https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8785
Сұхбат: адамзатты исламнан басқа жүйелер құтқара алмайды (2) (2026.04.21 / Хижри 1447-жыл 04-Зұл-Қадах)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Farid-ul-Islam Mosque – Amsterdam, Netherlands, 2026) Әлхамдулилла, біз тағы да кездестік, Алла ﷻ бізге сол өмірді берді, уақыт тым тез өтуде, голландияда осыдан 7 жыл бұрын болған едік. Ал ел-жұртты сопылық тәриқатқа, исламға шақыру үшін оларға бару, оларды көру, біздің міндетіміз, бірақ біз адам баласы болғандықтан, ұдайы бірге бола алмаймыз. Әрине, көптеген адамдар демалыс болғанда, жазғы демалыстарда станбулға келіп, бізге амандасып тұрады, одан соң ауылдарына, я қалаларына кетеді. Әрине, оны тек 5 пайыз я одан аз жамағатымыз ғана істей алар, бірақ көбі өз жерлерінде тұрады, бізбен бірге бола алмайды, немесе көрісе алмайды. Сол үшін, қазір әлхамдулилла, біз қайта жолыққанымыз үшін Алла ﷻға алғыс айтамыз.
Сапарға шығып, адамдарды шақыру барлық пайғамбарлардың міндеті болған, ал біз соларға еліктеудеміз, оларға еліктеп, сүннет орындаудамыз, Алла ﷻ бізге сол үшін сауап, және рухани қуат береді. Пайғамбарымыз ﷺ, «мұсылман бауыр тағы бір мұсылман бауырын зиярат еткенде, Алла оның әрбір қадамы үшін бір сауап берер, бір күнәсін өшірер, және бір дәреже көтерер» дейді. Әрине, бұл осындағы барлықтарыңыз үшін де солай, себебі сіздер мұсылман бауырларыңызды зиярат етіп келдіңіздер, олар мұсылман, сондықтан Алла ﷻ олардың көпшілігіне сауап береді, иншалла.
Және бұл сүнетті Мәуләнә Шайық Назым хазірет өмір бойы істеп келген, ол соңғы 25 жылында европаға ұдайы келіп, айналып, сапарлап тұрды, сонау Мәуләнә Шайық Абдуллах хазірет оған шайық болуға ижәзә бергеннен бастап, ол әрдайым осылай сапарлап тұратын еді. Әрине, әр әулиеде, әр машайықта ұқсамаған әдіс-амалдар болған, ал Мәуләнә Шайық Абдулла хазірет ешқашан сапарламаған, ол көбінде дамашықта тұрған, ал халуа және қажылық үшін мединаға, меккеге барған. Бірақ Мәуләнә онымен бірінші рет кездескенде, ол Мәуләнәны кипірге адамдарды сопылық тәриқатқа шақыру үшін, оларды пайғамбарымыздың жолына ергізу үшін жіберген болатын.
Ал біз, иншалла, оның жолына еруге тырысамыз, және ол бізге медет берер, бүгін, әлхамдулилла, Мәуләнә Шайық Назым хазіреттің туылған күні, 21інші сәуір. Ол туылғанда, яғни 1922інші жылдары әулие Шайық Шарафудин әд-Дағыстани хазірет тірі еді. Сол кезде ол Мәуләнә Шайық Абдулла хазіретке әулиелік кереметімен, «бүгін біздің бір баламыз дүниеге келді, ол сопылық тәриқаттың, шәриғаттың, исламның ұлы қызметшісі болады, ол арқылы санмыңдаған адам исламға келер» деп айтқан екен. Әлхамдулилла, Мәуләнә Шайық Шарафудин әд-Дағыстани хазірет оның жүзінің қандай екенін, оның қандай болатынын, және оның дәл туылған күні сияқтыларды баяндап береді. Машалла, Мәуләнә Шайық Назым хазірет жүз жылдай өмір сүрді, Мәуләнә Шайық Абдулла хазіреттің үйретуімен, барша білімдерімен, осы заманда оның біліміндей білімге ие болған ешкім жоқ, оның дәрежесіндей дәреже жоқ.
