https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8982
Сұхбат: жасыңда үйренгенің тасқа жазғандай, кәріңде үйренгенің суға сүйкегендей (2026.10.26 / Хижри 1448-жыл 15-Жұмада Әл-Ауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Zawiyah Nuru n-Nabi – Aceh, Indonesia, 2026) Индонезияда айтылған сұхбат. Пайғамбарымыз ﷺ адамдардың арасында ең кім жақсы екендігі жәйлы, «خَيْرُكُمْ مَنْ تَعَلَّمَ القُرْآنَ وَعَلَّمَهُ», яғни, «араларыңдағы ең жақсыларың құран үйреніп, және оны үйреткендерің» дер. Әлхамдулилла, біз бұндағы құран медіреседе көптеген балалардың қатысқанын көріп отырмыз. Ал балалық шақ құран үйренетін ең жақсы кез, әлхамдулилла, сендер ең жақсы жерде ең жақсы адамдармен біргесіңдер. Әлхамдулилла, олар пайғамбарымыз ﷺның айтқандарына еруде, және олар сонау бастан құран оқуды үйретуде. Бұнда бір сөз бар, менше ол хадис емес, мүмкін солай да шығар, оны білмедім, онда, «العِلْمُ في الصِغَرِ كالنَّقْشِ على الحَجَرِ، والعِلْمُ فيالكِبَرِ كالنَّقْشِ على الماء», яғни, «жас кезде үйренгенің тасқа ойып жазғандай болар, кәрі кезде үйренгенің суға сүйкеп жазғандай болар» делінген. Демек, бала кезде үйренген білім тасқа ойып жазған жазу сияқты болар.
Мәселен, біз тасқа бірдеңе жазғанда, оны балғамен немесе басқа құралмен жазамыз, ал кішкене ұл-қыз кезде үйренген нәрсе өте берік болар, және олар оны ешқашан ұмытпайды. Бүгін әлхамдулилла, біз көптеген жерлерге бардық, бірінші барған жеріміз сұлтанның жері болып, онда 500 жыл бұрын тасқа жазылған нәрселер тұр, ал оны қазір де оқуға болады. Бұлар шыншыл адамдар, олардың берекесімен елдерің осылай болды, демек, олар исламды көптеген ислами мемлекеттерден жақсы ұстанады. Міне бұл Алла ﷻдан бір нығымет, Алла бұндағы ел-жұртқа осы кісілер арқылы хидаят берді. Және осы хидаят бірінен соң бірі жалғасып келді, ол жалғаса берер, әлхамдулилла, міне бұл біздің көргендеріміз. Бұл барша адамзат үшін маңызды, демек, құран аса жақсы нәрсе, себебі ол Алла Әззә уә-Жәлләның сөзі.
Оны оқыған кезіңізде жүрегіңіз ашылады, сізге шипа болады, құран әзиму-шәнның басқа да толып жатқан пайдалары бар, сол үшін біз қуанамыз. Бұнда бір күн тұрдық, оны естідік, жаңа жерлерді көрдік, барлығы тоқтаған жоқ, әлхамдулилла, олар тіпті де көптеген балалардың құран оқып, оны үйренуі үшін құлшынуда. Әлхамдулилла, бұл өте жақсы, себебі, осы екі жылда бұл орындар үш есе үлкейіпті, ал пайғамбарымыз ﷺ, «екі күні ұқсас болған адам ұтылар, ал бүгіні кешесінен төмен болған адам құриды» дер. Себебі, келер күн, яғни екінші күн бірінші күннен жақсы болуы керек. Сондықтан, біз пайғамбарымыз ﷺмен Алла ﷻдың айтқандарына еріп, құран және ілім шәкіріттеріне қызмет қылып жатқан бұл адамдарға қуанулымыз, оларға ризамыз.
