https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8985
Сұхбат: жақсы адамдармен бірге бол, өмірдің мәні де сонда жатыр (2026.10.29 / Хижри 1448-жыл 18-Жұмада Әл-Ауал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Masjid Raya Pondok Indah – Jakarta, Indonesia, 2026) Индонезияда айтылған сұхбат. Әлхамдулилла, бұнда келіп қалдық, және бұндағылардың барлығы сопылық тәриқаттағылар екен. Ал айтпақ болған сөзіміз нақшыбанд сопылық тәриқатының пір-шайығы Шах Нақышбанд әулиенің сөзі еді. Демек, сопылық тәриқатта болуға тисті нәрселер бар, олар қатмул-қуажаған зікірі және сұхбат, иншалла, және бірге болу. Әлхамдулилла, біз қазір пір шайық Бахаудин Нақшыбанди әулиенің бұйрығымен, оның бізге түскен назарымен жиналып отырмыз, иншалла, міне бұл бізге Алла Әззә уә-Жәлләның назарымен ризалығын ашар. Әр жолы, мен Алла ﷻға, «бізге жақсы адамдарды жібер, бізді жақсы адамдармен бірге ет» деп дұға етемін, міне бұл біздің дұғамыз, әр жолғы дұғамыз. Ал жақсы адамдармен бірге болу ең жақсы іс, себебі, пайғамбарымыз ﷺ осыған әмір еткен, және осыған қатысты үлгі берер. Мәселен, егер досың жақсы болса, ол кәдімгі әтір сатушыға ұқсар, ал оның дүкеніне барсаң, оның әтірін алмай, тек барсаң болды, сенен де жақсы иіс шығар, және сені қуантар. Демек, ештеңе сатып алмасаңыз да, бірақ оның ішіне кірсеңіз, оған қуанасыз, себебі онда хош иіс бар, ол жақсы жер, және жақсы адамдар.
Ал жаман дос теміршіге ұқсар, егер сіз оның дүкеніне кірсеңіз, әрине, оның жұмысында мәселе жоқ, бұнда ол темірді еріту үшін отты желмен үрлеп күшейтеді. Ол осы желді темірге үрлегенде, одан шыққан ұсақ от шоқтары сіздің үстіңізге шашырап, киіміңізді күйдіреді, немесе үстіңізді түтіннің исі етіп жібереді. Және ол темірді берік ету үшін сасық суға салады, тіпті кейде аттың сідігін де істетеді, бұл өте сасық иістерді шығарар. Міне бұл бір мысал әңгіме, әрине, темір ұстаның қасына жақын бару қажетсіз, егер оған қандайда бір қажетіңіз болса, алыста тұрып, оны сатып, немесе сұрап алсаңыз болады. Бірақ теміршінің дүкеніне барып, онда рахаттанып отыратын ешкім жоқ. Сондықтан, біз дос болуға жақсы адамдарды табуымыз керек, иншалла, жақсы адамдар дегеніміз Алланы, пайғамбарымызды, сахабаларды, әхлул-бәйттерді, және әулие-машайықтарды сүйетіндер. Міне бұлар жақсы адамдар, ең жақсы жандар, адам өмірінің мағынасы да осы, жағдай міне осындай болуы керек.
Адамдар, «біз неге бұндамыз» деп, алай қарар, былай қарар, көп зеріттер, сендер бұл дүниеге шақырылмадыңдар, Алла ﷻ сендерді жаратты. Ал Одан, «не үшін мен бұндамын» деп сұрауыңа болмайды, Алла Әззә уә-Жәллә, «أَفَحَسِبْتُمْ أَنَّمَا خَلَقْنَاكُمْ عَبَثًا وَأَنَّكُمْ إِلَيْنَا لَا تُرْجَعُونَ», яғни, «содан сендер Біз сендерді босқа жаратты, және сендер Бізге қайтпаймыз деп ойласыңдарма» дер, құран 23інші сүре 115інші аят. Алла, «Біз сендерді жәй ойнап-күліп жүруге жаратты, және сендер Бізге қайтпаймыз деп ойлайсыңдарма» дейді, міне бұл адамдарды ояту үшін еді. Бірақ егер олар бұны оқымаса, құлақ салмаса, олардың барлығы кейін қиналатын болады. Олар, «біз бұл дүниеге тек ата-анамыздың себебімен ғана келдік» деп ойлап қалған, және олар риза болмай, «сендер неге бізді бұл дүниеге әкелдіңдер» дейді. Міне бұл нағыз надандық-дүр, жәхилиаттық-дүр. Пайғамбарымыз ﷺ, «екінші реткі надандық дәуірі біріншісінен де сорақы болар» дейді, сондықтан, кім мына өмірдің мәнін білсе, олар қанағат табатын болады, олар қуанып, хошал жүрер, жабықпас, деперетсия болмас, мазаланбас, көңілсіз болмас.
