https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8795
Сұхбат: ақиретке дүние әкете алмайсың, істеген істеріңді әкетесің (2026.04.28 / Хижри 1447-жыл 11-Зұл-Қадах)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Sufiland, Germany, 2026) Ағузубиллахи минәшшайтанир ражим, бисмиллахир рахманир рахим, «وَتِلْكَ ٱلْأَيَّامُ نُدَاوِلُهَا بَيْنَ ٱلنَّاسِ», яғни, «және Біз күндерді адамдардың арасында өзгертіп, ауыстырып отырамыз», құран 3інші сүре 140інші аят, садақаллахулғазим. Алла Әззә уә-Жәллә, «күндер өтер, адамдар келер, және кетер» дейді, демек, біреуі біткенде, оның орнына тағы біреуі келер. Адамзат үшін бұл бір ақиқат іс, бұл бір шындық, ешкім бұл дүниеде мәңгі қалмас. Күндер келеді, сосын тез кетіп қалады, апталар, айлар, жылдар өтіп жатыр, ал артыңызға қарасаңыз, он жылдың кенеттен тез өтіп кеткенін байқайсыз. Әлхамдулилла, біз осы сапарымызға ризамыз, бұндағы күніміз ертең біткелі отыр, иншалла, бұл елдегі сүйікті адамдарымызбен бірге көптеген қалаларды араладық, ол да тез өтіп кетті.
Ал біз Алла ﷻ бізге осыбір сапарды нәсіп еткені үшін, адамдарға қызмет өтеп, оларға жәрдем етуді нәсіп еткені үшін алғыс айтамыз, біз бұған ризамыз, себебі бұл күндеріміз босқа өтіп кеткен жоқ. Иншалла, Алла ﷻ оны қабыл еткей, және жалғастыра бергей, міне бұл біздің келер өміріміз үшін жақсы болған нәрселер. Көптеген елге пайғамбарлары келіп, келер өмір жәйлы айтты, бірақ олар оған сенбей қойды, кейбірін, мәселен, мысыр ферғауынының пирамида салғанын, және онда адамдар ақша, киім, тіпті тамақ қойғанын естіген боларсыздар. Олар келер өмірге барамыз деп, қайық та жасаған екен, бірақ олар келер өмірге толық сенген жоқ.
Ал ақиқатында ана дүниеге адамдар ешқандай материялық нәрсе алып кете алмайды, олар оны қабыр басына қойса да, одан еш пайда жоқ, олардың барлығы сонда тұрып, сасып, шіріп кететін болады. Алдымен денең шіриді, одан соң табытың шіриді, соңында барлығы топырақ болып кетеді. Демек, көзіңізді жұмып кетсеңіз болғаны, мына дүниедегі ештеңе сіздікі болмай қалады, барлығы отбасыңызға қалады, тіпті әйеліңіз де, немесе күйеуіңіз де ендігәрі сіздікі болмайды. Ақшаңыз, мал-мүлкіңіз, үйіңіз барлығы ендігәрі сіздікі емес, олар мұрагерлерге қалар. Ал сіз тек осы өмірде жүрген кезіңізде істеген жақсы іс-амалдарыңызбен берген қайыр-садақаларыңызды ғана ана дүниеге жібере аласыз. Сондықтан, келер өмір үшін бірдеңе салып, оның ішіне тамақ, алтын, я ақша салып, өзіңді шаршату қажетсіз, келер өмірде ондай нәрселер толып жатыр.
