https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8582
Сұхбат: өзіңе қатссыз іспен өзге ісіне араласпа, өз жөніңді түзе (2025.11.19 / Хижри 1447-жыл 28-Жұмадал Әл-Ауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ бізге, «مِنْ حُسْنِ إسْلَامِ الْمَرْءِ تَرْكُهُ مَا لَا يَعْنِيهِ» яғни «өзіне қатысы жоқ іске араласпау - исламдағы кемелділіктің бірі» дейді, садақа расуллаһ фимақал аукамақал. Демек, пайғамбарымыз ﷺ, «біреудің өзімен қатысы жоқ іске араласпауы, оның жақсы мұсылман екендігісінің белгісі» дер, бұндай адамдар өз шаруасымен қатысы жоқ істерге араласпайды. Адамдар тура жолда болуы керек, өз жөндеріне қарауы керек, осылай өздерінің хәл-күйін жақсартуы тиіс, ал егер өзгелер кеңес сұраса, көмек сұраса, немесе көзғарасыңызды сұраса, оларға оны айтуыңызға болады. Алайда, біреудің ісіне араласып, «сен былай істеуің керек, мен сендердің істеп жатқан істеріңді ұнатпаймын, әсілі сен былай етуің керек» деп айту дұрыс емес, бұл жақсы іс емес.
Пайғамбарымыз ﷺ бұнда тағы «малаяни» яғни «бос іс» деп айту арқылы, адамдардың өздерімен қатысы жоқ істерге немесе қажетсіз істерге араласуы жақсы емес екендігін айтуда. Сіз пайдалы істерді істеуіңіз керек, өзіңізге көңіл бөліңіз, және отбасыңызға көңіл бөліңіз, ал егер достарыңыз немесе таныстарыңыз болса, оларға көмектесіңіз. Егер олар сізден бірдеңе сұраса, көмек сұраса, оларға көмектесуіңіз керек. Ал қазір әр адам барлық іске араласып алатын болды, олар әркімге өздерінің көзғарасын айтады, жастан тартып, кәріге дейін осылай болып кеткен. Олар тағы біреулерді ұрсады, боқтайды, оларды жақсы көрмейді. Бірақ сіз ең әуелі өз жөніңізге қарап алыңыз, өзіңіз қалай болып жатырсыз? өзіңіз жақсырақ болып кеттіңізбе? демек, өз хәліңізді жақсартып, өзіңізді жөндеп алыңыз, маңызды шаруа міне осы.
Егер әр адам өз жөндерін түзеп, өз жағдайларын жақсыласа, бүкіл барлығы да өте жақсы болар еді, бірақ сіз өзгелердің қателігіне қарамақшы болсаңыз, ең алдымен өзіңіздің қателігіңізге қарап көруіңіз керек. Содан ол кемшіліктеріңізді кетіріңіз, өзіңізді жақсы адам етіп алыңыз, содан басқа шаруаңыз болмас. Демек, әр адам өзіне қарап, өзін жөндесе, ол қоғам, ол жамағат, ол қауым жақсы қауым болар еді, жақсы қоғам болар еді. Сондықтан, пайғамбарымыз ﷺның әрбір сөзі баға жетпес асыл-дүр, ол - өте қымбат. Оның айтқан сөзі қысқа ғана хадис, бірақ ол бүкіл қауыммен қоғамды түзеп, жөндеуге жетіп асады. Ал қазір оның керісі болуда, яғни әр адам басқа біреулердің кемшіліктерімен жетіспеушіліктерін іздеуге кірісіп кеткен, олар сонымен әбігер. Алла ﷻ баршамызды оңалытқай, және бізді тура жолдан адастырып жібермегей.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: وزىڭە قاتسسىز ىسپەن وزگە ىسىنە ارالاسپا، ءوز ءجونىڭدى تۇزە (2025.11.19 / حيجري 1447-جىل 28-جۇمادال ءال-اۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) پايعامبارىمىز ﷺ بىزگە، «مِنْ حُسْنِ إسْلَامِ ءالْمَرِْ تَرْكُهُ مَا لَا يَعْنِيهِ» ياعني «وزىنە قاتىسى جوق ىسكە ارالاسپاۋ - يسلامداعى كەمەلدىلىكتىڭ ءبىرى» دەيدى، ساداقا راسۋللاھ فيماقال اۋكاماقال. دەمەك، پايعامبارىمىز ﷺ، «بىرەۋدىڭ وزىمەن قاتىسى جوق ىسكە ارالاسپاۋى، ونىڭ جاقسى مۇسىلمان ەكەندىگىسىنىڭ بەلگىسى» دەر، بۇنداي ادامدار ءوز شارۋاسىمەن قاتىسى جوق ىستەرگە ارالاسپايدى. ادامدار تۋرا جولدا بولۋى كەرەك، ءوز جوندەرىنە قاراۋى كەرەك، وسىلاي وزدەرىنىڭ ءحال-كۇيىن جاقسارتۋى ءتيىس، ال ەگەر وزگەلەر كەڭەس سۇراسا، كومەك سۇراسا، نەمەسە كوزعاراسىڭىزدى سۇراسا، ولارعا ونى ايتۋىڭىزعا بولادى. الايدا، بىرەۋدىڭ ىسىنە ارالاسىپ، «سەن بىلاي ىستەۋىڭ كەرەك، مەن سەندەردىڭ ىستەپ جاتقان ىستەرىڭدى ۇناتپايمىن، ءاسىلى سەن بىلاي ەتۋىڭ كەرەك» دەپ ايتۋ دۇرىس ەمەس، بۇل جاقسى ءىس ەمەس.
