You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.

https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8772
Сұхбат: шайтан бұзық ғұламалар арқылы, мұсылманның иманын құртады (2026.04.12 / Хижри 1447-жыл 24-Шәуал)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.

(Akbaba Dergah, Istanbul, Türkiye, 2026) Алла ﷻ барлығымызды ақырзаманның бүлігінен сақтағай, бұл - аса үлкен бүлік, адамдардың иманын жоғалту үшін, оларды имансыз ету үшін шайтан барлық жақтан шабуыл жасап, тисіп жатыр. Себебі шайтан адам баласының үлкен дұшпаны, ол адам баласын Алла Әззә уә-Жәлләның игілігінен мүлдем жырақ еткісі келеді. Ол олардың иманын алып кеткісі келеді, сонда адамдар Аллаға қарсы келер, Алланы танымас болар. Адамдар иманын күшейту үшін, олар пайғамбарымыз ﷺның жолына ілесуі керек, ал оның көрсеткен жолын жалғастырып келе жатқандар сахабалар, ғұламалар, әулиелер және мәзхаптар еді, олар адамдардың иманын құтқарады, иншалла. Әйтпесе, олар имансыз күйде өлер, мағазғАллаһ, Алла сақтасын.

Қазір, біз айтып отырған бүлік ең сұрқия бүлік еді, демек, олар өздерін ғұлама атап алғандар болатын, өткен 100 я 150 жылдан бері сондай ғұламалар пайда болды, олар, «исламды жаңалаймыз, исламды реформалаймыз, айтеміз, бүйтеміз» деп, жар салды. Олар исламды реформалақ түгілі, ислам дұшпандарының ой-идеяларын төтесінен ислам дүниесіне енгізіп жіберді. Олар өздерінің мәжіліс-жиналыстары арқылы адамдардың иманын бұзып, оларды имансыз күйде тастап қойды, сондықтан біз сақ болуымыз керек. Әхлул сүннә уәл-жамағат, пайғамбарымыз ﷺның жолы, мәзхап және сопылық тәриқат маңызды, ал мәзхаппен сопылық мұсылмандардың иманын қорғауда аса шешуші түйін саналады, бұларсыз ештеңе мүмкін емес.

Адамдар адасты, лағып кетті, олар не істеп жатқанын немесе не болып жатқанын білген жоқ, олар, «біз жақсы бірдеңе істеп жүрміз» деп ойлар, бірақ ақырында олар ұтылатын болады. Оларда иман да, ислам да, басқа ештеңе де қалмады, олар ең маңызды болған ең асыл нәрсені жоғалытты. Не үшін жоғалытты? себебі осыбір ғұламус-су яғни бұзық ғұламалар көптеген кесір істеп кетті, пайғамбарымыз ﷺ атап кеткендей, олар бұзық, кесірлі ғұламалар еді, ел-жұртты адастырған ғұламалар еді. Олар өздерінің аталмыш оқу-ағартуы арқылы исламды құртуда, одан олар имансыз біреулер болып шыға келді, және олар өзгелерді де адастырып жібереді. Міне осыбір ғұламалар, осыбір бейшаралар исламды, «діншіл болып, адамдарды дінге шақырамыз, иманды күшейтеміз» деген желеу-ниетпен үйренеді, бірақ соңында олардың имандары өшкіндеп, имансыз біреулерге айналады. Алла ﷻ бізді панасына алғай.

Осыған көңіл бөлуіміз керек, біз сопылық тәриқатты, шәриғатты және мәзхапты белден баспауымыз керек, ал, «бұл нәрселер қажетсіз» деген адамға еш құлақ аспаңдар, мейлі олар қайсы жамағат болсын, оларды тыңдамаңдар. Мейлі олар қаншама кітап жазсын, олардың қаншама көп оқырмандары болсын, олардан аулақ болыңдар. Демек, сопылық тәриқатты қабыл етпейтін осыбір аталмыш ғұламалардан аулақ жүріңіздер. Тіпті осындай ғұламалар Әбдул Хамит сұлтанның кезінде де болған, ал Әбдул Хамит сұлтанға қарсы болған ғұламаларда еш құн жоқ, олар - түкке татымайтын біреулер. Себебі олар сопылық тәриқатқа қарсы болып, дінге реформа жасады, олар осылайша шайтанның құралы болып кетті, оларға сенбеңдер, ал олардың салған зиянын Алла ﷻ өзі біледі.

