла Әззә уә-Жәлләның кешірімінен пана таба аласыз. Демек, егер сіз Алла Әззә уә-Жәлләның рахым-мейірімінен пана іздесеңіз, және тура жолға қайтсаңыз, Алла ﷻ сізді кешіретін болады, және сізді қорғайды.

Сол үшін де мына дүниенің ең сорақы жері осы болмақ, яғни айтып өткеніміздей, біреулер тағы біреулерді көреді де, олардың істерін кәдімгі бір жетістік санап, «мен солардай болуға тырысамын» дейді. Ал көптеген адамдар осындай жолмен өздерін құртып алды, және олар мына дүниенің оларға пайда бермейтіндігін көрді, бірақ ол қашан? олар оны кеш көреді, кейін өкінеді, ал барлығы біткен соң, олар бұнысын тағы бастайды. Алла Әззә уә-Жәллә мына дүниеде адамдарға мәлім бір дүниелік орай береді, ал сіз осы орайды кетіріп алмаңыз, Алла ﷻ сіз үшін жақсылықтың, риздықтың қақпасын ашқан еді, яғни Ол сізге жақсы өмір берді, отбасы берді, бұл сізге оңайлықта келе беретін нәрсе емес, ал егер сіз оны кетіріп алсаңыз, ондай тағы бір орай жоқ. Қазір, шүкір-Алла, жетпіске таяп қалдық, ал біздің көргеніміз сол, адамға екінші рет орай өте аз беріледі, демек тағы бір орайдың келе қоюы тым сирек.

Сондықтан біз оны тани білуіміз керек, қадірлеуіміз керек, аялауымыз керек, және оны жоғалтып алмауымыз керек. Егер оны жоғалтып алсақ, оған екінші рет жету өте қиын болады, сол үшін біз сақ болайық, сіз шайтанға алданбауыңыз керек, нәпсіңізге алданып қалмауыңыз керек. Ертерек кезде ел-жұрт, «аз тамақ, аурусыз өмір» деп ұдайы айтушы еді, ал сіз отбасыңызбен жақсы өмір сүріп жатсыз, жақсы күн көрудесіз, сондықтан ашкөз болмаңыз. Белгісіз жерлермен белгісіз сораптарға сүңгіп кетпеңіз, «солай етсем, анаған жетемін, мынаған жетемін» деп ойламаңыз, «ол адам бәлен іс істеп, түгіленге жетіпті, мен де сүйтемін» демеңіз. Иә, сол бір адам жеткен шығар, бірақ мыңдаған адам оған жеткен жоқ, ұтқан жоқ, тек біреуі ғана ұтты, соған жетті. Сондықтан, ондай істерге араласпаңыз, тапқанына қанағат етіп жүргендер сияқты барыңызға қанағатшыл болып жүре беріңіз, Алла ﷻмен бірге болыңыз, ең зор табыс міне осы болмақ.

Біз қазір осында бұны екінші рет айтып тұрмыз, Қажы Әнне анамыз ұдайы, «бақ бір көзді нәрсе, оның назары тік жоғарыда» деуші еді, демек бақ-тәлей сізді жоғары көтереді, биіктете береді, одан соң ол төмен қарайды. Сол кезде ол жақсы болса, жақсы болар, ал жаман болса, ол сізді кенеттен ұрып түсіреді, жақсы нәрсе қалмайды, сондықтан, сақ болыңыз, ашкөз болмаңыз, анау-мынау адамдардың сөзіне сеніп, ақымақ болмаңыз. Себебі осы күннің адамдары, «көп ақша табалық, көп ақша, және де көп ақша» деп жүріп, басқаның барлығын ұмытып кетті, және қолындағы барын беріп қойды, содан соң олар қатты алжасқан күйде қалады, сол үшін сақтаныңыз. Бұл нығыметтер Алла ﷻдың сізге бергендері еді, нығыметтерді Алла ﷻ береді, ал сіз осы нығыметтерді жоғалтып алмаңыз, сақ болыңыз. Әйтпесе, кейін, «осы нығыметтермен не істедің, саған олар сонша көп берілген болатын» деп сұралынасыз, сізден, «онымен не істедің, ол қалайша харамға жұмсалды, оны қалай жоғалыттың, отбасыңмен бала-шағаңның риздығын қайда істеттің» деп сұралады, Алла ﷻ сізді панасына алғай.

