You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8602
Сұхбат: үңгірдегі жетеу жәйлы хикая, және кейбір дүниелік кеңестер (2) (2025.12.03 / Хижри 1447-жыл 12-Жұмадал Әл-Тәни)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(Türkiye, Tarsus, Mersin, Maqām and Masjid of As’hab Al-Kahf-да айтылған сұхбат) Біз қазір бұнда 5-10 минуттық сұхбат айталық, иншалла, ол мәжілісімізге береке болғай, иншалла. Бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّهُمْ فِتْيَةٌ ءَامَنُوا۟ بِرَبِّهِمْ وَزِدْنَـٰهُمْ هُدًى» яғни «расында, олар Раббысына сенген жастар еді, және Біз олардың туралықта арттырдық», (құран 18інші сүре 13інші аят). Алла Әззә уә-Жәллә құран әзиму-шәнда осы жастарды ортаға қояды, Ол бізге олардың хикаясын айтады. Олар өте бай, тым дәулетті адамдар еді, ең маңыздысы олар ақылды адамдар болатын, оларды Алла Әззә уә-Жәллә солай етіп жаратқан еді. Оларда барлығы болды да, ештеңені қажет етпеді, кейін олар адамдар құнды деп келген осыбір дүниелік нәрселерді Алла ﷻдың жолы үшін тастады, содан олар шынайы құны бар нәрсенің артына түсті. Ал нәпсілерін меңгеріп, осы нәрселерді тастау барлық адам бірдей істей беретін оңай шаруа емес, және олар өз патшасы жағынан сүйілген жандар еді.

Оларда ақша, байлық, мал-мүлік, әйел барлығы болды, оларда бүкілі болды, олар осындағы жәннәтта өмір сүріп жүргендей еді. Демек олар дүниелік жәннәтта өмір сүрді, бірақ кейін олар жағдайдың бұлай емес екендігін танып жетеді, жәннәт бұлармен болмайды, бұлары жәй қоқсық қана. Егер олар Алла ﷻдың жолында болмай, манағы патшаға құлшылық етсе, олар да тиндық құны жоқ біреулер болар еді. Олар, «патшамыз бір күні бізге ашуланып қалса, бізді лақтырып жіберер, немесе басымызды кесіп тастар, тіпті біз тірі жүрсек те, оның мәнісі жоқ екен» деп ойлайды. Алла ﷻ олардың жүрегін осылай хидаятқа бұрады, ал олар хидаятқа келген кезде, олар ең ұлық нығыметке жеткен болады, сонымен олар барлығын тастап, Алла ﷻдың жолына түсті, олардың еске алынғаны сол, Алла Әззә уә-Жәллә оларды құран әзиму-шәнда мәңгілікке мақтап қалдырды.

Шүкір-Алла, бұнда барып, зиярат етуге болатын бірнеше жерлер бар, еске аларлық жерлер бар, бірақ басты біреуі осы жерде, себебі Шайығымыз Мәуләнә Шайық Назым хазіретпен Қажы Анамызда осыған ұқсас тәжәлли бар. Яғни олар осы жерді көрсетіп, «олар бұнда» деп айтқан болатын, олардың шын жатқан жерлері дәл осы жер, бұрын біз тұрған Дамашықта да бір жер бар, бірақ оның бұнымен еш қатысы жоқ, Иорданияда да бір жер бар, бірақ ол ұқсамайды, ең басты жері осы жерде. Демек, құран әзиму-шәнда айтылған жер де, пайғамбарымыз ﷺмен әулиелер айтып кеткен жер де осы жер, шүкір-Алла. Осы жерді зиярат ету береке береді, әрине, әр жерден құт-береке ала аласыз. Ал құран-аят бағыштағанда оны барлық пайғамбарларға, барлық әулиелерге, барлық машайықтармен барлық игілерге бағыштайсыз, сонда олардың әрбірінің сауабы сізге келетін болады. Пайғамбарымыз ﷺ Алла Әззә уә-Жәлләның осындай жомарттығымен мейірімділігі жәйлы айтады, демек сіз оны олардың барлығының әруағына арнасаңыз, сондай көп сауапқа жететін боласыз.

