You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: шағбан айының 15-түнін барат түні, ол - қасиетті түн (2) (2026.01.29 / Хижри 1447-жыл 10-Шағбан)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8691
Сұхбат: шағбан айының 15-түнін барат түні, ол - қасиетті түн (2) (2026.01.29 / Хижри 1447-жыл 10-Шағбан)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.

(Peckham Mosque – Peckham, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Біз шағбан муаззам мұкаррамда тұрмыз, иншалла, төрт күннен соң шағбанның онбесінші күнін құттықтаймыз, ол бір аса құтты түн. Ол барлық адамға арналған түн, Алла Әззә уә-Жәллә бұл жәйлы құранда, «‎فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ», яғни, «сол түнде әрбір нәрсе дәл өлшемдестірілді» дер, құран 44інші сүре 4інші аят, демек, осы түнде келер жылғы барлық нәрселер жазылады. Мәселен, онда не болатыны, кімнің туылатыны, кімнің өлетіні, кімнің ауыратыны, бай болатыны, үйленетіні, үйленбейтіні жазылады, яғни осы түнде бүкіл барлығы жазылады. Сол үшін ол түн өте маңызды, ол ислам дініндегі маңызды түндердің бірі, ол аса маңызды.

Мәуләнә, және басқа машайықтар болсын, барлығы осы түнге көңіл бөлген, біз де солай, ол ақшамнан басталады, ал біз ақшам оқып, дұға еткен соң, ясин сүресін риздық, ұзын өмір, исламда болумен жақсы денсаулық сияқты үш ниетпен үш рет оқимыз. Әр жолы оған ниет етіп, сосын дұға да жасаймыз, одан түнгі құптаннан соң тәсбих намаз оқыса болады, одан соң таң намазға дейін 100 ракат нәфил намаз оқыса болады. Әдетте бұл намазда ықылас сүресі мың рет оқылып болады, бірақ Мәуләнә Шайық Назым оны бізге оңай етті, демек, оның бірінші ракатында екі ықлас, екінші ракатында бір ықлас оқыса да болады, мүмкін адамдар оны бір сағатта бітіре алады, кейбір адамдар оны бір жарым сағат оқиды, ал кейбір адамдар екі сағат оқиды.

Олар оны ақырын оқып кетеді, қазір түн жаздағыдай қысқа емес, түн ұзын, оны тоқтап-тоқтап оқысаңыз болады, осы намазды өтеп, осы жылдың сауабын алыңыз, және Алла ﷻдан керегіңізді сұраңыз. Бұндағы ең маңыздысы өзіңіздің, отбасыңыздың, және барша елдің исламда болуын, пайғамбарымыз ﷺның жолында болуын сұрау болмақ, онда тағы жаман әдеттерден, жаман достардан, жаман адамдардан аулақ болуды да сұраңыз. Міне осындай болу, осылай аман болу, таза жүру ақшадан да, алтыннан да, демек, барлығынан да маңызды, себебі ластық қазір әр жерде бар, қайда барсаңыз да, оған кез боласыз, олар сіздің денсаулығыңызға, отбасыңызға, дос-жарандарыңызға әсер етеді.

Демек, әр нәрседе сіз олардың әсеріне ұшырайсыз, сол үшін Алла Әззә уә-Жәлләдан шайтанмен оның армиясынан сақтауды сұрап, қорған тілеу аса маңызды іс болмақ, қазір оларда өте үлкен армия бар, оның милиярттаған әскері бар. Олар бір я екі милион емес, олар - сан милиярт, егер біз бір милиярт бола алсақ, жақсы болар еді, бірақ жағдай бұндай емес, демек, әр адам шайтанға еріп кетті. Адамдар, «біз оған ермейміз» дейді, бірақ ақиқатында олардың шайтанның артынан еріп жүргені, шайтанның жолына түсіп алғаны бірден көзге ұрып тұр.

