Сұхбат: рабита деген не? пайғамбарымызға қалай жалғанамыз? (2025.09.04 / Хижри 1447-жыл 12-Рабиул Ауал)

https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8491
Сұхбат: рабита деген не? пайғамбарымызға қалай жалғанамыз? (2025.09.04 / Хижри 1447-жыл 12-Рабиул Ауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Кипір, Mawlana Shaykh Nazim Dergah-да айтылған сұхбат) Бисмиллахир рахманир рахим, «وَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّ فِيكُمْ رَسُولَ ٱللَّهِ ۚ» яғни (және естеріңде болсын, Алла елшісі араларыңда) (құран 49інші сүре 7інші аят), садақал лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә, «пайғамбар араларыңда» дейді, демек пайғамбарымыз ﷺ үмбеттің арасында жүр, ол және оның үмбеті бір, ал онсыз біз ештеңе емеспіз, ол ұдайы бізбен бірге. Шүкір-Алла, осыбір берекелі күндер - оның күндері, ол мәңгі бізбен бірге, ол мұсылмандармен және мүминдермен бірге, яғни пайғамбарымыз ﷺ өзін сүйетіндермен бірге, себебі ол өзі, «اَلْمَرْءُ مَعَ مَنْ أَحَبَّ» яғни «әркім сүйгенімен бірге болар» деген еді. Соншама милиондаған ел-жұрт пайғамбарымыз ﷺды сүйеді, олар оны есінде сақтайды, ал олар оны осылай еске алған кезде, ол олармен бірге болады. Біз ұдайы пайғамбарымыз ﷺның құзіретіндеміз, шүкір-Алла, сопылық тәриқаттағылар оған көптеп құрмет көрсетеді, оған көптеп сенеді. Біздің рабитамыз бар, ол сопылық тәриқатта рабита жасаудың әдісі, көптеген адамдар, «рабита деген не» деп сұрайды.
Рабита дегеніміз жүрегіңізді әулие пір шайыққа жалғау, одан пір шайық оны пайғамбарымыз ﷺға жалғайды, оны қалай істеуіміз керек? бұнда мәлім әдістер бар, оның кейбір қиын жолы, және оңай жолы бар, ал біздің әдіс ең оңай жолы. Бұнда сіз пір шайығыңызды ойлап, одан медет сұрауыңыз керек, және сол арқылы пайғамбарымыз ﷺнан медет сұрауыңыз керек, рабита дегеніміз міне осы. Басқа сопылық тәриқаттарда да рабита істейді, бірақ сіз осы нақышбанд сопылық тәриқатындасыз, хаққани тәриқаты, мұжадиди халиди тәриқаты, ол пайғамбарымыз ﷺның жолынан, сіз осы сопылық тәриқат тармағындасыз. Ал осы сопылық тәриқат жолы ең оңай, ол адамдарға жеңілдік әкеледі. Бұнда әзимах яғни дінни шарт, және рұксак яғни дінни рұхсат деген нәрселер бар. Қазіргі кез ақырзаман болғандықтан ол рұхсатпен істелінген, Мәуләнә Шайық Назым хазірет ұдайы, «біз рұхсат бердік» деп айтып отыратын, демек, егер біз байырғы сопылық тәриқат үкіміне яғни әзимахка салсақ, қазір сопылық тәриқатта еш адам бір қадам алға жүре алмайды. Сондықтан, шүкір-Алла, біздің сопылық тәриқатта рабитаны оңай жасаймыз, рабита дегеніміз пайғамбарымыз ﷺға жалғану.