Кейде біз кейбір машайықтарды, көрнеу я көмес нәрселері бар адамдарды көрген кезде, олардың кей нәрсені біліп, кей нәрсені білмейтіндігін байқаймыз, бірақ Мәуләнә Шайық олай емес, ол барлығында мүлтіксіз еді. Ол ғылым, шәриғат, тәриқат бәріне жүйрік, олардың барлығында ең биікте болған, ол, «وارث محمَّدي حقيقي», «уәриғ мухаммади хақиқи», яғни, «шын мухаммадан мұрагері» еді. Әлхамдулилла, ол, «мен адамдармен кезігуден шаршап кеттім» деп, ешқашан айтпаған. Ол соңғы күндеріне дейін, адам қабылдады, оларды үйретті, оларға сөйледі, және оларға дұға етті. Ол әркүні, «ниетім күпірлікті жою, мендегі ниет осы» деп, айтып отыратын, ол бұны әркүні қайталап айтатын, және бұл жақсы ниет біз үшін де бір жақсы сабақ болмақ.
Себебі, ниет маңызды, ал Алла ﷻ ниет үшін сауап береді, бұл да бізді сауап табуға үйретеді, себебі, «نِيَّةُ المَرْءِ خَيْرٌ مِنْ عَمَلِهِ», яғни, «адамның ниеті амалынан жақсы» делінер. Демек, адамның ниеті, я біреудің ниеті, оның ісінен де жақсырақ болмақ, ол тағы, «мен 40 мың дерга-зауия ашуға ниет етемін» деп айтып отыратын. Себебі, дерга-зауия, немесе мешіттер мүминдер үшін бір пана, ол адамдарды бір жерге жинайды, барлық сопылық тәриқатта адамдардың бір-бірін білетін, мүршит-шайықтарын еститін, бірге жиналатын орындары болады. Олар сол орындарда осылай бірін-бірі біледі, бір-біріне жақындайды, және ол тек осы жолмен ғана іске асады.
Пайғамбарымыз ﷺ, «мүминдер бір дене сияқты, егер олардың бір жері ауырса, бүкіл денесі содан ауырар» дейді, олар осылай басқаларға не керек екендігін немесе не істелуі керек екендігін біледі. Барлығы, яғни барша жақсы үйренулер дергамен зауияда алынып барылады, және адамдар сонда өзара танысады. Себебі, көптеген адамдар ештеңе білмейді, біреу бірдеңе сұраса, ешкімге сенбейді, немесе ермейді. Бірақ дерга немесе зауияда олар бірін-бірі біледі, сондықтан, олар өзара көмектесе алады, ал ондағылар жақсы нәрселер үйретуі керек, олар ненің дұрыс, ненің бұрыс екендігін сұрауына болады. Себебі, кейбір адамдар ислам жәйлы бірдеңе айтар, бірақ айтқандары исламнан болмай шығады, міне осындай нәрселер ел-жұртты исламнан қашырады, ал дергалар дұрыс нәрселерді үйретіп отырады.
Әрине, бұл кездегі ең маңызды іс мынау, мәселен, адамдар қазіргі көз алдағы дүние хәлі жәйлы сұрар, олар, «не болды, не болмақ» деп жүр. Ал сіз мынаны істеуіңіз керек, яғни, көрген нәрселеріңізбен, немесе олардың не болып жатқаны жәйлы айтқандарының көбіне сене бермеңіз. Себебі, шайтани адамдар мұсылмандарды ашуландырып, оларды көшеге көтеріліске шығуға, барлығын қиратуға, тас лақтыруға, айғай-шу шығаруға айтақтағысы келеді. Одан соң, ол бір ойынға айналып кетеді де, ол нәрселер ел-жұртқа жақсы болмайды, бұндай нәрселер бей-мұсылмандардың үйреткендері еді. Ал әулие Мәуләнә Шайық Назым хазірет, «әр жолы мұсылман көңілсіз болғанда, мешітке барсын, сонда тәсбих жасасын, Алладан қолдау сұрап дұға етсін, өз амандығы үшін дұға етсін» деп айтушы еді.