Міне бұл нығымет Алла ﷻдан, ал кімде осы нығымет болса, ол бағы зор тәлейлі жан болып, ол Алла Әззә уә-Жәлләның әмір еткенін істер, демек, Алла Әззә уә-Жәллә үшін жақсы іс істеу, адамдар үшін бір зор бақ. Себебі, қазір адамдар бұрынғы өткен адамдар істеп кеткен істерді істеуге уақыт шығармайды, ал бұрынғылар түн болғанда 5-10 минут шығарып, «бүгін мен не істедім, ол жақсыма, әлде жақсы емеспе» деп ойланатын. Себебі, күндіз көп істер болар, сондықтан, осыбір адамдар нендей жақсы, нендей қателік, нендей күнә істегендері жәйлы ойланушы еді. Ал сіздер де осы туралы ойланып, Алла Әззә уә-Жәлләдан кешірім сұраңыздар, демек, олар қандайда бір қателік қылса, Алла Әззә уә-Жәлләдан кешірім сұрайтын. Себебі, әлхамдулилла, Алла ﷻ адамның сол жағындағы қателіктермен күнәларды жазатын періштеге кешке дейін күттіріп, ол адамның не істейтініне қарауды әмір еткен.
Егер ол кешірім сұраса, Алла ﷻ оны кешіретін болады, және оны жаман амал ретінде жазбайды, бірақ әрине, біз оны ұмытып кетуіміз мүмкін болғандықтан, жатарда дәрет алып, екі ракат намаз оқылық, содан астағфируллах айтып, Алла Әззә уә-Жәлләдан кешірім сұралық. Пайғамбарымыз ﷺ, «егер осы екі ракат намазды оқып, астағфируллах айтсаң, және таң намаздан бұрын тәхажұтқа тұрып, тәхажүт үшін екі ракат намаз оқысаң, сол бір түнді түгел құлшылықпен өткізгендей боларсың» дейді. Әлхамдулилла, біз Аллаға бізді пайғамбарымыз Сәйдина Мұхаммад ﷺның үмбеті етіп жаратқаны үшін алғыс айтамыз. Біз өте тәлейлымыз, демек, осы үшін біздің бағымыз зор, біз тәлейліміз, себебі пайғамбарымыздың үмбетінен бұрынғыларды Алла кешіруі үшін оларға көптеген қиын нәрселер әмір етілген.
Мәселен, Сәйдина Мұса әлейхис-салам, Тұр Сина тауына кетіп, қайта келгенде, оның қауымы алтыннан құйылған сыйырдың мүсініне құлшылық етіп кетеді, содан Алла ﷻ оларға қарғыс жібереді, ал олар кешірім сұрағанда, Алла оларға, «өздеріңді өлтіріңдер» дейді. Және олар өз адамдарын өлтіре бастайды, өлтіре береді, өлтіре береді, олар өздерінен 70 мың кісіні өлтіргенше өлтіреді. Міне бұл Сәйдина Мұхаммад ﷺнан бұрынғы қауымдардың Алладан кешірім сұрауының қандай қиын екендігін көрсететін бір мысал. Ал біз болсақ, «астағфируллаһ» деп айтсақ болды, Алла ﷻ бізді кешіреді, өте оңай, бұл расында, өте-өте оңай, өте жеңіл. Демек, сіз кеште астағфируллаһ айтып, екі ракат намаз өтесеңіз, сіздің бар күнәңіз кешірілетін болады, содан сіз жақсы дем алып, тыныш ұйқыға бататын боласыз. Әлхамдулилла, біз осы үшін Алла ﷻға шүкірлік айтамыз, иншалла, Алла ﷻ барлығымызды кешіргей, және осы жиындағы сіздермен біздерді берекесіне бөлегей, иншалла.
