Сұхбат: қазіргі заман - екінші реткі зор надандық дәуірі (2) (2026.01.17 / Хижри 1447-жыл 28-Ражаб)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8661
Сұхбат: қазіргі заман - екінші реткі зор надандық дәуірі (2) (2026.01.17 / Хижри 1447-жыл 28-Ражаб)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Jamia Masjid Hanfia – Bradford, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلَّذِينَ ٱتَّقَوا۟ وَّٱلَّذِينَ هُم مُّحْسِنُونَ» яғни, «расында, Алла Алладан қорқатындармен, және жақсы амал істеушілермен бірге», садақал лахул ғазим, құран 16інші сүре 128інші аят. Алла ﷻ жаман істерден аулақ бола білетін, және адамдарға игілік істейтіндермен бірге, әлхамдулилла, бұл біз үшін ең зор нығымет, яғни біз үшін кімнің бізді қолдайтынын білу ең зор нығымет болмақ. Сізді сақшылар, я саясаткерлер, я байлар қолдап жүрме? ал сізді қолдайтын бір Иеміз ғана, Ол бүкіл әлемнің Иесі, яғни сізді Алла Әззә уә-Жәллә қолдайды, осыны білуіңіз керек. Сіз қуаныңыз, көңілсіз болмаңыз, жабықпаңыз, әрине, адамдар мұсылмандар тұратын жерден жырақ кетіп, ұқсамаған жерлерде жүрсе, және бәрі басқаша болған кезде, олардың кейбірі қорқады, көңілсізденеді, мазасы кетеді.
Бірақ бұл жақсы емес, сіз өзіңізді ескертіп отыруыңыз керек, яғни, «Алла ﷻ бізбен бірге» деп айтыңыз, Алла ﷻдың барлығына күші жетеді, Ол үшін ештеңе қиын емес, Ол - Әл-Қадір, Әл-Мұқтадир, яғни Ол - Құдіретті, Ол - Мүлдем Басым. Міне бұл мүмин үшін, мұсылман үшін бір үлкен нығымет, мұсылман әрдайым зұлымдардың, я шайтанның шабуылына ұшырап тұрады, шайтан ұдайы әскерлерін жіберіп, оларды қуандырғысы келмейді, олардың бақытын тоспақ болады, оларға Алла Әззә уә-Жәлләны ұмыттырып жібермек болады. Ол әр жолы олардың кетуін қалайды, аса рахымды Алла Әззә уә-Жәлләдан алыстауын қалайды, ал бізді Алла Әззә уә-Жәллә жаратты, және Ол бізді қолдайды. Ол барлығын, әр адамды, мұсылманды, бей-мұсылманды да қолдайды, бұл маңызды емес, бірақ мұсылмандар бұны білсе, олар тынышталып, қуанар еді, көңілсіз болмас еді.
Міне бұл пайғамбарымыз ﷺның жолы, ол рисалахты жәриялап, адамдарды өзіне сенуге шақырғанда, адамдар оған қарсы келіп, оған бүкіл зұлымдықты, барша жамандықты істеп көрді, олар оған көптеген дүниелерді беріп, оны осы нәрседен қайтармақшы да болды. Бірақ пайғамбарымыз ﷺ бұларды қабыл етпеді, себебі ол Алла ﷻды біледі. Мәселен, егер сізде ақша аз болса, және біреу сізге келіп, «мен саған бес теңге беремін, менімен бірге жүр» десе, астағфирулла, хаша, бұл жақсы мысал емес. Бірақ манағы ақымақтар, «пайғамбарға сол ақшаларды берсек, ол дінін тастап, біздің арттан еріп кетер» деп ойлап қалды, хаша, олар расында өте надан еді, ол заман «жәхилия яғни надандық заманы» деп аталынған. Надандық яғни жәхилия дегеніміз не? бұнда екі түрлі надандық бар, жәхилия дегеніміз надандық дәуірі, олар екеу.
Біріншісі, пайғамбарымыз ﷺның кезінде болды, ол бітті, әлхамдулилла, ал екіншісі қазір болып жатыр! ал қазіргі надандық дәуірі манағы бірінші надандық дәуірінен әлдеқайда қитұрқы болып отыр, ол замандағы адамдар жақсы болмаған нәрсе болса да, әйтеу бірдеңеге сенуші еді, онысы бұд я басқа бірдеңе болар, демек, олар бірдеңеге сенді, ал осы замандағы надан адамдар ештеңеге сенбейді, міне бұл нағыз надандық, себебі Алла ﷻ оларға барлығын берді, білу, көру, есту бәрін берді, сонда да олар сенбейді, иман етпейді. Ертедегі адамдар кемінде аспанға қарап, «ол жұлдыз» деп, кішкене нәрселерге қарайтын, ал қазіргілер әлемнің өте үлкен екенін, оның шегіне жете алмайтынын біледі, олар қарайды, тағы қарайды, милиярт есе үлкендігін көрді, олар «шет-шегі» деген нәрсені таба алмады. Сондықтан, олар сенуі керек, демек оларда ақыл болса, Жаратушының бар екендігіне сенуі керек.
Бірақ олар сенбеген кезде, бұл олардың надандығын білдіреді, надандық дегеніміз білгісі келмеу, білмеу деген сөз, мүмкін кейбір надан ештеңе білмес, бірақ ол бірдеңе білгісі келеді, бұл мәселе емес, ұят емес. Алайда, сіз надандыққа, жәхилдыққа қатып-семіп тұрып алсаңыз, ең сұмдық іс сол болмақ. Алла Әззә уә-Жәллә пайғамбарларын жіберді, ал пайғамбарымыз ﷺ сахабалары жәйлы, «أصحابي كالنّجو ِم بأیّھم اِقتدیتُم اِھتدیتُم» яғни, «менің сахабаларым - жұлдыздар, олардың қайсысына ерсеңдер де, хидаятта боласыңдар» дейді. Ал оларға ерсеңіз, олардың нұрымен надандығыңызды кетіресіз, олар барлығын пайғамбарымыз ﷺнан алып үйретеді, бұл өмір қандай, басқа өмір қандай, адамдарды Алла жаратты, мына дүние қалай басталған деген сияқты бәрін үйретеді. Ал ана-мына тероя-болжамдардың түк керегі жоқ, сіз, «оны Алла жаратты» десеңіз болды, міне бұл ақылды, зерек адамдар үшін ең оңай, ең түсінікті нәрсе. Ал надан, ақымақ адамдар анаған-мынаған қарар, «ол не, бұл не, ол қалай келді, қалай кетті» деп сенделер.
