https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8820
Сұхбат: ұйықтарда екі ракат намаз оқып жатсаң, түн бойы намаз оқығандай боласың (2026.05.22 / Хижри 1447-жыл 05-Зұл-Хижа)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Lefke, Cyprus, Turkiye, 2026) Алла Әззә уә-Жәллә әл-фажыр сүресінде бүй дер. Бисмлиллахир рахманир рахим, «وَالْفَجْرِ وَلَيَالٍ عَشْرٍ وَالشَّفْعِ وَالْوَتْرِ وَاللَّيْلِ إِذَا يَسْرِ هَلْ فِي ذَٰلِكَ قَسَمٌ لِّذِي حِجْرٍ», яғни, «атқан таңмен, он түнмен, және жұп-тақпен, және өткен түнмен серт, расында түсінген адамға бұларда жеткілікті дәлелдер бар», құран 89інші сүре 1, 2, 3, 4, 5інші аяттар. Алла Әззә уә-Жәллә, қасиетті құранда осылармен серт етті. Және оның соңында, «فَادْخُلِي فِي عِبَادِي وَادْخُلِي جَنَّتِي», яғни, «сонымен қадірлі құлдарымның арасына қосыл, және Менің жәннәтыма кір» дейді, құран 89інші сүре 29, 30інші аяттар. Бұнда Алла Әззә уә-Жәллә, «Менің қызыметімде бол, Менің жәннәтыма кір» дейді, бұл сүре басында сертпен басталып, жақсы шүйіншілермен қортыланады.
Сондықтан, осы түндермен, яғни зұл-хижаның алдынғы он түнімен серт етілген, олардың іззеті аса мол, пайғамбарымыз ﷻ хадисінде, осы он күндегі оразаның бір күнінде бір жылдық оразаның сауабы бар екендігін айтқан. Ол осыбір тоғыз күнді меңзеуде, ол осы күндерде ұсталған оразаның әрбір күнінде бір жылдық сауап барлығын айтады. Ал оның тоғызыншы күні арапат күні болып, ол ең қабыл етілген күн-дүр, себебі, ол күні қажышылар арапатта арапат күнінде тұрады. Алла Әззә уә-Жәллә сол күнді пайғамбарымыз ﷻның үмбетіне арнаған, сол күні қажылық қабыл болады, және сол күні істелінген құлшылық амалдары аса зор сауапқа ие, және олар аса жомарттықпен беріледі. Себебі, қажышылардың сауабымен манағылардың сауабы біріктіріліп, сауабы еселеніп кетеді, ол көп есе жоғары болады.
Бұл күндер құтты күндер, біз дәл қазір сол күндерде тұрмыз, бүгін оның бесінші күні, Алла Әззә уә-Жәллә осыбір нығыметті пайғамбарымыз ﷻның құрметі үшін бізге нәсіп етті, ал біз Аллаға алғыс айтамыз, мадақтар айтамыз, шүкір-Алла. Бізге осы күндер нәсіп болды, және Алла Әззә уә-Жәлләның іззетімен нығыметіне жеттік, демек, пайғамбарымыз ﷻның үмбеті болу аса ұлы абырой-дүр. Біз бұның қадірін білуіміз керек, оның құнында шек жоқ, оны алтын, күміс, гауһар я басқамен өлшеуге келмейді. Алайда, бұны білмейтіндер де бар, олар білмейді, түсінбейді, себебі, Алла Әззә уә-Жәллә оларға бұны нәсіп етпеді. Олар оның құнын білмес, қадіріне жетпес, олар оны ысырап етуде, сүйте тұра олар өрекпиді, бөсіп еседі, олар қолдарына ештеңе қалдырған жоқ, оған қоса, олар шүкірсіздік көрсетуде, олар тіпті онан арман сұмдық күнәларды істейді.
