You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8768
Сұхбат: франсоз төңкерісі әлі бітпеді, ол Мәхди шыққанда бітеді, ал фашын-мода дегеніміз патшаның жаңа киімі (2) (2026.04.18 / Хижри 1447-жыл 01-Зұл-Қадах)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.

(Centre Marial – Athis Mons; Paris, France, 2026) Франсияда айтылған сұхбат. Әлхамдулилла, соншама жылдардан соң бұнда қайта келгеніме қуаныштымын, бірақ бұл ара бұрынғыға ұқсамай қалыпты. Әлхамдулилла, біз келген кезде, «парижға келдік» дейміз, бірақ франсияның басқа жерлеріне барамыз, бұл жер адамзат тәрихындағы маңызды жер. Олар, «біз адамзатты өзіміз жақсы деп ойлаған нәрселерге бағыттаудамыз» деп ойлар, ал ақиқатында олар адамдарды олардың нәпсісіне қарай бағыттауда. Олар жұртты ана фашынға, мына модаға бағыттауда, бірақ бұл еш маңызды емес, олар солай, сонда адамдар оны өз ойлары бойынша өзгерте берер, демек, олар әрдайым өздеріне ұқсамаған нәрселерді қойып алады. Алайда бұлар нәпсі үшін еді, нәпсіні тіпті де мәз қылу үшін еді, олар жаңа бірдеңені таппақ болып, сонша тырысады, бірақ ақырында ештеңе таппайды. Олар адамдарға бірдеңелерді көрсетіп, «бұл жаңа нәрсе, сендер осымен мәз болуларың керек» дейді, ал адамдар оған мәз болар, себебі олар өз нәпсілеріне сөйлеуде.

Егер сіз біреудің нәпсісін шақырып, оның нәпсісіне сөйлегенде, ол қатты мәз болады, егер оған, «ох, сен өте жақсысың, өте ақылдысың» десеңіз, ол, «ох, иә, иә» деп, қатты қуанады. Мәуләнә көп айтатын бір әйгілі әңгіме бар, ол осыбір фашыншыл, модашыл адамдарға дәл бап келеді, Мәуләнә оны бала кезінде мектепте оқыған екен. Ертеде ешкім киіп көрмеген киімді аңсаған бір патша болыпты, оған әр жолы бір тігінші келіп, киім жасап берсе де, ол оларға риза болмапты. Олар ең жақсы материялды, ең жақсы тігіншіні әкеледі, бірақ ол оларға ешқашан риза болмас, ол, «болмайды, мен ешкімде болмаған нәрсені қалаймын» дер. Көп адамдар келеді, кетеді, ал екі қу алаяқ кісі де бұл жәйлы естиді, олар дереу бір жоспар жасап, бір жерден ат арбамен бірдеңе алып келеді. Олар, «біз патшаның ешкімде болмаған киім сұрағанын естідік, ал біз машинамызды әкеліп, ерекше материялмен патша үшін ерекше бірдеңе жасаймыз, бірақ олар өте қымбат, сондықтан, мүмкін, оны патша ғана ала алар» дейді.

Ал патша бұны естігенде қатты қуанып кетеді, ол оларды шақырып, «келіңдер, бұл материялдарыңмен не істейтіндіктеріңді айтыңдар» дейді. Олар патшаға келіп, «біз арнайы мамандармыз, біз ол нәрсені айдан әкелген жіптермен жасаймыз, сондықтан, бізге машинаны кіргізуге үлкен үй керек. Және ол ұзақ уақыт алады, бір жылдан көп уақыт керек, біз күнде жұмыс істейміз, оны бір жылда істеп боламыз, бірақ бұл ерекше материял болғандықтан, оны тек қана ақылды адамдар көре алады. Ал топас адам оны көре алмайды, сол үшін бізге көп ақшамен алтын керек, сіз оны бізге беруіңіз керек. Бізге әрдайым ақшамен алтын керек болса, оны бізге жіберіп, тұруыңыз керек» дейді. Ал патша бұған қатты мәз болып, толқып кетеді, және, «жақсы, тез бастаңдар, нені қаласаңдар, соны аласыңдар» дейді.

