You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8950
Сұхбат: мешітпен дерга қажетті болған жерге ғана салынуы керек (2026.09.26 / Хижри 1448-жыл 15-Рабих Әл-Ақир)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.

(Ozean der Weisheit, Naqshbandi Dergah – Berlin, Germany, 2026) Германияда айтылған сұхбат. Мәуләнә Шайық Назым хазіреттен, «әділдік деген не» деп сұралды, ал Мәуләнә ұдайы, «әділдік дегеніміз әр нәрсені өзінің лайықты орнына қою» деп, айтып отыратын. Демек, ол дұрыс нәрсені өз орнына қоя білу, әр нәрсе өз орнына орналастыру, оны дәл қойылуға тиісті орынға қою. Ал барлығы, тіпті кішкене деталдарға дейін, тіпті адам ақылына келмейтін нәрселерге дейін өзінің лайықты орнына қойылғанда, әділдік белең беретін болады. Ал әділдік болған кезде, барлығы әдемі болып кетеді. Әрине, біреу ұқық және әділдік жайлы сөйлегенде, адамдар олардың арасында не байланыс барлығын ойланар. Содан олар, «нәрселерді өз лайықты орнына қоюмен әділдіктің не қатысы бар» деп сұрайды, ал оларда сөзсіз байланыс бар. Демек, Алла Әззә уә-Жәллә тәртіп жасады, және әр нәрсені, «َحْسَنِ تَقْوِيم», «әхсани тақуимин», яғни, «ең жақсы пішінмен жаратты», құран 95інші сүре 4інші аят.

Алла Әззә уә-Жәллә оларды ең әдемі жолмен жаратты және оларды ең әдемі орындарына қойды, бірақ адамдар осы тәртіпті құрметтей алмады, ал нәтижесінде олар ретсіздікке дұшар болды. Сол үшін мына дүниеде әділдік қалмады, әділдік деген нәрсе жоғалды. Бұнда қиялға берілудің қажеті жоқ, әр адам осыны білуі керек. Ал осыбір қиялдарға шынында алданып жүргендер бар, біліңіз, мына дүниеде ешқандай әділдік қалмады. Әр адам да өз орнын білуі керек, және олар Алла жаратылыстарының лайықты орнын тануы керек. Ал адамдар ана жаққа, мына жаққа барып жүр, онда-мұнда тас тасып жүр, бірақ мейлі қайда барыңыз, еш әділдік жоқ, ол әлдеқашан тынысын тоқтатқан. Әрине, тіпті адамдар әділдік орнатпақшы болса да, мына дүние олардың оны істеуіне ұдайы бөгет болып, олар оны сәтті ете алмайды, ондай істер тым сирек, дерлік жоғалып кеткен.

Демек, жақсы іс істеу қиын, бірақ бар нәрсені құрту оңай, айтып өткеніміздей, жауапкершілік өзіңізде, демек, әр нәрсені өзінің лайықты орнына қоюды, және қандай амал етуді анық біліңіз. Ал ниетіңіз, «мен бұны Алла үшін істеймін» деген ниет болуы керек, және оның өзімізге, адамдарға, және мұсылмандарға игілік алып келуін үміт етіңіз. Бұнда сіз расында пайдасы бар нәрсені ойласуыңыз керек, тексеру жасаңыз, және ол шын пайда әкелсе ғана, оны істеңіз. Егер онда пайда болмаса, оны істеу қажетсіз. Ал ислам діні бізге барлығын көрсетіп кеткен, ол не істеу керектігін, оны қалай атқару керектігін көрсеткен, ол лайықты амалдармен әдеп-жосындарды нұсқаған. Сондықтан, бұнда уақыт, еңбек, я ақшаны ысырап ету қажетсіз. Мәселен, ешкім бармайтын, ешкім келмейтін құмды шөлдің қақ ортасына үлкен мешіт салу қажетсіз.

