You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

Сұхбат: нағыз мұнафиқтар исламфобиямен бүкіл дүниені алдауда (2026.09.23 / Хижри 1448-жыл 12-Рабих Әл-Ақир)



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8946
Сұхбат: нағыз мұнафиқтар исламфобиямен бүкіл дүниені алдауда (2026.09.23 / Хижри 1448-жыл 12-Рабих Әл-Ақир)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.

(Salzgitter-Lebenstedt, Germany, 2026) Германияда айтылған сұхбат. Мұнафиқтықтың ұқсамаған түрлері болады, мұсылмандардың арасында да мұнфиқтар бар, мұсылман еместердің арасында да мұнафиқтар бар. Ал қазіргі мұсылмандарда мұнафиқтық білінбейтін болып кетті, демек, қазіргі мұсылмандарға мұнафиқ болуының қажеті қалмады. Егер біреу намаз өтемесе, ол өтемей жүре береді, оған еш көңіл бөлмейді, оны еш елемей жүре береді. Тіпті бүгінгі мұсылмандар мұнафиқтың не екендігін білуден қалған, оған еш бас қатырмайды. Ал ақиқатында біз айтып отырған нағыз мұнафиқтық мұсылман еместерге қатысты еді. Сонда, олар кімдер? олар мұсылмандарға тиісетіндер, және оларға барша қылмысты жабатындар, міне осы мұсылман еместер әлі адамдардағы исламнан қорқады.

Ал мұсылманның ұрандайтын дұғасы мынау, «اللَّهُمَّ أَنْتَ السَّلَامُ وَمِنْكَ السَّلَامُ وَإِلَيْكَ يَعُوْدُ السَّلَامِ فَحَيْنَا رَبَّنَا بِالسَّلَامِ», яғни, «о Алла, Сен - Тыныштықсың, және барша тыныштық сенен келер, бүкіл тыныштық Саған қайтар». Демек, барша құтылыс та Сенен келеді, және олар исламда жатыр. Ал мұсылман жан берік болуға тиісті әмір мынау, яғни, ол - ешкімге залал әкелмеу, әділетсіздік қылмау, ешкімді өлтірмеу, ешкімнің ұқығына қол сұқпау, және ешкімнің мал-мүлкіне тиіспеу. Мұсылманға әмір етілген қасиетті бұйрықтар міне осылар, алайда кәпірлер мұсылмандарға «исламфобияны» таңып қойған. Содан олар барлық елді исламнан қорқатын етіп қойды, ең жоғары дәрежелі мұнафиқтық деген міне осы! Адамдардың нағыз айтуға тиісті ісі басқа фобиялар болуы керек еді, демек, ол христанфобия, бұддафобия, немесе, коминизимфобия туралы сөйлеуі керек.

Адамдардың шындап қорқатын нәрселері осы болуы керек! мына дүниеде бірін-бірі христандардай өлтірген ешкім жоқ! Кіресітшілер анатолияға келгенде, әрменияндардың қамалына жетіп, «біз де христанбыз, біз біргеміз» дейді. Ал әрменияндар оларға сеніп, қамалдың қақпасын ашады, бірақ олар ішіне кіре сала, ешкімді тірі қалдырмай өлтіріп кетеді, мейлі үлкен-кіші, кәрі-жас, ер-әйел болсын барлығын тірі қалдырмайды. Ал сонда олардың айтқан сөздері сол, «сендер бізден емессіңдер» деу болды, солай олардың барлығын қырды. Ал одан бұрын константин, ол конистанполдың құрушысы еді, ол да христан дінін бұзған біреу болатын. Демек, ол кім Иса пайғамбарды «құдайдың ұлы» деп танымаса, оны өлтіретін еді. Христан діні осыдан 1500 жыл бұрын германия өңіріне тарағанда, ондағы адамдар алғашында оны пайғамбар ретінде таныған болатын.

Ал кейін басқа түрдегі христандар келіп, өздеріне бойұсынбағандардың барлығын өлтірді, одан соң испандармен португалдар сахынаға шықты. Ал жұрт оларды ұнатпады, олар да ел-жұртты қырып жойды, түк қалдырмады. Олар африкадан милиондаған адамдарды ұрлап тонады, және олардың көбі өлді, ал қалғандарын құл етіп жіберді. Ал әмерикада олар жергілікті халықтарды өлтіре алғанынша өлтірді, ал өлтіре алмағандарын да түбегейлі жойып тастау үшін олардың арасына ауру таратты. Міне бұл мойнына милиондаған адамның өмірін артқан аталмыш христан менталитеті. Ал оңтүстік әмерикада да осындай ұқсас істер туылды, яғни, манағы аталмыш христандар милиондаған адамды өлтірді.