Олар жұмыс істей бастар, күндіз материялмен тігін тігіп жатқандай болумен өтеді, олар алай тігеді, былай тігеді, әртүрлі дауыстар шығарады, әлек болғандай болады. Ал патша кейде олардың қасынан өтіп, істің қалай болып жатқанын сұрайды, олар, «өте жақсы» дер, патша ел-жұртына, «мен ақырында мықты біреулерді таптым, олар ұнады, себебі олар мына дүниеде жоқ материялмен киім жасап жатыр» дейді. Бір жылдан соң, олар, «біз бітірдік, сізге қазір осы киімді кигіземіз, оны үстіңізде көрсетеміз» дейді, ал ақырына барғанда, олар патшаны тыр жалаңаш етіп қояды. Патша жалаңаш жүр, олар оны, «бұл киімді тек ақылды адамдар ғана көре алар» деп алдайды. Демек, олар патшаның киімін түгел шешіндіріп, өздерінің аталмыш ерекше киімін кигізеді, және, «ох, өте керемет болып кеттіңіз, көрер көзге өте жақсы екен» дейді. Ал патша болса, «мен ақымақпын, оны көре алмадым» деп, ешқашан айтпайды емеспе.

Олар патшаға, «ол қалай екен, ризасызба» деп сұрар, ал патша кимін шешіп, оны киетінін, және ел арасында жар сала жүретіндігін айтар, ол тағы өзінің осыбір ешкімде жоқ материялдан тігілген киімі үшін қатты толқып тұрғанын айтады. Сонымен, ол оны көрсетуге арнайы бір күн шығарады, атына мініп, ел-жұрттың арасында арлы-берлі жүреді. Ал жұрт болса, өздерін ақымақ демес үшін бірдеңе дей алмайды, бірақ кейбіреулері, «ол киімді көріпті, ал мен бір ақымақ екенмін, оны көре алмадым, бірақ мен көре алмадым деп дауыстап айта алмаймын ғой» дейді. Содан олар, «біз бұндай киімді бұрын ешқашан көріп көрмептік» деп мақтайды, патша адамдарды айналып жүреді. Ал ақырында бір бала не болып жатқанын түсінбей, «мына патша тыр жалаңаш жүр ғой» деп, айғай салады. Барша жұрт шындықты біле кетеді, ал патша қатты ашуланып, «мына баланың басын алыңдар» дейді, бірақ ол өте ақылды бала, қашып қарасын өшіреді.

Ал аталмыш фашын-мода дегеніміз міне осындай нәрсе, демек, біреулер адамдарға жаман бірдеңелерін кигізіп қояды, ал адамдар соған мәз болады, олар, «мынау бәлен әйгілі моделден келген, анау әйгілі фашыннан келген» дер. Яғни, олар адамдарды осылай алдайды, алдағанда да, олар адамдарды бір-біріне күлдіртіп тұрып, алдай береді. Бұл бұрыннан келе жатқан мәселе, ол қазір де жалғасуда. Ал Мәуләнә Шайық Назым хазірет франсия деген сөзді естігенде қатты ашуланып кететін, не үшін? себебі сол, франсия төңкерісі еді. Бұл төңкеріс адамгершілікті жойды, Мәуләнә соған риза емес еді, себебі, ол төңкеріс басынан тартып, аяғына дейін өтірікке құрылған. Ал мода-фашын деген сияқтылар да сондай ойындар, ол адамдарды құртқан жоқ, бірақ күлкіге қалдыруда, адамдар бір-біріне күледі. Олар мода-фашынмен адамдардың ақшасын алдап алады, қалтасын қағады. Ал ең бұзық іс сол, адамдарды өлтіріп, адамдықты жою еді, олардың істеген барша жамандығы осы істері еді.

