https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8915
Сұхбат: хадис: исламы кемел адам өзіне қатысы жоқ іске араласпайды (2026.08.18 / Хижри 1448-жыл 05-Рабиул-Аууал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Akbaba Dergah, Istanbul, Turkiye, 2026) Пайғамбарымыз ﷺ, «барлық іске араласа берме» дейді, демек, өзіңізбен қатыссыз болған, өз шаруаңыз болмаған ешбір іске араласпаңыз. Ол ислами асыл қасиетке ие адамның ондай нәрселерге араласпайтындығын айтады, демек, «مِنْ حُسْنِ إِسْلَامِ الْمَرْءِ تَرْكُهُ مَا لَا يَعْنِيهِ», яғни, «бір адамның исламының кемелділігі сол, ол өзіне қатысы жоқ іске араласпайды». Адам қажетсіз болған істерге араласпауы керек, егер біреу өз ісін жақсы тындырса, отбасына, туыс-ағайындарына көмек ете алса, соның өзі бір керемет болмақ. Алайда, адам өзімен қатысы жоқ, мүлдем пайдасыз нәрселерден аулақ болуы керек, онсызда өз шаруаларымыз толып жатыр емеспе. Ал кім Алла Әззә уә-Жәлләның жолында болса, басқа нәрселерге қарауының еш қажеті жоқ, әр адамның өз жұмысы, өз міндеті бар.
Ал өзге ісі жәйлы, «Алла оның ісіне жәрдем еткей» деп, жәй айтсаңыз болды, сол жетер. Сіз оның ісіне араласып, ақыл айтпақ боласыз, және, «мен оған көмек етіп жіберемін» деп ойлайсыз, бірақ ол сізге құлақ салса, жағдай онан арман ұшығып кететін кездер болады. Ал бұндайда оның сізге құлақ аспағаны әлдеқайда жақсы болар еді. Себебі, Алла Әззә уә-Жәллә әр адамға лайықты міндет белгілеген, яғни, әр адамның өзі істеуге тиісті мәлім шаруалары бар. Ал біреу істегенді, тағы біреуі істей алмайды, біреу үйрене алғанды, тағы біреуі үйрене алмайды, демек, әр адамға ғана тән жеке міндет-шаруалар бар, және әр адам өз әлін, өз шегін білуі керек. Демек, біреу, «шамам осы жерге дейін жетер, одан ары жүре алмаймын, қалғанының не боларын, мен білмеймін» деп айта алуы керек. Ал әр нәрсе жәйлы, оны жақсы білетін маман бар, бірақ, қазіргі адамдар өздерін барлығын бірдей білетін бесаспап санайды.
Содан, олар әр іске араласып, елдің бәріне, «сен былай істеуің керек, сен алай істеуің керек» деп, ақыл айта бастайды, немесе, олар басқаларға, «мен бұны естідім, оны естдім» деп, сөзбен сабақ-лексия айтады. Ал бұнда сіздің естіген және түсінген нәрсеңіз басқа шаруа да, нақты болған жағдай тағы басқа шаруа болып шығады. Анығын айтқанда, ол нәрселер сіз түсінбейтін нәрселер еді, бұндайда, сіз оған араласпаңыз, одан аулақ тұрыңыз, сонда сіз өзіңіз де тыныштықта боласыз, және өзгелерді де өз тыныштығында қалдырасыз. Сондықтан да, бұнда пайғамбарымыз ﷺнан осындай хикіметті сөздер қалған. Демек, өзіңіздің игілігіңіз үшін болса да, өзіңіз түсінбейтін нәрселерге араласпаңыз, міне бұл маңызды, бұл аса маңызды.
