'ӨЗІҢДІ СҮЮ' ДЕГЕН НЕ?

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8544
'ӨЗІҢДІ СҮЮ' ДЕГЕН НЕ?
әулиелер, 'өзіңді толық ықласпен сүюді үйренбей тұрып, сені ешкім сүймес' дейді. Олар және, 'егер өзгелердің өзіңе деген мәмілесін өзгерткің келсе, бірінші өзіңнің өзіңе деген мәмілеңді өзгерт' дейді. Ал адамдарда ислами білім болғанымен, бірақ исламдағы хикімет кем болғандықтан, бұндағы өзін сүюді, 'өз нәпсісін сүю' деп шатасады. Ал өзін сүю дегеніміз өз нәпсіңді сүю емес, бірақ өз жаныңды сүюді білдіреді. Адам баласының жаратылысы жан, тән, нәпсі үш нәрседен тұрады. Бұндағы тән жердің топырағынан жаратылған, ол да Алладан бір аманат, сондықтан адамдар осы тәнін аяласын, денсаулығын күтсін. Ал жан яғни рух пайғамбарымыздың нұрынан келген Алланың сырлы құпиясы, асыл аманаты. Адамның тәніне жан кірген соң ғана, тірі жаратылысқа айналады. Адамдағы ең маңызды нәрсе осы жан, сондықтан адамдар жансаулығына қатты көңіл бөлуі керек. Ал жансаулық жүректен білінеді, жүрегі тазарып, жақсарған адамның жаны да сау болады. Ал жүрегі бұзылып, кірлеген адамның жаны сау болмайды. Оның тәні сау шығар, бірақ жаны сау емес, демек бұл адам өз жанына көңіл бөлмеді. Ал исламдағы, 'өзіңді сүй' дегеніміз осы жаныңды сүй, оның қажетін қамда, оның тазалығына кепілдік ет деген сөз еді. Яғни сіз осы өз жан-рухыңызды аялай білсеңіз, өзіңізді шын сүйген боласыз. Ол нәпсіні сүюмен мүлде ұқсамайды, ал қазіргілер өзін сүюді, яғни жанын сүюді нәпсісін сүюмен шатастырып алған. Адам жаратылысының үшінші бөлігі нәпсі еді, ал нәпсі адамды сынау үшін тәнге байланған. Демек адамның топырақтан болған осыбір тәнінде жанмен нәпсі ең соңғы тынысқа дейін өзара күресіп өтеді. Ал бұл кезде сіз ақылыңызды істетіп, жанға ілесуіңіз керек, нәпсіңізге ілеспеңіз, жанды күтіңіз, нәпсіні күтпеңіз. Жан періштелік қасиетке ие, ол тек жақсыға, Аллаға қарай тартап тұрады, ал нәпсі шайтани қасиетке ие, ол тек жамандыққа, шайтанға тартып тұрады. Егер сіз нәпсіңізге құлақ ассаңыз, нәпсі басты орынға шығып, нәпсіқұл біреу боласыз. Егер жүрекке, жанға құлақ ассаңыз, жаныңыз басты орынға шығып, таза адамға айналасыз. Бұнда сіз өз нәпсіңізді емес, бірақ өз жаныңызды сүйіңіз, нәпсіңізді жек көріңіз, сонда өзіңізді шын сүйген боласыз. Ал нәпсіңізді сүйсеңіз, өзіңізді құртып аласыз. Осы екі өздің арасын жақсы айырып, жан деген өзді сүйіңіз, нәпсі деген өзді сүймеңіз. Сонда ғана сіз өзін аялаған, өзін құрметтеген, өзін сүйген адам боласыз. Ал жанның нені қалайтынын Алла пайғамбарымызбен әулиелер арқылы үйретіп кетті. Жанға керегі ислам руханияты, ал жанын сүйген кісі Алла жолына түсіп, ислам руханиятын азық етеді. Жанға Ислам руханиятын берілмесе, жан өледі. Яғни, 'ішім өлген, сыртым сау' деген сияқты жағдай болады.