Олар не үшін «исламфобия» жайлы айтады, бірақ не үшін «христанфобия» жайлы айтпайды? сондай нәрсе естіп көрдіңдерме? Бұрын мұңғылдар өткен еді, олар жолында кездескеннің барлығын қырып салды, қиратып тастады. Бірақ сонда да, ақырына барғанда олар исламға кірді, ал исламнан бұрын олар көзіне көрінгенді өлтіре беретін нағыз құтырғандар еді. Алайда, олар мұсылман болған соң, олар мәдениет жасады. Мәселен, индияға барып көріңіз, әр жер солардың еңбектеріне толған. Ал манағы қыңырлықтар расында шайтанның ісі-дүр. Егер бір мұсылман зұлымдық істесе, бірақ ондай жағдай өте сирек кездеседі, ал осы істерді тереңдеп қазар болсақ, әрдайым оның артында кәпірлердің тұрғанын байқалады. Шүкір-Алла, өткен апта біз орта азяда, өзбекстанда болып қайттық, ертеде ол жердегілер дүниеге рухани және дунияуи білімдерді бірдей таратқан еді. Осыбір мұсылмандар әр бағытқа нұр шашты.

Ал исламнан бұрын бұл жерлерде ешқандай білім жоқ еді, бірақ кейін олар исламмен нұрланып, олардың білімді өздерін де, бүкіл дүниені де нұрландырды. Тағы айтар болсақ, европаға мәдениет испаниядағы мұсылмандар арқылы жеткен еді. Ал орта азия өңірлерінен көптеген рухани шайық-пірлер, мүршиттер шықты, олардың неше жүмыңдаған шәкірттері болды. Осы машайықтар басқа жерлерге шәкірттерін жіберіп, ондағы адамдарға хақтың жолын екті, біліммен әдеп үйретті, және мына дүниенің мәнін түсіндірді. Сонымен олар адамдарға әр істе пайдалы болды, және өздері игілікке жетті, себебі, олар адамгершілік үйретті. Ал қазір біреулер, «адамгершілік» жайлы сөйлейді, бірақ олар басқа түрдегі мұнафиқтан басқа ештеңе емес. Демек, шайтан ешқашан тыныш отырмайды, ешқашан ұйықтамайды, ешқашан демалмайды. Біз ұйықтаймыз, бірақ ол жұмысын жалғастыра береді, ешқашан шаршамайды.

Ал бұнда да Алла ﷻдың хикіметі бар, мәселен, адамдар мәлім жақсы іс істемек болса, олар оны істеуге жалқауланады, бірақ олар жаман іс істемек болса, олар еш екіленбестен оны істеуге кірісіп кетеді. Сондықтан, шүкір-Алла, Алла ﷻ хақтың жолында жүргендердің амалдарын олардың ниеттеріне қарай қабыл етеді. Тіпті шайтан оларға сол амалды істеттірмей қойса да, олар, «біз оны істейміз» десе болғаны, Алла оларға олардың ниетіне қарай сауап бере береді. Өз кезінде орта азияда коминистер, «біз исламның тамырын мүлдем шауып, жоқ қылдық» деп айғай салды, істемеген еш жамандығы қалмады. Бірақ сонда да, шүкір-Алла, олар кете салысымен, ислам ондағы сол топырақтан жаңадан қаулап шыға келді.

Олар ғұламалардың қабырларын, ислами қабырларды түріп, жермен тегістеп жіберді, және ол жерлерді кәпірлерге сатты. Бақытсыздыққа орай, осыған ұқсас істер түркиямен кипірде де ұдайы туылып тұрды, яғни, олар көне қабырларды жойып, орнына қажетсіз құрлыстарды тұрғызды. Кипірде олар ата-бабаларымыздың қабырларын жоқ қылып, орнына басқа құрлыс нысандарын дайындады. Олар оны зор санмен бұзды, көне османлы қабыр тастарын лақтырып, оларды мектептерге, қажетсіз құрлыстарға ауыстырды, бұл кипірдің көптеген жерлерінде туылды.

