https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=9004
АС ТӨРЕСІ - ЕТ, ЕТ ЖЕМЕСЕҢ, ТОЛЫҚ МҰСЫЛМАН ЕМЕССІҢ
Ет исламда астың төресіне, құнарлысына жатады. Етке ертеде көптің қолы бірдей жете бермеген, ертеде мұсылмандар арасында, байлар етті аптасына жұма күні жесе, кедейлер оны айт сияқты той мерекелерде ғана жей алған. Ал қазір еттің молдығы соншалық күнніне үш уақ ет жейтіндер бар, Алла қалауында қазір соған мүмкіндік берілді. Ертеде тәтті-тұрымдар да сирек болып, қолы жеткендер ай аралап тұтынатын, ол бай-манаптарда болған, кедейлерде болмаған, сирек болған. Ал қазір тәтті нәрселердің өте көп болғаны соншалық, адамдар оны күнде тұтынып, ауру болды, семіздік жәйлады, сан түрлі кеселдер пайда болды. Алланың ертеде тәттіні және асты тым аз я жетерлік қана етуінің хикіметі бар еді, себебі, тәтті көп болса, адамдар оны көп тұтынып, қазіргі сияқты шетінен ауру және семіз болар еді. Бірақ, Алла оны осы ақырзаманда көп етті, және ол адамдарға игілік емес, керісінше жаза болып тиді. Ол неше жүз түрлі аты белгісіз ауруларды пайда етті, қаншама адамдар соның зардабын тартуда. Ал етке оралсақ, ет исламда жемесе де болмайтын, және тым жиы жесе де болмайтын асқа жатады. Себебі, исламда, 'үздіксіз 40 күн ет жемеген адамның мінезі бұзылар, ал үзбей 40 күн ет жеген адамның жүрегі қатаяр' делінген. Сондықтан, етті жемей қою да, я жиы жей беру де дұрыс емес. Және бұнда, 'ет жемей тұрып, толық мұсылман емессің, пайғамбарымыз ет жеген' делінер. Етті жеу керек, ол астың сарасы, бірақ тым жиы жемеу керек. Ертеде ғұламалар шәкірттеріне аптасына 2-3 рет қана ет жеу шартын қояды екен. Себебі, етті күнде жеу жүректі қатайтады, бойға хайуани жабайы қасиеттерді, тағылықты, мейірімсіздікті, тұрпайылықпен дөрекілікті пайда етеді. Сондықтан, етті аптасына 2-3 я 4 реттен көп жемеген абзал. Мәселен, халифа сахаба хазірет Омар мұсылмандар арасында етті көп жеуге, күнде жеуге тиым салған. Ол, 'етте де арақтың құмарлығы сияқты құмарлық бар, одан сақтан' дейді. Демек, етті тым жиы жей беруге де болмайды. Ал еттің ішінде жақсысы қойдың еті, ешкі еті де жақсы, ол денеге қуат береді. Ал жылқының етімен майында сүйекті жұмсартып жібіту ролы бар, демек, ол сүйекті әлсіретеді. Одан соң сыйыр еті келер. Ал ет жегенде оның қарасымен ағын яғни етімен майын бірге жейді, сонда пайдалы болар, тек қара кесек етін жесе денеге жақсы емес. Етте адам денесіне керекті толық белоктармен витаминдар түгел болып, денені қуаттандырады. Ет жемейтін адам әлсіз болады, бұнда етпен сүтті бірге тұтынса, тіпті қуатты болады. Мәселен, ертеде рум патшалары халықты әлсіз ұстау үшін оларға етті мүлдем жегізбей, нан ғана жегізіп, ал өз әскерлеріне етті мол берген екен. Олар ет жеп өскен халықтың дене қуаты мықты болады, олар бізге қарсы шықса, әскерлерімізді жеңіп кетер деп сенген. Ал ет жеп өскен көшпенділердің технология келгенше ат үстінде дүниені дүркіретуінде еттің де ролы зор болған. Жинақтай келгенде, етті күнде жей бермеңіз, және ұзақ уақыт жемей қоюдан да сақтаныңыз.
