https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8711
Сұхбат: ақымаққа ақша берсең, күнәсына ортақтасасың, күнә табасың (2026.02.11 / Хижри 1447-жыл 23-Шағбан)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Akbaba Dergah, Istanbul, Türkiye, 2026) Бисмиллахир рахманир рахим, «وَتَعَاوَنُوا عَلَى الْبِرِّ وَالتَّقْوَىٰ ۖ وَلَا تَعَاوَنُوا عَلَى الْإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ», яғни, «туралықпен тақуалықта селбесіңдер, күнәмен зұлымдықта селбеспеңдер», құран 5інші сүре 2нші аят, садақаллахулғазим. Алла Әззә уә-Жәллә, «жақсылықта көмектесіңдер, жамандықта көмектеспеңдер» дейді, ешқашан жамандық істеуде селбеспеңдер, Ол осылай дер, бұның мағынасы не? мәселен, кейбір адамдар келіп, «дұға жасаңызшы, бауырымыз, ұлымыз, я күйеуіміз құмар ойнайды» деп жатады, ал құмар ойнаудың емі не? өкінішке орай, оған шипа жоқ. Алла әр адамды одан сақтағай, себебі, адам оған кіріптар болса, құтылмағы жоқ, оның бір емі сол, оларға ақша бермеу, бірақ олар, «егер бермесек, олар жылайды, бақырады, айғайлайды, боздайды, тынбай жалынар» дейді. Бірақ сонда да оларға берме, мейлі олар не істесін, оларға ешқашан ақша бермеу керек, ал ақша берсеңіз, сіз олардың күнә істеуіне көмектескен боласыз. Бұндайда сіз ақшаңызды жоғалтып жатырсыз, және олардың күнә істеуіне себепші боласыз, бұл бір аса сұмдық кесір, зор жамандық.
Адамдар ислам әлемін осыбір құмар атты мәселемен құртуда, бұл нәрсе әр жерде өріп жүр, үйде болсын, сыртта болсын, әр жерде бар, расында, мына ақырзаманда шайтан тым сұмдық болып кетті. Сол айтып өткеніміздей, оның емі - оларға ешқашан ақша бермеу, себебі, оларға ақша берсеңіз, олардың сол күнәсіна ортақтасқан боласыз, шерік боласыз, демек сіз олардың күнә істеуіне жәрдем берудесіз. Сіз таза ақшаңызды былғаудасыз, оны лас ақша айналыма кіргізудесіз, ол бір адамнан тағы бір адамға баруда, және барған жерінде ол харамға айналып, кесір таратуда. Бұл аса маңызды шаруа, ал адамдар, «кейде бұлай ету адамды көңілсіз етер» дейді, бірақ ақша бермегенге бола еш көңілсіз болмаңыз, керісінше, сол күнә істеушіге жаныңыз ашысын, оларға күнә істетпеңіз. Оларды тағы да көптеп күнә істетпей қойғандыңыз үшін көңілсіз сезінбеңіз, бұл жәйлы аса сақ болыңыз, құмарлыққа қарсы дұға я басқа ештеңе жоқ.
Бұл бір бәле, Алла ﷻ бізді панасына алғай, ол нәрсе барлығынан да кесірлі болды, әдетте адамдар тәубе етіп, барлығынан қайта алар, бірақ құмарға ілінсе, ол түгіңді қалдырмас, байлық, мал-мүлік, үй бәрін әкетеді, ештеңе қалдырмас. Сондықтан сақ болыңыз, айтып өткеніміздей, ол барлығынан қауіпті, сол үшін зерделеп қараңыз, оны істейтіндерге көмектеспеңіз, айтып өткеніміздей, оған дұға милиярттан бір кезде ғана істер, ал әдетте құмарға дұға жүрмейді. Оның емі мынау, «وَلَا تُؤْتُوا السُّفَهَاءَ أَمْوَالَكُمُ», яғни, «ақымаққа байлығыңнан берме», құран 4інші сүре 5інші аят. Алла осылай дер, демек ақымақ-топас адамға яғни сафихқа ақша бермеңіз, олар - ақымақ, бұндағы сафих дегеніміз сенімсіз адам, олардың істеген еш ісіне сенуге келмейді. Сол үшін Алла әміріне қарсы болмаңыз, оған бағыныңыз, олардың күнә істеуіне ортақтаспаңыз, иншалла, Алла ﷻ оларды құтқарғай, және бізді сондай дертке ұшырағандардан аулақ еткей.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: اقىماققا اقشا بەرسەڭ، كۇناسىنا ورتاقتاساسىڭ، كۇنا تاباسىڭ (2026.02.11 / حيجري 1447-جىل 23-شاعبان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Akbaba Dergah، Istanbul، Türkiye، 2026) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «وَتَعَاوَنُوا عَلَى الْبِرِّ وَالتَّقْوَىٰ ۖ وَلَا تَعَاوَنُوا عَلَى الْإِثْمِ وَالْعُدْوَانِ»، ياعني، «تۋرالىقپەن تاقۋالىقتا سەلبەسىڭدەر، كۇنامەن زۇلىمدىقتا سەلبەسپەڭدەر»، قۇران 5ءىنشى سۇرە 2ءنشى ايات، ساداقاللاحۋلعازيم. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «جاقسىلىقتا كومەكتەسىڭدەر، جاماندىقتا كومەكتەسپەڭدەر» دەيدى، ەشقاشان جاماندىق ىستەۋدە سەلبەسپەڭدەر، ول وسىلاي دەر، بۇنىڭ ماعىناسى نە؟ ماسەلەن، كەيبىر ادامدار كەلىپ، «دۇعا جاساڭىزشى، باۋىرىمىز، ۇلىمىز، يا كۇيەۋىمىز قۇمار وينايدى» دەپ جاتادى، ال قۇمار ويناۋدىڭ ەمى نە؟ وكىنىشكە وراي، وعان شيپا جوق. اللا ءار ادامدى ودان ساقتاعاي، سەبەبى، ادام وعان كىرىپتار بولسا، قۇتىلماعى جوق، ونىڭ ءبىر ەمى سول، ولارعا اقشا بەرمەۋ، ءبىراق ولار، «ەگەر بەرمەسەك، ولار جىلايدى، باقىرادى، ايعايلايدى، بوزدايدى، تىنباي جالىنار» دەيدى. ءبىراق سوندا دا ولارعا بەرمە، مەيلى ولار نە ىستەسىن، ولارعا ەشقاشان اقشا بەرمەۋ كەرەك، ال اقشا بەرسەڭىز، ءسىز ولاردىڭ كۇنا ىستەۋىنە كومەكتەسكەن بولاسىز. بۇندايدا ءسىز اقشاڭىزدى جوعالتىپ جاتىرسىز، جانە ولاردىڭ كۇنا ىستەۋىنە سەبەپشى بولاسىز، بۇل ءبىر اسا سۇمدىق كەسىر، زور جاماندىق.
