Сұхбат: бір сүннет істесең, қияметте 7000 адамды құтқара аласың (2) (2026.01.16 / Хижри 1447-жыл 27-Ражаб)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8660
Сұхбат: бір сүннет істесең, қияметте 7000 адамды құтқара аласың (2) (2026.01.16 / Хижри 1447-жыл 27-Ражаб)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Ghosiyah Masjid – Keighley, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Бисмиллахир рахманир рахим, «وَإِنَّكَ لَعَلَىٰ خُلُقٍ عَظِيمٍۢ» яғни, «және расында, сен ең жақсы құлыққа иесің», садақал лахул ғазим, құран 68інші сүре 4інші аят. Алла Әззә уә-Жәллә пайғамбарымыз ﷺды баян етуде. Әлхамдулилла, кеше түн, және бүгін күндіз исра-мираж күні, сондықтан біз пайғамбарымыз ﷺ үшін қуаныштымыз, Алла ﷻ оны сөз етті, демек, ол біз үшін ең абыройлы, ең жақсы үлгі. Ал кімдер біз үшін пайғамбарымызға еруге ең жақсы үлгі болмақ? ұлық піріміз Мәуләнә Шайық Абдулла әд-Дағыстани хазіреттің Мәуләнә Шайық Назым хазіретке айтқан бірінші сұхбатын Мәуләнә Шайық Назым жазып алған. Ал Мәуләнә Шайық Абдулла әд-Дағыстани хазірет жатқан бір алып мұхит болатын, бірақ ол тек Мәуләнә Шайық Назым хазіретке ғана арналған, басқа ешкімге арналмаған, оны Мәуләнәдан басқасы түсіне алмайды. Абдулла әд-Дағыстани хазірет еш мүрит іздемеген, адам жинамаған, ол тек Мәуләнә Шайық Назым хазіретке ғана көңіл бөлді.
Мәуләнә Шайық Назым хазірет оның 7700 сұхбатын жазып алған, ал ондағы бірінші сұхбат, «الطَّرِيقَةُ كُلِّهَا آدَاب» яғни, «тәриқат дегеніміз барша жақсы әдептер» деген сұхбат болды, тәриқат дегеніміз әдеп, жақсы құлық. Сондықтан, сопылық тәриқат дегеніміз пайғамбарымыз ﷺның жолы, оның сүннеті, оның барша істегендері, сопылық тәриқаттағылар осыған ілеседі, оларда жаман әдеп болмайды, тек жақсы әдеп болады. Бірінші әдеп Алла Әззә уә-Жәлләмен пайғамбарымыз ﷺға арналады, олар осыны құрметтейді, олар құрметсіз емес, оларда әдеп бар, ал сопылық тәриқатта болмағандардың көбі әдепті білмейді. Олар оны «маңызды емес» деп ойлайды, олар, «әдеп, яғни жақсы мөрал қажетсіз» деп ойлайды, алайда, мұсылмандар үшін, мүминдер үшін, кезкелген адам баласы үшін ең бірінші әмір осы әдеп еді.
Жақсы әдеп адам баласы үшін қабыл етілген қасиет, ал хайуандарда әдеп болмайды, олар қайда барса, тышып, сиіп, ластап жүре береді, басқа сұмдықты істейді, бір-біріне артылып жүре береді, оларға кезкелген жер дәретхана. Демек, оларда әдеп жоқ, олар сол хайуан, оларға ештеңе дей алмайсыз, бірақ адам баласы үшін әдеп өте маңызды, яғни сізде әдеп болған кезде, сіз ойлана білесіз. Адамдар не істегенін, не айтқанын, не істемекші болғанын, істі не үшін істеп жатқанын ойлануы керек, адамға осы маңызды. Алла Әззә уә-Жәллә бүкіл құранда пайғамбарымыз ﷺды мадақтап, адамдарға ғибырат үйретуде, сабақ беруде, бұл аса маңызды, демек, «وَإِنَّكَ لَعَلَىٰ خُلُقٍ عَظِيمٍۢ» яғни, «және расында, сен ең жақсы құлыққа иесің» деп, Алла Әззә уә-Жәллә осылай пайғамбарымыз ﷺға куә болды. Адамдардың оған ерулері үшін, оның істеген бар ісін істеулері үшін, Ол, «сенде ең жақсы әдеп, ең жақсы мөрал, ең жақсы мінез бар, істеп жатқаның жақсы» деді.
Ал оның барша істеген амалдары сүннет деп аталады, мүмин үшін осы сүннеттер аса маңызды, сондықтан, пайғамбарымыз ﷺ сүннетке маңыздылық берді. «من احيا سنتي عند فساد أمتي فله أجر مئة شهيد أو سبعين شهيد» яғни, «кім менің сүннетімді істесе, істегенімді істесе, Алла оған жүз шәхиттің сауабындай сауап берер» делінген, ал бір шәхит 70 адамға шапағат ете алады, бұл аса маңызды, бірақ бұған қараған адам жоқ. Ал сопылық тәриқаттағылар, әлхамдулилла, сүннетке ереді, олар оны шамалары жеткенше істеуді қалайды, бірақ басқа адамдарше, сүбіханАлла, оларды көріп жүрміз, әсіресе, сопылық тәриқатқа қарсылар. Және бұнда сопылық тәриқатпен мәселесі жоқ, бірақ сопылық тәриқатта емес адамдар да бар, бірақ манағы адамдар сопылық тәриқатқа қарсы келеді, олар сопылық тәриқатты дұшпан сияқты көреді. Міне осылар сүннетке еш көңіл бөлмес, сүннетті істемес, тіпті олардың көбі сүннет намаздарды оқымайды, олар, «тек төрт ракат оқысаң, сол жетеді» дер, ал пайғамбарымыз ﷺ сүннеттерді істеуді талап етеді.