Ал бұнда пір шайық оған жалғайтын көпір болады, жол болады, демек рабита кәміл пір шайық арқылы пайғамбарымыз ﷺға жетеді, көптеген адамдар осы рабита жәйлы сұрайды, себебі рабитаға қатысты әркім әр түрлі нәрселерді айтып жүр. Ал сіз рабитаны қалай істеуіңіз керек? біздің рабитаға бір минут та кетпейді, әулие пір шайығыңызды ойлап, оған жалғанасыз, одан медет сұрайсыз, болды, осы жеткілікті, рабита осылай істеледі. Ал қалғаны, одан кейінгісі пір шайықтың қолында, біздің қолда емес, мүмкін сіз рабитада сонша тырысарсыз, бірақ пір шайықтар оны сізге ашпаса, ештеңе туылмайды, бәрі бос болады. Ал егер олар оны ашқан кезде, олар сіздің хәліңізді көреді, сосын Алла Әззә уә-Жәллә сіздің ниетіңізбен ықыласыңызға қарай, оны қабыл ететін болады. Шүкір-Алла, Алла ﷻ бізге осы жолды нәсіп етті, бірақ әрине, адамдардың арасында шүкірлік ететіндер өте аз, бұл жәйлы құранда, «وَقَلِيلٌۭ مِّنْ عِبَادِىَ ٱلشَّكُورُ» яғни (тек тым аз санды құлдарым ғана шын шүкіршіл) (құран 34інші сүре 13інші аят) делінген. Демек Алла Әззә уә-Жәллә, «тым аз санды адамдар ғана шүкіршіл» дейді, ал сіз осы сопылық тәриқат жолына түскендігіңіз үшін Алла ﷻға шүкірлік айтуыңыз керек еді.
Әдетте, бүгінгідей берекелі күнде, пайғамбарымыз ﷺның осындай әдемі күнінде пайғамбарымыз ﷺға арналған арнайы баян болушы еді, мейлі қалай болмасын, қазір пайғамбарымыз ﷺның мәулитін тойлаған сан түрлі құттықтаулармен той-жиындар болып жатыр. Ал ертедегі адамдар тіпті де көңіл бөлуші еді, тіпті де қуанышқа толы етіп өткізуші еді, бірақ қазіргі кездегі адамдар машина робот сияқты болып кеткен. Олар ештеңеге қарамайды, ештеңені білмейді, олардың қолында телефон немесе компютор болса болды, соған тесіле қарап, отыра береді, басқа ештеңеге қарамайды, алайда Алла Әззә уә-Жәллә сізді оларға қарау үшін жаратпады емеспе. Бірақ Алла ﷻ сізді Алла жолында болуға, Онымен бірге болуға жаратты, пайғамбарымыз ﷺның үмбетінен болуға жаратты. Бүгін пайғамбарымыз ﷺның қасиетті күні, мәулит күні, бірақ кейбір шайтани адамдар, «мәулитті тойлауға болмайды, ол қате» деп жүр, және осындай шайтандарға алданғандар бар. Ал құран әзиму-шанда манағы адамдарды есекке салыстырады, ертеде кипірліктер оны «меркеп» деуші еді, оның мағынасы есек дегенді білдіреді, бұл салыстру құран әзиму-шанда айтылған.
Жануар есек арқасында құнды кітаптарды көтеріп жүреді, бірақ олар оның ішінде не барлығын білмейді, ал манағы адамдар да осындай, олар ұқсас-дүр, демек пайғамбарымыз ﷺды құрметтемейтін, оны қадірлемейтін адамдар осы есекке ұқсайды. Себебі пайғамбарымыз ﷺ әр дүйсенбі күні ораза ұстаушы еді, ал жұрт одан бұндағы хикіметті сұраған кезде ол оларға, «мен осы күні туылғанмын» деп, жауап береді. Яғни пайғамбарымыз ﷺ дүйсенбі күні туылған, ол өзі әр дүйсенбі күнін осылай ескерген, және өзге адамдарға да осылай ескерту жасаған. Ал сонда оның нақты туылған күнін құттықтауда қандай жамандық бар? оны неге қабыл етуге болмайды? біз осыларды төрт аяқты есектен сұрап көрелік, білеме екен! Алла ﷻ оларға түсінік