You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8538
РОБОТТАН ЖҮРЕГІҢМЕН АРТЫҚСЫҢ

Зерек адам өзіне не керек екендігін біледі, ал дана адам өзіне не керек емес екендігін біледі. Бірақ қанша зерек болсаң да, роботтан зерек бола алмайсың. Ол сенен мың-миллион есе зерек бола алады. Мәселен, адамдар миллион жыл істейтін есепті роботтар әпсәтте істейді. Алайда робот қанша зерек болса да дана бола алмайды. Себебі даналық яғни хикімет бастан емес жүректен келеді, ал роботта жүрек жоқ, жан жоқ. Дүние білімінде роботтан аса алмайсың, үйткені роботқа яғни жасанды интеллектқа дүние білімінде ең зерек адамдардың ақылдарымен анализ жасау қабілеттері жазылып қойылған. Роботтан асыл жаныңмен асасың, жүректегі иманыңмен биіксің. Егер адамның жүрегі өлсе, иманы өшсе, осы роботтардан айырмашылығы қалмайды, тіпті мал екеш малға да жете алмай қалады.

روبوتتان جۇرەگىڭمەن ارتىقسىڭ

زەرەك ادام وزىنە نە كەرەك ەكەندىگىن بىلەدى، ال دانا ادام وزىنە نە كەرەك ەمەس ەكەندىگىن بىلەدى. ءبىراق قانشا زەرەك بولساڭ دا، روبوتتان زەرەك بولا المايسىڭ. ول سەنەن مىڭ-ميلليون ەسە زەرەك بولا الادى. ماسەلەن، ادامدار ميلليون جىل ىستەيتىن ەسەپتى روبوتتار اپساتتە ىستەيدى. الايدا روبوت قانشا زەرەك بولسا دا دانا بولا المايدى. سەبەبى دانالىق ياعني حيكىمەت باستان ەمەس جۇرەكتەن كەلەدى، ال روبوتتا جۇرەك جوق، جان جوق. دۇنيە بىلىمىندە روبوتتان اسا المايسىڭ، ۇيتكەنى روبوتقا ياعني جاساندى ينتەللەكتقا دۇنيە بىلىمىندە ەڭ زەرەك ادامداردىڭ اقىلدارىمەن اناليز جاساۋ قابىلەتتەرى جازىلىپ قويىلعان. روبوتتان اسىل جانىڭمەن اساسىڭ، جۇرەكتەگى يمانىڭمەن بيىكسىڭ. ەگەر ادامنىڭ جۇرەگى ولسە، يمانى وشسە، وسى روبوتتاردان ايىرماشىلىعى قالمايدى، ءتىپتى مال ەكەش مالعا دا جەتە الماي قالادى.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8538