Баста айтып өткеніміздей, оларда әдеп-иба болмайды, олар пайғамбарымыз ﷺға еш әдеп, я құрмет көрсетпейді, ал сіз сүннет істеген кезде, пайғамбарымыз ﷺды құрметтеген боласыз, және Алла ﷻ сізбен қуанады, сізге риза болады. Сүннеттерді істеген кезде Алла ﷻ оған он еседен мыңдаған есеге дейін сауап береді, міне осылай сіз Алла сүйіктісінің істегендерін істеген кезде, яғни пайғамбарымыз ﷺға еліктеген кезде Алла ﷻ сізге осы сауаптарды беретін болады. Және әр сүннетке жүз шәхиттің сауабы беріледі, әрине, қазір біз өте қиын заманда өмір сүріп жатырмыз, ал дұшпан шайтан ең бірінші осы дінді жоғалту үшін оған шабуыл жасады, бірақ Алла Әззә уә-Жәллә оны қорғайды. Шайтан оны іш жағынан құртқысы келеді, себебі ислам сырт жағынан өте күшті, мықты қамал еді, ол жәйлы мысал көп, сондықтан, ол оны іш жағынан құрту үшін ішкі жақтан келді. Қазір болып жатқан істер міне осылар, бірақ бұлардың барлығы оны құрта алмайды, ойлана білмейтіндер құриды, ал хақты құртуға келмейді.
Әлхамдулилла, пайғамбарымыз ﷺнан қазірге дейін бізге 1450 жыл болып қалды, содан бері манағындай сан түрлі адамдар бастан исламды құртпақшы болған, бірақ олар өздері құрыды, бәрі жеңілді. Ал олар ана дүниеге барғанда қатты өкінетін болады, олар осы дүниеге қайтып келуді сұрар, бірақ ол кезде шаруа бітті, сондықтан осы дүниеде жүргенде ойлана білуің керек. Сол үшін біз бұл адамдарға, «тәубе етіп өкініңдер, Алла ﷻдан кешірім сұраңдар, және әркімге ашық тұрған тура жолға қайтыңдар» дейміз. Кейде біз дергаға келгенде көптеген адамдар, «біз келсек болама» деп сұрайды, әлхамдулилла, біз, «дерганың қақпасы әрдайым әркімге ашық, жабық емес» дейміз. Мәуләнә Жалалудин Руми әулие айтқандай, «дергаға кел, бір қателік қылсаң да кел, он рет қылсаң да кел, жүз рет қылсаң да кел» дейміз, міне бұл сопылық тәриқат, міне бұл Алла Әззә уә-Жәлләдан, одан пайғамбарымыз ﷺнан келген сопылық тәриқат рахымы. Олар рахым қалаған адамды, өздерімен бірге болғысы келген адамды қалдырып қоймайды, онда мәселе жоқ, олар кешіреді, оларда адамдарға деген кек жоқ, жек көру жоқ, олар тек пайғамбарымыз ﷺды қабыл етпейтіндерді жек көреді. Бірақ сонда да олар манағылардың Алла ﷻ жолына, пайғамбарымыз ﷺ жолына келуін сұрап жатыр.
Әлхамдулилла, Мәуләнә Шайық Назым хазірет осыбір түндерде адамдар үшін, үмбет үшін, бүкіл адамзат үшін дұға етіп, олар үшін кешірім сұрайтын, олардың пайғамбарымыз ﷺ жолына келуі үшін дұға жасайтын. Оның бүкіл өмірі осылай болды, әлхамдулилла, ол осы жерлерге де көп келді, бұны ол тек Алла ﷻ үшін істеді, ол қарамаққа қартайып шаршағандай көрінгенімен, ісін тынбай жалғастырғанын біз білеміз. Ол кезде ол өте қартайып кеткен, біз оған, «өзіңізді көп шаршатпаңыз» дедік, сонда ол, «бұл адамдар мені көргісі келеді, мен оларды көруім керек» дейтін. Бір сөз бар емеспе, яғни сіз Аллаға сүйікті адамды көргенде, Алла сізге сауап берер, сізге нұр келер, Алла әулиесінің жүрегінен сіздің жүрекке нұр келер, әлхамдулилла, біз осындай адамдармен біргеміз, әр жерде, әр заманда әулиелер бар. Біз де осы арада Алла ﷻ үшін жиналудамыз, сонда Алла ﷻ бізді сүйер. Ал уәлиАлла яғни әулие дегеніміз Алла ﷻға сүйікті болған адам деген сөз, сол үшін, иншалла, сіздер барлығыңыз уәлиАлла, әлхамдулилла.
УәлиАлла болу үшін ұшу шарт емес, мұғжиза керемет көрсету шарт емес, адам жүрегін Алла ﷻмен бірге ете алса болғаны, Алла ﷻ оны сүйеді. Бисмиллахир рахманир рахим, «قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَ اللَّهَ فَاتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللَّهُ» яғни, «егер Алланы сүйсең, онда маған ер, сонда Алла сені сүйер», садақал лахул ғазим, құран 3інші сүре 31інші аят. Құрандағы бұл аятта пайғамбарымыз ﷺ, «егер Алланы сүйсеңдер, маған еріңдер, ал маған ерсеңдер, Алла сендерді сүйер» дейді, әлхамдулилла, пайғамбарымыз ﷺға ере білу аса маңызды. Айтып өткеніміздей, оның барлық істегендеріне еріп, оны қабыл етуіміз керек, ал қабыл болмайтын нәрсе айтпаңыз, пайғамбарымыз ﷺның бар ісі, әр қозғалысы, әрбір нәрсесі біз үшін, адамзат үшін таза пайдаға толған. Дүние не үшін қазіргіндей бұзылып кетті? барлығы мазасыздыққа толған, тіпті мұхит, теңіз, барлығы да ластыққа толды, жаман нәрселерге толды, себебі адамдар пайғамбарымыз ﷺның айтқанына ілескен жоқ.
