https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8997
Сұхбат: Аллаға ақша я риздық үшін емес, Алла үшін құлшылық қыл (2026.11.14 / Хижри 1448-жыл 04-Жұмада Әл-Ақира)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Lefke, Cyprus, 2026) Бәни исрайылға қатысты бір аят бар, бірақ ол барлық адамдарға да арналған. Ондағы «сабт» мағынасы сенбі күні дегенді білдіреді, бейне бізге жұма күні қасиетті күн болғандай, сенбі күні олардың қасиетті күні еді. Осы күнде оларға балық аулау, балық ұстау харам етілген, бұл шектеу осы күнге дейін әлі бар. Олардың ішіндегі дініне берілгендер сенбі күні әрқандай жұмыс істеуден немесе қимылдан өздерін шектейді. Алла ﷻдың хикіметінде олардың қалалары теңіз жағасында болып, олар балық аулауға сүйеніп күн көретін, балық ұстап жейтін, оны сататын, және саудалайтын. Ал құран әзиму-шән аптаның басқа күндерінде теңізде балық болмай, бірақ сенбі болғанда балықтардың теңізде тым көп болып кететіндігін айтады. Не үшін бұлай болды?
«بِمَا كَانُوا يَفْسُقُونَ», «бимакану яфсуқун», яғни, «олар қарсы келіп бағынбағандықтан» деп, құранда айтылғандай, олар күнә істейтін, және пасық келген адамдар еді. Ал нәтижесінде бір жаза ретінде Алла ﷻ басқа күндері оларға аз ғана балық қалдырып, бірақ сенбі күні болғанда балықтарды тым көп етіп қоятын еді. Міне бұл біздің осы кез үшін де бір сабақ, пайғамбарымыз ﷺ мынаны үйретер, демек, бұл дүниені қанша қусаң да, оны ешқашан ұстай алмайсың, мейлі қанша жүгір, ол бәрібір жеткізбейді, мүлдем ұстатпайды. Егер Алла ﷻ қаласа, Ол оны сізге нәсіп етер еді, көптеген адамдар, «мен қатты жұмыс істедім, бірақ маған ештеңе келмейді, ол бола бергенде, болмай қалады, не үшін олай» деп ренжіп жатады.
Мүмкін ол сіздің риздық емес шығар, я сізде Аллаға тәуекел жоқ шығар, осы кезде, осы күнде ешкім Алла ﷻға тәуекел етпес. Пайғамбарымыз ﷺ, «егер Аллаға сүйенсең, және жолыңды жалғастырсаң, мына дүние саған өзі ерер» дейді, демек риздығыңыз сізге сөзсіз келеді. Алла Әззә уә-Жәллә әр адамға өзіндік риздық белгілеген, ал шын иманы барлар бұны біледі, сондықтан, олар тым алаңдап кетпейді, «мен қалай өмір сүрем, не істесем болар» демейді. Алла ﷻ риздығыңызды әлдеқашан бөліп қойған, сіз қайда болсаңыз да, ол сізге келеді, еш алаңдамаңыз. Жұмысыңызды жақсы істей беріңіз, бірақ сеніміңізді Аллаға тапсырыңыз, егер ол сіздің риздық болса, Алла ﷻ оны сізге сөзсіз жіберетін болады. Ал олай болмаса, мейлі сіз қанша құлшынсаңыз да, ол сізге келмес, себебі ол сонау баста сізге тән емес еді.
Көптеген адамдар келіп, «мен оны істедім, мен бұны істедім» дейді, бірақ жұрттың барлығы сіз сияқты болса, ешкімге еш риздық қалмас еді, сізге де риздық қалмас еді. Алла ﷻдың хикіметі міне осындай. Құран әзиму-шәндағы манағы аяттың мағынасы тек бәни исрайылға ғана арналмаған, ол барлық адамға үйлеседі. Сондықтан, сеніміңізді Аллаға тапсырып, иманыңызды күшейтіңіз, Оған мойынұсынуда тұрақты болыңыз, Аллаға ақша үшін емес, бірақ ол Оның әмірі болғандықтан құлшылық етіңіз. Риздық дегеніміз тек Алла өзі ғана беретін сондай нәрсе, риздық үшін риздыққа құлшылық етпе, Аллаға құлшылық ет. Ол Алла Әззә уә-Жәллә Әр-Разақ, яғни, ол сізге сіздің риздықтарыңды нәсіп етуші-дүр, сеніміңді Оған тапсыр.
