ДҮНИЕГЕ БОЛА ТАСУ ДА, ЖАСУ ДА ИМАН КЕМШІЛДІКТЕН БОЛАДЫ

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8566
ДҮНИЕГЕ БОЛА ТАСУ ДА, ЖАСУ ДА ИМАН КЕМШІЛДІКТЕН БОЛАДЫ
Иманы әлсіз бай, байлығына бола асып тасады, ал иманы әлсіз кедей, кедейлігіне бола жасып мұқалады. Ақиқатында бұл екі топтың да рухани дәрежесі ұқсас, олар - ұқсас нашар адамдар, себебі оларды құтырытқан да, жасытқан да дүние еді. Демек бұл екі топ та дүниені тым маңызды көреді, және дүниеден қорқады, олар - жүректеріне дүние әбден кіріп кеткен топтар. Олар, 'дүние бітсе, бәріне жеттім, ал дүние кетсе, бәрінен қалдым' деген жұтаң санадағы адамдар. Ал нағыз иманы бар адамдар екі хәлде де еш өзгермейді, ұқсас қалпын сақтай біледі, дүниемен атақты елемейді, оған маңыздылық танытпайды. Яғни осындай иманы күшті есті кісілер бай болса, асып тасымайды, кішпейілділігін сақтайды. Ал кедей болса да сол, олар, 'дүнием аз' деп мұңаймайды, еш жасымайды. Олар дүниені жүрегіне кіргізбей, сыртында ұстай білетіндіктен асып тасымайды, немесе жасымайды, олар - дүниеге құл болмағандар. Өмірдің шын мәнін түсінген адамдар міне осындай болады. Адамдардың шын бет-пердесін де байлықпен кедейлік ашады. Ал кім екі жағдайда да өзгермесе, шынайы иманға, ең кемінде естілікке жетеді. Сондықтан, исламда алақан жәйып, Алладан жалына дүние сұрау арсыздықпен имансыздыққа, ең кемінде иманы әлсіздікке жатады. Тіпті бұл жағдай адамның иманы жоқтығын немесе иманы тым әлсіздігін білдіреді. Исламда бастысы Алла ризалығы сұралады, шын иманның кілті Алла ризалығын сұрауда жатыр. Демек ақымақ кісі Алладан дүние сұрайды, есті кісі иман сұрайды. Ал иманға жеткен адам тек Алла ризалығын сұрайды, басқа ештеңе сұрамайды. Иманы әлсіз адам Алла ризалығымен иманның не екендігін әлі түсіне білмегендіктен дүние сұрайды. Алладан дүние сұрау бейне, атақты сұлтан, 'саған не керек, сұрағаныңды беремін' дегенде, маған, 'бір бау шөп керек' деп сұрағанға ұқсайтын ақымақтыққа ұқсайды. Әлемдердің Раббысы болған Алладан масаның шіріген қанатын сұрама, иман сұра және Алланың ризалығын сұра. Себебі Алла, 'мына бүкілғалам, бүкіл дүние Мен үшін шыбынның шіріген қанаты құрлы құны жоқ' дейді. Алла тағы да, 'Менің ризалығымды сұраңдар' дейді. Мүмкін шыбынның шіріген қанаты болған дүниені сұрарсың. Ал Алла береді, себебі Алла береген, бірақ одан қайыр таппай, тұмсығың тасқа тиуі мұнда тұрған іс. Сондықтан қолыңда барыңа, және Алланың аз я көп берген бар дүниесіне риза бол. Алла ризалығына жет, бүкіл керемет Алланың ризалығында жатыр, соны шынайы естілікпен түсіне білуде жатыр.