Нағыз ғұламаларды көзі ашық ел-жұрт біледі, бірақ осы дегдар адамдар дауыстарын көтерсе, манағылар жүгіріп келіп, олардың үнін басып жібереді, Алла ﷻ бізді осыбір кесір-кесапатпен бәле-қаладан сақтағай. Ең үлкен қауіп, ең үлкен күнә осындай адамдардың мойнында жатыр, ал кім ел-жұртты адастырса, олардың барлығының күнәсін арқалайтын болады. Және олар осыманлы империясынан соң, және оның соңғы жылдарында милиондаған мұсылмандардың өлімін келтіріп шығарады. Тек рухани тұрғыда ғана емес, материялдық тұрғыда да көп залал әкелді, олар ел-жұртты үйлерінен, жерлерінен қуалап жіберді. Адамдарды заттық және рухани тұрғыда бірдей зияндады, бірақ сонда да ел-жұрт оянған жоқ, көбісі әлі соларға еріп жүр. Алла ﷻ оларға ақыл және түсінік бергей, иншалла.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami

https://nvrislam.net/index.php?j=kz&post=8772

سۇحبات: شايتان بۇزىق عۇلامالار ارقىلى، مۇسىلماننىڭ يمانىن قۇرتادى (2026.04.12 / حيجري 1447-جىل 24-ءشاۋال)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

(Akbaba Dergah، Istanbul، Türkiye، 2026) اللا ﷻ بارلىعىمىزدى اقىرزاماننىڭ بۇلىگىنەن ساقتاعاي، بۇل - اسا ۇلكەن بۇلىك، ادامداردىڭ يمانىن جوعالتۋ ءۇشىن، ولاردى يمانسىز ەتۋ ءۇشىن شايتان بارلىق جاقتان شابۋىل جاساپ، ءتيسىپ جاتىر. سەبەبى شايتان ادام بالاسىنىڭ ۇلكەن دۇشپانى، ول ادام بالاسىن اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ يگىلىگىنەن مۇلدەم جىراق ەتكىسى كەلەدى. ول ولاردىڭ يمانىن الىپ كەتكىسى كەلەدى، سوندا ادامدار اللاعا قارسى كەلەر، اللانى تانىماس بولار. ادامدار يمانىن كۇشەيتۋ ءۇشىن، ولار پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولىنا ىلەسۋى كەرەك، ال ونىڭ كورسەتكەن جولىن جالعاستىرىپ كەلە جاتقاندار ساحابالار، عۇلامالار، اۋليەلەر جانە ءمازحاپتار ەدى، ولار ادامداردىڭ يمانىن قۇتقارادى، ينشاللا. ايتپەسە، ولار يمانسىز كۇيدە ولەر، ماعازعاللاھ، اللا ساقتاسىن.

ءقازىر، ءبىز ايتىپ وتىرعان بۇلىك ەڭ سۇرقيا بۇلىك ەدى، دەمەك، ولار وزدەرىن عۇلاما اتاپ العاندار بولاتىن، وتكەن 100 يا 150 جىلدان بەرى سونداي عۇلامالار پايدا بولدى، ولار، «يسلامدى جاڭالايمىز، يسلامدى رەفورمالايمىز، ايتەمىز، بۇيتەمىز» دەپ، جار سالدى. ولار يسلامدى رەفورمالاق تۇگىلى، يسلام دۇشپاندارىنىڭ وي-يدەيالارىن توتەسىنەن يسلام دۇنيەسىنە ەنگىزىپ جىبەردى. ولار وزدەرىنىڭ ءماجىلىس-جينالىستارى ارقىلى ادامداردىڭ يمانىن بۇزىپ، ولاردى يمانسىز كۇيدە تاستاپ قويدى، سوندىقتان ءبىز ساق بولۋىمىز كەرەك. ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال-جاماعات، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولى، ءمازحاپ جانە سوپىلىق ءتاريقات ماڭىزدى، ال مازحاپپەن سوپىلىق مۇسىلمانداردىڭ يمانىن قورعاۋدا اسا شەشۋشى ءتۇيىن سانالادى، بۇلارسىز ەشتەڭە مۇمكىن ەمەس.