Ал қазір бұны айтсаңыз, адамдар ашуланып кетеді, «сен бізді қолдамай жатырсың» дейді, сен не қолдап жүрсің, қазіргі кез шайтанның кезі, Алла Әззә уә-Жәллә, «وَلَا تُلْقُوا۟ بِأَيْدِيكُمْ إِلَى ٱلتَّهْلُكَةِ», яғни, «өздеріңді өз қолдарыңмен қауіпке тастамаңдар» дейді, құран 2інші сүре 195інші аят. Демек, өзіңізді қауіпке тастамаңыз, ал егер сіз солай мәселе жасасаңыз, ол сізге қауіпті болады да, еш пайда келмес. Барлығы Алла ﷻдың қалауымен болар, ал қазіргі заман ақырзаман, оны ешкім тоқтата алмайды, оны тек Сәйдина Әл-Мәхди әлейхис-салам ғана тоқтата алады, иншалла. Себебі, барлығы Алла ﷻдың хикіметімен нұсқауымен болуы керек, мәселен, пайғамбарымыз ﷺ «шық және адамдарды шақыр» деген кезге дейін өзін жасырып келген.
Сол үшін, пайғамбарымыз ﷺ үйреткен барлық нәрселерге сопылық тәриқат адамдары еруде, ал қазіргі кез заманақыр кез, бүлік-фитнаға толы кез. Сондықтан біз адамдарымызды, яғни сопылық тәриқаттағыларды тыныш жүруге, үнсіз болуға, және Алланың бізді құтқаруы үшін, күллі адамзатты құтқаруы үшін дұға жасап жүруге кеңес береміз, иншалла. Алла Әззә уә-Жәллә, «فَٱصْبِرْ إِنَّ وَعْدَ ٱللَّهِ حَقٌّ ۖ», яғни, «сондықтан, сабырлы бол, расында, Алланың уәдесі хақ» дейді, құран 30інші сүре 60інші аят. Алла ﷻ бұнда, «сабыр ет, Алла нені уәде етсе, ол шын» дейді. Бұндағы «уад», яғни Алланың уәдесі сол, алда мына бүкіл дүние исламда болады, иншалла.
Адамзаттың қауіпсіздігіне қалған жалғыз жол осы ғана, ал адамдар өз ана-мына сан түрлі жолдарды, жүйелерді сынап көрді, жақсы-жаман барлығын сынап көрді, олар барлығын сынады. Сол үшін де милиондаған адамдарды өлтірді, азаптап қинады, зұлымдықтар жасады, олар әртүрлі жүйелерді сынап көрді, бірақ олардың ешқайсысы түзу жұмыс істеген жоқ, жақсы өнім бермеді. Ал бұнда адамды құтқаратын жол тек ислам ғана, иншалла, мүмин адам бұған сенуі керек, және үмітсіз болмауы керек. Ал сіз осыны білген кезде, қанағат табасыз, және Алла ﷻдан келетін жол ашылуды күткеніңіз үшін сауапқа бөленетін боласыз. Алла ﷻ осыбір күндерді тезден болдырғай, иншалла.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: ادامزاتتى يسلامنان باسقا جۇيەلەر قۇتقارا المايدى (2) (2026.04.21 / حيجري 1447-جىل 04-زۇل-قاداح)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Farid-ul-Islam Mosque – Amsterdam، Netherlands، 2026) ءالحامدۋليللا، ءبىز تاعى دا كەزدەستىك، اللا ﷻ بىزگە سول ءومىردى بەردى، ۋاقىت تىم تەز وتۋدە، گوللانديادا وسىدان 7 جىل بۇرىن بولعان ەدىك. ال ەل-جۇرتتى سوپىلىق ءتاريقاتقا، يسلامعا شاقىرۋ ءۇشىن ولارعا بارۋ، ولاردى كورۋ، ءبىزدىڭ مىندەتىمىز، ءبىراق ءبىز ادام بالاسى بولعاندىقتان، ۇدايى بىرگە بولا المايمىز. ارينە، كوپتەگەن ادامدار دەمالىس بولعاندا، جازعى دەمالىستاردا ستانبۋلعا كەلىپ، بىزگە امانداسىپ تۇرادى، ودان سوڭ اۋىلدارىنا، يا قالالارىنا كەتەدى. ارينە، ونى تەك 5 پايىز يا ودان از جاماعاتىمىز عانا ىستەي الار، ءبىراق كوبى ءوز جەرلەرىندە تۇرادى، بىزبەن بىرگە بولا المايدى، نەمەسە كورىسە المايدى. سول ءۇشىن، ءقازىر ءالحامدۋليللا، ءبىز قايتا جولىققانىمىز ءۇشىن اللا ﷻعا العىس ايتامىز.
