You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8576
Сұхбат: Алла жауын жібермесе, оны сендер жаудыра алмайсыңдар (2025.11.13 / Хижри 1447-жыл 22-Жұмадал Әл-Ауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(Cyprus, Lefke Shaykh Nazim's Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «‎مَّا يَفْتَحِ ٱللَّهُ لِلنَّاسِ مِن رَّحْمَةٍۢ فَلَا مُمْسِكَ لَهَا ۖ وَمَا يُمْسِكْ فَلَا مُرْسِلَ لَهُۥ مِنۢ بَعْدِهِ» яғни (Алла адамдарға қандайда бір рахымын жіберсе, оны ешкім тоса алмайды, ал егер Ол бірдеңені тосса, оны ешкім босата алмайды), (құран 35інші сүре 2інші аят), садақал лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә, «Алла ﷻ рахымын жібергенде, оны ешкім тоса алмас немесе ұстап тұра алмас» дейді, рахым дегеніміз біз көріп отырған барша рахымдар. Мәселен, жауын да адамдарға, жер жүзіне, әр жерге бір рахым, бір мейірім, ал қазір жауын жаумағалы көп ай болды, бұл жер ғана емес, көптеген жерде солай болды. Демек жауын жоқ, қане жауын жасап көріңдер! сендер, «біз барлық технологияны дамытып тастадық, біз барлығын білеміз» дейсіңдер емеспе. Жауын жасап көр, жоқ, сендер ешқашан олай ете алмайсыңдар, яғни Алла ﷻ оны тоқтатса, ешкім Алланың осыбір рахымын бере алмайды, бұл рахымды ешкім бермек жоқ.

Алла ﷻ пайғамбарымыз ﷺның бір хадисінде, Алла ﷻдың осы дүниені жаратқанын және оның барша қажетін қамдағанын айтады, барлығы Алла ﷻдың хикіметінде-дүр. Ол ең білімді адамдардың ойы бойынша жүрмейді, бірақ оны Алла ﷻ жаратты, және Ол оның бар қажетін қамдап қойды, Ол осы біздің плената жершарымыздың барша қажетін берді. Пайғамбарымыз ﷺ, «жаңбыр тоқтаусыз 24 сағат жауа береді, ол жауар, бірақ ол Алла ﷻ бұйырған жерге, Ол қалаған жерге жауар» дейді. Айтып өткеніміздей, манағы адамдар өздерін ақылды санайды, олар, «жауын буланып кетті» дер, иә, ол буланады, одан бұлтқа өзгереді, одан жаңбыр болып жауады. Бірақ ол Алла ﷻ қалаған жерге барады, дүниенің де өз қызметі бар, жаңбыр әр жерде тоқтамастан 24 сағат жауып тұрады, бірақ ол сіз қалаған жерге жауа бермейді. Кейбір жерлер сүйек сияқты құрғап кеткен, кейбір жерлер суға шөгіп жатыр, ондағылар жауынның тасқынына батуда. Міне бұл істер Алла Әззә уә-Жәлләның күш-құдіретін көрсетуде, ал бұған иманы барлар сенер, ал иманы жоқтар, «бұнда былай екен, онда солай екен» деп міңгірлей берер.

Иә, сонда біз Алла ﷻдың рахымына қалай жетеміз? біз Алла Әззә уә-Жәлләға бойұсынуымыз керек, Алла ﷻдың рахым-мейірімін сұрауымыз керек, дұға жасауымыз керек, сонда Алла ﷻ сізге рахымын жіберетін болады. Ал қайткенде дұға қабыл болады? әр дұға, яғни пайғамбарымыз ﷺ айтып өткендей, әрбір жасалған дұға я қабыл болады, я қабыл болмайды. Бірақ сіз пайғамбарымыз ﷺға салауат арнап айтқан кезде, ол қабыл етілетін болады. Демек, сіз дұғаңыздың басында пайғамбарымыз ﷺға салауат айтыңыз, одан соң дұға жасаңыз, дұға біткен соң тағы да салауат айтыңыз. Себебі салауаттың ортасында айтылған нәрселер де қабыл болады, яғни салауат Алла Әззә уә-Жәлләның құзіретінде қабыл-дүр, сонымен дұға да қабыл етілген дұғаға айналады. Біз қазір олардың жаңбыр үшін дұға жасап жатқанын көрудеміз, онда салауат айтып жатқандар да бар, бірақ кейбір жерлер Алла ﷻдың алдында пайғамбарымыз ﷺ қандай ұлық жан екендігін әлі танымай жатыр.