Сіздерге мың алғыс болсын, сіздер бұнда Алла ﷻ үшін келдіңіздер, Алла ﷻ сіздерді берекелегей, сіздерге құт бергей, иншалла. Иншалла, біз кейін сау-саламат, тіпті де зор қуаныштар ішінде тағы да кездесіп тұратын боламыз, иншалла. Иншалла, сіздер ақирет жәйлы ойлануларыңыз керек, ал мына дүние маңызды емес, маңыздысы сол ақирет. Пайғамбарымыз ﷺ, «кімде күнделікті жеуге асы болса, тұруға панасы болса, және құлшылығы орнында болса, міне осы адам адамдардың ішіндегі ең бақыттысы» дейді. Алла ﷻ барлығымызға «қанағат» деген осыбір ең асыл нәрсені бергей, иншалла. Онда, «القناعة كنز لا يفنى», яғни, «қанағат - таусылмайтын қазына» делінер, оның мағынасы, өзінде барына риза болу - бір таусылмайтын қазына, дегенді білдірер. Сіздерге рақмет, Алла ﷻ сіздері берекесіне бөлегей.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: جاسىڭدا ۇيرەنگەنىڭ تاسقا جازعانداي، كارىڭدە ۇيرەنگەنىڭ سۋعا سۇيكەگەندەي (2026.10.26 / حيجري 1448-جىل 15-جۇمادا ءال-اۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Zawiyah Nuru n-Nabi – Aceh، Indonesia، 2026) يندونەزيادا ايتىلعان سۇحبات. پايعامبارىمىز ﷺ ادامداردىڭ اراسىندا ەڭ كىم جاقسى ەكەندىگى ءجايلى، «خَيْرُكُمْ مَنْ تَعَلَّمَ القُرْآنَ وَعَلَّمَهُ»، ياعني، «ارالارىڭداعى ەڭ جاقسىلارىڭ قۇران ۇيرەنىپ، جانە ونى ۇيرەتكەندەرىڭ» دەر. ءالحامدۋليللا، ءبىز بۇنداعى قۇران مەدىرەسەدە كوپتەگەن بالالاردىڭ قاتىسقانىن كورىپ وتىرمىز. ال بالالىق شاق قۇران ۇيرەنەتىن ەڭ جاقسى كەز، ءالحامدۋليللا، سەندەر ەڭ جاقسى جەردە ەڭ جاقسى ادامدارمەن بىرگەسىڭدەر. ءالحامدۋليللا، ولار پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ايتقاندارىنا ەرۋدە، جانە ولار سوناۋ باستان قۇران وقۋدى ۇيرەتۋدە. بۇندا ءبىر ءسوز بار، مەنشە ول حاديس ەمەس، مۇمكىن سولاي دا شىعار، ونى بىلمەدىم، وندا، «العِلْمُ في الصِغَرِ كالنَّقْشِ على الحَجَرِ، والعِلْمُ فيالكِبَرِ كالنَّقْشِ على ءالما»، ياعني، «جاس كەزدە ۇيرەنگەنىڭ تاسقا ويىپ جازعانداي بولار، كارى كەزدە ۇيرەنگەنىڭ سۋعا سۇيكەپ جازعانداي بولار» دەلىنگەن. دەمەك، بالا كەزدە ۇيرەنگەن ءبىلىم تاسقا ويىپ جازعان جازۋ سياقتى بولار.
ماسەلەن، ءبىز تاسقا بىردەڭە جازعاندا، ونى بالعامەن نەمەسە باسقا قۇرالمەن جازامىز، ال كىشكەنە ۇل-قىز كەزدە ۇيرەنگەن نارسە وتە بەرىك بولار، جانە ولار ونى ەشقاشان ۇمىتپايدى. بۇگىن ءالحامدۋليللا، ءبىز كوپتەگەن جەرلەرگە باردىق، ءبىرىنشى بارعان جەرىمىز سۇلتاننىڭ جەرى بولىپ، وندا 500 جىل بۇرىن تاسقا جازىلعان نارسەلەر تۇر، ال ونى ءقازىر دە وقۋعا بولادى. بۇلار شىنشىل ادامدار، ولاردىڭ بەرەكەسىمەن ەلدەرىڭ وسىلاي بولدى، دەمەك، ولار يسلامدى كوپتەگەن يسلامي مەملەكەتتەردەن جاقسى ۇستانادى. مىنە بۇل اللا ﷻدان ءبىر نىعىمەت، اللا بۇنداعى ەل-جۇرتقا وسى كىسىلەر ارقىلى حيدايات بەردى. جانە وسى حيدايات بىرىنەن سوڭ ءبىرى جالعاسىپ كەلدى، ول جالعاسا بەرەر، ءالحامدۋليللا، مىنە بۇل ءبىزدىڭ كورگەندەرىمىز. بۇل بارشا ادامزات ءۇشىن ماڭىزدى، دەمەك، قۇران اسا جاقسى نارسە، سەبەبى ول اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءسوزى.