Ал барлығы Алла ﷻдың сөзі, қасиетті сөзі болған құранда тұр. Құранда барлығы басынан ақырына дейін баяндалған, тіпті одан соң не болатыны, қияметтің қалай болатыны бәрі айтылған, адамдардың айтып жүрген тероясы да ұқсас, және олар оның құранда айтылып кеткенін біледі, бірақ сонда да сенбей, имансыздық қылады. Тіпті құранда қияметтің ең кішкене баяндары айтылған, ал адамдар бұны өздерінің ғылымында айтып жүр. Мәселен, «فَإِذَا ٱنشَقَّتِ ٱلسَّمَآءُ فَكَانَتْ وَرْدَةً كَٱلدِّهَانِ» яғни, «көк жарылып, роза түстес күйген май сияқты болғанда» делінген, құран 55інші сүре, 37інші аят. Демек, аспан жарылғанда розаға ұқсап кетеді, бұны олар ғылымында дәл осылай баяндаған, ол солай үлкен күн сияқты, роза гүлі сияқты болады, кәдімгі ашылған розаға ұқсайды. Алла ﷻ бұны әлдеқашан баяндап кеткен, бірақ сонда да манағы адамдар иман келтірмейді, олар әлі, «ол милион жылдан соң, милиярт жылдан соң болар» дейді, бірақ Алла ﷻ қалаған кезде барлығы бір секонд ішінде туылатын болады, иншалла.
Ал бұндағы маңызды іс жақсы ұстаз тауып, жақсы жолға, пайғамбарлар жолына еру болмақ, ақылды адамдар сондай жолға ерер, көптеген әулиелер Алла ﷻдың жолын көрсетуде, Мәуләнә Шайық Назым хазірет те солай. Әлхамдулилла, оның отбасы өте жақсы оқыған білімді отбасы еді, олар барлық балаларын оқуға жіберді, ол кезде Мәуләнә Шайық Назым хазірет ыстанбулда тұрды, кипірде де болды, ол заманда ешкім ондай оқыта алмайтын, оны білмейтін. Солай, ол ыстанбулда оқыды, ол өте зерек еді, оның бауыры да солай болды, бірақ уақыты келгенде, оның манағы бауыры қайтыс болды, содан Мәуләнә оқуын тастап, ақирет ісіне кіріп кетті. Бауырының өлімі оны оқу тастауға алып келді, ол соңына дейін өте жақсы оқып, оны бітірді, содан соң оқымай кетті, оқуын тастады. Ол өте-өте зерек, тым ақылды еді, ол осы ақылдылығымен, және әулиелердің берекесімен таңдаулы жан болды, демек, ол Алла жағынан таңдалған адам.
Ол кейін Түркиядан кетіп, хижираға яғни өзге елге көшуге шықты, ол кезде Түркияда намаз оқу, пайғамбар сүннеті бойынша киім кию барлығы шектелген еді. Ол Мәдина қаласына кету ниетімен шыққан болатын, ол әуелі сириядағы хомысқа келді, ал хомыста үлкен ғұламалардың медіресесі бар еді, ол кездегі ғұламалар Османлы заманынан қалған шын жақсы ғұламалар болатын, ол онда бір жыл оқыды, осы кезде ол әйгілі сахаба Қалид Ибн Уәлид Сейфуллаһ хазіреттің мақамында тұрды. Және осы бір жылда ол елдер он жыл бойы үйренетін білімді үйреніп болды, ол фиқ, хадис, тәфсир, араб тілі, барлығын үйренді, ол оңай емес, мен де сол жерде оқығанмын, бірақ олардың бір жылда үйрене қою тым қиын. Яғни Мәуләнә Шайық Назым хазірет біз он жылда үйренетін нәрсені бір жылда үйреніп болды, бұл оны дайындау үшін еді.
Олар Мәуләнәны міндетке дайындады, ол осы шәриғатты үйреніп болған соң, бір шайық оны Сирия Дамашыққа жіберді. Сол кезде ол онда ұлық әулие Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Файыз әд-Дағыстани хазіретпен жолықты, және ол оған өмір бойы қызымет өтеді. Ал Мәуләнә Шайық Абдуллаһ хазірет те Мәуләнә Шайық Назым хазіретке өмірінің соңына дейін қарап келді, оны тәрбиеледі, Мәуләнә дүние тәркі жан еді, ол жеті жыл бойы жанқалтасына бір тиын ақша салмаған, ол, «мен дүниені қаламаймын» дейтін. Ол міне осылай келіп кетіп жүрді, ол Сириядан Кипірге ұдайы сапарлап тұрды, ол тек кішкене қайықпен баратын, бұл да оның бір кереметінен еді, бір тиын ақша да алмайтын. Көптеген жылдан соң Мәуләнә Шайық Абдуллаһ хазірет оған, «қазір, бітті, осы болды, қазірден бастап ақша жұмса, оны ал, қазір мәселе жоқ» дейді, осыдан соң ол Мәуләнәмен тағы да ұзақ жылдар бірге тұрды.
Сол жылдарда Мәуләнә Шайық Абдуллаһ хазірет оны тәрбиеледі, ол Мәуләнә үшін тауажұх етті, онда тағы бір мүрит болды, бірақ Мәуләнә Шайық Абдуллаһ хазірет біздің Мәуләнә Шайық Назым хазіретті қалады, оған қызықты. Ол оны Мәдина қаласына алты айға халуаға яғни оқшаулануға апарды, Мәдинада алты ай болды, одан соң Ирақ Бағдатта халуа жасады. Бағдатта ол Мәуләнә Шайық Абдулқадір Ғейлани хазіретпен бірге болды, оның дергасында болды, ал Мәуләнә Шайық Абдулқадір хазірет сондағы бір ұрпағының түсіне кіріп, оған, «біздің тағы бір баламыз осында келеді, оған жақсы қара, ол халуасын біткенше, оған қызмет қыл» дейді. Және оған оның қашан келетін күн-уақытын айтады, ал Мәуләнә Дамашықтан Бағдатқа автобыспен келді, ол Бағдатқа келісімен бір адамның өзін күтіп тұрғанын көреді, ол Мәуләнәны ертіп, өз жеріне апарады, және оған халуа жасайтын бөлмені көрсетеді. Ол Мәуләнәға халуа жасайтын бөлме дайындаған екен, және халуа біткенше Мәуләнәға қызмет өтейді, ал Мәуләнә, «онда алты ай тұрдым» деген еді. Әркүні адамдар кеткен соң, ол әулие Мәуләнә Шайық Абдулқадір Ғейлани хазіреттің мақамына барып, 3-4 сағат мұрақаба жасайтын, одан соң бөлмесіне оралатын, Мәуләнә Шайық Назым хазірет осындай кісі еді.