Бірақ осыбір қабырлар ол жерлердің біздің даламыз екендігіне дәлел еді, егер сіз бүгін, «бұл жер біздің жеріміз» десеңіз де, оны дәлелдеуге қолыңызда еш дәлеліңіз қалмады. Онда 500 жылдық қабырлар бар еді, бірақ олар олардың барлығын бұзып, жоқ қылды. Айтып өткеніміздей, олар орта азиядағы ел-жұрттың дінін 80 жыл қатты шектеу арқылы оларды діннен айырамыз, оларға дінді мүлдем ұмыттырып жібереміз деп ойлады. Бірақ шүкір-Алла, Алла ﷻ осыбір өңірлерден манағы зұлымдарды бірдемде жоқ қылды да, ислам онда тағы гүлдеп шыға келді, шүкір-Алла. Ал бұлар онда жатқан әулиелермен машайық пірлердің, мүршиттердің берекесінен еді, олардың тамыры тым терең-дүр. Тіпті жоғары жақтан ештеңе көрінбесе де, бетін түгел қырып жіберсе де, бірақ олар сонау тереңнен дереу өсіп, қайта шыға келді.

Сол үшін әулие пірмен, мүршитпен бірге болу аса маңызды болған, демек, адам олардың жолына ілесуі керек, ал оларды құрметтеу осы дүниеде де, ақиретте де игілік алып келеді. Кейбір адамдар келіп төтесінен, «ондай нәрселердің керегі жоқ» деуі мүмкін, ал біз оларды надан демейміз, бірақ біз оларды, яғни, «сопылық тәриқат қажетсіз» дейтіндерді екіжүзді мұнафиқтар деп атаймыз. Демек, ұстаз-пірсіз ештеңе жоқ, сіз бірдеңені өз бетіңізше кетіп үйрене алмайсыз, мәселен, сіз өз бетіңізше инженер немесе дохтыр бола алмайсыз емеспе. Яғни, сізге бір ұстаз сөзсіз керек, ал ақылды адам бұның қадірін тани біледі, демек, олар ақиреті үшін олар осындай әулие-пірлерді қалайды.

Біз көптеген сұлтандардың қабырларын көрдік, олардың барлығы әулиелердің қасына жерленуді тілек еткен, соны аңсаған, кейбірі әулие пір мүршиттерінің табан астында жатуды қалаған. Бұл адамдар өз кезінде дүниені билеген сұлтандар еді, олар оны себепсіз істемеген. Егер сіз осы дүниедегі ең дана, ең хикіметті адамдарды іздер болсаңыз, әулиелер олардың ішіндегі ең данасы, ең хикіметтісі болмақ. Мына өмір мәңгі жалғаспайды, тек біраз уақыт тұрады, адам одан соң өзіне не болатыны жайлы ойлана білуі керек. Ал бұнда адам үшін ақиретте өзін құтқарудың ең төте жолы, пайғамбарымыз ﷺды сүю болмақ, себебі пайғамбарымыз, «адам сүйгенімен бірге» деген құтты сөзді қалдырған еді.

Сондықтан шайтанмен оның армиясы, пайғамбарымыз ﷺның шапағаты немесе оның қадір-қымбаты жайлы сөз қозғалғанда тықыршып, ашуланып кетеді. Демек, егер сіз пайғамбарымызды сүйсеңіз, олар ашудан жынданады, себебі, олар елдің құтылысқа жеткенін еш қаламайды. Шайтан болса Алла Әззә уә-Жәлләға, «мен олардың барлығын адастырамын, біз тозаққа бірге кіреміз» деп айтқан еді, сол себепті, біреудің құтылысқа жетуі оларды қатты ашуландырады. Сондықтан, шүкір-Алла, яғни, сопылық тәриқат жолы пайғамбарымыз ﷺға бастап апарады. Ол жол пайғамбарымыздың махаббатын іздейді, оның шапағатын іздейді, және ол жол пайғамбарымызға көрсетілетін әрбір құрметпен әдепті үйретеді.

Алла ﷻ ешқайсымызды ол жолдан адастырып жібермегей, және басқаларға да хидаят нәсіп еткей, иншалла. Бұл жол өте кең, барлығына жетеді, әр адамға жетеді. Пайғамбарымыз ﷺ, «мүмин өзіне тілеген игілікті өзгеге де тілер» дейді, сол үшін сопылық тәриқат жолы адамзатқа арналған махаббат жолы, ол адамдарды осыбір әдемі жолға бағыттауға шабыттандыру үшін сақталынып отыр. Ал басқалары болса, өзара қызғанышқа, көре алмастыққа итермелейді, олар, «тек мен ғана кірейін, басқа ешкім болмасын» дейді. Ал біз бұл жайлы бір қызық әңгіме айтайық. Яғни, арап елдерінде пайғамбарымызды құрметтеуді жақсы көрмейтін мәлім түрдегі адамдар бар.

