You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8554
Сұхбат: адамдар көз алдағы бақытты көрмей, қаңғып жүр (2025.10.17 / Хижри 1447-жыл 25-Рабих Әл-Ақир)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.

(Argentina, Buenos Aires, Tekkia Sufi Halveti-Yerrahi дергасында айтылған сұхбат) Біз тағы да Алла ﷻға бізді мүмин-мүминаттармен бірге еткені үшін әр минут, әр секонд сайын алғыс айтамыз, иншалла. Біз қазір жұма күнінде тұрмыз, ол пайғамбарымыз ﷺмен оның үмбеті үшін ерекше күн, себебі Алла Әззә уә-Жәллә пайғамбарымыз ﷺ үшін ең жақсы нәрсені берді, ал аптаның ең жақсы күні жұма күні. Бүкіл барлығы осы күні туылған, мәселен, Адам әлейхис-салам осы күні туылды, қиямет те осы күні болады. Сонымен бірге жұма күнінде мәлім бір сағат уақыт бар болып, еткен дұғаңыз дәл сол сағатқа келсе, Алла ﷻ оны қабыл етеді, және сұрағаныңызды береді. Демек бұл күнде көптеген берекелермен нығыметтер бар, мәселен, осы күнде көптеп салауат айтып, дұға етсе, садақа берсе, ол көптеп қабыл болады, және көптеп сауап беріледі. Және әрине, Алла Әззә уә-Жәллә жұма намазды бекітті, жұма намазы сөзсіз жамағатпен болуы керек, ал мүминдер, мұсылмандар бұл намазды өтеуі тиіс.

Әрине, бұнда шафиғи мәзхабындағылар үшін кейбір шарттар бар, мәселен, оларда жұмада жамағат 40 адамнан жоғары болуы керек, ал ханафи мәзхабында 3 адам бір имаммен бола береді, демек олар 3 адам жамағат болып, және оның бірі имам болса, сол жетеді. Кімдер оны тапса, ол оны өтеуі керек, ал таба алмаса, оған себеп бар болып, ол бесін намазының парызын оқуы керек. Демек, ол осы жағдайға қалса, жұма өтеуге жамағат таба алмаса, ол бесін намазды оқуы керек, ал осы мемлекетте жағдай қиын, бірақ мұсылман елдерінде, адамдар жұмаға баруы керек. Алайда ол адамда ауру себебі болса, немесе физикалық тұрғыда баруға мүмкіндігі болмаса, ол болар, бірақ ол сау тұрып бармаса, бұл оған жақсы болмайды. Жұмада жұма өтеледі, құтба айтылады, және имаммен екі ракат намаз оқылады, бұл намаз бесін намазын оқыған сияқты болады, ал құтбада адамдар имамды естуі керек, бір-біріне сөйлемеуі керек, сонда Алла ﷻ сізге риза болар, ал Алла ﷻ сізбен риза болған кезде, сізде барлығы оңай-жеңіл болып кетеді.

Сіздің өтеген барша намаз-құлшылық, берген садақа, барлық игіліктер сіз үшін, сіздің әкете алатын нәрсеңіз осылар ғана. Бірде адамдар индиядағы мәлім ұлық әулие, әйгілі әулие, Муғин әл-Дин Чисти хазіреттен, Алла Әззә уә-Жәллә оның дәрежесін биік еткей, ол милиондаған адамдарды исламға әкелді. Сонымен бір адам одан, «табыс деген не» деп сұрайды, ол, «табыс дегеніміз ақиретті ұтып алу» деп жауап береді. Ал президент болу, доктор болу, заңгер болу, милионер болу, актор болу қатарлылар табыс емес, бірақ сіз осылардан болсаңыз, әр адам сіздей болғысы келеді, олар сізге ұқсауды аңсайды, алайда сіз ақиретіңізді ұтып ала алмасаңыз, ол ешқандай табыс емес. Материялдық нәрселердегі табыс тек осы дүние өмірі үшін ғана, ол мәңгілік емес, тіпті мына өмірде де барлығы ақырына барады емеспе. Көптеген адамдар табысты бола алмас, олардың аз санды бөлімі ғана өмірінің ақырында табысқа жетеді.