бергей, себебі олар көп елді адастырып жүр. Барлық ел сол қыңырларды маңызды біреулер санап, оларға еріп жүр, олар, «олар былай деп айтты, олар бізден жақсы түсінеді» дер. Олар осылай, «біз оны істемеуіміз керек» деп, жақсы нәрселерді тастауда, ал есті адам Хаққа бұрылады емеспе, Алла ﷻ оларды Хаққа бұрылғандардан еткей, олар осыбір күндердің қадірін білгей, ал біз де осы күнді қадірлейік, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: رابيتا دەگەن نە؟ پايعامبارىمىزعا قالاي جالعانامىز؟ (2025.09.04 / حيجري 1447-جىل 12-رابيۋل اۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، كيپىر، Mawlana Shaykh Nazim Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «وَٱعْلَمُوٓا۟ أَنَّ فِيكُمْ رَسُولَ ٱللَّهِ ۚ» ياعني (جانە ەستەرىڭدە بولسىن، اللا ەلشىسى ارالارىڭدا) (قۇران 49ءىنشى سۇرە 7ءىنشى ايات)، ساداقال لاحۋل عازيم. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «پايعامبار ارالارىڭدا» دەيدى، دەمەك پايعامبارىمىز ﷺ ۇمبەتتىڭ اراسىندا ءجۇر، ول جانە ونىڭ ۇمبەتى ءبىر، ال ونسىز ءبىز ەشتەڭە ەمەسپىز، ول ۇدايى بىزبەن بىرگە. شۇكىر-اللا، ءوسىبىر بەرەكەلى كۇندەر - ونىڭ كۇندەرى، ول ماڭگى بىزبەن بىرگە، ول مۇسىلماندارمەن جانە مۇميندەرمەن بىرگە، ياعني پايعامبارىمىز ﷺ ءوزىن سۇيەتىندەرمەن بىرگە، سەبەبى ول ءوزى، «ءاَلْمَرُْ مَعَ مَنْ أَحَبَّ» ياعني «اركىم سۇيگەنىمەن بىرگە بولار» دەگەن ەدى. سونشاما ميليونداعان ەل-جۇرت پايعامبارىمىز ﷺدى سۇيەدى، ولار ونى ەسىندە ساقتايدى، ال ولار ونى وسىلاي ەسكە العان كەزدە، ول ولارمەن بىرگە بولادى. ءبىز ۇدايى پايعامبارىمىز ﷺنىڭ قۇزىرەتىندەمىز، شۇكىر-اللا، سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار وعان كوپتەپ قۇرمەت كورسەتەدى، وعان كوپتەپ سەنەدى. ءبىزدىڭ رابيتامىز بار، ول سوپىلىق ءتاريقاتتا رابيتا جاساۋدىڭ ءادىسى، كوپتەگەن ادامدار، «رابيتا دەگەن نە» دەپ سۇرايدى.
رابيتا دەگەنىمىز جۇرەگىڭىزدى اۋليە ءپىر شايىققا جالعاۋ، ودان ءپىر شايىق ونى پايعامبارىمىز ﷺعا جالعايدى، ونى قالاي ىستەۋىمىز كەرەك؟ بۇندا ءمالىم ادىستەر بار، ونىڭ كەيبىر قيىن جولى، جانە وڭاي جولى بار، ال ءبىزدىڭ ءادىس ەڭ وڭاي جولى. بۇندا ءسىز ءپىر شايىعىڭىزدى ويلاپ، ودان مەدەت سۇراۋىڭىز كەرەك، جانە سول ارقىلى پايعامبارىمىز ﷺنان مەدەت سۇراۋىڭىز كەرەك، رابيتا دەگەنىمىز مىنە وسى. باسقا سوپىلىق ءتاريقاتتاردا دا رابيتا ىستەيدى، ءبىراق ءسىز وسى ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىنداسىز، حاققاني ءتاريقاتى، مۇجاديدي حاليدي ءتاريقاتى، ول پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولىنان، ءسىز وسى سوپىلىق ءتاريقات تارماعىنداسىز. ال وسى سوپىلىق ءتاريقات جولى ەڭ وڭاي، ول ادامدارعا جەڭىلدىك اكەلەدى. بۇندا ءازيماح ياعني ءدىنني شارت، جانە رۇكساك ياعني ءدىنني رۇحسات دەگەن نارسەلەر بار. قازىرگى كەز اقىرزامان بولعاندىقتان ول رۇحساتپەن ىستەلىنگەن، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ۇدايى، «ءبىز رۇحسات بەردىك» دەپ ايتىپ وتىراتىن، دەمەك، ەگەر ءبىز بايىرعى سوپىلىق ءتاريقات ۇكىمىنە ياعني ازيماحكا سالساق، ءقازىر سوپىلىق ءتاريقاتتا ەش ادام ءبىر قادام العا جۇرە المايدى. سوندىقتان، شۇكىر-اللا، ءبىزدىڭ سوپىلىق ءتاريقاتتا رابيتانى وڭاي جاسايمىز، رابيتا دەگەنىمىز پايعامبارىمىز ﷺعا جالعانۋ.