Сондықтан, шүкір-Алла, біздің жолымыз мұсылмандардың жолы, мүминдердің жолы, сопылық тәриқаттағылардың жолы, осыған сенгендердің жолы, ол - ең сұлу жол, ең әдемі жол, бірақ әрине, шайтан оны қаламайды. Шайтан шапағатты түсінбейтін, әулиені білмейтін, пайғамбарлықты ұқпайтын адамдар тобын жасап шықты, содан осы адамдар, «олар да біз сияқты біреулер» деп, сарнап кетті. Егер сіз құран бағыштауды білсеңіз, онда оны өзіңіз үшін айтарсыз, ал Алла ﷻ оны қабыл етсе болды, сол жетер. Шүкір-Алла, ал біз оны әр жолы бағыштағанда, айтқанда, милиярттаған сауап табамыз. «Бірден онға дейін» дер пайғамбарымыз ﷺ, ал мына дүниеден қаншама милиярттаған мұсылмандармен мүминдер өтіп кетті, сонда біз қанша сауап тауып жатырмыз! шүкір-Алла, аса зор сауап-нығымет дегеніміз міне осылар.

Ал бүгінгі адамдардың қуып жүрген дүниелік нәрселері ақымақтық қана, ол - мүлдем ақымақтық, олар, «менде жұмыс жоқ, ақша жоқ, жұмыс істеген едім, бірақ ештеңе болмады» дер, ал оларға, «жұмысың болмаса, не болмақ, ал үлкен зиянға, банкортқа ұшырасаңше, сонда да тірі жүрсіңбе» делінсе, олар, «иә, тіріміз» дер. Себебі сіздің риздығыңыз бар, егер осы риздығыңыз болмаса, сіз тірі жүрмес едіңіз, демек риздығыңыз таусылмаса болғаны, тірі жүре бересіз. Сондықтан, оған шүкірлік етіңіз, бұндағы маңыздысы осы жолда болуыңыз-дүр, яғни Алла Әззә уә-Жәлләның жолында болсаңыз болғаны, сіз ештеңеден ұтылмайсыз. Пайғамбарымыз ﷺ, «мен мүминнің ісіне таңғаламын» дейді, себебі барлығы мүмин үшін жақсы болар, оған жақсы іс те қайырлы болады, жаман іс те қайырлы болады, ол үшін ештеңе босқа кетпейді, тіпті сізге жаман іс туылса да, оның сауабын аласыз.

Яғни мүмин кедей болса, ол кедейлігі үшін сауап алады, егер ол ауырса, ауырғаны үшін сауап алады, ол кезкелген қиындыққа жолықса да, оның сауабын алады, оған жақсы бірдеңе туылса да, оның сый-сауабын алады, себебі ол Аллаға шүкіршіл еді. Ал бүгінгі дүние адамдарды тек қана дүниенің артынан жүгірген тобыр етіп қойды, олар, «бұл адам маған бәлен іс істеді, ана адам түгілен іс істеді» дер, ал шындығында олар оған лайықты еді, себебі олар Алла Әззә уә-Жәлләның нығыметтерін тастап, өзгелерден нығымет іздеп кетті, пендеден дәме етті. Олар, «мына адам маған жақсылық істейді, ана адам маған жұмыс береді, бұл кісі маған бәлен іс істеп береді, ол адам менің жалақымды арттырады, мына адам менен алады, мына адам маған берер» деп ойлайды. Қараңыз, олар осылай тек осы дүниені ғана ойлап, Алла Әззә уә-Жәлләны тастады, Оны ұмытты. Демек, бұл адамдар тағы біреулерді бейне бір риздық берушідей көреді, ал риздықпен Алла Әззә уә-Жәллә қамдайды емеспе.

