https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8601
Сұхбат: қайткенде жүрегіңіз тыныш болады, жәйлы жүреді? (2025.12.03 / Хижри 1447-жыл 12-Жұмадал Әл-Тәни)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «أَلَا بِذِكْرِ اللَّهِ تَطْمَئِنُّ الْقُلُوبُ» яғни «расында, жүректер Алланы зікірлеумен тыныштық табады», (құран 13інші сүре 28інші аят). Жүректердің тыныштық тауып, қанағатқа жетуі үшін, ішкі тыныштыққа жетуі үшін не керек? ол үшін Алла Әззә уә-Жәлләны зікірлеу керек, Алла Әззә уә-Жәлләның есімдерін айту керек, Оған сену керек, тыныштыққа жетудің бұдан басқа еш жолы жоқ. Ал шайтан болса адамдарды адастырып, оларды әтеист, деист, және басқа не білмедім, сондай бірдеңелер етіп жіберді, олар осындай көптеген нәрселермен келеді. Немесе олар, «біз осызаманданып кеттік, біз ақылдымыз, бізден ақылды ешкім жоқ» дер, иә, сен ақылды болдың, таланытты болдың делік, бірақ жүрегіңде бір тыныштық барма? өзіңмен өзің тыныштықта бола алып жүрсіңбе? ішкі дүниең жәйлы жүрме? онда рахат барма? демалыс барма? жоқ, бұл не үшін? себебі сендер Алла Әззә уә-Жәлләдан тым алыстап кеттіңдер.
Сізді жаратқан Алла Әззә уә-Жәллә, жолды көрсетіп қойған да Осы жаратушыңыз, демек әдеміліктің жолын көрсетуші осы Бірлән Алла Әззә уә-Жәллә, Оның жолы сұлулықтың жолы, әдеміліктің жолы, қанағатқа жетудің жолы, ол - тыныштықтың жолы. Рахат та, жәйлылық та, тыныштық та осы жолда, Алла Әззә уә-Жәллә жағынан көрсетілген жол барша игіліке апаратын жол болмақ, себебі Ол сізді жаратты, сіз өзіңізді өзіңіз жаратқан жоқсыз, сізді Алла ﷻ жаратты. Ол сіздің ет-сүйегіңізді, қан-жыныңызды жаратты, Ол сіздегі барлығын жаратты, Ол сізді жаратқаны сияқты, сонымен бірге Ол сізге не істеу керектігін де көрсетті, оны айтты. Ал егер сіз айтылғандай істемей, өз ойыңыз бойынша іс қылсаңыз, ол жұмыс істемейді, мәселен, сіз бір машинаны жасай алмай тұрып, онымен не істеу керектігін білмей тұрып, «жоқ, мен бұл машинаны жөндеп жіберемін» деп айта алмайсыз емеспе, ал олай етсеңіз, тіпті де көп ақша төлейсіз, оны құртасыз, соңында оны бұзып, лақтырып жбіересіз, оның еш пайдасы қалмайды. Біліңіз, сіз де осы сияқтысыз.
Демек, адам тыныштыққа жетіп, жәйлы болуы үшін, рахат жүруі үшін, жүрек қанағат тауып, ақиреті әдемі болуы үшін, ол Алла ﷻды зікірлеуі, Оны ұдайы еске алуы керек, Алла Әззә уә-Жәлләға сенуі керек, ұдайы Алла Әззә уә-Жәлләның есімін айтуы керек. Олар қиындықта қалғанда оны айтсын, ал қазір олар, «біз әтеист болып кеттік» дейді, тағы не болып кеткенін білмедім, олар сондай бірдеңе болып кеткенін айтып жатады. Алайда, іс туыла қалса, олар, «о Алла» деп, айғай салады, бірдеңе сәл сілкінсе де осылай, «Алла» деп айғайлайды, бұл қалай, сен әтеист емес екенсің ғой ... демек бұл Алла Әззә уә-Жәлләның оны адамның ішіне салып қойғанын білдіреді, яғни оларға жол көрсететін нәрсенін салғанын білдіреді. Алла ﷻ оларды тынбай ескертіп келеді, бірақ одан соң шайтан манағы адамдарды тағы жеңіп, оларды тағы адастырып жібереді, сондықтан Алла ﷻ олардың барлығын хидаятқа бастағай, олар адасып кетпегей. Ал адамдардың үйренген соң оларды адастыруға бастайтын білімдері ешқандай білім емес, надандық қана, басқа дәнеңе емес. Білім дегеніміз білу, ал білу дегеніміз не? ол Жаратушысын тану. Алла ﷻ олардың барлығын хидаятқа бастағай, олар тура жолға қайта келгей, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: قايتكەندە جۇرەگىڭىز تىنىش بولادى، ءجايلى جۇرەدى؟ (2025.12.03 / حيجري 1447-جىل 12-جۇمادال ءال-ءتاني)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «أَلَا بِذِكْرِ اللَّهِ تَطْمَئِنُّ الْقُلُوبُ» ياعني «راسىندا، جۇرەكتەر اللانى زىكىرلەۋمەن تىنىشتىق تابادى»، (قۇران 13ءىنشى سۇرە 28ءىنشى ايات). جۇرەكتەردىڭ تىنىشتىق تاۋىپ، قاناعاتقا جەتۋى ءۇشىن، ىشكى تىنىشتىققا جەتۋى ءۇشىن نە كەرەك؟ ول ءۇشىن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانى زىكىرلەۋ كەرەك، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ەسىمدەرىن ايتۋ كەرەك، وعان سەنۋ كەرەك، تىنىشتىققا جەتۋدىڭ بۇدان باسقا ەش جولى جوق. ال شايتان بولسا ادامداردى اداستىرىپ، ولاردى اتەيست، دەيست، جانە باسقا نە بىلمەدىم، سونداي بىردەڭەلەر ەتىپ جىبەردى، ولار وسىنداي كوپتەگەن نارسەلەرمەن كەلەدى. نەمەسە ولار، «ءبىز وسىزاماندانىپ كەتتىك، ءبىز اقىلدىمىز، بىزدەن اقىلدى ەشكىم جوق» دەر، ءيا، سەن اقىلدى بولدىڭ، تالانىتتى بولدىڭ دەلىك، ءبىراق جۇرەگىڭدە ءبىر تىنىشتىق بارما؟ وزىڭمەن ءوزىڭ تىنىشتىقتا بولا الىپ جۇرسىڭبە؟ ىشكى دۇنيەڭ ءجايلى جۇرمە؟ وندا راحات بارما؟ دەمالىس بارما؟ جوق، بۇل نە ءۇشىن؟ سەبەبى سەندەر اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان تىم الىستاپ كەتتىڭدەر.