Сондықтан, осы кеште өзімізге, отбасымызға, балаларымызға, бауырларымызға, әпке, қарындас, сіңлілерімізге, яғни барша ел үшін күшті иман сұрап дұға жасау аса маңызды, міне бұл сіздің оларға бере алатын ең жақсы сауғаңыз. Себебі, пайғамбарымыз бауыр я дос үшін оларға білдірмей жасаған дұға қабыл болатындығын айтады, сондықтан, олар үшін дұға етеміз, Алладан оларға игілік сұраймыз, ең жақсысын сұраймыз, олармен жәннәтта бір болуды сұраймыз. Бұл да Алладан бір зор нығымет, пайғамбарымыз да бұны сүйеді, демек, сол үшін егер бір досыңыз мәселеге ұшыраса, я денсаулығында мәселе болса, я билікпен, я адамдармен, я кезкелген бірдеңемен мәселесі болса, Алла Әззә уә-Жәлләдан оның мәселесін жоқ етуін сұрап дұға етіңіз. Мәселе, мәселе алып келеді, жақсылық, жақсылық алып келеді, иншалла.

Бұл түн, яғни онбесінші шағбан өте маңызды, әр айда ай толғанда пайғамбарымыз ﷺ үш күн ораза ұстаған, олар оны, «нұрлы түн» деп атаған, себебі ай толғанда бүкіл жерді жарық етіп жбіереді. Демек, пайғамбарымыз ﷺ әр ислами айдың ортасында үш күн ораза ұстаған, ал біз оны ұдайы істей алмай жүреміз, бірақ қазіргіндей кездерде ораза ұстауымыз керек, Алла ﷻ осы үшін сауап жазады. Бұл түн жәйлы, осы күндегі ораза ұстау жәйлы, және оған Алланың берекемен есепсіз сауапты қалай беретіндігі жәйлы көптеген хадистер бар. Алла ﷻ өз жомарттығымен береді, әлхамдулилла, сопылық тәриқатқа ергендер құтайып, берекеге бөленген адамдар, бағы зор тәлейлі адамдар, себебі олар барлығын қармап жатыр, демек, олар әрбір жақсы нәрсені алып, ақиреттегі қазыналарына салып жатыр.

Сопылық тәриқатқа ермейтіндер бар, оларда мәселе жоқ шығар, сопылық тәриқатқа ілеспейтін көптеген адамдар бар, жәй мұсылмандар бар, олардың көбі намаз оқымайды, ораза ұстамайды, бірақ сонда да, олар - мұсылман. Сонымен бірге намаз оқитын, ораза ұстайтын, бірақ осыбір құтты түндермен күндерді білмейтін мұсылмандар да бар, оларға бұндай күндер жәй күндер сияқты көрінеді. Олар бес уақ намаз өтейді, рамазанда ораза ұстайды, одан соң ештеңе жоқ, ештеңе істемейді, мәселе де шығармайды, оларда мәселе жоқ. Бірақ мәселе, манағындай игі істерді жоққа шығарып, өзгелерді игіліктен тосатын мұсылмандарда болып отыр, егер олар бұны көрсе, «неге бұлай намаз оқисын, намазды тым көп оқып қойдың, ол қабыл емес» дер. Тіпті кейде осы топас-надандар, «бұл шірік, бұл бидаға, ол анау, ол мынау» деп, ел-жұртты игіліктен тосады, ал оларға ергендер расында бағы жоқ тәлейсіз адамдар, олар оларға еріп, пайғамбарымыздың сүннетін тастады, нәфилдерді істемейді, я рамазаннан соң да, не одан бұрын да ораза ұстамайды.

Олар үшін қасиетті ештеңе жоқ, қасиетті түн я күндіз жоқ, оларға қасиетті адамдар, сахабалар жоқ, тәбиғиндар жоқ, олар пайғамбарымыз жәйлы айтуға ауыз бармайтын нәрселерді де айтып жүр. Олардың бұл ластығын қайталап айту жақсы емес, олар - бағы жоқ тәлейсіз адамдар, бірақ әлхамдулилла, біз тәлейліміз, сонау пайғамбарымыздан бастап, қазірге дейін шамамыз келгенше оған ерудеміз, амал етудеміз. Біз Алла Әззә уә-Жәлләға, «біз осыншалық қана істей аламыз, пайғамбарымыз істеген көп істер бар, біз оның істеген ісінің барлығын істей алмаймыз, бірақ біздің ниетіміз сол, біз оның істегендеріне ереміз» дейміз. Сондықтан, пайғамбарымыз, «إنَّمَا الْأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ», «иннамал ғамалу бинниәт», яғни, «амал ниетке байланысты» дейді, демек, бұнда ниет маңызды, Алла Әззә уә-Жәллә осылай дер. Сол үшін біз ниетімізбен, әлхамдулилла, иншалла, пайғамбарымыз ﷺның сүннетіне ерудің барлық сауабына жететін боламыз.

