You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8286
ИСЛАМДА АУРУМЕН СЕМІЗДІКТЕН БЫЛАЙ САҚТАНАДЫ

Пайғамбарымыз, 'тамақты мұсылман бір ішегіне, ал кәпір жеті ішегіне жейді' деген еді, демек мұсылманмен кәпірдің тамақ жеуі де ұқсамайды, мұсылман аз жейді, түлкі құрсақ жүреді, ал кәпір асқазанын толтыра, жеті ішегіне нығап жейді. Ал ислам, 'ауру астан, асқазан барша аурудың ұясы' дейді, сондықтан аз жеу денсаулықтың басты кепілі, егер адамдар пайғамбарымыз сүннеті бойынша ішіп жесе, аз жесе, олар дерлік ауырмайды. Қазір адамдар асты асыра жеп өздеріне сан түрлі аурулар тауып алады. Сонымен бірге олар қанытты, және заваттан шыққан түрлі химиялық құрам қосылған жасанды тағам-сусындарды тым көп тұтынады. Бұлар да адамдарды түрлі ауруларға ұшыратады, және сол себепті көптеген адамдар артық салмақ салып, семіздерге айналады. Тамақ хақында әулиелер, 'құрсақ тоя бергенде тамақтан бас тарт' дейді, бұл асты асыра жеуден сақтану үшін айтылған. Ол қарапайым, бірақ оның өнімі аса зор. Пайғамбарымыз, 'ораза ұста да, денсаулыққа жет' дейді, бұл тым қысқа кеңес, бірақ онда миллион кітапқа жүк боларлық білім жатыр, демек ұдайы ораза ұстау, аштау жүру адам денсаулығына да, руханиятына да, құлшылығына да аса пайдалы. Ол нәпсіні басады, ердің шәхуатын түсіреді, ал оның ақиреттегі орасан зор сауабы тағы бар. Қазіргілер тамақты асыра жеп, тойып алады да, әртүрлі спорт қимылдарын істеп, ақ тер көк тер болып жатады, арықтамақ болады. Олар осындай ауыр дене еңбектерін істеу арқылы, артық жеп алған тамағын сыртқа тер және энергия түрінде шығарып, әуре болады. Ал егер ол асты аз жесе, және күнделікті бес уақ намазын қалдырмай оқып жүрсе, бұндай ақ тер көк тер болудың қажеті қалмас еді. Себебі аз жеу бойға артық маймен энергияның жиналып, семіздіктің пайда болуына кедергі болады, және түрлі ауру-кеселдің алдын алады. Ал намаздың әрбір қимылында денсаулыққа аса пайдалы қасиеттер бар, мәселен, намаздағы кейбір қимылда он мың қадам жүргенге тең спорт бар, демек намазға да толып жатқан сырлы спорттар жасырылған.

يسلامدا اۋرۋمەن سەمىزدىكتەن بىلاي ساقتانادى

پايعامبارىمىز، 'تاماقتى مۇسىلمان ءبىر ىشەگىنە، ال كاپىر جەتى ىشەگىنە جەيدى' دەگەن ەدى، دەمەك مۇسىلمانمەن كاپىردىڭ تاماق جەۋى دە ۇقسامايدى، مۇسىلمان از جەيدى، تۇلكى قۇرساق جۇرەدى، ال كاپىر اسقازانىن تولتىرا، جەتى ىشەگىنە نىعاپ جەيدى. ال يسلام، 'اۋرۋ استان، اسقازان بارشا اۋرۋدىڭ ۇياسى' دەيدى، سوندىقتان از جەۋ دەنساۋلىقتىڭ باستى كەپىلى، ەگەر ادامدار پايعامبارىمىز سۇننەتى بويىنشا ءىشىپ جەسە، از جەسە، ولار دەرلىك اۋىرمايدى. ءقازىر ادامدار استى اسىرا جەپ وزدەرىنە سان ءتۇرلى اۋرۋلار تاۋىپ الادى. سونىمەن بىرگە ولار قانىتتى، جانە زاۆاتتان شىققان ءتۇرلى حيميالىق قۇرام قوسىلعان جاساندى تاعام-سۋسىنداردى تىم كوپ تۇتىنادى. بۇلار دا ادامداردى ءتۇرلى اۋرۋلارعا ۇشىراتادى، جانە سول سەبەپتى كوپتەگەن ادامدار ارتىق سالماق سالىپ، سەمىزدەرگە اينالادى. تاماق حاقىندا اۋليەلەر، 'قۇرساق تويا بەرگەندە تاماقتان باس تارت' دەيدى، بۇل استى اسىرا جەۋدەن ساقتانۋ ءۇشىن ايتىلعان. ول قاراپايىم، ءبىراق ونىڭ ءونىمى اسا زور. پايعامبارىمىز، 'ورازا ۇستا دا، دەنساۋلىققا جەت' دەيدى، بۇل تىم قىسقا كەڭەس، ءبىراق وندا ميلليون كىتاپقا جۇك بولارلىق ءبىلىم جاتىر، دەمەك ۇدايى ورازا ۇستاۋ، اشتاۋ ءجۇرۋ ادام دەنساۋلىعىنا دا، رۋحانياتىنا دا، قۇلشىلىعىنا دا اسا پايدالى. ول ءناپسىنى باسادى، ەردىڭ ءشاحۋاتىن تۇسىرەدى، ال ونىڭ اقيرەتتەگى وراسان زور ساۋابى تاعى بار. قازىرگىلەر تاماقتى اسىرا جەپ، تويىپ الادى دا، ءارتۇرلى سپورت قيمىلدارىن ىستەپ، اق تەر كوك تەر بولىپ جاتادى، ارىقتاماق بولادى. ولار وسىنداي اۋىر دەنە ەڭبەكتەرىن ىستەۋ ارقىلى، ارتىق جەپ العان تاماعىن سىرتقا تەر جانە ەنەرگيا تۇرىندە شىعارىپ، اۋرە بولادى. ال ەگەر ول استى از جەسە، جانە كۇندەلىكتى بەس ۋاق نامازىن قالدىرماي وقىپ جۇرسە، بۇنداي اق تەر كوك تەر بولۋدىڭ قاجەتى قالماس ەدى. سەبەبى از جەۋ بويعا ارتىق مايمەن ەنەرگيانىڭ جينالىپ، سەمىزدىكتىڭ پايدا بولۋىنا كەدەرگى بولادى، جانە ءتۇرلى اۋرۋ-كەسەلدىڭ الدىن الادى. ال نامازدىڭ ءاربىر قيمىلىندا دەنساۋلىققا اسا پايدالى قاسيەتتەر بار، ماسەلەن، نامازداعى كەيبىر قيمىلدا ون مىڭ قادام جۇرگەنگە تەڭ سپورت بار، دەمەك نامازعا دا تولىپ جاتقان سىرلى سپورتتار جاسىرىلعان.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8286