Яғни, сіз өзіңізді контролдап, нәпсіңізге шектеу қоя біліңіз, өз шамаңызды біліңіз, одан асып кетпеңіз. Ал егер сіз бір нәрсе жәйлы расында шын білімді болсаңыз, ол білімдеріңізді өзгелермен бөлісуіңізге болады. Бірақ, бірдеңені нақты білмесеңіз, бұнда сіздің ел-жұрт арасына қауесеттермен өтірік нәрселерді таратуыңызға еш себеп жоқ. Алла ﷻ бізді бұдан сақтағай, біз онсызда тым оғаш заманда өмір сүріп жатырмыз емеспе. Сондықтан, өзіңізге орынсыз қысым тудырмас үшін, одан аулақ болыңыз. Яғни, өзіңізге қатысы жоқ шаруаларға араласпаңыз. Алла ﷻ барлығымызды әр жерге тарап кеткен бүлік-фитналардан сақтағай, бізді қорғағай. Алла адамдарға олардың жақсы ниеттеріне қарай береді, сол үшін біз Аллаға алғыс айтамыз, алғыстар Аллаға болсын.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: حاديس: يسلامى كەمەل ادام وزىنە قاتىسى جوق ىسكە ارالاسپايدى (2026.08.18 / حيجري 1448-جىل 05-رابيۋل-اۋۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Akbaba Dergah، Istanbul، Turkiye، 2026) پايعامبارىمىز ﷺ، «بارلىق ىسكە ارالاسا بەرمە» دەيدى، دەمەك، وزىڭىزبەن قاتىسسىز بولعان، ءوز شارۋاڭىز بولماعان ەشبىر ىسكە ارالاسپاڭىز. ول يسلامي اسىل قاسيەتكە يە ادامنىڭ ونداي نارسەلەرگە ارالاسپايتىندىعىن ايتادى، دەمەك، «مِنْ حُسْنِ إِسْلَامِ ءالْمَرِْ تَرْكُهُ مَا لَا يَعْنِيهِ»، ياعني، «ءبىر ادامنىڭ يسلامىنىڭ كەمەلدىلىگى سول، ول وزىنە قاتىسى جوق ىسكە ارالاسپايدى». ادام قاجەتسىز بولعان ىستەرگە ارالاسپاۋى كەرەك، ەگەر بىرەۋ ءوز ءىسىن جاقسى تىندىرسا، وتباسىنا، تۋىس-اعايىندارىنا كومەك ەتە السا، سونىڭ ءوزى ءبىر كەرەمەت بولماق. الايدا، ادام وزىمەن قاتىسى جوق، مۇلدەم پايداسىز نارسەلەردەن اۋلاق بولۋى كەرەك، ونسىزدا ءوز شارۋالارىمىز تولىپ جاتىر ەمەسپە. ال كىم اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ جولىندا بولسا، باسقا نارسەلەرگە قاراۋىنىڭ ەش قاجەتى جوق، ءار ادامنىڭ ءوز جۇمىسى، ءوز مىندەتى بار.
ال وزگە ءىسى ءجايلى، «اللا ونىڭ ىسىنە جاردەم ەتكەي» دەپ، ءجاي ايتساڭىز بولدى، سول جەتەر. ءسىز ونىڭ ىسىنە ارالاسىپ، اقىل ايتپاق بولاسىز، جانە، «مەن وعان كومەك ەتىپ جىبەرەمىن» دەپ ويلايسىز، ءبىراق ول سىزگە قۇلاق سالسا، جاعداي ونان ارمان ۇشىعىپ كەتەتىن كەزدەر بولادى. ال بۇندايدا ونىڭ سىزگە قۇلاق اسپاعانى الدەقايدا جاقسى بولار ەدى. سەبەبى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءار ادامعا لايىقتى مىندەت بەلگىلەگەن، ياعني، ءار ادامنىڭ ءوزى ىستەۋگە ءتيىستى ءمالىم شارۋالارى بار. ال بىرەۋ ىستەگەندى، تاعى بىرەۋى ىستەي المايدى، بىرەۋ ۇيرەنە العاندى، تاعى بىرەۋى ۇيرەنە المايدى، دەمەك، ءار ادامعا عانا ءتان جەكە مىندەت-شارۋالار بار، جانە ءار ادام ءوز ءالىن، ءوز شەگىن ءبىلۋى كەرەك. دەمەك، بىرەۋ، «شامام وسى جەرگە دەيىن جەتەر، ودان ارى جۇرە المايمىن، قالعانىنىڭ نە بولارىن، مەن بىلمەيمىن» دەپ ايتا الۋى كەرەك. ال ءار نارسە ءجايلى، ونى جاقسى بىلەتىن مامان بار، ءبىراق، قازىرگى ادامدار وزدەرىن بارلىعىن بىردەي بىلەتىن بەساسپاپ سانايدى.