Сондықтан сопылық тәриқат, және әулиелер адамдарды Алла ﷻдан шамалары келгенше көп сауап алуға, мүмкіндігінше Алла ﷻ ризалығына жетуге шабыттандырады, сол үшін біз жұма намазда оның қандай маңызды екендігін айттық, және түсіндірдік. Сондықтан жұма намаз өтеу адамдар үшін жақсы болмақ, бірақ мұсылман елдерінде де оған маңыздылық берілмеуде, олардың көбі жұмаға бармайды. Көптеген жұрт, «мұсылман елдерінде адамдар 100 пайыз жұмаға барады, намаз оқиды» деп ойлайды, бірақ олардың өте аз сандысы ғана барады, мүмкін 5 немесе 10 пайызы ғана барар, міне осылай мұсылман елдерінде де оған маңыздылық берілмеді. Ал басқа мемлекеттерде де сол, бірақ егер Алла ﷻ сіздің ақиретте табысты болуыңызға Өз жолын ашса, ол сіз үшін болмақ, иншалла. Ал біз оны өтеуіміз керек, бұл құтбада, «ادْعُونِي أَسْتَجِبْ لَكُمْ» яғни (Мені шақыр, саған жауап қайтарамын) (құран 40інші сүре 60інші аят) деген аятты оқыдық.

Оның мағынасы сол, «Маған дұға ет, Мен сен үшін оны қабыл етемін» дегенді білдіреді, ал біз ұдайы осы жолда болу үшін намаз өтеп , дұға қылып жүруіміз керек, себебі өмір тым қысқа, адамдар оны «ұзын» деп ойлар, бірақ ол ұзын емес, ол қысқа. Ал өмір қысқа болса да, адамдар Алла ﷻдан өздерін, балаларын, және барша жұртты осы тура жолда бекем бола беруін сұрауына болады, сол үшін дұға етуіне болады, осылай дұға етерсіз. Алла ﷻ, «Мен қабыл етемін» дейді, иншалла, ал пайғамбарымыз ﷺ бір хадисінде былай дейді, оны біз құтбада оқыдық, ол, «سِلاحُ المُؤْمِنُ الدُّعَاء» яғни «мүминнің қаруы дұғасы» дейді, демек, дұға - мүмин үшін қару, біздің қаруымыз міне осы, бізде мылтық жоқ, наган жоқ, пистол жоқ. Алайда біздің қаруымыз тіпті де өнімді, ол - дұға, ол - дұға жасау, бата қылу, ал пайғамбарымыз ﷺ, «Алла Әззә уә-Жәллә сізге дұғамен жол ашады, риздық, денсаулық және барлығын берер» дейді.

Ол сізге қорған береді, жақсы өмірмен бақыт-қуаныш береді, ал бақытпен қанағат осы күнде аса маңызды, себебі қазіргі адамдарда қуаныш жоқ, қанағат жоқ, бақытты білмейді, олар басқа бірдеңеге қарайды, олар оңай жетер еді, ол олардың көз алдында тұр, бірақ олар көз оны көре алмайды. Олар қарайды, ол олардың көз алдында үлкен болып тұр, бірақ сонда да олар оны басқа жақтан іздейді, демек олар көз алдында тұрғанды көрмей, бақытпен қанағат іздеп сенделуде. Оларды соқыр еткен шайтан еді, сондықтан олар ештеңе көре алмай жатыр, ал қуанш-бақыт сонда да көз алдыңызда тұр, осыны қабыл етіңіз, көзіңізді ашыңыз, сонда бақытты боласыз, қуанасыз, иншалла. Алла ﷻ дұғамызды қабыл еткей, сіздер үшін, елдеріңіз үшін дұға етеміз, Алла ﷻдың баршаңызға хидаят беруін, олардың исламмен, иманмен, әділдікпен қуануын сұраймыз, иншалла. Алла ﷻ бізге сәйдина Әл-Мәхди әлейхис-саламды жібергей, ол мына бүкіл дүниені мұсылман ететін болады, иншалла.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami




سۇحبات: ادامدار كوز الداعى باقىتتى كورمەي، قاڭعىپ ءجۇر (2025.10.17 / حيجري 1447-جىل 25-رابيح ءال-اقير)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.