Бұның мағынасы жақсы досты, жақсы адамды білдіреді, жақсы адамдармен бірге болу, осы өмірдің шын мағынасы. Әлхамдулилла, біз бұнда көптеген адамдардың сопылық тәриқатқа келгенін көрудеміз, әлхамдулилла, бұнда, Индонезияда, және әр жерде көптеген зауия-дергалар бар, иншалла. Әкеміз Мәуләнә Шайық Назым хазірет, «иншалла, бүкіл дүниеде 40мың дерга-зауиямыз болар» деп ұдайы айтып отыратын. Алла ﷻ әр адамды бір-бірінен сәл ұқсамайтын етіп жаратқан, ал адам өзі риза болған досымен бірге болуды ұнатар, олар бірге болса болады, онда мәселе жоқ. Демек, олар Алла Әззә уә-Жәлләның жолына еріп, бір-біріне махаббаты болса болғаны, онда тұрған еш мәселе жоқ. Бұнда 124мың пайғамбар өтті, олардың кейбірінің бүкіл үмбеті болып, бір ғана кісі ерген, демек, бір пайғамбардың бір үмбеті ғана болған. Сондықтан, егер сіз уәкіл болсаңыз я сізде дерга болса, оған адамдардың келген-келмегеніне алаң болмаңыз. Әрине, сіз келген әр адамды қарсы алып, бірге болуыңыз керек, ал келмесе, ол да мәселе емес.
Әлхамдулилла, біз нақышбанд сопылық тәриқатымыз, және бұл басқа сопылық тәриқаттарға да келер, біз барлығымыз бауырлармыз, біз бір-бірімізді сүйеміз. Біз өткен жылы ираққа сапарлаған едік, және ондағы барлық әулиелерді зиярат еттік, мәселен, Шайық Абдул-Қадір Ғейлани әулие, Әбу-Ханифа хазірет, Сәйдина Ахмад Рифай әулие, Хасан Әл-Басри хазірет қатарлылар. Осы әулиелердің барлығына бардық, барлығы біздің үстімізде, біз оларға ризамыз, және біз осы кездегілерге де ризамыз, қазір де көптеген ғұлама, әулие, және салихтар бар. Әлхамдулилла, біз оларға бардық, олар да бізге келді, олар Алла ﷻ үшін сүйікті адамдар, сондықтан бұнда мәселе шығару қажетсіз. Сіз жақсы адамдармен бірге болсаңыз болғаны, қуануыңыз керек, әлхамдулилла, біздің имам өте жақсы сүрені, яғни, зұмар сүресін оқып жатыр. Бұл аяттың мағынасы сол, Аллаға иман еткендер, амалдарына берік болғандар, Алла алдында ұятқа қалмас, олар бірге болар.