سودان، ولار ءار ىسكە ارالاسىپ، ەلدىڭ بارىنە، «سەن بىلاي ىستەۋىڭ كەرەك، سەن الاي ىستەۋىڭ كەرەك» دەپ، اقىل ايتا باستايدى، نەمەسە، ولار باسقالارعا، «مەن بۇنى ەستىدىم، ونى ەستدىم» دەپ، سوزبەن ساباق-لەكسيا ايتادى. ال بۇندا ءسىزدىڭ ەستىگەن جانە تۇسىنگەن نارسەڭىز باسقا شارۋا دا، ناقتى بولعان جاعداي تاعى باسقا شارۋا بولىپ شىعادى. انىعىن ايتقاندا، ول نارسەلەر ءسىز تۇسىنبەيتىن نارسەلەر ەدى، بۇندايدا، ءسىز وعان ارالاسپاڭىز، ودان اۋلاق تۇرىڭىز، سوندا ءسىز ءوزىڭىز دە تىنىشتىقتا بولاسىز، جانە وزگەلەردى دە ءوز تىنىشتىعىندا قالدىراسىز. سوندىقتان دا، بۇندا پايعامبارىمىز ﷺنان وسىنداي حيكىمەتتى سوزدەر قالعان. دەمەك، ءوزىڭىزدىڭ يگىلىگىڭىز ءۇشىن بولسا دا، ءوزىڭىز تۇسىنبەيتىن نارسەلەرگە ارالاسپاڭىز، مىنە بۇل ماڭىزدى، بۇل اسا ماڭىزدى.
ياعني، ءسىز ءوزىڭىزدى كونترولداپ، ناپسىڭىزگە شەكتەۋ قويا ءبىلىڭىز، ءوز شاماڭىزدى ءبىلىڭىز، ودان اسىپ كەتپەڭىز. ال ەگەر ءسىز ءبىر نارسە ءجايلى راسىندا شىن ءبىلىمدى بولساڭىز، ول بىلىمدەرىڭىزدى وزگەلەرمەن بولىسۋىڭىزگە بولادى. ءبىراق، بىردەڭەنى ناقتى بىلمەسەڭىز، بۇندا ءسىزدىڭ ەل-جۇرت اراسىنا قاۋەسەتتەرمەن وتىرىك نارسەلەردى تاراتۋىڭىزعا ەش سەبەپ جوق. اللا ﷻ ءبىزدى بۇدان ساقتاعاي، ءبىز ونسىزدا تىم وعاش زاماندا ءومىر ءسۇرىپ جاتىرمىز ەمەسپە. سوندىقتان، وزىڭىزگە ورىنسىز قىسىم تۋدىرماس ءۇشىن، ودان اۋلاق بولىڭىز. ياعني، وزىڭىزگە قاتىسى جوق شارۋالارعا ارالاسپاڭىز. اللا ﷻ بارلىعىمىزدى ءار جەرگە تاراپ كەتكەن بۇلىك-فيتنالاردان ساقتاعاي، ءبىزدى قورعاعاي. اللا ادامدارعا ولاردىڭ جاقسى نيەتتەرىنە قاراي بەرەدى، سول ءۇشىن ءبىز اللاعا العىس ايتامىز، العىستار اللاعا بولسىن.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8915