Ол көптеген халуа істеді, ал Мәуләнә Шайық Абдуллаһ хазірет қайтыс болып, жәннәтқа кеткен соң, біздің Мәуләнә оның орнына тағайындалды, көптеген адамдар, «мен халифамын» деп айғайлады, бірақ ешкім оларды тыңдамады. Мәуләнә Шайық Абдуллаһ хазірет қайтыс болардан сәл бұрын, «келер жылы мен қайтыс болған соң, сен үшін шет мемлекеттегілер үшін бір жол ашылу болады, ал сен оларға барып, көз құлақ бол, оларды тәрбиеле» дейді. Мәуләнә Шайық Абдуллаһ хазірет 1973інші жылы қайтыс болды, ал Мәуләнә Шайық Назым хазірет 1974інші жылы англияға келді, сол кезден бастап, Мәуләнә осы жерде ислам дәнін септі, ал осы дән қазір өсіп өніп, көркейіп жатыр. Иншалла, олар Сәйдина Әл-Мәхди хазіретпен бірге болады, сол үшін біз, «еш алаңдамаңдар, көңілсіз болмаңдар, не жазымыш болса, сол болар, бәрі Алла Әззә уә-Жәллә жағынан жазылған» дейміз. Мәуләнә Шайық Назым хазірет, «لا تُكْثر لهَمّكْ مَا قُدِّرْ يَكُونْ، فاللهُ المُقَدِّرْ، وَالعَالَمْ شُئُونْ» яғни, «алаңыңды көбейтпе, не жазылса, сол келеді де, өтіп кетеді, барлық тағдырды болдырушы бір Алла, ал мына дүние соның жәй бір көрнісі» деген қасиданы ұдайы айтып отырушы еді. Сондықтан еш көңілсіз болмаңыз, мейлі қуаныңыз, мейлі жұбаныңыз, болатын іс болмай қоймас, барлығын Алла ﷻ істейді, ал адамдар жәй нәрселер ғана, еш алаңдамаңыз.
Кейде адамдар, «менде үрейлену ауруы бар» дейді, бұл да әлсіз иманнан, егер олар мүминдерден болса, бұндай үрейлену ауруы болмас еді, олардың көбі өлімнен қорқатындығын айтады, ал не үшін өлімнен қорқады? түріктерде, «қорқудың өлімге пайдасы жоқ» деген сөз бар, демек қорқыңыз я қорықпаңыз, өлер уақыт келгенде, сіз өлесіз, сондықтан, өлімге дайын болуыңыз керек. Бес уақ намазыңызды өтеп жүріңіз, өлім келген кезде, ол сізге қайырылы болады, мәселе жоқ, бірақ осылар сізде болмаса, сол кезде қорқыңыз, егер сіз мүмин, мұсылман болсаңыз, әркүні бес уақ намаз өтеп жүрсеңіз, ораза ұстасаңыз, Алланың айтқандарын орындап, әулие машайықтарға еріп жүрсеңіз, онда сізге қорқудың қажеті жоқ. Бұндайда сіз қуаныңыз, көптеген сахабалар былай айтатын, мәселен, сахаба Сәйдина Білал әл-Хабаши хазірет қатты ауырып, өзінің өлетінін білген кезде, «غدًا ألقى الأحبّة محمدًا وصحبه» яғни, «ертең мен сүйікті жан Сәйдина Мұхаммадпен оның ерушілеріне кездесемін» деп айтып отыратын.
Сол үшін, о адамдар кәпір болмаңдар! сеніңдер, Алла ﷻ сізге қашан жеуді қалаған кезде, жейсіз, Ол әрбір адамға риздық береді, Ол Әр-Раззақ, Ол - Алла ﷻ. Еш қорықпаңыз, «егер мен тамақ таба алмасам, аштан өлермін» деп алаңдамаңыз, егер сіз аштан өлер болсаңыз, мына бүкіл дүниеге ие болсаңыз да, бірақ сізге тамақ жеуге Алладан рұхсат болмаса, сіз ештеңе жей алмайтын боласыз. Ал егер сізде ештеңе болмаса да, Алла Әззә уә-Жәллә сізге риздық жібере алады, көптеген адамдарда осы мәселе бар, яғни оларда иман мәселесі бар, иман дейміз, яғни сіз Алла ﷻға шынайы сене алуыңыз керек. «Сен мүминсіңбе» десе, олар, «иә, мен мүминмін» дер, онда ештеңеден қорықпаңыз, еш үрейленбеңіз, еш көңілсіз болмаңыз. «فَبِذَٰلِكَ فَلْيَفْرَحُوا» яғни, «олар содан қызық көрсін» делінер, құран 10інші сүре 58інші аят. Алла Әззә уә-Жәллә бұнда, «егер сендер Алла сөзіне ерсеңдер, намаз оқысаңдар, ораза ұстасаңдар, жақсы іс істесеңдер, онда қуаныңдар» дейді, міне бұл бір әмір, демек, қуанып жүріңіздер, себебі аятта, «فَبِذَٰلِكَ فَلْيَفْرَحُوا» яғни, «олар содан қызық көрсін» деп айтылған. Алла Әззә уә-Жәллә осылай дер, Ол сізге, «қуаныңдар, қуанып жүріңдер» деп, әмір беруде, көңілсіз болмаңыз, әрине көптеген істер болып жатады, бірақ олар да Алла ﷻдан, яғни Алла қалауынан.
Көргеніңізге, айналаңызға қуана бермейтін шығарсыз, әрине бізді қуандырмайтын көптеген істер болуда, демек, біз зұлымдық сияқты нәрселермен келіспейміз, бірақ біз Алла Әззә уә-Жәлләның зұлымдыққа, я азапқа ұшыраушыны аса зор сауаппен сыйлайтынына сенуіміз керек. Бұлардың барлығы Алла ﷻдың қалауынан, ол үшін оларға Алла Әззә уә-Жәллә өзі сауап береді, оларға Алла өзі береді, және олар мәңгі қуанатын болады. Бұл дүние ақиретке салыстырғанда өте аз ғана уақыт, оларды салыстыруға мүлдем келмейді. Мәуләнә Шайық Назым хазірет, әлхамдулилла, өз мұхитынан еш шаршамастан, еш тоқтамастан бізге үлес беруде, ол өзі қайтыс болған кезінен бастап та беріп жатыр. Одан бұрын да, ол жер аралап, адамдарға көптеп сұхбат беретін, оларды тәрбиелейтін, оларды қолдайтын, ал бұнда рухани медет-қолдау аса маңызды. Егер ол болмаса, демек, мұсылманда осындай рухани медет-қолдаулар болып келмеген болса, дүниеде бір мұсылман да қалмас еді. Себебі пайғамбарымыз ﷺ кеткен бірінші күннен бастап, шайтанмен оның әскерлері исламмен мұсылмандарды жоқ қылу үшін бір тынбай шабуыл жасауда, бірақ пайғамбарымыз ﷺның, сахабалардың, әхлул-бәйіттердің, және әулиелердің медет-қолдауымен, біз әлі де осында жүрміз, сол үшін де бізде қорқыныш жоқ.