Бұндағы тағы бір өтірік, ханша, немесе патшаның әйелі антонитте жәйлы еді, сол кезде франсоздар, «біз аш қалдық, жеуге нан таба алмадық» дер, сонда ол, «онда оларға торт жегізіңдер» деген екен дейді. Бұл да жүз пайыз өтірік, тіпті қазір де көріп жүрміз, франсияның қай жеріне барсаң да, ұнмен етке толып тұр. Сіздерде барлығы бар, тәрихшылар ол кездегі франсоз дихандарының жағдайы ағылшындардан он есе жақсы екендігін жазады. Адамдар, «патшалар жұртты қырған, елді өлтірген» дейді, бірақ олар бастиллеге барып, адамдарды босатпақ болғанда, түрмеде жеті адам ғана отыр екен. Ал сіз оларды сүйегімен терісі ғана қалған арықтар деп ойлап қалмаңыз, олай емес, бұл жеті адам арық емес, семіз екен.

Демек, олар сонау бірінші күннен-ақ, адамгершілікке қарсы болған, Мәуләнә риза болмайтын нәрселер осы еді, ал бақытсыздыққа орай, франсияның ол төңкерісі біткенімен, ол дінді, патшалықты құртты, ол кесел бүкіл дүниеге тарады. Әсіресе мұсылман елдерінде ол әлі жалғасуда, біткен жоқ, демек, дүниеде болып жатқан франсия төңкерісі әлі бітпеді. Яғни, жаман істер әлі жалғасуда, тоқтаған жоқ, бұлар тек Сәйдина Әл-Мәхди әлейхис-салам келгенде ғана тоқтайтын болады. Қазір сіздер көріп отырған барша зұлымдықтар франсиядағы осы төңкерістен келген, олар барлық патшаларды жойды, сұлтандарды тағынан тайдырды, әсіресе пайғамбарымыздың халифаларына қатты қарсы болды. Олардың ең қарсы келгені барша патшалармен, барша сұлтандар болды, себебі олар тағында болса, олар ойына келгенін істей алмайтын еді. Ал егер бұнда сұлтан болмаса, патша болмаса, олар нені қаласа, соны істей беруіне мүмкіндік алады.

Олар, «біз сайлау жүргіземіз» дер, ал сайлауда олар қалағанын істей алады, олар өздері ұнатқан біреуді қоя береді, және олар кімді қаласа, оны орнынан алып, лақтыра салады. Демек, бұл - жүріліп жатқан үлкен бір ойын, бірақ ол мәңгілік емес, Сәйдина Әл-Мәхди әлейхис-саламның келуімен олар ақырына жетіп, жоқ болады, иншалла. Ал біз бізге рұхсат етілмеген нәрселерді істей алмаймыз, себебі қазір барлығы манағылардың меңгеруінде тұр. Сондықтан, адамдарды қатерге айдап салу қажетсіз, немесе өзіңді батыр біреу, я барлығын істей алатын мықты біреу ойлап, өзгелерді қауіпке қалдыру қажетсіз. Ендігі істер тек Сәйдина Әл-Мәхди хазіретпен ғана іске асады, иншалла, ол алыс емес, біз ақырына жетіп қалдық, иншалла. Алла ﷻ сіздермен біздерді есендікте еткей, иншалла, және сол жақсы күндерге жетелік, иншалла, осыбір зұлымдықтардың тындым болғанын көретін күндерді көрейік, иншалла.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami



سۇحبات: فرانسوز توڭكەرىسى ءالى بىتپەدى، ول ءماحدي شىققاندا بىتەدى، ال فاشىن-مودا دەگەنىمىز پاتشانىڭ جاڭا كيىمى (2) (2026.04.18 / حيجري 1447-جىل 01-زۇل-قاداح)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.

