https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8912
Сұхбат: ниетті түзе, ниет дұрыс болмаса, іс басынан бұзылар, нәтижесі жақсы болмас (2026.08.15 / Хижри 1448-жыл 02-Рабиул-Аууал)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Akbaba Dergah, Istanbul, Turkiye, 2026) Бисмиллахир рахманир рахим, «إِنَّمَا هَٰذِهِ الْحَيَاةُ الدُّنْيَا مَتَاعٌ», яғни, «расында, бұл дүние өмірі ойын-күлкіден басқа ештеңе емес», садақаллахулғазим, құран 40інші сүре 39інші аят. Алла Әззә уә-Жәллә, «дүние ештеңе емес, ол пайдасыз» дейді, ал егер сіз осыбір пайдасыз нәрсені орынсыз немесе қате қолдансаңыз, одан сізге еш пайда жоқ. Бірақ, сіз оны Алла ﷻ үшін істете білсеңіз, сонда ғана ол құнға ие болады, сонда ғана ол құнсыз бірдеңеден құнды нәрсеге өзгереді. Сондықтан, барлығы Алла ﷻдың ризалығы үшін болуы керек, демек, бұнда ниет аса маңызды. Біздің бірінші үйренген пайғамбарымыз ﷺның хадисінде, «إِنَّمَا الأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ وَإِنَّمَا لِكُلِّ امْرِئٍ مَا نَوَى», яғни, «амал ниетке қарай болар, және әркім ниетіне қарай жетер» делінген.
Демек, адамның барлық іс-амалдары оның ниетіне байланысты болады, егер ниет жақсы болса, нәтижесі жақсы болар, егер ниет жаман болса, ол басынан бастап жаман болар. Сондықтан, не істесеңіз де, сапарға, оқуға, я жолға шықсаңыз да, ондағы ниетіңіз Алла ﷻдың ризалығы үшін болуы керек. Егер осылай етсеңіз, сіз осы дүниемен ақиретте бірдей табысқа жететін боласыз, әйтпесе, яғни ниетіңіз жаман болса, және, «адамдарды қалай алдаймын, өзіме қалай пайда әкелсем болар» деп ойласаңыз, онда босқа шаршап, әуре болмайақ қойыңыз. Бұндай тірлікті сонау басынан тастап кетіңіз, себебі, бұдан сізге де, өзгелерге де еш пайда жоқ.
Сондықтан, осыбір дүниелік тірлікті жақсы нәрсеге айналдыра білу әр адамның қолындағы іс, егер біреу осыны қаласа, ол ешқашан жамандық істеуді таңдамас, немесе, жақсылық қана істер. Сол үшін, ниетімізді Алла ﷻ үшін етелік, және жақсы іс-амал істелік, иншалла, ниетімізді Алла ﷻдың қалауымен әміріндегідей етелік. Міне осындай ниет сізге осы дүниеде де, ақиретте де, және мәңгілікте де пайда береді, әйтпесе, сіз еш пайда көре алмайтын боласыз. Бұнда өздерін тым зерек, тым ақылды санайтын адамдар бар болып, олар, «мен бұны істеймін, мен оны істеймін, мен адамдарды алдаймын» деп ойлар. Бірақ, ақиқатында алдамшықтың ең зор азабын осы адамдардың өздері тартатын болады.
Алла ﷻ бізді панасына алғай, Алла ﷻ барлығымызды өз нәпсіміздің кесірінен сақтағай. Демек, ісін Алла ﷻ үшін қылмағандар ұдайы ұтылыста қалар. Шүкір-Алла, біздің ниетіміз Алла ﷻды риза ету, әлхамдулилла, міне бұл сопылық тәриқаттағылардың ниеті, бізге үйретілгені де міне осы. Сопылық тәриқаттағылар пайғамбарымыз ﷺның жолына ілеседі, ал басқалар Алла ﷻды тастап, адамдардан пайда табумен оларды пайдаланудың артына түсіп кетті, бірақ бұдан оларға еш пайда жоқ. Алла ﷻ бізді панасына алғай, Алла ﷻ бізді тура жолда табанды еткей, иншалла
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: نيەتتى تۇزە، نيەت دۇرىس بولماسا، ءىس باسىنان بۇزىلار، ناتيجەسى جاقسى بولماس (2026.08.15 / حيجري 1448-جىل 02-رابيۋل-اۋۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Akbaba Dergah، Istanbul، Turkiye، 2026) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «إِنَّمَا هَٰذِهِ الْحَيَاةُ الدُّنْيَا مَتَاعٌ»، ياعني، «راسىندا، بۇل دۇنيە ءومىرى ويىن-كۇلكىدەن باسقا ەشتەڭە ەمەس»، ساداقاللاحۋلعازيم، قۇران 40ءىنشى سۇرە 39ءىنشى ايات. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «دۇنيە ەشتەڭە ەمەس، ول پايداسىز» دەيدى، ال ەگەر ءسىز ءوسىبىر پايداسىز نارسەنى ورىنسىز نەمەسە قاتە قولدانساڭىز، ودان سىزگە ەش پايدا جوق. ءبىراق، ءسىز ونى اللا ﷻ ءۇشىن ىستەتە بىلسەڭىز، سوندا عانا ول قۇنعا يە بولادى، سوندا عانا ول قۇنسىز بىردەڭەدەن قۇندى نارسەگە وزگەرەدى. سوندىقتان، بارلىعى اللا ﷻدىڭ ريزالىعى ءۇشىن بولۋى كەرەك، دەمەك، بۇندا نيەت اسا ماڭىزدى. ءبىزدىڭ ءبىرىنشى ۇيرەنگەن پايعامبارىمىز ﷺنىڭ حاديسىندە، «إِنَّمَا الأَعْمَالُ بِالنِّيَّاتِ وَإِنَّمَا لِكُلِّ امْرِئٍ مَا نَوَى»، ياعني، «امال نيەتكە قاراي بولار، جانە اركىم نيەتىنە قاراي جەتەر» دەلىنگەن.