'ءوزىڭدى ءسۇيۋ' دەگەن نە؟
اۋليەلەر، 'ءوزىڭدى تولىق ىقلاسپەن ءسۇيۋدى ۇيرەنبەي تۇرىپ، سەنى ەشكىم سۇيمەس' دەيدى. ولار جانە، 'ەگەر وزگەلەردىڭ وزىڭە دەگەن مامىلەسىن وزگەرتكىڭ كەلسە، ءبىرىنشى ءوزىڭنىڭ وزىڭە دەگەن مامىلەڭدى وزگەرت' دەيدى. ال ادامداردا يسلامي ءبىلىم بولعانىمەن، ءبىراق يسلامداعى حيكىمەت كەم بولعاندىقتان، بۇنداعى ءوزىن ءسۇيۋدى، 'ءوز ءناپسىسىن ءسۇيۋ' دەپ شاتاسادى. ال ءوزىن ءسۇيۋ دەگەنىمىز ءوز ءناپسىڭدى ءسۇيۋ ەمەس، ءبىراق ءوز جانىڭدى ءسۇيۋدى بىلدىرەدى. ادام بالاسىنىڭ جاراتىلىسى جان، ءتان، ءناپسى ءۇش نارسەدەن تۇرادى. بۇنداعى ءتان جەردىڭ توپىراعىنان جاراتىلعان، ول دا اللادان ءبىر امانات، سوندىقتان ادامدار وسى ءتانىن ايالاسىن، دەنساۋلىعىن كۇتسىن. ال جان ياعني رۋح پايعامبارىمىزدىڭ نۇرىنان كەلگەن اللانىڭ سىرلى قۇپياسى، اسىل اماناتى. ادامنىڭ تانىنە جان كىرگەن سوڭ عانا، ءتىرى جاراتىلىسقا اينالادى. ادامداعى ەڭ ماڭىزدى نارسە وسى جان، سوندىقتان ادامدار جانساۋلىعىنا قاتتى كوڭىل ءبولۋى كەرەك. ال جانساۋلىق جۇرەكتەن بىلىنەدى، جۇرەگى تازارىپ، جاقسارعان ادامنىڭ جانى دا ساۋ بولادى. ال جۇرەگى بۇزىلىپ، كىرلەگەن ادامنىڭ جانى ساۋ بولمايدى. ونىڭ ءتانى ساۋ شىعار، ءبىراق جانى ساۋ ەمەس، دەمەك بۇل ادام ءوز جانىنا كوڭىل بولمەدى. ال يسلامداعى، 'ءوزىڭدى ءسۇي' دەگەنىمىز وسى جانىڭدى ءسۇي، ونىڭ قاجەتىن قامدا، ونىڭ تازالىعىنا كەپىلدىك ەت دەگەن ءسوز ەدى. ياعني ءسىز وسى ءوز جان-رۋحىڭىزدى ايالاي بىلسەڭىز، ءوزىڭىزدى شىن سۇيگەن بولاسىز. ول ءناپسىنى سۇيۋمەن مۇلدە ۇقسامايدى، ال قازىرگىلەر ءوزىن ءسۇيۋدى، ياعني جانىن ءسۇيۋدى ءناپسىسىن سۇيۋمەن شاتاستىرىپ العان. ادام جاراتىلىسىنىڭ ءۇشىنشى بولىگى ءناپسى ەدى، ال ءناپسى ادامدى سىناۋ ءۇشىن تانگە بايلانعان. دەمەك ادامنىڭ توپىراقتان بولعان ءوسىبىر تانىندە جانمەن ءناپسى ەڭ سوڭعى تىنىسقا دەيىن ءوزارا كۇرەسىپ وتەدى. ال بۇل كەزدە ءسىز اقىلىڭىزدى ىستەتىپ، جانعا ىلەسۋىڭىز كەرەك، ناپسىڭىزگە ىلەسپەڭىز، جاندى كۇتىڭىز، ءناپسىنى كۇتپەڭىز. جان پەرىشتەلىك قاسيەتكە يە، ول تەك جاقسىعا، اللاعا قاراي تارتاپ تۇرادى، ال ءناپسى شايتاني قاسيەتكە يە، ول تەك جاماندىققا، شايتانعا تارتىپ تۇرادى. ەگەر ءسىز ناپسىڭىزگە قۇلاق اسساڭىز، ءناپسى باستى ورىنعا شىعىپ، ءناپسىقۇل بىرەۋ بولاسىز. ەگەر جۇرەككە، جانعا قۇلاق اسساڭىز، جانىڭىز باستى ورىنعا شىعىپ، تازا ادامعا اينالاسىز. بۇندا ءسىز ءوز ءناپسىڭىزدى ەمەس، ءبىراق ءوز جانىڭىزدى ءسۇيىڭىز، ءناپسىڭىزدى جەك كورىڭىز، سوندا ءوزىڭىزدى شىن سۇيگەن بولاسىز. ال ءناپسىڭىزدى سۇيسەڭىز، ءوزىڭىزدى قۇرتىپ الاسىز. وسى ەكى ءوزدىڭ اراسىن جاقسى ايىرىپ، جان دەگەن ءوزدى ءسۇيىڭىز، ءناپسى دەگەن ءوزدى سۇيمەڭىز. سوندا عانا ءسىز ءوزىن ايالاعان، ءوزىن قۇرمەتتەگەن، ءوزىن سۇيگەن ادام بولاسىز. ال جاننىڭ نەنى قالايتىنىن اللا پايعامبارىمىزبەن اۋليەلەر ارقىلى ۇيرەتىپ كەتتى. جانعا كەرەگى يسلام رۋحانياتى، ال جانىن سۇيگەن كىسى اللا جولىنا ءتۇسىپ، يسلام رۋحانياتىن ازىق ەتەدى. جانعا يسلام رۋحانياتىن بەرىلمەسە، جان ولەدى. ياعني، 'ءىشىم ولگەن، سىرتىم ساۋ' دەگەن سياقتى جاعداي بولادى.
#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8544