Бұл сүре, «олар әскерлер сияқты топ-тобымен барар» дейді, бұндағы «зұмаран» сөзінің мағынасы әскерлеше бірге дегенді білдіреді, демек, олар жәннәтқа осылай барар. Олар осы дүниеде бірге болса, ақиретте де бірге болар, олар жәннәтқа бірге барар, ал періштелер оларға, «саламуәлейкум» деп, сәлем береді. Малайкалар яғни періштелер, «Алла сіздерге риза, жәннәтқа келіңіздер» дейді, Алла ﷻ тіпті де көп адамдарды бірге етіп, оларды милиондап жәннәтқа бірге кіргізгей, иншалла. Алла ﷻ сіздерге сауап бергей, себебі бұнда ақшамнан бері күттіңіздер, көбіңіз солай. Олар шаршамады, олар Алла махаббаты үшін күтті, олар бұнда бізді күтуде, және олар күтуден шаршаған жоқ, себебі олар той, ән-музика, я ойын күтіп тұрған жоқ. Олар жүректерінің ашылып, Алла ﷻдың оларды берекелеуі үшін күтіп отыр, Алла ﷻ сіздер берекелегей, иншалла, және біз мәңгі бірге болайық, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: جاقسى ادامدارمەن بىرگە بول، ءومىردىڭ ءمانى دە سوندا جاتىر (2026.10.29 / حيجري 1448-جىل 18-جۇمادا ءال-اۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Masjid Raya Pondok Indah – Jakarta، Indonesia، 2026) يندونەزيادا ايتىلعان سۇحبات. ءالحامدۋليللا، بۇندا كەلىپ قالدىق، جانە بۇنداعىلاردىڭ بارلىعى سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار ەكەن. ال ايتپاق بولعان ءسوزىمىز ناقشىباند سوپىلىق ءتاريقاتىنىڭ ءپىر-شايىعى شاح ناقىشباند اۋليەنىڭ ءسوزى ەدى. دەمەك، سوپىلىق ءتاريقاتتا بولۋعا ءتيستى نارسەلەر بار، ولار قاتمۋل-قۋاجاعان زىكىرى جانە سۇحبات، ينشاللا، جانە بىرگە بولۋ. ءالحامدۋليللا، ءبىز ءقازىر ءپىر شايىق باحاۋدين ناقشىباندي اۋليەنىڭ بۇيرىعىمەن، ونىڭ بىزگە تۇسكەن نازارىمەن جينالىپ وتىرمىز، ينشاللا، مىنە بۇل بىزگە اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ نازارىمەن ريزالىعىن اشار. ءار جولى، مەن اللا ﷻعا، «بىزگە جاقسى ادامداردى جىبەر، ءبىزدى جاقسى ادامدارمەن بىرگە ەت» دەپ دۇعا ەتەمىن، مىنە بۇل ءبىزدىڭ دۇعامىز، ءار جولعى دۇعامىز. ال جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولۋ ەڭ جاقسى ءىس، سەبەبى، پايعامبارىمىز ﷺ وسىعان ءامىر ەتكەن، جانە وسىعان قاتىستى ۇلگى بەرەر. ماسەلەن، ەگەر دوسىڭ جاقسى بولسا، ول كادىمگى ءاتىر ساتۋشىعا ۇقسار، ال ونىڭ دۇكەنىنە بارساڭ، ونىڭ ءاتىرىن الماي، تەك بارساڭ بولدى، سەنەن دە جاقسى ءيىس شىعار، جانە سەنى قۋانتار. دەمەك، ەشتەڭە ساتىپ الماساڭىز دا، ءبىراق ونىڭ ىشىنە كىرسەڭىز، وعان قۋاناسىز، سەبەبى وندا حوش ءيىس بار، ول جاقسى جەر، جانە جاقسى ادامدار.
ال جامان دوس تەمىرشىگە ۇقسار، ەگەر ءسىز ونىڭ دۇكەنىنە كىرسەڭىز، ارينە، ونىڭ جۇمىسىندا ماسەلە جوق، بۇندا ول تەمىردى ەرىتۋ ءۇشىن وتتى جەلمەن ۇرلەپ كۇشەيتەدى. ول وسى جەلدى تەمىرگە ۇرلەگەندە، ودان شىققان ۇساق وت شوقتارى ءسىزدىڭ ۇستىڭىزگە شاشىراپ، كيىمىڭىزدى كۇيدىرەدى، نەمەسە ءۇستىڭىزدى ءتۇتىننىڭ ءيسى ەتىپ جىبەرەدى. جانە ول تەمىردى بەرىك ەتۋ ءۇشىن ساسىق سۋعا سالادى، ءتىپتى كەيدە اتتىڭ سىدىگىن دە ىستەتەدى، بۇل وتە ساسىق يىستەردى شىعارار. مىنە بۇل ءبىر مىسال اڭگىمە، ارينە، تەمىر ۇستانىڭ قاسىنا جاقىن بارۋ قاجەتسىز، ەگەر وعان قاندايدا ءبىر قاجەتىڭىز بولسا، الىستا تۇرىپ، ونى ساتىپ، نەمەسە سۇراپ الساڭىز بولادى. ءبىراق تەمىرشىنىڭ دۇكەنىنە بارىپ، وندا راحاتتانىپ وتىراتىن ەشكىم جوق. سوندىقتان، ءبىز دوس بولۋعا جاقسى ادامداردى تابۋىمىز كەرەك، ينشاللا، جاقسى ادامدار دەگەنىمىز اللانى، پايعامبارىمىزدى، ساحابالاردى، ءاحلۋل-بايتتەردى، جانە اۋليە-ماشايىقتاردى سۇيەتىندەر. مىنە بۇلار جاقسى ادامدار، ەڭ جاقسى جاندار، ادام ءومىرىنىڭ ماعىناسى دا وسى، جاعداي مىنە وسىنداي بولۋى كەرەك.
