https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8867
Сұхбат: арақ - барша жамандық, бұзықтық, және кесір-кесапаттың анасы (2026.07.07 / Хижри 1448-жыл 22-Мұхаррам)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Akbaba Dergah, Istanbul, Turkiye, 2026) Пайғамбарымыз ﷺ, «арақ - барша жамандықтың анасы» дейді, демек, барша бұзықтық сол арақтан келеді. Алла Әззә уә-Жәллә құран әзиму-шәнда бізге одан алыс болуға әмір етеді, оның кесірі барлығынан да үлкен, себебі, басты айналдыратын нәрселер күнәға жатады. Тек арақ қана емес, адамның ақылын күңгірттендіретін әрқандай нәрсе уландырғыш тобына жатады. Кейде адамдар, «аз ғана шегімдіктің, немесе темекінің зияны жоқ» дер, бірақ ол да ұқсас нәрсе, олар да басты айналдырады, олар залалдан басқа ештеңе емес. Алла Әззә уә-Жәллә адамзатты басқа жаратылыстардан ақылмен артық етті, оларға сана берді, ал адамдар сол ақылдарын істете білуі керек.
Алла Әззә уә-Жәллә оны жоғалыт, немесе, жоқ қыл деп бермеді, ақыл - бір әшекей, бір әдемілік, ол адамзаттың бір әшекейі, ақыл болмаса, біздің хайуаннан еш парқымыз қалмайды, себебі, хайуанда ақыл болмайды. Хайуандар екі нәрсені ғана біледі, жеу және ішу, демек, олар ішіп-жеуден басқа ештеңені түсінбейді, және олардың осы ішкен-жегені оларға пайда береді. Ал адам баласы олар сияқты емес, адам баласында жауапкершілік бар, Алла Әззә уә-Жәллә адамға ақыл бергендіктен, оны жауапкершілік арқалайтын етіп жаратты. Ал ақыл болмаса, адам жауапкершілік арқаламайды. Бірақ ол арақтан тыс жағдайда болар, себебі, ақылын жоғалытқан адам рухани жынданады, құтырып кетеді, ол не істеп, не қойғанын білмейді, одан жауапкершілік алынады.
«إِذَا أَخَذَ مَا أَوْهَبَ أَسْقَطَ مَا أَوْجَبَ», яғни, «егер Алла бергенін алып кетсе, Ол оған міндет еткенін де алып кетер» делінген, демек, Алла ақылды сауға ретінде берді, егер осы ақыл жоғалса, адам оны істете алмайды, содан ол адамда жауапкершілік арқалау міндеті болмайды. Тәбиғи есінен айырылған, я ақылы-есі орнында емес адамға намаз, ораза, қажылық, немесе, зекет міндет емес, оларға бағытталған бұған қатысы міндеттер немесе әмірлер жоқ. Алайда, араққа, немесе басқа шегімдік тұтынуға байланысты ақылын жоғалытқан адамдарға жаза бар, оларға қызмет қылушыға да зор жаза бар. Алла ﷻ бізді панасына алғай, ондай адамдар не істеп, не қойғанын білмейді. Ал қазір, «ол мас екен, не істегенін білмей қалыпты» деп, оларға жаза жеңілдететін тұрпайы жаңа заңдар шықты.
Әсілінде, оларға жаза тіпті де арттырылуы керек еді, егер мас болып, залал әкелсең, сен екі есе жаза алуың керек, бірақ адамдар Алланың заңын қаламай, өз заңдары бойынша іс қылады. Және олардың бұл заңдары адамдарды жамандық істеуден тимайды, Алла ﷻ бізді панасына алғай, бізді осыбір кесапаттардан аулақ еткей. Бір хадисте пайғамбарымыз ﷺ жеті қарғысталған нәрсені айтады, және онда арақ дайындаған, арақ берген, оны еккен, оны жинаған адамдарда қамтылған. Осы ұқсас қағида басқа шегімдіктерге де келеді, демек, кім шылым және шегімдік өсіріп, оны дайындаса, оны саудаласа, олармен қатысты болса, олар да қарғысталады.