Алла ﷻ ел-жұртқа, бізге, барлығымызға, барша мұсылманға зор медет-қолдау бергей, иншалла, Алла ﷻ оларды жолында сақтағай, бізді манағы игілерге еліктеткей, иншалла, біз олардай бола алмаймыз, мұны айтып өттік. Алайда, егер сіз мыңнан бір жақсылық істей алсаңыз, сол да көп жақсы, демек, сіз Мәуләнәның мыңнан біріне еліктей алсаңыз, ол бір өте жақсы іс болмақ, соның өзі өте жақсы. Сондықтан, Алла ﷻ бізге осыны істей алуымызға жәрдем еткей, иншалла, Алла ﷻ сіздері берекелегей, құтайтқай. Әлхамдулилла, бұл біздің осы мешітке екінші сапарымыз, машалла, бұл бір құтты жер, иншалла. Бұл қала да жақсы қала, онда көптеген жақсы адамдар бар, әлхамдулилла, Алла ﷻ сіздерді осында бірге етіп қойды, Ол сіздерге жақсы қарым-қатынас бергей, иншалла, өзара қуаныш бергей, иншалла. Барлық сопылық тәриқаттар арасында ұқсамастық жоқ, олардың арасындағы іс маңызды емес, кезкелген сопылық тәриқат бола береді, яғни Мәуләнә Шайық Назым хазірет айтып өткендей, әр адамның тәриқатқа өзіндік ашылуы, өзіндік бейімі болады. Ал бұндағы маңыздысы сопылық тәриқаттың сыртында қалып қоймау болмақ, иншалла, Алла ﷻ сіздерді берекелей берсін.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: قازىرگى زامان - ەكىنشى رەتكى زور ناداندىق ءداۋىرى (2) (2026.01.17 / حيجري 1447-جىل 28-راجاب)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Jamia Masjid Hanfia – Bradford، UK، 2026) انگليادا ايتىلعان سۇحبات. بيسميللاحير راحمانير راحيم، «إِنَّ ٱللَّهَ مَعَ ٱلَّذِينَ ٱتَّقَوا۟ وَّٱلَّذِينَ هُم مُّحْسِنُونَ» ياعني، «راسىندا، اللا اللادان قورقاتىندارمەن، جانە جاقسى امال ىستەۋشىلەرمەن بىرگە»، ساداقال لاحۋل عازيم، قۇران 16ءىنشى سۇرە 128ءىنشى ايات. اللا ﷻ جامان ىستەردەن اۋلاق بولا بىلەتىن، جانە ادامدارعا يگىلىك ىستەيتىندەرمەن بىرگە، ءالحامدۋليللا، بۇل ءبىز ءۇشىن ەڭ زور نىعىمەت، ياعني ءبىز ءۇشىن كىمنىڭ ءبىزدى قولدايتىنىن ءبىلۋ ەڭ زور نىعىمەت بولماق. ءسىزدى ساقشىلار، يا ساياساتكەرلەر، يا بايلار قولداپ جۇرمە؟ ال ءسىزدى قولدايتىن ءبىر يەمىز عانا، ول بۇكىل الەمنىڭ يەسى، ياعني ءسىزدى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قولدايدى، وسىنى ءبىلۋىڭىز كەرەك. ءسىز قۋانىڭىز، كوڭىلسىز بولماڭىز، جابىقپاڭىز، ارينە، ادامدار مۇسىلماندار تۇراتىن جەردەن جىراق كەتىپ، ۇقساماعان جەرلەردە جۇرسە، جانە ءبارى باسقاشا بولعان كەزدە، ولاردىڭ كەيبىرى قورقادى، كوڭىلسىزدەنەدى، مازاسى كەتەدى.
ءبىراق بۇل جاقسى ەمەس، ءسىز ءوزىڭىزدى ەسكەرتىپ وتىرۋىڭىز كەرەك، ياعني، «اللا ﷻ بىزبەن بىرگە» دەپ ايتىڭىز، اللا ﷻدىڭ بارلىعىنا كۇشى جەتەدى، ول ءۇشىن ەشتەڭە قيىن ەمەس، ول - ءال-ءقادىر، ءال-مۇقتادير، ياعني ول - قۇدىرەتتى، ول - مۇلدەم باسىم. مىنە بۇل ءمۇمين ءۇشىن، مۇسىلمان ءۇشىن ءبىر ۇلكەن نىعىمەت، مۇسىلمان ءاردايىم زۇلىمداردىڭ، يا شايتاننىڭ شابۋىلىنا ۇشىراپ تۇرادى، شايتان ۇدايى اسكەرلەرىن جىبەرىپ، ولاردى قۋاندىرعىسى كەلمەيدى، ولاردىڭ باقىتىن توسپاق بولادى، ولارعا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانى ۇمىتتىرىپ جىبەرمەك بولادى. ول ءار جولى ولاردىڭ كەتۋىن قالايدى، اسا راحىمدى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان الىستاۋىن قالايدى، ال ءبىزدى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جاراتتى، جانە ول ءبىزدى قولدايدى. ول بارلىعىن، ءار ادامدى، مۇسىلماندى، بەي-مۇسىلماندى دا قولدايدى، بۇل ماڭىزدى ەمەس، ءبىراق مۇسىلماندار بۇنى بىلسە، ولار تىنىشتالىپ، قۋانار ەدى، كوڭىلسىز بولماس ەدى.
