https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8901
Сұхбат: адамдар Аллаға емес, бос нәрсеге ықыласты келеді, соның бірі футбол (2026.08.08 / Хижри 1448-жыл 25-Сафар)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Akbaba Dergah, Istanbul, Turkiye, 2026) Бисмиллахир рахманир рахим, «يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَكُونُوا مَعَ الصَّادِقِينَ», яғни, «о иман келтіргендер, Алладан қорқыңдар және садықпен бірге болыңдар», құран 9інші сүре 119інші аят, садақаллахулғазим. Бұнда, «о иман келтіргендер, Алладан қорқыңдар, және шыншылдармен, ықыластылармен бірге болыңдар» дейді Алла Әззә уә-Жәллә. Ол, «шыншыл бол, садық бол, сонда өмірің жақсы және әдемі болар» дейді, алайда, адамдардың нәпсісі бұны қаламайтындықтан, олар жақсы нәрсемен емес, бірақ, жаман немесе қажетсіз болған нәрсемен қатысады. Олар мүлдем пайдасыз, бос нәрселерге ықыласты келеді, демек, адамдар жаман нәрселерге, я қажетсіз нәрселерге тым құштар, тым ықыласты болады.
Ал көптен бері мен ойланып жүрген бір нәрсе бар, яғни, адамдардың тым көңіл бөлетін ең бос нәрсесі, футбол еді. Футбол - бос бірдеңе, пайдасыз нәрсе. Жә, сіз оны біраз ойнарсыз, оны айналып жүрерсіз, қызық етерсіз, біз бұны түсінеміз, бірақ, біздің айтып тұрғанымыз футбол клубтары еді. Адамдар осы клубтарға қатты құштар, қатты ықыласты келеді, оған сондай көңіл бөледі, демек, оларды тағы басқа клубқа өзгерту мүмкін болмай қалған. Тіпті, оларға милион берсеңіздер де, олар клубтарын өзгертпейді, бірақ, тура жолға келгенде, олар өте тұрақсыз болады, мыңдаған есе тұрақсыз келер. Демек, олар сөздерінде тұрмайды, сіз оларға сене алмайсыз.
Ал басқа нәрсеге келгенде, оларда тұрақсыздық болмайды, сөзді бұзу, немесе, бас тарту деген нәрсе болмайды, яғни, олар өмірінің соңына дейін оған қызмет етеді, оған табанды болады. Және бұл нәрселері қажетсіз нәрселер еді, ал адам үшін Алла ﷻдың жолында табанды болу шынында ең қажетті нәрсе болатын. Ол дегеніміз шын пір-мүршид тауып, оған еру, бұл - бір ойын емес, өмір қымбат, уақыт қымбат, ал сіздер бос нәрселер үшін ашуланып, соларға таласып, солар үшін боқтасып, қырлысып жүрсіздер. Жарайды, біз оны сүйетіндіктеріңізді түсінеміз, бірақ бұндай бос нәрселер үшін бұлай ету еш қажетсіз, адам кішкене ойлана білуі керек емеспе.
Сіздер оны сүйесіздер, біз оны түсінеміз, бірақ, сол бос клубтармен бос ойындарға болған ыстық ықлас, терең махаббат, шын адалдықтар Алла ﷻдың жолына қарай бағытталуы керек. Егер біреу солай етсе, ол әйгілі әулиелердің бірі болар еді, сондықтан, айтып өткеніміздей, шайтан болса, адамдарды бос нәрселермен, немесе күнәлармен әбігер етіп қояды, олардың назарын соған бұрады. Алла ﷻ бізді панасына алғай, міне бұл осы ақырзаманның тым оғаш, тым үлкен мәселелерінің бірі. Айтып өткеніміздей, адамда ол махаббаттың болуына болар, бірақ нағыз ықыласпен шыншылдық Алла ﷻға қарай бағытталуы керек. Алла ﷻ бізге жәрдем еткей, және бізді бос болған, қажетсіз болған нәрселермен әбігер етіп қоймағай, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: ادامدار اللاعا ەمەس، بوس نارسەگە ىقىلاستى كەلەدى، سونىڭ ءبىرى فۋتبول (2026.08.08 / حيجري 1448-جىل 25-سافار)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Akbaba Dergah، Istanbul، Turkiye، 2026) بيسميللاحير راحمانير راحيم، «يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اتَّقُوا اللَّهَ وَكُونُوا مَعَ الصَّادِقِينَ»، ياعني، «و يمان كەلتىرگەندەر، اللادان قورقىڭدار جانە سادىقپەن بىرگە بولىڭدار»، قۇران 9ءىنشى سۇرە 119ءىنشى ايات، ساداقاللاحۋلعازيم. بۇندا، «و يمان كەلتىرگەندەر، اللادان قورقىڭدار، جانە شىنشىلدارمەن، ىقىلاستىلارمەن بىرگە بولىڭدار» دەيدى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا. ول، «شىنشىل بول، سادىق بول، سوندا ءومىرىڭ جاقسى جانە ادەمى بولار» دەيدى، الايدا، ادامداردىڭ ءناپسىسى بۇنى قالامايتىندىقتان، ولار جاقسى نارسەمەن ەمەس، ءبىراق، جامان نەمەسە قاجەتسىز بولعان نارسەمەن قاتىسادى. ولار مۇلدەم پايداسىز، بوس نارسەلەرگە ىقىلاستى كەلەدى، دەمەك، ادامدار جامان نارسەلەرگە، يا قاجەتسىز نارسەلەرگە تىم قۇشتار، تىم ىقىلاستى بولادى.