ادامدار يسلام الەمىن ءوسىبىر قۇمار اتتى ماسەلەمەن قۇرتۋدا، بۇل نارسە ءار جەردە ءورىپ ءجۇر، ۇيدە بولسىن، سىرتتا بولسىن، ءار جەردە بار، راسىندا، مىنا اقىرزاماندا شايتان تىم سۇمدىق بولىپ كەتتى. سول ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ونىڭ ەمى - ولارعا ەشقاشان اقشا بەرمەۋ، سەبەبى، ولارعا اقشا بەرسەڭىز، ولاردىڭ سول كۇناسىنا ورتاقتاسقان بولاسىز، شەرىك بولاسىز، دەمەك ءسىز ولاردىڭ كۇنا ىستەۋىنە جاردەم بەرۋدەسىز. ءسىز تازا اقشاڭىزدى بىلعاۋداسىز، ونى لاس اقشا اينالىما كىرگىزۋدەسىز، ول ءبىر ادامنان تاعى ءبىر ادامعا بارۋدا، جانە بارعان جەرىندە ول حارامعا اينالىپ، كەسىر تاراتۋدا. بۇل اسا ماڭىزدى شارۋا، ال ادامدار، «كەيدە بۇلاي ەتۋ ادامدى كوڭىلسىز ەتەر» دەيدى، ءبىراق اقشا بەرمەگەنگە بولا ەش كوڭىلسىز بولماڭىز، كەرىسىنشە، سول كۇنا ىستەۋشىگە جانىڭىز اشىسىن، ولارعا كۇنا ىستەتپەڭىز. ولاردى تاعى دا كوپتەپ كۇنا ىستەتپەي قويعاندىڭىز ءۇشىن كوڭىلسىز سەزىنبەڭىز، بۇل ءجايلى اسا ساق بولىڭىز، قۇمارلىققا قارسى دۇعا يا باسقا ەشتەڭە جوق.
بۇل ءبىر بالە، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ول نارسە بارلىعىنان دا كەسىرلى بولدى، ادەتتە ادامدار تاۋبە ەتىپ، بارلىعىنان قايتا الار، ءبىراق قۇمارعا ىلىنسە، ول تۇگىڭدى قالدىرماس، بايلىق، مال-مۇلىك، ءۇي ءبارىن اكەتەدى، ەشتەڭە قالدىرماس. سوندىقتان ساق بولىڭىز، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ول بارلىعىنان ءقاۋىپتى، سول ءۇشىن زەردەلەپ قاراڭىز، ونى ىستەيتىندەرگە كومەكتەسپەڭىز، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، وعان دۇعا ميليارتتان ءبىر كەزدە عانا ىستەر، ال ادەتتە قۇمارعا دۇعا جۇرمەيدى. ونىڭ ەمى مىناۋ، «وَلَا تُؤْتُوا ءالسُّفَهَاَ أَمْوَالَكُمُ»، ياعني، «اقىماققا بايلىعىڭنان بەرمە»، قۇران 4ءىنشى سۇرە 5ءىنشى ايات. اللا وسىلاي دەر، دەمەك اقىماق-توپاس ادامعا ياعني سافيحقا اقشا بەرمەڭىز، ولار - اقىماق، بۇنداعى سافيح دەگەنىمىز سەنىمسىز ادام، ولاردىڭ ىستەگەن ەش ىسىنە سەنۋگە كەلمەيدى. سول ءۇشىن اللا امىرىنە قارسى بولماڭىز، وعان باعىنىڭىز، ولاردىڭ كۇنا ىستەۋىنە ورتاقتاسپاڭىز، ينشاللا، اللا ﷻ ولاردى قۇتقارعاي، جانە ءبىزدى سونداي دەرتكە ۇشىراعانداردان اۋلاق ەتكەي.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8711