https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8581
Сұхбат: не үшін пайғамбарлармен әулиелердің қабырын ұдайы зиярат етеміз? (2025.11.17 / Хижри 1447-жыл 26-Жұмадал Әл-Ауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Cyprus, Lefke Shaykh Nazim's Dergah-да айтылған сұхбат) Пайғамбарымыз ﷺ біз тұрған осы аралды (кипірді) мадақтаған, шүкір-Алла, бұл жер исламның сонау басталысымен-ақ мұсылмандар жағынан қастерленді. Бұл жерлер онда бірдей ислам және пайғамбарлар болуы үшін Алла Әззә уә-Жәллә жағынан таңдалынды, олардың көбі осы өңірлерден, осы жерлерден шықты, яғни хижаз, дамашық, иемен сияқты жерлерден шықты. Әрине, Алла ﷻ дүниенің әр жеріне пайғамбарларын жіберді, пайғамбарлар әр елге жіберілген, бірақ негізінен осыбір жерлер құтты болды, себебі пайғамбарлардың басым сандысы осы жерлерден шыққан еді. Олар берекелі болды, себебі бұл жерлерге пайғамбарлар көптеп келді, көптеп сапарларды, хабар жеткізді, демек исламмен адамдықтың туылған жерлері осы жерлер болды. Әрине, Алла Әззә уә-Жәллә Адам әлейхиссаламды жәннәтта жаратты, және ол сонда болды, бірақ ол жерге жіберілген соң оның ұрпақтарынан шыққан пайғамбарлардың көбі осы өңірлерде, осы аралда өмір сүрді.
Олардың құтты жері, берекелі қабырлары осы жерлерде өте көп, ал оларға зиярат жасау, зиярат етушілерге осы пайғамбарлардың құт-берекесімен медетін сыйлайды. Одан соң сахабалардың, әхлул-бәйіттердің, әулиелердің, және салихтардың қабырларына барып, оларды зиярат ету адамдарға береке, тәжәлли, және рахым алып келеді. Себебі бұл киелі адамдар қайда болса, сол араға қияметке дейін Алла Әззә уә-Жәлләның рахымы түсіп тұрады, сондықтан олар зиярат еткендерге игілік әкеледі. Ал бүгінгі, «сендер қабырға құлшылық етіп жүрсіңдер» деген надан-ақымақ адамдардың сөзіне құлақ салмаңдар. Жоқ, біз қалай қабырға құлшылық етіп жүрміз? ал егер құлшылық ету керек болса, біз қайда құлшылық ету керектігін білеміз, ол сендердің айтқандай нәрсе емес. Біз Алла Әззә уә-Жәлләға құлшылық етеміз, жүзімізді қыбылаға түзеп, Алла ﷻға құлшылық етеміз, біз пайғамбарымыз ﷺ көрсеткен жолда жүріп барамыз, шүкірАлла. Біздің осы аралда құтты сахабалармен әулиелер көп, олардың кейбірі білінген, кейбірі білінбеген, тіпті Иса әлейхиссалам пайғамбардың мүриті болған, шын інжілді жазған Барнабас та осы аралда, оның қабыры да осында жатыр.
Оған баруға, оны зияраттауға болады, оның қазіргі христандықпен еш қатсысы жоқ, ол бұдқа құлшылық етуші емес, оның інжілі - шын інжіл, олар оны көрсетпейді, бұл басқа бір мәселе, бірақ ол Иса әлейхиссалам пайғамбардың кезінде болған, және ол онымен бірге жүрген. Оның жазғаны шын інжіл, ол Сәйдина Иса әлейхиссаламның пайғамбар болғандығын түсіндіріп, оны анық көрсетеді. Тіпті христандардың өзі әйгілі кітаптарында оны Барнабас деген атпен біледі, бірақ олар тек оның есімін ғана біледі, одан басқа ештеңе білмейді, олар оның інжіл жазғанын да білмейді. Оның жазған өз інжілі бар, бірақ әрине, егер ол інжіл жарыққа шығатын болса, христандардың бүкіл өтіріктері ашылып қалатын болады. Содан олардың қазіргі христан сенімі талқан болып, олар мұсылман болып кетеді. Ал олар бұны қаламайды, сондықтан олар Барнабастың жазған інжілін жасырады, олар оны дүниелік пайда үшін, жеке мүдде үшін, билік үшін жасырады, олар осындай толып жатқан себептерге байланысты оны жасырады. Олар бұны шайтанның әміріне бағынып, оның даргайында болу үшін, шайтанмен бірге болу үшін істейді.