Яғни, жәннәтта адам ақылы жеткісіз алтын-күмістен, асыл тастан салынған керемет сарайлар, әдемі үйлер толып жатыр, жәннәт солай болар. Ал мына өмірде жаман істерді істеуден сізге пайда жоқ, жәннәтта лағыл тастар жұлдыз сияқты жарқырап тұрады, әдемі киімдер толып тұрады, бақшалар жәйнап, өзендер кіліп ағады, яғни сіз ондағы керемет нәрселерді бұнда ойлауға санаңыз жетпейді, оларды елестесе алмайсыз. Ал тамақ я жеміс жегенде, екінші рет жегенде оның дәмі алғашқы дәміне ұқсамайды, әр жолы алдынғысынан дәмді болады. Әрине, онда ендігәрі өлім болмайды, ауру-кесел болмайды, көңілсіздік болмайды, демек, жәннәтта тек қуаныш қана болады. Онда сүт өзендері, шәрбат өзендері, шарап өзендері болады, бірақ бұл шарап мына дүниенің шарабына ұқсамайды, демек, мына дүниедегі нәрселерді оларға мүлдем салыстыра алмайсыз.
Жәннәтта, көз көріп, құлақ естімеген нәрселер бар, демек, ешкім жәннәтты елестете алмайды, манағы айтқанымыз тым кішкене баяндар ғана, мүмкін, милионнан бірі де емес. Оған сан жетпейді, оның қандай әдемі екендігін елестете алмайсыз, оған ой-санаңыз жетпейді, ал Алла Әззә уә-Жәллә бұларды Аллаға сенген, Аллаға шүкір айтқан, Аллаға құлшылық еткен адамдарға береді. Ол басқа бірдеңелерге, немесе нәпсісі қалаған нәрселерге, я шайтан әмір еткен нәрселерге құлшылық еткен адамдарға берілмейді. Себебі шайтанмен оның ерушілері адамдарды алдап, оларға манағы жаман нәрселерді қасиетті бірдеңе, және Алладан әмір етілген нәрсе сияқты етіп көрсетуде, бірақ олар Алланың әмірі емес. Олар көптеген бос нәрселерді айтады, ал сәлде болса жақсы ойлана білетін адамдар бұлардың қабыл болмайтын нәрселер екендігін біледі, міне осылай манағылар адамдарды жәннәттан құр қалдырады.
Алла Әззә уә-Жәллә, «шайтан - сендердің ең сұрқия дұшпандарың» дер, ал шайтан болса бүкіл өмірін сарқа жұмсап, адамдарды Алла ﷻдың жолынан тосуға қатты құлшынады. Ол адамдарды мазасыздыққа, жаман ақырға, жаман нәтижеге, барша жамандық атаулыға шақыруда, ол адамдарға, «сенбеңдер, тек өздеріңе сеніңдер, нені ұнатсаң, соны істе, қызық көрмейсіңба, өміріңнен ләззәт алмайсыңба, ешқандай ақыл-кеңес тыңдама, өзіңнің қызығыңды көр, ойыңа келгенді істеуден тосатындарды ешқашан тыңдама» дейді. Ал шайтан кімді өзіне ерте алса, ол қатты қуанып кетеді, ол үшін ең ерекше қуаныш міне осы. Ал кім Алла ﷻдың жолына қайтса, бұл іс шайтан үшін ең ерекше көңілсіздік болмақ.
Шайтанның ең үлкен жауы біздің пайғамбарымыз ﷺ, сол үшін де біз шайтанға еретін адамдардың пайғамбарымызға қатты дұшпан болып жүргендігін көреміз. Себебі, Алла Әззә уә-Жәлләның ең сүйіктісі пайғамбарымыз-дүр, ал шайтан болса, осыған қатты іштарлық қылады, ол тым көре алмас, сондықтан, ол адамдардың пайғамбарымыз ﷺға деген махаббатын құрту үшін барын салуда. Ал осы кезде шайтан дүниенің көп бөлімін меңгеруінде ұстап отыр, біз оны әр жерде көріп жүрміз, демек, оның ерушілерінің күн сайын артып, көбейіп бара жатқанын көрудеміз, ал кейін осы ерушілер тажалдың әскерлеріне айналады.