Қазіргі кезде бұл нәрселер көрнекі нәрселер болып кетті, олар дүйым елді алдап жүр, қазір бұрынғының адамдарындай адамдар қалмады, бұрынғылар Алла ﷻға сүйенетін, адамдар қаншама ашықты, шөлдеді, сонда да олар тірі жүрді, олар Алла ﷻдың риздығымен өмір сүрді. Ал бүгінгінің адамдары жейді, ішеді, оларда барлығы бар, бірақ сонда да олар оған қанағат етпейді. Қанағат Алла ﷻ жағынан берілген зор сауға, зор қазына, басқа ештеңе емес, ал қалғандары қажетсіз нәрселер, Алла ﷻ бізді панасына алғай. Себебі бұл бір сұмдық іс еді, сонда кім ештеңе күтпестен бере береді? министір немесе орынбасар министір сүйтеме? әмерика немесе африка сүйтеме? кім еш қарымжы күтпестен бере береді? мына дүниеде ақы сұрамастан бере алатын кім? ал бұнда ештеңе күтпеспен бере беретін ешкім жоқ, демек бұнда бірдеңе алсаңыз, оған сөзсіз бірдеңе қайтаруыңыз керек, мейлі ол қаншалықты кіші болсын, ол солай, ал қарымжы ақы алмастан бере Беруші Бірлән Алла Әззә уә-Жәллә ғана.

Сондықтан, сеніміңізді Алла ﷻға артыңыз да, мына қиын дүниелік заманнан өзіңізді құтқарыңыз, себебі кім Алла ﷻға сүйенсе, Алла ﷻ онымен бірге болады, «хасбиаллаху уа ниғмалуәкіл» деңіз, хасбиаллах дегеніміз Алла ﷻға сүйену. Алла ﷻ менің Көмекшім, ол Жәрдемдесуші, Оның қазынасы шексіз-дүр, Ол, «қалағаныңша сұрай бер» дейді. Ал қазір, қажет етсеңіз, адамдар сізге жарнама жасап береді, олар, «мына адам саған мынаны істеп береді, ананы істеп береді, мен саған бәлен беремін, одан соң сен түгілен ақша табасың» дейді, соданше? не қайтарады? ештеңе жоқ, олар осылай дер. Одан соң қарасаңыз, қолыңыздағының барлығы кетіп қалғанын байқайсыз, барлығын олар жұлып әкеткен. Демек, соңында бәзбіреулер болмашы нәрселермен қолыңыздағы барды тартып алады, сіздегі барды ұрлап кетеді, қасыңызда ештеңе қалдырмайды, сондықтан сақ болуыңыз керек, осыған көңіл бөліңіз. Ашкөздік бұл күнде өз шыңына жетті, барлық адам осы жағдайларды біледі, мәселен, кейде жаңа бірдеңе шығады да, біреу, «мен бәлен ұтып алдым» дер, одан оған мыңдаған адам секіре кетеді, бірақ барлығы ұтылып шығады.

Біз бұнда үш күн сапарда болдық, бұндағы көңіл бөлерлік маңызды іс сол, адамдар сіздің аңқаулығыңыздан пайдаланады, тіпті адам аңқау емес, бірақ ақылды болса да, манағы қулар оны алдап кетеді. Ештеңе ақысыз келмейді, сақ болыңыз, бұнда, «бірді беріп, мыңды табамын» деген нәрсе жоқ, әсіресе, осы кездерде бұндай нәрсе тіпті жоқ. Мал-мүлкіңізді қорғай біліңіз, әсіресе, осы жақынғы жылдар көптеген адамдар алданып, басындағы үйімен мүліктерін сатты, олар, «мен бір үй сатып, 300 үйге жетемін» деді, одан соң олар көшеде қаңғып қалды. Осы кездегі ең үлкен мәселе сол, біз көп көрген мәселе сол, «үйдің қожайыны бізді қуып жіберді» деу еді. Не үшін солай? оның баласы келеді, қызы келеді, ал шындығында ол оның жалға беру ақысын ұнатпайтын, ол бағаны тағы өсіргісі келеді. Ақылға қонымды болыңыз, тіпті өмір-өлім ісі болса да, тіпті біреулер сіз қалаған қызметті берсе де, тіпті олар мына дүниенің қазынасын алдыңызға жәйса да, «үйімді сатып, бизнис бастаймын» деп айтпаңыз. Басқа пана болған үйіңізде өмір сүріңіз, оны беріп жібермеңіз.