ونى وقىعان كەزىڭىزدە جۇرەگىڭىز اشىلادى، سىزگە شيپا بولادى، قۇران ءازيمۋ-ءشاننىڭ باسقا دا تولىپ جاتقان پايدالارى بار، سول ءۇشىن ءبىز قۋانامىز. بۇندا ءبىر كۇن تۇردىق، ونى ەستىدىك، جاڭا جەرلەردى كوردىك، بارلىعى توقتاعان جوق، ءالحامدۋليللا، ولار ءتىپتى دە كوپتەگەن بالالاردىڭ قۇران وقىپ، ونى ۇيرەنۋى ءۇشىن قۇلشىنۋدا. ءالحامدۋليللا، بۇل وتە جاقسى، سەبەبى، وسى ەكى جىلدا بۇل ورىندار ءۇش ەسە ۇلكەيىپتى، ال پايعامبارىمىز ﷺ، «ەكى كۇنى ۇقساس بولعان ادام ۇتىلار، ال بۇگىنى كەشەسىنەن تومەن بولعان ادام قۇريدى» دەر. سەبەبى، كەلەر كۇن، ياعني ەكىنشى كۇن ءبىرىنشى كۇننەن جاقسى بولۋى كەرەك. سوندىقتان، ءبىز پايعامبارىمىز ﷺمەن اللا ﷻدىڭ ايتقاندارىنا ەرىپ، قۇران جانە ءىلىم شاكىرىتتەرىنە قىزمەت قىلىپ جاتقان بۇل ادامدارعا قۋانۋلىمىز، ولارعا ريزامىز.
مىنە بۇل نىعىمەت اللا ﷻدان، ال كىمدە وسى نىعىمەت بولسا، ول باعى زور تالەيلى جان بولىپ، ول اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءامىر ەتكەنىن ىستەر، دەمەك، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن جاقسى ءىس ىستەۋ، ادامدار ءۇشىن ءبىر زور باق. سەبەبى، ءقازىر ادامدار بۇرىنعى وتكەن ادامدار ىستەپ كەتكەن ىستەردى ىستەۋگە ۋاقىت شىعارمايدى، ال بۇرىنعىلار ءتۇن بولعاندا 5-10 مينۋت شىعارىپ، «بۇگىن مەن نە ىستەدىم، ول جاقسىما، الدە جاقسى ەمەسپە» دەپ ويلاناتىن. سەبەبى، كۇندىز كوپ ىستەر بولار، سوندىقتان، ءوسىبىر ادامدار نەندەي جاقسى، نەندەي قاتەلىك، نەندەي كۇنا ىستەگەندەرى ءجايلى ويلانۋشى ەدى. ال سىزدەر دە وسى تۋرالى ويلانىپ، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كەشىرىم سۇراڭىزدار، دەمەك، ولار قاندايدا ءبىر قاتەلىك قىلسا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كەشىرىم سۇرايتىن. سەبەبى، ءالحامدۋليللا، اللا ﷻ ادامنىڭ سول جاعىنداعى قاتەلىكتەرمەن كۇنالاردى جازاتىن پەرىشتەگە كەشكە دەيىن كۇتتىرىپ، ول ادامنىڭ نە ىستەيتىنىنە قاراۋدى ءامىر ەتكەن.
ەگەر ول كەشىرىم سۇراسا، اللا ﷻ ونى كەشىرەتىن بولادى، جانە ونى جامان امال رەتىندە جازبايدى، ءبىراق ارينە، ءبىز ونى ۇمىتىپ كەتۋىمىز مۇمكىن بولعاندىقتان، جاتاردا دارەت الىپ، ەكى راكات ناماز وقىلىق، سودان استاعفيرۋللاح ايتىپ، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان كەشىرىم سۇرالىق. پايعامبارىمىز ﷺ، «ەگەر وسى ەكى راكات نامازدى وقىپ، استاعفيرۋللاح ايتساڭ، جانە تاڭ نامازدان بۇرىن ءتاحاجۇتقا تۇرىپ، ءتاحاجۇت ءۇشىن ەكى راكات ناماز وقىساڭ، سول ءبىر ءتۇندى تۇگەل قۇلشىلىقپەن وتكىزگەندەي بولارسىڭ» دەيدى. ءالحامدۋليللا، ءبىز اللاعا ءبىزدى پايعامبارىمىز ءسايدينا مۇحامماد ﷺنىڭ ۇمبەتى ەتىپ جاراتقانى ءۇشىن العىس ايتامىز. ءبىز وتە تالەيلىمىز، دەمەك، وسى ءۇشىن ءبىزدىڭ باعىمىز زور، ءبىز تالەيلىمىز، سەبەبى پايعامبارىمىزدىڭ ۇمبەتىنەن بۇرىنعىلاردى اللا كەشىرۋى ءۇشىن ولارعا كوپتەگەن قيىن نارسەلەر ءامىر ەتىلگەن.