Адамның риздығы Алла ﷻдың рұхсатында келеді, ол сені іздейді, сені табады, ол сені тастап кетпейді, бірақ біз қазіргі кездегі адамдардың оны қуалап жүргенін көріп жүрміз. Олардың оны қуғаны соншалық, «мен бұны алуым керек, оны алуым керек, мен оны он есе көп алуым керек» дейді. Ал соңында он түгілі, қолында бар біреуінен де айырылып қалады, ештеңесі қалмайды, мүлдем құралақан қалады. Ал адам баласына Алланың сыйлаған ең ұлық нығыметі, ең ұлық риздығы иман-дүр. Демек, кім иманға ие болса, оның ештеңеге алаңдарлық себебі жоқ, олар ештеңеден қорықпайды. Себебі, иманның маңызы сол, ол Аллаға сену, Оған сенімде болу, және адамның Оған мүлдем толықтай тәуекел етуі. Алла ﷻ барлығымызға шын иманды нәсіп еткей, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: اللاعا اقشا يا ريزدىق ءۇشىن ەمەس، اللا ءۇشىن قۇلشىلىق قىل (2026.11.14 / حيجري 1448-جىل 04-جۇمادا ءال-اقيرا)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Lefke، Cyprus، 2026) ءباني يسرايىلعا قاتىستى ءبىر ايات بار، ءبىراق ول بارلىق ادامدارعا دا ارنالعان. ونداعى «سابت» ماعىناسى سەنبى كۇنى دەگەندى بىلدىرەدى، بەينە بىزگە جۇما كۇنى قاسيەتتى كۇن بولعانداي، سەنبى كۇنى ولاردىڭ قاسيەتتى كۇنى ەدى. وسى كۇندە ولارعا بالىق اۋلاۋ، بالىق ۇستاۋ حارام ەتىلگەن، بۇل شەكتەۋ وسى كۇنگە دەيىن ءالى بار. ولاردىڭ ىشىندەگى دىنىنە بەرىلگەندەر سەنبى كۇنى ءارقانداي جۇمىس ىستەۋدەن نەمەسە قيمىلدان وزدەرىن شەكتەيدى. اللا ﷻدىڭ حيكىمەتىندە ولاردىڭ قالالارى تەڭىز جاعاسىندا بولىپ، ولار بالىق اۋلاۋعا سۇيەنىپ كۇن كورەتىن، بالىق ۇستاپ جەيتىن، ونى ساتاتىن، جانە ساۋدالايتىن. ال قۇران ءازيمۋ-ءشان اپتانىڭ باسقا كۇندەرىندە تەڭىزدە بالىق بولماي، ءبىراق سەنبى بولعاندا بالىقتاردىڭ تەڭىزدە تىم كوپ بولىپ كەتەتىندىگىن ايتادى. نە ءۇشىن بۇلاي بولدى؟
«بِمَا كَانُوا يَفْسُقُونَ»، «بيماكانۋ يافسۋقۋن»، ياعني، «ولار قارسى كەلىپ باعىنباعاندىقتان» دەپ، قۇراندا ايتىلعانداي، ولار كۇنا ىستەيتىن، جانە پاسىق كەلگەن ادامدار ەدى. ال ناتيجەسىندە ءبىر جازا رەتىندە اللا ﷻ باسقا كۇندەرى ولارعا از عانا بالىق قالدىرىپ، ءبىراق سەنبى كۇنى بولعاندا بالىقتاردى تىم كوپ ەتىپ قوياتىن ەدى. مىنە بۇل ءبىزدىڭ وسى كەز ءۇشىن دە ءبىر ساباق، پايعامبارىمىز ﷺ مىنانى ۇيرەتەر، دەمەك، بۇل دۇنيەنى قانشا قۋساڭ دا، ونى ەشقاشان ۇستاي المايسىڭ، مەيلى قانشا جۇگىر، ول ءبارىبىر جەتكىزبەيدى، مۇلدەم ۇستاتپايدى. ەگەر اللا ﷻ قالاسا، ول ونى سىزگە ءناسىپ ەتەر ەدى، كوپتەگەن ادامدار، «مەن قاتتى جۇمىس ىستەدىم، ءبىراق ماعان ەشتەڭە كەلمەيدى، ول بولا بەرگەندە، بولماي قالادى، نە ءۇشىن ولاي» دەپ رەنجىپ جاتادى.