Ата-бабаларымыз, «үй бұнда, иман ақиретке» деп айтатұғын, сондықтан мұсылман үшін, мүминдер үшін осы екі іс аса маңызды болмақ. Пайғамбарымыз ﷺ да бір хадисінде осы дүниедегі маңызды үш нәрсе жәйлы айтқан болатын, олар, тұрарлық үй, жақсы әйел, және жақсы риздық еді. Сондықтан, осы үш нәрсе маңызды нәрселер болмақ, ал сіз бұнда осы кеңеске жақсы көңіл бөліңіз. Себебі, «біз ешкімді алдамаймыз» деп айтатын көптеген адамдар бар, бірақ олар алдайды, ел-жұрт оларға оңбай алданады. Алла ﷻ оларды кесірден сақтағай, мүминдерге береке келгей, мүминдер бір-бірін ақыл-кеңестерімен қолдағай, себебі пайғамбарымыз ﷺ, «дін дегеніміз нәсихат» дейді. Сондықтан айтып өткеніміздей, бизнис немесе басқа бірдеңе істкемекші болсаңыз, ешқашан оған бола үйіңізді я тұрағыңызды сатпаңыз. «Мен онымен тіпті де көп табыс табамын, көп шаруа тындырамын» деп сеніп қалмаңыз. Міне бұл кеңестер әркімге пайдалы болғай, иншалла, осында жатқан киелі жандардың берекесімен ол пайда бергей.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: ۇڭگىردەگى جەتەۋ ءجايلى حيكايا، جانە كەيبىر دۇنيەلىك كەڭەستەر (2) (2025.12.03 / حيجري 1447-جىل 12-جۇمادال ءال-ءتاني)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(Türkiye، Tarsus، Mersin، Maqām and Masjid of As’hab Al-Kahf-دا ايتىلعان سۇحبات) ءبىز ءقازىر بۇندا 5-10 مينۋتتىق سۇحبات ايتالىق، ينشاللا، ول ماجىلىسىمىزگە بەرەكە بولعاي، ينشاللا. بيسميللاحير راحمانير راحيم، «إِنَّهُمْ فِتْيَةٌ َءامَنُوا۟ بِرَبِّهِمْ وَزِدْنَـٰهُمْ هُدًى» ياعني «راسىندا، ولار راببىسىنا سەنگەن جاستار ەدى، جانە ءبىز ولاردىڭ تۋرالىقتا ارتتىردىق»، (قۇران 18ءىنشى سۇرە 13ءىنشى ايات). اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇران ءازيمۋ-ءشاندا وسى جاستاردى ورتاعا قويادى، ول بىزگە ولاردىڭ حيكاياسىن ايتادى. ولار وتە باي، تىم داۋلەتتى ادامدار ەدى، ەڭ ماڭىزدىسى ولار اقىلدى ادامدار بولاتىن، ولاردى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا سولاي ەتىپ جاراتقان ەدى. ولاردا بارلىعى بولدى دا، ەشتەڭەنى قاجەت ەتپەدى، كەيىن ولار ادامدار قۇندى دەپ كەلگەن ءوسىبىر دۇنيەلىك نارسەلەردى اللا ﷻدىڭ جولى ءۇشىن تاستادى، سودان ولار شىنايى قۇنى بار نارسەنىڭ ارتىنا ءتۇستى. ال ناپسىلەرىن مەڭگەرىپ، وسى نارسەلەردى تاستاۋ بارلىق ادام بىردەي ىستەي بەرەتىن وڭاي شارۋا ەمەس، جانە ولار ءوز پاتشاسى جاعىنان سۇيىلگەن جاندار ەدى.

ولاردا اقشا، بايلىق، مال-مۇلىك، ايەل بارلىعى بولدى، ولاردا بۇكىلى بولدى، ولار وسىنداعى ءجانناتتا ءومىر ءسۇرىپ جۇرگەندەي ەدى. دەمەك ولار دۇنيەلىك ءجانناتتا ءومىر ءسۇردى، ءبىراق كەيىن ولار جاعدايدىڭ بۇلاي ەمەس ەكەندىگىن تانىپ جەتەدى، ءجاننات بۇلارمەن بولمايدى، بۇلارى ءجاي قوقسىق قانا. ەگەر ولار اللا ﷻدىڭ جولىندا بولماي، ماناعى پاتشاعا قۇلشىلىق ەتسە، ولار دا تيندىق قۇنى جوق بىرەۋلەر بولار ەدى. ولار، «پاتشامىز ءبىر كۇنى بىزگە اشۋلانىپ قالسا، ءبىزدى لاقتىرىپ جىبەرەر، نەمەسە باسىمىزدى كەسىپ تاستار، ءتىپتى ءبىز ءتىرى جۇرسەك تە، ونىڭ ءمانىسى جوق ەكەن» دەپ ويلايدى. اللا ﷻ ولاردىڭ جۇرەگىن وسىلاي حيداياتقا بۇرادى، ال ولار حيداياتقا كەلگەن كەزدە، ولار ەڭ ۇلىق نىعىمەتكە جەتكەن بولادى، سونىمەن ولار بارلىعىن تاستاپ، اللا ﷻدىڭ جولىنا ءتۇستى، ولاردىڭ ەسكە الىنعانى سول، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولاردى قۇران ءازيمۋ-ءشاندا ماڭگىلىككە ماقتاپ قالدىردى.