(Argentina، Buenos Aires، Tekkia Sufi Halveti-Yerrahi دەرگاسىندا ايتىلعان سۇحبات) ءبىز تاعى دا اللا ﷻعا ءبىزدى ءمۇمين-مۇميناتتارمەن بىرگە ەتكەنى ءۇشىن ءار مينۋت، ءار سەكوند سايىن العىس ايتامىز، ينشاللا. ءبىز ءقازىر جۇما كۇنىندە تۇرمىز، ول پايعامبارىمىز ﷺمەن ونىڭ ۇمبەتى ءۇشىن ەرەكشە كۇن، سەبەبى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا پايعامبارىمىز ﷺ ءۇشىن ەڭ جاقسى نارسەنى بەردى، ال اپتانىڭ ەڭ جاقسى كۇنى جۇما كۇنى. بۇكىل بارلىعى وسى كۇنى تۋىلعان، ماسەلەن، ادام الەيحيس-سالام وسى كۇنى تۋىلدى، قيامەت تە وسى كۇنى بولادى. سونىمەن بىرگە جۇما كۇنىندە ءمالىم ءبىر ساعات ۋاقىت بار بولىپ، ەتكەن دۇعاڭىز ءدال سول ساعاتقا كەلسە، اللا ﷻ ونى قابىل ەتەدى، جانە سۇراعانىڭىزدى بەرەدى. دەمەك بۇل كۇندە كوپتەگەن بەرەكەلەرمەن نىعىمەتتەر بار، ماسەلەن، وسى كۇندە كوپتەپ سالاۋات ايتىپ، دۇعا ەتسە، ساداقا بەرسە، ول كوپتەپ قابىل بولادى، جانە كوپتەپ ساۋاپ بەرىلەدى. جانە ارينە، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جۇما نامازدى بەكىتتى، جۇما نامازى ءسوزسىز جاماعاتپەن بولۋى كەرەك، ال مۇميندەر، مۇسىلماندار بۇل نامازدى وتەۋى ءتيىس.

ارينە، بۇندا شافيعي ءمازحابىنداعىلار ءۇشىن كەيبىر شارتتار بار، ماسەلەن، ولاردا جۇمادا جاماعات 40 ادامنان جوعارى بولۋى كەرەك، ال حانافي ءمازحابىندا 3 ادام ءبىر يماممەن بولا بەرەدى، دەمەك ولار 3 ادام جاماعات بولىپ، جانە ونىڭ ءبىرى يمام بولسا، سول جەتەدى. كىمدەر ونى تاپسا، ول ونى وتەۋى كەرەك، ال تابا الماسا، وعان سەبەپ بار بولىپ، ول بەسىن نامازىنىڭ پارىزىن وقۋى كەرەك. دەمەك، ول وسى جاعدايعا قالسا، جۇما وتەۋگە جاماعات تابا الماسا، ول بەسىن نامازدى وقۋى كەرەك، ال وسى مەملەكەتتە جاعداي قيىن، ءبىراق مۇسىلمان ەلدەرىندە، ادامدار جۇماعا بارۋى كەرەك. الايدا ول ادامدا اۋرۋ سەبەبى بولسا، نەمەسە فيزيكالىق تۇرعىدا بارۋعا مۇمكىندىگى بولماسا، ول بولار، ءبىراق ول ساۋ تۇرىپ بارماسا، بۇل وعان جاقسى بولمايدى. جۇمادا جۇما وتەلەدى، قۇتبا ايتىلادى، جانە يماممەن ەكى راكات ناماز وقىلادى، بۇل ناماز بەسىن نامازىن وقىعان سياقتى بولادى، ال قۇتبادا ادامدار يمامدى ەستۋى كەرەك، ءبىر-بىرىنە سويلەمەۋى كەرەك، سوندا اللا ﷻ سىزگە ريزا بولار، ال اللا ﷻ سىزبەن ريزا بولعان كەزدە، سىزدە بارلىعى وڭاي-جەڭىل بولىپ كەتەدى.

