You are using an outdated browser. For a faster, safer browsing experience, upgrade for free today.



https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8688
Сұхбат: қазір ең бұзық уахаби-салафилар орта азияда тұрады (2) (2026.01.27 / Хижри 1447-жыл 08-Шағбан)
Исламбол (Станбул), Түркия.

Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.

(Shah Jahan Mosque – Woking, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Бисмиллахир рахманир рахим, «‎إِنَّمَا ٱلْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ فَأَصْلِحُوا۟ بَيْنَ أَخَوَيْكُمْ ۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ», яғни, «мүминдер - өзара бауырлар, сондықтан олардың арасын жарастырыңдар, және Алладан қорқыңдар, сонда рахымға ие боларсыңдар», садақал лахул ғазим, құран 49інші сүре 10інші аят. Бисмиллахир рахманир рахим, «‎وَتَعَاوَنُوا۟ عَلَى ٱلْبِرِّ وَٱلتَّقْوَىٰ ۖ وَلَا تَعَاوَنُوا۟ عَلَى ٱلْإِثْمِ وَٱلْعُدْوَٰنِ», яғни, «және жақсылықпен тақуалықта селбесіңдер, бірақ күнәмен зұлымдықта селбеспеңдер», құран 5інші сүре 2інші аят. Міне бұл Алла Әззә уә-Жәлләның әмірі, мұсылмандар, мүминдер өзара бауырлар, демек сіздер бір болуларыңыз керек, сонда Алла ﷻ сіздерге жәрдем береді, рахымын төгеді. Сонымен бірге Алла ﷻ бір-біріңе жәрдем беруге, жақсы іс істеуге, исламға, мұсылмандарға көмектесуге, садақа беруге, демек, әрбір игі істі істеуге әмір етеді, ал араларыңызға ешқандай жеккөрушілік, я көре алмастық салмаңыздар.

Әлхамдулилла, бұл жер берекелі жер, Мәуләнә Шайық Назым хазірет сонау кезден бері осы жерге көп рет келді, әрине, бұндағылардың барлығы сопылық тәриқаттағылар, әлхамдулилла. Сопылық тәриқатта нақшбанд, қадири, шисти, рифай, бадауи сияқты тармақтар бар, олардың барлығы да сопылық тәриқат, бұл имамдардың барлығы да пайғамбарымыз ﷺ жағынан берекеленген имамдар, олар соншама ғасырдан бері милиондаған адамдарға нұр беріп келді. Сондықтан, өзара жау болу қажетсіз, бірақ сіздер игілікте жәрдемші болуларыңыз керек, Алла Әззә уә-Жәллә әрбір жаратылысына ұқсамаған қабілет, ұқсамаған сынақ, ұқсамаған нәрселер берген, демек, әр жаратылыстың жүрегі межелі жерге тартып тұрады. Бірақ бұндағы маңыздысы, бұның соңында олардың барлығының пайғамбарымызға баруы болмақ, яғни барлық сопылық тәриқаттар пайғамбарымыз ﷺға барып тіреледі, соған тартады.

Сол үшін осы жолда болғанда пайғамбарымыздың айтқанына бойұсынуыңыз керек, және Алла ﷻ айтқан, «бірге болыңдар» деген әмірге бағынуыңыз керек. Әрине, әр сопылық тәриқатта ұқсамаған нәрселер болуы мүмкін, бірақ бұл нәрсе сізді басқалармен жаман болуға апармауы керек, сіздер бір-біріңізді қабыл ете алуыңыз тиіс. Және бір-біріңіздің істеріңізге араласпауларыңыз керек, тек өзіңізге қараңыз, өз нәпсіңізді кішпейіл етуге, бойұсынуға тәрбиелеңіз, әр нәрсеге ашулануды қойыңыз, әйтпесе, басқаларға кішкене істен үлкен мәселе тудырасыз. Жоқ, бұл жақсы нәрсе емес, себебі, шайтан сонау исламның басынан бастап, исламды жеңе алмады, демек, шайтан сырт жақтан шабуыл жасап исламды ешқашан жеңіп көрген жоқ. Яғни исламды немесе Халифаны жоқ етпекші болған әрқандай жау сырттан келіп, жеңіске жеткен жоқ, бірақ олар ұдайы іш жақтан келді. Демек, олар араға от салып, әр жақты өзара жау етті, араға бүлік салды. Содан соң мұсылмандар бөлініп, бірін-бірі өлтірді, ал жаулар содан соң келіп, басып алды, міне бұл жағдай тәрихта көп туылған.

