You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

АЛЛА БІРЕУДІ СҮЙСЕ, ОНЫ ӘУЛИЕСІНЕ ЖАҚЫН ЕТЕДІ, ӘДЕПКЕ ӘКЕЛЕДІ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8565
АЛЛА БІРЕУДІ СҮЙСЕ, ОНЫ ӘУЛИЕСІНЕ ЖАҚЫН ЕТЕДІ, ӘДЕПКЕ ӘКЕЛЕДІ

егер Алла бір құлын сүйсе, оған Өзінің сүйіктісін яғни дос әулиесін жібереді. Сонымен, Алла осы сүйіктісі арқылы манағы құлын тәрбиелейді, жақсы тәртіпке салады. Ол құлына аса ұлық Аллаға жақындайтын жолды әдемілеп үйретеді, соңында ол Оны сүйеді, бұл пенде осылай жақсы шүйіншілі хабарға ие болады. Сондықтан, егер Алла саған бір әулие-мүршит жіберіп, оны саған пір етіп қойса, онда қуана бер, шүкірлік айт, оның қадір-қымбатын түсінуге тырыс. Ертеде мәлім әйгілі әулие қайтыс болған соң, бір абзал мүритінің түсіне кіреді. Ал мүриті әулиеден, 'о пірім, сіз ана жаққа кетіп қалдыңыз, бәрін жақсы білесіз, бәрін анық көріп тұрсыз, сонда айтыңызшы, мына дүниедегі ең жақсы іс не екен' деп сұрайды. Сонда оның әулие пірі оған, 'дүние өміріндегі ең абзал, ең қайырлы, ең жақсы іс Алла сүйіктісі әулиемен бірге болу екен' деп жауап береді. Ал пайғамбарымыз да хазірет Әлиге, 'Аллаға ең оңай жақындаудың жолы Алланың сүйіктісімен бірге болу' деген еді. Алламен пайғамбарымызға ең жақын, ең сүйікті адамдар, осы әулиелер. Тірі әулиелер - Алланың жердегі тірі халифасы, және пайғамбарымыздың тірі мұрагерлері, тірі көлеңкесі. Пайғамбарымыз, 'Алланың жерде әр заманда өмір сүретін 40 абзал әулиесі бар, Алла солардың құрметі үшін адамзатты сақтап, олардан сан түрлі жамандықтарды кетірер' дейді. Алла әулиелерді ерекше көреді, сондықтан қудыси хадисте Алла, 'кім әулиеме дұшпандық етсе, Мен оған соғыс ашамын' дейді. Ал әулиеге дұшпан болған адам мейлі қанша ислам ұстанып, қанша намаз оқысын, қанша құран аударсын, қанша білімді болсын, ол еш игілікке жете алмайды, иманнан кетеді. Сондықтан, пайғамбарымызды, сахабаларды, әулиелерді құрметтеп, оларға жақсы әдепті сақтауымыз керек. Әйтпесе, ісіңіз өзін адамнан жоғары санап, Алла алдында тәкаппарлықпен әдепсіздік еткен, ал соңында шайтанға айналған іблістің ісіне ұқсар. Әдеп аса маңызды, шайтан осындай әдепсіздігі себепті бүкіл құлшылғын, бүкіл білімін, бүкіл еңбегін селге кетіріп, қарғысталған біреуге айналды. Бұл әрбір есті адам үшін бір үлкен сабақ. Адам тым көп білімді, тым көп құлшылықшыл болмаса да, құранды керемет оқи алмаса да, бірақ ол адамда жақсы әдеп болса, оның дәрежесі манағы әдепсіз білімділермен әдепсіз намазқойлардан әлдеқайда жоғары болады. Сондықтан, исламда ең алдымен әдеп және адамгершілік үйретіледі. Ал ислам осы әдеппен адамгершіліктің үстіне құрылады. Егер әдеппен адамгершілік болмаса, ұстанған исламыңнан қайыр болмас, бұндайда ислам саған жұғысты болмайды, исламды жөнді ұстана алмайтын боласың. Тіпті исламның абыройын түсіріп, елге исламды жиіркенішті етіп көрсететін боласың, жұртты исламнан қашырасың. Ал бұндай кезде сауап түгілі, күнә жинап аласың. Сондықтан әдеппен адамгершілікке қатты көңіл бөл, осылар болғанда ғана исламды дұрыс ұстана аларсың. Әйтпесе, тіреуші діңгегі жоқ үй сияқты тез құларсың.