مىنە بۇل پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولى، ول ريسالاحتى ءجاريالاپ، ادامداردى وزىنە سەنۋگە شاقىرعاندا، ادامدار وعان قارسى كەلىپ، وعان بۇكىل زۇلىمدىقتى، بارشا جاماندىقتى ىستەپ كوردى، ولار وعان كوپتەگەن دۇنيەلەردى بەرىپ، ونى وسى نارسەدەن قايتارماقشى دا بولدى. ءبىراق پايعامبارىمىز ﷺ بۇلاردى قابىل ەتپەدى، سەبەبى ول اللا ﷻدى بىلەدى. ماسەلەن، ەگەر سىزدە اقشا از بولسا، جانە بىرەۋ سىزگە كەلىپ، «مەن ساعان بەس تەڭگە بەرەمىن، مەنىمەن بىرگە ءجۇر» دەسە، استاعفيرۋللا، حاشا، بۇل جاقسى مىسال ەمەس. ءبىراق ماناعى اقىماقتار، «پايعامبارعا سول اقشالاردى بەرسەك، ول ءدىنىن تاستاپ، ءبىزدىڭ ارتتان ەرىپ كەتەر» دەپ ويلاپ قالدى، حاشا، ولار راسىندا وتە نادان ەدى، ول زامان «ءجاحيليا ياعني ناداندىق زامانى» دەپ اتالىنعان. ناداندىق ياعني ءجاحيليا دەگەنىمىز نە؟ بۇندا ەكى ءتۇرلى ناداندىق بار، ءجاحيليا دەگەنىمىز ناداندىق ءداۋىرى، ولار ەكەۋ.
ءبىرىنشىسى، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ كەزىندە بولدى، ول ءبىتتى، ءالحامدۋليللا، ال ەكىنشىسى ءقازىر بولىپ جاتىر! ال قازىرگى ناداندىق ءداۋىرى ماناعى ءبىرىنشى ناداندىق داۋىرىنەن الدەقايدا قيتۇرقى بولىپ وتىر، ول زامانداعى ادامدار جاقسى بولماعان نارسە بولسا دا، ايتەۋ بىردەڭەگە سەنۋشى ەدى، ونىسى بۇد يا باسقا بىردەڭە بولار، دەمەك، ولار بىردەڭەگە سەندى، ال وسى زامانداعى نادان ادامدار ەشتەڭەگە سەنبەيدى، مىنە بۇل ناعىز ناداندىق، سەبەبى اللا ﷻ ولارعا بارلىعىن بەردى، ءبىلۋ، كورۋ، ەستۋ ءبارىن بەردى، سوندا دا ولار سەنبەيدى، يمان ەتپەيدى. ەرتەدەگى ادامدار كەمىندە اسپانعا قاراپ، «ول جۇلدىز» دەپ، كىشكەنە نارسەلەرگە قارايتىن، ال قازىرگىلەر الەمنىڭ وتە ۇلكەن ەكەنىن، ونىڭ شەگىنە جەتە المايتىنىن بىلەدى، ولار قارايدى، تاعى قارايدى، ميليارت ەسە ۇلكەندىگىن كوردى، ولار «شەت-شەگى» دەگەن نارسەنى تابا المادى. سوندىقتان، ولار سەنۋى كەرەك، دەمەك ولاردا اقىل بولسا، جاراتۋشىنىڭ بار ەكەندىگىنە سەنۋى كەرەك.
ءبىراق ولار سەنبەگەن كەزدە، بۇل ولاردىڭ ناداندىعىن بىلدىرەدى، ناداندىق دەگەنىمىز بىلگىسى كەلمەۋ، بىلمەۋ دەگەن ءسوز، مۇمكىن كەيبىر نادان ەشتەڭە بىلمەس، ءبىراق ول بىردەڭە بىلگىسى كەلەدى، بۇل ماسەلە ەمەس، ۇيات ەمەس. الايدا، ءسىز ناداندىققا، ءجاحيلدىققا قاتىپ-سەمىپ تۇرىپ الساڭىز، ەڭ سۇمدىق ءىس سول بولماق. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا پايعامبارلارىن جىبەردى، ال پايعامبارىمىز ﷺ ساحابالارى ءجايلى، «أصحابي كالنّجو ِم بأیّھم اِقتدیتُم اِھتدیتُم» ياعني، «مەنىڭ ساحابالارىم - جۇلدىزدار، ولاردىڭ قايسىسىنا ەرسەڭدەر دە، حيداياتتا بولاسىڭدار» دەيدى. ال ولارعا ەرسەڭىز، ولاردىڭ نۇرىمەن ناداندىعىڭىزدى كەتىرەسىز، ولار بارلىعىن پايعامبارىمىز ﷺنان الىپ ۇيرەتەدى، بۇل ءومىر قانداي، باسقا ءومىر قانداي، ادامداردى اللا جاراتتى، مىنا دۇنيە قالاي باستالعان دەگەن سياقتى ءبارىن ۇيرەتەدى. ال انا-مىنا تەرويا-بولجامداردىڭ تۇك كەرەگى جوق، ءسىز، «ونى اللا جاراتتى» دەسەڭىز بولدى، مىنە بۇل اقىلدى، زەرەك ادامدار ءۇشىن ەڭ وڭاي، ەڭ تۇسىنىكتى نارسە. ال نادان، اقىماق ادامدار اناعان-مىناعان قارار، «ول نە، بۇل نە، ول قالاي كەلدى، قالاي كەتتى» دەپ سەندەلەر.
ال بارلىعى اللا ﷻدىڭ ءسوزى، قاسيەتتى ءسوزى بولعان قۇراندا تۇر. قۇراندا بارلىعى باسىنان اقىرىنا دەيىن باياندالعان، ءتىپتى ودان سوڭ نە بولاتىنى، قيامەتتىڭ قالاي بولاتىنى ءبارى ايتىلعان، ادامداردىڭ ايتىپ جۇرگەن تەروياسى دا ۇقساس، جانە ولار ونىڭ قۇراندا ايتىلىپ كەتكەنىن بىلەدى، ءبىراق سوندا دا سەنبەي، يمانسىزدىق قىلادى. ءتىپتى قۇراندا قيامەتتىڭ ەڭ كىشكەنە باياندارى ايتىلعان، ال ادامدار بۇنى وزدەرىنىڭ عىلىمىندا ايتىپ ءجۇر. ماسەلەن، «فَإِذَا ٱنشَقَّتِ ٱءلسَّمَآُ فَكَانَتْ وَرْدَةً كَٱلدِّهَانِ» ياعني، «كوك جارىلىپ، روزا تۇستەس كۇيگەن ماي سياقتى بولعاندا» دەلىنگەن، قۇران 55ءىنشى سۇرە، 37ءىنشى ايات. دەمەك، اسپان جارىلعاندا روزاعا ۇقساپ كەتەدى، بۇنى ولار عىلىمىندا ءدال وسىلاي بايانداعان، ول سولاي ۇلكەن كۇن سياقتى، روزا گۇلى سياقتى بولادى، كادىمگى اشىلعان روزاعا ۇقسايدى. اللا ﷻ بۇنى الدەقاشان بايانداپ كەتكەن، ءبىراق سوندا دا ماناعى ادامدار يمان كەلتىرمەيدى، ولار ءالى، «ول ميليون جىلدان سوڭ، ميليارت جىلدان سوڭ بولار» دەيدى، ءبىراق اللا ﷻ قالاعان كەزدە بارلىعى ءبىر سەكوند ىشىندە تۋىلاتىن بولادى، ينشاللا.
