https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8710
Сұхбат: жаман дос тозаққа түсіреді, жақсы адаммен бірге бол, жақсыға ер (2026.02.10 / Хижри 1447-жыл 22-Шағбан)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Akbaba Dergah, Istanbul, Türkiye, 2026) Бисмиллахир рахманир рахим, «فَٱطَّلَعَ فَرَءَاهُ فِى سَوَآءِ ٱلْجَحِيمِ(55) قَالَ تَٱللَّهِ إِن كِدتَّ لَتُرْدِينِ», яғни, «сонымен ол төменге қарап, оның от ортасында тұрғанын көреді, одан ол, "Алла атымен айтайын, сен мені құрта жаздапсың" деп айтар», құран 37інші сүре 55-56нші аят, садақаллахулғазим. Қиямет күнімен ақиретте осы істің болатындығы құранда көрсетілген, демек, сол кезде осындай айтатындар болады. Алла ﷻдың алдында уақыт және кеңестіктер жаратылысқа жатады, оларды Алла жаратты, сондықтан Алла ﷻ үшін уақыт немесе кеңестік деген нәрселер жоқ, Ол барлығын көрсетеді, бұрын не болғанын, алда не болатынын, тағы басқа барлығын да көрсетеді.
Ал ақиретте жәннәттық адамдар тозақтағыларға қарап, онда не болып жатқанын көреді, сол кезде біреуі дүниедегі досына, «сен мені өзің сияқты тозақтың ортасына лақтырып жібере жаздадың ғой» деп айтады. Ал осы дүниеде жүргенде оның бұл досы оған, «жоқ, бұл менің көзғарасым, мен шындықты айтып жатырмын, мен тура жолдамын, сақ бол, құлшылық ету қажетсіз, құлшылық етпе, менімен жүр, біз ойналық, күлелік, басқа ештеңеге қарамайық, құлшылықты өзгелер қыла берсін, біз басқа нәрселермен болайық, Алла жолы деген нәрсе жоқ» деп айтқан еді. Қазір жағдай осындай, ал ертеде де солай болатын, демек адам баласы ұқсас-дүр, оларда сол ұқсас нәпсі, сол ұқсас шайтан бар.
Ал осы күнгі ұрпақтар, «біз ақылдымыз, ал ата-бабаларымыз, үлкен аталарымыз ақымақ болған, олар исламда болып, ислам үшін жүгіріпті, исламға еріпті, олар солай өтіп кетіпті, ал біз жаспыз, көп оқыған көзі ашық адамдармыз» деп айтар. Иә, сендер оқыдыңдар, бірақ ештеңе түсінбейсіңдер, қазіргілер мектепте, жоғары мектепте, университетте бір-бірімен дос болады, сосын бұл жастар өздерін тым ақылды біреулер санайды. Және олар айналасында жүргендерге көп әсер етеді, олардың ішінде кейбірі құтылады, кейбірі құтыла алмайды, ал осы құтылмағандары ақиретке барғанда тозақтың дәл ортасында қалатын болады.
Олар тозақтың ортасында отқа күйіп, қатты үмітсіздікке түседі, ал олар осы дүниеде жүргенде қанша бөссе, сонша бөсе берсін, қатты кеуделеніп, сонша мақтана берсін, бірақ мына дүние жарық етіп, бірдемде өтіп кетеді. Ал қалатыны сол, олардың алдарында тұрған мәңгілік тозақ болады, сондықтан адамдар ойлана білуі керек, адамды Алла Әззә уә-Жәллә жаратты, бірақ адам атадан бастап, қазірге дейін адам баласының ішіндегі нәрселер ұқсас, олар өзгермеді. Мейлі, олар үлкен машинаға мінсін, немесе мінгені кішкене болсын, я жүріңіз, я ештеңеңіз жоқ болсын, бәрібір адам баласының ішіндегі қасиеттермен сипаттар сол ұқсас күйінде қалды, олар өзгерген жоқ.