Сондықтан, бұл нәрселер ешқашан рұхсат етілмеген, олардың істетілуіне ешқашан рұхсат болмаған, Алла бізді қорғағай, қазір дүниенің хәлі барған сайын тым жаман болып барады. Балалар да, ересектер де ұқсас, барлығы бірдей осыбір жаман нәрселерден сан түрлі жамандықтар сатып алуда. Ал адамның басындағы ақылы кеткенде, ол барша ластық, барша жамандық атаулыны істейтін болады, және бұл оған әдет болып кетеді. Демек, адам оларға құмар болып қалса, я бір рет құмар болса, оны тастай алмай кетеді, сондықтан, оны ешқашан бастамау қажет, иншалла. Алла ﷻ әркімді қорғағай, балаларды, және ересектерді де бірдей осыған ұқсас кесірден қорғағай. Алла ﷻ бізді панасына алғай, арақ барша бұзықтықпен кесір-кесапаттың анасы-дүр. Алла ﷻ бізді барша жамандық атаулының атасымен анасынан бірдей сақтағай, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: اراق - بارشا جاماندىق، بۇزىقتىق، جانە كەسىر-كەساپاتتىڭ اناسى (2026.07.07 / حيجري 1448-جىل 22-مۇحاررام)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Akbaba Dergah، Istanbul، Turkiye، 2026) پايعامبارىمىز ﷺ، «اراق - بارشا جاماندىقتىڭ اناسى» دەيدى، دەمەك، بارشا بۇزىقتىق سول اراقتان كەلەدى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا قۇران ءازيمۋ-ءشاندا بىزگە ودان الىس بولۋعا ءامىر ەتەدى، ونىڭ كەسىرى بارلىعىنان دا ۇلكەن، سەبەبى، باستى اينالدىراتىن نارسەلەر كۇناعا جاتادى. تەك اراق قانا ەمەس، ادامنىڭ اقىلىن كۇڭگىرتتەندىرەتىن ءارقانداي نارسە ۋلاندىرعىش توبىنا جاتادى. كەيدە ادامدار، «از عانا شەگىمدىكتىڭ، نەمەسە تەمەكىنىڭ زيانى جوق» دەر، ءبىراق ول دا ۇقساس نارسە، ولار دا باستى اينالدىرادى، ولار زالالدان باسقا ەشتەڭە ەمەس. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ادامزاتتى باسقا جاراتىلىستاردان اقىلمەن ارتىق ەتتى، ولارعا سانا بەردى، ال ادامدار سول اقىلدارىن ىستەتە ءبىلۋى كەرەك.
اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ونى جوعالىت، نەمەسە، جوق قىل دەپ بەرمەدى، اقىل - ءبىر اشەكەي، ءبىر ادەمىلىك، ول ادامزاتتىڭ ءبىر اشەكەيى، اقىل بولماسا، ءبىزدىڭ حايۋاننان ەش پارقىمىز قالمايدى، سەبەبى، حايۋاندا اقىل بولمايدى. حايۋاندار ەكى نارسەنى عانا بىلەدى، جەۋ جانە ءىشۋ، دەمەك، ولار ءىشىپ-جەۋدەن باسقا ەشتەڭەنى تۇسىنبەيدى، جانە ولاردىڭ وسى ىشكەن-جەگەنى ولارعا پايدا بەرەدى. ال ادام بالاسى ولار سياقتى ەمەس، ادام بالاسىندا جاۋاپكەرشىلىك بار، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ادامعا اقىل بەرگەندىكتەن، ونى جاۋاپكەرشىلىك ارقالايتىن ەتىپ جاراتتى. ال اقىل بولماسا، ادام جاۋاپكەرشىلىك ارقالامايدى. ءبىراق ول اراقتان تىس جاعدايدا بولار، سەبەبى، اقىلىن جوعالىتقان ادام رۋحاني جىندانادى، قۇتىرىپ كەتەدى، ول نە ىستەپ، نە قويعانىن بىلمەيدى، ودان جاۋاپكەرشىلىك الىنادى.