ال بۇنداعى ماڭىزدى ءىس جاقسى ۇستاز تاۋىپ، جاقسى جولعا، پايعامبارلار جولىنا ەرۋ بولماق، اقىلدى ادامدار سونداي جولعا ەرەر، كوپتەگەن اۋليەلەر اللا ﷻدىڭ جولىن كورسەتۋدە، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت تە سولاي. ءالحامدۋليللا، ونىڭ وتباسى وتە جاقسى وقىعان ءبىلىمدى وتباسى ەدى، ولار بارلىق بالالارىن وقۋعا جىبەردى، ول كەزدە ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ىستانبۋلدا تۇردى، كيپىردە دە بولدى، ول زاماندا ەشكىم ونداي وقىتا المايتىن، ونى بىلمەيتىن. سولاي، ول ىستانبۋلدا وقىدى، ول وتە زەرەك ەدى، ونىڭ باۋىرى دا سولاي بولدى، ءبىراق ۋاقىتى كەلگەندە، ونىڭ ماناعى باۋىرى قايتىس بولدى، سودان ءماۋلانا وقۋىن تاستاپ، اقيرەت ىسىنە كىرىپ كەتتى. باۋىرىنىڭ ءولىمى ونى وقۋ تاستاۋعا الىپ كەلدى، ول سوڭىنا دەيىن وتە جاقسى وقىپ، ونى ءبىتىردى، سودان سوڭ وقىماي كەتتى، وقۋىن تاستادى. ول وتە-وتە زەرەك، تىم اقىلدى ەدى، ول وسى اقىلدىلىعىمەن، جانە اۋليەلەردىڭ بەرەكەسىمەن تاڭداۋلى جان بولدى، دەمەك، ول اللا جاعىنان تاڭدالعان ادام.
ول كەيىن تۇركيادان كەتىپ، حيجيراعا ياعني وزگە ەلگە كوشۋگە شىقتى، ول كەزدە تۇركيادا ناماز وقۋ، پايعامبار سۇننەتى بويىنشا كيىم كيۋ بارلىعى شەكتەلگەن ەدى. ول ءمادينا قالاسىنا كەتۋ نيەتىمەن شىققان بولاتىن، ول اۋەلى سيرياداعى حومىسقا كەلدى، ال حومىستا ۇلكەن عۇلامالاردىڭ مەدىرەسەسى بار ەدى، ول كەزدەگى عۇلامالار وسمانلى زامانىنان قالعان شىن جاقسى عۇلامالار بولاتىن، ول وندا ءبىر جىل وقىدى، وسى كەزدە ول ايگىلى ساحابا قاليد يبن ءۋاليد سەيفۋللاھ حازىرەتتىڭ ماقامىندا تۇردى. جانە وسى ءبىر جىلدا ول ەلدەر ون جىل بويى ۇيرەنەتىن ءبىلىمدى ۇيرەنىپ بولدى، ول فيق، حاديس، ءتافسير، اراب ءتىلى، بارلىعىن ۇيرەندى، ول وڭاي ەمەس، مەن دە سول جەردە وقىعانمىن، ءبىراق ولاردىڭ ءبىر جىلدا ۇيرەنە قويۋ تىم قيىن. ياعني ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ءبىز ون جىلدا ۇيرەنەتىن نارسەنى ءبىر جىلدا ۇيرەنىپ بولدى، بۇل ونى دايىنداۋ ءۇشىن ەدى.
ولار ءماۋلانانى مىندەتكە دايىندادى، ول وسى ءشاريعاتتى ۇيرەنىپ بولعان سوڭ، ءبىر شايىق ونى سيريا داماشىققا جىبەردى. سول كەزدە ول وندا ۇلىق اۋليە ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-فايىز ءاد-داعىستاني حازىرەتپەن جولىقتى، جانە ول وعان ءومىر بويى قىزىمەت وتەدى. ال ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ حازىرەت تە ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتكە ءومىرىنىڭ سوڭىنا دەيىن قاراپ كەلدى، ونى تاربيەلەدى، ءماۋلانا دۇنيە تاركى جان ەدى، ول جەتى جىل بويى جانقالتاسىنا ءبىر تيىن اقشا سالماعان، ول، «مەن دۇنيەنى قالامايمىن» دەيتىن. ول مىنە وسىلاي كەلىپ كەتىپ ءجۇردى، ول سيريادان كيپىرگە ۇدايى ساپارلاپ تۇردى، ول تەك كىشكەنە قايىقپەن باراتىن، بۇل دا ونىڭ ءبىر كەرەمەتىنەن ەدى، ءبىر تيىن اقشا دا المايتىن. كوپتەگەن جىلدان سوڭ ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ حازىرەت وعان، «ءقازىر، ءبىتتى، وسى بولدى، قازىردەن باستاپ اقشا جۇمسا، ونى ال، ءقازىر ماسەلە جوق» دەيدى، وسىدان سوڭ ول ماۋلانامەن تاعى دا ۇزاق جىلدار بىرگە تۇردى.
سول جىلداردا ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ حازىرەت ونى تاربيەلەدى، ول ءماۋلانا ءۇشىن تاۋاجۇح ەتتى، وندا تاعى ءبىر ءمۇريت بولدى، ءبىراق ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ حازىرەت ءبىزدىڭ ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتى قالادى، وعان قىزىقتى. ول ونى ءمادينا قالاسىنا التى ايعا حالۋاعا ياعني وقشاۋلانۋعا اپاردى، ءمادينادا التى اي بولدى، ودان سوڭ يراق باعداتتا حالۋا جاسادى. باعداتتا ول ءماۋلانا شايىق ءابدۋلقادىر عەيلاني حازىرەتپەن بىرگە بولدى، ونىڭ دەرگاسىندا بولدى، ال ءماۋلانا شايىق ءابدۋلقادىر حازىرەت سونداعى ءبىر ۇرپاعىنىڭ تۇسىنە كىرىپ، وعان، «ءبىزدىڭ تاعى ءبىر بالامىز وسىندا كەلەدى، وعان جاقسى قارا، ول حالۋاسىن بىتكەنشە، وعان قىزمەت قىل» دەيدى. جانە وعان ونىڭ قاشان كەلەتىن كۇن-ۋاقىتىن ايتادى، ال ءماۋلانا داماشىقتان باعداتقا اۆتوبىسپەن كەلدى، ول باعداتقا كەلىسىمەن ءبىر ادامنىڭ ءوزىن كۇتىپ تۇرعانىن كورەدى، ول ءماۋلانانى ەرتىپ، ءوز جەرىنە اپارادى، جانە وعان حالۋا جاسايتىن بولمەنى كورسەتەدى. ول ءماۋلاناعا حالۋا جاسايتىن بولمە دايىنداعان ەكەن، جانە حالۋا بىتكەنشە ءماۋلاناعا قىزمەت وتەيدى، ال ءماۋلانا، «وندا التى اي تۇردىم» دەگەن ەدى. اركۇنى ادامدار كەتكەن سوڭ، ول اۋليە ءماۋلانا شايىق ءابدۋلقادىر عەيلاني حازىرەتتىڭ ماقامىنا بارىپ، 3-4 ساعات مۇراقابا جاسايتىن، ودان سوڭ بولمەسىنە ورالاتىن، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت وسىنداي كىسى ەدى.