Тәрих өте маңызды, ол - бір білім, ал құран жәйлы, «القُرآن فیھ علوم الأولین والآخرین», яғни, «құранда басынан бастап ақырына дейінгі білімдер бар» делінген, демек, ол тәрихты да үйретеді, және адамдарға ғибырат болуы үшін өткен заман жәйлы айтады. Алла Әззә уә-Жәллә, «‎فَٱعْتَبِرُوا۟ يَـٰٓأُو۟لِى ٱلْأَبْصَـٰرِ», яғни, «сондықтан, ғибырат алыңдар, о көре білетін адамдар» дейді, құран 59інші сүре 2інші аят, құранда және, «‎يَـٰٓأُو۟لِى ٱلْأَلْبَـٰبِ», яғни, «я улил әлбаб», яғни, «о түсінетіндер» делінеді, құран 2інші сүре 179інші аят. Демек, көре білген адамдар сабақ алыңдар, о түсінуге жүрегі барлар ғибырат алыңдар. Ал тәрихта мұсылмандар ұдайы бір-біріне көмек етпей, талай рет өздеріне бәле-қала, кесір-кесапат, жамандық алып келген. Бағана лондаонда біреулер, «османлы имериясын кімдер құртты» деп сұрады, оны мұсылмандар құртты, мұсылмандар, және түріктер де құртты, бірақ османлы түрік емес, османлыда 70 түрлі ұлт-қауым болды, және олар Алла Әззә уә-Жәллә үшін күресті.

Ал османлыға көмектеспей, оның ақырласуын бастаған кім еді? олар қырымдықтар яғни қырым татарлары еді, қазір оған ресеймен тағы басқалар таласып, соғысып жатыр, олар да ұқсас, ұқсамастық жоқ, демек, қазір біреулер қырымға таласып қырылысуда. Ол сұлтандықтың аты керей сұлтандығы еді, яғни сұлтан керей бүкіл осы аумақты меңгеруде ұстап тұрған татарлардың сұлтаны болатын. Олар қазіргі украин және ресей өңірлерін биледі, ол кезде олардың барлығы дерлік мұсылман ұлыстары болатын, онда мұсылмандар жасайтын. Өз заманында османлы сұлтаны австрияның виеннасына соғыс ашпақ болды, және манағы татарлардан көмек сұрады, ал татарлар, «иә, көмектесеміз, саған жәрдем береміз, қандай көмек керек» деді. Османлы оларға, «сендер жауды арт жағымызға келтірмей тұрсаңдар болды» дер, ал қырымның керей сұлтаны қызғаншақ еді, бұндағы керей немесе гырай сөзі татар тілінде сұлтан деген мағынаны білдіреді. Сонымен ол манағы жауды османлының артынан кіргізіп жібереді, содан осыманлы оңбай жеңіліп, көп әскері өледі, жаулар османлының бар қазына-байлығын тонап әкетеді, бұл екінші реткі виенна шайқасы еді.

Ал бірінші реткі шайқасы сұлтан Сүлеймен Әл-Қанунидың кезінде болды, мен ол жерлерге бардым, зиярат еттім, оларды көрдім, ондағылар сұлтан Сүлеймен осы жерге дейін келді деп айтқан болатын, онда тек бір белгі ғана бар екен. Ол бір ұлық сұлтан еді, ол қайтып келді, әсілі бұл соғысты жасау қажетсіз болатын, бірақ ол солай болды, ол туылды, ал одан соң не болды, яғни османлы жеңілген соң не болды? демек, содан бастап османлы империясы құлдырай бастады, олар біртіндеп әлсіреді, күші қалмады, себебі олар көп қазынасынан айырылды, армиясының жартысы шәхит болды. Тіпті соғыста османлы армиясы өз сұлтанын әзер құтқарып қалды, ал одан соң керей сұлтанға не болды? олар түгелдей орыстар жағынан алынып, жоқ болды, орыстар оларды қырып салды, қырым сұлтандығы жоқ болды, және бүкіл барлығын тартып алды, оларға осы күнге дейін манағы ісі еш пайда бермеді.

