You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ШЫҢҒЫСХАН ИБРАҺИМ ПАЙҒАМБАРДЫҢ ҰРПАҒЫМА? ЖӘНЕ ЖАҢБЫР ЖАУДЫРАТЫН НАЙМАНДАР ТУРАЛЫ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8487
ШЫҢҒЫСХАН ИБРАҺИМ ПАЙҒАМБАРДЫҢ ҰРПАҒЫМА? ЖӘНЕ ЖАҢБЫР ЖАУДЫРАТЫН НАЙМАНДАР ТУРАЛЫ

ибраһим пайғамбардың үшінші әйелі кентұра түрік еді, ол үш ұл туды. Ал ибраһим пайғамбар Аллаға дұға етіп, бұл үш ұлына әулиелік қасиеттер сұрап береді. Мәселен, олар мәлім дұға оқып, суға тас лақтырса, аспанда найзағай ойнап, дереу жауын жауатын еді. Осыған ұқсас тілсім дұғамен жаңбыр жаудыру әдісі найман хандығында да болған. Мәселен, Наймандардың мәлім тасты суға лақтырып, жауын жаудыратындығы, хиуа ханы бахадүрхан жазған түрік шежіресінде айтылған. Ал Бахадүрхан шыңғысханның ұрпағы болып келеді. Демек, осыдан 1000 жыл бұрын өткен наймандар ибраһим пайғамбардың осы үш ұлынан келе жатқан жаңбыр жаудыратын сырлы әдісті сақтап келген, бұл тасты кейде жануарлар денесінен алатындығы да айтылған. Бұл тасты түріктер, 'жедел тасы' деп атаған. Ол тасқа ертеде түркілер таласып, көп қырғын болғаны да деректерде жазылған. Бірақ осы тас немесе осы киелі өнер найман хандығы құлаған соң, олармен бірге ғайып болған. Бұл кие немесе өнер найман хандарының манағы үш ұлдың ұрпағынан екендігін білдіруі де мүмкін, әйтпесе бұл киеге найманның Біліге хандары қалай мұрагер болған? Ал Бахадүрхан еңбегінде, 'түрік, қытай, мұңғыл, орыс, сылау бәрі бір туған, олар - нұхтың ұлы яфес пайғамбардың ұрпағы' дейді. Сонымен, ибраһим пайғамбардың манағы үш ұлы орта азияға, анасының түркі жұртына барады. Ал олар түркі жұртында мықты шығып, түркілер олардың киесімен батырлығына тәнті болады. Оларды мойындап, өздеріне қаған етеді, және олардың ұрпақтарын ғана хан тұтады. Ал соғыста, немесе хандық таласта, олардың ұрпақтарына қылыш тиіп, қаны жерге тамып өлсе, сол жерге көп жыл жұт болып, елді апат жәйлайтын еді. Сондықтан, түрік-мұңғыл жұртында хандары бірін-бірі өлтірсе, қан шығармай оларды теріге орап, суға ағызып өлтіретін жосын болған. Ал осы дәстүр шыңғысхан заманына дейін жалғасып келген. Яғни темужин андасы жамуқаны теріге орап, суға ағызып өлтіреді. Бұл ғұн, түркі, мұңғылдағы хан, қаған, ақсүйектер арасындағы салт. Ал исламда Жебірейіл періштенің біздің пайғамбарымыздың тамған қанын жерге түсірмей жинап жүретіндігі, әйтпесе жершары дереу құрғап, тіршілік тоқтайтындығы айтылған. Манағы айтылым бойынша, Ғұн, сәнби, түрік, мұңғыл жұрттарының хан-қағандары дерлік ибраһим пайғамбардың осы үш ұлына қатысты болмақ. Сондықтан, олардың көздері қара емес, біраз көкшілдеу, я сарғыш болған. Ал ертедегі мұңғылдар, қияттар, осындай көзділерді 'бөржігін әулеті' деп атаған, шыңғысхан да осы бөржігінге жатады. Ертедегі қытай жұртында да осы тектес патшаның қызыл қаны жәйлы әпсаналар бар, бұл да бекер қалмаған. Ал тәрихи айтылымдарда, әйгілі хан шыңғысханның көзі қара емес, көкшілдеу екендігі, ал шашының да қара емес, сары қызғылттау екендігі жазылған. Бұған қарасақ, шыңғысханның да ибраһим пайғамбардың осы үш ұлының ұрпағы болуы неғайбыл емес. Ең кемінде оның ата-бабалары осы үш киелі ұлға ана жағынан қатысы бар болуы мүмкін.

