https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8935
Сұхбат: әулие жайлы жаман ойлаған адамның ақыры жақсы болмайды (2026.09.06 / Хижри 1448-жыл 24-Рабиул-Аууал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Akbaba Dergah, Istanbul, Turkiye, 2026) Бисмиллахир рахманиыр рахим, «أَلَا إِنَّ أَوْلِيَاءَ اللَّهِ لَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ», яғни, «расында Алланың достарында қорқыныш жоқ, оларда қайғы да болмас», садақаллахулғазим, құран 10інші сүре 62інші аят. Алланың әулиесі дегеніміз Аллаға бойұсынатын, Аллаға сүйікті болған адам, ал әр адам әулие яғни уәли болуына болады, ол қол жетпейтін нәрсе емес. Кім Аллаға бойұсынса және Оның әмірлеріне ерсе, ол Аллаға сүйікті құл болар, расында әулиенің мағынасы Алланың сүйікті құлдары дегенді білдіреді. Кейбір адамдар, «ешқандай әулие қалмады» деп, қателесіп жүр, ал әулиелер бар, демек, Алла рұхсатында, Аллаға бойұсынған барша адам Оның сүйікті пендесіне айналады. Міне осыбір құтты адамдар ешкімге залал әкелмейді, ешкімге қиындық тудырмайды, олар Алла ﷻдың жолында тыныш және қауіпсіз жүріп отырады.
Алайда олардың нәпсі, хауа, дүние және шайтан деген сияқты көптеген дұшпандары бар, бірақ олар осы тура жолда шынайы жүре бастағанда, олар шынайы тыныштық табатын болады. Ал бұнда нағыз мазасы кеткен жаратылыс шайтанның өзі-дүр, демек, оның олар жағынан мазасы кетті, ол адамдарды адастыруға қатты құлшынады, және манағы дұшпандарды оларға шабуыл жасауға айтақтайды. Бірақ сонда да олар Алламен бірге болғандықтан, олар ештеңеден қорықпайды, оларды Алла өзі қорғайды. Ал адамдар оларға ұқсауға жанталасуы керек, әдетте жұрт, «адам қалай әулие болар» деп сұрайды, ал әулие дегеніміз манағылар. Олар ешкімнің ісіне араласпайды, олар өздеріне тиіскен адамдарға қайтарма шабуыл жасамайды, Алла оларды өзі қорғайды. Пайғамбарымыз ﷺ былай айтқан еді, яғни, Алла Әззә уә-Жәллә, «кім Менің әулиеме зиянкестік істесе, немесе ол жәйлы жаман сөз айтса, Мен оған қарсы соғыс ашамын» дейді.
Сондықтан, айтып өткеніміздей, әулие ешкімге қатыспайды, оның ешкіммен ісі болмайды, мейлі өзгелер оларға не істесін, олардың қорғаушысы Алла Әззә уә-Жәлләның Өзі. Ал кім оларға соғыс ашса немесе оларға дұшпандық қылса, олар сөзсіз түрде ұдайы ұтылатын болады, себебі, олар ешқашан Алла Әззә уә-Жәлләға қарсы жеңіске жете алмайды, міне бұлар пайғамбарымыз ﷺның айтып кеткен құтты сөздері еді. Адамдардың ойсыздықпен сөйлейтін немесе бос сөздерді қарша борататын кездері болады, ал Алла ﷻ оларды дұрыс жолға бастағай, сонда олар еш залалға ұшырамас еді, әйтпесе, олар бұны істеу арқылы, Алла Әззә уә-Жәлләға қарсы соғысқа шыққан болады. Ал бұндайда Алла ﷻ оларға ешқашан жеңіс нәсіп етпейді, олардың ақыры жеңілспен залал болар.
Адам осы жәйлы аса сақ болғаны жөн, себебі біз ақырзаманда өмір сүріп жатырмыз, аса үлкен бүліктер туылуда, ал істетілген айла-шарғылар ниеті жақсы адамдарды да адастырып жатыр. Содан, олар білместікпен дұрыс болмаған күмәнді нәрселерге ұрынар, ал осындай күмәнді нәрселерге сеніп, сұғзан яғни жаман жорамалға берілгендер айтқан әрбір сөзіменақ күнәға берілуде. Олар осылай істеу арқылы өздерін Алла ﷻға қарсы қоюда, Алла ﷻ бізді панасына алғай, жұрт бұл жәйлы қырағы болу қажет. Ал біреу жақсы адамдармен бірге болуы керек, Алланың сүйгендерімен бірге болуы керек, иншалла. Алла ﷻ бізді осындай адамдардан еткей. Алла ﷻ бізді панасына алғай, ал біз манағындай бүлік-фитналарға ілініп қалғандардан болмайық, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: اۋليە جايلى جامان ويلاعان ادامنىڭ اقىرى جاقسى بولمايدى (2026.09.06 / حيجري 1448-جىل 24-رابيۋل-اۋۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Akbaba Dergah، Istanbul، Turkiye، 2026) بيسميللاحير راحمانيىر راحيم، «أَلَا إِنَّ أَءوْلِيَاَ اللَّهِ لَا خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ»، ياعني، «راسىندا اللانىڭ دوستارىندا قورقىنىش جوق، ولاردا قايعى دا بولماس»، ساداقاللاحۋلعازيم، قۇران 10ءىنشى سۇرە 62ءىنشى ايات. اللانىڭ اۋليەسى دەگەنىمىز اللاعا بويۇسىناتىن، اللاعا سۇيىكتى بولعان ادام، ال ءار ادام اۋليە ياعني ءۋالي بولۋىنا بولادى، ول قول جەتپەيتىن نارسە ەمەس. كىم اللاعا بويۇسىنسا جانە ونىڭ امىرلەرىنە ەرسە، ول اللاعا سۇيىكتى قۇل بولار، راسىندا اۋليەنىڭ ماعىناسى اللانىڭ سۇيىكتى قۇلدارى دەگەندى بىلدىرەدى. كەيبىر ادامدار، «ەشقانداي اۋليە قالمادى» دەپ، قاتەلەسىپ ءجۇر، ال اۋليەلەر بار، دەمەك، اللا رۇحساتىندا، اللاعا بويۇسىنعان بارشا ادام ونىڭ سۇيىكتى پەندەسىنە اينالادى. مىنە ءوسىبىر قۇتتى ادامدار ەشكىمگە زالال اكەلمەيدى، ەشكىمگە قيىندىق تۋدىرمايدى، ولار اللا ﷻدىڭ جولىندا تىنىش جانە ءقاۋىپسىز ءجۇرىپ وتىرادى.
