You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

ДҮНИЕНІҢ БҮЛІГІ ШАЙТАННЫҢ БҮЛІГІНЕН АСЫП ТҮСЕДІ



https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8593
ДҮНИЕНІҢ БҮЛІГІ ШАЙТАННЫҢ БҮЛІГІНЕН АСЫП ТҮСЕДІ

Дүниеге алданбаңыз, ол кәдімгі сиқыршы құшынаш кемпірге ұқсайды. Себебі ол сізді бүлдесімен арбаб, сиқырымен жадылап алады, содан сізге үйленіп алады. Және сіз көрге кіргенге дейін сізді өзіне байлап ұстайды, сондықтан дүние сізге келгенде, ол жүрек көзіңізді көлегейлеп, соқыр етеді. Содан сіз ештеңе көрмейтін соқыр, ештеңе түсінбейтін меңіреу біреуге айналасыз. Бірақ сіз дүниеден бет бұрсаңыз, Алла сіздің көзіңізді ашатын болады. Алайда адамдар Алла әміріне құлақ аспайтындықтан, олар дүниенің шын кеспірімен ұсқынсыз бейнесін жаны шығып, көрге кірерде ғана әзер тани алады. Ал одан бұрын олар дүниеге сыйқырланғандықтан, олар оны мүлдем тани алмайды. Бірақ ол кездегі тану еш пайда бермейді, оның шын бейнесін тірі кезіңізде танып болыңыз. Дүниеден байқаңыз, ол сіздің ең үлкен жауыңыздың ішіндегі үшінші үлкен жау. Ең бірінші жауыңыз - өз нәпсіңіз, екінші үлкен жауыңыз - аңсарыңыз, үшінші үлкен жауыңыз - дүние, төртінші үлкен жауыңыз - шайтан. Демек дүниенің бүлігі шайтанның салатын бүлігінен де зор, ол одан асып кетпесе, еш кем емес. Дүние адамды шайтанға қарағанда оңай алдайды, себебі сіз оны көз алдыңызда көріп тұрасыз, ұстайсыз, сезесіз, сондықтан ол адамды оңай арбайды. Ал шайтан болса, тек ойға сыбыр-күбір жібере алатын ғана күші бар, ең мықтағанда бір түгіңізді әрең қисайтады. Бірақ шайтан тыйдаусыз кеткен нәпсіңізді пайдаланып, сізге бар әмірін жүргізеді, сондықтан ең әуелі адамға нәпсі тәрбиесі керек. Ал кім нәпсісін танымаса, оны басқара білемесе, ол шайтанның алай да, бұлай да лақтырып ойнайтын тулағы болады.

- СОПЫЛАР ТАҒЫЛЫМЫ

دۇنيەنىڭ بۇلىگى شايتاننىڭ بۇلىگىنەن اسىپ تۇسەدى

دۇنيەگە الدانباڭىز، ول كادىمگى سيقىرشى قۇشىناش كەمپىرگە ۇقسايدى. سەبەبى ول ءسىزدى بۇلدەسىمەن ارباب، سيقىرىمەن جادىلاپ الادى، سودان سىزگە ۇيلەنىپ الادى. جانە ءسىز كورگە كىرگەنگە دەيىن ءسىزدى وزىنە بايلاپ ۇستايدى، سوندىقتان دۇنيە سىزگە كەلگەندە، ول جۇرەك كوزىڭىزدى كولەگەيلەپ، سوقىر ەتەدى. سودان ءسىز ەشتەڭە كورمەيتىن سوقىر، ەشتەڭە تۇسىنبەيتىن مەڭىرەۋ بىرەۋگە اينالاسىز. ءبىراق ءسىز دۇنيەدەن بەت بۇرساڭىز، اللا ءسىزدىڭ كوزىڭىزدى اشاتىن بولادى. الايدا ادامدار اللا امىرىنە قۇلاق اسپايتىندىقتان، ولار دۇنيەنىڭ شىن كەسپىرىمەن ۇسقىنسىز بەينەسىن جانى شىعىپ، كورگە كىرەردە عانا ازەر تاني الادى. ال ودان بۇرىن ولار دۇنيەگە سىيقىرلانعاندىقتان، ولار ونى مۇلدەم تاني المايدى. ءبىراق ول كەزدەگى تانۋ ەش پايدا بەرمەيدى، ونىڭ شىن بەينەسىن ءتىرى كەزىڭىزدە تانىپ بولىڭىز. دۇنيەدەن بايقاڭىز، ول ءسىزدىڭ ەڭ ۇلكەن جاۋىڭىزدىڭ ىشىندەگى ءۇشىنشى ۇلكەن جاۋ. ەڭ ءبىرىنشى جاۋىڭىز - ءوز ءناپسىڭىز، ەكىنشى ۇلكەن جاۋىڭىز - اڭسارىڭىز، ءۇشىنشى ۇلكەن جاۋىڭىز - دۇنيە، ءتورتىنشى ۇلكەن جاۋىڭىز - شايتان. دەمەك دۇنيەنىڭ بۇلىگى شايتاننىڭ سالاتىن بۇلىگىنەن دە زور، ول ودان اسىپ كەتپەسە، ەش كەم ەمەس. دۇنيە ادامدى شايتانعا قاراعاندا وڭاي الدايدى، سەبەبى ءسىز ونى كوز الدىڭىزدا كورىپ تۇراسىز، ۇستايسىز، سەزەسىز، سوندىقتان ول ادامدى وڭاي اربايدى. ال شايتان بولسا، تەك ويعا سىبىر-كۇبىر جىبەرە الاتىن عانا كۇشى بار، ەڭ مىقتاعاندا ءبىر تۇگىڭىزدى ارەڭ قيسايتادى. ءبىراق شايتان تىيداۋسىز كەتكەن ءناپسىڭىزدى پايدالانىپ، سىزگە بار ءامىرىن جۇرگىزەدى، سوندىقتان ەڭ اۋەلى ادامعا ءناپسى تاربيەسى كەرەك. ال كىم ءناپسىسىن تانىماسا، ونى باسقارا بىلەمەسە، ول شايتاننىڭ الاي دا، بۇلاي دا لاقتىرىپ وينايتىن تۋلاعى بولادى.

- سوپىلار تاعىلىمى

#қазақ #тәриқат #салауат #әулие #ислам #дін #сопылық #пайғамбар #құран #салауат #Kazakhstan #иман #islam #salawat #sufism #Қазақстан #naqshbandi #maulana #rumi #руми #мәуләнә #iman #sufi #muhammad #ораза
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

Сілтеме: https://www.nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8593