You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

МЫНА КЕҢЕСТЕР ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫНА ЖЕТКІЗЕДІ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8579
МЫНА КЕҢЕСТЕР ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫНА ЖЕТКІЗЕДІ

сыртқы дүниеге еш алаңдамаңыз, бірақ өзіңіздің ішкі дүниеңізге алаңдаңыз. Себебі сіз өз ішкі дүниеңізде шынайы тыныштыққа жеткен кезде ғана, мына дүние сізге әдемі көрінетін болады. Ендеше өзіңізбен күресіп, ішкі тыныштыққа, жүрек тыныштығына жетіңіз. 'О Алла, мені үнсіз тілдесе алатын жерге апарыңыз, сондай дәрежеге жеткізіңіз' деп сұраңыз. Көңілсіз болмаңыз, қуанышты жүріңіз, көңілді болыңыз. Тыныштық іздеген жан сізге қарағанда жүзіңізден көңілділікті, көзіңізден тыныштықты көре алатын болсын. Олар сізден дүние мұңын, мазасыздық табын, жабығумен алаңды көрмесін. Ислам осыған тәрбиелейді, құрандағы барша аят, 'көңілді бол, көңілсіз болма' дейді, ал мүмин көңілсіз болмас. Мүминдер үшін көңілсіздік жоқ, тек көңілділік бар, бақыт бар, қуаныш бар. Құранның жалпы қортындысы да міне осы. Алладан сабыр тілемеңіз, бірақ сабырлы болыңыз, себебі сабыр түбі сары алтын. Бір сәттік сабырдың өзі сізді өмір бойы жалғасатын өкініштен құтқарып кетеді. Сізге тән нәрсе қашып кетпейді, ол сізге өзі айналып келер. Ал мың құбылып, сан-саққа жүгіре беретін ойыңызға сене бермеңіз, ойды пір етпеңіз, ең үлкен пір жүрегіңіз болсын. Жолды жүрек біледі, ол адастырмайды, ал ақыл ой нәпсіге араласып шатастырар. Әйгілі әулие Мәуләнә Руми хазірет, 'мен барлығын жоғалтып алып едім, өзімді тауып алдым' дер. Бұнда ол, жүрегін түзеп, нәпсісін жоғалытқанда шынайы өзін тауып алғанын айтуда. Шынайы өзіңізді тауып алыңыз, нәпсіңіздің көлеңкесіндегі өзіңізбен қалып қоймаңыз. Әрдайым жақсы ойда болыңыз, ойдың күші орасан. Ол сізді ауыртып, мұрттай ұшырар, я биікке көтеріп, құстай қалықтатар. Сондықтан әйгілі емші ғұлама Ибн Сина хазірет, 'ойың сені я ауыртар, я емдер' дейді. Мәуләнә Руми хазірет те, 'ойыңнан сақтан, өзіңді өз ойыңнан қорғай біл' дейді. Демек, өз ойыңыздың сізге зиян салуынан сақтаныңыз. Дүниеге құл болмаңыз, Аллаға құл болыңыз. Дүниеңнің көптігі ештеңені білдірмейді, бірақ ол сенің шынайы бейнеңді ашып, кім екендігіңді көрсетеді. Дүние - өте қу, ол мен деген ердің артын ашып кетеді. Сондықтан Хазірет Әли, 'адамдар дерлік мына дүниеге құл боп өмір сүрер, олар тұрмыс хәлі жақсы болса, дінни қағидаларға адал болар, әйтпесе оны бұзар' дейді. Дүниемен бірге болмаңыз, Алламен бірге болыңыз, Алламен бірге болу үшін пайғамбарымызбен бірге болыңыз. Ал пайғамбарымызбен бірге болу үшін оның мұрагері болған Алла досы әулиемен бірге болыңыз. Міне олармен бірге болған кезде, сіздегі барлығы құлшылыққа айналып кетер. Демек әулиеден піріңіз болсын, сол піріңіз нәпсіңізді ұста сияқты соғып түзейді, сіздің әдемі нұсқаңызды жасап береді. Адам бұл дүниеге құр қол жанымен келеді, бірақ өмір бойы барлығын қуалаумен өтеді, ал ақырында сол жанымен тағы құр қол қайтады. Сондықтан қолыңызға не жинағандығыңызға емес, жан-рухыңыз не жинады, не тапты, соған қараңыз.

