ТЕК ҚҰРАН-ХАДИСПЕН ЖОЛ ТАБА АЛМАЙСЫҢ, САҒАН ҰСТАЗ-ПІР КЕРЕК

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8872
ТЕК ҚҰРАН-ХАДИСПЕН ЖОЛ ТАБА АЛМАЙСЫҢ, САҒАН ҰСТАЗ-ПІР КЕРЕК
Адамдар құранмен хадисты оқуы мүмкін, бірақ ұстаз-пірі болмаса, олар бәрібір барар жолды біле алмайды. Егер құранды оқу ғана жеткілікті болса, Алла кітапті ғана жіберер еді. Бірақ, Алла қауым-үмбеттің алдына ұстаз-пір ретінде пайғамбарымызды да қосып, бірге жіберді. Ал әр дәуір, әр кезде үмбетке ұстаз-пір керек, егер осы ұстаз-пірлер болмаса, адамның істеген істері қабыл етілмей, босқа кетеді. Себебі, ол адамның ұстаз-пірі болмағандықтан, оны шайтан бастап жүрген болуы әбден мүмкін. Сондықтан Алла, 'менің жолымдағы адамға ер, соған ілес' дейді. Бірақ адамдарды басқа біреуді пір етіп еруге тәкаппарлығы жібермейді. Олар, 'біз өзіміз білеміз, өзіміз құран оқып жүрміз емеспе, біз сүннетті де білеміз, бізге ұстаз-пір керек емес, жол көрсетуші керек емес' дейді. Ал олар қате айтады, олар өрескел қателеседі, себебі, олар - тәкаппар, олар нәпсісімен шайтанға алданып, өздерін тым жоғары санауда. Ал кім Аллаға тәкаппарлықпен келсе, ол тойтарылады, кері қайтарылады, қабыл етілмейді.
- МӘУЛӘНӘ ШАЙЫҚ НАЗЫМ ӘУЛИЕ
تەك قۇران-حاديسپەن جول تابا المايسىڭ، ساعان ۇستاز-ءپىر كەرەك
ادامدار قۇرانمەن حاديستى وقۋى مۇمكىن، ءبىراق ۇستاز-ءپىرى بولماسا، ولار ءبارىبىر بارار جولدى بىلە المايدى. ەگەر قۇراندى وقۋ عانا جەتكىلىكتى بولسا، اللا كىتاپتى عانا جىبەرەر ەدى. ءبىراق، اللا قاۋىم-ۇمبەتتىڭ الدىنا ۇستاز-ءپىر رەتىندە پايعامبارىمىزدى دا قوسىپ، بىرگە جىبەردى. ال ءار ءداۋىر، ءار كەزدە ۇمبەتكە ۇستاز-ءپىر كەرەك، ەگەر وسى ۇستاز-پىرلەر بولماسا، ادامنىڭ ىستەگەن ىستەرى قابىل ەتىلمەي، بوسقا كەتەدى. سەبەبى، ول ادامنىڭ ۇستاز-ءپىرى بولماعاندىقتان، ونى شايتان باستاپ جۇرگەن بولۋى ابدەن مۇمكىن. سوندىقتان اللا، 'مەنىڭ جولىمداعى ادامعا ەر، سوعان ىلەس' دەيدى. ءبىراق ادامداردى باسقا بىرەۋدى ءپىر ەتىپ ەرۋگە تاكاپپارلىعى جىبەرمەيدى. ولار، 'ءبىز ءوزىمىز بىلەمىز، ءوزىمىز قۇران وقىپ ءجۇرمىز ەمەسپە، ءبىز سۇننەتتى دە بىلەمىز، بىزگە ۇستاز-ءپىر كەرەك ەمەس، جول كورسەتۋشى كەرەك ەمەس' دەيدى. ال ولار قاتە ايتادى، ولار ورەسكەل قاتەلەسەدى، سەبەبى، ولار - تاكاپپار، ولار ناپسىسىمەن شايتانعا الدانىپ، وزدەرىن تىم جوعارى ساناۋدا. ال كىم اللاعا تاكاپپارلىقپەن كەلسە، ول تويتارىلادى، كەرى قايتارىلادى، قابىل ەتىلمەيدى.
• ءماۋلانا شايىق نازىم اۋليە
#қазақ #салауат #әулие #ислам #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8872