ساپارعا شىعىپ، ادامداردى شاقىرۋ بارلىق پايعامبارلاردىڭ مىندەتى بولعان، ال ءبىز سولارعا ەلىكتەۋدەمىز، ولارعا ەلىكتەپ، سۇننەت ورىنداۋدامىز، اللا ﷻ بىزگە سول ءۇشىن ساۋاپ، جانە رۋحاني قۋات بەرەدى. پايعامبارىمىز ﷺ، «مۇسىلمان باۋىر تاعى ءبىر مۇسىلمان باۋىرىن زيارات ەتكەندە، اللا ونىڭ ءاربىر قادامى ءۇشىن ءبىر ساۋاپ بەرەر، ءبىر كۇناسىن وشىرەر، جانە ءبىر دارەجە كوتەرەر» دەيدى. ارينە، بۇل وسىنداعى بارلىقتارىڭىز ءۇشىن دە سولاي، سەبەبى سىزدەر مۇسىلمان باۋىرلارىڭىزدى زيارات ەتىپ كەلدىڭىزدەر، ولار مۇسىلمان، سوندىقتان اللا ﷻ ولاردىڭ كوپشىلىگىنە ساۋاپ بەرەدى، ينشاللا.
جانە بۇل سۇنەتتى ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ءومىر بويى ىستەپ كەلگەن، ول سوڭعى 25 جىلىندا ەۆروپاعا ۇدايى كەلىپ، اينالىپ، ساپارلاپ تۇردى، سوناۋ ءماۋلانا شايىق ابدۋللاح حازىرەت وعان شايىق بولۋعا ءيجازا بەرگەننەن باستاپ، ول ءاردايىم وسىلاي ساپارلاپ تۇراتىن ەدى. ارينە، ءار اۋليەدە، ءار ماشايىقتا ۇقساماعان ءادىس-امالدار بولعان، ال ءماۋلانا شايىق ابدۋللا حازىرەت ەشقاشان ساپارلاماعان، ول كوبىندە داماشىقتا تۇرعان، ال حالۋا جانە قاجىلىق ءۇشىن مەديناعا، مەككەگە بارعان. ءبىراق ءماۋلانا ونىمەن ءبىرىنشى رەت كەزدەسكەندە، ول ءماۋلانانى كيپىرگە ادامداردى سوپىلىق ءتاريقاتقا شاقىرۋ ءۇشىن، ولاردى پايعامبارىمىزدىڭ جولىنا ەرگىزۋ ءۇشىن جىبەرگەن بولاتىن.