Адамдар, «біз жасылмыз, қарамыз, қызылмыз» деп жатады, бұл да шайтанның қулығынан, ал тәбиғатқа, және барлығына ең бірінші болып, көңіл бөлген пайғамбарымыз ﷺ еді, ол айтқан әрбір сөз жүз пайыз адамдар игілігі үшін еді. Ол бірінші айтқан іс су жәйлы болатын, сіз суға лас нәрсе салуыңызға болмайды, оған дәрет етуге болмайды, ал біреу суға дәрет етсе, пайғамбарымыз ﷺ оған қарғыс айтқан, ол, «ләғнатуллаһ» деген, ал ләғнатуллаһ ібіліске айтылады. Демек, сіз суға дәрет еткенде ібліске ұқсап қаласыз, бұл аса маңызды, мұсылмандар бұны білуі керек, мұсылман тамақ жеген соң тазаланады, не жедіңіз, не істедіңіз, соны тазалайсыз. Себебі қазір мұсылмандарда тамақ мол, бірақ олар оны көп жеп, артынан ауру болады. Ал пайғамбарымыз ﷺ, «жүз пайыз тоя жеме, жеткілікті ғана же, асқазанда сумен ауаға орын қалдыр, нығай берме» дейді, әйтпесе, тамақ жеп болған соң, тыныс ала алмай қиналасыз. Біз осындай кішкене мысал бердік, бұл мысал пайғамбарымыз ﷺның барша адам баласы үшін тек жақсы нәрсені айтатындығын көрсету үшін берілді, ол тек мұсылмандар үшін емес, бүкіл адамзат үшін бір үлгі.
Пайғамбарымыз ﷺ бірдеңе айтса, я істесе, онда милиондаған хикімет болуы керек, әлхамдулилла, айтып өткеніміздей, біз берекелі түнде тұрмыз, ол осы түнде сапарлады, одан соң көкке көтеріліп сапарлады. Ал осы сапарда пайғамбарымыз ﷺ барлығын көрді, бар хикіметті көрді, ол Алла ﷻдың жаратқан барша жаратылысын көрді, біз біле бермейтін нәрселерді көрді. Сонда да қазір адамдар мәлім нәрселерді іздеуде, ғылым да іздеуде, бірақ пайғамбарымыз ﷺ олардың барлығын бір түнде көріп болған, және оларды біледі, қазір біз білетін білімдер, технология білімдері барлығы пайғамбарымыз ﷺ арқылы келген. Одан келмеген білім жоқ, одан айналып өткен еш білім жоқ, мүмкін емес, кәпірлер бар шамасы келгенше құлшынуда, ізденуде, бірақ пайғамбарымыз ﷺ рұхсат бермесе, одан келмесе, олар ешқашан қазіргіндей технологияға, қазіргіндей білімге жете алмайды. Ал олардың қазіргі білімдері оның біліміне салыстырғанда ештеңе емес, түкке татымайды, мүлдем жоқ нәрсе, олар оның білімінің бір тамшысы да бола алмайды.
Әлхамдулилла, біз үшін оның үмбеті болу, оған еру аса зор нығымет болмақ, біз Алла ﷻға алғыс айтуымыз керек, біз осындай орында болып, пайғамбарымыз ﷺға мадақ айтудамыз, сол үшін біз Алла Әззә уә-Жәлләға милиярт рет алғыс айталық, сонда Алла ﷻ бізге мейірімін төгетін болады. Біз бағы өте зор тәлейлі адамдармыз, тәлейлі адам дегеніміз көшеде машинамен, я мотосикілмен шауып жүргендер емес, жаман жерлерде жүргендер емес. Олар өздерінше қуанғысы келеді, бақытты болғысы келеді, бірақ Алла ﷻ оларға ешқашан бақыт-қуаныш бермейді, бақыт-қуаныш сыртта емес, жүректе болатын нәрсе. Сондықтан, әлхамдулилла, біз пайғамбарымыз ﷺның табан астындағы топырақ болуға қатты ризамыз, ал біз ешқашан өзімізді пайғамбармызға салыстыра алмаймыз. Кім осыны білсе, нағыз бақытты болады, ал егер ол оның табан астындағы топырақ болуға қуана алмаса, ол ешқашан қуана алмас, бақытты бола алмас. СүбіханАлла, сіз Мәдина Мунауураға барғанда, және пайғамбарымыз ﷺның қасынан өткенде қатты ұяласыз, себебі сіз ол жерден өткенде адамдар айғайлап, шулап жатады. Сондықтан, пайғамбарымыз ﷺ онда сақшыларды орналастырды, бұл да пайғамбарымыз ﷺнан, қатты қысыласыз, бұл сақшылар адамдарды ол арадан тез кетіріп жібереді, егер пайғамбарымыз ﷺ қаламаса, онда сақшылар болмас еді.
Сол үшін онда барып, пайғамбарымыз ﷺды зиярат ете алған адамдар, оның алдында болған адамдар өте тәлейлі адамдар, онда тіпті бір секонд тұра алса да, сол жетеді, себебі оған рахым жауыны төгіліп жатыр. Кейбір адамдар, «мен бұндаймын, мен андаймын десек, бұл бізге жақсы» деп ойлайды, жоқ, бұлай демеңіз, пайғамбарымыз ﷺға құрмет сақтаңыз, әдеп сақтаңыз, оған жақсы ибада болыңыз. Өз құныңды біл, сен ештеме емессің, сен, айтып өткеніміздей, оның аяқ кимінің астындағы топырақ та емессің, яғни «нәл-шәриф» та емессің, ештеңе емеспіз. Егер сіз осыны білсеңіз, Алла ﷻ сізге риза болар, бірақ сіз, «мен шайықпын, мен үлкенмін, мен уәлимін, мен анаумын, мен мынаумын» десеңіз, бұл сізге жақсы болмайды, Алла ﷻ сізге риза болмайды. Барша әулиелер, мәуләнә Шайық Назым да, «біз ештеңе емеспіз, біз тек үмбетке қызметкерміз, Алла бізді пайғамбарымыздың құрметі үшін үмбеттің қызметшісі ретінде қабыл еткей» деп айтып кеткен. Алла ﷻ сіздерді берекелегей, осыбір түнімізді қабыл еткей, әрине, кеше де құтты түн, Алла ﷻ ниетке қарай берер.