Екі кісі сөйлесіп отырған еді, олар көп әңгіме айтып жұрттың барлығын мүшірікке шығарып болады, сүйтіп олардың біреуі, «олардың барлығы мүшірік болып кетті, тек сенімен мен ғана қалыптық» дейді. Содан оның біреуі досының үйіне қарап, оның үйінің төбесінде тұрған телевизордың әнтеннасын көреді де, ол, «сен де мүшірік екенсің» дейді. Ол осылай жар салады, демек, «бүкіл дүниеде мен ғана мұсылман екенмін» дейді. Олардың менталитеті міне осы, яғни, сопылық тәриқатқа қарсы келетін адамдардың менталитеті осылай болады. Ал сопылар болса ұдайы, «елдің барлығы менен жақсы» дейді, олар, «машалла, елдің барлығы бізден әлдеқайда жақсы» дейді. Ал манағы адамдардың менталитеті шайтанның менталитеті болса, сопылардың менталитеті пайғамбарымыз ﷺның менталитеті. Алла ﷻ оларды түзу ете бергей, олар ешкімге алданбағай, себебі оңай алданатындар өте көп. Алла ﷻ бізді панасына алғай.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: ناعىز مۇنافيقتار يسلامفوبيامەن بۇكىل دۇنيەنى الداۋدا (2026.09.23 / حيجري 1448-جىل 12-رابيح ءال-اقير)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.

(Salzgitter-Lebenstedt، Germany، 2026) گەرمانيادا ايتىلعان سۇحبات. مۇنافيقتىقتىڭ ۇقساماعان تۇرلەرى بولادى، مۇسىلمانداردىڭ اراسىندا دا مۇنفيقتار بار، مۇسىلمان ەمەستەردىڭ اراسىندا دا مۇنافيقتار بار. ال قازىرگى مۇسىلمانداردا مۇنافيقتىق بىلىنبەيتىن بولىپ كەتتى، دەمەك، قازىرگى مۇسىلماندارعا مۇنافيق بولۋىنىڭ قاجەتى قالمادى. ەگەر بىرەۋ ناماز وتەمەسە، ول وتەمەي جۇرە بەرەدى، وعان ەش كوڭىل بولمەيدى، ونى ەش ەلەمەي جۇرە بەرەدى. ءتىپتى بۇگىنگى مۇسىلماندار مۇنافيقتىڭ نە ەكەندىگىن بىلۋدەن قالعان، وعان ەش باس قاتىرمايدى. ال اقيقاتىندا ءبىز ايتىپ وتىرعان ناعىز مۇنافيقتىق مۇسىلمان ەمەستەرگە قاتىستى ەدى. سوندا، ولار كىمدەر؟ ولار مۇسىلماندارعا تيىسەتىندەر، جانە ولارعا بارشا قىلمىستى جاباتىندار، مىنە وسى مۇسىلمان ەمەستەر ءالى ادامدارداعى يسلامنان قورقادى.

ال مۇسىلماننىڭ ۇراندايتىن دۇعاسى مىناۋ، «اللَّهُمَّ أَنْتَ السَّلَامُ وَمِنْكَ السَّلَامُ وَإِلَيْكَ يَعُوْدُ السَّلَامِ فَحَيْنَا رَبَّنَا بِالسَّلَامِ»، ياعني، «و اللا، سەن - تىنىشتىقسىڭ، جانە بارشا تىنىشتىق سەنەن كەلەر، بۇكىل تىنىشتىق ساعان قايتار». دەمەك، بارشا قۇتىلىس تا سەنەن كەلەدى، جانە ولار يسلامدا جاتىر. ال مۇسىلمان جان بەرىك بولۋعا ءتيىستى ءامىر مىناۋ، ياعني، ول - ەشكىمگە زالال اكەلمەۋ، ادىلەتسىزدىك قىلماۋ، ەشكىمدى ولتىرمەۋ، ەشكىمنىڭ ۇقىعىنا قول سۇقپاۋ، جانە ەشكىمنىڭ مال-مۇلكىنە تيىسپەۋ. مۇسىلمانعا ءامىر ەتىلگەن قاسيەتتى بۇيرىقتار مىنە وسىلار، الايدا كاپىرلەر مۇسىلماندارعا «يسلامفوبيانى» تاڭىپ قويعان. سودان ولار بارلىق ەلدى يسلامنان قورقاتىن ەتىپ قويدى، ەڭ جوعارى دارەجەلى مۇنافيقتىق دەگەن مىنە وسى! ادامداردىڭ ناعىز ايتۋعا ءتيىستى ءىسى باسقا فوبيالار بولۋى كەرەك ەدى، دەمەك، ول حريستانفوبيا، بۇددافوبيا، نەمەسە، كومينيزيمفوبيا تۋرالى سويلەۋى كەرەك.