Бала кезімде Мәхди хазіретпен тажал жәйлы естуші едім, менің анашым ол жәйлы көп айтатын, ол, «тажалдың армиясы жақсы адамгершілік байланысы жоқ адамдардан құралады, олар қалыпты адамдар сияқты болмайды, олар адам тәбиғатына мүлдем қарсы болар» деген еді. Расында, оның армиясы осындай болады, ал бұрынғы кезде бұндай ештеңе жоқ болатын, адамдардың байланысы жақсы болатын. Сондықтан, ол кезде ондай сөзді есту адамды таңғалдыратын еді, бірақ қазіргі заманда осыған ұқсас сан жүз милиондаған адамдарды көріп жүрміз, демек, барлығы тажалға дайындалып қойылған. Қазір әр қауым өздеріне бір басшы-лидерді күтіп жүр, ал манағы адамдар да өз лидерін күтуде, және уақыты бітісімен олардың бұл басшысы шығатын болады, және ол мына бүкіл дүниені аралап басқарады.
Сонымен, біз осы ақырзаманның соңы жақындап қалғанын айтамыз, ал бұнда нағыз құтқарушы Сәйдина Әл-Мәхди әлейхис-саламмен Иса әлейхис-салам болмақ. Манағы істердің барлығы туылып болған соң, олар шығып манағыларды тып-типыл жоқ ететін болады, иншалла, сол кезде ғана мына дүниеге тыныштық орнайды. Себебі жаман адамдардың барлығы тажалға еретін болады, және ол өзін ендігәрі жасыра алмайды, ал соңында олар түгел жойылады. Қазір әр адам осыны күтуде, олар бұл жәйлы естуде, және күтуде, олар тағы, «қашан» деп сұрайды. Бірақ ол кез тым жақын, алайда ол келгенше біздің қаншалық қиналатынымызды Алла ﷻ өзі білер, сол үшін ана-мына іспен өзіңе мәселе тудыру еш қажетсіз, тыныш жүр, жәй жүр. Және иншалла, Алла ﷻ барлығымызды құтқарғай, Сәйдина Әл-Мәхди әлейхис-салам келіп, бізді құтқарғай, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: اقيرەتكە دۇنيە اكەتە المايسىڭ، ىستەگەن ىستەرىڭدى اكەتەسىڭ (2026.04.28 / حيجري 1447-جىل 11-زۇل-قاداح)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Sufiland، Germany، 2026) اعۋزۋبيللاحي ءميناششايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم، «وَتِلْكَ ٱلْأَيَّامُ نُدَاوِلُهَا بَيْنَ ٱلنَّاسِ»، ياعني، «جانە ءبىز كۇندەردى ادامداردىڭ اراسىندا وزگەرتىپ، اۋىستىرىپ وتىرامىز»، قۇران 3ءىنشى سۇرە 140ءىنشى ايات، ساداقاللاحۋلعازيم. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «كۇندەر وتەر، ادامدار كەلەر، جانە كەتەر» دەيدى، دەمەك، بىرەۋى بىتكەندە، ونىڭ ورنىنا تاعى بىرەۋى كەلەر. ادامزات ءۇشىن بۇل ءبىر اقيقات ءىس، بۇل ءبىر شىندىق، ەشكىم بۇل دۇنيەدە ماڭگى قالماس. كۇندەر كەلەدى، سوسىن تەز كەتىپ قالادى، اپتالار، ايلار، جىلدار ءوتىپ جاتىر، ال ارتىڭىزعا قاراساڭىز، ون جىلدىڭ كەنەتتەن تەز ءوتىپ كەتكەنىن بايقايسىز. ءالحامدۋليللا، ءبىز وسى ساپارىمىزعا ريزامىز، بۇنداعى كۇنىمىز ەرتەڭ بىتكەلى وتىر، ينشاللا، بۇل ەلدەگى سۇيىكتى ادامدارىمىزبەن بىرگە كوپتەگەن قالالاردى ارالادىق، ول دا تەز ءوتىپ كەتتى.