Міне, осы істер маңызды, қабырға құлшылық етілмес, бірақ біз құтты адамдарға түскен Алла Әззә уә-Жәлләның берекесімен рахымынан үлес алу үшін олардың қабырларына зиярат жасаймыз. Сонымен бірге, біз осыбір адамдардың қалай әдемі өмір сүргенін, исламға қалай қызмет еткенін, Алла ﷻға қалай бойұсынғанын, және олардың өзгелерді қалай хидаятқа әкелгенін көреміз. Демек салихтардың, пайғамбарлардың қабырларын зиярат ету өте әдемі, өте маңызды істерден болмақ. Ең бірінші, және ең әуелі болып, біздің пайғамбарымыз ﷺның қасиетті қабыры ең киелі, ол - біздің басымыздағы асыл тәж, көзіміздегі нұр, ең бірінші, ең алдынғы шаруа міне осы. Одан соң сахабалар, әхлул-бәйіттер, әулиелер келер, олардың барлығын зиярат ету керек, сонда Алла ﷻдың рұхсатымен олардың құт-берекесінен үлес аламыз. Ал бұнда ел-жұртты алжастырып жүрген көптеген адамдар бар, бірақ сіздер оларға құлақ салмаңыздар. Себебі олар өздерінің не айтып, не қойғанын білмейтін, ал оқып жүргендерін түсінбейтін адамдар. Олар тіпті өздерінің тоңмойындығынан уаз кешкісі келмейді, оны тастағысы келмейді, олар маңызды адамдар емес. Ал маңыздысы сол, Алла Әззә уә-Жәллә бізді осындай әдемі жерлерде жаратты, және бізді осыбір әдемі жолға салып қойды. Алла ﷻ бұл жолды баянды еткей, және біз мәңгілік осы жолда болайық, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: نە ءۇشىن پايعامبارلارمەن اۋليەلەردىڭ قابىرىن ۇدايى زيارات ەتەمىز؟ (2025.11.17 / حيجري 1447-جىل 26-جۇمادال ءال-اۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Cyprus، Lefke Shaykh Nazim's Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) پايعامبارىمىز ﷺ ءبىز تۇرعان وسى ارالدى (كيپىردى) ماداقتاعان، شۇكىر-اللا، بۇل جەر يسلامنىڭ سوناۋ باستالىسىمەن-اق مۇسىلماندار جاعىنان قاستەرلەندى. بۇل جەرلەر وندا بىردەي يسلام جانە پايعامبارلار بولۋى ءۇشىن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جاعىنان تاڭدالىندى، ولاردىڭ كوبى وسى وڭىرلەردەن، وسى جەرلەردەن شىقتى، ياعني حيجاز، داماشىق، يەمەن سياقتى جەرلەردەن شىقتى. ارينە، اللا ﷻ دۇنيەنىڭ ءار جەرىنە پايعامبارلارىن جىبەردى، پايعامبارلار ءار ەلگە جىبەرىلگەن، ءبىراق نەگىزىنەن ءوسىبىر جەرلەر قۇتتى بولدى، سەبەبى پايعامبارلاردىڭ باسىم ساندىسى وسى جەرلەردەن شىققان ەدى. ولار بەرەكەلى بولدى، سەبەبى بۇل جەرلەرگە پايعامبارلار كوپتەپ كەلدى، كوپتەپ ساپارلاردى، حابار جەتكىزدى، دەمەك يسلاممەن ادامدىقتىڭ تۋىلعان جەرلەرى وسى جەرلەر بولدى. ارينە، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ادام الەيحيسسالامدى ءجانناتتا جاراتتى، جانە ول سوندا بولدى، ءبىراق ول جەرگە جىبەرىلگەن سوڭ ونىڭ ۇرپاقتارىنان شىققان پايعامبارلاردىڭ كوبى وسى وڭىرلەردە، وسى ارالدا ءومىر ءسۇردى.