ماسەلەن، ءسايدينا مۇسا الەيحيس-سالام، تۇر سينا تاۋىنا كەتىپ، قايتا كەلگەندە، ونىڭ قاۋىمى التىننان قۇيىلعان سىيىردىڭ مۇسىنىنە قۇلشىلىق ەتىپ كەتەدى، سودان اللا ﷻ ولارعا قارعىس جىبەرەدى، ال ولار كەشىرىم سۇراعاندا، اللا ولارعا، «وزدەرىڭدى ولتىرىڭدەر» دەيدى. جانە ولار ءوز ادامدارىن ولتىرە باستايدى، ولتىرە بەرەدى، ولتىرە بەرەدى، ولار وزدەرىنەن 70 مىڭ كىسىنى ولتىرگەنشە ولتىرەدى. مىنە بۇل ءسايدينا مۇحامماد ﷺنان بۇرىنعى قاۋىمداردىڭ اللادان كەشىرىم سۇراۋىنىڭ قانداي قيىن ەكەندىگىن كورسەتەتىن ءبىر مىسال. ال ءبىز بولساق، «استاعفيرۋللاھ» دەپ ايتساق بولدى، اللا ﷻ ءبىزدى كەشىرەدى، وتە وڭاي، بۇل راسىندا، وتە-وتە وڭاي، وتە جەڭىل. دەمەك، ءسىز كەشتە استاعفيرۋللاھ ايتىپ، ەكى راكات ناماز وتەسەڭىز، ءسىزدىڭ بار كۇناڭىز كەشىرىلەتىن بولادى، سودان ءسىز جاقسى دەم الىپ، تىنىش ۇيقىعا باتاتىن بولاسىز. ءالحامدۋليللا، ءبىز وسى ءۇشىن اللا ﷻعا شۇكىرلىك ايتامىز، ينشاللا، اللا ﷻ بارلىعىمىزدى كەشىرگەي، جانە وسى جيىنداعى سىزدەرمەن بىزدەردى بەرەكەسىنە بولەگەي، ينشاللا.
سىزدەرگە مىڭ العىس بولسىن، سىزدەر بۇندا اللا ﷻ ءۇشىن كەلدىڭىزدەر، اللا ﷻ سىزدەردى بەرەكەلەگەي، سىزدەرگە قۇت بەرگەي، ينشاللا. ينشاللا، ءبىز كەيىن ساۋ-سالامات، ءتىپتى دە زور قۋانىشتار ىشىندە تاعى دا كەزدەسىپ تۇراتىن بولامىز، ينشاللا. ينشاللا، سىزدەر اقيرەت ءجايلى ويلانۋلارىڭىز كەرەك، ال مىنا دۇنيە ماڭىزدى ەمەس، ماڭىزدىسى سول اقيرەت. پايعامبارىمىز ﷺ، «كىمدە كۇندەلىكتى جەۋگە اسى بولسا، تۇرۋعا پاناسى بولسا، جانە قۇلشىلىعى ورنىندا بولسا، مىنە وسى ادام ادامداردىڭ ىشىندەگى ەڭ باقىتتىسى» دەيدى. اللا ﷻ بارلىعىمىزعا «قاناعات» دەگەن ءوسىبىر ەڭ اسىل نارسەنى بەرگەي، ينشاللا. وندا، «القناعة كنز لا يفنى»، ياعني، «قاناعات - تاۋسىلمايتىن قازىنا» دەلىنەر، ونىڭ ماعىناسى، وزىندە بارىنا ريزا بولۋ - ءبىر تاۋسىلمايتىن قازىنا، دەگەندى بىلدىرەر. سىزدەرگە راقمەت، اللا ﷻ سىزدەرى بەرەكەسىنە بولەگەي.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8982