(Centre Marial – Athis Mons; Paris، France، 2026) فرانسيادا ايتىلعان سۇحبات. ءالحامدۋليللا، سونشاما جىلداردان سوڭ بۇندا قايتا كەلگەنىمە قۋانىشتىمىن، ءبىراق بۇل ارا بۇرىنعىعا ۇقساماي قالىپتى. ءالحامدۋليللا، ءبىز كەلگەن كەزدە، «پاريجعا كەلدىك» دەيمىز، ءبىراق فرانسيانىڭ باسقا جەرلەرىنە بارامىز، بۇل جەر ادامزات ءتاريحىنداعى ماڭىزدى جەر. ولار، «ءبىز ادامزاتتى ءوزىمىز جاقسى دەپ ويلاعان نارسەلەرگە باعىتتاۋدامىز» دەپ ويلار، ال اقيقاتىندا ولار ادامداردى ولاردىڭ ناپسىسىنە قاراي باعىتتاۋدا. ولار جۇرتتى انا فاشىنعا، مىنا موداعا باعىتتاۋدا، ءبىراق بۇل ەش ماڭىزدى ەمەس، ولار سولاي، سوندا ادامدار ونى ءوز ويلارى بويىنشا وزگەرتە بەرەر، دەمەك، ولار ءاردايىم وزدەرىنە ۇقساماعان نارسەلەردى قويىپ الادى. الايدا بۇلار ءناپسى ءۇشىن ەدى، ءناپسىنى ءتىپتى دە ءماز قىلۋ ءۇشىن ەدى، ولار جاڭا بىردەڭەنى تاپپاق بولىپ، سونشا تىرىسادى، ءبىراق اقىرىندا ەشتەڭە تاپپايدى. ولار ادامدارعا بىردەڭەلەردى كورسەتىپ، «بۇل جاڭا نارسە، سەندەر وسىمەن ءماز بولۋلارىڭ كەرەك» دەيدى، ال ادامدار وعان ءماز بولار، سەبەبى ولار ءوز ناپسىلەرىنە سويلەۋدە.

ەگەر ءسىز بىرەۋدىڭ ءناپسىسىن شاقىرىپ، ونىڭ ناپسىسىنە سويلەگەندە، ول قاتتى ءماز بولادى، ەگەر وعان، «وح، سەن وتە جاقسىسىڭ، وتە اقىلدىسىڭ» دەسەڭىز، ول، «وح، ءيا، ءيا» دەپ، قاتتى قۋانادى. ءماۋلانا كوپ ايتاتىن ءبىر ايگىلى اڭگىمە بار، ول ءوسىبىر فاشىنشىل، موداشىل ادامدارعا ءدال باپ كەلەدى، ءماۋلانا ونى بالا كەزىندە مەكتەپتە وقىعان ەكەن. ەرتەدە ەشكىم كيىپ كورمەگەن كيىمدى اڭساعان ءبىر پاتشا بولىپتى، وعان ءار جولى ءبىر تىگىنشى كەلىپ، كيىم جاساپ بەرسە دە، ول ولارعا ريزا بولماپتى. ولار ەڭ جاقسى ماتەريالدى، ەڭ جاقسى تىگىنشىنى اكەلەدى، ءبىراق ول ولارعا ەشقاشان ريزا بولماس، ول، «بولمايدى، مەن ەشكىمدە بولماعان نارسەنى قالايمىن» دەر. كوپ ادامدار كەلەدى، كەتەدى، ال ەكى قۋ الاياق كىسى دە بۇل ءجايلى ەستيدى، ولار دەرەۋ ءبىر جوسپار جاساپ، ءبىر جەردەن ات اربامەن بىردەڭە الىپ كەلەدى. ولار، «ءبىز پاتشانىڭ ەشكىمدە بولماعان كيىم سۇراعانىن ەستىدىك، ال ءبىز ماشينامىزدى اكەلىپ، ەرەكشە ماتەريالمەن پاتشا ءۇشىن ەرەكشە بىردەڭە جاسايمىز، ءبىراق ولار وتە قىمبات، سوندىقتان، مۇمكىن، ونى پاتشا عانا الا الار» دەيدى.