دۇنيەگە بولا تاسۋ دا، جاسۋ دا يمان كەمشىلدىكتەن بولادى
يمانى ءالسىز باي، بايلىعىنا بولا اسىپ تاسادى، ال يمانى ءالسىز كەدەي، كەدەيلىگىنە بولا جاسىپ مۇقالادى. اقيقاتىندا بۇل ەكى توپتىڭ دا رۋحاني دارەجەسى ۇقساس، ولار - ۇقساس ناشار ادامدار، سەبەبى ولاردى قۇتىرىتقان دا، جاسىتقان دا دۇنيە ەدى. دەمەك بۇل ەكى توپ تا دۇنيەنى تىم ماڭىزدى كورەدى، جانە دۇنيەدەن قورقادى، ولار - جۇرەكتەرىنە دۇنيە ابدەن كىرىپ كەتكەن توپتار. ولار، 'دۇنيە بىتسە، بارىنە جەتتىم، ال دۇنيە كەتسە، بارىنەن قالدىم' دەگەن جۇتاڭ ساناداعى ادامدار. ال ناعىز يمانى بار ادامدار ەكى حالدە دە ەش وزگەرمەيدى، ۇقساس قالپىن ساقتاي بىلەدى، دۇنيەمەن اتاقتى ەلەمەيدى، وعان ماڭىزدىلىق تانىتپايدى. ياعني وسىنداي يمانى كۇشتى ەستى كىسىلەر باي بولسا، اسىپ تاسىمايدى، كىشپەيىلدىلىگىن ساقتايدى. ال كەدەي بولسا دا سول، ولار، 'دۇنيەم از' دەپ مۇڭايمايدى، ەش جاسىمايدى. ولار دۇنيەنى جۇرەگىنە كىرگىزبەي، سىرتىندا ۇستاي بىلەتىندىكتەن اسىپ تاسىمايدى، نەمەسە جاسىمايدى، ولار - دۇنيەگە قۇل بولماعاندار. ءومىردىڭ شىن ءمانىن تۇسىنگەن ادامدار مىنە وسىنداي بولادى. ادامداردىڭ شىن بەت-پەردەسىن دە بايلىقپەن كەدەيلىك اشادى. ال كىم ەكى جاعدايدا دا وزگەرمەسە، شىنايى يمانعا، ەڭ كەمىندە ەستىلىككە جەتەدى. سوندىقتان، يسلامدا الاقان ءجايىپ، اللادان جالىنا دۇنيە سۇراۋ ارسىزدىقپەن يمانسىزدىققا، ەڭ كەمىندە يمانى السىزدىككە جاتادى. ءتىپتى بۇل جاعداي ادامنىڭ يمانى جوقتىعىن نەمەسە يمانى تىم السىزدىگىن بىلدىرەدى. يسلامدا باستىسى اللا ريزالىعى سۇرالادى، شىن يماننىڭ كىلتى اللا ريزالىعىن سۇراۋدا جاتىر. دەمەك اقىماق كىسى اللادان دۇنيە سۇرايدى، ەستى كىسى يمان سۇرايدى. ال يمانعا جەتكەن ادام تەك اللا ريزالىعىن سۇرايدى، باسقا ەشتەڭە سۇرامايدى. يمانى ءالسىز ادام اللا ريزالىعىمەن يماننىڭ نە ەكەندىگىن ءالى تۇسىنە بىلمەگەندىكتەن دۇنيە سۇرايدى. اللادان دۇنيە سۇراۋ بەينە، اتاقتى سۇلتان، 'ساعان نە كەرەك، سۇراعانىڭدى بەرەمىن' دەگەندە، ماعان، 'ءبىر باۋ ءشوپ كەرەك' دەپ سۇراعانعا ۇقسايتىن اقىماقتىققا ۇقسايدى. الەمدەردىڭ راببىسى بولعان اللادان ماسانىڭ شىرىگەن قاناتىن سۇراما، يمان سۇرا جانە اللانىڭ ريزالىعىن سۇرا. سەبەبى اللا، 'مىنا بۇكىلعالام، بۇكىل دۇنيە مەن ءۇشىن شىبىننىڭ شىرىگەن قاناتى قۇرلى قۇنى جوق' دەيدى. اللا تاعى دا، 'مەنىڭ ريزالىعىمدى سۇراڭدار' دەيدى. مۇمكىن شىبىننىڭ شىرىگەن قاناتى بولعان دۇنيەنى سۇرارسىڭ. ال اللا بەرەدى، سەبەبى اللا بەرەگەن، ءبىراق ودان قايىر تاپپاي، تۇمسىعىڭ تاسقا ءتيۋى مۇندا تۇرعان ءىس. سوندىقتان قولىڭدا بارىڭا، جانە اللانىڭ از يا كوپ بەرگەن بار دۇنيەسىنە ريزا بول. اللا ريزالىعىنا جەت، بۇكىل كەرەمەت اللانىڭ ريزالىعىندا جاتىر، سونى شىنايى ەستىلىكپەن تۇسىنە بىلۋدە جاتىر.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8566