Ең маңызды іс ниет болмақ, пайғамбарымыз ﷺ осылай дер, ол ең сүйікті жан, иншалла, осы түде дұға жасалық, біздің Алла ﷻдан алған сауғамыз дұға, Алла ﷻ дүние үшін де, ақирет үшін де қабыл етеді, иншалла. Алла ﷻ бізді жаман нәрселерден, жаман адамдардан сақтағай, қауіпсіз еткей, иншалла, бізді пайғамбарымыз ﷺды құрметтегендерден еткей, оған, және Алла Әззә уә-Жәлләға сүйікті болғандардан еткей. Алла ﷻ бізді оның сүннетіне, оның жолына еретіндерден еткей, одан шығып кеткендерден етпегей, ал шайтанға алданып қалған осыбір адамдарға да хидаят бергей. Себебі, әлхамдулилла, манағы қате жолдардан қайтып, осы тура жолға келген көптеген адамдар бар, онан соң олар пайғамбарымыздың жолын, әулиелердің жолын қорғауда. Біз үмітсіз емеспіз, әлхамдулилла, олар қайтып келгенде, басқа көптеген адамдар да тура жолға қайтты, Алла ﷻ олардың барлығына хидаят бергей. Себебі, айтып өткеніміздей, мұсылманның жүрегі кек-өшпенділік сұрамайды, олар адамдар үшін, барлығымыз үшін, ислам үшін тек рахым сұрайды, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: ءبىر سۇننەت ىستەسەڭ، قيامەتتە 7000 ادامدى قۇتقارا الاسىڭ (2) (2026.01.16 / حيجري 1447-جىل 27-راجاب)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Ghosiyah Masjid – Keighley، UK، 2026) انگليادا ايتىلعان سۇحبات. بيسميللاحير راحمانير راحيم، «وَإِنَّكَ لَعَلَىٰ خُلُقٍ عَظِيمٍۢ» ياعني، «جانە راسىندا، سەن ەڭ جاقسى قۇلىققا يەسىڭ»، ساداقال لاحۋل عازيم، قۇران 68ءىنشى سۇرە 4ءىنشى ايات. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا پايعامبارىمىز ﷺدى بايان ەتۋدە. ءالحامدۋليللا، كەشە ءتۇن، جانە بۇگىن كۇندىز يسرا-ميراج كۇنى، سوندىقتان ءبىز پايعامبارىمىز ﷺ ءۇشىن قۋانىشتىمىز، اللا ﷻ ونى ءسوز ەتتى، دەمەك، ول ءبىز ءۇشىن ەڭ ابىرويلى، ەڭ جاقسى ۇلگى. ال كىمدەر ءبىز ءۇشىن پايعامبارىمىزعا ەرۋگە ەڭ جاقسى ۇلگى بولماق؟ ۇلىق ءپىرىمىز ءماۋلانا شايىق ابدۋللا ءاد-داعىستاني حازىرەتتىڭ ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتكە ايتقان ءبىرىنشى سۇحباتىن ءماۋلانا شايىق نازىم جازىپ العان. ال ءماۋلانا شايىق ابدۋللا ءاد-داعىستاني حازىرەت جاتقان ءبىر الىپ مۇحيت بولاتىن، ءبىراق ول تەك ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتكە عانا ارنالعان، باسقا ەشكىمگە ارنالماعان، ونى ءماۋلانادان باسقاسى تۇسىنە المايدى. ابدۋللا ءاد-داعىستاني حازىرەت ەش ءمۇريت ىزدەمەگەن، ادام جيناماعان، ول تەك ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتكە عانا كوڭىل ءبولدى.
ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ونىڭ 7700 سۇحباتىن جازىپ العان، ال ونداعى ءبىرىنشى سۇحبات، «الطَّرِيقَةُ كُلِّهَا آدَاب» ياعني، «ءتاريقات دەگەنىمىز بارشا جاقسى ادەپتەر» دەگەن سۇحبات بولدى، ءتاريقات دەگەنىمىز ادەپ، جاقسى قۇلىق. سوندىقتان، سوپىلىق ءتاريقات دەگەنىمىز پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولى، ونىڭ سۇننەتى، ونىڭ بارشا ىستەگەندەرى، سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار وسىعان ىلەسەدى، ولاردا جامان ادەپ بولمايدى، تەك جاقسى ادەپ بولادى. ءبىرىنشى ادەپ اللا ءاززا ءۋا-جاللامەن پايعامبارىمىز ﷺعا ارنالادى، ولار وسىنى قۇرمەتتەيدى، ولار قۇرمەتسىز ەمەس، ولاردا ادەپ بار، ال سوپىلىق ءتاريقاتتا بولماعانداردىڭ كوبى ادەپتى بىلمەيدى. ولار ونى «ماڭىزدى ەمەس» دەپ ويلايدى، ولار، «ادەپ، ياعني جاقسى ءمورال قاجەتسىز» دەپ ويلايدى، الايدا، مۇسىلماندار ءۇشىن، مۇميندەر ءۇشىن، كەزكەلگەن ادام بالاسى ءۇشىن ەڭ ءبىرىنشى ءامىر وسى ادەپ ەدى.
