https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8523
Сұхбат: қазіргіндей бүлікті заманда әулие пірге еру аса қажетті (2025.09.26 / Хижри 1447-жыл 04-Рабих Әл-Ақир)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Istanbul, Akbaba Dergah-да айтылған сұхбат) Алла Әззә уә-Жәллә адамдарды әртүрлі бейнеде жаратты, Ол оны құран әзиму-шәнда айтқан, бұнда Алла ﷻға бойұсынатын адамдар ең қабыл етілетін, ең сүйікті адамдар, демек Алла Әззә уә-Жәлләға бойұсынатындар ең қабыл етілген адамдар. Бұндайда ұлт, түс-рең, және тіл маңызды емес, маңыздысы Алла Әззә уә-Жәлләның жолында болып, Оның әмірлеріне бойұсыну, Оның жолына дұрыс еру. Сіз осы жолға кірдіңіз, Алла ﷻ сізді хидаятқа бастады, исламдасыз, бірақ шайтан сізді сонда да бос қоймайды, әр жақтан келеді. Алла Әззә уә-Жәллә аса рахымды, және рахым көрсеткендерді сүйеді, алайда адамдар бұған қарсы іс істеуде, олар, «біз Алла жолындамыз» дейді, бірақ ел-жұртты алдайды. Олар, «Алла жолындамыз» дейді, бірақ оған қарсы барша күнәні істейді, олар, «Алла жолындамыз» дейді, бірақ адамдарды адастырады, діннен тайдырады, жұртты діннен бұрып жібереді. Міне бұлар қабыл етілмеген адамдар, ал қабыл етілген адам дегеніміз Алла ﷻдың жолындағы адам, пайғамбарымыз ﷺ көрсетіп кеткен әдемі жолдағы адам, бұл жол анық тұр. Ғұламалар, ғалымдар, әулиелер, сахабалар, салихтар барлығы осы жолда болды, ал осы жолдан адасқандар құрып жоғалды.
Сондықтан біз сақ болуымыз керек, бұндағы ең маңызды іс, яғни осы жолдағы ең бірінші және ең маңызды іс пайғамбарымыз ﷺды құрметтеу, оны сүю, оған аса биік мәртебе беру болмақ, демек пайғамбарымыз ﷺды сүйю нөмер бірінші іс. Бұнда оны сүю дегеніміз пайғамбарымыз ﷺның жолына еру, ол істегендей істеу, оған еліктеу, ал пайғамбарымыз ﷺ жәйлы ең маңызды іс не? ол - оның мейірімі, оның жанашырлығы. Мәселен, пайғамбарымыз ﷺның мәлім бір сахабасы майдандағы қанды ұрыста біреуді өлтірмек болғанда, ол, «мен мұсылман болайын» дейді, бірақ бұл сахаба сонда да оны өлтіріп қойды. Ал пайғамбарымыз ﷺ бұны естігенде ол қатты көңілсізденіп сахабасына, «неге бұлай істейсің» дейді, ол, «манағы адам өлімнен қорқып, шәхада айтты, ол мұсылманмын дейді, бірақ ол өтірікші» дейді. Сонда пайғамбарымыз ﷺ, «сен оның жүрегін немесе кеудесін ашып, онда иман бар-жоқтығын көріп келдіңба» дейді, ол оны осылай қайталай айтады, оны екінші рет, үшінші рет айтады, ол көңілсіз болғаны соншалық, бұл сұрақты қайта-қайта айта берді.