ول كوپتەگەن حالۋا ىستەدى، ال ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ حازىرەت قايتىس بولىپ، ءجانناتقا كەتكەن سوڭ، ءبىزدىڭ ءماۋلانا ونىڭ ورنىنا تاعايىندالدى، كوپتەگەن ادامدار، «مەن حاليفامىن» دەپ ايعايلادى، ءبىراق ەشكىم ولاردى تىڭدامادى. ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ حازىرەت قايتىس بولاردان ءسال بۇرىن، «كەلەر جىلى مەن قايتىس بولعان سوڭ، سەن ءۇشىن شەت مەملەكەتتەگىلەر ءۇشىن ءبىر جول اشىلۋ بولادى، ال سەن ولارعا بارىپ، كوز قۇلاق بول، ولاردى تاربيەلە» دەيدى. ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ حازىرەت 1973ءىنشى جىلى قايتىس بولدى، ال ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت 1974ءىنشى جىلى انگلياعا كەلدى، سول كەزدەن باستاپ، ءماۋلانا وسى جەردە يسلام ءدانىن سەپتى، ال وسى ءدان ءقازىر ءوسىپ ءونىپ، كوركەيىپ جاتىر. ينشاللا، ولار ءسايدينا ءال-ءماحدي حازىرەتپەن بىرگە بولادى، سول ءۇشىن ءبىز، «ەش الاڭداماڭدار، كوڭىلسىز بولماڭدار، نە جازىمىش بولسا، سول بولار، ءبارى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا جاعىنان جازىلعان» دەيمىز. ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت، «لا تُكْثر لهَمّكْ مَا قُدِّرْ يَكُونْ، فاللهُ المُقَدِّرْ، وَالعَالَمْ شُئُونْ» ياعني، «الاڭىڭدى كوبەيتپە، نە جازىلسا، سول كەلەدى دە، ءوتىپ كەتەدى، بارلىق تاعدىردى بولدىرۋشى ءبىر اللا، ال مىنا دۇنيە سونىڭ ءجاي ءبىر كورنىسى» دەگەن قاسيدانى ۇدايى ايتىپ وتىرۋشى ەدى. سوندىقتان ەش كوڭىلسىز بولماڭىز، مەيلى قۋانىڭىز، مەيلى جۇبانىڭىز، بولاتىن ءىس بولماي قويماس، بارلىعىن اللا ﷻ ىستەيدى، ال ادامدار ءجاي نارسەلەر عانا، ەش الاڭداماڭىز.
كەيدە ادامدار، «مەندە ۇرەيلەنۋ اۋرۋى بار» دەيدى، بۇل دا ءالسىز يماننان، ەگەر ولار مۇميندەردەن بولسا، بۇنداي ۇرەيلەنۋ اۋرۋى بولماس ەدى، ولاردىڭ كوبى ولىمنەن قورقاتىندىعىن ايتادى، ال نە ءۇشىن ولىمنەن قورقادى؟ تۇرىكتەردە، «قورقۋدىڭ ولىمگە پايداسى جوق» دەگەن ءسوز بار، دەمەك قورقىڭىز يا قورىقپاڭىز، ولەر ۋاقىت كەلگەندە، ءسىز ولەسىز، سوندىقتان، ولىمگە دايىن بولۋىڭىز كەرەك. بەس ۋاق نامازىڭىزدى وتەپ ءجۇرىڭىز، ءولىم كەلگەن كەزدە، ول سىزگە قايىرىلى بولادى، ماسەلە جوق، ءبىراق وسىلار سىزدە بولماسا، سول كەزدە قورقىڭىز، ەگەر ءسىز ءمۇمين، مۇسىلمان بولساڭىز، اركۇنى بەس ۋاق ناماز وتەپ جۇرسەڭىز، ورازا ۇستاساڭىز، اللانىڭ ايتقاندارىن ورىنداپ، اۋليە ماشايىقتارعا ەرىپ جۇرسەڭىز، وندا سىزگە قورقۋدىڭ قاجەتى جوق. بۇندايدا ءسىز قۋانىڭىز، كوپتەگەن ساحابالار بىلاي ايتاتىن، ماسەلەن، ساحابا ءسايدينا ءبىلال ءال-حاباشي حازىرەت قاتتى اۋىرىپ، ءوزىنىڭ ولەتىنىن بىلگەن كەزدە، «غدًا ألقى الأحبّة محمدًا وصحبه» ياعني، «ەرتەڭ مەن سۇيىكتى جان ءسايدينا مۇحاممادپەن ونىڭ ەرۋشىلەرىنە كەزدەسەمىن» دەپ ايتىپ وتىراتىن.