ال ءبىز، ينشاللا، ونىڭ جولىنا ەرۋگە تىرىسامىز، جانە ول بىزگە مەدەت بەرەر، بۇگىن، ءالحامدۋليللا، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتتىڭ تۋىلعان كۇنى، 21ءىنشى ءساۋىر. ول تۋىلعاندا، ياعني 1922ءىنشى جىلدارى اۋليە شايىق شارافۋدين ءاد-داعىستاني حازىرەت ءتىرى ەدى. سول كەزدە ول ءماۋلانا شايىق ابدۋللا حازىرەتكە اۋليەلىك كەرەمەتىمەن، «بۇگىن ءبىزدىڭ ءبىر بالامىز دۇنيەگە كەلدى، ول سوپىلىق ءتاريقاتتىڭ، ءشاريعاتتىڭ، يسلامنىڭ ۇلى قىزمەتشىسى بولادى، ول ارقىلى سانمىڭداعان ادام يسلامعا كەلەر» دەپ ايتقان ەكەن. ءالحامدۋليللا، ءماۋلانا شايىق شارافۋدين ءاد-داعىستاني حازىرەت ونىڭ ءجۇزىنىڭ قانداي ەكەنىن، ونىڭ قانداي بولاتىنىن، جانە ونىڭ ءدال تۋىلعان كۇنى سياقتىلاردى بايانداپ بەرەدى. ماشاللا، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ءجۇز جىلداي ءومىر ءسۇردى، ءماۋلانا شايىق ابدۋللا حازىرەتتىڭ ۇيرەتۋىمەن، بارشا بىلىمدەرىمەن، وسى زاماندا ونىڭ بىلىمىندەي بىلىمگە يە بولعان ەشكىم جوق، ونىڭ دارەجەسىندەي دارەجە جوق.
كەيدە ءبىز كەيبىر ماشايىقتاردى، كورنەۋ يا كومەس نارسەلەرى بار ادامداردى كورگەن كەزدە، ولاردىڭ كەي نارسەنى ءبىلىپ، كەي نارسەنى بىلمەيتىندىگىن بايقايمىز، ءبىراق ءماۋلانا شايىق ولاي ەمەس، ول بارلىعىندا مۇلتىكسىز ەدى. ول عىلىم، ءشاريعات، ءتاريقات بارىنە جۇيرىك، ولاردىڭ بارلىعىندا ەڭ بيىكتە بولعان، ول، «وارث محمَّدي حقيقي»، «ءۋاريع مۋحاممادي حاقيقي»، ياعني، «شىن مۋحاممادان مۇراگەرى» ەدى. ءالحامدۋليللا، ول، «مەن ادامدارمەن كەزىگۋدەن شارشاپ كەتتىم» دەپ، ەشقاشان ايتپاعان. ول سوڭعى كۇندەرىنە دەيىن، ادام قابىلدادى، ولاردى ۇيرەتتى، ولارعا سويلەدى، جانە ولارعا دۇعا ەتتى. ول اركۇنى، «نيەتىم كۇپىرلىكتى جويۋ، مەندەگى نيەت وسى» دەپ، ايتىپ وتىراتىن، ول بۇنى اركۇنى قايتالاپ ايتاتىن، جانە بۇل جاقسى نيەت ءبىز ءۇشىن دە ءبىر جاقسى ساباق بولماق.
سەبەبى، نيەت ماڭىزدى، ال اللا ﷻ نيەت ءۇشىن ساۋاپ بەرەدى، بۇل دا ءبىزدى ساۋاپ تابۋعا ۇيرەتەدى، سەبەبى، «نِيَّةُ ءالمَرِْ خَيْرٌ مِنْ عَمَلِهِ»، ياعني، «ادامنىڭ نيەتى امالىنان جاقسى» دەلىنەر. دەمەك، ادامنىڭ نيەتى، يا بىرەۋدىڭ نيەتى، ونىڭ ىسىنەن دە جاقسىراق بولماق، ول تاعى، «مەن 40 مىڭ دەرگا-زاۋيا اشۋعا نيەت ەتەمىن» دەپ ايتىپ وتىراتىن. سەبەبى، دەرگا-زاۋيا، نەمەسە مەشىتتەر مۇميندەر ءۇشىن ءبىر پانا، ول ادامداردى ءبىر جەرگە جينايدى، بارلىق سوپىلىق ءتاريقاتتا ادامداردىڭ ءبىر-ءبىرىن بىلەتىن، ءمۇرشيت-شايىقتارىن ەستيتىن، بىرگە جينالاتىن ورىندارى بولادى. ولار سول ورىنداردا وسىلاي ءبىرىن-ءبىرى بىلەدى، ءبىر-بىرىنە جاقىندايدى، جانە ول تەك وسى جولمەن عانا ىسكە اسادى.