Міне бұл осындағы әрбір адам үшін маңызды мәселе, шүкір-Алла, қазір мәлім нәрселер бар, құралдар бар, машиналар, аспаптар бар, технологиялар бар, бірақ адамдар оларды жаман мақсатқа қолданды, барша толып жатқан ластықтармен алдамшылықтар осы нәрселер арқылы іске асырылды. Бірақ шүкір-Алла, мәселен, мына қолдағы нәрсе кішкене болғанымен, ол жақсылыққа істетілсе, жақсы болар, оны бір оятқыш нәрсе етіп алыңыз. Оны әр адам дінни және дінни емес нәрселеріне істетуіне бола береді, мейлі намаз оқитындар болсын, немесе оқымайтындар болсын, осы кеңестерге жақсы құлақ асуы керек. Себебі қазір адамдарда қанағатшылдық кемшіл болып кетті, бұнда қанағат ету, риза болу деген нәрселер қалмады, және берілген нәрселердың, және қолдағы нығыметтердің қадірін білу жоғалды. Алла ﷻ бізді панасына алғай, және бізді тура жолдан бөліп жібермегей, иншалла. Алла ﷻ сіздерге риза болсын.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: دۇنيەلىك كەڭەستەر: بيلىكتەگىلەر ايدان كەلمەدى، ولار سەندەر، ال سەندەر ولارسىڭدار (2025.12.01 / حيجري 1447-جىل 10-جۇمادال ءال-ءتاني)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) ءبىز بۇگىن ەرتەرەك كەلدىك، بۇل ساپارعا ءار جىلى شىعاتىنبىز، ءبىز بۇندا قاجى نەسىليحان حانىم ءۇشىن جينالدىق، جانە مەن وسىنداعى جيىنىمىزعا جينالعانداردىڭ بارلىعىنا ساۋاپ تيۋىنە تىلەكتەسپىن. ءبىز بۇندا اللا ﷻ ءۇشىن جينالدىق، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن، جانە پايعامبارىمىز ﷺنىڭ قۇرمەتى جينالدىق، بىزدە بۇدان باسقا وي جوق، سول ءۇشىن بۇگىن ءبىز ەرتەرەك كەلدىك، باۋىرلاردا دا باسقا ماقسات جوق. ياعني بۇندا اللا ﷻ ريزالىعى ءۇشىن كەلدىك، ماڭىزدى ءىس مىنە وسى، ادامعا شىن پايدا بەرەتىن نارسە دە وسى، دەمەك ءار ىستە اللا ﷻ ءۇشىن دەگەن نيەتىڭىز بولسىن، سوندا ول سىزگە پايدالى بولار، جانە انىق تۇردە ونىڭ ساۋابى سىزبەن بىرگە قالاتىن بولادى. ايتپەسە، ياعني ءبىز بۇندا تەك دۇنيە ءۇشىن جينالساق، وندا جۇرتتىڭ بارلىعى دۇنيە قۋالاۋمەن كەتەر ەدى، جانە اقىرىنا بارعاندا دۇنيە ولاردان قاشاتىن بولادى.

ال تەك پايدانى، دۇنيەلىك جەتىستىكتى ماقسات ەتكەن امالداردىڭ اقىرى جاقسىلىققا اپارمايدى، سەبەبى بۇندايدا ادامنىڭ وزىمشىلدىگى، ناپسىشىلدىگى وزىمەن قالىپ قويادى دا، ول ادامعا، «بارلىعى مەنىكى» دەگىزدىرگىسى كەلەدى. ءبىراق وعان نە بەرسەڭىز دە، ول وعان قاناعاتتانبايدى، مەيلى نە ىستەڭىز، ولار ريزا بولمايدى، سوندىقتان تەك دۇنيەنى ماقسات ەتكەن جيىن-جينالستار ەشبىر پايدا الىپ كەلمەيدى. ءتىپتى ءسىز دۇنيەلىك نارسەلەر ءۇشىن جينالساڭىز دا، نازارىڭىزدى اللا ﷻ ريزالىعىنا بۇرىڭىز، جانە، «بۇل ءبىر دۇنيەلىك جينالىس، ءبىراق ونىڭ ناتيجەسى اللانىڭ ريزالىعى ءۇشىن بولۋى كەرەك، اللا بار تاپقانىمىزدى اللا جولىندا ىستەتۋىمە جاردەم ەتكەي» دەپ ويلاڭىز. ادەتتە، كوپتەگەن ادامدار دۇنيەلىك پايدا ءۇشىن كەلەدى، وزگەلەردى الدايدى، مىنە وسىلاي ادامدار ادامداردى الدايدى، جانە وزدەرى دە الدانادى، كەيبىرى وزگەلەردى الدايدى، سونىمەن بۇكىل دۇنيە وسىلاي ءبىرىن-ءبىرى الداۋمەن وتەدى، ال ءسىز بۇدان ەش پايدا الا المايسىز.