الايدا ولاردىڭ ءناپسى، حاۋا، دۇنيە جانە شايتان دەگەن سياقتى كوپتەگەن دۇشپاندارى بار، ءبىراق ولار وسى تۋرا جولدا شىنايى جۇرە باستاعاندا، ولار شىنايى تىنىشتىق تاباتىن بولادى. ال بۇندا ناعىز مازاسى كەتكەن جاراتىلىس شايتاننىڭ ءوزى-ءدۇر، دەمەك، ونىڭ ولار جاعىنان مازاسى كەتتى، ول ادامداردى اداستىرۋعا قاتتى قۇلشىنادى، جانە ماناعى دۇشپانداردى ولارعا شابۋىل جاساۋعا ايتاقتايدى. ءبىراق سوندا دا ولار اللامەن بىرگە بولعاندىقتان، ولار ەشتەڭەدەن قورىقپايدى، ولاردى اللا ءوزى قورعايدى. ال ادامدار ولارعا ۇقساۋعا جانتالاسۋى كەرەك، ادەتتە جۇرت، «ادام قالاي اۋليە بولار» دەپ سۇرايدى، ال اۋليە دەگەنىمىز ماناعىلار. ولار ەشكىمنىڭ ىسىنە ارالاسپايدى، ولار وزدەرىنە تيىسكەن ادامدارعا قايتارما شابۋىل جاسامايدى، اللا ولاردى ءوزى قورعايدى. پايعامبارىمىز ﷺ بىلاي ايتقان ەدى، ياعني، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «كىم مەنىڭ اۋليەمە زيانكەستىك ىستەسە، نەمەسە ول ءجايلى جامان ءسوز ايتسا، مەن وعان قارسى سوعىس اشامىن» دەيدى.
سوندىقتان، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، اۋليە ەشكىمگە قاتىسپايدى، ونىڭ ەشكىممەن ءىسى بولمايدى، مەيلى وزگەلەر ولارعا نە ىستەسىن، ولاردىڭ قورعاۋشىسى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءوزى. ال كىم ولارعا سوعىس اشسا نەمەسە ولارعا دۇشپاندىق قىلسا، ولار ءسوزسىز تۇردە ۇدايى ۇتىلاتىن بولادى، سەبەبى، ولار ەشقاشان اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا قارسى جەڭىسكە جەتە المايدى، مىنە بۇلار پايعامبارىمىز ﷺنىڭ ايتىپ كەتكەن قۇتتى سوزدەرى ەدى. ادامداردىڭ ويسىزدىقپەن سويلەيتىن نەمەسە بوس سوزدەردى قارشا بوراتاتىن كەزدەرى بولادى، ال اللا ﷻ ولاردى دۇرىس جولعا باستاعاي، سوندا ولار ەش زالالعا ۇشىراماس ەدى، ايتپەسە، ولار بۇنى ىستەۋ ارقىلى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا قارسى سوعىسقا شىققان بولادى. ال بۇندايدا اللا ﷻ ولارعا ەشقاشان جەڭىس ءناسىپ ەتپەيدى، ولاردىڭ اقىرى جەڭىلسپەن زالال بولار.
ادام وسى ءجايلى اسا ساق بولعانى ءجون، سەبەبى ءبىز اقىرزاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز، اسا ۇلكەن بۇلىكتەر تۋىلۋدا، ال ىستەتىلگەن ايلا-شارعىلار نيەتى جاقسى ادامداردى دا اداستىرىپ جاتىر. سودان، ولار بىلمەستىكپەن دۇرىس بولماعان كۇماندى نارسەلەرگە ۇرىنار، ال وسىنداي كۇماندى نارسەلەرگە سەنىپ، سۇعزان ياعني جامان جورامالعا بەرىلگەندەر ايتقان ءاربىر سوزىمەناق كۇناعا بەرىلۋدە. ولار وسىلاي ىستەۋ ارقىلى وزدەرىن اللا ﷻعا قارسى قويۋدا، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، جۇرت بۇل ءجايلى قىراعى بولۋ قاجەت. ال بىرەۋ جاقسى ادامدارمەن بىرگە بولۋى كەرەك، اللانىڭ سۇيگەندەرىمەن بىرگە بولۋى كەرەك، ينشاللا. اللا ﷻ ءبىزدى وسىنداي ادامداردان ەتكەي. اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ال ءبىز ماناعىنداي بۇلىك-فيتنالارعا ءىلىنىپ قالعانداردان بولمايىق، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8935