اللا بىرەۋدى سۇيسە، ونى اۋليەسىنە جاقىن ەتەدى، ادەپكە اكەلەدى

ەگەر اللا ءبىر قۇلىن سۇيسە، وعان ءوزىنىڭ سۇيىكتىسىن ياعني دوس اۋليەسىن جىبەرەدى. سونىمەن، اللا وسى سۇيىكتىسى ارقىلى ماناعى قۇلىن تاربيەلەيدى، جاقسى تارتىپكە سالادى. ول قۇلىنا اسا ۇلىق اللاعا جاقىندايتىن جولدى ادەمىلەپ ۇيرەتەدى، سوڭىندا ول ونى سۇيەدى، بۇل پەندە وسىلاي جاقسى ءشۇيىنشىلى حابارعا يە بولادى. سوندىقتان، ەگەر اللا ساعان ءبىر اۋليە-ءمۇرشيت جىبەرىپ، ونى ساعان ءپىر ەتىپ قويسا، وندا قۋانا بەر، شۇكىرلىك ايت، ونىڭ ءقادىر-قىمباتىن تۇسىنۋگە تىرىس. ەرتەدە ءمالىم ايگىلى اۋليە قايتىس بولعان سوڭ، ءبىر ابزال ءمۇريتىنىڭ تۇسىنە كىرەدى. ال ءمۇريتى اۋليەدەن، 'و ءپىرىم، ءسىز انا جاققا كەتىپ قالدىڭىز، ءبارىن جاقسى بىلەسىز، ءبارىن انىق كورىپ تۇرسىز، سوندا ايتىڭىزشى، مىنا دۇنيەدەگى ەڭ جاقسى ءىس نە ەكەن' دەپ سۇرايدى. سوندا ونىڭ اۋليە ءپىرى وعان، 'دۇنيە ومىرىندەگى ەڭ ابزال، ەڭ قايىرلى، ەڭ جاقسى ءىس اللا سۇيىكتىسى اۋليەمەن بىرگە بولۋ ەكەن' دەپ جاۋاپ بەرەدى. ال پايعامبارىمىز دا حازىرەت اليگە، 'اللاعا ەڭ وڭاي جاقىنداۋدىڭ جولى اللانىڭ سۇيىكتىسىمەن بىرگە بولۋ' دەگەن ەدى. اللامەن پايعامبارىمىزعا ەڭ جاقىن، ەڭ سۇيىكتى ادامدار، وسى اۋليەلەر. ءتىرى اۋليەلەر - اللانىڭ جەردەگى ءتىرى حاليفاسى، جانە پايعامبارىمىزدىڭ ءتىرى مۇراگەرلەرى، ءتىرى كولەڭكەسى. پايعامبارىمىز، 'اللانىڭ جەردە ءار زاماندا ءومىر سۇرەتىن 40 ابزال اۋليەسى بار، اللا سولاردىڭ قۇرمەتى ءۇشىن ادامزاتتى ساقتاپ، ولاردان سان ءتۇرلى جاماندىقتاردى كەتىرەر' دەيدى. اللا اۋليەلەردى ەرەكشە كورەدى، سوندىقتان قۋدىسي حاديستە اللا، 'كىم اۋليەمە دۇشپاندىق ەتسە، مەن وعان سوعىس اشامىن' دەيدى. ال اۋليەگە دۇشپان بولعان ادام مەيلى قانشا يسلام ۇستانىپ، قانشا ناماز وقىسىن، قانشا قۇران اۋدارسىن، قانشا ءبىلىمدى بولسىن، ول ەش يگىلىككە جەتە المايدى، يماننان كەتەدى. سوندىقتان، پايعامبارىمىزدى، ساحابالاردى، اۋليەلەردى قۇرمەتتەپ، ولارعا جاقسى ادەپتى ساقتاۋىمىز كەرەك. ايتپەسە، ءىسىڭىز ءوزىن ادامنان جوعارى ساناپ، اللا الدىندا تاكاپپارلىقپەن ادەپسىزدىك ەتكەن، ال سوڭىندا شايتانعا اينالعان ءىبلىستىڭ ىسىنە ۇقسار. ادەپ اسا ماڭىزدى، شايتان وسىنداي ادەپسىزدىگى سەبەپتى بۇكىل قۇلشىلعىن، بۇكىل ءبىلىمىن، بۇكىل ەڭبەگىن سەلگە كەتىرىپ، قارعىستالعان بىرەۋگە اينالدى. بۇل ءاربىر ەستى ادام ءۇشىن ءبىر ۇلكەن ساباق. ادام تىم كوپ ءبىلىمدى، تىم كوپ قۇلشىلىقشىل بولماسا دا، قۇراندى كەرەمەت وقي الماسا دا، ءبىراق ول ادامدا جاقسى ادەپ بولسا، ونىڭ دارەجەسى ماناعى ادەپسىز بىلىمدىلەرمەن ادەپسىز نامازقويلاردان الدەقايدا جوعارى بولادى. سوندىقتان، يسلامدا ەڭ الدىمەن ادەپ جانە ادامگەرشىلىك ۇيرەتىلەدى. ال يسلام وسى ادەپپەن ادامگەرشىلىكتىڭ ۇستىنە قۇرىلادى. ەگەر ادەپپەن ادامگەرشىلىك بولماسا، ۇستانعان يسلامىڭنان قايىر بولماس، بۇندايدا يسلام ساعان جۇعىستى بولمايدى، يسلامدى ءجوندى ۇستانا المايتىن بولاسىڭ. ءتىپتى يسلامنىڭ ابىرويىن ءتۇسىرىپ، ەلگە يسلامدى جيىركەنىشتى ەتىپ كورسەتەتىن بولاسىڭ، جۇرتتى يسلامنان قاشىراسىڭ. ال بۇنداي كەزدە ساۋاپ تۇگىلى، كۇنا جيناپ الاسىڭ. سوندىقتان ادەپپەن ادامگەرشىلىككە قاتتى كوڭىل ءبول، وسىلار بولعاندا عانا يسلامدى دۇرىس ۇستانا الارسىڭ. ايتپەسە، تىرەۋشى دىڭگەگى جوق ءۇي سياقتى تەز قۇلارسىڭ.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami


Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8565