ال ءبىز اللا ﷻ بىزگە ءوسىبىر ساپاردى ءناسىپ ەتكەنى ءۇشىن، ادامدارعا قىزمەت وتەپ، ولارعا جاردەم ەتۋدى ءناسىپ ەتكەنى ءۇشىن العىس ايتامىز، ءبىز بۇعان ريزامىز، سەبەبى بۇل كۇندەرىمىز بوسقا ءوتىپ كەتكەن جوق. ينشاللا، اللا ﷻ ونى قابىل ەتكەي، جانە جالعاستىرا بەرگەي، مىنە بۇل ءبىزدىڭ كەلەر ءومىرىمىز ءۇشىن جاقسى بولعان نارسەلەر. كوپتەگەن ەلگە پايعامبارلارى كەلىپ، كەلەر ءومىر ءجايلى ايتتى، ءبىراق ولار وعان سەنبەي قويدى، كەيبىرىن، ماسەلەن، مىسىر فەرعاۋىنىنىڭ پيراميدا سالعانىن، جانە وندا ادامدار اقشا، كيىم، ءتىپتى تاماق قويعانىن ەستىگەن بولارسىزدار. ولار كەلەر ومىرگە بارامىز دەپ، قايىق تا جاساعان ەكەن، ءبىراق ولار كەلەر ومىرگە تولىق سەنگەن جوق.
ال اقيقاتىندا انا دۇنيەگە ادامدار ەشقانداي ماتەريالىق نارسە الىپ كەتە المايدى، ولار ونى قابىر باسىنا قويسا دا، ودان ەش پايدا جوق، ولاردىڭ بارلىعى سوندا تۇرىپ، ساسىپ، ءشىرىپ كەتەتىن بولادى. الدىمەن دەنەڭ ءشىريدى، ودان سوڭ تابىتىڭ ءشىريدى، سوڭىندا بارلىعى توپىراق بولىپ كەتەدى. دەمەك، كوزىڭىزدى جۇمىپ كەتسەڭىز بولعانى، مىنا دۇنيەدەگى ەشتەڭە سىزدىكى بولماي قالادى، بارلىعى وتباسىڭىزعا قالادى، ءتىپتى ايەلىڭىز دە، نەمەسە كۇيەۋىڭىز دە ەندىگارى سىزدىكى بولمايدى. اقشاڭىز، مال-مۇلكىڭىز، ءۇيىڭىز بارلىعى ەندىگارى سىزدىكى ەمەس، ولار مۇراگەرلەرگە قالار. ال ءسىز تەك وسى ومىردە جۇرگەن كەزىڭىزدە ىستەگەن جاقسى ءىس-امالدارىڭىزبەن بەرگەن قايىر-ساداقالارىڭىزدى عانا انا دۇنيەگە جىبەرە الاسىز. سوندىقتان، كەلەر ءومىر ءۇشىن بىردەڭە سالىپ، ونىڭ ىشىنە تاماق، التىن، يا اقشا سالىپ، ءوزىڭدى شارشاتۋ قاجەتسىز، كەلەر ومىردە ونداي نارسەلەر تولىپ جاتىر.
ياعني، ءجانناتتا ادام اقىلى جەتكىسىز التىن-كۇمىستەن، اسىل تاستان سالىنعان كەرەمەت سارايلار، ادەمى ۇيلەر تولىپ جاتىر، ءجاننات سولاي بولار. ال مىنا ومىردە جامان ىستەردى ىستەۋدەن سىزگە پايدا جوق، ءجانناتتا لاعىل تاستار جۇلدىز سياقتى جارقىراپ تۇرادى، ادەمى كيىمدەر تولىپ تۇرادى، باقشالار ءجايناپ، وزەندەر كىلىپ اعادى، ياعني ءسىز ونداعى كەرەمەت نارسەلەردى بۇندا ويلاۋعا ساناڭىز جەتپەيدى، ولاردى ەلەستەسە المايسىز. ال تاماق يا جەمىس جەگەندە، ەكىنشى رەت جەگەندە ونىڭ ءدامى العاشقى دامىنە ۇقسامايدى، ءار جولى الدىنعىسىنان ءدامدى بولادى. ارينە، وندا ەندىگارى ءولىم بولمايدى، اۋرۋ-كەسەل بولمايدى، كوڭىلسىزدىك بولمايدى، دەمەك، ءجانناتتا تەك قۋانىش قانا بولادى. وندا ءسۇت وزەندەرى، ءشاربات وزەندەرى، شاراپ وزەندەرى بولادى، ءبىراق بۇل شاراپ مىنا دۇنيەنىڭ شارابىنا ۇقسامايدى، دەمەك، مىنا دۇنيەدەگى نارسەلەردى ولارعا مۇلدەم سالىستىرا المايسىز.