ال پاتشا بۇنى ەستىگەندە قاتتى قۋانىپ كەتەدى، ول ولاردى شاقىرىپ، «كەلىڭدەر، بۇل ماتەريالدارىڭمەن نە ىستەيتىندىكتەرىڭدى ايتىڭدار» دەيدى. ولار پاتشاعا كەلىپ، «ءبىز ارنايى ماماندارمىز، ءبىز ول نارسەنى ايدان اكەلگەن جىپتەرمەن جاسايمىز، سوندىقتان، بىزگە ماشينانى كىرگىزۋگە ۇلكەن ءۇي كەرەك. جانە ول ۇزاق ۋاقىت الادى، ءبىر جىلدان كوپ ۋاقىت كەرەك، ءبىز كۇندە جۇمىس ىستەيمىز، ونى ءبىر جىلدا ىستەپ بولامىز، ءبىراق بۇل ەرەكشە ماتەريال بولعاندىقتان، ونى تەك قانا اقىلدى ادامدار كورە الادى. ال توپاس ادام ونى كورە المايدى، سول ءۇشىن بىزگە كوپ اقشامەن التىن كەرەك، ءسىز ونى بىزگە بەرۋىڭىز كەرەك. بىزگە ءاردايىم اقشامەن التىن كەرەك بولسا، ونى بىزگە جىبەرىپ، تۇرۋىڭىز كەرەك» دەيدى. ال پاتشا بۇعان قاتتى ءماز بولىپ، تولقىپ كەتەدى، جانە، «جاقسى، تەز باستاڭدار، نەنى قالاساڭدار، سونى الاسىڭدار» دەيدى.

ولار جۇمىس ىستەي باستار، كۇندىز ماتەريالمەن تىگىن تىگىپ جاتقانداي بولۋمەن وتەدى، ولار الاي تىگەدى، بىلاي تىگەدى، ءارتۇرلى داۋىستار شىعارادى، الەك بولعانداي بولادى. ال پاتشا كەيدە ولاردىڭ قاسىنان ءوتىپ، ءىستىڭ قالاي بولىپ جاتقانىن سۇرايدى، ولار، «وتە جاقسى» دەر، پاتشا ەل-جۇرتىنا، «مەن اقىرىندا مىقتى بىرەۋلەردى تاپتىم، ولار ۇنادى، سەبەبى ولار مىنا دۇنيەدە جوق ماتەريالمەن كيىم جاساپ جاتىر» دەيدى. ءبىر جىلدان سوڭ، ولار، «ءبىز بىتىردىك، سىزگە ءقازىر وسى كيىمدى كيگىزەمىز، ونى ۇستىڭىزدە كورسەتەمىز» دەيدى، ال اقىرىنا بارعاندا، ولار پاتشانى تىر جالاڭاش ەتىپ قويادى. پاتشا جالاڭاش ءجۇر، ولار ونى، «بۇل كيىمدى تەك اقىلدى ادامدار عانا كورە الار» دەپ الدايدى. دەمەك، ولار پاتشانىڭ كيىمىن تۇگەل شەشىندىرىپ، وزدەرىنىڭ اتالمىش ەرەكشە كيىمىن كيگىزەدى، جانە، «وح، وتە كەرەمەت بولىپ كەتتىڭىز، كورەر كوزگە وتە جاقسى ەكەن» دەيدى. ال پاتشا بولسا، «مەن اقىماقپىن، ونى كورە المادىم» دەپ، ەشقاشان ايتپايدى ەمەسپە.