جاقسى ادەپ ادام بالاسى ءۇشىن قابىل ەتىلگەن قاسيەت، ال حايۋانداردا ادەپ بولمايدى، ولار قايدا بارسا، تىشىپ، ءسيىپ، لاستاپ جۇرە بەرەدى، باسقا سۇمدىقتى ىستەيدى، ءبىر-بىرىنە ارتىلىپ جۇرە بەرەدى، ولارعا كەزكەلگەن جەر دارەتحانا. دەمەك، ولاردا ادەپ جوق، ولار سول حايۋان، ولارعا ەشتەڭە دەي المايسىز، ءبىراق ادام بالاسى ءۇشىن ادەپ وتە ماڭىزدى، ياعني سىزدە ادەپ بولعان كەزدە، ءسىز ويلانا بىلەسىز. ادامدار نە ىستەگەنىن، نە ايتقانىن، نە ىستەمەكشى بولعانىن، ءىستى نە ءۇشىن ىستەپ جاتقانىن ويلانۋى كەرەك، ادامعا وسى ماڭىزدى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بۇكىل قۇراندا پايعامبارىمىز ﷺدى ماداقتاپ، ادامدارعا عيبىرات ۇيرەتۋدە، ساباق بەرۋدە، بۇل اسا ماڭىزدى، دەمەك، «وَإِنَّكَ لَعَلَىٰ خُلُقٍ عَظِيمٍۢ» ياعني، «جانە راسىندا، سەن ەڭ جاقسى قۇلىققا يەسىڭ» دەپ، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا وسىلاي پايعامبارىمىز ﷺعا كۋا بولدى. ادامداردىڭ وعان ەرۋلەرى ءۇشىن، ونىڭ ىستەگەن بار ءىسىن ىستەۋلەرى ءۇشىن، ول، «سەندە ەڭ جاقسى ادەپ، ەڭ جاقسى ءمورال، ەڭ جاقسى مىنەز بار، ىستەپ جاتقانىڭ جاقسى» دەدى.
ال ونىڭ بارشا ىستەگەن امالدارى سۇننەت دەپ اتالادى، ءمۇمين ءۇشىن وسى سۇننەتتەر اسا ماڭىزدى، سوندىقتان، پايعامبارىمىز ﷺ سۇننەتكە ماڭىزدىلىق بەردى. «من احيا سنتي عند فساد أمتي فله أجر مئة شهيد أو سبعين شهيد» ياعني، «كىم مەنىڭ سۇننەتىمدى ىستەسە، ىستەگەنىمدى ىستەسە، اللا وعان ءجۇز ءشاحيتتىڭ ساۋابىنداي ساۋاپ بەرەر» دەلىنگەن، ال ءبىر ءشاحيت 70 ادامعا شاپاعات ەتە الادى، بۇل اسا ماڭىزدى، ءبىراق بۇعان قاراعان ادام جوق. ال سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار، ءالحامدۋليللا، سۇننەتكە ەرەدى، ولار ونى شامالارى جەتكەنشە ىستەۋدى قالايدى، ءبىراق باسقا ادامدارشە، ءسۇبىحاناللا، ولاردى كورىپ ءجۇرمىز، اسىرەسە، سوپىلىق ءتاريقاتقا قارسىلار. جانە بۇندا سوپىلىق تاريقاتپەن ماسەلەسى جوق، ءبىراق سوپىلىق ءتاريقاتتا ەمەس ادامدار دا بار، ءبىراق ماناعى ادامدار سوپىلىق ءتاريقاتقا قارسى كەلەدى، ولار سوپىلىق ءتاريقاتتى دۇشپان سياقتى كورەدى. مىنە وسىلار سۇننەتكە ەش كوڭىل بولمەس، سۇننەتتى ىستەمەس، ءتىپتى ولاردىڭ كوبى سۇننەت نامازداردى وقىمايدى، ولار، «تەك ءتورت راكات وقىساڭ، سول جەتەدى» دەر، ال پايعامبارىمىز ﷺ سۇننەتتەردى ىستەۋدى تالاپ ەتەدى.
باستا ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ولاردا ادەپ-يبا بولمايدى، ولار پايعامبارىمىز ﷺعا ەش ادەپ، يا قۇرمەت كورسەتپەيدى، ال ءسىز سۇننەت ىستەگەن كەزدە، پايعامبارىمىز ﷺدى قۇرمەتتەگەن بولاسىز، جانە اللا ﷻ سىزبەن قۋانادى، سىزگە ريزا بولادى. سۇننەتتەردى ىستەگەن كەزدە اللا ﷻ وعان ون ەسەدەن مىڭداعان ەسەگە دەيىن ساۋاپ بەرەدى، مىنە وسىلاي ءسىز اللا سۇيىكتىسىنىڭ ىستەگەندەرىن ىستەگەن كەزدە، ياعني پايعامبارىمىز ﷺعا ەلىكتەگەن كەزدە اللا ﷻ سىزگە وسى ساۋاپتاردى بەرەتىن بولادى. جانە ءار سۇننەتكە ءجۇز ءشاحيتتىڭ ساۋابى بەرىلەدى، ارينە، ءقازىر ءبىز وتە قيىن زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، ال دۇشپان شايتان ەڭ ءبىرىنشى وسى ءدىندى جوعالتۋ ءۇشىن وعان شابۋىل جاسادى، ءبىراق اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ونى قورعايدى. شايتان ونى ءىش جاعىنان قۇرتقىسى كەلەدى، سەبەبى يسلام سىرت جاعىنان وتە كۇشتى، مىقتى قامال ەدى، ول ءجايلى مىسال كوپ، سوندىقتان، ول ونى ءىش جاعىنان قۇرتۋ ءۇشىن ىشكى جاقتان كەلدى. ءقازىر بولىپ جاتقان ىستەر مىنە وسىلار، ءبىراق بۇلاردىڭ بارلىعى ونى قۇرتا المايدى، ويلانا بىلمەيتىندەر قۇريدى، ال حاقتى قۇرتۋعا كەلمەيدى.