دەمەك، ادامنىڭ بارلىق ءىس-امالدارى ونىڭ نيەتىنە بايلانىستى بولادى، ەگەر نيەت جاقسى بولسا، ناتيجەسى جاقسى بولار، ەگەر نيەت جامان بولسا، ول باسىنان باستاپ جامان بولار. سوندىقتان، نە ىستەسەڭىز دە، ساپارعا، وقۋعا، يا جولعا شىقساڭىز دا، ونداعى نيەتىڭىز اللا ﷻدىڭ ريزالىعى ءۇشىن بولۋى كەرەك. ەگەر وسىلاي ەتسەڭىز، ءسىز وسى دۇنيەمەن اقيرەتتە بىردەي تابىسقا جەتەتىن بولاسىز، ايتپەسە، ياعني نيەتىڭىز جامان بولسا، جانە، «ادامداردى قالاي الدايمىن، وزىمە قالاي پايدا اكەلسەم بولار» دەپ ويلاساڭىز، وندا بوسقا شارشاپ، اۋرە بولماياق قويىڭىز. بۇنداي تىرلىكتى سوناۋ باسىنان تاستاپ كەتىڭىز، سەبەبى، بۇدان سىزگە دە، وزگەلەرگە دە ەش پايدا جوق.
سوندىقتان، ءوسىبىر دۇنيەلىك تىرلىكتى جاقسى نارسەگە اينالدىرا ءبىلۋ ءار ادامنىڭ قولىنداعى ءىس، ەگەر بىرەۋ وسىنى قالاسا، ول ەشقاشان جاماندىق ىستەۋدى تاڭداماس، نەمەسە، جاقسىلىق قانا ىستەر. سول ءۇشىن، نيەتىمىزدى اللا ﷻ ءۇشىن ەتەلىك، جانە جاقسى ءىس-امال ىستەلىك، ينشاللا، نيەتىمىزدى اللا ﷻدىڭ قالاۋىمەن امىرىندەگىدەي ەتەلىك. مىنە وسىنداي نيەت سىزگە وسى دۇنيەدە دە، اقيرەتتە دە، جانە ماڭگىلىكتە دە پايدا بەرەدى، ايتپەسە، ءسىز ەش پايدا كورە المايتىن بولاسىز. بۇندا وزدەرىن تىم زەرەك، تىم اقىلدى سانايتىن ادامدار بار بولىپ، ولار، «مەن بۇنى ىستەيمىن، مەن ونى ىستەيمىن، مەن ادامداردى الدايمىن» دەپ ويلار. ءبىراق، اقيقاتىندا الدامشىقتىڭ ەڭ زور ازابىن وسى ادامداردىڭ وزدەرى تارتاتىن بولادى.
اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، اللا ﷻ بارلىعىمىزدى ءوز ءناپسىمىزدىڭ كەسىرىنەن ساقتاعاي. دەمەك، ءىسىن اللا ﷻ ءۇشىن قىلماعاندار ۇدايى ۇتىلىستا قالار. شۇكىر-اللا، ءبىزدىڭ نيەتىمىز اللا ﷻدى ريزا ەتۋ، ءالحامدۋليللا، مىنە بۇل سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلاردىڭ نيەتى، بىزگە ۇيرەتىلگەنى دە مىنە وسى. سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولىنا ىلەسەدى، ال باسقالار اللا ﷻدى تاستاپ، ادامداردان پايدا تابۋمەن ولاردى پايدالانۋدىڭ ارتىنا ءتۇسىپ كەتتى، ءبىراق بۇدان ولارعا ەش پايدا جوق. اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، اللا ﷻ ءبىزدى تۋرا جولدا تاباندى ەتكەي، ينشاللا
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8912