ولار پاتشاعا، «ول قالاي ەكەن، ريزاسىزبا» دەپ سۇرار، ال پاتشا كيمىن شەشىپ، ونى كيەتىنىن، جانە ەل اراسىندا جار سالا جۇرەتىندىگىن ايتار، ول تاعى ءوزىنىڭ ءوسىبىر ەشكىمدە جوق ماتەريالدان تىگىلگەن كيىمى ءۇشىن قاتتى تولقىپ تۇرعانىن ايتادى. سونىمەن، ول ونى كورسەتۋگە ارنايى ءبىر كۇن شىعارادى، اتىنا ءمىنىپ، ەل-جۇرتتىڭ اراسىندا ارلى-بەرلى جۇرەدى. ال جۇرت بولسا، وزدەرىن اقىماق دەمەس ءۇشىن بىردەڭە دەي المايدى، ءبىراق كەيبىرەۋلەرى، «ول كيىمدى كورىپتى، ال مەن ءبىر اقىماق ەكەنمىن، ونى كورە المادىم، ءبىراق مەن كورە المادىم دەپ داۋىستاپ ايتا المايمىن عوي» دەيدى. سودان ولار، «ءبىز بۇنداي كيىمدى بۇرىن ەشقاشان كورىپ كورمەپتىك» دەپ ماقتايدى، پاتشا ادامداردى اينالىپ جۇرەدى. ال اقىرىندا ءبىر بالا نە بولىپ جاتقانىن تۇسىنبەي، «مىنا پاتشا تىر جالاڭاش ءجۇر عوي» دەپ، ايعاي سالادى. بارشا جۇرت شىندىقتى بىلە كەتەدى، ال پاتشا قاتتى اشۋلانىپ، «مىنا بالانىڭ باسىن الىڭدار» دەيدى، ءبىراق ول وتە اقىلدى بالا، قاشىپ قاراسىن وشىرەدى.

ال اتالمىش فاشىن-مودا دەگەنىمىز مىنە وسىنداي نارسە، دەمەك، بىرەۋلەر ادامدارعا جامان بىردەڭەلەرىن كيگىزىپ قويادى، ال ادامدار سوعان ءماز بولادى، ولار، «مىناۋ بالەن ايگىلى مودەلدەن كەلگەن، اناۋ ايگىلى فاشىننان كەلگەن» دەر. ياعني، ولار ادامداردى وسىلاي الدايدى، الداعاندا دا، ولار ادامداردى ءبىر-بىرىنە كۇلدىرتىپ تۇرىپ، الداي بەرەدى. بۇل بۇرىننان كەلە جاتقان ماسەلە، ول ءقازىر دە جالعاسۋدا. ال ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت فرانسيا دەگەن ءسوزدى ەستىگەندە قاتتى اشۋلانىپ كەتەتىن، نە ءۇشىن؟ سەبەبى سول، فرانسيا توڭكەرىسى ەدى. بۇل توڭكەرىس ادامگەرشىلىكتى جويدى، ءماۋلانا سوعان ريزا ەمەس ەدى، سەبەبى، ول توڭكەرىس باسىنان تارتىپ، اياعىنا دەيىن وتىرىككە قۇرىلعان. ال مودا-فاشىن دەگەن سياقتىلار دا سونداي ويىندار، ول ادامداردى قۇرتقان جوق، ءبىراق كۇلكىگە قالدىرۋدا، ادامدار ءبىر-بىرىنە كۇلەدى. ولار مودا-فاشىنمەن ادامداردىڭ اقشاسىن الداپ الادى، قالتاسىن قاعادى. ال ەڭ بۇزىق ءىس سول، ادامداردى ءولتىرىپ، ادامدىقتى جويۋ ەدى، ولاردىڭ ىستەگەن بارشا جاماندىعى وسى ىستەرى ەدى.

بۇنداعى تاعى ءبىر وتىرىك، حانشا، نەمەسە پاتشانىڭ ايەلى انتونيتتە ءجايلى ەدى، سول كەزدە فرانسوزدار، «ءبىز اش قالدىق، جەۋگە نان تابا المادىق» دەر، سوندا ول، «وندا ولارعا تورت جەگىزىڭدەر» دەگەن ەكەن دەيدى. بۇل دا ءجۇز پايىز وتىرىك، ءتىپتى ءقازىر دە كورىپ ءجۇرمىز، فرانسيانىڭ قاي جەرىنە بارساڭ دا، ۇنمەن ەتكە تولىپ تۇر. سىزدەردە بارلىعى بار، ءتاريحشىلار ول كەزدەگى فرانسوز ديحاندارىنىڭ جاعدايى اعىلشىنداردان ون ەسە جاقسى ەكەندىگىن جازادى. ادامدار، «پاتشالار جۇرتتى قىرعان، ەلدى ولتىرگەن» دەيدى، ءبىراق ولار باستيللەگە بارىپ، ادامداردى بوساتپاق بولعاندا، تۇرمەدە جەتى ادام عانا وتىر ەكەن. ال ءسىز ولاردى سۇيەگىمەن تەرىسى عانا قالعان ارىقتار دەپ ويلاپ قالماڭىز، ولاي ەمەس، بۇل جەتى ادام ارىق ەمەس، سەمىز ەكەن.