ءالحامدۋليللا، پايعامبارىمىز ﷺنان قازىرگە دەيىن بىزگە 1450 جىل بولىپ قالدى، سودان بەرى ماناعىنداي سان ءتۇرلى ادامدار باستان يسلامدى قۇرتپاقشى بولعان، ءبىراق ولار وزدەرى قۇرىدى، ءبارى جەڭىلدى. ال ولار انا دۇنيەگە بارعاندا قاتتى وكىنەتىن بولادى، ولار وسى دۇنيەگە قايتىپ كەلۋدى سۇرار، ءبىراق ول كەزدە شارۋا ءبىتتى، سوندىقتان وسى دۇنيەدە جۇرگەندە ويلانا ءبىلۋىڭ كەرەك. سول ءۇشىن ءبىز بۇل ادامدارعا، «تاۋبە ەتىپ وكىنىڭدەر، اللا ﷻدان كەشىرىم سۇراڭدار، جانە اركىمگە اشىق تۇرعان تۋرا جولعا قايتىڭدار» دەيمىز. كەيدە ءبىز دەرگاعا كەلگەندە كوپتەگەن ادامدار، «ءبىز كەلسەك بولاما» دەپ سۇرايدى، ءالحامدۋليللا، ءبىز، «دەرگانىڭ قاقپاسى ءاردايىم اركىمگە اشىق، جابىق ەمەس» دەيمىز. ءماۋلانا جالالۋدين رۋمي اۋليە ايتقانداي، «دەرگاعا كەل، ءبىر قاتەلىك قىلساڭ دا كەل، ون رەت قىلساڭ دا كەل، ءجۇز رەت قىلساڭ دا كەل» دەيمىز، مىنە بۇل سوپىلىق ءتاريقات، مىنە بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان، ودان پايعامبارىمىز ﷺنان كەلگەن سوپىلىق ءتاريقات راحىمى. ولار راحىم قالاعان ادامدى، وزدەرىمەن بىرگە بولعىسى كەلگەن ادامدى قالدىرىپ قويمايدى، وندا ماسەلە جوق، ولار كەشىرەدى، ولاردا ادامدارعا دەگەن كەك جوق، جەك كورۋ جوق، ولار تەك پايعامبارىمىز ﷺدى قابىل ەتپەيتىندەردى جەك كورەدى. ءبىراق سوندا دا ولار ماناعىلاردىڭ اللا ﷻ جولىنا، پايعامبارىمىز ﷺ جولىنا كەلۋىن سۇراپ جاتىر.
ءالحامدۋليللا، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ءوسىبىر تۇندەردە ادامدار ءۇشىن، ۇمبەت ءۇشىن، بۇكىل ادامزات ءۇشىن دۇعا ەتىپ، ولار ءۇشىن كەشىرىم سۇرايتىن، ولاردىڭ پايعامبارىمىز ﷺ جولىنا كەلۋى ءۇشىن دۇعا جاسايتىن. ونىڭ بۇكىل ءومىرى وسىلاي بولدى، ءالحامدۋليللا، ول وسى جەرلەرگە دە كوپ كەلدى، بۇنى ول تەك اللا ﷻ ءۇشىن ىستەدى، ول قاراماققا قارتايىپ شارشاعانداي كورىنگەنىمەن، ءىسىن تىنباي جالعاستىرعانىن ءبىز بىلەمىز. ول كەزدە ول وتە قارتايىپ كەتكەن، ءبىز وعان، «ءوزىڭىزدى كوپ شارشاتپاڭىز» دەدىك، سوندا ول، «بۇل ادامدار مەنى كورگىسى كەلەدى، مەن ولاردى كورۋىم كەرەك» دەيتىن. ءبىر ءسوز بار ەمەسپە، ياعني ءسىز اللاعا سۇيىكتى ادامدى كورگەندە، اللا سىزگە ساۋاپ بەرەر، سىزگە نۇر كەلەر، اللا اۋليەسىنىڭ جۇرەگىنەن ءسىزدىڭ جۇرەككە نۇر كەلەر، ءالحامدۋليللا، ءبىز وسىنداي ادامدارمەن بىرگەمىز، ءار جەردە، ءار زاماندا اۋليەلەر بار. ءبىز دە وسى ارادا اللا ﷻ ءۇشىن جينالۋدامىز، سوندا اللا ﷻ ءبىزدى سۇيەر. ال ءۋالياللا ياعني اۋليە دەگەنىمىز اللا ﷻعا سۇيىكتى بولعان ادام دەگەن ءسوز، سول ءۇشىن، ينشاللا، سىزدەر بارلىعىڭىز ءۋالياللا، ءالحامدۋليللا.
ءۋالياللا بولۋ ءۇشىن ۇشۋ شارت ەمەس، مۇعجيزا كەرەمەت كورسەتۋ شارت ەمەس، ادام جۇرەگىن اللا ﷻمەن بىرگە ەتە السا بولعانى، اللا ﷻ ونى سۇيەدى. بيسميللاحير راحمانير راحيم، «قُلْ إِن كُنتُمْ تُحِبُّونَ اللَّهَ فَاتَّبِعُونِي يُحْبِبْكُمُ اللَّهُ» ياعني، «ەگەر اللانى سۇيسەڭ، وندا ماعان ەر، سوندا اللا سەنى سۇيەر»، ساداقال لاحۋل عازيم، قۇران 3ءىنشى سۇرە 31ءىنشى ايات. قۇرانداعى بۇل اياتتا پايعامبارىمىز ﷺ، «ەگەر اللانى سۇيسەڭدەر، ماعان ەرىڭدەر، ال ماعان ەرسەڭدەر، اللا سەندەردى سۇيەر» دەيدى، ءالحامدۋليللا، پايعامبارىمىز ﷺعا ەرە ءبىلۋ اسا ماڭىزدى. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ونىڭ بارلىق ىستەگەندەرىنە ەرىپ، ونى قابىل ەتۋىمىز كەرەك، ال قابىل بولمايتىن نارسە ايتپاڭىز، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ بار ءىسى، ءار قوزعالىسى، ءاربىر نارسەسى ءبىز ءۇشىن، ادامزات ءۇشىن تازا پايداعا تولعان. دۇنيە نە ءۇشىن قازىرگىندەي بۇزىلىپ كەتتى؟ بارلىعى مازاسىزدىققا تولعان، ءتىپتى مۇحيت، تەڭىز، بارلىعى دا لاستىققا تولدى، جامان نارسەلەرگە تولدى، سەبەبى ادامدار پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ايتقانىنا ىلەسكەن جوق.