مىنا كەڭەستەر جان تىنىشتىعىنا جەتكىزەدى

سىرتقى دۇنيەگە ەش الاڭداماڭىز، ءبىراق ءوزىڭىزدىڭ ىشكى دۇنيەڭىزگە الاڭداڭىز. سەبەبى ءسىز ءوز ىشكى دۇنيەڭىزدە شىنايى تىنىشتىققا جەتكەن كەزدە عانا، مىنا دۇنيە سىزگە ادەمى كورىنەتىن بولادى. ەندەشە وزىڭىزبەن كۇرەسىپ، ىشكى تىنىشتىققا، جۇرەك تىنىشتىعىنا جەتىڭىز. 'و اللا، مەنى ءۇنسىز تىلدەسە الاتىن جەرگە اپارىڭىز، سونداي دارەجەگە جەتكىزىڭىز' دەپ سۇراڭىز. كوڭىلسىز بولماڭىز، قۋانىشتى ءجۇرىڭىز، كوڭىلدى بولىڭىز. تىنىشتىق ىزدەگەن جان سىزگە قاراعاندا جۇزىڭىزدەن كوڭىلدىلىكتى، كوزىڭىزدەن تىنىشتىقتى كورە الاتىن بولسىن. ولار سىزدەن دۇنيە مۇڭىن، مازاسىزدىق تابىن، جابىعۋمەن الاڭدى كورمەسىن. يسلام وسىعان تاربيەلەيدى، قۇرانداعى بارشا ايات، 'كوڭىلدى بول، كوڭىلسىز بولما' دەيدى، ال ءمۇمين كوڭىلسىز بولماس. مۇميندەر ءۇشىن كوڭىلسىزدىك جوق، تەك كوڭىلدىلىك بار، باقىت بار، قۋانىش بار. قۇراننىڭ جالپى قورتىندىسى دا مىنە وسى. اللادان سابىر تىلەمەڭىز، ءبىراق سابىرلى بولىڭىز، سەبەبى سابىر ءتۇبى سارى التىن. ءبىر ساتتىك سابىردىڭ ءوزى ءسىزدى ءومىر بويى جالعاساتىن وكىنىشتەن قۇتقارىپ كەتەدى. سىزگە ءتان نارسە قاشىپ كەتپەيدى، ول سىزگە ءوزى اينالىپ كەلەر. ال مىڭ قۇبىلىپ، سان-ساققا جۇگىرە بەرەتىن ويىڭىزعا سەنە بەرمەڭىز، ويدى ءپىر ەتپەڭىز، ەڭ ۇلكەن ءپىر جۇرەگىڭىز بولسىن. جولدى جۇرەك بىلەدى، ول اداستىرمايدى، ال اقىل وي ناپسىگە ارالاسىپ شاتاستىرار. ايگىلى اۋليە ءماۋلانا رۋمي حازىرەت، 'مەن بارلىعىن جوعالتىپ الىپ ەدىم، ءوزىمدى تاۋىپ الدىم' دەر. بۇندا ول، جۇرەگىن تۇزەپ، ءناپسىسىن جوعالىتقاندا شىنايى ءوزىن تاۋىپ العانىن ايتۋدا. شىنايى ءوزىڭىزدى تاۋىپ الىڭىز، ءناپسىڭىزدىڭ كولەڭكەسىندەگى وزىڭىزبەن قالىپ قويماڭىز. ءاردايىم جاقسى ويدا بولىڭىز، ويدىڭ كۇشى وراسان. ول ءسىزدى اۋىرتىپ، مۇرتتاي ۇشىرار، يا بيىككە كوتەرىپ، قۇستاي قالىقتاتار. سوندىقتان ايگىلى ەمشى عۇلاما يبن سينا حازىرەت، 'ويىڭ سەنى يا اۋىرتار، يا ەمدەر' دەيدى. ءماۋلانا رۋمي حازىرەت تە، 'ويىڭنان ساقتان، ءوزىڭدى ءوز ويىڭنان قورعاي ءبىل' دەيدى. دەمەك، ءوز ويىڭىزدىڭ سىزگە زيان سالۋىنان ساقتانىڭىز. دۇنيەگە قۇل بولماڭىز، اللاعا قۇل بولىڭىز. دۇنيەڭنىڭ كوپتىگى ەشتەڭەنى بىلدىرمەيدى، ءبىراق ول سەنىڭ شىنايى بەينەڭدى اشىپ، كىم ەكەندىگىڭدى كورسەتەدى. دۇنيە - وتە قۋ، ول مەن دەگەن ەردىڭ ارتىن اشىپ كەتەدى. سوندىقتان حازىرەت ءالي، 'ادامدار دەرلىك مىنا دۇنيەگە قۇل بوپ ءومىر سۇرەر، ولار تۇرمىس ءحالى جاقسى بولسا، ءدىنني قاعيدالارعا ادال بولار، ايتپەسە ونى بۇزار' دەيدى. دۇنيەمەن بىرگە بولماڭىز، اللامەن بىرگە بولىڭىز، اللامەن بىرگە بولۋ ءۇشىن پايعامبارىمىزبەن بىرگە بولىڭىز. ال پايعامبارىمىزبەن بىرگە بولۋ ءۇشىن ونىڭ مۇراگەرى بولعان اللا دوسى اۋليەمەن بىرگە بولىڭىز. مىنە ولارمەن بىرگە بولعان كەزدە، سىزدەگى بارلىعى قۇلشىلىققا اينالىپ كەتەر. دەمەك اۋليەدەن ءپىرىڭىز بولسىن، سول ءپىرىڭىز ءناپسىڭىزدى ۇستا سياقتى سوعىپ تۇزەيدى، ءسىزدىڭ ادەمى نۇسقاڭىزدى جاساپ بەرەدى. ادام بۇل دۇنيەگە قۇر قول جانىمەن كەلەدى، ءبىراق ءومىر بويى بارلىعىن قۋالاۋمەن وتەدى، ال اقىرىندا سول جانىمەن تاعى قۇر قول قايتادى. سوندىقتان قولىڭىزعا نە جيناعاندىعىڭىزعا ەمەس، جان-رۋحىڭىز نە جينادى، نە تاپتى، سوعان قاراڭىز.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8579