Сондықтан, Алла жолынан кетпеңіз, ақиретте өкінішке қалмау үшін, өзіңізді құтқару үшін жақсы адамға еріңіз, олармен бірге болыңыз, олардың айтқаны шын, ал сізді адастыратын адамдардың айтқан ешбір сөзі шын болмас. Олардан еш пайда жоқ, ол тек залал ғана әкеледі, Алла ﷻ бізді жаман достан сақтағай. Алла Әззә уә-Жәллә құран әзиму-шәнда адам баласы, «тозаққа түсіп, сен сияқты болғалы аз қалдым, егер Алла мені құтқармаса, мен де сен сияқты тозақ ортасына түсер едім деп айтар» дейді. Алла ﷻ адамдарды қорғағай, әсіресе жастарды, ересектерді де, барлығын да қорғағай, себебі шайтан әр адамға кесірін тигізе алады, әр адамның ақиретімен ақырын да құрта алады. Алла ﷻ бізді кесірмен жаман достан сақтағай, иманымызды күшейіткей, біз адасқандардан болмайық, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: جامان دوس توزاققا تۇسىرەدى، جاقسى اداممەن بىرگە بول، جاقسىعا ەر (2026.02.10 / حيجري 1447-جىل 22-شاعبان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Akbaba Dergah، Istanbul، Türkiye، 2026) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «فَٱطَّلَعَ ءفَرََاهُ فِى ءسَوَآِ ٱلْجَحِيمِ(55) قَالَ تَٱللَّهِ إِن كِدتَّ لَتُرْدِينِ»، ياعني، «سونىمەن ول تومەنگە قاراپ، ونىڭ وت ورتاسىندا تۇرعانىن كورەدى، ودان ول، "اللا اتىمەن ايتايىن، سەن مەنى قۇرتا جازداپسىڭ" دەپ ايتار»، قۇران 37ءىنشى سۇرە 55-56ءنشى ايات، ساداقاللاحۋلعازيم. قيامەت كۇنىمەن اقيرەتتە وسى ءىستىڭ بولاتىندىعى قۇراندا كورسەتىلگەن، دەمەك، سول كەزدە وسىنداي ايتاتىندار بولادى. اللا ﷻدىڭ الدىندا ۋاقىت جانە كەڭەستىكتەر جاراتىلىسقا جاتادى، ولاردى اللا جاراتتى، سوندىقتان اللا ﷻ ءۇشىن ۋاقىت نەمەسە كەڭەستىك دەگەن نارسەلەر جوق، ول بارلىعىن كورسەتەدى، بۇرىن نە بولعانىن، الدا نە بولاتىنىن، تاعى باسقا بارلىعىن دا كورسەتەدى.
ال اقيرەتتە ءجانناتتىق ادامدار توزاقتاعىلارعا قاراپ، وندا نە بولىپ جاتقانىن كورەدى، سول كەزدە بىرەۋى دۇنيەدەگى دوسىنا، «سەن مەنى ءوزىڭ سياقتى توزاقتىڭ ورتاسىنا لاقتىرىپ جىبەرە جازدادىڭ عوي» دەپ ايتادى. ال وسى دۇنيەدە جۇرگەندە ونىڭ بۇل دوسى وعان، «جوق، بۇل مەنىڭ كوزعاراسىم، مەن شىندىقتى ايتىپ جاتىرمىن، مەن تۋرا جولدامىن، ساق بول، قۇلشىلىق ەتۋ قاجەتسىز، قۇلشىلىق ەتپە، مەنىمەن ءجۇر، ءبىز وينالىق، كۇلەلىك، باسقا ەشتەڭەگە قارامايىق، قۇلشىلىقتى وزگەلەر قىلا بەرسىن، ءبىز باسقا نارسەلەرمەن بولايىق، اللا جولى دەگەن نارسە جوق» دەپ ايتقان ەدى. ءقازىر جاعداي وسىنداي، ال ەرتەدە دە سولاي بولاتىن، دەمەك ادام بالاسى ۇقساس-ءدۇر، ولاردا سول ۇقساس ءناپسى، سول ۇقساس شايتان بار.