ادامدار، «ءبىز جاسىلمىز، قارامىز، قىزىلمىز» دەپ جاتادى، بۇل دا شايتاننىڭ قۋلىعىنان، ال ءتابيعاتقا، جانە بارلىعىنا ەڭ ءبىرىنشى بولىپ، كوڭىل بولگەن پايعامبارىمىز ﷺ ەدى، ول ايتقان ءاربىر ءسوز ءجۇز پايىز ادامدار يگىلىگى ءۇشىن ەدى. ول ءبىرىنشى ايتقان ءىس سۋ ءجايلى بولاتىن، ءسىز سۋعا لاس نارسە سالۋىڭىزعا بولمايدى، وعان دارەت ەتۋگە بولمايدى، ال بىرەۋ سۋعا دارەت ەتسە، پايعامبارىمىز ﷺ وعان قارعىس ايتقان، ول، «ءلاعناتۋللاھ» دەگەن، ال ءلاعناتۋللاھ ىبىلىسكە ايتىلادى. دەمەك، ءسىز سۋعا دارەت ەتكەندە ىبلىسكە ۇقساپ قالاسىز، بۇل اسا ماڭىزدى، مۇسىلماندار بۇنى ءبىلۋى كەرەك، مۇسىلمان تاماق جەگەن سوڭ تازالانادى، نە جەدىڭىز، نە ىستەدىڭىز، سونى تازالايسىز. سەبەبى ءقازىر مۇسىلمانداردا تاماق مول، ءبىراق ولار ونى كوپ جەپ، ارتىنان اۋرۋ بولادى. ال پايعامبارىمىز ﷺ، «ءجۇز پايىز تويا جەمە، جەتكىلىكتى عانا جە، اسقازاندا سۋمەن اۋاعا ورىن قالدىر، نىعاي بەرمە» دەيدى، ايتپەسە، تاماق جەپ بولعان سوڭ، تىنىس الا الماي قينالاسىز. ءبىز وسىنداي كىشكەنە مىسال بەردىك، بۇل مىسال پايعامبارىمىز ﷺنىڭ بارشا ادام بالاسى ءۇشىن تەك جاقسى نارسەنى ايتاتىندىعىن كورسەتۋ ءۇشىن بەرىلدى، ول تەك مۇسىلماندار ءۇشىن ەمەس، بۇكىل ادامزات ءۇشىن ءبىر ۇلگى.
پايعامبارىمىز ﷺ بىردەڭە ايتسا، يا ىستەسە، وندا ميليونداعان حيكىمەت بولۋى كەرەك، ءالحامدۋليللا، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ءبىز بەرەكەلى تۇندە تۇرمىز، ول وسى تۇندە ساپارلادى، ودان سوڭ كوككە كوتەرىلىپ ساپارلادى. ال وسى ساپاردا پايعامبارىمىز ﷺ بارلىعىن كوردى، بار حيكىمەتتى كوردى، ول اللا ﷻدىڭ جاراتقان بارشا جاراتىلىسىن كوردى، ءبىز بىلە بەرمەيتىن نارسەلەردى كوردى. سوندا دا ءقازىر ادامدار ءمالىم نارسەلەردى ىزدەۋدە، عىلىم دا ىزدەۋدە، ءبىراق پايعامبارىمىز ﷺ ولاردىڭ بارلىعىن ءبىر تۇندە كورىپ بولعان، جانە ولاردى بىلەدى، ءقازىر ءبىز بىلەتىن بىلىمدەر، تەحنولوگيا بىلىمدەرى بارلىعى پايعامبارىمىز ﷺ ارقىلى كەلگەن. ودان كەلمەگەن ءبىلىم جوق، ودان اينالىپ وتكەن ەش ءبىلىم جوق، مۇمكىن ەمەس، كاپىرلەر بار شاماسى كەلگەنشە قۇلشىنۋدا، ىزدەنۋدە، ءبىراق پايعامبارىمىز ﷺ رۇحسات بەرمەسە، ودان كەلمەسە، ولار ەشقاشان قازىرگىندەي تەحنولوگياعا، قازىرگىندەي بىلىمگە جەتە المايدى. ال ولاردىڭ قازىرگى بىلىمدەرى ونىڭ بىلىمىنە سالىستىرعاندا ەشتەڭە ەمەس، تۇككە تاتىمايدى، مۇلدەم جوق نارسە، ولار ونىڭ ءبىلىمىنىڭ ءبىر تامشىسى دا بولا المايدى.