ادامداردىڭ شىنداپ قورقاتىن نارسەلەرى وسى بولۋى كەرەك! مىنا دۇنيەدە ءبىرىن-ءبىرى حريستاندارداي ولتىرگەن ەشكىم جوق! كىرەسىتشىلەر اناتولياعا كەلگەندە، ارمەنيانداردىڭ قامالىنا جەتىپ، «ءبىز دە حريستانبىز، ءبىز بىرگەمىز» دەيدى. ال ارمەنياندار ولارعا سەنىپ، قامالدىڭ قاقپاسىن اشادى، ءبىراق ولار ىشىنە كىرە سالا، ەشكىمدى ءتىرى قالدىرماي ءولتىرىپ كەتەدى، مەيلى ۇلكەن-كىشى، كارى-جاس، ەر-ايەل بولسىن بارلىعىن ءتىرى قالدىرمايدى. ال سوندا ولاردىڭ ايتقان سوزدەرى سول، «سەندەر بىزدەن ەمەسسىڭدەر» دەۋ بولدى، سولاي ولاردىڭ بارلىعىن قىردى. ال ودان بۇرىن كونستانتين، ول كونيستانپولدىڭ قۇرۋشىسى ەدى، ول دا حريستان ءدىنىن بۇزعان بىرەۋ بولاتىن. دەمەك، ول كىم يسا پايعامباردى «قۇدايدىڭ ۇلى» دەپ تانىماسا، ونى ولتىرەتىن ەدى. حريستان ءدىنى وسىدان 1500 جىل بۇرىن گەرمانيا وڭىرىنە تاراعاندا، ونداعى ادامدار العاشىندا ونى پايعامبار رەتىندە تانىعان بولاتىن.

ال كەيىن باسقا تۇردەگى حريستاندار كەلىپ، وزدەرىنە بويۇسىنباعانداردىڭ بارلىعىن ءولتىردى، ودان سوڭ يسپاندارمەن پورتۋگالدار ساحىناعا شىقتى. ال جۇرت ولاردى ۇناتپادى، ولار دا ەل-جۇرتتى قىرىپ جويدى، تۇك قالدىرمادى. ولار افريكادان ميليونداعان ادامداردى ۇرلاپ تونادى، جانە ولاردىڭ كوبى ءولدى، ال قالعاندارىن قۇل ەتىپ جىبەردى. ال امەريكادا ولار جەرگىلىكتى حالىقتاردى ولتىرە العانىنشا ءولتىردى، ال ولتىرە الماعاندارىن دا تۇبەگەيلى جويىپ تاستاۋ ءۇشىن ولاردىڭ اراسىنا اۋرۋ تاراتتى. مىنە بۇل موينىنا ميليونداعان ادامنىڭ ءومىرىن ارتقان اتالمىش حريستان مەنتاليتەتى. ال وڭتۇستىك امەريكادا دا وسىنداي ۇقساس ىستەر تۋىلدى، ياعني، ماناعى اتالمىش حريستاندار ميليونداعان ادامدى ءولتىردى.

ولار نە ءۇشىن «يسلامفوبيا» جايلى ايتادى، ءبىراق نە ءۇشىن «حريستانفوبيا» جايلى ايتپايدى؟ سونداي نارسە ەستىپ كوردىڭدەرمە؟ بۇرىن مۇڭعىلدار وتكەن ەدى، ولار جولىندا كەزدەسكەننىڭ بارلىعىن قىرىپ سالدى، قيراتىپ تاستادى. ءبىراق سوندا دا، اقىرىنا بارعاندا ولار يسلامعا كىردى، ال يسلامنان بۇرىن ولار كوزىنە كورىنگەندى ولتىرە بەرەتىن ناعىز قۇتىرعاندار ەدى. الايدا، ولار مۇسىلمان بولعان سوڭ، ولار مادەنيەت جاسادى. ماسەلەن، يندياعا بارىپ كورىڭىز، ءار جەر سولاردىڭ ەڭبەكتەرىنە تولعان. ال ماناعى قىڭىرلىقتار راسىندا شايتاننىڭ ءىسى-ءدۇر. ەگەر ءبىر مۇسىلمان زۇلىمدىق ىستەسە، ءبىراق ونداي جاعداي وتە سيرەك كەزدەسەدى، ال وسى ىستەردى تەرەڭدەپ قازار بولساق، ءاردايىم ونىڭ ارتىندا كاپىرلەردىڭ تۇرعانىن بايقالادى. شۇكىر-اللا، وتكەن اپتا ءبىز ورتا ازيادا، وزبەكستاندا بولىپ قايتتىق، ەرتەدە ول جەردەگىلەر دۇنيەگە رۋحاني جانە دۋنياۋي بىلىمدەردى بىردەي تاراتقان ەدى. ءوسىبىر مۇسىلماندار ءار باعىتقا نۇر شاشتى.