دۇنيەنىڭ ءحالى بارعان سايىن جامان بولىپ بارادى، اسىرەسە وسمانلى كەتكەننەن بەرى قازىرگە دەيىن بۇزىلىپ، ءتىپتى دە سوراقى حالگە وزگەرۋدە. بۇل نە ءۇشىن؟ ول ۇكىمەتتىڭ، بيلىكتىڭ، مەملەكەتتىڭ قاتەلىگىمە؟ جوق، ول جالپى ادامدارعا بايلانىستى نارسە، سەبەبى ادام نەنى ەكسە، سونى ورادى، ال بۇندايدا بيلىك-مەملەكەت ساعان نە ىستەۋى كەرەك؟ سەن ولارعا ۇقسايسىڭ، ال ولار دا ساعان ۇقسايدى. بيلىكتەگىلەر ايدان يا كۇننەن اكەلىنگەن ادامدار ەمەس، دەمەك ءبىز بارلىعىمىز جەردە بىرگە ءومىر ءسۇرىپ جاتقان ادامدارمىز، ءبىز ءبارىمىز وسى دۇنيەدە كۇن وتكىزۋدەمىز، ال وسمانلى يمپەرياسى كەتكەن سوڭ ... سەبەبى وسمانلى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولىندا بولعان، ءبىراق ونىڭ سوڭىنا كەلگەندە ونى قۇرتقىسى كەلگەن ادامدار ونى مۇلدەم قۇرتتى، بۇندا، «وسمانلى كەتكەن سوڭ» دەپ ايتىپ جاتىرمىز، ءبىراق وسمانلىنىڭ سوڭعى كۇندەرى، وسمانلى يمپەرياسى ماناعى بۇزىقتاردىڭ قولىنا ءتۇستى. ودان سوڭ ولار بارلىعىن كۇن وتكەن سايىن ونان ارمان سوراقى ەتىپ جىبەردى، نەگە؟ سەبەبى بۇل ادامداردا اللا ﷻدان قورقۋ دەگەن نارسە بولمادى، ار-ۇيات بولمادى، ولار تىم ادەپسىز، تىم ارسىز ەدى، ولاردا بۇنداي ەشتەڭە جوق.

سوندا بۇل ادامدار ءسىرا قانداي بولماق؟ بىلگىن، ادامنىڭ قۇنى ونىڭ ادامدىعىندا بولادى، ال ادامدىق دەگەنىمىز نە؟ ول ار-ۇيات، جاماندىق ىستەمەۋ، وزگەلەرگە زالال اكەلمەۋ-ءدۇر، ادامداردىڭ ءحالى وسىنداي بولۋى ءتيىس، ال ادامدىقتان جۇرداي بولۋ ونىڭ كەرىسى-ءدۇر. ونداي ادامداردا ار-ۇيات بولمايدى، ادەپ بولمايدى، ولار ءارقانداي جاماندىقتى ىستەي الادى، ولار ادام ەمەس، حايۋان بولىپ كەتەدى، ال ءقازىر ءبىز ءدال سونداي ادامداردىڭ داۋرەندەگەن كەزىندە ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز. سوندىقتان دا، «ەگەر مەن جاقسى بولسام دا، باسقالار نەگە جاقسى ەمەس، ەندى قايتتىك» دەگەندەي جاعداي بولۋدا، ال ەڭ جاقسىسىن اللا ﷻ بىلەدى، اللا ﷻ بار، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا باستان اقىر بىرگە كەلە جاتىر، جوعالىپ كەتكەن ەشتەڭە جوق. ءتىپتى مىسقالداي نارسە دە جوعالماس، ول ءجايلى، «فَمَن يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ خَيْرًا يَرَهُۥ وَمَن يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ شَرًّا يَرَهُۥ» ياعني «سوندىقتان كىم مىسقالداي جاقسىلىق ىستەسە، ونى كورەر، ال مىسقالداي جاماندىق ىستەسە دە، ونى كورەر» دەلىنەر، (قۇران 99ءىنشى سۇرە 7-8ءىنشى ايات).