ءسىزدىڭ وتەگەن بارشا ناماز-قۇلشىلىق، بەرگەن ساداقا، بارلىق يگىلىكتەر ءسىز ءۇشىن، ءسىزدىڭ اكەتە الاتىن نارسەڭىز وسىلار عانا. بىردە ادامدار يندياداعى ءمالىم ۇلىق اۋليە، ايگىلى اۋليە، مۋعين ءال-دين چيستي حازىرەتتەن، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ونىڭ دارەجەسىن بيىك ەتكەي، ول ميليونداعان ادامداردى يسلامعا اكەلدى. سونىمەن ءبىر ادام ودان، «تابىس دەگەن نە» دەپ سۇرايدى، ول، «تابىس دەگەنىمىز اقيرەتتى ۇتىپ الۋ» دەپ جاۋاپ بەرەدى. ال پرەزيدەنت بولۋ، دوكتور بولۋ، زاڭگەر بولۋ، ميليونەر بولۋ، اكتور بولۋ قاتارلىلار تابىس ەمەس، ءبىراق ءسىز وسىلاردان بولساڭىز، ءار ادام سىزدەي بولعىسى كەلەدى، ولار سىزگە ۇقساۋدى اڭسايدى، الايدا ءسىز اقيرەتىڭىزدى ۇتىپ الا الماساڭىز، ول ەشقانداي تابىس ەمەس. ماتەريالدىق نارسەلەردەگى تابىس تەك وسى دۇنيە ءومىرى ءۇشىن عانا، ول ماڭگىلىك ەمەس، ءتىپتى مىنا ومىردە دە بارلىعى اقىرىنا بارادى ەمەسپە. كوپتەگەن ادامدار تابىستى بولا الماس، ولاردىڭ از ساندى ءبولىمى عانا ءومىرىنىڭ اقىرىندا تابىسقا جەتەدى.

سوندىقتان سوپىلىق ءتاريقات، جانە اۋليەلەر ادامداردى اللا ﷻدان شامالارى كەلگەنشە كوپ ساۋاپ الۋعا، مۇمكىندىگىنشە اللا ﷻ ريزالىعىنا جەتۋگە شابىتتاندىرادى، سول ءۇشىن ءبىز جۇما نامازدا ونىڭ قانداي ماڭىزدى ەكەندىگىن ايتتىق، جانە تۇسىندىردىك. سوندىقتان جۇما ناماز وتەۋ ادامدار ءۇشىن جاقسى بولماق، ءبىراق مۇسىلمان ەلدەرىندە دە وعان ماڭىزدىلىق بەرىلمەۋدە، ولاردىڭ كوبى جۇماعا بارمايدى. كوپتەگەن جۇرت، «مۇسىلمان ەلدەرىندە ادامدار 100 پايىز جۇماعا بارادى، ناماز وقيدى» دەپ ويلايدى، ءبىراق ولاردىڭ وتە از ساندىسى عانا بارادى، مۇمكىن 5 نەمەسە 10 پايىزى عانا بارار، مىنە وسىلاي مۇسىلمان ەلدەرىندە دە وعان ماڭىزدىلىق بەرىلمەدى. ال باسقا مەملەكەتتەردە دە سول، ءبىراق ەگەر اللا ﷻ ءسىزدىڭ اقيرەتتە تابىستى بولۋىڭىزعا ءوز جولىن اشسا، ول ءسىز ءۇشىن بولماق، ينشاللا. ال ءبىز ونى وتەۋىمىز كەرەك، بۇل قۇتبادا، «ادْعُونِي أَسْتَجِبْ لَكُمْ» ياعني (مەنى شاقىر، ساعان جاۋاپ قايتارامىن) (قۇران 40ءىنشى سۇرە 60ءىنشى ايات) دەگەن اياتتى وقىدىق.