ال يسلامنان بۇرىن بۇل جەرلەردە ەشقانداي ءبىلىم جوق ەدى، ءبىراق كەيىن ولار يسلاممەن نۇرلانىپ، ولاردىڭ ءبىلىمدى وزدەرىن دە، بۇكىل دۇنيەنى دە نۇرلاندىردى. تاعى ايتار بولساق، ەۆروپاعا مادەنيەت يسپانياداعى مۇسىلماندار ارقىلى جەتكەن ەدى. ال ورتا ازيا وڭىرلەرىنەن كوپتەگەن رۋحاني شايىق-پىرلەر، مۇرشيتتەر شىقتى، ولاردىڭ نەشە ءجۇمىڭداعان شاكىرتتەرى بولدى. وسى ماشايىقتار باسقا جەرلەرگە شاكىرتتەرىن جىبەرىپ، ونداعى ادامدارعا حاقتىڭ جولىن ەكتى، بىلىممەن ادەپ ۇيرەتتى، جانە مىنا دۇنيەنىڭ ءمانىن ءتۇسىندىردى. سونىمەن ولار ادامدارعا ءار ىستە پايدالى بولدى، جانە وزدەرى يگىلىككە جەتتى، سەبەبى، ولار ادامگەرشىلىك ۇيرەتتى. ال ءقازىر بىرەۋلەر، «ادامگەرشىلىك» جايلى سويلەيدى، ءبىراق ولار باسقا تۇردەگى مۇنافيقتان باسقا ەشتەڭە ەمەس. دەمەك، شايتان ەشقاشان تىنىش وتىرمايدى، ەشقاشان ۇيىقتامايدى، ەشقاشان دەمالمايدى. ءبىز ۇيىقتايمىز، ءبىراق ول جۇمىسىن جالعاستىرا بەرەدى، ەشقاشان شارشامايدى.

ال بۇندا دا اللا ﷻدىڭ حيكىمەتى بار، ماسەلەن، ادامدار ءمالىم جاقسى ءىس ىستەمەك بولسا، ولار ونى ىستەۋگە جالقاۋلانادى، ءبىراق ولار جامان ءىس ىستەمەك بولسا، ولار ەش ەكىلەنبەستەن ونى ىستەۋگە كىرىسىپ كەتەدى. سوندىقتان، شۇكىر-اللا، اللا ﷻ حاقتىڭ جولىندا جۇرگەندەردىڭ امالدارىن ولاردىڭ نيەتتەرىنە قاراي قابىل ەتەدى. ءتىپتى شايتان ولارعا سول امالدى ىستەتتىرمەي قويسا دا، ولار، «ءبىز ونى ىستەيمىز» دەسە بولعانى، اللا ولارعا ولاردىڭ نيەتىنە قاراي ساۋاپ بەرە بەرەدى. ءوز كەزىندە ورتا ازيادا كومينيستەر، «ءبىز يسلامنىڭ تامىرىن مۇلدەم شاۋىپ، جوق قىلدىق» دەپ ايعاي سالدى، ىستەمەگەن ەش جاماندىعى قالمادى. ءبىراق سوندا دا، شۇكىر-اللا، ولار كەتە سالىسىمەن، يسلام ونداعى سول توپىراقتان جاڭادان قاۋلاپ شىعا كەلدى.

ولار عۇلامالاردىڭ قابىرلارىن، يسلامي قابىرلاردى ءتۇرىپ، جەرمەن تەگىستەپ جىبەردى، جانە ول جەرلەردى كاپىرلەرگە ساتتى. باقىتسىزدىققا وراي، وسىعان ۇقساس ىستەر تۇركيامەن كيپىردە دە ۇدايى تۋىلىپ تۇردى، ياعني، ولار كونە قابىرلاردى جويىپ، ورنىنا قاجەتسىز قۇرلىستاردى تۇرعىزدى. كيپىردە ولار اتا-بابالارىمىزدىڭ قابىرلارىن جوق قىلىپ، ورنىنا باسقا قۇرلىس نىساندارىن دايىندادى. ولار ونى زور سانمەن بۇزدى، كونە وسمانلى قابىر تاستارىن لاقتىرىپ، ولاردى مەكتەپتەرگە، قاجەتسىز قۇرلىستارعا اۋىستىردى، بۇل كيپىردىڭ كوپتەگەن جەرلەرىندە تۋىلدى.