دەمەك نە ىستەدىڭىز، ءتىپتى ىستەگەنىڭىز توزاڭداي كىشى بولسا دا، جاماندىقپەن جاقسىلىق ەشقاشان ۇمىتىلىپ قالمايدى، ال كەشىرىم سۇراساڭىز، وكىنە تاۋبە ەتسەڭىز، عاپۋ وتىنسەڭىز، اللا ﷻ جاماندىقتى كەشىرەدى، ال جاقسىلىعىڭىز ءۇشىن ول سىزگە ساۋاپ بەرەتىن بولادى. كىم جاقسى امال ىستەسە، اللا ﷻ وعان ون ەسەلەپ ساۋاپ بەرەدى، ياعني اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ىستەگەن يگىلىگىڭىز ءۇشىن ون ەسەدەن مىڭ ەسەگە دەيىن ساۋاپ بەرەدى، ءبىراق ىستەگەن ءبىر جاماندىعىڭىز ءۇشىن ءبىر جامان امال جازادى. اللا ﷻ ەشكىمگە زۇلىمدىق قىلمايدى، سەبەبى قاراڭىز، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءبىر جاقسىلىققا ون ەسە ساۋاپ بەرسە، ال ءبىر جاماندىققا ون كۇنا جازبايدى ەمەسپە، جاعداي وسىلاي. دەمەك ءبىر كۇنا ىستەسەڭىز، ءبىر كۇنا جازار، ال ءسىز جاقسىلىق ىستەگەن كەزدە وعان ون ەسەلەپ ساۋاپ جازىلار، ءتىپتى مىڭ ەسە، ونمىڭ ەسە ساۋاپ جازادى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قاقپاسى تىم ايقارا اشىق تۇر.

سول ءۇشىن ءبىز ءارقانداي ءىس ىستەگەن كەزدە ونى اللا ﷻ ءۇشىن ىستەلىك، ال، «مىنا ادام بالەن جاماندىق ىستەدى، انا ادام تۇگىلەن جاماندىق ىستەدى، مەن دە سونى ىستەگىم كەلەدى، اناعان قاراشى، ول جەڭىپ الىپتى» دەپ، ءسىز دە سونداي بىردەڭە ىستەرسىز. جانە ءسىز دە ءبىر رەت، ەكى رەت، ءتىپتى مىڭ رەت جەڭىپ الارسىز، ءسىز ءالى قولعا تۇسپەدىڭىز، ءبىراق ءسىز اقيرەتتە ۇستالاسىز، ونىسىزدا ىستەپ جۇرگەندەرىڭىزدىڭ بۇل دۇنيەدە پايداسى جوق، بۇندا ۇستالماعانىڭىزعا قۋانباڭىز. «مەن ۇتتىم» دەپ ويلاماڭىز، ونىڭ كەسىرى وسىندا دا، اقيرەتتە دە باسڭىزعا تۇسەتىن بولادى، راسىندا، بۇنداي ادام ەش تىنىشتىق تاپپايدى، ەش راحات سەزىنە المايدى، ەش ءجايلى بولا الماس. سوندىقتان ايتىپ وتكەنىمىزدەي، بارلىق ءىسىمىزدى اللا ﷻ ءۇشىن ىستەلىك، جانە ونى اللا ﷻدىڭ قالاعانىنداي ەتەلىك، ءبىز ونىڭ جولىنان اداسىپ كەتپەلىك، ونىڭ جولى تۋرا جول، ال ءبىزدىڭ باسقا بارار ەش جەرىمىز جوق، باسقا جولىمىز دا جوق.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولى قۇتىلىستىڭ جولى، ال باسقا ءارقانداي جولدار قۇردىمعا كەتۋدىڭ سوراپتارى بولماق، ادام قۇرىسا، وندا ەش پايدا جوق، ول ادام ءۇشىن قاشار جول جوق. ماسەلەن، ءسىز مىنا دۇنيەدە الدامشىلىقپەن، ۇرلىقپەن شۇعىلدانىڭىز، جانە باسقا ۇقساماعان ەلدەرگە، باسقا قالالارعا، باسقا الىس جاقتارعا كەتىپ قالدىڭىز دەلىك، جانە ءسىز، «ونداعى ادامدار مەنى كورمەس» دەپ ويلارسىز. دەمەك ءسىز مىنا دۇنيەدە قاشىپ قۇتىلدىڭىز دەلىك، الايدا اقيرەتتە بۇنداي ءىس بولمايدى، ول جەردە ەشقايدا قاشا المايسىز، وندا پانا بولار جەر جوق، بۇندا ءسىز تەك قانا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ كەشىرىمىنەن پانا تابا الاسىز. دەمەك، ەگەر ءسىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ راحىم-مەيىرىمىنەن پانا ىزدەسەڭىز، جانە تۋرا جولعا قايتساڭىز، اللا ﷻ ءسىزدى كەشىرەتىن بولادى، جانە ءسىزدى قورعايدى.