Олар, «ол бізге ұқсар» деп, жауын тілеу намазын, яғни тасаттық намазын оқиды, және салауат қоспай дұға етеді, ал одан соң, «біз көп намаз оқыдық, сүйтсекте жаңбыр жаумай жатыр» дейді. Әрине ол жаумайды, егер сіздер, «аса мәртебелі пайғамбарымыз ﷺның құрметі үшін» деп қоспасаңыздар, жауын жаумайды. Тіпті пайғамбарымыз ﷺ бала кезінде құрғақшылық болғанда, ол, «оның мүбәрак жүзі үшін, құрметі үшін» десе де, жаңбыр сонша көп жауып, құрғақ шөл жасылға айналып кететін еді. Бірақ сіздер бұлай айтпасаңыздар, оған сенбесеңіздер, иә, онда сол құрғақшылықпен қала беріңіздер. Алла ﷻ жауынды теңіздің ортасына жібереді де, сіздер соған қарап, ауыздарыңыз ашылып тұрарсыздар, сіздерге жауын келмейді. Ал Алла ﷻ мәлім жерді суға батыру үшін жауын жібереді, ал тағы бір жақта еш жауын жаумай құрғап жатады, міне бұл Алла Әззә уә-Жәлләның құдіреті-дүр, Оның ұлықтығы-дүр. Ол нені қаласа, соны болдырар, ал ешкім Оның бергісі келмеген нәрсені бере алмас, технология немесе басқасы болсын, олар жаңбыр жасай алмайды.

Алайда, сол рахым яғни жаңбыр келсе, ол Алла ﷻдың мейірімімен нығыметі-дүр, біз оған шаттануымыз керек, біз Алла ﷻға шүкірлік етуіміз керек, сонда Ол осыбір нығыметін бізге баянды ететін болады. Себебі біз алғысшыл, шүкіршіл болсақ, нығыметтер арта береді, және баянды болады, ал қазір тым басым санды адамдар өте шүкірсіз келеді, олар мүлдем шүкір етпейді. Олар - шүкірлігі жоқ адамдар, қазір ренжігіш адамдар өте көп, олар ештеңенің қадірін білмейді, өздеріне берілген нығыметтердің нарқын түсінбейді, сүйте тұра тағы бірдеңелер сұрайды. Сенің Алла Әззә уә-Жәлләға қарсы шыққың келеме? егер қаласаң, сүйте бер, қалағаныңша Алла ﷻға қарсы болып көр, ал бұндайда сенен басқа ешкім залал көрмейді, тек сен өзің ғана зиян тартасың. Алла ﷻ бізді панасына алғай, Өзінің берген береке-нығыметтерін бізге баянды еткей, расында, өткен бірнеше жылда, хәліміз тым жаман болып кетті, адамдар рухани тұрғыда да тым азып, бұзылып кетті, сондықтан да, осыбір рахым-мейірімдер кешіге береді.