Алла ﷻ бізді панасына алғай. Ал осы күндер Алла Әззә уә-Жәлләдан бір ихсан-дүр, әдтте, ихсан бар, және сынақ бар, ал Алла ﷻ уммати-мұхаммадқа ихсанды берген, біз оның қадірін білуіміз керек. Алла Әззә уә-Жәлләның уәдесі, «қассам» сөзі уәдені білдіреді, бұл олардың құнын көрсетеді. Демек, бұнда Алла Әззә уә-Жәллә, «істеген әрқандай жақсы амалың болсын, құлшылығың болсын, немесе, қиямул-ләйіл намазына тұрсаң да, оны бір жыл намаз өтегендей санаймын» дейді. Кейбір адамдар, «қиямул-ләйіл дегеніміз таңға дейін ұйықтамай, ояу отыру» деп ойлайды. Бірақ пайғамбарымыз ﷻ, оның түнде екі ракат намаз оқып, ұйықтап қалу, содан соң тәхажұтқа тұру екендігін айтады, ол және кім осылай етсе бүкіл түні бойы намаз оқыған болып саналатындығын айтады.
Сондықтан, түнгі намаз қиын емес, ал қиямул-ләйіл дегеніміз таң атқанша түні бойы отыру емес, Алла ﷻ бізді кешірген. Демек, Алла ﷻ біздің ұйықтап жатқан кезіміздің өзі құлшылық амалы ретінде қабыл еткен, себебі, сіз таза дәретпен ұйықтайсыз, одан тұрып, дәрет аласыз, және намаз өтейсіз, тіпті бұнда сіздің ұйқыңыз да құлшылық саналуда. Алла ﷻға сансыз шүкірліктер болсын. Пайғамбарымыз ﷻның құрметі үшін Алла ﷻ бізге оның шапағатын нәсіп еткей, иншалла. Алла ﷻ біздің оларға, және осы жолға деген махаббатымызды өшірмегей, бірақ олардың махаббатын жүрегімізде арттыра бегей.
Себебі, шайтан болса, адамдарды әртүрлі жолдармен алдай береді, демек, көптеген адамдар пайғамбарымызға шынайы құрмет көрсеткен жоқ, ал пайғамбарымыздың абыройымен құнын білу және оны құрметтеу біз үшін аса ұлық құлшылық амалы болмақ. Бұл да Алладан бізге берілген аса зор нығымет, біз оны өшіріп алмауымыз керек. Пайғамбарымыз ﷻның махаббаты шұңқыр қазып, тас шағуды талап етпейді, демек, жүрегіңде оған деген махаббат болса болғаны, құрметтесең болғаны, сол жетеді. Ол саған шапағат ететін болады, яғни, оның шапағаты саған уәжіп болады, ол саған жететін болады. Пайғамбарымыз ﷻ, «мен саған шапағат етемін» дейді, ал Алла ﷻ барлығымызды оның шапағатынан құр қалдырмағай.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: ۇيىقتاردا ەكى راكات ناماز وقىپ جاتساڭ، ءتۇن بويى ناماز وقىعانداي بولاسىڭ (2026.05.22 / حيجري 1447-جىل 05-زۇل-حيجا)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Lefke، Cyprus، Turkiye، 2026) اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءال-فاجىر سۇرەسىندە ءبۇي دەر. بيسمليللاحير راحمانير راحيم، «وَالْفَجْرِ وَلَيَالٍ عَشْرٍ وَالشَّفْعِ وَالْوَتْرِ وَاللَّيْلِ إِذَا يَسْرِ هَلْ فِي ذَٰلِكَ قَسَمٌ لِّذِي حِجْرٍ»، ياعني، «اتقان تاڭمەن، ون تۇنمەن، جانە جۇپ-تاقپەن، جانە وتكەن تۇنمەن سەرت، راسىندا تۇسىنگەن ادامعا بۇلاردا جەتكىلىكتى دالەلدەر بار»، قۇران 89ءىنشى سۇرە 1، 2، 3، 4، 5ءىنشى اياتتار. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، قاسيەتتى قۇراندا وسىلارمەن سەرت ەتتى. جانە ونىڭ سوڭىندا، «فَادْخُلِي فِي عِبَادِي وَادْخُلِي جَنَّتِي»، ياعني، «سونىمەن ءقادىرلى قۇلدارىمنىڭ اراسىنا قوسىل، جانە مەنىڭ ءجانناتىما كىر» دەيدى، قۇران 89ءىنشى سۇرە 29، 30ءىنشى اياتتار. بۇندا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «مەنىڭ قىزىمەتىمدە بول، مەنىڭ ءجانناتىما كىر» دەيدى، بۇل سۇرە باسىندا سەرتپەن باستالىپ، جاقسى شۇيىنشىلەرمەن قورتىلانادى.