Алла ﷻ басқа адамдарға да осыбір бақ-тәлей нәсіп болған бағы зор адам болуды, осыған еруді нәсіп еткен, ал біздің қақпамыз, әр жолы айтқанымыздай, әр адам үшін ашық, келіңіздер, «‎وَٱللَّهُ يَدْعُوٓا۟ إِلَىٰ دَارِ ٱلسَّلَـٰمِ», яғни, «Алла бейбітшілік үйіне шақырар» делінген, құран 10інші сүре 25інші аят. Демек, Алла ﷻ адамдарды жәннәтына шақыруда, тыныштық жеріне шақыруда, Алла Әззә уә-Жәллә осылай дер, яғни Алла ﷻ әрбір қуаныш, әрбір бақыт, әрбір жақсы іске адамзатты шақыруда. Пйғамбарымыз ﷺ да соған шақыруда, ал біз соған ерудеміз, және біз де жолдан шығып кеткен ел-жұртты, «Аллаға кел, пайғамбарымызға кел, жәннәтқа кел» деп шақырудамыз. Сонда сіз бұл дүниеде де, ақиретте де жәннәтта боласыз, иншалла. Міне бұл сіздің жүрегіңіздегі жәннәт, тіпті Сәйдина Ибырахим хазірет оттың ортасында тұрғанда да, онымен бірге жәннәт болды, бұл ғибырат барлығымызға да үйлеседі.

Сондықтан біз жұртты бұл қақпадан алыстап кетпеуге шақырамыз, бұл қақпа ашық, бұл есік ашық, ішіне кірмей қалған ақымақ біреу болып қалма, Алла Әззә уә-Жәллә бірдеңе бергенде, оған кешікпе, одан жырақтап кетпе. Демек, тұрба ашық тұрғанда құмыраңды суға толтырып ал, «мен оны кейін толтырамын» деме, себебі ол ұдайы ағып тұра бермес, ол ағып тұрғанда, дереу барда, ал, толтырып ал, сұра, тағы да ал, тұрба ашық тұрғанда, құйып ал, толтыра ал. Жалқаулыққа салынба, «оны кейін алармын» деме, оның кейін бар я жоқ боларын білмейсің, ол тұрба болама, болмайма, оны да білмейсің. Сондықтан, әр нәрседе, тіпті дүние ісінде де осылай болсын, біз бұны айтуымыз керек. Себебі жұрт риздық жәйлы сұрап жатады, мен оны бір бауырымыздың жазғанынан көрдім, ол ұста еді, алтын сататын, ол заттарына жақсы ескертулер жазады екен.

Онда, «қарыз сұрама, мен қарыз бере алмаймын» депті, ал екіншісінде, «тұрба ашық тұрғанда, құмыраңды толтырып ал, оны жаппа, ашық қалдыр, оны жауып, кейін ашамын деме, жалғастыра бер» деп жазыпты. Мәселен, бізге соншама жылдан бері көптеген жұрт ұдайы келіп, «менің жұмысым жақсы, бірақ мен одан зеріктім, демалғым келеді, содан оны жауып қойдым, алайда кейін оны қайта ашқанда, ол жақсы жүрмеді» дер. Сондықтан, ол ашық тұрған кезде оны жалғастыр, әр істе болсын, риздық та, білім де болсын, өмір де болсын, осылай болуы керек. Демек, шаруа жақсы болып тұрған кезде, «мүмкін олай, мүмкін бұлай, демалуым керек, қатты істеп кетпейін» демеңіз, жоқ, Алла ﷻ саған ашқанда, Алланың риздық есіктерін жаппа, әйтпесе, кейін өкінерсің, сол үшін барыңды жалғастыра бер.