Сол үшін біз өкіне тәубе етіп, кешірім сұрауымыз керек, және Алла ﷻға жалынып жалбарынып, осыбір нығыметтерді арттыруын, және оларды бізге баянды етуін сұрауымыз керек, иншалла, бұл оңай емес. Себебі, «وَجَعَلْنَا مِنَ ٱلْمَآءِ كُلَّ شَىْءٍ حَىٍّ ۖ» яғни «және Біз барлық тірі нәрсені судан жасадық» дейді, (құран 21інші сүре 30інші аят). Демек Алла Әззә уә-Жәллә, «Біз әрбір тірі жаратылысты судан жараттық» дейді, және осы барша тіршілік сусыз өмір сүре алмайды. Су дегеніміз өмір, ал өмір Алла Әззә уә-Жәллә жағынан берілген бір нығымет, сондықтан біз Алла ﷻға шүкір етелік, Алла ﷻ оны арттыра бергей, иншалла. Алла ﷻ бізді кешіргей, біз барлығымыз күнәкарміз, иншалла, біз өкіне тәубе етелік, кешірім сұралық, және Алла ﷻдың рахымын сұралық, иншалла. Алла ﷻ өз рахымын жібергей, иншалла.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: اللا جاۋىن جىبەرمەسە، ونى سەندەر جاۋدىرا المايسىڭدار (2025.11.13 / حيجري 1447-جىل 22-جۇمادال ءال-اۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(Cyprus، Lefke Shaykh Nazim's Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «مَّا يَفْتَحِ ٱللَّهُ لِلنَّاسِ مِن رَّحْمَةٍۢ فَلَا مُمْسِكَ لَهَا ۖ وَمَا يُمْسِكْ فَلَا مُرْسِلَ لَهُۥ مِنۢ بَعْدِهِ» ياعني (اللا ادامدارعا قاندايدا ءبىر راحىمىن جىبەرسە، ونى ەشكىم توسا المايدى، ال ەگەر ول بىردەڭەنى توسسا، ونى ەشكىم بوساتا المايدى)، (قۇران 35ءىنشى سۇرە 2ءىنشى ايات)، ساداقال لاحۋل عازيم. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «اللا ﷻ راحىمىن جىبەرگەندە، ونى ەشكىم توسا الماس نەمەسە ۇستاپ تۇرا الماس» دەيدى، راحىم دەگەنىمىز ءبىز كورىپ وتىرعان بارشا راحىمدار. ماسەلەن، جاۋىن دا ادامدارعا، جەر جۇزىنە، ءار جەرگە ءبىر راحىم، ءبىر مەيىرىم، ال ءقازىر جاۋىن جاۋماعالى كوپ اي بولدى، بۇل جەر عانا ەمەس، كوپتەگەن جەردە سولاي بولدى. دەمەك جاۋىن جوق، قانە جاۋىن جاساپ كورىڭدەر! سەندەر، «ءبىز بارلىق تەحنولوگيانى دامىتىپ تاستادىق، ءبىز بارلىعىن بىلەمىز» دەيسىڭدەر ەمەسپە. جاۋىن جاساپ كور، جوق، سەندەر ەشقاشان ولاي ەتە المايسىڭدار، ياعني اللا ﷻ ونى توقتاتسا، ەشكىم اللانىڭ ءوسىبىر راحىمىن بەرە المايدى، بۇل راحىمدى ەشكىم بەرمەك جوق.

اللا ﷻ پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ءبىر حاديسىندە، اللا ﷻدىڭ وسى دۇنيەنى جاراتقانىن جانە ونىڭ بارشا قاجەتىن قامداعانىن ايتادى، بارلىعى اللا ﷻدىڭ حيكىمەتىندە-ءدۇر. ول ەڭ ءبىلىمدى ادامداردىڭ ويى بويىنشا جۇرمەيدى، ءبىراق ونى اللا ﷻ جاراتتى، جانە ول ونىڭ بار قاجەتىن قامداپ قويدى، ول وسى ءبىزدىڭ پلەناتا جەرشارىمىزدىڭ بارشا قاجەتىن بەردى. پايعامبارىمىز ﷺ، «جاڭبىر توقتاۋسىز 24 ساعات جاۋا بەرەدى، ول جاۋار، ءبىراق ول اللا ﷻ بۇيىرعان جەرگە، ول قالاعان جەرگە جاۋار» دەيدى. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ماناعى ادامدار وزدەرىن اقىلدى سانايدى، ولار، «جاۋىن بۋلانىپ كەتتى» دەر، ءيا، ول بۋلانادى، ودان بۇلتقا وزگەرەدى، ودان جاڭبىر بولىپ جاۋادى. ءبىراق ول اللا ﷻ قالاعان جەرگە بارادى، دۇنيەنىڭ دە ءوز قىزمەتى بار، جاڭبىر ءار جەردە توقتاماستان 24 ساعات جاۋىپ تۇرادى، ءبىراق ول ءسىز قالاعان جەرگە جاۋا بەرمەيدى. كەيبىر جەرلەر سۇيەك سياقتى قۇرعاپ كەتكەن، كەيبىر جەرلەر سۋعا شوگىپ جاتىر، ونداعىلار جاۋىننىڭ تاسقىنىنا باتۋدا. مىنە بۇل ىستەر اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ كۇش-قۇدىرەتىن كورسەتۋدە، ال بۇعان يمانى بارلار سەنەر، ال يمانى جوقتار، «بۇندا بىلاي ەكەن، وندا سولاي ەكەن» دەپ مىڭگىرلەي بەرەر.

