https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8943
Сұхбат: Орта Азия өз кезінде дүниеге ислам таратқан орталық болған (2026.09.21 / Хижри 1448-жыл 10-Рабих Әл-Ақир)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Akbaba Dergah, Istanbul, Turkiye, 2026) Әлхамдулилла, біздің орта азияға жасаған сапарымыз әдемі болды, шүкір-Алла, біз берекелі жандарды зиярат еттік, әулие машайықтарымыздан 10 кісіні зиярат еттік. Бұл өлкелерде олардан басқа да көптеген ғұламалармен қасиетті жандар өтті. Ал осы өңірлерден бүкіл дүниеге пайдасы тиген осыншама адамдардың шығуы да Алланың хикіметінен еді. Олар ел-жұртты әдемі жолмен үйретті, жол көрсетті, олар дүниелік білімдерді де, шәриғатпен тәриқатты қамтыған ақиреттік рухани білімдерді де үйретті. Ал бір замандарда осы өңірлерге коминизим орнап, оларды түгел шарпыды, және, «біз оларды мүлдем жоқ қылып жібердік» деп ойлады.
Бірақ, машалла, шөбі қурап, шабылып кеткен жерден жаңа балғын майсалар қаулап өсіп жатыр екен. Біз Аллаға шүкір айтамыз, онда тамаша адамдар, ғұламалар, хафиздар, білім иелері жаңадан шығып, бұрынғы кездегі сияқты шәриғатпен тәриқат білімдері, және дүниелік білімдер үйретіле бастапты. Міне бұл Алла ﷻдың хикіметі болып, Алла ﷻ өз нұрын жалғастыруда, демек, ешкім Алланың нұрын өшіре алмайды. Машалла, біздің сапарымыз расында әдемі болды, ондағы құтты бауырларымызбен адамдардың хәлі әдемі екен. Олар ештеңе қылмаса да, жәй адамдар болса да, бірақ олардың дінге және сопылық тәриқаттағыларға құрметі ерекше зор екен.
Әрине, шайтан ешқашан тыныш тұрмайды, ол әрдайым мәселе тудырғысы келеді, бірақ иншалла, оның әсері енді жалғаса алмайды. Иншалла, қазірден бастап хақ шыдайды, себебі, құт-береке және игілік хақта жатыр, ал Алла жолында жүру әдемі жолда жүру-дүр. Демек, бұл жолдағы сапар әдемі сапар, ал оның ақыры да әдемі болар. Шүкір-Алла, әр жолғы сапарымызда біз қызмет өтеудің кеңейгеніне, адамдардың дінге қарай көптеп бұрылғанына, Алланың әмірлеріне бекем бола түскеніне куә болудамыз. Машалла, ондағы мешіттер адамдарға лық толып, жамағаттар асып-тасып жатыр екен.
Жаңа мешіттер салыныпты, шүкір-Алла, біздің ондағы көргендеріміз расында адамды қуантады, ал адамға шын қуанышты әкелетін нәрсе, Алла ﷻдың жолы, және Алланың адамға берген иманымен исламы. Егер біреу ақиреттің жолынан бұрылып, дүниелік құнды нәрселердің артына түссе, ол адам қуаныш таба алмайды, оның ойы да тыныш болмайды, ұдайы мазасыздықпен қысым хәлінде өмір сүреді. Ал Алла Әззә уә-Жәллә сізге ең ұлық нығыметі болған иманды нәсіп етті, және тура жолды көрсетіп қойды. Ал сіз осы жолда табанды болыңыз, сонда шын қуанышқа, шын бақытқа жетерсіз.
Алла ﷻ біздің ешбірімізді осы жолдан адастырып жібермегей, иншалла, ол - құтты адамдардың жолы. Сырттан қарағанда жұрт ондағы 300-400дей берекелі жандардың мақамдарын көрер, бірақ ол өңірлерден неше жүзмыңдаған, тіпті милиондаған берекелі адамдар шыққан. Тәбиғи түрде, олар барлығын тек Алла ﷻ үшін істеп кеткен, ешқандай дүниелік пайдаларды көздемеген. Нәтижесінде олардың ақыры игілікпен және берекемен тамамдады. Құт-берекелер осы өңірлерден, осы далалардан әр бағытқа ағылды, жан-жаққа тарады. Алла ﷻ осыбір құт-берекелерді мәңгі баянды еткей. Ал біздің зияратымыз қабыл болғай, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: ورتا ازيا ءوز كەزىندە دۇنيەگە يسلام تاراتقان ورتالىق بولعان (2026.09.21 / حيجري 1448-جىل 10-رابيح ءال-اقير)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Akbaba Dergah، Istanbul، Turkiye، 2026) ءالحامدۋليللا، ءبىزدىڭ ورتا ازياعا جاساعان ساپارىمىز ادەمى بولدى، شۇكىر-اللا، ءبىز بەرەكەلى جانداردى زيارات ەتتىك، اۋليە ماشايىقتارىمىزدان 10 كىسىنى زيارات ەتتىك. بۇل ولكەلەردە ولاردان باسقا دا كوپتەگەن عۇلامالارمەن قاسيەتتى جاندار ءوتتى. ال وسى وڭىرلەردەن بۇكىل دۇنيەگە پايداسى تيگەن وسىنشاما ادامداردىڭ شىعۋى دا اللانىڭ حيكىمەتىنەن ەدى. ولار ەل-جۇرتتى ادەمى جولمەن ۇيرەتتى، جول كورسەتتى، ولار دۇنيەلىك بىلىمدەردى دە، شاريعاتپەن ءتاريقاتتى قامتىعان اقيرەتتىك رۋحاني بىلىمدەردى دە ۇيرەتتى. ال ءبىر زامانداردا وسى وڭىرلەرگە كومينيزيم ورناپ، ولاردى تۇگەل شارپىدى، جانە، «ءبىز ولاردى مۇلدەم جوق قىلىپ جىبەردىك» دەپ ويلادى.