Әр нәрсе жалғасын табу арқылы жақсарады, яғни жақсы істің жалғасуы маңызды, оны тоқтатпаңыз, күтпеңіз, Мәуләнә Шайық Назым хазірет те, «біздің жолымыз еңбекшіл адамдар үшін, кім шаршаса, тоқтаса бізден емес» дейтін, ол осылай айтқан. Демек, шаршамаңыз, тоқтап қалмаңыз, зерікпеңіз, Алла ﷻ Мәуләнә сияқты болуымыз үшін бізге химма-медетін бергей, иншалла, ол да, машалла, соңғы күндеріне дейін химма-медет берді, еш тоқтамады. Тіпті қазір де ол адамдарға берекесін жіберіп, оларды сопылық тәриқатқа әкелуде, ол түспен немесе илхаммен, әлі де бізге берерін беріп жатыр, әлхамдулилла. Бұның барлығы оның берекесімен болды, Алла ﷻ сіздер берекелегей, осы айды берекелегей, иншалла, және бізді жалғасты табанды еткей, зеріктірмегей, иншалла.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami





سۇحبات: شاعبان ايىنىڭ 15-ءتۇنىن بارات ءتۇنى، ول - قاسيەتتى ءتۇن (2) (2026.01.29 / حيجري 1447-جىل 10-شاعبان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.

(Peckham Mosque – Peckham، UK، 2026) انگليادا ايتىلعان سۇحبات. ءبىز شاعبان مۋاززام مۇكاررامدا تۇرمىز، ينشاللا، ءتورت كۇننەن سوڭ شاعباننىڭ ونبەسىنشى كۇنىن قۇتتىقتايمىز، ول ءبىر اسا قۇتتى ءتۇن. ول بارلىق ادامعا ارنالعان ءتۇن، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بۇل ءجايلى قۇراندا، «فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ»، ياعني، «سول تۇندە ءاربىر نارسە ءدال ولشەمدەستىرىلدى» دەر، قۇران 44ءىنشى سۇرە 4ءىنشى ايات، دەمەك، وسى تۇندە كەلەر جىلعى بارلىق نارسەلەر جازىلادى. ماسەلەن، وندا نە بولاتىنى، كىمنىڭ تۋىلاتىنى، كىمنىڭ ولەتىنى، كىمنىڭ اۋىراتىنى، باي بولاتىنى، ۇيلەنەتىنى، ۇيلەنبەيتىنى جازىلادى، ياعني وسى تۇندە بۇكىل بارلىعى جازىلادى. سول ءۇشىن ول ءتۇن وتە ماڭىزدى، ول يسلام دىنىندەگى ماڭىزدى تۇندەردىڭ ءبىرى، ول اسا ماڭىزدى.

ءماۋلانا، جانە باسقا ماشايىقتار بولسىن، بارلىعى وسى تۇنگە كوڭىل بولگەن، ءبىز دە سولاي، ول اقشامنان باستالادى، ال ءبىز اقشام وقىپ، دۇعا ەتكەن سوڭ، ياسين سۇرەسىن ريزدىق، ۇزىن ءومىر، يسلامدا بولۋمەن جاقسى دەنساۋلىق سياقتى ءۇش نيەتپەن ءۇش رەت وقيمىز. ءار جولى وعان نيەت ەتىپ، سوسىن دۇعا دا جاسايمىز، ودان تۇنگى قۇپتاننان سوڭ ءتاسبيح ناماز وقىسا بولادى، ودان سوڭ تاڭ نامازعا دەيىن 100 راكات ءنافيل ناماز وقىسا بولادى. ادەتتە بۇل نامازدا ىقىلاس سۇرەسى مىڭ رەت وقىلىپ بولادى، ءبىراق ءماۋلانا شايىق نازىم ونى بىزگە وڭاي ەتتى، دەمەك، ونىڭ ءبىرىنشى راكاتىندا ەكى ىقلاس، ەكىنشى راكاتىندا ءبىر ىقلاس وقىسا دا بولادى، مۇمكىن ادامدار ونى ءبىر ساعاتتا بىتىرە الادى، كەيبىر ادامدار ونى ءبىر جارىم ساعات وقيدى، ال كەيبىر ادامدار ەكى ساعات وقيدى.