شۇكىر-اللا، بۇندا بارىپ، زيارات ەتۋگە بولاتىن بىرنەشە جەرلەر بار، ەسكە الارلىق جەرلەر بار، ءبىراق باستى بىرەۋى وسى جەردە، سەبەبى شايىعىمىز ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتپەن قاجى انامىزدا وسىعان ۇقساس ءتاجاللي بار. ياعني ولار وسى جەردى كورسەتىپ، «ولار بۇندا» دەپ ايتقان بولاتىن، ولاردىڭ شىن جاتقان جەرلەرى ءدال وسى جەر، بۇرىن ءبىز تۇرعان داماشىقتا دا ءبىر جەر بار، ءبىراق ونىڭ بۇنىمەن ەش قاتىسى جوق، يوردانيادا دا ءبىر جەر بار، ءبىراق ول ۇقسامايدى، ەڭ باستى جەرى وسى جەردە. دەمەك، قۇران ءازيمۋ-ءشاندا ايتىلعان جەر دە، پايعامبارىمىز ﷺمەن اۋليەلەر ايتىپ كەتكەن جەر دە وسى جەر، شۇكىر-اللا. وسى جەردى زيارات ەتۋ بەرەكە بەرەدى، ارينە، ءار جەردەن قۇت-بەرەكە الا الاسىز. ال قۇران-ايات باعىشتاعاندا ونى بارلىق پايعامبارلارعا، بارلىق اۋليەلەرگە، بارلىق ماشايىقتارمەن بارلىق يگىلەرگە باعىشتايسىز، سوندا ولاردىڭ ءاربىرىنىڭ ساۋابى سىزگە كەلەتىن بولادى. پايعامبارىمىز ﷺ اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ وسىنداي جومارتتىعىمەن مەيىرىمدىلىگى ءجايلى ايتادى، دەمەك ءسىز ونى ولاردىڭ بارلىعىنىڭ ءارۋاعىنا ارناساڭىز، سونداي كوپ ساۋاپقا جەتەتىن بولاسىز.

سوندىقتان، شۇكىر-اللا، ءبىزدىڭ جولىمىز مۇسىلمانداردىڭ جولى، مۇميندەردىڭ جولى، سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلاردىڭ جولى، وسىعان سەنگەندەردىڭ جولى، ول - ەڭ سۇلۋ جول، ەڭ ادەمى جول، ءبىراق ارينە، شايتان ونى قالامايدى. شايتان شاپاعاتتى تۇسىنبەيتىن، اۋليەنى بىلمەيتىن، پايعامبارلىقتى ۇقپايتىن ادامدار توبىن جاساپ شىقتى، سودان وسى ادامدار، «ولار دا ءبىز سياقتى بىرەۋلەر» دەپ، سارناپ كەتتى. ەگەر ءسىز قۇران باعىشتاۋدى بىلسەڭىز، وندا ونى ءوزىڭىز ءۇشىن ايتارسىز، ال اللا ﷻ ونى قابىل ەتسە بولدى، سول جەتەر. شۇكىر-اللا، ال ءبىز ونى ءار جولى باعىشتاعاندا، ايتقاندا، ميليارتتاعان ساۋاپ تابامىز. «بىردەن ونعا دەيىن» دەر پايعامبارىمىز ﷺ، ال مىنا دۇنيەدەن قانشاما ميليارتتاعان مۇسىلماندارمەن مۇميندەر ءوتىپ كەتتى، سوندا ءبىز قانشا ساۋاپ تاۋىپ جاتىرمىز! شۇكىر-اللا، اسا زور ساۋاپ-نىعىمەت دەگەنىمىز مىنە وسىلار.