ال بۇندا ءپىر شايىق وعان جالعايتىن كوپىر بولادى، جول بولادى، دەمەك رابيتا كامىل ءپىر شايىق ارقىلى پايعامبارىمىز ﷺعا جەتەدى، كوپتەگەن ادامدار وسى رابيتا ءجايلى سۇرايدى، سەبەبى رابيتاعا قاتىستى اركىم ءار ءتۇرلى نارسەلەردى ايتىپ ءجۇر. ال ءسىز رابيتانى قالاي ىستەۋىڭىز كەرەك؟ ءبىزدىڭ رابيتاعا ءبىر مينۋت تا كەتپەيدى، اۋليە ءپىر شايىعىڭىزدى ويلاپ، وعان جالعاناسىز، ودان مەدەت سۇرايسىز، بولدى، وسى جەتكىلىكتى، رابيتا وسىلاي ىستەلەدى. ال قالعانى، ودان كەيىنگىسى ءپىر شايىقتىڭ قولىندا، ءبىزدىڭ قولدا ەمەس، مۇمكىن ءسىز رابيتادا سونشا تىرىسارسىز، ءبىراق ءپىر شايىقتار ونى سىزگە اشپاسا، ەشتەڭە تۋىلمايدى، ءبارى بوس بولادى. ال ەگەر ولار ونى اشقان كەزدە، ولار ءسىزدىڭ ءحالىڭىزدى كورەدى، سوسىن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءسىزدىڭ نيەتىڭىزبەن ىقىلاسىڭىزعا قاراي، ونى قابىل ەتەتىن بولادى. شۇكىر-اللا، اللا ﷻ بىزگە وسى جولدى ءناسىپ ەتتى، ءبىراق ارينە، ادامداردىڭ اراسىندا شۇكىرلىك ەتەتىندەر وتە از، بۇل ءجايلى قۇراندا، «وَقَلِيلٌۭ مِّنْ عِبَادِىَ ٱلشَّكُورُ» ياعني (تەك تىم از ساندى قۇلدارىم عانا شىن شۇكىرشىل) (قۇران 34ءىنشى سۇرە 13ءىنشى ايات) دەلىنگەن. دەمەك اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «تىم از ساندى ادامدار عانا شۇكىرشىل» دەيدى، ال ءسىز وسى سوپىلىق ءتاريقات جولىنا تۇسكەندىگىڭىز ءۇشىن اللا ﷻعا شۇكىرلىك ايتۋىڭىز كەرەك ەدى.