Ал құмды шөлде намаз оқымақ болсаңыз, жәй бір күркеше тұрғызып, немесе жәйнамазды жәйып, онда намазыңызды оқи берсеңіз болады, ал жамағат жоқ, мұсылман жоқ жерде үлкен мешіт салу қажетсіз. Оның орнына, адамдар өмір сүретін, оны расында қажет ететін жерге мешіт салыңыз. Оның ресіми мешіт құрлысы болуы да қажетсіз, онда үй я бөлме сияқты етіп, мешіт немесе дерга салыңыз, сол жетеді, себебі, ол ондағы қажетті қанағаттандыра алады. Құран шұра яғни кеңес сұрау жәйлы айтады, демек, сіз ақылдасуыңыз керек, яғни, «бұл мешіт немесе дерга осы жерге лайықтыма» деп ойланыңыз, содан соң соған сай іс қылыңыз. Ал бей-мұсылмандар тұратын еш мұсылман жоқ жерге милион ақша жұмсап, мешіт салудың еш қажеті жоқ, одан не пайда? одан пайда жоқ.

Алла ﷻ бізге ақыл берген, және сіз осы ақылды аталған жерге мәлім жобаның лайықты немесе лайықсыз екендігіне істете білуіңіз керек. Әрине, Алла Қадір, яғни, Ол алда келе жатқан күндердің хәлін өзгертуге күші Жетуші, яғни, ондағы адамдар мұсылман болса, олар оны тәбиғы түрде салатын болады. Алайда, оны себепсіз салу Алланың әмірінен емес, пайғамбарымыздың да әмірінен емес. Ертеде мұсылмандар жағынан ондай мешіттер салынған емес. Пайғамбарымыз ﷺ келгенде де, тіпті меккеден кеткенде де, тіпті меккеде жүргенде де мешіт салған жоқ. Ол тек мединаға жеткен соң ғана бірінші болып, онда құба мешітін салды. Олар алғашында сонда намаз оқып жүрді, кейін медина мұнауарада пайғамбарымыздың мешіті, яғни, әл-мәсжид ән-нәбәуи мешіті салынды. Содан мешіт ислам тараған жерлерге біртіндеп салына бастады.

Шүкір-Алла, бұндағы және өзге жердегі мұсылмандардың сандары артуда, мешіттер де көбеюде, бірақ олар расында керекті болған жерлерге салынуы керек. Мешіт салу үлкен іс, және аса зор сауаптың қайнары, Алла ﷻ оны салған адамдарға жәннәтта үймен сарай береді. Бірақ пайғамбарымыз ﷺның кезінде қажетсіз болған мешіттер болған, мәселен, мұнафиқтар салған мешіттер бар еді, себебі, оны мұнафиқтар жаман іс істеу мақсатымен салғандықтан, пайғамбарымыз ол мешіттерді құлаттырды. Сондықтан, адам сақ болуы керек, айтып өткеніміздей, бұндағы басты шаруа - әділдік, теңдік, және шынайы қажеттілікті қанағаттандыру. Ал қажетсіз болған нәрсені салу әділдіктен емес, ол оның керісі, яғни, ол зұлымдықтан болар.

Әділдік дегеніміз әр нәрсені өзінің лайықты орнына дәл қоя білу, және шынайы қажетті нәрсеге амал ету, ол еш керегі жоқ жерге қажетсіз нәрселерді салу емес. Сол үшін Мәуләнә Шайық Назым хазіреттің атағы «хаққани» болған, оның мағынасы сол, әр нәрсенің ұқығын өзіне қайтарып, ақиқатты орындау. Иншалла, көптеген мешіттер салынатын болады, ал қажетті болған лайықты жерге әдемі мешіт салынсын. Мәселен, келешекте қажеттілігі анық болған жерлер бар, мешіт сондай жерлерге салынады. Мәуләнә Шайық Назым хазіреттің кезінде кипірде біз никосияда мешіт тағанын салмақ болдық, ал хаж Бахаудин мешіт салынуы үшін жер берді.