شىڭعىسحان يبراھيم پايعامباردىڭ ۇرپاعىما؟ جانە جاڭبىر جاۋدىراتىن نايماندار تۋرالى

يبراھيم پايعامباردىڭ ءۇشىنشى ايەلى كەنتۇرا تۇرىك ەدى، ول ءۇش ۇل تۋدى. ال يبراھيم پايعامبار اللاعا دۇعا ەتىپ، بۇل ءۇش ۇلىنا اۋليەلىك قاسيەتتەر سۇراپ بەرەدى. ماسەلەن، ولار ءمالىم دۇعا وقىپ، سۋعا تاس لاقتىرسا، اسپاندا نايزاعاي ويناپ، دەرەۋ جاۋىن جاۋاتىن ەدى. وسىعان ۇقساس ءتىلسىم دۇعامەن جاڭبىر جاۋدىرۋ ءادىسى نايمان حاندىعىندا دا بولعان. ماسەلەن، نايمانداردىڭ ءمالىم تاستى سۋعا لاقتىرىپ، جاۋىن جاۋدىراتىندىعى، حيۋا حانى ءباحادۇرحان جازعان تۇرىك شەجىرەسىندە ايتىلعان. ال ءباحادۇرحان شىڭعىسحاننىڭ ۇرپاعى بولىپ كەلەدى. دەمەك، وسىدان 1000 جىل بۇرىن وتكەن نايماندار يبراھيم پايعامباردىڭ وسى ءۇش ۇلىنان كەلە جاتقان جاڭبىر جاۋدىراتىن سىرلى ءادىستى ساقتاپ كەلگەن، بۇل تاستى كەيدە جانۋارلار دەنەسىنەن الاتىندىعى دا ايتىلعان. بۇل تاستى تۇرىكتەر، 'جەدەل تاسى' دەپ اتاعان. ول تاسقا ەرتەدە تۇركىلەر تالاسىپ، كوپ قىرعىن بولعانى دا دەرەكتەردە جازىلعان. ءبىراق وسى تاس نەمەسە وسى كيەلى ونەر نايمان حاندىعى قۇلاعان سوڭ، ولارمەن بىرگە عايىپ بولعان. بۇل كيە نەمەسە ونەر نايمان حاندارىنىڭ ماناعى ءۇش ۇلدىڭ ۇرپاعىنان ەكەندىگىن ءبىلدىرۋى دە مۇمكىن، ايتپەسە بۇل كيەگە نايماننىڭ بىلىگە حاندارى قالاي مۇراگەر بولعان؟ ال ءباحادۇرحان ەڭبەگىندە، 'تۇرىك، قىتاي، مۇڭعىل، ورىس، سىلاۋ ءبارى ءبىر تۋعان، ولار - نۇحتىڭ ۇلى يافەس پايعامباردىڭ ۇرپاعى' دەيدى. سونىمەن، يبراھيم پايعامباردىڭ ماناعى ءۇش ۇلى ورتا ازياعا، اناسىنىڭ تۇركى جۇرتىنا بارادى. ال ولار تۇركى جۇرتىندا مىقتى شىعىپ، تۇركىلەر ولاردىڭ كيەسىمەن باتىرلىعىنا ءتانتى بولادى. ولاردى مويىنداپ، وزدەرىنە قاعان ەتەدى، جانە ولاردىڭ ۇرپاقتارىن عانا حان تۇتادى. ال سوعىستا، نەمەسە حاندىق تالاستا، ولاردىڭ ۇرپاقتارىنا قىلىش ءتيىپ، قانى جەرگە تامىپ ولسە، سول جەرگە كوپ جىل جۇت بولىپ، ەلدى اپات ءجايلايتىن ەدى. سوندىقتان، تۇرىك-مۇڭعىل جۇرتىندا حاندارى ءبىرىن-ءبىرى ولتىرسە، قان شىعارماي ولاردى تەرىگە وراپ، سۋعا اعىزىپ ولتىرەتىن جوسىن بولعان. ال وسى ءداستۇر شىڭعىسحان زامانىنا دەيىن جالعاسىپ كەلگەن. ياعني تەمۋجين انداسى جامۋقانى تەرىگە وراپ، سۋعا اعىزىپ ولتىرەدى. بۇل عۇن، تۇركى، مۇڭعىلداعى حان، قاعان، اقسۇيەكتەر اراسىنداعى سالت. ال يسلامدا جەبىرەيىل پەرىشتەنىڭ ءبىزدىڭ پايعامبارىمىزدىڭ تامعان قانىن جەرگە تۇسىرمەي جيناپ جۇرەتىندىگى، ايتپەسە جەرشارى دەرەۋ قۇرعاپ، تىرشىلىك توقتايتىندىعى ايتىلعان. ماناعى ايتىلىم بويىنشا، عۇن، ءسانبي، تۇرىك، مۇڭعىل جۇرتتارىنىڭ حان-قاعاندارى دەرلىك يبراھيم پايعامباردىڭ وسى ءۇش ۇلىنا قاتىستى بولماق. سوندىقتان، ولاردىڭ كوزدەرى قارا ەمەس، ءبىراز كوكشىلدەۋ، يا سارعىش بولعان. ال ەرتەدەگى مۇڭعىلدار، قياتتار، وسىنداي كوزدىلەردى 'بورجىگىن اۋلەتى' دەپ اتاعان، شىڭعىسحان دا وسى بورجىگىنگە جاتادى. ەرتەدەگى قىتاي جۇرتىندا دا وسى تەكتەس پاتشانىڭ قىزىل قانى ءجايلى ءاپسانالار بار، بۇل دا بەكەر قالماعان. ال ءتاريحي ايتىلىمداردا، ايگىلى حان شىڭعىسحاننىڭ كوزى قارا ەمەس، كوكشىلدەۋ ەكەندىگى، ال شاشىنىڭ دا قارا ەمەس، سارى قىزعىلتتاۋ ەكەندىگى جازىلعان. بۇعان قاراساق، شىڭعىسحاننىڭ دا يبراھيم پايعامباردىڭ وسى ءۇش ۇلىنىڭ ۇرپاعى بولۋى نەعايبىل ەمەس. ەڭ كەمىندە ونىڭ اتا-بابالارى وسى ءۇش كيەلى ۇلعا انا جاعىنان قاتىسى بار بولۋى مۇمكىن.

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8487