ءيا، سوندا ءبىز اللا ﷻدىڭ راحىمىنا قالاي جەتەمىز؟ ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا بويۇسىنۋىمىز كەرەك، اللا ﷻدىڭ راحىم-مەيىرىمىن سۇراۋىمىز كەرەك، دۇعا جاساۋىمىز كەرەك، سوندا اللا ﷻ سىزگە راحىمىن جىبەرەتىن بولادى. ال قايتكەندە دۇعا قابىل بولادى؟ ءار دۇعا، ياعني پايعامبارىمىز ﷺ ايتىپ وتكەندەي، ءاربىر جاسالعان دۇعا يا قابىل بولادى، يا قابىل بولمايدى. ءبىراق ءسىز پايعامبارىمىز ﷺعا سالاۋات ارناپ ايتقان كەزدە، ول قابىل ەتىلەتىن بولادى. دەمەك، ءسىز دۇعاڭىزدىڭ باسىندا پايعامبارىمىز ﷺعا سالاۋات ايتىڭىز، ودان سوڭ دۇعا جاساڭىز، دۇعا بىتكەن سوڭ تاعى دا سالاۋات ايتىڭىز. سەبەبى سالاۋاتتىڭ ورتاسىندا ايتىلعان نارسەلەر دە قابىل بولادى، ياعني سالاۋات اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قۇزىرەتىندە قابىل-ءدۇر، سونىمەن دۇعا دا قابىل ەتىلگەن دۇعاعا اينالادى. ءبىز ءقازىر ولاردىڭ جاڭبىر ءۇشىن دۇعا جاساپ جاتقانىن كورۋدەمىز، وندا سالاۋات ايتىپ جاتقاندار دا بار، ءبىراق كەيبىر جەرلەر اللا ﷻدىڭ الدىندا پايعامبارىمىز ﷺ قانداي ۇلىق جان ەكەندىگىن ءالى تانىماي جاتىر.

ولار، «ول بىزگە ۇقسار» دەپ، جاۋىن تىلەۋ نامازىن، ياعني تاساتتىق نامازىن وقيدى، جانە سالاۋات قوسپاي دۇعا ەتەدى، ال ودان سوڭ، «ءبىز كوپ ناماز وقىدىق، سۇيتسەكتە جاڭبىر جاۋماي جاتىر» دەيدى. ارينە ول جاۋمايدى، ەگەر سىزدەر، «اسا مارتەبەلى پايعامبارىمىز ﷺنىڭ قۇرمەتى ءۇشىن» دەپ قوسپاساڭىزدار، جاۋىن جاۋمايدى. ءتىپتى پايعامبارىمىز ﷺ بالا كەزىندە قۇرعاقشىلىق بولعاندا، ول، «ونىڭ مۇباراك ءجۇزى ءۇشىن، قۇرمەتى ءۇشىن» دەسە دە، جاڭبىر سونشا كوپ جاۋىپ، قۇرعاق ءشول جاسىلعا اينالىپ كەتەتىن ەدى. ءبىراق سىزدەر بۇلاي ايتپاساڭىزدار، وعان سەنبەسەڭىزدەر، ءيا، وندا سول قۇرعاقشىلىقپەن قالا بەرىڭىزدەر. اللا ﷻ جاۋىندى تەڭىزدىڭ ورتاسىنا جىبەرەدى دە، سىزدەر سوعان قاراپ، اۋىزدارىڭىز اشىلىپ تۇرارسىزدار، سىزدەرگە جاۋىن كەلمەيدى. ال اللا ﷻ ءمالىم جەردى سۋعا باتىرۋ ءۇشىن جاۋىن جىبەرەدى، ال تاعى ءبىر جاقتا ەش جاۋىن جاۋماي قۇرعاپ جاتادى، مىنە بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ قۇدىرەتى-ءدۇر، ونىڭ ۇلىقتىعى-ءدۇر. ول نەنى قالاسا، سونى بولدىرار، ال ەشكىم ونىڭ بەرگىسى كەلمەگەن نارسەنى بەرە الماس، تەحنولوگيا نەمەسە باسقاسى بولسىن، ولار جاڭبىر جاساي المايدى.