Неге бұлай болды? себебі мұсылмандар бір-біріне жәрдем бермей қойды, сол үшін біз де, «біз әр жерде болсын, кішкене ғана жамағатпыз, кішкене істер үшін мәселелер туындатудың еш қажеті жоқ» деп айтамыз, демек, сіздер жақсы жалғастыра беріңіздер. Алла ﷻ сіздерге көптеген жерлерді берді, іштарлық етпеңіздер, бұнда барлығы келіп жатыр, және пайғамбарымыз ﷺға, сопылық тәриқатқа қарсы бүлік жасамаңыздар, олар оны жұрттың онда құран-хадис оқып, мәулит өткізуіне, зікір етуіне ашып қоюы керек. Ол солай жалғасуы керек, егер сіздер бір-біріңізбен соғыссаңыздар, онда басқалар келіп, сіздерді басып алады, және лақтырып жібереді. Мүмкін олар сіздерге жәрдем көрсетіп жүргендей көрінер, бірақ манағы адамдарға туылғандай жағдай сіздерге де туылатын болады. Одан соң олар сіздерді алады, лақтырып жібереді, бұл кәдімгі тәрихтағы ислам ұлыстарына туылған іске ұқсайды.

Міне бұл біздің айтқанымыз, османлылар әхлул сәннә уәл-жамағадан болды, олар сопылық тәриқатты және өзгелерді қорғады, басқалар да солай, керей сұлтан да, татарлар да әхлул сәннә уәл-жамағадан, олар шиға емес, уахаби емес, ол кезде уахабилар болмаған, әлхамдулилла. Бұл өңірлерде, яғни орта азия және ресей өңірлерінде уахабилар болмаған, әлхамдулилла, манағы істер қазіргі ресей жақта болды. Алайда ол көне замандарда олардың есімдері ұқсамайтын еді, мәселен, қырым, қазан, және сол сияқты көптеген есімдер болды, қазан татарлары әр жылы москваға шабуыл жасап, көптеген олжа алып қайтатын. Олар өте қуатты болды, себебі олар әхлул сәннә уәл-жамаға еді, және исламды қорғады. Бірақ олар әхлул сүннә уәл-жамаға болса да, онда ешқандай шиға, салафи, уахаби дегендер болмаса да, оларға бүлік келді.

Әлхамдулилла, ол кезде уахабизим жоқ еді, бірақ бақытсыздыққа орай, осы кезде ең бұзық уахабилар осы ресей, және орта азия өңірінде өріп жүр, олар онда сан түрлі бүлік жасап, ел-жұртты бүлдіруде. Тіпті ол жерлерге барсаңыз, және олармен ұқсамаған сопылық тәриқатта болмасаңыз да, олар сізді бейне бір дұшпаны сияқты көреді, бұл да ол өңірлердегі болып жатқан өте үлкен бүліктер. Сол үшін сіздер бүліктің кішкене кезінде басын алыңыздар, өшіріп жіберіңіздер, жұрт та, «жыланның басын үлкеймей тұрғанда ал» деген сөз бар емеспе. Алайда ол үлкейіп кетсе, оны ұстай алмайсыз, жыланның басын кесе алмайсыз, одан соң ол әр жерді улап болады, расында өте үлкен уланулар болып жатыр. Сондықтан, сіздер ынтымақты болыңыздар, кішкене ұсақ-түйек мәселелерді ойламаңыздар, ештеңе айтпаңыздар, себебі бірдеңе десеңіздер, олар, «ол бүйтті, ол сүйтті» дейтін болады.