ولار ونى اقىرىن وقىپ كەتەدى، ءقازىر ءتۇن جازداعىداي قىسقا ەمەس، ءتۇن ۇزىن، ونى توقتاپ-توقتاپ وقىساڭىز بولادى، وسى نامازدى وتەپ، وسى جىلدىڭ ساۋابىن الىڭىز، جانە اللا ﷻدان كەرەگىڭىزدى سۇراڭىز. بۇنداعى ەڭ ماڭىزدىسى ءوزىڭىزدىڭ، وتباسىڭىزدىڭ، جانە بارشا ەلدىڭ يسلامدا بولۋىن، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولىندا بولۋىن سۇراۋ بولماق، وندا تاعى جامان ادەتتەردەن، جامان دوستاردان، جامان ادامداردان اۋلاق بولۋدى دا سۇراڭىز. مىنە وسىنداي بولۋ، وسىلاي امان بولۋ، تازا ءجۇرۋ اقشادان دا، التىننان دا، دەمەك، بارلىعىنان دا ماڭىزدى، سەبەبى لاستىق ءقازىر ءار جەردە بار، قايدا بارساڭىز دا، وعان كەز بولاسىز، ولار ءسىزدىڭ دەنساۋلىعىڭىزعا، وتباسىڭىزعا، دوس-جاراندارىڭىزعا اسەر ەتەدى.

دەمەك، ءار نارسەدە ءسىز ولاردىڭ اسەرىنە ۇشىرايسىز، سول ءۇشىن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان شايتانمەن ونىڭ ارمياسىنان ساقتاۋدى سۇراپ، قورعان تىلەۋ اسا ماڭىزدى ءىس بولماق، ءقازىر ولاردا وتە ۇلكەن ارميا بار، ونىڭ ميليارتتاعان اسكەرى بار. ولار ءبىر يا ەكى ميليون ەمەس، ولار - سان ميليارت، ەگەر ءبىز ءبىر ميليارت بولا الساق، جاقسى بولار ەدى، ءبىراق جاعداي بۇنداي ەمەس، دەمەك، ءار ادام شايتانعا ەرىپ كەتتى. ادامدار، «ءبىز وعان ەرمەيمىز» دەيدى، ءبىراق اقيقاتىندا ولاردىڭ شايتاننىڭ ارتىنان ەرىپ جۇرگەنى، شايتاننىڭ جولىنا ءتۇسىپ العانى بىردەن كوزگە ۇرىپ تۇر.

سوندىقتان، وسى كەشتە وزىمىزگە، وتباسىمىزعا، بالالارىمىزعا، باۋىرلارىمىزعا، اپكە، قارىنداس، سىڭلىلەرىمىزگە، ياعني بارشا ەل ءۇشىن كۇشتى يمان سۇراپ دۇعا جاساۋ اسا ماڭىزدى، مىنە بۇل ءسىزدىڭ ولارعا بەرە الاتىن ەڭ جاقسى ساۋعاڭىز. سەبەبى، پايعامبارىمىز باۋىر يا دوس ءۇشىن ولارعا بىلدىرمەي جاساعان دۇعا قابىل بولاتىندىعىن ايتادى، سوندىقتان، ولار ءۇشىن دۇعا ەتەمىز، اللادان ولارعا يگىلىك سۇرايمىز، ەڭ جاقسىسىن سۇرايمىز، ولارمەن ءجانناتتا ءبىر بولۋدى سۇرايمىز. بۇل دا اللادان ءبىر زور نىعىمەت، پايعامبارىمىز دا بۇنى سۇيەدى، دەمەك، سول ءۇشىن ەگەر ءبىر دوسىڭىز ماسەلەگە ۇشىراسا، يا دەنساۋلىعىندا ماسەلە بولسا، يا بيلىكپەن، يا ادامدارمەن، يا كەزكەلگەن بىردەڭەمەن ماسەلەسى بولسا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان ونىڭ ماسەلەسىن جوق ەتۋىن سۇراپ دۇعا ەتىڭىز. ماسەلە، ماسەلە الىپ كەلەدى، جاقسىلىق، جاقسىلىق الىپ كەلەدى، ينشاللا.