Ол кезде ол жер бір бос жер еді, ештеңе көрінбейтін, шүкір-Алла, біз тағанын қаладық, ал Мәуләнә ол жердің тіршілікке толы жер болуына дұға жасады. Ол жердің айналасында ғимырат, я басқа ештеңе жоқ еді, ол мүлдем бос еді. Ал кейбір адамдар, «оны неге бұнда саласыңдар, ешкім жоқ қой, жамағат қайдан келер» деп, сындаған еді. Шүкір-Алла, тіпті ол бітуден бұрын оның айналасы зауаттармен, жұмыс орындарымен, кеңселермен және сол сияқты нәрселермен толды. Ал қазір әр жұмада 500-600 адам жамағат жиналады, мешітті толтырады. Тіпті олар мешіт ішіне сыймай, сыртына намаз өтейді.

Ал ақиқатында ол жер Мәуләнә Шайық Назым хазіреттің берекесімен болды, ол жерге бір мешіт қажет еді, содан олар онда біреуін салды. Шындығында, ол жетіспей қалып, одан 500 метір жерге тағы бір мешіт салынды. Айтып өткеніміздей, ол дәл өзінің лайықты орнына салынды, ал бірдеңе өз орнына қойылғанда, ол пайдалы болар, адам одан сауап табар. Тағы да айтып өткеніміздей, бос болатын, ешкім болмайтын жерге бірдеңе салу қажетсіз, себебі ондағылар мұсылман емес, ал егер онда мұсылмандар болса, олар өздері оны салатын болады. Алла ﷻ барлығымызға лайықты болған жерлерге көптеген дергалармен мешіттерді салуға мүмкіндік бергей, иншалла.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: مەشىتپەن دەرگا قاجەتتى بولعان جەرگە عانا سالىنۋى كەرەك (2026.09.26 / حيجري 1448-جىل 15-رابيح ءال-اقير)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.

(Ozean der Weisheit، Naqshbandi Dergah – Berlin، Germany، 2026) گەرمانيادا ايتىلعان سۇحبات. ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتەن، «ادىلدىك دەگەن نە» دەپ سۇرالدى، ال ءماۋلانا ۇدايى، «ادىلدىك دەگەنىمىز ءار نارسەنى ءوزىنىڭ لايىقتى ورنىنا قويۋ» دەپ، ايتىپ وتىراتىن. دەمەك، ول دۇرىس نارسەنى ءوز ورنىنا قويا ءبىلۋ، ءار نارسە ءوز ورنىنا ورنالاستىرۋ، ونى ءدال قويىلۋعا ءتيىستى ورىنعا قويۋ. ال بارلىعى، ءتىپتى كىشكەنە دەتالدارعا دەيىن، ءتىپتى ادام اقىلىنا كەلمەيتىن نارسەلەرگە دەيىن ءوزىنىڭ لايىقتى ورنىنا قويىلعاندا، ادىلدىك بەلەڭ بەرەتىن بولادى. ال ادىلدىك بولعان كەزدە، بارلىعى ادەمى بولىپ كەتەدى. ارينە، بىرەۋ ۇقىق جانە ادىلدىك جايلى سويلەگەندە، ادامدار ولاردىڭ اراسىندا نە بايلانىس بارلىعىن ويلانار. سودان ولار، «نارسەلەردى ءوز لايىقتى ورنىنا قويۋمەن ادىلدىكتىڭ نە قاتىسى بار» دەپ سۇرايدى، ال ولاردا ءسوزسىز بايلانىس بار. دەمەك، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءتارتىپ جاسادى، جانە ءار نارسەنى، «َحْسَنِ تَقْوِيم»، «ءاحساني تاقۋيمين»، ياعني، «ەڭ جاقسى پىشىنمەن جاراتتى»، قۇران 95ءىنشى سۇرە 4ءىنشى ايات.

اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ولاردى ەڭ ادەمى جولمەن جاراتتى جانە ولاردى ەڭ ادەمى ورىندارىنا قويدى، ءبىراق ادامدار وسى ءتارتىپتى قۇرمەتتەي المادى، ال ناتيجەسىندە ولار رەتسىزدىككە دۇشار بولدى. سول ءۇشىن مىنا دۇنيەدە ادىلدىك قالمادى، ادىلدىك دەگەن نارسە جوعالدى. بۇندا قيالعا بەرىلۋدىڭ قاجەتى جوق، ءار ادام وسىنى ءبىلۋى كەرەك. ال ءوسىبىر قيالدارعا شىنىندا الدانىپ جۇرگەندەر بار، ءبىلىڭىز، مىنا دۇنيەدە ەشقانداي ادىلدىك قالمادى. ءار ادام دا ءوز ورنىن ءبىلۋى كەرەك، جانە ولار اللا جاراتىلىستارىنىڭ لايىقتى ورنىن تانۋى كەرەك. ال ادامدار انا جاققا، مىنا جاققا بارىپ ءجۇر، وندا-مۇندا تاس تاسىپ ءجۇر، ءبىراق مەيلى قايدا بارىڭىز، ەش ادىلدىك جوق، ول الدەقاشان تىنىسىن توقتاتقان. ارينە، ءتىپتى ادامدار ادىلدىك ورناتپاقشى بولسا دا، مىنا دۇنيە ولاردىڭ ونى ىستەۋىنە ۇدايى بوگەت بولىپ، ولار ونى ءساتتى ەتە المايدى، ونداي ىستەر تىم سيرەك، دەرلىك جوعالىپ كەتكەن.

دەمەك، جاقسى ءىس ىستەۋ قيىن، ءبىراق بار نارسەنى قۇرتۋ وڭاي، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، جاۋاپكەرشىلىك وزىڭىزدە، دەمەك، ءار نارسەنى ءوزىنىڭ لايىقتى ورنىنا قويۋدى، جانە قانداي امال ەتۋدى انىق ءبىلىڭىز. ال نيەتىڭىز، «مەن بۇنى اللا ءۇشىن ىستەيمىن» دەگەن نيەت بولۋى كەرەك، جانە ونىڭ وزىمىزگە، ادامدارعا، جانە مۇسىلماندارعا يگىلىك الىپ كەلۋىن ءۇمىت ەتىڭىز. بۇندا ءسىز راسىندا پايداسى بار نارسەنى ويلاسۋىڭىز كەرەك، تەكسەرۋ جاساڭىز، جانە ول شىن پايدا اكەلسە عانا، ونى ىستەڭىز. ەگەر وندا پايدا بولماسا، ونى ىستەۋ قاجەتسىز. ال يسلام ءدىنى بىزگە بارلىعىن كورسەتىپ كەتكەن، ول نە ىستەۋ كەرەكتىگىن، ونى قالاي اتقارۋ كەرەكتىگىن كورسەتكەن، ول لايىقتى امالدارمەن ادەپ-جوسىنداردى نۇسقاعان. سوندىقتان، بۇندا ۋاقىت، ەڭبەك، يا اقشانى ىسىراپ ەتۋ قاجەتسىز. ماسەلەن، ەشكىم بارمايتىن، ەشكىم كەلمەيتىن قۇمدى ءشولدىڭ قاق ورتاسىنا ۇلكەن مەشىت سالۋ قاجەتسىز.