Ал осы кездегі адамдар, ел-жұртты діннен алжастырған адамдар ешкімге рахым қылмайды, бірақ оларға зұлымдық жасайды, олар отбасыларды, адамдарды бір-бірінен ажыратады, исламнан тайдырады, олар пайғамбарымыз ﷺның жолындағы адамдар емес. Ең маңызды жол, шүкір-Алла, сопылық тәриқат жолы болмақ, міне осы жолдағы адамдар сүннетке, шәриғатқа және пайғамбарымыз ﷺның жолына ерген адамдар. Алла ﷻ бізді осы жолда бекем еткей, және өзгелерде көптеп осы жолға келгей, себебі қазіргі кез бүлік-фитнаның заманы. Олар жақсыны жаман, жаманды жақсы сияқты етіп көрсетіп қойды, қараны ақ, ақты қара сияқты бейнелеп қойды, демек бұнда барша сұмдықпен алдамшылық атаулының барлығы бар. Ал сондай жолдардан сақтанып қорғану үшін біреу пір мүршитке сөзсіз ілесуі керек, кезкелген әулие мүршит бола береді, оның сөзсіз біз болуы шарт емес, кезкелгені болады, бірақ бұл замандағы маңызды іс сол, біреу тура жолдағы кезкелген сопылық тәриқаттың шайығына немесе мүршитіне ерсе болады. Алла ﷻ әр адамды хидаятқа бастағай, олар дұрыс жолдан адасып кетпегей, бірақ дұрыс жолда бекем болғай, берік болғай, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: قازىرگىندەي بۇلىكتى زاماندا اۋليە پىرگە ەرۋ اسا قاجەتتى (2025.09.26 / حيجري 1447-جىل 04-رابيح ءال-اقير)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، Istanbul، Akbaba Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ادامداردى ءارتۇرلى بەينەدە جاراتتى، ول ونى قۇران ءازيمۋ-ءشاندا ايتقان، بۇندا اللا ﷻعا بويۇسىناتىن ادامدار ەڭ قابىل ەتىلەتىن، ەڭ سۇيىكتى ادامدار، دەمەك اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا بويۇسىناتىندار ەڭ قابىل ەتىلگەن ادامدار. بۇندايدا ۇلت، ءتۇس-رەڭ، جانە ءتىل ماڭىزدى ەمەس، ماڭىزدىسى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولىندا بولىپ، ونىڭ امىرلەرىنە بويۇسىنۋ، ونىڭ جولىنا دۇرىس ەرۋ. ءسىز وسى جولعا كىردىڭىز، اللا ﷻ ءسىزدى حيداياتقا باستادى، يسلامداسىز، ءبىراق شايتان ءسىزدى سوندا دا بوس قويمايدى، ءار جاقتان كەلەدى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا اسا راحىمدى، جانە راحىم كورسەتكەندەردى سۇيەدى، الايدا ادامدار بۇعان قارسى ءىس ىستەۋدە، ولار، «ءبىز اللا جولىندامىز» دەيدى، ءبىراق ەل-جۇرتتى الدايدى. ولار، «اللا جولىندامىز» دەيدى، ءبىراق وعان قارسى بارشا كۇنانى ىستەيدى، ولار، «اللا جولىندامىز» دەيدى، ءبىراق ادامداردى اداستىرادى، دىننەن تايدىرادى، جۇرتتى دىننەن بۇرىپ جىبەرەدى. مىنە بۇلار قابىل ەتىلمەگەن ادامدار، ال قابىل ەتىلگەن ادام دەگەنىمىز اللا ﷻدىڭ جولىنداعى ادام، پايعامبارىمىز ﷺ كورسەتىپ كەتكەن ادەمى جولداعى ادام، بۇل جول انىق تۇر. عۇلامالار، عالىمدار، اۋليەلەر، ساحابالار، ساليحتار بارلىعى وسى جولدا بولدى، ال وسى جولدان اداسقاندار قۇرىپ جوعالدى.