بۇل ءتۇن، ياعني ونبەسىنشى شاعبان وتە ماڭىزدى، ءار ايدا اي تولعاندا پايعامبارىمىز ﷺ ءۇش كۇن ورازا ۇستاعان، ولار ونى، «نۇرلى ءتۇن» دەپ اتاعان، سەبەبى اي تولعاندا بۇكىل جەردى جارىق ەتىپ جبىەرەدى. دەمەك، پايعامبارىمىز ﷺ ءار يسلامي ايدىڭ ورتاسىندا ءۇش كۇن ورازا ۇستاعان، ال ءبىز ونى ۇدايى ىستەي الماي جۇرەمىز، ءبىراق قازىرگىندەي كەزدەردە ورازا ۇستاۋىمىز كەرەك، اللا ﷻ وسى ءۇشىن ساۋاپ جازادى. بۇل ءتۇن ءجايلى، وسى كۇندەگى ورازا ۇستاۋ ءجايلى، جانە وعان اللانىڭ بەرەكەمەن ەسەپسىز ساۋاپتى قالاي بەرەتىندىگى ءجايلى كوپتەگەن حاديستەر بار. اللا ﷻ ءوز جومارتتىعىمەن بەرەدى، ءالحامدۋليللا، سوپىلىق ءتاريقاتقا ەرگەندەر قۇتايىپ، بەرەكەگە بولەنگەن ادامدار، باعى زور تالەيلى ادامدار، سەبەبى ولار بارلىعىن قارماپ جاتىر، دەمەك، ولار ءاربىر جاقسى نارسەنى الىپ، اقيرەتتەگى قازىنالارىنا سالىپ جاتىر.

سوپىلىق ءتاريقاتقا ەرمەيتىندەر بار، ولاردا ماسەلە جوق شىعار، سوپىلىق ءتاريقاتقا ىلەسپەيتىن كوپتەگەن ادامدار بار، ءجاي مۇسىلماندار بار، ولاردىڭ كوبى ناماز وقىمايدى، ورازا ۇستامايدى، ءبىراق سوندا دا، ولار - مۇسىلمان. سونىمەن بىرگە ناماز وقيتىن، ورازا ۇستايتىن، ءبىراق ءوسىبىر قۇتتى تۇندەرمەن كۇندەردى بىلمەيتىن مۇسىلماندار دا بار، ولارعا بۇنداي كۇندەر ءجاي كۇندەر سياقتى كورىنەدى. ولار بەس ۋاق ناماز وتەيدى، رامازاندا ورازا ۇستايدى، ودان سوڭ ەشتەڭە جوق، ەشتەڭە ىستەمەيدى، ماسەلە دە شىعارمايدى، ولاردا ماسەلە جوق. ءبىراق ماسەلە، ماناعىنداي يگى ىستەردى جوققا شىعارىپ، وزگەلەردى يگىلىكتەن توساتىن مۇسىلمانداردا بولىپ وتىر، ەگەر ولار بۇنى كورسە، «نەگە بۇلاي ناماز وقيسىن، نامازدى تىم كوپ وقىپ قويدىڭ، ول قابىل ەمەس» دەر. ءتىپتى كەيدە وسى توپاس-ناداندار، «بۇل شىرىك، بۇل بيداعا، ول اناۋ، ول مىناۋ» دەپ، ەل-جۇرتتى يگىلىكتەن توسادى، ال ولارعا ەرگەندەر راسىندا باعى جوق تالەيسىز ادامدار، ولار ولارعا ەرىپ، پايعامبارىمىزدىڭ سۇننەتىن تاستادى، نافيلدەردى ىستەمەيدى، يا رامازاننان سوڭ دا، نە ودان بۇرىن دا ورازا ۇستامايدى.