ادامدار اداستى، لاعىپ كەتتى، ولار نە ىستەپ جاتقانىن نەمەسە نە بولىپ جاتقانىن بىلگەن جوق، ولار، «ءبىز جاقسى بىردەڭە ىستەپ ءجۇرمىز» دەپ ويلار، ءبىراق اقىرىندا ولار ۇتىلاتىن بولادى. ولاردا يمان دا، يسلام دا، باسقا ەشتەڭە دە قالمادى، ولار ەڭ ماڭىزدى بولعان ەڭ اسىل نارسەنى جوعالىتتى. نە ءۇشىن جوعالىتتى؟ سەبەبى ءوسىبىر عۇلامۋس-سۋ ياعني بۇزىق عۇلامالار كوپتەگەن كەسىر ىستەپ كەتتى، پايعامبارىمىز ﷺ اتاپ كەتكەندەي، ولار بۇزىق، كەسىرلى عۇلامالار ەدى، ەل-جۇرتتى اداستىرعان عۇلامالار ەدى. ولار وزدەرىنىڭ اتالمىش وقۋ-اعارتۋى ارقىلى يسلامدى قۇرتۋدا، ودان ولار يمانسىز بىرەۋلەر بولىپ شىعا كەلدى، جانە ولار وزگەلەردى دە اداستىرىپ جىبەرەدى. مىنە ءوسىبىر عۇلامالار، ءوسىبىر بەيشارالار يسلامدى، «ءدىنشىل بولىپ، ادامداردى دىنگە شاقىرامىز، يماندى كۇشەيتەمىز» دەگەن جەلەۋ-نيەتپەن ۇيرەنەدى، ءبىراق سوڭىندا ولاردىڭ يماندارى وشكىندەپ، يمانسىز بىرەۋلەرگە اينالادى. اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي.

وسىعان كوڭىل ءبولۋىمىز كەرەك، ءبىز سوپىلىق ءتاريقاتتى، ءشاريعاتتى جانە ءمازحاپتى بەلدەن باسپاۋىمىز كەرەك، ال، «بۇل نارسەلەر قاجەتسىز» دەگەن ادامعا ەش قۇلاق اسپاڭدار، مەيلى ولار قايسى جاماعات بولسىن، ولاردى تىڭداماڭدار. مەيلى ولار قانشاما كىتاپ جازسىن، ولاردىڭ قانشاما كوپ وقىرماندارى بولسىن، ولاردان اۋلاق بولىڭدار. دەمەك، سوپىلىق ءتاريقاتتى قابىل ەتپەيتىن ءوسىبىر اتالمىش عۇلامالاردان اۋلاق جۇرىڭىزدەر. ءتىپتى وسىنداي عۇلامالار ءابدۋل حاميت سۇلتاننىڭ كەزىندە دە بولعان، ال ءابدۋل حاميت سۇلتانعا قارسى بولعان عۇلامالاردا ەش قۇن جوق، ولار - تۇككە تاتىمايتىن بىرەۋلەر. سەبەبى ولار سوپىلىق ءتاريقاتقا قارسى بولىپ، دىنگە رەفورما جاسادى، ولار وسىلايشا شايتاننىڭ قۇرالى بولىپ كەتتى، ولارعا سەنبەڭدەر، ال ولاردىڭ سالعان زيانىن اللا ﷻ ءوزى بىلەدى.

ناعىز عۇلامالاردى كوزى اشىق ەل-جۇرت بىلەدى، ءبىراق وسى دەگدار ادامدار داۋىستارىن كوتەرسە، ماناعىلار جۇگىرىپ كەلىپ، ولاردىڭ ءۇنىن باسىپ جىبەرەدى، اللا ﷻ ءبىزدى ءوسىبىر كەسىر-كەساپاتپەن بالە-قالادان ساقتاعاي. ەڭ ۇلكەن ءقاۋىپ، ەڭ ۇلكەن كۇنا وسىنداي ادامداردىڭ موينىندا جاتىر، ال كىم ەل-جۇرتتى اداستىرسا، ولاردىڭ بارلىعىنىڭ كۇناسىن ارقالايتىن بولادى. جانە ولار وسىمانلى يمپەرياسىنان سوڭ، جانە ونىڭ سوڭعى جىلدارىندا ميليونداعان مۇسىلمانداردىڭ ءولىمىن كەلتىرىپ شىعارادى. تەك رۋحاني تۇرعىدا عانا ەمەس، ماتەريالدىق تۇرعىدا دا كوپ زالال اكەلدى، ولار ەل-جۇرتتى ۇيلەرىنەن، جەرلەرىنەن قۋالاپ جىبەردى. ادامداردى زاتتىق جانە رۋحاني تۇرعىدا بىردەي زياندادى، ءبىراق سوندا دا ەل-جۇرت ويانعان جوق، كوبىسى ءالى سولارعا ەرىپ ءجۇر. اللا ﷻ ولارعا اقىل جانە تۇسىنىك بەرگەي، ينشاللا.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8772