پايعامبارىمىز ﷺ، «مۇميندەر ءبىر دەنە سياقتى، ەگەر ولاردىڭ ءبىر جەرى اۋىرسا، بۇكىل دەنەسى سودان اۋىرار» دەيدى، ولار وسىلاي باسقالارعا نە كەرەك ەكەندىگىن نەمەسە نە ىستەلۋى كەرەك ەكەندىگىن بىلەدى. بارلىعى، ياعني بارشا جاقسى ۇيرەنۋلەر دەرگامەن زاۋيادا الىنىپ بارىلادى، جانە ادامدار سوندا ءوزارا تانىسادى. سەبەبى، كوپتەگەن ادامدار ەشتەڭە بىلمەيدى، بىرەۋ بىردەڭە سۇراسا، ەشكىمگە سەنبەيدى، نەمەسە ەرمەيدى. ءبىراق دەرگا نەمەسە زاۋيادا ولار ءبىرىن-ءبىرى بىلەدى، سوندىقتان، ولار ءوزارا كومەكتەسە الادى، ال ونداعىلار جاقسى نارسەلەر ۇيرەتۋى كەرەك، ولار نەنىڭ دۇرىس، نەنىڭ بۇرىس ەكەندىگىن سۇراۋىنا بولادى. سەبەبى، كەيبىر ادامدار يسلام ءجايلى بىردەڭە ايتار، ءبىراق ايتقاندارى يسلامنان بولماي شىعادى، مىنە وسىنداي نارسەلەر ەل-جۇرتتى يسلامنان قاشىرادى، ال دەرگالار دۇرىس نارسەلەردى ۇيرەتىپ وتىرادى.
ارينە، بۇل كەزدەگى ەڭ ماڭىزدى ءىس مىناۋ، ماسەلەن، ادامدار قازىرگى كوز الداعى دۇنيە ءحالى ءجايلى سۇرار، ولار، «نە بولدى، نە بولماق» دەپ ءجۇر. ال ءسىز مىنانى ىستەۋىڭىز كەرەك، ياعني، كورگەن نارسەلەرىڭىزبەن، نەمەسە ولاردىڭ نە بولىپ جاتقانى ءجايلى ايتقاندارىنىڭ كوبىنە سەنە بەرمەڭىز. سەبەبى، شايتاني ادامدار مۇسىلمانداردى اشۋلاندىرىپ، ولاردى كوشەگە كوتەرىلىسكە شىعۋعا، بارلىعىن قيراتۋعا، تاس لاقتىرۋعا، ايعاي-شۋ شىعارۋعا ايتاقتاعىسى كەلەدى. ودان سوڭ، ول ءبىر ويىنعا اينالىپ كەتەدى دە، ول نارسەلەر ەل-جۇرتقا جاقسى بولمايدى، بۇنداي نارسەلەر بەي-مۇسىلمانداردىڭ ۇيرەتكەندەرى ەدى. ال اۋليە ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت، «ءار جولى مۇسىلمان كوڭىلسىز بولعاندا، مەشىتكە بارسىن، سوندا ءتاسبيح جاساسىن، اللادان قولداۋ سۇراپ دۇعا ەتسىن، ءوز اماندىعى ءۇشىن دۇعا ەتسىن» دەپ ايتۋشى ەدى.