ال قۇمدى شولدە ناماز وقىماق بولساڭىز، ءجاي ءبىر كۇركەشە تۇرعىزىپ، نەمەسە ءجاينامازدى ءجايىپ، وندا نامازىڭىزدى وقي بەرسەڭىز بولادى، ال جاماعات جوق، مۇسىلمان جوق جەردە ۇلكەن مەشىت سالۋ قاجەتسىز. ونىڭ ورنىنا، ادامدار ءومىر سۇرەتىن، ونى راسىندا قاجەت ەتەتىن جەرگە مەشىت سالىڭىز. ونىڭ رەسىمي مەشىت قۇرلىسى بولۋى دا قاجەتسىز، وندا ءۇي يا بولمە سياقتى ەتىپ، مەشىت نەمەسە دەرگا سالىڭىز، سول جەتەدى، سەبەبى، ول ونداعى قاجەتتى قاناعاتتاندىرا الادى. قۇران شۇرا ياعني كەڭەس سۇراۋ ءجايلى ايتادى، دەمەك، ءسىز اقىلداسۋىڭىز كەرەك، ياعني، «بۇل مەشىت نەمەسە دەرگا وسى جەرگە لايىقتىما» دەپ ويلانىڭىز، سودان سوڭ سوعان ساي ءىس قىلىڭىز. ال بەي-مۇسىلماندار تۇراتىن ەش مۇسىلمان جوق جەرگە ميليون اقشا جۇمساپ، مەشىت سالۋدىڭ ەش قاجەتى جوق، ودان نە پايدا؟ ودان پايدا جوق.

اللا ﷻ بىزگە اقىل بەرگەن، جانە ءسىز وسى اقىلدى اتالعان جەرگە ءمالىم جوبانىڭ لايىقتى نەمەسە لايىقسىز ەكەندىگىنە ىستەتە ءبىلۋىڭىز كەرەك. ارينە، اللا ءقادىر، ياعني، ول الدا كەلە جاتقان كۇندەردىڭ ءحالىن وزگەرتۋگە كۇشى جەتۋشى، ياعني، ونداعى ادامدار مۇسىلمان بولسا، ولار ونى ءتابيعى تۇردە سالاتىن بولادى. الايدا، ونى سەبەپسىز سالۋ اللانىڭ امىرىنەن ەمەس، پايعامبارىمىزدىڭ دا امىرىنەن ەمەس. ەرتەدە مۇسىلماندار جاعىنان ونداي مەشىتتەر سالىنعان ەمەس. پايعامبارىمىز ﷺ كەلگەندە دە، ءتىپتى مەككەدەن كەتكەندە دە، ءتىپتى مەككەدە جۇرگەندە دە مەشىت سالعان جوق. ول تەك مەديناعا جەتكەن سوڭ عانا ءبىرىنشى بولىپ، وندا قۇبا مەشىتىن سالدى. ولار العاشىندا سوندا ناماز وقىپ ءجۇردى، كەيىن مەدينا مۇناۋارادا پايعامبارىمىزدىڭ مەشىتى، ياعني، ءال-ءماسجيد ءان-ءناباۋي مەشىتى سالىندى. سودان مەشىت يسلام تاراعان جەرلەرگە بىرتىندەپ سالىنا باستادى.

شۇكىر-اللا، بۇنداعى جانە وزگە جەردەگى مۇسىلمانداردىڭ ساندارى ارتۋدا، مەشىتتەر دە كوبەيۋدە، ءبىراق ولار راسىندا كەرەكتى بولعان جەرلەرگە سالىنۋى كەرەك. مەشىت سالۋ ۇلكەن ءىس، جانە اسا زور ساۋاپتىڭ قاينارى، اللا ﷻ ونى سالعان ادامدارعا ءجانناتتا ۇيمەن ساراي بەرەدى. ءبىراق پايعامبارىمىز ﷺنىڭ كەزىندە قاجەتسىز بولعان مەشىتتەر بولعان، ماسەلەن، مۇنافيقتار سالعان مەشىتتەر بار ەدى، سەبەبى، ونى مۇنافيقتار جامان ءىس ىستەۋ ماقساتىمەن سالعاندىقتان، پايعامبارىمىز ول مەشىتتەردى قۇلاتتىردى. سوندىقتان، ادام ساق بولۋى كەرەك، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، بۇنداعى باستى شارۋا - ادىلدىك، تەڭدىك، جانە شىنايى قاجەتتىلىكتى قاناعاتتاندىرۋ. ال قاجەتسىز بولعان نارسەنى سالۋ ادىلدىكتەن ەمەس، ول ونىڭ كەرىسى، ياعني، ول زۇلىمدىقتان بولار.