سول ءۇشىن دە مىنا دۇنيەنىڭ ەڭ سوراقى جەرى وسى بولماق، ياعني ايتىپ وتكەنىمىزدەي، بىرەۋلەر تاعى بىرەۋلەردى كورەدى دە، ولاردىڭ ىستەرىن كادىمگى ءبىر جەتىستىك ساناپ، «مەن سولارداي بولۋعا تىرىسامىن» دەيدى. ال كوپتەگەن ادامدار وسىنداي جولمەن وزدەرىن قۇرتىپ الدى، جانە ولار مىنا دۇنيەنىڭ ولارعا پايدا بەرمەيتىندىگىن كوردى، ءبىراق ول قاشان؟ ولار ونى كەش كورەدى، كەيىن وكىنەدى، ال بارلىعى بىتكەن سوڭ، ولار بۇنىسىن تاعى باستايدى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا مىنا دۇنيەدە ادامدارعا ءمالىم ءبىر دۇنيەلىك وراي بەرەدى، ال ءسىز وسى ورايدى كەتىرىپ الماڭىز، اللا ﷻ ءسىز ءۇشىن جاقسىلىقتىڭ، ريزدىقتىڭ قاقپاسىن اشقان ەدى، ياعني ول سىزگە جاقسى ءومىر بەردى، وتباسى بەردى، بۇل سىزگە وڭايلىقتا كەلە بەرەتىن نارسە ەمەس، ال ەگەر ءسىز ونى كەتىرىپ الساڭىز، ونداي تاعى ءبىر وراي جوق. ءقازىر، شۇكىر-اللا، جەتپىسكە تاياپ قالدىق، ال ءبىزدىڭ كورگەنىمىز سول، ادامعا ەكىنشى رەت وراي وتە از بەرىلەدى، دەمەك تاعى ءبىر ورايدىڭ كەلە قويۋى تىم سيرەك.

سوندىقتان ءبىز ونى تاني ءبىلۋىمىز كەرەك، قادىرلەۋىمىز كەرەك، ايالاۋىمىز كەرەك، جانە ونى جوعالتىپ الماۋىمىز كەرەك. ەگەر ونى جوعالتىپ الساق، وعان ەكىنشى رەت جەتۋ وتە قيىن بولادى، سول ءۇشىن ءبىز ساق بولايىق، ءسىز شايتانعا الدانباۋىڭىز كەرەك، ناپسىڭىزگە الدانىپ قالماۋىڭىز كەرەك. ەرتەرەك كەزدە ەل-جۇرت، «از تاماق، اۋرۋسىز ءومىر» دەپ ۇدايى ايتۋشى ەدى، ال ءسىز وتباسىڭىزبەن جاقسى ءومىر ءسۇرىپ جاتسىز، جاقسى كۇن كورۋدەسىز، سوندىقتان اشكوز بولماڭىز. بەلگىسىز جەرلەرمەن بەلگىسىز سوراپتارعا سۇڭگىپ كەتپەڭىز، «سولاي ەتسەم، اناعان جەتەمىن، مىناعان جەتەمىن» دەپ ويلاماڭىز، «ول ادام بالەن ءىس ىستەپ، تۇگىلەنگە جەتىپتى، مەن دە سۇيتەمىن» دەمەڭىز. ءيا، سول ءبىر ادام جەتكەن شىعار، ءبىراق مىڭداعان ادام وعان جەتكەن جوق، ۇتقان جوق، تەك بىرەۋى عانا ۇتتى، سوعان جەتتى. سوندىقتان، ونداي ىستەرگە ارالاسپاڭىز، تاپقانىنا قاناعات ەتىپ جۇرگەندەر سياقتى بارىڭىزعا قاناعاتشىل بولىپ جۇرە بەرىڭىز، اللا ﷻمەن بىرگە بولىڭىز، ەڭ زور تابىس مىنە وسى بولماق.