ءالحامدۋليللا، ءبىز ءۇشىن ونىڭ ۇمبەتى بولۋ، وعان ەرۋ اسا زور نىعىمەت بولماق، ءبىز اللا ﷻعا العىس ايتۋىمىز كەرەك، ءبىز وسىنداي ورىندا بولىپ، پايعامبارىمىز ﷺعا ماداق ايتۋدامىز، سول ءۇشىن ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا ميليارت رەت العىس ايتالىق، سوندا اللا ﷻ بىزگە مەيىرىمىن توگەتىن بولادى. ءبىز باعى وتە زور تالەيلى ادامدارمىز، تالەيلى ادام دەگەنىمىز كوشەدە ماشينامەن، يا موتوسيكىلمەن شاۋىپ جۇرگەندەر ەمەس، جامان جەرلەردە جۇرگەندەر ەمەس. ولار وزدەرىنشە قۋانعىسى كەلەدى، باقىتتى بولعىسى كەلەدى، ءبىراق اللا ﷻ ولارعا ەشقاشان باقىت-قۋانىش بەرمەيدى، باقىت-قۋانىش سىرتتا ەمەس، جۇرەكتە بولاتىن نارسە. سوندىقتان، ءالحامدۋليللا، ءبىز پايعامبارىمىز ﷺنىڭ تابان استىنداعى توپىراق بولۋعا قاتتى ريزامىز، ال ءبىز ەشقاشان ءوزىمىزدى پايعامبارمىزعا سالىستىرا المايمىز. كىم وسىنى بىلسە، ناعىز باقىتتى بولادى، ال ەگەر ول ونىڭ تابان استىنداعى توپىراق بولۋعا قۋانا الماسا، ول ەشقاشان قۋانا الماس، باقىتتى بولا الماس. ءسۇبىحاناللا، ءسىز ءمادينا مۋناۋۋراعا بارعاندا، جانە پايعامبارىمىز ﷺنىڭ قاسىنان وتكەندە قاتتى ۇيالاسىز، سەبەبى ءسىز ول جەردەن وتكەندە ادامدار ايعايلاپ، شۋلاپ جاتادى. سوندىقتان، پايعامبارىمىز ﷺ وندا ساقشىلاردى ورنالاستىردى، بۇل دا پايعامبارىمىز ﷺنان، قاتتى قىسىلاسىز، بۇل ساقشىلار ادامداردى ول ارادان تەز كەتىرىپ جىبەرەدى، ەگەر پايعامبارىمىز ﷺ قالاماسا، وندا ساقشىلار بولماس ەدى.
سول ءۇشىن وندا بارىپ، پايعامبارىمىز ﷺدى زيارات ەتە العان ادامدار، ونىڭ الدىندا بولعان ادامدار وتە تالەيلى ادامدار، وندا ءتىپتى ءبىر سەكوند تۇرا السا دا، سول جەتەدى، سەبەبى وعان راحىم جاۋىنى توگىلىپ جاتىر. كەيبىر ادامدار، «مەن بۇندايمىن، مەن اندايمىن دەسەك، بۇل بىزگە جاقسى» دەپ ويلايدى، جوق، بۇلاي دەمەڭىز، پايعامبارىمىز ﷺعا قۇرمەت ساقتاڭىز، ادەپ ساقتاڭىز، وعان جاقسى يبادا بولىڭىز. ءوز قۇنىڭدى ءبىل، سەن ەشتەمە ەمەسسىڭ، سەن، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ونىڭ اياق كيمىنىڭ استىنداعى توپىراق تا ەمەسسىڭ، ياعني «ءنال-ءشاريف» تا ەمەسسىڭ، ەشتەڭە ەمەسپىز. ەگەر ءسىز وسىنى بىلسەڭىز، اللا ﷻ سىزگە ريزا بولار، ءبىراق ءسىز، «مەن شايىقپىن، مەن ۇلكەنمىن، مەن ءۋاليمىن، مەن اناۋمىن، مەن مىناۋمىن» دەسەڭىز، بۇل سىزگە جاقسى بولمايدى، اللا ﷻ سىزگە ريزا بولمايدى. بارشا اۋليەلەر، ءماۋلانا شايىق نازىم دا، «ءبىز ەشتەڭە ەمەسپىز، ءبىز تەك ۇمبەتكە قىزمەتكەرمىز، اللا ءبىزدى پايعامبارىمىزدىڭ قۇرمەتى ءۇشىن ۇمبەتتىڭ قىزمەتشىسى رەتىندە قابىل ەتكەي» دەپ ايتىپ كەتكەن. اللا ﷻ سىزدەردى بەرەكەلەگەي، ءوسىبىر ءتۇنىمىزدى قابىل ەتكەي، ارينە، كەشە دە قۇتتى ءتۇن، اللا ﷻ نيەتكە قاراي بەرەر.
ەڭ ماڭىزدى ءىس نيەت بولماق، پايعامبارىمىز ﷺ وسىلاي دەر، ول ەڭ سۇيىكتى جان، ينشاللا، وسى تۇدە دۇعا جاسالىق، ءبىزدىڭ اللا ﷻدان العان ساۋعامىز دۇعا، اللا ﷻ دۇنيە ءۇشىن دە، اقيرەت ءۇشىن دە قابىل ەتەدى، ينشاللا. اللا ﷻ ءبىزدى جامان نارسەلەردەن، جامان ادامداردان ساقتاعاي، ءقاۋىپسىز ەتكەي، ينشاللا، ءبىزدى پايعامبارىمىز ﷺدى قۇرمەتتەگەندەردەن ەتكەي، وعان، جانە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا سۇيىكتى بولعانداردان ەتكەي. اللا ﷻ ءبىزدى ونىڭ سۇننەتىنە، ونىڭ جولىنا ەرەتىندەردەن ەتكەي، ودان شىعىپ كەتكەندەردەن ەتپەگەي، ال شايتانعا الدانىپ قالعان ءوسىبىر ادامدارعا دا حيدايات بەرگەي. سەبەبى، ءالحامدۋليللا، ماناعى قاتە جولداردان قايتىپ، وسى تۋرا جولعا كەلگەن كوپتەگەن ادامدار بار، ونان سوڭ ولار پايعامبارىمىزدىڭ جولىن، اۋليەلەردىڭ جولىن قورعاۋدا. ءبىز ءۇمىتسىز ەمەسپىز، ءالحامدۋليللا، ولار قايتىپ كەلگەندە، باسقا كوپتەگەن ادامدار دا تۋرا جولعا قايتتى، اللا ﷻ ولاردىڭ بارلىعىنا حيدايات بەرگەي. سەبەبى، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، مۇسىلماننىڭ جۇرەگى كەك-وشپەندىلىك سۇرامايدى، ولار ادامدار ءۇشىن، بارلىعىمىز ءۇشىن، يسلام ءۇشىن تەك راحىم سۇرايدى، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8660