ءبىراق ءوسىبىر قابىرلار ول جەرلەردىڭ ءبىزدىڭ دالامىز ەكەندىگىنە دالەل ەدى، ەگەر ءسىز بۇگىن، «بۇل جەر ءبىزدىڭ جەرىمىز» دەسەڭىز دە، ونى دالەلدەۋگە قولىڭىزدا ەش دالەلىڭىز قالمادى. وندا 500 جىلدىق قابىرلار بار ەدى، ءبىراق ولار ولاردىڭ بارلىعىن بۇزىپ، جوق قىلدى. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ولار ورتا ازياداعى ەل-جۇرتتىڭ ءدىنىن 80 جىل قاتتى شەكتەۋ ارقىلى ولاردى دىننەن ايىرامىز، ولارعا ءدىندى مۇلدەم ۇمىتتىرىپ جىبەرەمىز دەپ ويلادى. ءبىراق شۇكىر-اللا، اللا ﷻ ءوسىبىر وڭىرلەردەن ماناعى زۇلىمداردى بىردەمدە جوق قىلدى دا، يسلام وندا تاعى گۇلدەپ شىعا كەلدى، شۇكىر-اللا. ال بۇلار وندا جاتقان اۋليەلەرمەن ماشايىق پىرلەردىڭ، مۇرشيتتەردىڭ بەرەكەسىنەن ەدى، ولاردىڭ تامىرى تىم تەرەڭ-ءدۇر. ءتىپتى جوعارى جاقتان ەشتەڭە كورىنبەسە دە، بەتىن تۇگەل قىرىپ جىبەرسە دە، ءبىراق ولار سوناۋ تەرەڭنەن دەرەۋ ءوسىپ، قايتا شىعا كەلدى.

سول ءۇشىن اۋليە پىرمەن، مۇرشيتپەن بىرگە بولۋ اسا ماڭىزدى بولعان، دەمەك، ادام ولاردىڭ جولىنا ىلەسۋى كەرەك، ال ولاردى قۇرمەتتەۋ وسى دۇنيەدە دە، اقيرەتتە دە يگىلىك الىپ كەلەدى. كەيبىر ادامدار كەلىپ توتەسىنەن، «ونداي نارسەلەردىڭ كەرەگى جوق» دەۋى مۇمكىن، ال ءبىز ولاردى نادان دەمەيمىز، ءبىراق ءبىز ولاردى، ياعني، «سوپىلىق ءتاريقات قاجەتسىز» دەيتىندەردى ەكىجۇزدى مۇنافيقتار دەپ اتايمىز. دەمەك، ۇستاز-ءپىرسىز ەشتەڭە جوق، ءسىز بىردەڭەنى ءوز بەتىڭىزشە كەتىپ ۇيرەنە المايسىز، ماسەلەن، ءسىز ءوز بەتىڭىزشە ينجەنەر نەمەسە دوحتىر بولا المايسىز ەمەسپە. ياعني، سىزگە ءبىر ۇستاز ءسوزسىز كەرەك، ال اقىلدى ادام بۇنىڭ ءقادىرىن تاني بىلەدى، دەمەك، ولار اقيرەتى ءۇشىن ولار وسىنداي اۋليە-پىرلەردى قالايدى.

ءبىز كوپتەگەن سۇلتانداردىڭ قابىرلارىن كوردىك، ولاردىڭ بارلىعى اۋليەلەردىڭ قاسىنا جەرلەنۋدى تىلەك ەتكەن، سونى اڭساعان، كەيبىرى اۋليە ءپىر مۇرشيتتەرىنىڭ تابان استىندا جاتۋدى قالاعان. بۇل ادامدار ءوز كەزىندە دۇنيەنى بيلەگەن سۇلتاندار ەدى، ولار ونى سەبەپسىز ىستەمەگەن. ەگەر ءسىز وسى دۇنيەدەگى ەڭ دانا، ەڭ حيكىمەتتى ادامداردى ىزدەر بولساڭىز، اۋليەلەر ولاردىڭ ىشىندەگى ەڭ داناسى، ەڭ حيكىمەتتىسى بولماق. مىنا ءومىر ماڭگى جالعاسپايدى، تەك ءبىراز ۋاقىت تۇرادى، ادام ودان سوڭ وزىنە نە بولاتىنى جايلى ويلانا ءبىلۋى كەرەك. ال بۇندا ادام ءۇشىن اقيرەتتە ءوزىن قۇتقارۋدىڭ ەڭ توتە جولى، پايعامبارىمىز ﷺدى ءسۇيۋ بولماق، سەبەبى پايعامبارىمىز، «ادام سۇيگەنىمەن بىرگە» دەگەن قۇتتى ءسوزدى قالدىرعان ەدى.