ولار ءۇشىن قاسيەتتى ەشتەڭە جوق، قاسيەتتى ءتۇن يا كۇندىز جوق، ولارعا قاسيەتتى ادامدار، ساحابالار جوق، ءتابيعيندار جوق، ولار پايعامبارىمىز ءجايلى ايتۋعا اۋىز بارمايتىن نارسەلەردى دە ايتىپ ءجۇر. ولاردىڭ بۇل لاستىعىن قايتالاپ ايتۋ جاقسى ەمەس، ولار - باعى جوق تالەيسىز ادامدار، ءبىراق ءالحامدۋليللا، ءبىز تالەيلىمىز، سوناۋ پايعامبارىمىزدان باستاپ، قازىرگە دەيىن شامامىز كەلگەنشە وعان ەرۋدەمىز، امال ەتۋدەمىز. ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا، «ءبىز وسىنشالىق قانا ىستەي الامىز، پايعامبارىمىز ىستەگەن كوپ ىستەر بار، ءبىز ونىڭ ىستەگەن ءىسىنىڭ بارلىعىن ىستەي المايمىز، ءبىراق ءبىزدىڭ نيەتىمىز سول، ءبىز ونىڭ ىستەگەندەرىنە ەرەمىز» دەيمىز. سوندىقتان، پايعامبارىمىز، «إنَّمَا الْأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ»، «يننامال عامالۋ ءبيننيات»، ياعني، «امال نيەتكە بايلانىستى» دەيدى، دەمەك، بۇندا نيەت ماڭىزدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وسىلاي دەر. سول ءۇشىن ءبىز نيەتىمىزبەن، ءالحامدۋليللا، ينشاللا، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ سۇننەتىنە ەرۋدىڭ بارلىق ساۋابىنا جەتەتىن بولامىز.

اللا ﷻ باسقا ادامدارعا دا ءوسىبىر باق-تالەي ءناسىپ بولعان باعى زور ادام بولۋدى، وسىعان ەرۋدى ءناسىپ ەتكەن، ال ءبىزدىڭ قاقپامىز، ءار جولى ايتقانىمىزداي، ءار ادام ءۇشىن اشىق، كەلىڭىزدەر، «وَٱللَّهُ يَدْعُوٓا۟ إِلَىٰ دَارِ ٱلسَّلَـٰمِ»، ياعني، «اللا بەيبىتشىلىك ۇيىنە شاقىرار» دەلىنگەن، قۇران 10ءىنشى سۇرە 25ءىنشى ايات. دەمەك، اللا ﷻ ادامداردى ءجانناتىنا شاقىرۋدا، تىنىشتىق جەرىنە شاقىرۋدا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وسىلاي دەر، ياعني اللا ﷻ ءاربىر قۋانىش، ءاربىر باقىت، ءاربىر جاقسى ىسكە ادامزاتتى شاقىرۋدا. پيعامبارىمىز ﷺ دا سوعان شاقىرۋدا، ال ءبىز سوعان ەرۋدەمىز، جانە ءبىز دە جولدان شىعىپ كەتكەن ەل-جۇرتتى، «اللاعا كەل، پايعامبارىمىزعا كەل، ءجانناتقا كەل» دەپ شاقىرۋدامىز. سوندا ءسىز بۇل دۇنيەدە دە، اقيرەتتە دە ءجانناتتا بولاسىز، ينشاللا. مىنە بۇل ءسىزدىڭ جۇرەگىڭىزدەگى ءجاننات، ءتىپتى ءسايدينا يبىراحيم حازىرەت وتتىڭ ورتاسىندا تۇرعاندا دا، ونىمەن بىرگە ءجاننات بولدى، بۇل عيبىرات بارلىعىمىزعا دا ۇيلەسەدى.