ولاردىڭ قۇتتى جەرى، بەرەكەلى قابىرلارى وسى جەرلەردە وتە كوپ، ال ولارعا زيارات جاساۋ، زيارات ەتۋشىلەرگە وسى پايعامبارلاردىڭ قۇت-بەرەكەسىمەن مەدەتىن سىيلايدى. ودان سوڭ ساحابالاردىڭ، ءاحلۋل-بايىتتەردىڭ، اۋليەلەردىڭ، جانە ساليحتاردىڭ قابىرلارىنا بارىپ، ولاردى زيارات ەتۋ ادامدارعا بەرەكە، ءتاجاللي، جانە راحىم الىپ كەلەدى. سەبەبى بۇل كيەلى ادامدار قايدا بولسا، سول اراعا قيامەتكە دەيىن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ راحىمى ءتۇسىپ تۇرادى، سوندىقتان ولار زيارات ەتكەندەرگە يگىلىك اكەلەدى. ال بۇگىنگى، «سەندەر قابىرعا قۇلشىلىق ەتىپ جۇرسىڭدەر» دەگەن نادان-اقىماق ادامداردىڭ سوزىنە قۇلاق سالماڭدار. جوق، ءبىز قالاي قابىرعا قۇلشىلىق ەتىپ ءجۇرمىز؟ ال ەگەر قۇلشىلىق ەتۋ كەرەك بولسا، ءبىز قايدا قۇلشىلىق ەتۋ كەرەكتىگىن بىلەمىز، ول سەندەردىڭ ايتقانداي نارسە ەمەس. ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا قۇلشىلىق ەتەمىز، ءجۇزىمىزدى قىبىلاعا تۇزەپ، اللا ﷻعا قۇلشىلىق ەتەمىز، ءبىز پايعامبارىمىز ﷺ كورسەتكەن جولدا ءجۇرىپ بارامىز، شۇكىراللا. ءبىزدىڭ وسى ارالدا قۇتتى ساحابالارمەن اۋليەلەر كوپ، ولاردىڭ كەيبىرى بىلىنگەن، كەيبىرى بىلىنبەگەن، ءتىپتى يسا الەيحيسسالام پايعامباردىڭ ءمۇريتى بولعان، شىن ءىنجىلدى جازعان بارناباس تا وسى ارالدا، ونىڭ قابىرى دا وسىندا جاتىر.