ال وسى كۇنگى ۇرپاقتار، «ءبىز اقىلدىمىز، ال اتا-بابالارىمىز، ۇلكەن اتالارىمىز اقىماق بولعان، ولار يسلامدا بولىپ، يسلام ءۇشىن جۇگىرىپتى، يسلامعا ەرىپتى، ولار سولاي ءوتىپ كەتىپتى، ال ءبىز جاسپىز، كوپ وقىعان كوزى اشىق ادامدارمىز» دەپ ايتار. ءيا، سەندەر وقىدىڭدار، ءبىراق ەشتەڭە تۇسىنبەيسىڭدەر، قازىرگىلەر مەكتەپتە، جوعارى مەكتەپتە، ۋنيۆەرسيتەتتە ءبىر-بىرىمەن دوس بولادى، سوسىن بۇل جاستار وزدەرىن تىم اقىلدى بىرەۋلەر سانايدى. جانە ولار اينالاسىندا جۇرگەندەرگە كوپ اسەر ەتەدى، ولاردىڭ ىشىندە كەيبىرى قۇتىلادى، كەيبىرى قۇتىلا المايدى، ال وسى قۇتىلماعاندارى اقيرەتكە بارعاندا توزاقتىڭ ءدال ورتاسىندا قالاتىن بولادى.
ولار توزاقتىڭ ورتاسىندا وتقا كۇيىپ، قاتتى ۇمىتسىزدىككە تۇسەدى، ال ولار وسى دۇنيەدە جۇرگەندە قانشا بوسسە، سونشا بوسە بەرسىن، قاتتى كەۋدەلەنىپ، سونشا ماقتانا بەرسىن، ءبىراق مىنا دۇنيە جارىق ەتىپ، بىردەمدە ءوتىپ كەتەدى. ال قالاتىنى سول، ولاردىڭ الدارىندا تۇرعان ماڭگىلىك توزاق بولادى، سوندىقتان ادامدار ويلانا ءبىلۋى كەرەك، ادامدى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جاراتتى، ءبىراق ادام اتادان باستاپ، قازىرگە دەيىن ادام بالاسىنىڭ ىشىندەگى نارسەلەر ۇقساس، ولار وزگەرمەدى. مەيلى، ولار ۇلكەن ماشيناعا ءمىنسىن، نەمەسە مىنگەنى كىشكەنە بولسىن، يا ءجۇرىڭىز، يا ەشتەڭەڭىز جوق بولسىن، ءبارىبىر ادام بالاسىنىڭ ىشىندەگى قاسيەتتەرمەن سيپاتتار سول ۇقساس كۇيىندە قالدى، ولار وزگەرگەن جوق.
سوندىقتان، اللا جولىنان كەتپەڭىز، اقيرەتتە وكىنىشكە قالماۋ ءۇشىن، ءوزىڭىزدى قۇتقارۋ ءۇشىن جاقسى ادامعا ەرىڭىز، ولارمەن بىرگە بولىڭىز، ولاردىڭ ايتقانى شىن، ال ءسىزدى اداستىراتىن ادامداردىڭ ايتقان ەشبىر ءسوزى شىن بولماس. ولاردان ەش پايدا جوق، ول تەك زالال عانا اكەلەدى، اللا ﷻ ءبىزدى جامان دوستان ساقتاعاي. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇران ءازيمۋ-ءشاندا ادام بالاسى، «توزاققا ءتۇسىپ، سەن سياقتى بولعالى از قالدىم، ەگەر اللا مەنى قۇتقارماسا، مەن دە سەن سياقتى توزاق ورتاسىنا تۇسەر ەدىم دەپ ايتار» دەيدى. اللا ﷻ ادامداردى قورعاعاي، اسىرەسە جاستاردى، ەرەسەكتەردى دە، بارلىعىن دا قورعاعاي، سەبەبى شايتان ءار ادامعا كەسىرىن تيگىزە الادى، ءار ادامنىڭ اقيرەتىمەن اقىرىن دا قۇرتا الادى. اللا ﷻ ءبىزدى كەسىرمەن جامان دوستان ساقتاعاي، يمانىمىزدى كۇشەيىتكەي، ءبىز اداسقانداردان بولمايىق، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8710