ال ءقازىر بۇنى ايتساڭىز، ادامدار اشۋلانىپ كەتەدى، «سەن ءبىزدى قولداماي جاتىرسىڭ» دەيدى، سەن نە قولداپ ءجۇرسىڭ، قازىرگى كەز شايتاننىڭ كەزى، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «وَلَا تُلْقُوا۟ بِأَيْدِيكُمْ إِلَى ٱلتَّهْلُكَةِ»، ياعني، «وزدەرىڭدى ءوز قولدارىڭمەن قاۋىپكە تاستاماڭدار» دەيدى، قۇران 2ءىنشى سۇرە 195ءىنشى ايات. دەمەك، ءوزىڭىزدى قاۋىپكە تاستاماڭىز، ال ەگەر ءسىز سولاي ماسەلە جاساساڭىز، ول سىزگە ءقاۋىپتى بولادى دا، ەش پايدا كەلمەس. بارلىعى اللا ﷻدىڭ قالاۋىمەن بولار، ال قازىرگى زامان اقىرزامان، ونى ەشكىم توقتاتا المايدى، ونى تەك ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيس-سالام عانا توقتاتا الادى، ينشاللا. سەبەبى، بارلىعى اللا ﷻدىڭ حيكىمەتىمەن نۇسقاۋىمەن بولۋى كەرەك، ماسەلەن، پايعامبارىمىز ﷺ «شىق جانە ادامداردى شاقىر» دەگەن كەزگە دەيىن ءوزىن جاسىرىپ كەلگەن.
سول ءۇشىن، پايعامبارىمىز ﷺ ۇيرەتكەن بارلىق نارسەلەرگە سوپىلىق ءتاريقات ادامدارى ەرۋدە، ال قازىرگى كەز زاماناقىر كەز، بۇلىك-فيتناعا تولى كەز. سوندىقتان ءبىز ادامدارىمىزدى، ياعني سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلاردى تىنىش جۇرۋگە، ءۇنسىز بولۋعا، جانە اللانىڭ ءبىزدى قۇتقارۋى ءۇشىن، كۇللى ادامزاتتى قۇتقارۋى ءۇشىن دۇعا جاساپ جۇرۋگە كەڭەس بەرەمىز، ينشاللا. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «فَٱصْبِرْ إِنَّ وَعْدَ ٱللَّهِ حَقٌّ ۖ»، ياعني، «سوندىقتان، سابىرلى بول، راسىندا، اللانىڭ ۋادەسى حاق» دەيدى، قۇران 30ءىنشى سۇرە 60ءىنشى ايات. اللا ﷻ بۇندا، «سابىر ەت، اللا نەنى ۋادە ەتسە، ول شىن» دەيدى. بۇنداعى «ۋاد»، ياعني اللانىڭ ۋادەسى سول، الدا مىنا بۇكىل دۇنيە يسلامدا بولادى، ينشاللا.
ادامزاتتىڭ قاۋىپسىزدىگىنە قالعان جالعىز جول وسى عانا، ال ادامدار ءوز انا-مىنا سان ءتۇرلى جولداردى، جۇيەلەردى سىناپ كوردى، جاقسى-جامان بارلىعىن سىناپ كوردى، ولار بارلىعىن سىنادى. سول ءۇشىن دە ميليونداعان ادامداردى ءولتىردى، ازاپتاپ قينادى، زۇلىمدىقتار جاسادى، ولار ءارتۇرلى جۇيەلەردى سىناپ كوردى، ءبىراق ولاردىڭ ەشقايسىسى ءتۇزۋ جۇمىس ىستەگەن جوق، جاقسى ءونىم بەرمەدى. ال بۇندا ادامدى قۇتقاراتىن جول تەك يسلام عانا، ينشاللا، ءمۇمين ادام بۇعان سەنۋى كەرەك، جانە ءۇمىتسىز بولماۋى كەرەك. ال ءسىز وسىنى بىلگەن كەزدە، قاناعات تاباسىز، جانە اللا ﷻدان كەلەتىن جول اشىلۋدى كۇتكەنىڭىز ءۇشىن ساۋاپقا بولەنەتىن بولاسىز. اللا ﷻ ءوسىبىر كۇندەردى تەزدەن بولدىرعاي، ينشاللا.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8785