ادامدار، «ءبىز نەگە بۇندامىز» دەپ، الاي قارار، بىلاي قارار، كوپ زەرىتتەر، سەندەر بۇل دۇنيەگە شاقىرىلمادىڭدار، اللا ﷻ سەندەردى جاراتتى. ال ودان، «نە ءۇشىن مەن بۇندامىن» دەپ سۇراۋىڭا بولمايدى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «أَفَحَسِبْتُمْ أَنَّمَا خَلَقْنَاكُمْ عَبَثًا وَأَنَّكُمْ إِلَيْنَا لَا تُرْجَعُونَ»، ياعني، «سودان سەندەر ءبىز سەندەردى بوسقا جاراتتى، جانە سەندەر بىزگە قايتپايمىز دەپ ويلاسىڭدارما» دەر، قۇران 23ءىنشى سۇرە 115ءىنشى ايات. اللا، «ءبىز سەندەردى ءجاي ويناپ-كۇلىپ جۇرۋگە جاراتتى، جانە سەندەر بىزگە قايتپايمىز دەپ ويلايسىڭدارما» دەيدى، مىنە بۇل ادامداردى وياتۋ ءۇشىن ەدى. ءبىراق ەگەر ولار بۇنى وقىماسا، قۇلاق سالماسا، ولاردىڭ بارلىعى كەيىن قينالاتىن بولادى. ولار، «ءبىز بۇل دۇنيەگە تەك اتا-انامىزدىڭ سەبەبىمەن عانا كەلدىك» دەپ ويلاپ قالعان، جانە ولار ريزا بولماي، «سەندەر نەگە ءبىزدى بۇل دۇنيەگە اكەلدىڭدەر» دەيدى. مىنە بۇل ناعىز ناداندىق-ءدۇر، ءجاحيلياتتىق-ءدۇر. پايعامبارىمىز ﷺ، «ەكىنشى رەتكى ناداندىق ءداۋىرى بىرىنشىسىنەن دە سوراقى بولار» دەيدى، سوندىقتان، كىم مىنا ءومىردىڭ ءمانىن بىلسە، ولار قاناعات تاباتىن بولادى، ولار قۋانىپ، حوشال جۇرەر، جابىقپاس، دەپەرەتسيا بولماس، مازالانباس، كوڭىلسىز بولماس.
بۇنىڭ ماعىناسى جاقسى دوستى، جاقسى ادامدى بىلدىرەدى، جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولۋ، وسى ءومىردىڭ شىن ماعىناسى. ءالحامدۋليللا، ءبىز بۇندا كوپتەگەن ادامداردىڭ سوپىلىق ءتاريقاتقا كەلگەنىن كورۋدەمىز، ءالحامدۋليللا، بۇندا، يندونەزيادا، جانە ءار جەردە كوپتەگەن زاۋيا-دەرگالار بار، ينشاللا. اكەمىز ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت، «ينشاللا، بۇكىل دۇنيەدە 40مىڭ دەرگا-زاۋيامىز بولار» دەپ ۇدايى ايتىپ وتىراتىن. اللا ﷻ ءار ادامدى ءبىر-بىرىنەن ءسال ۇقسامايتىن ەتىپ جاراتقان، ال ادام ءوزى ريزا بولعان دوسىمەن بىرگە بولۋدى ۇناتار، ولار بىرگە بولسا بولادى، وندا ماسەلە جوق. دەمەك، ولار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولىنا ەرىپ، ءبىر-بىرىنە ماحابباتى بولسا بولعانى، وندا تۇرعان ەش ماسەلە جوق. بۇندا 124مىڭ پايعامبار ءوتتى، ولاردىڭ كەيبىرىنىڭ بۇكىل ۇمبەتى بولىپ، ءبىر عانا كىسى ەرگەن، دەمەك، ءبىر پايعامباردىڭ ءبىر ۇمبەتى عانا بولعان. سوندىقتان، ەگەر ءسىز ۋاكىل بولساڭىز يا سىزدە دەرگا بولسا، وعان ادامداردىڭ كەلگەن-كەلمەگەنىنە الاڭ بولماڭىز. ارينە، ءسىز كەلگەن ءار ادامدى قارسى الىپ، بىرگە بولۋىڭىز كەرەك، ال كەلمەسە، ول دا ماسەلە ەمەس.