ءجانناتتا، كوز كورىپ، قۇلاق ەستىمەگەن نارسەلەر بار، دەمەك، ەشكىم ءجانناتتى ەلەستەتە المايدى، ماناعى ايتقانىمىز تىم كىشكەنە باياندار عانا، مۇمكىن، ميليوننان ءبىرى دە ەمەس. وعان سان جەتپەيدى، ونىڭ قانداي ادەمى ەكەندىگىن ەلەستەتە المايسىز، وعان وي-ساناڭىز جەتپەيدى، ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا بۇلاردى اللاعا سەنگەن، اللاعا شۇكىر ايتقان، اللاعا قۇلشىلىق ەتكەن ادامدارعا بەرەدى. ول باسقا بىردەڭەلەرگە، نەمەسە ءناپسىسى قالاعان نارسەلەرگە، يا شايتان ءامىر ەتكەن نارسەلەرگە قۇلشىلىق ەتكەن ادامدارعا بەرىلمەيدى. سەبەبى شايتانمەن ونىڭ ەرۋشىلەرى ادامداردى الداپ، ولارعا ماناعى جامان نارسەلەردى قاسيەتتى بىردەڭە، جانە اللادان ءامىر ەتىلگەن نارسە سياقتى ەتىپ كورسەتۋدە، ءبىراق ولار اللانىڭ ءامىرى ەمەس. ولار كوپتەگەن بوس نارسەلەردى ايتادى، ال سالدە بولسا جاقسى ويلانا بىلەتىن ادامدار بۇلاردىڭ قابىل بولمايتىن نارسەلەر ەكەندىگىن بىلەدى، مىنە وسىلاي ماناعىلار ادامداردى ءجانناتتان قۇر قالدىرادى.
اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «شايتان - سەندەردىڭ ەڭ سۇرقيا دۇشپاندارىڭ» دەر، ال شايتان بولسا بۇكىل ءومىرىن سارقا جۇمساپ، ادامداردى اللا ﷻدىڭ جولىنان توسۋعا قاتتى قۇلشىنادى. ول ادامداردى مازاسىزدىققا، جامان اقىرعا، جامان ناتيجەگە، بارشا جاماندىق اتاۋلىعا شاقىرۋدا، ول ادامدارعا، «سەنبەڭدەر، تەك وزدەرىڭە سەنىڭدەر، نەنى ۇناتساڭ، سونى ىستە، قىزىق كورمەيسىڭبا، ومىرىڭنەن ءلاززات المايسىڭبا، ەشقانداي اقىل-كەڭەس تىڭداما، ءوزىڭنىڭ قىزىعىڭدى كور، ويىڭا كەلگەندى ىستەۋدەن توساتىنداردى ەشقاشان تىڭداما» دەيدى. ال شايتان كىمدى وزىنە ەرتە السا، ول قاتتى قۋانىپ كەتەدى، ول ءۇشىن ەڭ ەرەكشە قۋانىش مىنە وسى. ال كىم اللا ﷻدىڭ جولىنا قايتسا، بۇل ءىس شايتان ءۇشىن ەڭ ەرەكشە كوڭىلسىزدىك بولماق.