سوندىقتان، وسى تۇندەرمەن، ياعني زۇل-حيجانىڭ الدىنعى ون تۇنىمەن سەرت ەتىلگەن، ولاردىڭ ىززەتى اسا مول، پايعامبارىمىز ﷻ حاديسىندە، وسى ون كۇندەگى ورازانىڭ ءبىر كۇنىندە ءبىر جىلدىق ورازانىڭ ساۋابى بار ەكەندىگىن ايتقان. ول ءوسىبىر توعىز كۇندى مەڭزەۋدە، ول وسى كۇندەردە ۇستالعان ورازانىڭ ءاربىر كۇنىندە ءبىر جىلدىق ساۋاپ بارلىعىن ايتادى. ال ونىڭ توعىزىنشى كۇنى اراپات كۇنى بولىپ، ول ەڭ قابىل ەتىلگەن كۇن-ءدۇر، سەبەبى، ول كۇنى قاجىشىلار اراپاتتا اراپات كۇنىندە تۇرادى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا سول كۇندى پايعامبارىمىز ﷻنىڭ ۇمبەتىنە ارناعان، سول كۇنى قاجىلىق قابىل بولادى، جانە سول كۇنى ىستەلىنگەن قۇلشىلىق امالدارى اسا زور ساۋاپقا يە، جانە ولار اسا جومارتتىقپەن بەرىلەدى. سەبەبى، قاجىشىلاردىڭ ساۋابىمەن ماناعىلاردىڭ ساۋابى بىرىكتىرىلىپ، ساۋابى ەسەلەنىپ كەتەدى، ول كوپ ەسە جوعارى بولادى.
بۇل كۇندەر قۇتتى كۇندەر، ءبىز ءدال ءقازىر سول كۇندەردە تۇرمىز، بۇگىن ونىڭ بەسىنشى كۇنى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءوسىبىر نىعىمەتتى پايعامبارىمىز ﷻنىڭ قۇرمەتى ءۇشىن بىزگە ءناسىپ ەتتى، ال ءبىز اللاعا العىس ايتامىز، ماداقتار ايتامىز، شۇكىر-اللا. بىزگە وسى كۇندەر ءناسىپ بولدى، جانە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ىززەتىمەن نىعىمەتىنە جەتتىك، دەمەك، پايعامبارىمىز ﷻنىڭ ۇمبەتى بولۋ اسا ۇلى ابىروي-ءدۇر. ءبىز بۇنىڭ ءقادىرىن ءبىلۋىمىز كەرەك، ونىڭ قۇنىندا شەك جوق، ونى التىن، كۇمىس، گاۋھار يا باسقامەن ولشەۋگە كەلمەيدى. الايدا، بۇنى بىلمەيتىندەر دە بار، ولار بىلمەيدى، تۇسىنبەيدى، سەبەبى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولارعا بۇنى ءناسىپ ەتپەدى. ولار ونىڭ قۇنىن بىلمەس، قادىرىنە جەتپەس، ولار ونى ىسىراپ ەتۋدە، سۇيتە تۇرا ولار ورەكپيدى، ءبوسىپ ەسەدى، ولار قولدارىنا ەشتەڭە قالدىرعان جوق، وعان قوسا، ولار شۇكىرسىزدىك كورسەتۋدە، ولار ءتىپتى ونان ارمان سۇمدىق كۇنالاردى ىستەيدى.
اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي. ال وسى كۇندەر اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان ءبىر يحسان-ءدۇر، ادتتە، يحسان بار، جانە سىناق بار، ال اللا ﷻ ۋمماتي-مۇحاممادقا يحساندى بەرگەن، ءبىز ونىڭ ءقادىرىن ءبىلۋىمىز كەرەك. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ۋادەسى، «قاسسام» ءسوزى ۋادەنى بىلدىرەدى، بۇل ولاردىڭ قۇنىن كورسەتەدى. دەمەك، بۇندا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «ىستەگەن ءارقانداي جاقسى امالىڭ بولسىن، قۇلشىلىعىڭ بولسىن، نەمەسە، قيامۋل-ءلايىل نامازىنا تۇرساڭ دا، ونى ءبىر جىل ناماز وتەگەندەي سانايمىن» دەيدى. كەيبىر ادامدار، «قيامۋل-ءلايىل دەگەنىمىز تاڭعا دەيىن ۇيىقتاماي، وياۋ وتىرۋ» دەپ ويلايدى. ءبىراق پايعامبارىمىز ﷻ، ونىڭ تۇندە ەكى راكات ناماز وقىپ، ۇيىقتاپ قالۋ، سودان سوڭ ءتاحاجۇتقا تۇرۋ ەكەندىگىن ايتادى، ول جانە كىم وسىلاي ەتسە بۇكىل ءتۇنى بويى ناماز وقىعان بولىپ سانالاتىندىعىن ايتادى.
سوندىقتان، تۇنگى ناماز قيىن ەمەس، ال قيامۋل-ءلايىل دەگەنىمىز تاڭ اتقانشا ءتۇنى بويى وتىرۋ ەمەس، اللا ﷻ ءبىزدى كەشىرگەن. دەمەك، اللا ﷻ ءبىزدىڭ ۇيىقتاپ جاتقان كەزىمىزدىڭ ءوزى قۇلشىلىق امالى رەتىندە قابىل ەتكەن، سەبەبى، ءسىز تازا دارەتپەن ۇيىقتايسىز، ودان تۇرىپ، دارەت الاسىز، جانە ناماز وتەيسىز، ءتىپتى بۇندا ءسىزدىڭ ۇيقىڭىز دا قۇلشىلىق سانالۋدا. اللا ﷻعا سانسىز شۇكىرلىكتەر بولسىن. پايعامبارىمىز ﷻنىڭ قۇرمەتى ءۇشىن اللا ﷻ بىزگە ونىڭ شاپاعاتىن ءناسىپ ەتكەي، ينشاللا. اللا ﷻ ءبىزدىڭ ولارعا، جانە وسى جولعا دەگەن ماحابباتىمىزدى وشىرمەگەي، ءبىراق ولاردىڭ ماحابباتىن جۇرەگىمىزدە ارتتىرا بەگەي.
سەبەبى، شايتان بولسا، ادامداردى ءارتۇرلى جولدارمەن الداي بەرەدى، دەمەك، كوپتەگەن ادامدار پايعامبارىمىزعا شىنايى قۇرمەت كورسەتكەن جوق، ال پايعامبارىمىزدىڭ ابىرويىمەن قۇنىن ءبىلۋ جانە ونى قۇرمەتتەۋ ءبىز ءۇشىن اسا ۇلىق قۇلشىلىق امالى بولماق. بۇل دا اللادان بىزگە بەرىلگەن اسا زور نىعىمەت، ءبىز ونى ءوشىرىپ الماۋىمىز كەرەك. پايعامبارىمىز ﷻنىڭ ماحابباتى شۇڭقىر قازىپ، تاس شاعۋدى تالاپ ەتپەيدى، دەمەك، جۇرەگىڭدە وعان دەگەن ماحاببات بولسا بولعانى، قۇرمەتتەسەڭ بولعانى، سول جەتەدى. ول ساعان شاپاعات ەتەتىن بولادى، ياعني، ونىڭ شاپاعاتى ساعان ءۋاجىپ بولادى، ول ساعان جەتەتىن بولادى. پايعامبارىمىز ﷻ، «مەن ساعان شاپاعات ەتەمىن» دەيدى، ال اللا ﷻ بارلىعىمىزدى ونىڭ شاپاعاتىنان قۇر قالدىرماعاي.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8820