سوندىقتان ءبىز ساق بولۋىمىز كەرەك، بۇنداعى ەڭ ماڭىزدى ءىس، ياعني وسى جولداعى ەڭ ءبىرىنشى جانە ەڭ ماڭىزدى ءىس پايعامبارىمىز ﷺدى قۇرمەتتەۋ، ونى ءسۇيۋ، وعان اسا بيىك مارتەبە بەرۋ بولماق، دەمەك پايعامبارىمىز ﷺدى ءسۇيۋ نومەر ءبىرىنشى ءىس. بۇندا ونى ءسۇيۋ دەگەنىمىز پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولىنا ەرۋ، ول ىستەگەندەي ىستەۋ، وعان ەلىكتەۋ، ال پايعامبارىمىز ﷺ ءجايلى ەڭ ماڭىزدى ءىس نە؟ ول - ونىڭ مەيىرىمى، ونىڭ جاناشىرلىعى. ماسەلەن، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ءمالىم ءبىر ساحاباسى مايدانداعى قاندى ۇرىستا بىرەۋدى ولتىرمەك بولعاندا، ول، «مەن مۇسىلمان بولايىن» دەيدى، ءبىراق بۇل ساحابا سوندا دا ونى ءولتىرىپ قويدى. ال پايعامبارىمىز ﷺ بۇنى ەستىگەندە ول قاتتى كوڭىلسىزدەنىپ ساحاباسىنا، «نەگە بۇلاي ىستەيسىڭ» دەيدى، ول، «ماناعى ادام ولىمنەن قورقىپ، ءشاحادا ايتتى، ول مۇسىلمانمىن دەيدى، ءبىراق ول وتىرىكشى» دەيدى. سوندا پايعامبارىمىز ﷺ، «سەن ونىڭ جۇرەگىن نەمەسە كەۋدەسىن اشىپ، وندا يمان بار-جوقتىعىن كورىپ كەلدىڭبا» دەيدى، ول ونى وسىلاي قايتالاي ايتادى، ونى ەكىنشى رەت، ءۇشىنشى رەت ايتادى، ول كوڭىلسىز بولعانى سونشالىق، بۇل سۇراقتى قايتا-قايتا ايتا بەردى.
ال وسى كەزدەگى ادامدار، ەل-جۇرتتى دىننەن الجاستىرعان ادامدار ەشكىمگە راحىم قىلمايدى، ءبىراق ولارعا زۇلىمدىق جاسايدى، ولار وتباسىلاردى، ادامداردى ءبىر-بىرىنەن اجىراتادى، يسلامنان تايدىرادى، ولار پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولىنداعى ادامدار ەمەس. ەڭ ماڭىزدى جول، شۇكىر-اللا، سوپىلىق ءتاريقات جولى بولماق، مىنە وسى جولداعى ادامدار سۇننەتكە، ءشاريعاتقا جانە پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولىنا ەرگەن ادامدار. اللا ﷻ ءبىزدى وسى جولدا بەكەم ەتكەي، جانە وزگەلەردە كوپتەپ وسى جولعا كەلگەي، سەبەبى قازىرگى كەز بۇلىك-فيتنانىڭ زامانى. ولار جاقسىنى جامان، جاماندى جاقسى سياقتى ەتىپ كورسەتىپ قويدى، قارانى اق، اقتى قارا سياقتى بەينەلەپ قويدى، دەمەك بۇندا بارشا سۇمدىقپەن الدامشىلىق اتاۋلىنىڭ بارلىعى بار. ال سونداي جولداردان ساقتانىپ قورعانۋ ءۇشىن بىرەۋ ءپىر مۇرشيتكە ءسوزسىز ىلەسۋى كەرەك، كەزكەلگەن اۋليە ءمۇرشيت بولا بەرەدى، ونىڭ ءسوزسىز ءبىز بولۋى شارت ەمەس، كەزكەلگەنى بولادى، ءبىراق بۇل زامانداعى ماڭىزدى ءىس سول، بىرەۋ تۋرا جولداعى كەزكەلگەن سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ شايىعىنا نەمەسە مۇرشيتىنە ەرسە بولادى. اللا ﷻ ءار ادامدى حيداياتقا باستاعاي، ولار دۇرىس جولدان اداسىپ كەتپەگەي، ءبىراق دۇرىس جولدا بەكەم بولعاي، بەرىك بولعاي، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8523