اس تورەسى - ەت، ەت جەمەسەڭ، تولىق مۇسىلمان ەمەسسىڭ
ەت يسلامدا استىڭ تورەسىنە، قۇنارلىسىنا جاتادى. ەتكە ەرتەدە كوپتىڭ قولى بىردەي جەتە بەرمەگەن، ەرتەدە مۇسىلماندار اراسىندا، بايلار ەتتى اپتاسىنا جۇما كۇنى جەسە، كەدەيلەر ونى ايت سياقتى توي مەرەكەلەردە عانا جەي العان. ال ءقازىر ەتتىڭ مولدىعى سونشالىق كۇننىنە ءۇش ۋاق ەت جەيتىندەر بار، اللا قالاۋىندا ءقازىر سوعان مۇمكىندىك بەرىلدى. ەرتەدە ءتاتتى-تۇرىمدار دا سيرەك بولىپ، قولى جەتكەندەر اي ارالاپ تۇتىناتىن، ول باي-ماناپتاردا بولعان، كەدەيلەردە بولماعان، سيرەك بولعان. ال ءقازىر ءتاتتى نارسەلەردىڭ وتە كوپ بولعانى سونشالىق، ادامدار ونى كۇندە تۇتىنىپ، اۋرۋ بولدى، سەمىزدىك ءجايلادى، سان ءتۇرلى كەسەلدەر پايدا بولدى. اللانىڭ ەرتەدە ءتاتتىنى جانە استى تىم از يا جەتەرلىك قانا ەتۋىنىڭ حيكىمەتى بار ەدى، سەبەبى، ءتاتتى كوپ بولسا، ادامدار ونى كوپ تۇتىنىپ، قازىرگى سياقتى شەتىنەن اۋرۋ جانە سەمىز بولار ەدى. ءبىراق، اللا ونى وسى اقىرزاماندا كوپ ەتتى، جانە ول ادامدارعا يگىلىك ەمەس، كەرىسىنشە جازا بولىپ ءتيدى. ول نەشە ءجۇز ءتۇرلى اتى بەلگىسىز اۋرۋلاردى پايدا ەتتى، قانشاما ادامدار سونىڭ زاردابىن تارتۋدا. ال ەتكە ورالساق، ەت يسلامدا جەمەسە دە بولمايتىن، جانە تىم جيى جەسە دە بولمايتىن اسقا جاتادى. سەبەبى، يسلامدا، 'ۇزدىكسىز 40 كۇن ەت جەمەگەن ادامنىڭ مىنەزى بۇزىلار، ال ۇزبەي 40 كۇن ەت جەگەن ادامنىڭ جۇرەگى قاتايار' دەلىنگەن. سوندىقتان، ەتتى جەمەي قويۋ دا، يا جيى جەي بەرۋ دە دۇرىس ەمەس. جانە بۇندا، 'ەت جەمەي تۇرىپ، تولىق مۇسىلمان ەمەسسىڭ، پايعامبارىمىز ەت جەگەن' دەلىنەر. ەتتى جەۋ كەرەك، ول استىڭ ساراسى، ءبىراق تىم جيى جەمەۋ كەرەك. ەرتەدە عۇلامالار شاكىرتتەرىنە اپتاسىنا 2-3 رەت قانا ەت جەۋ شارتىن قويادى ەكەن. سەبەبى، ەتتى كۇندە جەۋ جۇرەكتى قاتايتادى، بويعا حايۋاني جابايى قاسيەتتەردى، تاعىلىقتى، مەيىرىمسىزدىكتى، تۇرپايىلىقپەن دورەكىلىكتى پايدا ەتەدى. سوندىقتان، ەتتى اپتاسىنا 2-3 يا 4 رەتتەن كوپ جەمەگەن ابزال. ماسەلەن، حاليفا ساحابا حازىرەت ومار مۇسىلماندار اراسىندا ەتتى كوپ جەۋگە، كۇندە جەۋگە تيىم سالعان. ول، 'ەتتە دە اراقتىڭ قۇمارلىعى سياقتى قۇمارلىق بار، ودان ساقتان' دەيدى. دەمەك، ەتتى تىم جيى جەي بەرۋگە دە بولمايدى. ال ەتتىڭ ىشىندە جاقسىسى قويدىڭ ەتى، ەشكى ەتى دە جاقسى، ول دەنەگە قۋات بەرەدى. ال جىلقىنىڭ ەتىمەن مايىندا سۇيەكتى جۇمسارتىپ ءجىبىتۋ رولى بار، دەمەك، ول سۇيەكتى السىرەتەدى. ودان سوڭ سىيىر ەتى كەلەر. ال ەت جەگەندە ونىڭ قاراسىمەن اعىن ياعني ەتىمەن مايىن بىرگە جەيدى، سوندا پايدالى بولار، تەك قارا كەسەك ەتىن جەسە دەنەگە جاقسى ەمەس. ەتتە ادام دەنەسىنە كەرەكتى تولىق بەلوكتارمەن ۆيتاميندار تۇگەل بولىپ، دەنەنى قۋاتتاندىرادى. ەت جەمەيتىن ادام ءالسىز بولادى، بۇندا ەتپەن ءسۇتتى بىرگە تۇتىنسا، ءتىپتى قۋاتتى بولادى. ماسەلەن، ەرتەدە رۋم پاتشالارى حالىقتى ءالسىز ۇستاۋ ءۇشىن ولارعا ەتتى مۇلدەم جەگىزبەي، نان عانا جەگىزىپ، ال ءوز اسكەرلەرىنە ەتتى مول بەرگەن ەكەن. ولار ەت جەپ وسكەن حالىقتىڭ دەنە قۋاتى مىقتى بولادى، ولار بىزگە قارسى شىقسا، اسكەرلەرىمىزدى جەڭىپ كەتەر دەپ سەنگەن. ال ەت جەپ وسكەن كوشپەندىلەردىڭ تەحنولوگيا كەلگەنشە ات ۇستىندە دۇنيەنى دۇركىرەتۋىندە ەتتىڭ دە رولى زور بولعان. جيناقتاي كەلگەندە، ەتتى كۇندە جەي بەرمەڭىز، جانە ۇزاق ۋاقىت جەمەي قويۋدان دا ساقتانىڭىز.
#қазақ #салауат #әулие #ислам #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=9004