ءبىز ءقازىر وسىندا بۇنى ەكىنشى رەت ايتىپ تۇرمىز، قاجى اننە انامىز ۇدايى، «باق ءبىر كوزدى نارسە، ونىڭ نازارى تىك جوعارىدا» دەۋشى ەدى، دەمەك باق-تالەي ءسىزدى جوعارى كوتەرەدى، بيىكتەتە بەرەدى، ودان سوڭ ول تومەن قارايدى. سول كەزدە ول جاقسى بولسا، جاقسى بولار، ال جامان بولسا، ول ءسىزدى كەنەتتەن ۇرىپ تۇسىرەدى، جاقسى نارسە قالمايدى، سوندىقتان، ساق بولىڭىز، اشكوز بولماڭىز، اناۋ-مىناۋ ادامداردىڭ سوزىنە سەنىپ، اقىماق بولماڭىز. سەبەبى وسى كۇننىڭ ادامدارى، «كوپ اقشا تابالىق، كوپ اقشا، جانە دە كوپ اقشا» دەپ ءجۇرىپ، باسقانىڭ بارلىعىن ۇمىتىپ كەتتى، جانە قولىنداعى بارىن بەرىپ قويدى، سودان سوڭ ولار قاتتى الجاسقان كۇيدە قالادى، سول ءۇشىن ساقتانىڭىز. بۇل نىعىمەتتەر اللا ﷻدىڭ سىزگە بەرگەندەرى ەدى، نىعىمەتتەردى اللا ﷻ بەرەدى، ال ءسىز وسى نىعىمەتتەردى جوعالتىپ الماڭىز، ساق بولىڭىز. ايتپەسە، كەيىن، «وسى نىعىمەتتەرمەن نە ىستەدىڭ، ساعان ولار سونشا كوپ بەرىلگەن بولاتىن» دەپ سۇرالىناسىز، سىزدەن، «ونىمەن نە ىستەدىڭ، ول قالايشا حارامعا جۇمسالدى، ونى قالاي جوعالىتتىڭ، وتباسىڭمەن بالا-شاعاڭنىڭ ريزدىعىن قايدا ىستەتتىڭ» دەپ سۇرالادى، اللا ﷻ ءسىزدى پاناسىنا العاي.

مىنە بۇل وسىنداعى ءاربىر ادام ءۇشىن ماڭىزدى ماسەلە، شۇكىر-اللا، ءقازىر ءمالىم نارسەلەر بار، قۇرالدار بار، ماشينالار، اسپاپتار بار، تەحنولوگيالار بار، ءبىراق ادامدار ولاردى جامان ماقساتقا قولداندى، بارشا تولىپ جاتقان لاستىقتارمەن الدامشىلىقتار وسى نارسەلەر ارقىلى ىسكە اسىرىلدى. ءبىراق شۇكىر-اللا، ماسەلەن، مىنا قولداعى نارسە كىشكەنە بولعانىمەن، ول جاقسىلىققا ىستەتىلسە، جاقسى بولار، ونى ءبىر وياتقىش نارسە ەتىپ الىڭىز. ونى ءار ادام ءدىنني جانە ءدىنني ەمەس نارسەلەرىنە ىستەتۋىنە بولا بەرەدى، مەيلى ناماز وقيتىندار بولسىن، نەمەسە وقىمايتىندار بولسىن، وسى كەڭەستەرگە جاقسى قۇلاق اسۋى كەرەك. سەبەبى ءقازىر ادامداردا قاناعاتشىلدىق كەمشىل بولىپ كەتتى، بۇندا قاناعات ەتۋ، ريزا بولۋ دەگەن نارسەلەر قالمادى، جانە بەرىلگەن نارسەلەردىڭ، جانە قولداعى نىعىمەتتەردىڭ ءقادىرىن ءبىلۋ جوعالدى. اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، جانە ءبىزدى تۋرا جولدان ءبولىپ جىبەرمەگەي، ينشاللا. اللا ﷻ سىزدەرگە ريزا بولسىن.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8598