https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8501
Сұхбат: нәпсіңнен сақтан, ол тек жамандыққа әмір етеді (2025.09.12 / Хижри 1447-жыл 20-Рабиул Ауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уа с-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйиди л-Ауалина уа л-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уа л-Қайру фи л-Жәмиях.
(Türkiye, Кипір, Mawlana Shaykh Nazim Dergah-да айтылған сұхбат) Ағузубиллахи минаш шайтанир ражим, бисмиллахир рахманир рахим, «وَمَا أُبَرِّئُ نَفْسِي ۚ إِنَّ النَّفْسَ لَأَمَّارَةٌ بِالسُّوءِ إِلَّا مَا رَحِمَ رَبِّي» яғни «және мен өзімен ада емеспін, егер Раббымның рахым еткені болмаса, расында нәпсі жамандыққа бейім тұрады» (құран 12інші сүре 53інші аят), садақал лахул ғазим. Алла Әззә уә-Жәллә құран әзиму-шәннің бұл аят-кәримасында, «біз өз нәпсілерімізге сенбейміз, себебі біздің нәпсілеріміз жақсы емес» деп айтқызар. Алла ﷻ бұл аятта «расында, әрбір нәпсі жамандыққа әмір етер» дейді, онда «إِلَّا مَا رَحِمَ رَبِّي» яғни «егер Раббымның рахым еткені болмаса» делінер. Ал бұндай нәпсі тым аз, олар бірнеше ғана, бірақ әрбір нәпсі өз сұмдығын істейді, яғни жамандыққа әмір етпейтін нәпсі өте аз кездеседі, нәпсі - осы дүниедегі бір сынақ, ол - адамдар үшін сынақ, ал кім осы нәпсісіне еріп, жамандық істесе, ол ұтылатын болады.
Ал кім нәпсісіне бойұсынбай, оған қарсы келсе, оның әмірлерін істемесе, ол ұтатын болады, әрбір адамға арналған міндет міне осы, кейбір адамдар, «нәпсімізді қалай жеңеміз» деп сұрайды, сіз оны жеңе аласыз, бірақ сіз оны жеңген күнде де, сіз онымен жалғасты күресуіңіз керек. Демек сіз, «ох, мен нәпсімді жеңіп алдым» деп мәз бола, оны тастап кете алмайсыз, егер олай етсеңіз, нәпсіңіз сізді дереу қайтадан жеңіп алатын болады, ол сізді әпсәтте алып ұрады. Нәпсіде мейірім болмайды, сенімділік болмайды, нәпсі тым әккі, өте қу, асқан залым келеді, оған сенуге болмайды. Ал кейбір адамдар, «мен қай кезде нәпсімді жоқ еткен боламын» деп сұрайды, тіпті сопылық тәриқатқа кірген кейбір бауырлар, «біз сопылық тәриқатқа қосылсақ болғаны, нәпсімізді жеңіп аламыз, барлығы бітер» деп ойлайды.
Бірақ олай емес, бұндай нәрсе жоқ, себебі нәпсіңіз сіздің ең соңғы тыныс деміңізге дейін сізбен бірге болады, оған сізді адастырып жіберетін орай берілмеуі керек, сондықтан біз сақ болуымыз керек. Алла ﷻ бізді нәпсіміздің сұмдығынан сақтағай, нәпсінің кесірі шайтанның кесірінен де үлкен, бірақ қалай болмасын, олардың барлығы бірге, демек нәпсі, хауа, дүние және шайтан барлығы бірге жүреді. Олар бірін-бірі қолдап, сізді жолдан тайдырмақшы болады, ал егер сіз оларға бойұсынбасаңыз, сіз оларды жеңетін боласыз, әрине оларды жеңуіңізге болады, бірақ ешқашан, «мен оларды жеңдім» деп айтушы болмаңыз. Алайда сіз ғафилетке салынып, сақ болмасаңыз, олар сізге еш рахым қылмайтын болады, сондықтан Алла ﷻ бізді біздің нәпсіміздің жамандығынан сақтағай.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #сүннет #әулие #жүрек #қазақ #дін #тәриқат #сопылық #намаз #алла #аллаһ #ораза #нақшыбанд #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: ناپسىڭنەن ساقتان، ول تەك جاماندىققا ءامىر ەتەدى (2025.09.12 / حيجري 1447-جىل 20-رابيۋل اۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋا س-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايدي ل-اۋالينا ۋا ل-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋا ل-قايرۋ في ل-ءجامياح.