ءبىراق، ماشاللا، ءشوبى قۋراپ، شابىلىپ كەتكەن جەردەن جاڭا بالعىن مايسالار قاۋلاپ ءوسىپ جاتىر ەكەن. ءبىز اللاعا شۇكىر ايتامىز، وندا تاماشا ادامدار، عۇلامالار، حافيزدار، ءبىلىم يەلەرى جاڭادان شىعىپ، بۇرىنعى كەزدەگى سياقتى شاريعاتپەن ءتاريقات بىلىمدەرى، جانە دۇنيەلىك بىلىمدەر ۇيرەتىلە باستاپتى. مىنە بۇل اللا ﷻدىڭ حيكىمەتى بولىپ، اللا ﷻ ءوز نۇرىن جالعاستىرۋدا، دەمەك، ەشكىم اللانىڭ نۇرىن وشىرە المايدى. ماشاللا، ءبىزدىڭ ساپارىمىز راسىندا ادەمى بولدى، ونداعى قۇتتى باۋىرلارىمىزبەن ادامداردىڭ ءحالى ادەمى ەكەن. ولار ەشتەڭە قىلماسا دا، ءجاي ادامدار بولسا دا، ءبىراق ولاردىڭ دىنگە جانە سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلارعا قۇرمەتى ەرەكشە زور ەكەن.
ارينە، شايتان ەشقاشان تىنىش تۇرمايدى، ول ءاردايىم ماسەلە تۋدىرعىسى كەلەدى، ءبىراق ينشاللا، ونىڭ اسەرى ەندى جالعاسا المايدى. ينشاللا، قازىردەن باستاپ حاق شىدايدى، سەبەبى، قۇت-بەرەكە جانە يگىلىك حاقتا جاتىر، ال اللا جولىندا ءجۇرۋ ادەمى جولدا ءجۇرۋ-ءدۇر. دەمەك، بۇل جولداعى ساپار ادەمى ساپار، ال ونىڭ اقىرى دا ادەمى بولار. شۇكىر-اللا، ءار جولعى ساپارىمىزدا ءبىز قىزمەت وتەۋدىڭ كەڭەيگەنىنە، ادامداردىڭ دىنگە قاراي كوپتەپ بۇرىلعانىنا، اللانىڭ امىرلەرىنە بەكەم بولا تۇسكەنىنە كۋا بولۋدامىز. ماشاللا، ونداعى مەشىتتەر ادامدارعا لىق تولىپ، جاماعاتتار اسىپ-تاسىپ جاتىر ەكەن.
جاڭا مەشىتتەر سالىنىپتى، شۇكىر-اللا، ءبىزدىڭ ونداعى كورگەندەرىمىز راسىندا ادامدى قۋانتادى، ال ادامعا شىن قۋانىشتى اكەلەتىن نارسە، اللا ﷻدىڭ جولى، جانە اللانىڭ ادامعا بەرگەن يمانىمەن يسلامى. ەگەر بىرەۋ اقيرەتتىڭ جولىنان بۇرىلىپ، دۇنيەلىك قۇندى نارسەلەردىڭ ارتىنا تۇسسە، ول ادام قۋانىش تابا المايدى، ونىڭ ويى دا تىنىش بولمايدى، ۇدايى مازاسىزدىقپەن قىسىم حالىندە ءومىر سۇرەدى. ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا سىزگە ەڭ ۇلىق نىعىمەتى بولعان يماندى ءناسىپ ەتتى، جانە تۋرا جولدى كورسەتىپ قويدى. ال ءسىز وسى جولدا تاباندى بولىڭىز، سوندا شىن قۋانىشقا، شىن باقىتقا جەتەرسىز.
اللا ﷻ ءبىزدىڭ ەشبىرىمىزدى وسى جولدان اداستىرىپ جىبەرمەگەي، ينشاللا، ول - قۇتتى ادامداردىڭ جولى. سىرتتان قاراعاندا جۇرت ونداعى 300-400دەي بەرەكەلى جانداردىڭ ماقامدارىن كورەر، ءبىراق ول وڭىرلەردەن نەشە ءجۇزمىڭداعان، ءتىپتى ميليونداعان بەرەكەلى ادامدار شىققان. ءتابيعي تۇردە، ولار بارلىعىن تەك اللا ﷻ ءۇشىن ىستەپ كەتكەن، ەشقانداي دۇنيەلىك پايدالاردى كوزدەمەگەن. ناتيجەسىندە ولاردىڭ اقىرى يگىلىكپەن جانە بەرەكەمەن تامامدادى. قۇت-بەرەكەلەر وسى وڭىرلەردەن، وسى دالالاردان ءار باعىتقا اعىلدى، جان-جاققا تارادى. اللا ﷻ ءوسىبىر قۇت-بەرەكەلەردى ماڭگى باياندى ەتكەي. ال ءبىزدىڭ زياراتىمىز قابىل بولعاي، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8943