سول ءۇشىن، و ادامدار كاپىر بولماڭدار! سەنىڭدەر، اللا ﷻ سىزگە قاشان جەۋدى قالاعان كەزدە، جەيسىز، ول ءاربىر ادامعا ريزدىق بەرەدى، ول ءار-راززاق، ول - اللا ﷻ. ەش قورىقپاڭىز، «ەگەر مەن تاماق تابا الماسام، اشتان ولەرمىن» دەپ الاڭداماڭىز، ەگەر ءسىز اشتان ولەر بولساڭىز، مىنا بۇكىل دۇنيەگە يە بولساڭىز دا، ءبىراق سىزگە تاماق جەۋگە اللادان رۇحسات بولماسا، ءسىز ەشتەڭە جەي المايتىن بولاسىز. ال ەگەر سىزدە ەشتەڭە بولماسا دا، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا سىزگە ريزدىق جىبەرە الادى، كوپتەگەن ادامداردا وسى ماسەلە بار، ياعني ولاردا يمان ماسەلەسى بار، يمان دەيمىز، ياعني ءسىز اللا ﷻعا شىنايى سەنە الۋىڭىز كەرەك. «سەن مۇمينسىڭبە» دەسە، ولار، «ءيا، مەن ءمۇمينمىن» دەر، وندا ەشتەڭەدەن قورىقپاڭىز، ەش ۇرەيلەنبەڭىز، ەش كوڭىلسىز بولماڭىز. «فَبِذَٰلِكَ فَلْيَفْرَحُوا» ياعني، «ولار سودان قىزىق كورسىن» دەلىنەر، قۇران 10ءىنشى سۇرە 58ءىنشى ايات. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بۇندا، «ەگەر سەندەر اللا سوزىنە ەرسەڭدەر، ناماز وقىساڭدار، ورازا ۇستاساڭدار، جاقسى ءىس ىستەسەڭدەر، وندا قۋانىڭدار» دەيدى، مىنە بۇل ءبىر ءامىر، دەمەك، قۋانىپ جۇرىڭىزدەر، سەبەبى اياتتا، «فَبِذَٰلِكَ فَلْيَفْرَحُوا» ياعني، «ولار سودان قىزىق كورسىن» دەپ ايتىلعان. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وسىلاي دەر، ول سىزگە، «قۋانىڭدار، قۋانىپ جۇرىڭدەر» دەپ، ءامىر بەرۋدە، كوڭىلسىز بولماڭىز، ارينە كوپتەگەن ىستەر بولىپ جاتادى، ءبىراق ولار دا اللا ﷻدان، ياعني اللا قالاۋىنان.
كورگەنىڭىزگە، اينالاڭىزعا قۋانا بەرمەيتىن شىعارسىز، ارينە ءبىزدى قۋاندىرمايتىن كوپتەگەن ىستەر بولۋدا، دەمەك، ءبىز زۇلىمدىق سياقتى نارسەلەرمەن كەلىسپەيمىز، ءبىراق ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ زۇلىمدىققا، يا ازاپقا ۇشىراۋشىنى اسا زور ساۋاپپەن سىيلايتىنىنا سەنۋىمىز كەرەك. بۇلاردىڭ بارلىعى اللا ﷻدىڭ قالاۋىنان، ول ءۇشىن ولارعا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءوزى ساۋاپ بەرەدى، ولارعا اللا ءوزى بەرەدى، جانە ولار ماڭگى قۋاناتىن بولادى. بۇل دۇنيە اقيرەتكە سالىستىرعاندا وتە از عانا ۋاقىت، ولاردى سالىستىرۋعا مۇلدەم كەلمەيدى. ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت، ءالحامدۋليللا، ءوز مۇحيتىنان ەش شارشاماستان، ەش توقتاماستان بىزگە ۇلەس بەرۋدە، ول ءوزى قايتىس بولعان كەزىنەن باستاپ تا بەرىپ جاتىر. ودان بۇرىن دا، ول جەر ارالاپ، ادامدارعا كوپتەپ سۇحبات بەرەتىن، ولاردى تاربيەلەيتىن، ولاردى قولدايتىن، ال بۇندا رۋحاني مەدەت-قولداۋ اسا ماڭىزدى. ەگەر ول بولماسا، دەمەك، مۇسىلماندا وسىنداي رۋحاني مەدەت-قولداۋلار بولىپ كەلمەگەن بولسا، دۇنيەدە ءبىر مۇسىلمان دا قالماس ەدى. سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ كەتكەن ءبىرىنشى كۇننەن باستاپ، شايتانمەن ونىڭ اسكەرلەرى يسلاممەن مۇسىلمانداردى جوق قىلۋ ءۇشىن ءبىر تىنباي شابۋىل جاساۋدا، ءبىراق پايعامبارىمىز ﷺنىڭ، ساحابالاردىڭ، ءاحلۋل-بايىتتەردىڭ، جانە اۋليەلەردىڭ مەدەت-قولداۋىمەن، ءبىز ءالى دە وسىندا ءجۇرمىز، سول ءۇشىن دە بىزدە قورقىنىش جوق.
اللا ﷻ ەل-جۇرتقا، بىزگە، بارلىعىمىزعا، بارشا مۇسىلمانعا زور مەدەت-قولداۋ بەرگەي، ينشاللا، اللا ﷻ ولاردى جولىندا ساقتاعاي، ءبىزدى ماناعى يگىلەرگە ەلىكتەتكەي، ينشاللا، ءبىز ولارداي بولا المايمىز، مۇنى ايتىپ وتتىك. الايدا، ەگەر ءسىز مىڭنان ءبىر جاقسىلىق ىستەي الساڭىز، سول دا كوپ جاقسى، دەمەك، ءسىز ءماۋلانانىڭ مىڭنان بىرىنە ەلىكتەي الساڭىز، ول ءبىر وتە جاقسى ءىس بولماق، سونىڭ ءوزى وتە جاقسى. سوندىقتان، اللا ﷻ بىزگە وسىنى ىستەي الۋىمىزعا جاردەم ەتكەي، ينشاللا، اللا ﷻ سىزدەرى بەرەكەلەگەي، قۇتايتقاي. ءالحامدۋليللا، بۇل ءبىزدىڭ وسى مەشىتكە ەكىنشى ساپارىمىز، ماشاللا، بۇل ءبىر قۇتتى جەر، ينشاللا. بۇل قالا دا جاقسى قالا، وندا كوپتەگەن جاقسى ادامدار بار، ءالحامدۋليللا، اللا ﷻ سىزدەردى وسىندا بىرگە ەتىپ قويدى، ول سىزدەرگە جاقسى قارىم-قاتىناس بەرگەي، ينشاللا، ءوزارا قۋانىش بەرگەي، ينشاللا. بارلىق سوپىلىق ءتاريقاتتار اراسىندا ۇقساماستىق جوق، ولاردىڭ اراسىنداعى ءىس ماڭىزدى ەمەس، كەزكەلگەن سوپىلىق ءتاريقات بولا بەرەدى، ياعني ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ايتىپ وتكەندەي، ءار ادامنىڭ ءتاريقاتقا وزىندىك اشىلۋى، وزىندىك بەيىمى بولادى. ال بۇنداعى ماڭىزدىسى سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ سىرتىندا قالىپ قويماۋ بولماق، ينشاللا، اللا ﷻ سىزدەردى بەرەكەلەي بەرسىن.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8661