شايتاننىڭ ەڭ ۇلكەن جاۋى ءبىزدىڭ پايعامبارىمىز ﷺ، سول ءۇشىن دە ءبىز شايتانعا ەرەتىن ادامداردىڭ پايعامبارىمىزعا قاتتى دۇشپان بولىپ جۇرگەندىگىن كورەمىز. سەبەبى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ەڭ سۇيىكتىسى پايعامبارىمىز-ءدۇر، ال شايتان بولسا، وسىعان قاتتى ءىشتارلىق قىلادى، ول تىم كورە الماس، سوندىقتان، ول ادامداردىڭ پايعامبارىمىز ﷺعا دەگەن ماحابباتىن قۇرتۋ ءۇشىن بارىن سالۋدا. ال وسى كەزدە شايتان دۇنيەنىڭ كوپ ءبولىمىن مەڭگەرۋىندە ۇستاپ وتىر، ءبىز ونى ءار جەردە كورىپ ءجۇرمىز، دەمەك، ونىڭ ەرۋشىلەرىنىڭ كۇن سايىن ارتىپ، كوبەيىپ بارا جاتقانىن كورۋدەمىز، ال كەيىن وسى ەرۋشىلەر تاجالدىڭ اسكەرلەرىنە اينالادى.
بالا كەزىمدە ءماحدي حازىرەتپەن تاجال ءجايلى ەستۋشى ەدىم، مەنىڭ اناشىم ول ءجايلى كوپ ايتاتىن، ول، «تاجالدىڭ ارمياسى جاقسى ادامگەرشىلىك بايلانىسى جوق ادامداردان قۇرالادى، ولار قالىپتى ادامدار سياقتى بولمايدى، ولار ادام ءتابيعاتىنا مۇلدەم قارسى بولار» دەگەن ەدى. راسىندا، ونىڭ ارمياسى وسىنداي بولادى، ال بۇرىنعى كەزدە بۇنداي ەشتەڭە جوق بولاتىن، ادامداردىڭ بايلانىسى جاقسى بولاتىن. سوندىقتان، ول كەزدە ونداي ءسوزدى ەستۋ ادامدى تاڭعالدىراتىن ەدى، ءبىراق قازىرگى زاماندا وسىعان ۇقساس سان ءجۇز ميليونداعان ادامداردى كورىپ ءجۇرمىز، دەمەك، بارلىعى تاجالعا دايىندالىپ قويىلعان. ءقازىر ءار قاۋىم وزدەرىنە ءبىر باسشى-ليدەردى كۇتىپ ءجۇر، ال ماناعى ادامدار دا ءوز ليدەرىن كۇتۋدە، جانە ۋاقىتى بىتىسىمەن ولاردىڭ بۇل باسشىسى شىعاتىن بولادى، جانە ول مىنا بۇكىل دۇنيەنى ارالاپ باسقارادى.
سونىمەن، ءبىز وسى اقىرزاماننىڭ سوڭى جاقىنداپ قالعانىن ايتامىز، ال بۇندا ناعىز قۇتقارۋشى ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيس-سالاممەن يسا الەيحيس-سالام بولماق. ماناعى ىستەردىڭ بارلىعى تۋىلىپ بولعان سوڭ، ولار شىعىپ ماناعىلاردى تىپ-تيپىل جوق ەتەتىن بولادى، ينشاللا، سول كەزدە عانا مىنا دۇنيەگە تىنىشتىق ورنايدى. سەبەبى جامان ادامداردىڭ بارلىعى تاجالعا ەرەتىن بولادى، جانە ول ءوزىن ەندىگارى جاسىرا المايدى، ال سوڭىندا ولار تۇگەل جويىلادى. ءقازىر ءار ادام وسىنى كۇتۋدە، ولار بۇل ءجايلى ەستۋدە، جانە كۇتۋدە، ولار تاعى، «قاشان» دەپ سۇرايدى. ءبىراق ول كەز تىم جاقىن، الايدا ول كەلگەنشە ءبىزدىڭ قانشالىق قينالاتىنىمىزدى اللا ﷻ ءوزى بىلەر، سول ءۇشىن انا-مىنا ىسپەن وزىڭە ماسەلە تۋدىرۋ ەش قاجەتسىز، تىنىش ءجۇر، ءجاي ءجۇر. جانە ينشاللا، اللا ﷻ بارلىعىمىزدى قۇتقارعاي، ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيس-سالام كەلىپ، ءبىزدى قۇتقارعاي، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8795