You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8527
НӘПСІСІН ЖЕҢГЕН АДАМ ӘЛЕМДІ ҚАСҚАҒЫМДА АРАЛАЙДЫ

нәпсіңді жеңгенде бұрын ешқашан көрмеген ғажап дүниелерді көресің, бұрын ешқашан ойламаған жаңа танымдарға ие боласың. Демек Алла сізге жаңа бір әлем ашады, сыр береді, өз сырың, өз әлемің болады. Нәпсісін жеңген адам нәпсісін пырақ қылып, кезкелген жерге әпсәтте жетеді. Нәпсінің күші ересен, оны жеңсең, ол сені алып ұшады, ал жеңілсең, ол сені есек қылып мінеді. Ол өте ауыр, оны бір аттам жерге көтере алмай дал боласың, әбден тозасың, ақылыңмен иманың орнында болмайды. Нағыз ақымақ боласың. Нәпсі жеңілгенше қиын, оны жеңу бейне ракатаның бар күшін шығара, жершарының тартылыс күшінен құтылып, кеңестіктегі уакиумға кіруіне ұқсайды. Яғни нәпсінің тартылыс күш орбитасынан құтылып кету үшін де осы ракатаның күшіндей күш керек. Демек нәпсіні жеңу үшін көп құлшыныс, көп төзімділік, көп тәрбие, көп ынта керек. Бірақ есте болсын, кәміл әулие пірсіз нәпсіні толықтай тәрбиелеу, толықтай жеңу мүмкін емес. Алла нәпсіні мін деп берді, оған мініл деп бермеді. Нәпсісін жеңген адам біз сияқты жерде кәдімгі қарапайым өмір сүреді, және бір уақытта жерден әлдеқайда биік, әлдеқайда алып бір әлемде пареллел жүреді. Алайда ол осы сырын ешкімге Алла рухсатынсыз айтпайды. Ол сондай кішпейіл, тіпті қаңғып жүрген жәй біреу, 'мен оған қарағанда жақсырақпын' деп ойлап қалады. Демек оның кішпейіл болғаны соншалық, сіз өзіңізді оған қарағанда тәуір біреу санайтын боласыз. Нәпсісін жеңген адамға жершарындағы дүние, алтын, ақша, қазына және барша істер тым елеусіз нәрсе сияқты көрінеді, олар оған еш қызық көрінбейді. Бұндай адамға тек пайғамбарымызбен Алланың ризалығы, әулиелердің биік рухани әлемі ғана аса қызықты, аса бағалы көрінеді. Аты затына сай нағыз Абдулла міне осындай болады.

- мәуләнә шайық назым әулие

ءناپسىسىن جەڭگەن ادام الەمدى قاسقاعىمدا ارالايدى

ءناپسىڭدى جەڭگەندە بۇرىن ەشقاشان كورمەگەن عاجاپ دۇنيەلەردى كورەسىڭ، بۇرىن ەشقاشان ويلاماعان جاڭا تانىمدارعا يە بولاسىڭ. دەمەك اللا سىزگە جاڭا ءبىر الەم اشادى، سىر بەرەدى، ءوز سىرىڭ، ءوز الەمىڭ بولادى. ءناپسىسىن جەڭگەن ادام ءناپسىسىن پىراق قىلىپ، كەزكەلگەن جەرگە اپساتتە جەتەدى. ءناپسىنىڭ كۇشى ەرەسەن، ونى جەڭسەڭ، ول سەنى الىپ ۇشادى، ال جەڭىلسەڭ، ول سەنى ەسەك قىلىپ مىنەدى. ول وتە اۋىر، ونى ءبىر اتتام جەرگە كوتەرە الماي دال بولاسىڭ، ابدەن توزاسىڭ، اقىلىڭمەن يمانىڭ ورنىندا بولمايدى. ناعىز اقىماق بولاسىڭ. ءناپسى جەڭىلگەنشە قيىن، ونى جەڭۋ بەينە راكاتانىڭ بار كۇشىن شىعارا، جەرشارىنىڭ تارتىلىس كۇشىنەن قۇتىلىپ، كەڭەستىكتەگى ۋاكيۋمعا كىرۋىنە ۇقسايدى. ياعني ءناپسىنىڭ تارتىلىس كۇش وربيتاسىنان قۇتىلىپ كەتۋ ءۇشىن دە وسى راكاتانىڭ كۇشىندەي كۇش كەرەك. دەمەك ءناپسىنى جەڭۋ ءۇشىن كوپ قۇلشىنىس، كوپ توزىمدىلىك، كوپ تاربيە، كوپ ىنتا كەرەك. ءبىراق ەستە بولسىن، كامىل اۋليە ءپىرسىز ءناپسىنى تولىقتاي تاربيەلەۋ، تولىقتاي جەڭۋ مۇمكىن ەمەس. اللا ءناپسىنى ءمىن دەپ بەردى، وعان ءمىنىل دەپ بەرمەدى. ءناپسىسىن جەڭگەن ادام ءبىز سياقتى جەردە كادىمگى قاراپايىم ءومىر سۇرەدى، جانە ءبىر ۋاقىتتا جەردەن الدەقايدا بيىك، الدەقايدا الىپ ءبىر الەمدە پارەللەل جۇرەدى. الايدا ول وسى سىرىن ەشكىمگە اللا رۋحساتىنسىز ايتپايدى. ول سونداي كىشپەيىل، ءتىپتى قاڭعىپ جۇرگەن ءجاي بىرەۋ، 'مەن وعان قاراعاندا جاقسىراقپىن' دەپ ويلاپ قالادى. دەمەك ونىڭ كىشپەيىل بولعانى سونشالىق، ءسىز ءوزىڭىزدى وعان قاراعاندا ءتاۋىر بىرەۋ سانايتىن بولاسىز. ءناپسىسىن جەڭگەن ادامعا جەرشارىنداعى دۇنيە، التىن، اقشا، قازىنا جانە بارشا ىستەر تىم ەلەۋسىز نارسە سياقتى كورىنەدى، ولار وعان ەش قىزىق كورىنبەيدى. بۇنداي ادامعا تەك پايعامبارىمىزبەن اللانىڭ ريزالىعى، اۋليەلەردىڭ بيىك رۋحاني الەمى عانا اسا قىزىقتى، اسا باعالى كورىنەدى. اتى زاتىنا ساي ناعىز ابدۋللا مىنە وسىنداي بولادى.

- ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8527