ءسىزدى جاراتقان اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، جولدى كورسەتىپ قويعان دا وسى جاراتۋشىڭىز، دەمەك ادەمىلىكتىڭ جولىن كورسەتۋشى وسى ءبىرلان اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، ونىڭ جولى سۇلۋلىقتىڭ جولى، ادەمىلىكتىڭ جولى، قاناعاتقا جەتۋدىڭ جولى، ول - تىنىشتىقتىڭ جولى. راحات تا، ءجايلىلىق تا، تىنىشتىق تا وسى جولدا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جاعىنان كورسەتىلگەن جول بارشا يگىلىكە اپاراتىن جول بولماق، سەبەبى ول ءسىزدى جاراتتى، ءسىز ءوزىڭىزدى ءوزىڭىز جاراتقان جوقسىز، ءسىزدى اللا ﷻ جاراتتى. ول ءسىزدىڭ ەت-سۇيەگىڭىزدى، قان-جىنىڭىزدى جاراتتى، ول سىزدەگى بارلىعىن جاراتتى، ول ءسىزدى جاراتقانى سياقتى، سونىمەن بىرگە ول سىزگە نە ىستەۋ كەرەكتىگىن دە كورسەتتى، ونى ايتتى. ال ەگەر ءسىز ايتىلعانداي ىستەمەي، ءوز ويىڭىز بويىنشا ءىس قىلساڭىز، ول جۇمىس ىستەمەيدى، ماسەلەن، ءسىز ءبىر ماشينانى جاساي الماي تۇرىپ، ونىمەن نە ىستەۋ كەرەكتىگىن بىلمەي تۇرىپ، «جوق، مەن بۇل ماشينانى جوندەپ جىبەرەمىن» دەپ ايتا المايسىز ەمەسپە، ال ولاي ەتسەڭىز، ءتىپتى دە كوپ اقشا تولەيسىز، ونى قۇرتاسىز، سوڭىندا ونى بۇزىپ، لاقتىرىپ جبىەرەسىز، ونىڭ ەش پايداسى قالمايدى. ءبىلىڭىز، ءسىز دە وسى سياقتىسىز.
دەمەك، ادام تىنىشتىققا جەتىپ، ءجايلى بولۋى ءۇشىن، راحات ءجۇرۋى ءۇشىن، جۇرەك قاناعات تاۋىپ، اقيرەتى ادەمى بولۋى ءۇشىن، ول اللا ﷻدى زىكىرلەۋى، ونى ۇدايى ەسكە الۋى كەرەك، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا سەنۋى كەرەك، ۇدايى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ەسىمىن ايتۋى كەرەك. ولار قيىندىقتا قالعاندا ونى ايتسىن، ال ءقازىر ولار، «ءبىز اتەيست بولىپ كەتتىك» دەيدى، تاعى نە بولىپ كەتكەنىن بىلمەدىم، ولار سونداي بىردەڭە بولىپ كەتكەنىن ايتىپ جاتادى. الايدا، ءىس تۋىلا قالسا، ولار، «و اللا» دەپ، ايعاي سالادى، بىردەڭە ءسال سىلكىنسە دە وسىلاي، «اللا» دەپ ايعايلايدى، بۇل قالاي، سەن اتەيست ەمەس ەكەنسىڭ عوي ... دەمەك بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ونى ادامنىڭ ىشىنە سالىپ قويعانىن بىلدىرەدى، ياعني ولارعا جول كورسەتەتىن نارسەنىن سالعانىن بىلدىرەدى. اللا ﷻ ولاردى تىنباي ەسكەرتىپ كەلەدى، ءبىراق ودان سوڭ شايتان ماناعى ادامداردى تاعى جەڭىپ، ولاردى تاعى اداستىرىپ جىبەرەدى، سوندىقتان اللا ﷻ ولاردىڭ بارلىعىن حيداياتقا باستاعاي، ولار اداسىپ كەتپەگەي. ال ادامداردىڭ ۇيرەنگەن سوڭ ولاردى اداستىرۋعا باستايتىن بىلىمدەرى ەشقانداي ءبىلىم ەمەس، ناداندىق قانا، باسقا دانەڭە ەمەس. ءبىلىم دەگەنىمىز ءبىلۋ، ال ءبىلۋ دەگەنىمىز نە؟ ول جاراتۋشىسىن تانۋ. اللا ﷻ ولاردىڭ بارلىعىن حيداياتقا باستاعاي، ولار تۋرا جولعا قايتا كەلگەي، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8601