وعان بارۋعا، ونى زياراتتاۋعا بولادى، ونىڭ قازىرگى حريستاندىقپەن ەش قاتسىسى جوق، ول بۇدقا قۇلشىلىق ەتۋشى ەمەس، ونىڭ ءىنجىلى - شىن ءىنجىل، ولار ونى كورسەتپەيدى، بۇل باسقا ءبىر ماسەلە، ءبىراق ول يسا الەيحيسسالام پايعامباردىڭ كەزىندە بولعان، جانە ول ونىمەن بىرگە جۇرگەن. ونىڭ جازعانى شىن ءىنجىل، ول ءسايدينا يسا الەيحيسسالامنىڭ پايعامبار بولعاندىعىن ءتۇسىندىرىپ، ونى انىق كورسەتەدى. ءتىپتى حريستانداردىڭ ءوزى ايگىلى كىتاپتارىندا ونى بارناباس دەگەن اتپەن بىلەدى، ءبىراق ولار تەك ونىڭ ەسىمىن عانا بىلەدى، ودان باسقا ەشتەڭە بىلمەيدى، ولار ونىڭ ءىنجىل جازعانىن دا بىلمەيدى. ونىڭ جازعان ءوز ءىنجىلى بار، ءبىراق ارينە، ەگەر ول ءىنجىل جارىققا شىعاتىن بولسا، حريستانداردىڭ بۇكىل وتىرىكتەرى اشىلىپ قالاتىن بولادى. سودان ولاردىڭ قازىرگى حريستان سەنىمى تالقان بولىپ، ولار مۇسىلمان بولىپ كەتەدى. ال ولار بۇنى قالامايدى، سوندىقتان ولار بارناباستىڭ جازعان ءىنجىلىن جاسىرادى، ولار ونى دۇنيەلىك پايدا ءۇشىن، جەكە مۇددە ءۇشىن، بيلىك ءۇشىن جاسىرادى، ولار وسىنداي تولىپ جاتقان سەبەپتەرگە بايلانىستى ونى جاسىرادى. ولار بۇنى شايتاننىڭ امىرىنە باعىنىپ، ونىڭ دارگايىندا بولۋ ءۇشىن، شايتانمەن بىرگە بولۋ ءۇشىن ىستەيدى.
مىنە، وسى ىستەر ماڭىزدى، قابىرعا قۇلشىلىق ەتىلمەس، ءبىراق ءبىز قۇتتى ادامدارعا تۇسكەن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ بەرەكەسىمەن راحىمىنان ۇلەس الۋ ءۇشىن ولاردىڭ قابىرلارىنا زيارات جاسايمىز. سونىمەن بىرگە، ءبىز ءوسىبىر ادامداردىڭ قالاي ادەمى ءومىر سۇرگەنىن، يسلامعا قالاي قىزمەت ەتكەنىن، اللا ﷻعا قالاي بويۇسىنعانىن، جانە ولاردىڭ وزگەلەردى قالاي حيداياتقا اكەلگەنىن كورەمىز. دەمەك ساليحتاردىڭ، پايعامبارلاردىڭ قابىرلارىن زيارات ەتۋ وتە ادەمى، وتە ماڭىزدى ىستەردەن بولماق. ەڭ ءبىرىنشى، جانە ەڭ اۋەلى بولىپ، ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ﷺنىڭ قاسيەتتى قابىرى ەڭ كيەلى، ول - ءبىزدىڭ باسىمىزداعى اسىل ءتاج، كوزىمىزدەگى نۇر، ەڭ ءبىرىنشى، ەڭ الدىنعى شارۋا مىنە وسى. ودان سوڭ ساحابالار، ءاحلۋل-بايىتتەر، اۋليەلەر كەلەر، ولاردىڭ بارلىعىن زيارات ەتۋ كەرەك، سوندا اللا ﷻدىڭ رۇحساتىمەن ولاردىڭ قۇت-بەرەكەسىنەن ۇلەس الامىز. ال بۇندا ەل-جۇرتتى الجاستىرىپ جۇرگەن كوپتەگەن ادامدار بار، ءبىراق سىزدەر ولارعا قۇلاق سالماڭىزدار. سەبەبى ولار وزدەرىنىڭ نە ايتىپ، نە قويعانىن بىلمەيتىن، ال وقىپ جۇرگەندەرىن تۇسىنبەيتىن ادامدار. ولار ءتىپتى وزدەرىنىڭ توڭمويىندىعىنان ۋاز كەشكىسى كەلمەيدى، ونى تاستاعىسى كەلمەيدى، ولار ماڭىزدى ادامدار ەمەس. ال ماڭىزدىسى سول، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءبىزدى وسىنداي ادەمى جەرلەردە جاراتتى، جانە ءبىزدى ءوسىبىر ادەمى جولعا سالىپ قويدى. اللا ﷻ بۇل جولدى باياندى ەتكەي، جانە ءبىز ماڭگىلىك وسى جولدا بولايىق، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8581