ءالحامدۋليللا، ءبىز ناقىشباند سوپىلىق ءتاريقاتىمىز، جانە بۇل باسقا سوپىلىق ءتاريقاتتارعا دا كەلەر، ءبىز بارلىعىمىز باۋىرلارمىز، ءبىز ءبىر-ءبىرىمىزدى سۇيەمىز. ءبىز وتكەن جىلى يراققا ساپارلاعان ەدىك، جانە ونداعى بارلىق اۋليەلەردى زيارات ەتتىك، ماسەلەن، شايىق ابدۋل-ءقادىر عەيلاني اۋليە، ءابۋ-حانيفا حازىرەت، ءسايدينا احماد ريفاي اۋليە، حاسان ءال-باسري حازىرەت قاتارلىلار. وسى اۋليەلەردىڭ بارلىعىنا باردىق، بارلىعى ءبىزدىڭ ۇستىمىزدە، ءبىز ولارعا ريزامىز، جانە ءبىز وسى كەزدەگىلەرگە دە ريزامىز، ءقازىر دە كوپتەگەن عۇلاما، اۋليە، جانە ساليحتار بار. ءالحامدۋليللا، ءبىز ولارعا باردىق، ولار دا بىزگە كەلدى، ولار اللا ﷻ ءۇشىن سۇيىكتى ادامدار، سوندىقتان بۇندا ماسەلە شىعارۋ قاجەتسىز. ءسىز جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولساڭىز بولعانى، قۋانۋىڭىز كەرەك، ءالحامدۋليللا، ءبىزدىڭ يمام وتە جاقسى سۇرەنى، ياعني، زۇمار سۇرەسىن وقىپ جاتىر. بۇل اياتتىڭ ماعىناسى سول، اللاعا يمان ەتكەندەر، امالدارىنا بەرىك بولعاندار، اللا الدىندا ۇياتقا قالماس، ولار بىرگە بولار.
بۇل سۇرە، «ولار اسكەرلەر سياقتى توپ-توبىمەن بارار» دەيدى، بۇنداعى «زۇماران» ءسوزىنىڭ ماعىناسى اسكەرلەشە بىرگە دەگەندى بىلدىرەدى، دەمەك، ولار ءجانناتقا وسىلاي بارار. ولار وسى دۇنيەدە بىرگە بولسا، اقيرەتتە دە بىرگە بولار، ولار ءجانناتقا بىرگە بارار، ال پەرىشتەلەر ولارعا، «سالامۋالەيكۋم» دەپ، سالەم بەرەدى. مالايكالار ياعني پەرىشتەلەر، «اللا سىزدەرگە ريزا، ءجانناتقا كەلىڭىزدەر» دەيدى، اللا ﷻ ءتىپتى دە كوپ ادامداردى بىرگە ەتىپ، ولاردى ميليونداپ ءجانناتقا بىرگە كىرگىزگەي، ينشاللا. اللا ﷻ سىزدەرگە ساۋاپ بەرگەي، سەبەبى بۇندا اقشامنان بەرى كۇتتىڭىزدەر، كوبىڭىز سولاي. ولار شارشامادى، ولار اللا ماحابباتى ءۇشىن كۇتتى، ولار بۇندا ءبىزدى كۇتۋدە، جانە ولار كۇتۋدەن شارشاعان جوق، سەبەبى ولار توي، ءان-مۋزيكا، يا ويىن كۇتىپ تۇرعان جوق. ولار جۇرەكتەرىنىڭ اشىلىپ، اللا ﷻدىڭ ولاردى بەرەكەلەۋى ءۇشىن كۇتىپ وتىر، اللا ﷻ سىزدەر بەرەكەلەگەي، ينشاللا، جانە ءبىز ماڭگى بىرگە بولايىق، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8985