You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ЕҢ ЖАҚСЫ АСТЫ ЖЕ, ЕҢ ЖАҚСЫ ТӨСЕККЕ ЖАТ, ЕҢ ЖАҚСЫ ҮЙДЕ ТҰР



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8945
ЕҢ ЖАҚСЫ АСТЫ ЖЕ, ЕҢ ЖАҚСЫ ТӨСЕККЕ ЖАТ, ЕҢ ЖАҚСЫ ҮЙДЕ ТҰР

Бірде Лұқман Хаким ұлына, 'о балам, мына өмірде мына үш нәрсені ешқашан тастаушы болма' деп, үш кеңес айтады. Яғни, ол баласына, 'астың ең жақсысын же, төсектің ең жақсысына жат, үйдің ең жақсысына ұйықта' дейді. Сонда баласы, 'біз кедей адамдармыз ғой, бұл бізге қалай мүмкін болмақ' деп, жауап қайтарады. Сол кезде Лұқман Хаким былай дейді. Бірінші, егер сен құрсағың расында қатты ашып кеткенде тамақ жесең, ол тамақ саған дүниедегі ең жақсы, ең дәмді тамақ сияқты сезілетін болады. Екінші, егер сен жұмысты қатты істеп, күшің қалмай сарқылғанда ұйықтасаң, жатқан төсегің саған дүниедегі ең жақсы, ең жайлы төсек сияқты сезілетін болады. Үшінші, егер сен әрдайым адамдарға мейірім және құрметпен мәміле жасай білсең, сен олардың жүрегіне үй салған боласың, және үйлердің ең жақсысы, ең әдемісі міне осы үй болмақ. Лұқман Хаким баласына осындай аса құнды үш кеңес айтқан екен. Ал кім осы кеңестерге құлақ асып, оған амал етсе, оның денсаулығы да, руханияты да жақсы болады, иман қуаты да артады.

ەڭ جاقسى استى جە، ەڭ جاقسى توسەككە جات، ەڭ جاقسى ۇيدە تۇر

بىردە لۇقمان حاكيم ۇلىنا، 'و بالام، مىنا ومىردە مىنا ءۇش نارسەنى ەشقاشان تاستاۋشى بولما' دەپ، ءۇش كەڭەس ايتادى. ياعني، ول بالاسىنا، 'استىڭ ەڭ جاقسىسىن جە، توسەكتىڭ ەڭ جاقسىسىنا جات، ءۇيدىڭ ەڭ جاقسىسىنا ۇيىقتا' دەيدى. سوندا بالاسى، 'ءبىز كەدەي ادامدارمىز عوي، بۇل بىزگە قالاي مۇمكىن بولماق' دەپ، جاۋاپ قايتارادى. سول كەزدە لۇقمان حاكيم بىلاي دەيدى. ءبىرىنشى، ەگەر سەن قۇرساعىڭ راسىندا قاتتى اشىپ كەتكەندە تاماق جەسەڭ، ول تاماق ساعان دۇنيەدەگى ەڭ جاقسى، ەڭ ءدامدى تاماق سياقتى سەزىلەتىن بولادى. ەكىنشى، ەگەر سەن جۇمىستى قاتتى ىستەپ، كۇشىڭ قالماي سارقىلعاندا ۇيىقتاساڭ، جاتقان توسەگىڭ ساعان دۇنيەدەگى ەڭ جاقسى، ەڭ جايلى توسەك سياقتى سەزىلەتىن بولادى. ءۇشىنشى، ەگەر سەن ءاردايىم ادامدارعا مەيىرىم جانە قۇرمەتپەن مامىلە جاساي بىلسەڭ، سەن ولاردىڭ جۇرەگىنە ءۇي سالعان بولاسىڭ، جانە ۇيلەردىڭ ەڭ جاقسىسى، ەڭ ادەمىسى مىنە وسى ءۇي بولماق. لۇقمان حاكيم بالاسىنا وسىنداي اسا قۇندى ءۇش كەڭەس ايتقان ەكەن. ال كىم وسى كەڭەستەرگە قۇلاق اسىپ، وعان امال ەتسە، ونىڭ دەنساۋلىعى دا، رۋحانياتى دا جاقسى بولادى، يمان قۋاتى دا ارتادى.

#қазақ #салауат #әулие #ислам #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8945