ادەتتە، بۇگىنگىدەي بەرەكەلى كۇندە، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ وسىنداي ادەمى كۇنىندە پايعامبارىمىز ﷺعا ارنالعان ارنايى بايان بولۋشى ەدى، مەيلى قالاي بولماسىن، ءقازىر پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ءماۋليتىن تويلاعان سان ءتۇرلى قۇتتىقتاۋلارمەن توي-جيىندار بولىپ جاتىر. ال ەرتەدەگى ادامدار ءتىپتى دە كوڭىل ءبولۋشى ەدى، ءتىپتى دە قۋانىشقا تولى ەتىپ وتكىزۋشى ەدى، ءبىراق قازىرگى كەزدەگى ادامدار ماشينا روبوت سياقتى بولىپ كەتكەن. ولار ەشتەڭەگە قارامايدى، ەشتەڭەنى بىلمەيدى، ولاردىڭ قولىندا تەلەفون نەمەسە كومپيۋتور بولسا بولدى، سوعان تەسىلە قاراپ، وتىرا بەرەدى، باسقا ەشتەڭەگە قارامايدى، الايدا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءسىزدى ولارعا قاراۋ ءۇشىن جاراتپادى ەمەسپە. ءبىراق اللا ﷻ ءسىزدى اللا جولىندا بولۋعا، ونىمەن بىرگە بولۋعا جاراتتى، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ۇمبەتىنەن بولۋعا جاراتتى. بۇگىن پايعامبارىمىز ﷺنىڭ قاسيەتتى كۇنى، ءماۋليت كۇنى، ءبىراق كەيبىر شايتاني ادامدار، «ءماۋليتتى تويلاۋعا بولمايدى، ول قاتە» دەپ ءجۇر، جانە وسىنداي شايتاندارعا الدانعاندار بار. ال قۇران ءازيمۋ-شاندا ماناعى ادامداردى ەسەككە سالىستىرادى، ەرتەدە كيپىرلىكتەر ونى «مەركەپ» دەۋشى ەدى، ونىڭ ماعىناسى ەسەك دەگەندى بىلدىرەدى، بۇل سالىسترۋ قۇران ءازيمۋ-شاندا ايتىلعان.
جانۋار ەسەك ارقاسىندا قۇندى كىتاپتاردى كوتەرىپ جۇرەدى، ءبىراق ولار ونىڭ ىشىندە نە بارلىعىن بىلمەيدى، ال ماناعى ادامدار دا وسىنداي، ولار ۇقساس-ءدۇر، دەمەك پايعامبارىمىز ﷺدى قۇرمەتتەمەيتىن، ونى قادىرلەمەيتىن ادامدار وسى ەسەككە ۇقسايدى. سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ ءار دۇيسەنبى كۇنى ورازا ۇستاۋشى ەدى، ال جۇرت ودان بۇنداعى حيكىمەتتى سۇراعان كەزدە ول ولارعا، «مەن وسى كۇنى تۋىلعانمىن» دەپ، جاۋاپ بەرەدى. ياعني پايعامبارىمىز ﷺ دۇيسەنبى كۇنى تۋىلعان، ول ءوزى ءار دۇيسەنبى كۇنىن وسىلاي ەسكەرگەن، جانە وزگە ادامدارعا دا وسىلاي ەسكەرتۋ جاساعان. ال سوندا ونىڭ ناقتى تۋىلعان كۇنىن قۇتتىقتاۋدا قانداي جاماندىق بار؟ ونى نەگە قابىل ەتۋگە بولمايدى؟ ءبىز وسىلاردى ءتورت اياقتى ەسەكتەن سۇراپ كورەلىك، بىلەمە ەكەن! اللا ﷻ ولارعا تۇسىنىك بەرگەي، سەبەبى ولار كوپ ەلدى اداستىرىپ ءجۇر. بارلىق ەل سول قىڭىرلاردى ماڭىزدى بىرەۋلەر ساناپ، ولارعا ەرىپ ءجۇر، ولار، «ولار بىلاي دەپ ايتتى، ولار بىزدەن جاقسى تۇسىنەدى» دەر. ولار وسىلاي، «ءبىز ونى ىستەمەۋىمىز كەرەك» دەپ، جاقسى نارسەلەردى تاستاۋدا، ال ەستى ادام حاققا بۇرىلادى ەمەسپە، اللا ﷻ ولاردى حاققا بۇرىلعانداردان ەتكەي، ولار ءوسىبىر كۇندەردىڭ ءقادىرىن بىلگەي، ال ءبىز دە وسى كۇندى قادىرلەيىك، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8491