ال كوپتەن بەرى مەن ويلانىپ جۇرگەن ءبىر نارسە بار، ياعني، ادامداردىڭ تىم كوڭىل بولەتىن ەڭ بوس نارسەسى، فۋتبول ەدى. فۋتبول - بوس بىردەڭە، پايداسىز نارسە. ءجا، ءسىز ونى ءبىراز وينارسىز، ونى اينالىپ جۇرەرسىز، قىزىق ەتەرسىز، ءبىز بۇنى تۇسىنەمىز، ءبىراق، ءبىزدىڭ ايتىپ تۇرعانىمىز فۋتبول كلۋبتارى ەدى. ادامدار وسى كلۋبتارعا قاتتى قۇشتار، قاتتى ىقىلاستى كەلەدى، وعان سونداي كوڭىل بولەدى، دەمەك، ولاردى تاعى باسقا كلۋبقا وزگەرتۋ مۇمكىن بولماي قالعان. ءتىپتى، ولارعا ميليون بەرسەڭىزدەر دە، ولار كلۋبتارىن وزگەرتپەيدى، ءبىراق، تۋرا جولعا كەلگەندە، ولار وتە تۇراقسىز بولادى، مىڭداعان ەسە تۇراقسىز كەلەر. دەمەك، ولار سوزدەرىندە تۇرمايدى، ءسىز ولارعا سەنە المايسىز.
ال باسقا نارسەگە كەلگەندە، ولاردا تۇراقسىزدىق بولمايدى، ءسوزدى بۇزۋ، نەمەسە، باس تارتۋ دەگەن نارسە بولمايدى، ياعني، ولار ءومىرىنىڭ سوڭىنا دەيىن وعان قىزمەت ەتەدى، وعان تاباندى بولادى. جانە بۇل نارسەلەرى قاجەتسىز نارسەلەر ەدى، ال ادام ءۇشىن اللا ﷻدىڭ جولىندا تاباندى بولۋ شىنىندا ەڭ قاجەتتى نارسە بولاتىن. ول دەگەنىمىز شىن ءپىر-ءمۇرشيد تاۋىپ، وعان ەرۋ، بۇل - ءبىر ويىن ەمەس، ءومىر قىمبات، ۋاقىت قىمبات، ال سىزدەر بوس نارسەلەر ءۇشىن اشۋلانىپ، سولارعا تالاسىپ، سولار ءۇشىن بوقتاسىپ، قىرلىسىپ جۇرسىزدەر. جارايدى، ءبىز ونى سۇيەتىندىكتەرىڭىزدى تۇسىنەمىز، ءبىراق بۇنداي بوس نارسەلەر ءۇشىن بۇلاي ەتۋ ەش قاجەتسىز، ادام كىشكەنە ويلانا ءبىلۋى كەرەك ەمەسپە.
سىزدەر ونى سۇيەسىزدەر، ءبىز ونى تۇسىنەمىز، ءبىراق، سول بوس كلۋبتارمەن بوس ويىندارعا بولعان ىستىق ىقلاس، تەرەڭ ماحاببات، شىن ادالدىقتار اللا ﷻدىڭ جولىنا قاراي باعىتتالۋى كەرەك. ەگەر بىرەۋ سولاي ەتسە، ول ايگىلى اۋليەلەردىڭ ءبىرى بولار ەدى، سوندىقتان، ايتىپ وتكەنىمىزدەي، شايتان بولسا، ادامداردى بوس نارسەلەرمەن، نەمەسە كۇنالارمەن ابىگەر ەتىپ قويادى، ولاردىڭ نازارىن سوعان بۇرادى. اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، مىنە بۇل وسى اقىرزاماننىڭ تىم وعاش، تىم ۇلكەن ماسەلەلەرىنىڭ ءبىرى. ايتىپ وتكەنىمىزدەي، ادامدا ول ماحابباتتىڭ بولۋىنا بولار، ءبىراق ناعىز ىقىلاسپەن شىنشىلدىق اللا ﷻعا قاراي باعىتتالۋى كەرەك. اللا ﷻ بىزگە جاردەم ەتكەي، جانە ءبىزدى بوس بولعان، قاجەتسىز بولعان نارسەلەرمەن ابىگەر ەتىپ قويماعاي، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8901