ال بۇگىنگى ادامداردىڭ قۋىپ جۇرگەن دۇنيەلىك نارسەلەرى اقىماقتىق قانا، ول - مۇلدەم اقىماقتىق، ولار، «مەندە جۇمىس جوق، اقشا جوق، جۇمىس ىستەگەن ەدىم، ءبىراق ەشتەڭە بولمادى» دەر، ال ولارعا، «جۇمىسىڭ بولماسا، نە بولماق، ال ۇلكەن زيانعا، بانكورتقا ۇشىراساڭشە، سوندا دا ءتىرى جۇرسىڭبە» دەلىنسە، ولار، «ءيا، ءتىرىمىز» دەر. سەبەبى ءسىزدىڭ ريزدىعىڭىز بار، ەگەر وسى ريزدىعىڭىز بولماسا، ءسىز ءتىرى جۇرمەس ەدىڭىز، دەمەك ريزدىعىڭىز تاۋسىلماسا بولعانى، ءتىرى جۇرە بەرەسىز. سوندىقتان، وعان شۇكىرلىك ەتىڭىز، بۇنداعى ماڭىزدىسى وسى جولدا بولۋىڭىز-ءدۇر، ياعني اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولىندا بولساڭىز بولعانى، ءسىز ەشتەڭەدەن ۇتىلمايسىز. پايعامبارىمىز ﷺ، «مەن ءمۇميننىڭ ىسىنە تاڭعالامىن» دەيدى، سەبەبى بارلىعى ءمۇمين ءۇشىن جاقسى بولار، وعان جاقسى ءىس تە قايىرلى بولادى، جامان ءىس تە قايىرلى بولادى، ول ءۇشىن ەشتەڭە بوسقا كەتپەيدى، ءتىپتى سىزگە جامان ءىس تۋىلسا دا، ونىڭ ساۋابىن الاسىز.

ياعني ءمۇمين كەدەي بولسا، ول كەدەيلىگى ءۇشىن ساۋاپ الادى، ەگەر ول اۋىرسا، اۋىرعانى ءۇشىن ساۋاپ الادى، ول كەزكەلگەن قيىندىققا جولىقسا دا، ونىڭ ساۋابىن الادى، وعان جاقسى بىردەڭە تۋىلسا دا، ونىڭ سىي-ساۋابىن الادى، سەبەبى ول اللاعا شۇكىرشىل ەدى. ال بۇگىنگى دۇنيە ادامداردى تەك قانا دۇنيەنىڭ ارتىنان جۇگىرگەن توبىر ەتىپ قويدى، ولار، «بۇل ادام ماعان بالەن ءىس ىستەدى، انا ادام تۇگىلەن ءىس ىستەدى» دەر، ال شىندىعىندا ولار وعان لايىقتى ەدى، سەبەبى ولار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ نىعىمەتتەرىن تاستاپ، وزگەلەردەن نىعىمەت ىزدەپ كەتتى، پەندەدەن دامە ەتتى. ولار، «مىنا ادام ماعان جاقسىلىق ىستەيدى، انا ادام ماعان جۇمىس بەرەدى، بۇل كىسى ماعان بالەن ءىس ىستەپ بەرەدى، ول ادام مەنىڭ جالاقىمدى ارتتىرادى، مىنا ادام مەنەن الادى، مىنا ادام ماعان بەرەر» دەپ ويلايدى. قاراڭىز، ولار وسىلاي تەك وسى دۇنيەنى عانا ويلاپ، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانى تاستادى، ونى ۇمىتتى. دەمەك، بۇل ادامدار تاعى بىرەۋلەردى بەينە ءبىر ريزدىق بەرۋشىدەي كورەدى، ال ريزدىقپەن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قامدايدى ەمەسپە.