ادىلدىك دەگەنىمىز ءار نارسەنى ءوزىنىڭ لايىقتى ورنىنا ءدال قويا ءبىلۋ، جانە شىنايى قاجەتتى نارسەگە امال ەتۋ، ول ەش كەرەگى جوق جەرگە قاجەتسىز نارسەلەردى سالۋ ەمەس. سول ءۇشىن ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتىڭ اتاعى «حاققاني» بولعان، ونىڭ ماعىناسى سول، ءار نارسەنىڭ ۇقىعىن وزىنە قايتارىپ، اقيقاتتى ورىنداۋ. ينشاللا، كوپتەگەن مەشىتتەر سالىناتىن بولادى، ال قاجەتتى بولعان لايىقتى جەرگە ادەمى مەشىت سالىنسىن. ماسەلەن، كەلەشەكتە قاجەتتىلىگى انىق بولعان جەرلەر بار، مەشىت سونداي جەرلەرگە سالىنادى. ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتىڭ كەزىندە كيپىردە ءبىز نيكوسيادا مەشىت تاعانىن سالماق بولدىق، ال حاج باحاۋدين مەشىت سالىنۋى ءۇشىن جەر بەردى.

ول كەزدە ول جەر ءبىر بوس جەر ەدى، ەشتەڭە كورىنبەيتىن، شۇكىر-اللا، ءبىز تاعانىن قالادىق، ال ءماۋلانا ول جەردىڭ تىرشىلىككە تولى جەر بولۋىنا دۇعا جاسادى. ول جەردىڭ اينالاسىندا عيمىرات، يا باسقا ەشتەڭە جوق ەدى، ول مۇلدەم بوس ەدى. ال كەيبىر ادامدار، «ونى نەگە بۇندا سالاسىڭدار، ەشكىم جوق قوي، جاماعات قايدان كەلەر» دەپ، سىنداعان ەدى. شۇكىر-اللا، ءتىپتى ول بىتۋدەن بۇرىن ونىڭ اينالاسى زاۋاتتارمەن، جۇمىس ورىندارىمەن، كەڭسەلەرمەن جانە سول سياقتى نارسەلەرمەن تولدى. ال ءقازىر ءار جۇمادا 500-600 ادام جاماعات جينالادى، مەشىتتى تولتىرادى. ءتىپتى ولار مەشىت ىشىنە سىيماي، سىرتىنا ناماز وتەيدى.

ال اقيقاتىندا ول جەر ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتىڭ بەرەكەسىمەن بولدى، ول جەرگە ءبىر مەشىت قاجەت ەدى، سودان ولار وندا بىرەۋىن سالدى. شىندىعىندا، ول جەتىسپەي قالىپ، ودان 500 مەتىر جەرگە تاعى ءبىر مەشىت سالىندى. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ول ءدال ءوزىنىڭ لايىقتى ورنىنا سالىندى، ال بىردەڭە ءوز ورنىنا قويىلعاندا، ول پايدالى بولار، ادام ودان ساۋاپ تابار. تاعى دا ايتىپ وتكەنىمىزدەي، بوس بولاتىن، ەشكىم بولمايتىن جەرگە بىردەڭە سالۋ قاجەتسىز، سەبەبى ونداعىلار مۇسىلمان ەمەس، ال ەگەر وندا مۇسىلماندار بولسا، ولار وزدەرى ونى سالاتىن بولادى. اللا ﷻ بارلىعىمىزعا لايىقتى بولعان جەرلەرگە كوپتەگەن دەرگالارمەن مەشىتتەردى سالۋعا مۇمكىندىك بەرگەي، ينشاللا.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8950