پايعامبارىمىز ﷺ بۇندا تاعى «مالاياني» ياعني «بوس ءىس» دەپ ايتۋ ارقىلى، ادامداردىڭ وزدەرىمەن قاتىسى جوق ىستەرگە نەمەسە قاجەتسىز ىستەرگە ارالاسۋى جاقسى ەمەس ەكەندىگىن ايتۋدا. ءسىز پايدالى ىستەردى ىستەۋىڭىز كەرەك، وزىڭىزگە كوڭىل ءبولىڭىز، جانە وتباسىڭىزعا كوڭىل ءبولىڭىز، ال ەگەر دوستارىڭىز نەمەسە تانىستارىڭىز بولسا، ولارعا كومەكتەسىڭىز. ەگەر ولار سىزدەن بىردەڭە سۇراسا، كومەك سۇراسا، ولارعا كومەكتەسۋىڭىز كەرەك. ال ءقازىر ءار ادام بارلىق ىسكە ارالاسىپ الاتىن بولدى، ولار اركىمگە وزدەرىنىڭ كوزعاراسىن ايتادى، جاستان تارتىپ، كارىگە دەيىن وسىلاي بولىپ كەتكەن. ولار تاعى بىرەۋلەردى ۇرسادى، بوقتايدى، ولاردى جاقسى كورمەيدى. ءبىراق ءسىز ەڭ اۋەلى ءوز جونىڭىزگە قاراپ الىڭىز، ءوزىڭىز قالاي بولىپ جاتىرسىز؟ ءوزىڭىز جاقسىراق بولىپ كەتتىڭىزبە؟ دەمەك، ءوز ءحالىڭىزدى جاقسارتىپ، ءوزىڭىزدى جوندەپ الىڭىز، ماڭىزدى شارۋا مىنە وسى.
ەگەر ءار ادام ءوز جوندەرىن تۇزەپ، ءوز جاعدايلارىن جاقسىلاسا، بۇكىل بارلىعى دا وتە جاقسى بولار ەدى، ءبىراق ءسىز وزگەلەردىڭ قاتەلىگىنە قاراماقشى بولساڭىز، ەڭ الدىمەن ءوزىڭىزدىڭ قاتەلىگىڭىزگە قاراپ كورۋىڭىز كەرەك. سودان ول كەمشىلىكتەرىڭىزدى كەتىرىڭىز، ءوزىڭىزدى جاقسى ادام ەتىپ الىڭىز، سودان باسقا شارۋاڭىز بولماس. دەمەك، ءار ادام وزىنە قاراپ، ءوزىن جوندەسە، ول قوعام، ول جاماعات، ول قاۋىم جاقسى قاۋىم بولار ەدى، جاقسى قوعام بولار ەدى. سوندىقتان، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ءاربىر ءسوزى باعا جەتپەس اسىل-ءدۇر، ول - وتە قىمبات. ونىڭ ايتقان ءسوزى قىسقا عانا حاديس، ءبىراق ول بۇكىل قاۋىممەن قوعامدى تۇزەپ، جوندەۋگە جەتىپ اسادى. ال ءقازىر ونىڭ كەرىسى بولۋدا، ياعني ءار ادام باسقا بىرەۋلەردىڭ كەمشىلىكتەرىمەن جەتىسپەۋشىلىكتەرىن ىزدەۋگە كىرىسىپ كەتكەن، ولار سونىمەن ابىگەر. اللا ﷻ بارشامىزدى وڭالىتقاي، جانە ءبىزدى تۋرا جولدان اداستىرىپ جىبەرمەگەي.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8582