ونىڭ ماعىناسى سول، «ماعان دۇعا ەت، مەن سەن ءۇشىن ونى قابىل ەتەمىن» دەگەندى بىلدىرەدى، ال ءبىز ۇدايى وسى جولدا بولۋ ءۇشىن ناماز وتەپ ، دۇعا قىلىپ ءجۇرۋىمىز كەرەك، سەبەبى ءومىر تىم قىسقا، ادامدار ونى «ۇزىن» دەپ ويلار، ءبىراق ول ۇزىن ەمەس، ول قىسقا. ال ءومىر قىسقا بولسا دا، ادامدار اللا ﷻدان وزدەرىن، بالالارىن، جانە بارشا جۇرتتى وسى تۋرا جولدا بەكەم بولا بەرۋىن سۇراۋىنا بولادى، سول ءۇشىن دۇعا ەتۋىنە بولادى، وسىلاي دۇعا ەتەرسىز. اللا ﷻ، «مەن قابىل ەتەمىن» دەيدى، ينشاللا، ال پايعامبارىمىز ﷺ ءبىر حاديسىندە بىلاي دەيدى، ونى ءبىز قۇتبادا وقىدىق، ول، «سِلاحُ المُؤْمِنُ ءالدُّعَا» ياعني «ءمۇميننىڭ قارۋى دۇعاسى» دەيدى، دەمەك، دۇعا - ءمۇمين ءۇشىن قارۋ، ءبىزدىڭ قارۋىمىز مىنە وسى، بىزدە مىلتىق جوق، ناگان جوق، پيستول جوق. الايدا ءبىزدىڭ قارۋىمىز ءتىپتى دە ءونىمدى، ول - دۇعا، ول - دۇعا جاساۋ، باتا قىلۋ، ال پايعامبارىمىز ﷺ، «اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا سىزگە دۇعامەن جول اشادى، ريزدىق، دەنساۋلىق جانە بارلىعىن بەرەر» دەيدى.

ول سىزگە قورعان بەرەدى، جاقسى ومىرمەن باقىت-قۋانىش بەرەدى، ال باقىتپەن قاناعات وسى كۇندە اسا ماڭىزدى، سەبەبى قازىرگى ادامداردا قۋانىش جوق، قاناعات جوق، باقىتتى بىلمەيدى، ولار باسقا بىردەڭەگە قارايدى، ولار وڭاي جەتەر ەدى، ول ولاردىڭ كوز الدىندا تۇر، ءبىراق ولار كوز ونى كورە المايدى. ولار قارايدى، ول ولاردىڭ كوز الدىندا ۇلكەن بولىپ تۇر، ءبىراق سوندا دا ولار ونى باسقا جاقتان ىزدەيدى، دەمەك ولار كوز الدىندا تۇرعاندى كورمەي، باقىتپەن قاناعات ىزدەپ سەندەلۋدە. ولاردى سوقىر ەتكەن شايتان ەدى، سوندىقتان ولار ەشتەڭە كورە الماي جاتىر، ال قۋانش-باقىت سوندا دا كوز الدىڭىزدا تۇر، وسىنى قابىل ەتىڭىز، كوزىڭىزدى اشىڭىز، سوندا باقىتتى بولاسىز، قۋاناسىز، ينشاللا. اللا ﷻ دۇعامىزدى قابىل ەتكەي، سىزدەر ءۇشىن، ەلدەرىڭىز ءۇشىن دۇعا ەتەمىز، اللا ﷻدىڭ بارشاڭىزعا حيدايات بەرۋىن، ولاردىڭ يسلاممەن، يمانمەن، ادىلدىكپەن قۋانۋىن سۇرايمىز، ينشاللا. اللا ﷻ بىزگە ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيس-سالامدى جىبەرگەي، ول مىنا بۇكىل دۇنيەنى مۇسىلمان ەتەتىن بولادى، ينشاللا.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8554