قازىرگى كەزدە بۇل نارسەلەر كورنەكى نارسەلەر بولىپ كەتتى، ولار ءدۇيىم ەلدى الداپ ءجۇر، ءقازىر بۇرىنعىنىڭ ادامدارىنداي ادامدار قالمادى، بۇرىنعىلار اللا ﷻعا سۇيەنەتىن، ادامدار قانشاما اشىقتى، شولدەدى، سوندا دا ولار ءتىرى ءجۇردى، ولار اللا ﷻدىڭ ريزدىعىمەن ءومىر ءسۇردى. ال بۇگىنگىنىڭ ادامدارى جەيدى، ىشەدى، ولاردا بارلىعى بار، ءبىراق سوندا دا ولار وعان قاناعات ەتپەيدى. قاناعات اللا ﷻ جاعىنان بەرىلگەن زور ساۋعا، زور قازىنا، باسقا ەشتەڭە ەمەس، ال قالعاندارى قاجەتسىز نارسەلەر، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي. سەبەبى بۇل ءبىر سۇمدىق ءىس ەدى، سوندا كىم ەشتەڭە كۇتپەستەن بەرە بەرەدى؟ ءمينيستىر نەمەسە ورىنباسار ءمينيستىر سۇيتەمە؟ امەريكا نەمەسە افريكا سۇيتەمە؟ كىم ەش قارىمجى كۇتپەستەن بەرە بەرەدى؟ مىنا دۇنيەدە اقى سۇراماستان بەرە الاتىن كىم؟ ال بۇندا ەشتەڭە كۇتپەسپەن بەرە بەرەتىن ەشكىم جوق، دەمەك بۇندا بىردەڭە الساڭىز، وعان ءسوزسىز بىردەڭە قايتارۋىڭىز كەرەك، مەيلى ول قانشالىقتى كىشى بولسىن، ول سولاي، ال قارىمجى اقى الماستان بەرە بەرۋشى ءبىرلان اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا عانا.

سوندىقتان، سەنىمىڭىزدى اللا ﷻعا ارتىڭىز دا، مىنا قيىن دۇنيەلىك زاماننان ءوزىڭىزدى قۇتقارىڭىز، سەبەبى كىم اللا ﷻعا سۇيەنسە، اللا ﷻ ونىمەن بىرگە بولادى، «حاسبياللاحۋ ۋا نيعمالۋاكىل» دەڭىز، حاسبياللاح دەگەنىمىز اللا ﷻعا سۇيەنۋ. اللا ﷻ مەنىڭ كومەكشىم، ول جاردەمدەسۋشى، ونىڭ قازىناسى شەكسىز-ءدۇر، ول، «قالاعانىڭشا سۇراي بەر» دەيدى. ال ءقازىر، قاجەت ەتسەڭىز، ادامدار سىزگە جارناما جاساپ بەرەدى، ولار، «مىنا ادام ساعان مىنانى ىستەپ بەرەدى، انانى ىستەپ بەرەدى، مەن ساعان بالەن بەرەمىن، ودان سوڭ سەن تۇگىلەن اقشا تاباسىڭ» دەيدى، سودانشە؟ نە قايتارادى؟ ەشتەڭە جوق، ولار وسىلاي دەر. ودان سوڭ قاراساڭىز، قولىڭىزداعىنىڭ بارلىعى كەتىپ قالعانىن بايقايسىز، بارلىعىن ولار جۇلىپ اكەتكەن. دەمەك، سوڭىندا بازبىرەۋلەر بولماشى نارسەلەرمەن قولىڭىزداعى باردى تارتىپ الادى، سىزدەگى باردى ۇرلاپ كەتەدى، قاسىڭىزدا ەشتەڭە قالدىرمايدى، سوندىقتان ساق بولۋىڭىز كەرەك، وسىعان كوڭىل ءبولىڭىز. اشكوزدىك بۇل كۇندە ءوز شىڭىنا جەتتى، بارلىق ادام وسى جاعدايلاردى بىلەدى، ماسەلەن، كەيدە جاڭا بىردەڭە شىعادى دا، بىرەۋ، «مەن بالەن ۇتىپ الدىم» دەر، ودان وعان مىڭداعان ادام سەكىرە كەتەدى، ءبىراق بارلىعى ۇتىلىپ شىعادى.