(Türkiye، كيپىر، Mawlana Shaykh Nazim Dergah-دا ايتىلعان سۇحبات) اعۋزۋبيللاحي ميناش شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم، «وَمَا أُبَرِّئُ نَفْسِي ۚ إِنَّ النَّفْسَ لَأَمَّارَةٌ ءبِالسُّوِ إِلَّا مَا رَحِمَ رَبِّي» ياعني «جانە مەن وزىمەن ادا ەمەسپىن، ەگەر راببىمنىڭ راحىم ەتكەنى بولماسا، راسىندا ءناپسى جاماندىققا بەيىم تۇرادى» (قۇران 12ءىنشى سۇرە 53ءىنشى ايات)، ساداقال لاحۋل عازيم. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇران ءازيمۋ-ءشاننىڭ بۇل ايات-كاريماسىندا، «ءبىز ءوز ناپسىلەرىمىزگە سەنبەيمىز، سەبەبى ءبىزدىڭ ناپسىلەرىمىز جاقسى ەمەس» دەپ ايتقىزار. اللا ﷻ بۇل اياتتا «راسىندا، ءاربىر ءناپسى جاماندىققا ءامىر ەتەر» دەيدى، وندا «إِلَّا مَا رَحِمَ رَبِّي» ياعني «ەگەر راببىمنىڭ راحىم ەتكەنى بولماسا» دەلىنەر. ال بۇنداي ءناپسى تىم از، ولار بىرنەشە عانا، ءبىراق ءاربىر ءناپسى ءوز سۇمدىعىن ىستەيدى، ياعني جاماندىققا ءامىر ەتپەيتىن ءناپسى وتە از كەزدەسەدى، ءناپسى - وسى دۇنيەدەگى ءبىر سىناق، ول - ادامدار ءۇشىن سىناق، ال كىم وسى ناپسىسىنە ەرىپ، جاماندىق ىستەسە، ول ۇتىلاتىن بولادى.
ال كىم ناپسىسىنە بويۇسىنباي، وعان قارسى كەلسە، ونىڭ امىرلەرىن ىستەمەسە، ول ۇتاتىن بولادى، ءاربىر ادامعا ارنالعان مىندەت مىنە وسى، كەيبىر ادامدار، «ءناپسىمىزدى قالاي جەڭەمىز» دەپ سۇرايدى، ءسىز ونى جەڭە الاسىز، ءبىراق ءسىز ونى جەڭگەن كۇندە دە، ءسىز ونىمەن جالعاستى كۇرەسۋىڭىز كەرەك. دەمەك ءسىز، «وح، مەن ءناپسىمدى جەڭىپ الدىم» دەپ ءماز بولا، ونى تاستاپ كەتە المايسىز، ەگەر ولاي ەتسەڭىز، ءناپسىڭىز ءسىزدى دەرەۋ قايتادان جەڭىپ الاتىن بولادى، ول ءسىزدى اپساتتە الىپ ۇرادى. ناپسىدە مەيىرىم بولمايدى، سەنىمدىلىك بولمايدى، ءناپسى تىم اككى، وتە قۋ، اسقان زالىم كەلەدى، وعان سەنۋگە بولمايدى. ال كەيبىر ادامدار، «مەن قاي كەزدە ءناپسىمدى جوق ەتكەن بولامىن» دەپ سۇرايدى، ءتىپتى سوپىلىق ءتاريقاتقا كىرگەن كەيبىر باۋىرلار، «ءبىز سوپىلىق ءتاريقاتقا قوسىلساق بولعانى، ءناپسىمىزدى جەڭىپ الامىز، بارلىعى بىتەر» دەپ ويلايدى.
ءبىراق ولاي ەمەس، بۇنداي نارسە جوق، سەبەبى ءناپسىڭىز ءسىزدىڭ ەڭ سوڭعى تىنىس دەمىڭىزگە دەيىن سىزبەن بىرگە بولادى، وعان ءسىزدى اداستىرىپ جىبەرەتىن وراي بەرىلمەۋى كەرەك، سوندىقتان ءبىز ساق بولۋىمىز كەرەك. اللا ﷻ ءبىزدى ءناپسىمىزدىڭ سۇمدىعىنان ساقتاعاي، ءناپسىنىڭ كەسىرى شايتاننىڭ كەسىرىنەن دە ۇلكەن، ءبىراق قالاي بولماسىن، ولاردىڭ بارلىعى بىرگە، دەمەك ءناپسى، حاۋا، دۇنيە جانە شايتان بارلىعى بىرگە جۇرەدى. ولار ءبىرىن-ءبىرى قولداپ، ءسىزدى جولدان تايدىرماقشى بولادى، ال ەگەر ءسىز ولارعا بويۇسىنباساڭىز، ءسىز ولاردى جەڭەتىن بولاسىز، ارينە ولاردى جەڭۋىڭىزگە بولادى، ءبىراق ەشقاشان، «مەن ولاردى جەڭدىم» دەپ ايتۋشى بولماڭىز. الايدا ءسىز عافيلەتكە سالىنىپ، ساق بولماساڭىز، ولار سىزگە ەش راحىم قىلمايتىن بولادى، سوندىقتان اللا ﷻ ءبىزدى ءبىزدىڭ ءناپسىمىزدىڭ جاماندىعىنان ساقتاعاي.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #سۇننەت #اۋليە #جۇرەك #قازاق #ءدىن #ءتاريقات #سوپىلىق #ناماز #اللا #اللاھ #ورازا #ناقشىباند #kazakhstan #kazakh #islam
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8501