سوندىقتان ءبىز جۇرتتى بۇل قاقپادان الىستاپ كەتپەۋگە شاقىرامىز، بۇل قاقپا اشىق، بۇل ەسىك اشىق، ىشىنە كىرمەي قالعان اقىماق بىرەۋ بولىپ قالما، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بىردەڭە بەرگەندە، وعان كەشىكپە، ودان جىراقتاپ كەتپە. دەمەك، تۇربا اشىق تۇرعاندا قۇمىراڭدى سۋعا تولتىرىپ ال، «مەن ونى كەيىن تولتىرامىن» دەمە، سەبەبى ول ۇدايى اعىپ تۇرا بەرمەس، ول اعىپ تۇرعاندا، دەرەۋ باردا، ال، تولتىرىپ ال، سۇرا، تاعى دا ال، تۇربا اشىق تۇرعاندا، قۇيىپ ال، تولتىرا ال. جالقاۋلىققا سالىنبا، «ونى كەيىن الارمىن» دەمە، ونىڭ كەيىن بار يا جوق بولارىن بىلمەيسىڭ، ول تۇربا بولاما، بولمايما، ونى دا بىلمەيسىڭ. سوندىقتان، ءار نارسەدە، ءتىپتى دۇنيە ىسىندە دە وسىلاي بولسىن، ءبىز بۇنى ايتۋىمىز كەرەك. سەبەبى جۇرت ريزدىق ءجايلى سۇراپ جاتادى، مەن ونى ءبىر باۋىرىمىزدىڭ جازعانىنان كوردىم، ول ۇستا ەدى، التىن ساتاتىن، ول زاتتارىنا جاقسى ەسكەرتۋلەر جازادى ەكەن.

وندا، «قارىز سۇراما، مەن قارىز بەرە المايمىن» دەپتى، ال ەكىنشىسىندە، «تۇربا اشىق تۇرعاندا، قۇمىراڭدى تولتىرىپ ال، ونى جاپپا، اشىق قالدىر، ونى جاۋىپ، كەيىن اشامىن دەمە، جالعاستىرا بەر» دەپ جازىپتى. ماسەلەن، بىزگە سونشاما جىلدان بەرى كوپتەگەن جۇرت ۇدايى كەلىپ، «مەنىڭ جۇمىسىم جاقسى، ءبىراق مەن ودان زەرىكتىم، دەمالعىم كەلەدى، سودان ونى جاۋىپ قويدىم، الايدا كەيىن ونى قايتا اشقاندا، ول جاقسى جۇرمەدى» دەر. سوندىقتان، ول اشىق تۇرعان كەزدە ونى جالعاستىر، ءار ىستە بولسىن، ريزدىق تا، ءبىلىم دە بولسىن، ءومىر دە بولسىن، وسىلاي بولۋى كەرەك. دەمەك، شارۋا جاقسى بولىپ تۇرعان كەزدە، «مۇمكىن ولاي، مۇمكىن بۇلاي، دەمالۋىم كەرەك، قاتتى ىستەپ كەتپەيىن» دەمەڭىز، جوق، اللا ﷻ ساعان اشقاندا، اللانىڭ ريزدىق ەسىكتەرىن جاپپا، ايتپەسە، كەيىن وكىنەرسىڭ، سول ءۇشىن بارىڭدى جالعاستىرا بەر.

ءار نارسە جالعاسىن تابۋ ارقىلى جاقسارادى، ياعني جاقسى ءىستىڭ جالعاسۋى ماڭىزدى، ونى توقتاتپاڭىز، كۇتپەڭىز، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت تە، «ءبىزدىڭ جولىمىز ەڭبەكشىل ادامدار ءۇشىن، كىم شارشاسا، توقتاسا بىزدەن ەمەس» دەيتىن، ول وسىلاي ايتقان. دەمەك، شارشاماڭىز، توقتاپ قالماڭىز، زەرىكپەڭىز، اللا ﷻ ءماۋلانا سياقتى بولۋىمىز ءۇشىن بىزگە حيمما-مەدەتىن بەرگەي، ينشاللا، ول دا، ماشاللا، سوڭعى كۇندەرىنە دەيىن حيمما-مەدەت بەردى، ەش توقتامادى. ءتىپتى ءقازىر دە ول ادامدارعا بەرەكەسىن جىبەرىپ، ولاردى سوپىلىق ءتاريقاتقا اكەلۋدە، ول تۇسپەن نەمەسە يلحاممەن، ءالى دە بىزگە بەرەرىن بەرىپ جاتىر، ءالحامدۋليللا. بۇنىڭ بارلىعى ونىڭ بەرەكەسىمەن بولدى، اللا ﷻ سىزدەر بەرەكەلەگەي، وسى ايدى بەرەكەلەگەي، ينشاللا، جانە ءبىزدى جالعاستى تاباندى ەتكەي، زەرىكتىرمەگەي، ينشاللا.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8691