«إِذَا أَخَذَ مَا أَوْهَبَ أَسْقَطَ مَا أَوْجَبَ»، ياعني، «ەگەر اللا بەرگەنىن الىپ كەتسە، ول وعان مىندەت ەتكەنىن دە الىپ كەتەر» دەلىنگەن، دەمەك، اللا اقىلدى ساۋعا رەتىندە بەردى، ەگەر وسى اقىل جوعالسا، ادام ونى ىستەتە المايدى، سودان ول ادامدا جاۋاپكەرشىلىك ارقالاۋ مىندەتى بولمايدى. ءتابيعي ەسىنەن ايىرىلعان، يا اقىلى-ەسى ورنىندا ەمەس ادامعا ناماز، ورازا، قاجىلىق، نەمەسە، زەكەت مىندەت ەمەس، ولارعا باعىتتالعان بۇعان قاتىسى مىندەتتەر نەمەسە امىرلەر جوق. الايدا، اراققا، نەمەسە باسقا شەگىمدىك تۇتىنۋعا بايلانىستى اقىلىن جوعالىتقان ادامدارعا جازا بار، ولارعا قىزمەت قىلۋشىعا دا زور جازا بار. اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ونداي ادامدار نە ىستەپ، نە قويعانىن بىلمەيدى. ال ءقازىر، «ول ماس ەكەن، نە ىستەگەنىن بىلمەي قالىپتى» دەپ، ولارعا جازا جەڭىلدەتەتىن تۇرپايى جاڭا زاڭدار شىقتى.
اسىلىندە، ولارعا جازا ءتىپتى دە ارتتىرىلۋى كەرەك ەدى، ەگەر ماس بولىپ، زالال اكەلسەڭ، سەن ەكى ەسە جازا الۋىڭ كەرەك، ءبىراق ادامدار اللانىڭ زاڭىن قالاماي، ءوز زاڭدارى بويىنشا ءىس قىلادى. جانە ولاردىڭ بۇل زاڭدارى ادامداردى جاماندىق ىستەۋدەن تيمايدى، اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ءبىزدى ءوسىبىر كەساپاتتاردان اۋلاق ەتكەي. ءبىر حاديستە پايعامبارىمىز ﷺ جەتى قارعىستالعان نارسەنى ايتادى، جانە وندا اراق دايىنداعان، اراق بەرگەن، ونى ەككەن، ونى جيناعان ادامداردا قامتىلعان. وسى ۇقساس قاعيدا باسقا شەگىمدىكتەرگە دە كەلەدى، دەمەك، كىم شىلىم جانە شەگىمدىك ءوسىرىپ، ونى دايىنداسا، ونى ساۋدالاسا، ولارمەن قاتىستى بولسا، ولار دا قارعىستالادى.
سوندىقتان، بۇل نارسەلەر ەشقاشان رۇحسات ەتىلمەگەن، ولاردىڭ ىستەتىلۋىنە ەشقاشان رۇحسات بولماعان، اللا ءبىزدى قورعاعاي، ءقازىر دۇنيەنىڭ ءحالى بارعان سايىن تىم جامان بولىپ بارادى. بالالار دا، ەرەسەكتەر دە ۇقساس، بارلىعى بىردەي ءوسىبىر جامان نارسەلەردەن سان ءتۇرلى جاماندىقتار ساتىپ الۋدا. ال ادامنىڭ باسىنداعى اقىلى كەتكەندە، ول بارشا لاستىق، بارشا جاماندىق اتاۋلىنى ىستەيتىن بولادى، جانە بۇل وعان ادەت بولىپ كەتەدى. دەمەك، ادام ولارعا قۇمار بولىپ قالسا، يا ءبىر رەت قۇمار بولسا، ونى تاستاي الماي كەتەدى، سوندىقتان، ونى ەشقاشان باستاماۋ قاجەت، ينشاللا. اللا ﷻ اركىمدى قورعاعاي، بالالاردى، جانە ەرەسەكتەردى دە بىردەي وسىعان ۇقساس كەسىردەن قورعاعاي. اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، اراق بارشا بۇزىقتىقپەن كەسىر-كەساپاتتىڭ اناسى-ءدۇر. اللا ﷻ ءبىزدى بارشا جاماندىق اتاۋلىنىڭ اتاسىمەن اناسىنان بىردەي ساقتاعاي، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8867