مۇمكىن ول ءسىزدىڭ ريزدىق ەمەس شىعار، يا سىزدە اللاعا تاۋەكەل جوق شىعار، وسى كەزدە، وسى كۇندە ەشكىم اللا ﷻعا تاۋەكەل ەتپەس. پايعامبارىمىز ﷺ، «ەگەر اللاعا سۇيەنسەڭ، جانە جولىڭدى جالعاستىرساڭ، مىنا دۇنيە ساعان ءوزى ەرەر» دەيدى، دەمەك ريزدىعىڭىز سىزگە ءسوزسىز كەلەدى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءار ادامعا وزىندىك ريزدىق بەلگىلەگەن، ال شىن يمانى بارلار بۇنى بىلەدى، سوندىقتان، ولار تىم الاڭداپ كەتپەيدى، «مەن قالاي ءومىر سۇرەم، نە ىستەسەم بولار» دەمەيدى. اللا ﷻ ريزدىعىڭىزدى الدەقاشان ءبولىپ قويعان، ءسىز قايدا بولساڭىز دا، ول سىزگە كەلەدى، ەش الاڭداماڭىز. جۇمىسىڭىزدى جاقسى ىستەي بەرىڭىز، ءبىراق سەنىمىڭىزدى اللاعا تاپسىرىڭىز، ەگەر ول ءسىزدىڭ ريزدىق بولسا، اللا ﷻ ونى سىزگە ءسوزسىز جىبەرەتىن بولادى. ال ولاي بولماسا، مەيلى ءسىز قانشا قۇلشىنساڭىز دا، ول سىزگە كەلمەس، سەبەبى ول سوناۋ باستا سىزگە ءتان ەمەس ەدى.
كوپتەگەن ادامدار كەلىپ، «مەن ونى ىستەدىم، مەن بۇنى ىستەدىم» دەيدى، ءبىراق جۇرتتىڭ بارلىعى ءسىز سياقتى بولسا، ەشكىمگە ەش ريزدىق قالماس ەدى، سىزگە دە ريزدىق قالماس ەدى. اللا ﷻدىڭ حيكىمەتى مىنە وسىنداي. قۇران ءازيمۋ-ءشانداعى ماناعى اياتتىڭ ماعىناسى تەك ءباني يسرايىلعا عانا ارنالماعان، ول بارلىق ادامعا ۇيلەسەدى. سوندىقتان، سەنىمىڭىزدى اللاعا تاپسىرىپ، يمانىڭىزدى كۇشەيتىڭىز، وعان مويىنۇسىنۋدا تۇراقتى بولىڭىز، اللاعا اقشا ءۇشىن ەمەس، ءبىراق ول ونىڭ ءامىرى بولعاندىقتان قۇلشىلىق ەتىڭىز. ريزدىق دەگەنىمىز تەك اللا ءوزى عانا بەرەتىن سونداي نارسە، ريزدىق ءۇشىن ريزدىققا قۇلشىلىق ەتپە، اللاعا قۇلشىلىق ەت. ول اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءار-رازاق، ياعني، ول سىزگە ءسىزدىڭ ريزدىقتارىڭدى ءناسىپ ەتۋشى-ءدۇر، سەنىمىڭدى وعان تاپسىر.
ادامنىڭ ريزدىعى اللا ﷻدىڭ رۇحساتىندا كەلەدى، ول سەنى ىزدەيدى، سەنى تابادى، ول سەنى تاستاپ كەتپەيدى، ءبىراق ءبىز قازىرگى كەزدەگى ادامداردىڭ ونى قۋالاپ جۇرگەنىن كورىپ ءجۇرمىز. ولاردىڭ ونى قۋعانى سونشالىق، «مەن بۇنى الۋىم كەرەك، ونى الۋىم كەرەك، مەن ونى ون ەسە كوپ الۋىم كەرەك» دەيدى. ال سوڭىندا ون تۇگىلى، قولىندا بار بىرەۋىنەن دە ايىرىلىپ قالادى، ەشتەڭەسى قالمايدى، مۇلدەم قۇرالاقان قالادى. ال ادام بالاسىنا اللانىڭ سىيلاعان ەڭ ۇلىق نىعىمەتى، ەڭ ۇلىق ريزدىعى يمان-ءدۇر. دەمەك، كىم يمانعا يە بولسا، ونىڭ ەشتەڭەگە الاڭدارلىق سەبەبى جوق، ولار ەشتەڭەدەن قورىقپايدى. سەبەبى، يماننىڭ ماڭىزى سول، ول اللاعا سەنۋ، وعان سەنىمدە بولۋ، جانە ادامنىڭ وعان مۇلدەم تولىقتاي تاۋەكەل ەتۋى. اللا ﷻ بارلىعىمىزعا شىن يماندى ءناسىپ ەتكەي، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8997