سوندىقتان شايتانمەن ونىڭ ارمياسى، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ شاپاعاتى نەمەسە ونىڭ ءقادىر-قىمباتى جايلى ءسوز قوزعالعاندا تىقىرشىپ، اشۋلانىپ كەتەدى. دەمەك، ەگەر ءسىز پايعامبارىمىزدى سۇيسەڭىز، ولار اشۋدان جىندانادى، سەبەبى، ولار ەلدىڭ قۇتىلىسقا جەتكەنىن ەش قالامايدى. شايتان بولسا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا، «مەن ولاردىڭ بارلىعىن اداستىرامىن، ءبىز توزاققا بىرگە كىرەمىز» دەپ ايتقان ەدى، سول سەبەپتى، بىرەۋدىڭ قۇتىلىسقا جەتۋى ولاردى قاتتى اشۋلاندىرادى. سوندىقتان، شۇكىر-اللا، ياعني، سوپىلىق ءتاريقات جولى پايعامبارىمىز ﷺعا باستاپ اپارادى. ول جول پايعامبارىمىزدىڭ ماحابباتىن ىزدەيدى، ونىڭ شاپاعاتىن ىزدەيدى، جانە ول جول پايعامبارىمىزعا كورسەتىلەتىن ءاربىر قۇرمەتپەن ادەپتى ۇيرەتەدى.

اللا ﷻ ەشقايسىمىزدى ول جولدان اداستىرىپ جىبەرمەگەي، جانە باسقالارعا دا حيدايات ءناسىپ ەتكەي، ينشاللا. بۇل جول وتە كەڭ، بارلىعىنا جەتەدى، ءار ادامعا جەتەدى. پايعامبارىمىز ﷺ، «ءمۇمين وزىنە تىلەگەن يگىلىكتى وزگەگە دە تىلەر» دەيدى، سول ءۇشىن سوپىلىق ءتاريقات جولى ادامزاتقا ارنالعان ماحاببات جولى، ول ادامداردى ءوسىبىر ادەمى جولعا باعىتتاۋعا شابىتتاندىرۋ ءۇشىن ساقتالىنىپ وتىر. ال باسقالارى بولسا، ءوزارا قىزعانىشقا، كورە الماستىققا يتەرمەلەيدى، ولار، «تەك مەن عانا كىرەيىن، باسقا ەشكىم بولماسىن» دەيدى. ال ءبىز بۇل جايلى ءبىر قىزىق اڭگىمە ايتايىق. ياعني، اراپ ەلدەرىندە پايعامبارىمىزدى قۇرمەتتەۋدى جاقسى كورمەيتىن ءمالىم تۇردەگى ادامدار بار.

ەكى كىسى سويلەسىپ وتىرعان ەدى، ولار كوپ اڭگىمە ايتىپ جۇرتتىڭ بارلىعىن مۇشىرىككە شىعارىپ بولادى، ءسۇيتىپ ولاردىڭ بىرەۋى، «ولاردىڭ بارلىعى مۇشىرىك بولىپ كەتتى، تەك سەنىمەن مەن عانا قالىپتىق» دەيدى. سودان ونىڭ بىرەۋى دوسىنىڭ ۇيىنە قاراپ، ونىڭ ءۇيىنىڭ توبەسىندە تۇرعان تەلەۆيزوردىڭ انتەنناسىن كورەدى دە، ول، «سەن دە مۇشىرىك ەكەنسىڭ» دەيدى. ول وسىلاي جار سالادى، دەمەك، «بۇكىل دۇنيەدە مەن عانا مۇسىلمان ەكەنمىن» دەيدى. ولاردىڭ مەنتاليتەتى مىنە وسى، ياعني، سوپىلىق ءتاريقاتقا قارسى كەلەتىن ادامداردىڭ مەنتاليتەتى وسىلاي بولادى. ال سوپىلار بولسا ۇدايى، «ەلدىڭ بارلىعى مەنەن جاقسى» دەيدى، ولار، «ماشاللا، ەلدىڭ بارلىعى بىزدەن الدەقايدا جاقسى» دەيدى. ال ماناعى ادامداردىڭ مەنتاليتەتى شايتاننىڭ مەنتاليتەتى بولسا، سوپىلاردىڭ مەنتاليتەتى پايعامبارىمىز ﷺنىڭ مەنتاليتەتى. اللا ﷻ ولاردى ءتۇزۋ ەتە بەرگەي، ولار ەشكىمگە الدانباعاي، سەبەبى وڭاي الداناتىندار وتە كوپ. اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8946