الايدا، سول راحىم ياعني جاڭبىر كەلسە، ول اللا ﷻدىڭ مەيىرىمىمەن نىعىمەتى-ءدۇر، ءبىز وعان شاتتانۋىمىز كەرەك، ءبىز اللا ﷻعا شۇكىرلىك ەتۋىمىز كەرەك، سوندا ول ءوسىبىر نىعىمەتىن بىزگە باياندى ەتەتىن بولادى. سەبەبى ءبىز العىسشىل، شۇكىرشىل بولساق، نىعىمەتتەر ارتا بەرەدى، جانە باياندى بولادى، ال ءقازىر تىم باسىم ساندى ادامدار وتە شۇكىرسىز كەلەدى، ولار مۇلدەم شۇكىر ەتپەيدى. ولار - شۇكىرلىگى جوق ادامدار، ءقازىر رەنجىگىش ادامدار وتە كوپ، ولار ەشتەڭەنىڭ ءقادىرىن بىلمەيدى، وزدەرىنە بەرىلگەن نىعىمەتتەردىڭ نارقىن تۇسىنبەيدى، سۇيتە تۇرا تاعى بىردەڭەلەر سۇرايدى. سەنىڭ اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا قارسى شىققىڭ كەلەمە؟ ەگەر قالاساڭ، سۇيتە بەر، قالاعانىڭشا اللا ﷻعا قارسى بولىپ كور، ال بۇندايدا سەنەن باسقا ەشكىم زالال كورمەيدى، تەك سەن ءوزىڭ عانا زيان تارتاسىڭ. اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ءوزىنىڭ بەرگەن بەرەكە-نىعىمەتتەرىن بىزگە باياندى ەتكەي، راسىندا، وتكەن بىرنەشە جىلدا، ءحالىمىز تىم جامان بولىپ كەتتى، ادامدار رۋحاني تۇرعىدا دا تىم ازىپ، بۇزىلىپ كەتتى، سوندىقتان دا، ءوسىبىر راحىم-مەيىرىمدەر كەشىگە بەرەدى.

سول ءۇشىن ءبىز وكىنە تاۋبە ەتىپ، كەشىرىم سۇراۋىمىز كەرەك، جانە اللا ﷻعا جالىنىپ جالبارىنىپ، ءوسىبىر نىعىمەتتەردى ارتتىرۋىن، جانە ولاردى بىزگە باياندى ەتۋىن سۇراۋىمىز كەرەك، ينشاللا، بۇل وڭاي ەمەس. سەبەبى، «وَجَعَلْنَا مِنَ ٱءلْمَآِ كُلَّ ءشَىٍْ حَىٍّ ۖ» ياعني «جانە ءبىز بارلىق ءتىرى نارسەنى سۋدان جاسادىق» دەيدى، (قۇران 21ءىنشى سۇرە 30ءىنشى ايات). دەمەك اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «ءبىز ءاربىر ءتىرى جاراتىلىستى سۋدان جاراتتىق» دەيدى، جانە وسى بارشا تىرشىلىك سۋسىز ءومىر سۇرە المايدى. سۋ دەگەنىمىز ءومىر، ال ءومىر اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جاعىنان بەرىلگەن ءبىر نىعىمەت، سوندىقتان ءبىز اللا ﷻعا شۇكىر ەتەلىك، اللا ﷻ ونى ارتتىرا بەرگەي، ينشاللا. اللا ﷻ ءبىزدى كەشىرگەي، ءبىز بارلىعىمىز كۇناكارمىز، ينشاللا، ءبىز وكىنە تاۋبە ەتەلىك، كەشىرىم سۇرالىق، جانە اللا ﷻدىڭ راحىمىن سۇرالىق، ينشاللا. اللا ﷻ ءوز راحىمىن جىبەرگەي، ينشاللا.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8576