ءبىز بۇندا ءۇش كۇن ساپاردا بولدىق، بۇنداعى كوڭىل بولەرلىك ماڭىزدى ءىس سول، ادامدار ءسىزدىڭ اڭقاۋلىعىڭىزدان پايدالانادى، ءتىپتى ادام اڭقاۋ ەمەس، ءبىراق اقىلدى بولسا دا، ماناعى قۋلار ونى الداپ كەتەدى. ەشتەڭە اقىسىز كەلمەيدى، ساق بولىڭىز، بۇندا، «ءبىردى بەرىپ، مىڭدى تابامىن» دەگەن نارسە جوق، اسىرەسە، وسى كەزدەردە بۇنداي نارسە ءتىپتى جوق. مال-مۇلكىڭىزدى قورعاي ءبىلىڭىز، اسىرەسە، وسى جاقىنعى جىلدار كوپتەگەن ادامدار الدانىپ، باسىنداعى ۇيىمەن مۇلىكتەرىن ساتتى، ولار، «مەن ءبىر ءۇي ساتىپ، 300 ۇيگە جەتەمىن» دەدى، ودان سوڭ ولار كوشەدە قاڭعىپ قالدى. وسى كەزدەگى ەڭ ۇلكەن ماسەلە سول، ءبىز كوپ كورگەن ماسەلە سول، «ءۇيدىڭ قوجايىنى ءبىزدى قۋىپ جىبەردى» دەۋ ەدى. نە ءۇشىن سولاي؟ ونىڭ بالاسى كەلەدى، قىزى كەلەدى، ال شىندىعىندا ول ونىڭ جالعا بەرۋ اقىسىن ۇناتپايتىن، ول باعانى تاعى وسىرگىسى كەلەدى. اقىلعا قونىمدى بولىڭىز، ءتىپتى ءومىر-ءولىم ءىسى بولسا دا، ءتىپتى بىرەۋلەر ءسىز قالاعان قىزمەتتى بەرسە دە، ءتىپتى ولار مىنا دۇنيەنىڭ قازىناسىن الدىڭىزعا ءجايسا دا، «ءۇيىمدى ساتىپ، بيزنيس باستايمىن» دەپ ايتپاڭىز. باسقا پانا بولعان ۇيىڭىزدە ءومىر ءسۇرىڭىز، ونى بەرىپ جىبەرمەڭىز.

اتا-بابالارىمىز، «ءۇي بۇندا، يمان اقيرەتكە» دەپ ايتاتۇعىن، سوندىقتان مۇسىلمان ءۇشىن، مۇميندەر ءۇشىن وسى ەكى ءىس اسا ماڭىزدى بولماق. پايعامبارىمىز ﷺ دا ءبىر حاديسىندە وسى دۇنيەدەگى ماڭىزدى ءۇش نارسە ءجايلى ايتقان بولاتىن، ولار، تۇرارلىق ءۇي، جاقسى ايەل، جانە جاقسى ريزدىق ەدى. سوندىقتان، وسى ءۇش نارسە ماڭىزدى نارسەلەر بولماق، ال ءسىز بۇندا وسى كەڭەسكە جاقسى كوڭىل ءبولىڭىز. سەبەبى، «ءبىز ەشكىمدى الدامايمىز» دەپ ايتاتىن كوپتەگەن ادامدار بار، ءبىراق ولار الدايدى، ەل-جۇرت ولارعا وڭباي الدانادى. اللا ﷻ ولاردى كەسىردەن ساقتاعاي، مۇميندەرگە بەرەكە كەلگەي، مۇميندەر ءبىر-ءبىرىن اقىل-كەڭەستەرىمەن قولداعاي، سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ، «ءدىن دەگەنىمىز ءناسيحات» دەيدى. سوندىقتان ايتىپ وتكەنىمىزدەي، بيزنيس نەمەسە باسقا بىردەڭە ىستكەمەكشى بولساڭىز، ەشقاشان وعان بولا ءۇيىڭىزدى يا تۇراعىڭىزدى ساتپاڭىز. «مەن ونىمەن ءتىپتى دە كوپ تابىس تابامىن، كوپ شارۋا تىندىرامىن» دەپ سەنىپ قالماڭىز. مىنە بۇل كەڭەستەر اركىمگە پايدالى بولعاي، ينشاللا، وسىندا جاتقان كيەلى جانداردىڭ بەرەكەسىمەن ول پايدا بەرگەي.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8602