دەمەك، ولار سوناۋ ءبىرىنشى كۇننەن-اق، ادامگەرشىلىككە قارسى بولعان، ءماۋلانا ريزا بولمايتىن نارسەلەر وسى ەدى، ال باقىتسىزدىققا وراي، فرانسيانىڭ ول توڭكەرىسى بىتكەنىمەن، ول ءدىندى، پاتشالىقتى قۇرتتى، ول كەسەل بۇكىل دۇنيەگە تارادى. اسىرەسە مۇسىلمان ەلدەرىندە ول ءالى جالعاسۋدا، بىتكەن جوق، دەمەك، دۇنيەدە بولىپ جاتقان فرانسيا توڭكەرىسى ءالى بىتپەدى. ياعني، جامان ىستەر ءالى جالعاسۋدا، توقتاعان جوق، بۇلار تەك ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيس-سالام كەلگەندە عانا توقتايتىن بولادى. ءقازىر سىزدەر كورىپ وتىرعان بارشا زۇلىمدىقتار فرانسياداعى وسى توڭكەرىستەن كەلگەن، ولار بارلىق پاتشالاردى جويدى، سۇلتانداردى تاعىنان تايدىردى، اسىرەسە پايعامبارىمىزدىڭ حاليفالارىنا قاتتى قارسى بولدى. ولاردىڭ ەڭ قارسى كەلگەنى بارشا پاتشالارمەن، بارشا سۇلتاندار بولدى، سەبەبى ولار تاعىندا بولسا، ولار ويىنا كەلگەنىن ىستەي المايتىن ەدى. ال ەگەر بۇندا سۇلتان بولماسا، پاتشا بولماسا، ولار نەنى قالاسا، سونى ىستەي بەرۋىنە مۇمكىندىك الادى.

ولار، «ءبىز سايلاۋ جۇرگىزەمىز» دەر، ال سايلاۋدا ولار قالاعانىن ىستەي الادى، ولار وزدەرى ۇناتقان بىرەۋدى قويا بەرەدى، جانە ولار كىمدى قالاسا، ونى ورنىنان الىپ، لاقتىرا سالادى. دەمەك، بۇل - ءجۇرىلىپ جاتقان ۇلكەن ءبىر ويىن، ءبىراق ول ماڭگىلىك ەمەس، ءسايدينا ءال-ءماحدي الەيحيس-سالامنىڭ كەلۋىمەن ولار اقىرىنا جەتىپ، جوق بولادى، ينشاللا. ال ءبىز بىزگە رۇحسات ەتىلمەگەن نارسەلەردى ىستەي المايمىز، سەبەبى ءقازىر بارلىعى ماناعىلاردىڭ مەڭگەرۋىندە تۇر. سوندىقتان، ادامداردى قاتەرگە ايداپ سالۋ قاجەتسىز، نەمەسە ءوزىڭدى باتىر بىرەۋ، يا بارلىعىن ىستەي الاتىن مىقتى بىرەۋ ويلاپ، وزگەلەردى قاۋىپكە قالدىرۋ قاجەتسىز. ەندىگى ىستەر تەك ءسايدينا ءال-ءماحدي حازىرەتپەن عانا ىسكە اسادى، ينشاللا، ول الىس ەمەس، ءبىز اقىرىنا جەتىپ قالدىق، ينشاللا. اللا ﷻ سىزدەرمەن بىزدەردى ەسەندىكتە ەتكەي، ينشاللا، جانە سول جاقسى كۇندەرگە جەتەلىك، ينشاللا، ءوسىبىر زۇلىمدىقتاردىڭ تىندىم بولعانىن كورەتىن كۇندەردى كورەيىك، ينشاللا.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8768