Сол үшін, біз Алла Әззә уә-Жәлләдан жүрегімізге бауырларымызға, мүриттерге деген ризалық нұрын салуын сұрайық, және мұсылмандардың барша жамандықтардан аман болуын сұрайық, бірақ осыған ұқсас нәрсені табу оңай емес. Себебі, мәселен, сіз садақаға ниет етсеңіз, немесе жақсы бірдеңе істесеңіз, көптеген адамдар сізге шабуыл жасай кетеді, сізді тоспақ болады. Бір әңгіме бар еді, бірде бір имам құтпа я сұхбат айтып жатып, «кім бір уыс күріш садақа берсе, Алла оның әрбір дәніне сауап жазар» дейді, ол бидай, ұн, май берсе де солай болатынын айтады. Сол кезде оны естіп тұрғандардың біреуі қатты шабыттанып кетеді де, садақа бермек болып, үйіне қарай жүгіреді. Бірақ ол үйінен бірдеңе алып кетпекші болып жатса, кенет алдынан әйелі шыға келеді. Әйелі оған, «бұл не» дейді, ол, «имам айтты, мен садақа беруім керек» дейді, ал әйелі, «жоқ, оны қой» деп ұрсады, ол затын ала алмай, құр қол келеді. Ал сыртта тұрған имам, «садақаң қайда» дер, ол, «алайын десем онда бір шайтан емес, шайтанның анасы да тұр екен» дейді қалжыңдап.

Сол үшін жақсы бірдеңе істемекші болсаңыз, көптеген шайтандар сізді одан тоспақшы болады, мәселен, әрдайым, «пайғамбарды сүймеңдер» деген жиналыс бола қалса, оған неше мыңдап көп адам жиналар. Бірақ пайғамбарымыз үшін айтылған сұхбатқа адам тым аз келеді, мүмкін он пайызы ғана келер, оның неге бұлай екендігіне таңғалам, бірақ онда себеп бар. Себебі сол, шайтан манағы адамдарға игілік қаламайды, ол бұзықтарға риза болады, оларды сауаптан, пайғамбар махаббатынан, Алла махаббатынан қашырып жібергеніне қуанады. Ол соған мәз болар, сол үшін ол манағындай жиналыстарға «иә, иә, барыңдар, қараңдар, көп адам келіп жатыр, салат-нәби салауат етпеңдер, әйтпесе қарғысқа ұшырайсың, мүшірік боласың, андай боласың, мұндай боласың» дер. Бірақ жақсы сұхбат, жақсы жиналыс бола қалса, олар сізге шабуыл жасайды, және, «істегенің харам болса қайтесің, бұнда неғып жүрсің, манағы адамдар оны харам, бұны шірік деген, тозаққа түсесің, дұғаң қабыл болмайды, ешқашан кешірілмейсің» деп, уәсуәсә береді.

Демек, олардың айтқандары түгел туралықтың керісі болып келеді, ал Алла Әззә уә-Жәллә, «Мен Ғафурур Рахиммын, сендер ең соңғы тыныс-демдеріңе дейін кешірім сұрауыңа болады, Мен сендерді кешіре аламын» дейді. Алла Әззә уә-Жәллә тағы, «егер осыбір адамдар күнә жасамаса, Мен күнә жасайтын басқа қауым жаратамын да, одан соң оларды кешіремін, Мен кешіргенді сүйемін» дейді, міне, Алла ﷻ осылай айтар. Ал манағы адамдар Алланың айтқанын қабыл етпейді, не үшін? себебі оларда көре алмастық бар, олар іштарлық қылады, олар адам баласына, ешкімге де жақсылық қылмайды. Көре алмастық аса жаман қасиет, ол шайтаннан келеді, шайтанды жәннәттан лақтырып жіберген де осы көре алмастық еді, ал шайтан онысын әлі де тоңмойындықпен жалғастыруда. Кәпірдің де басты қасиеті осы көре алмастық, демек, олар оның дұрыс екендігін білсе де, бірақ оларда көре алмастық ауруы болғандықтан басқа адамды қабыл етпейді, олар өздерін осылай отта ұстайды.

Бұл бір маңызды іс, сол үшін Алла ﷻ мұсылмандардың жүрегін көре алмастықтан ада еткей, тура жолдан шығып кетуден сақтағай, оларды рахымның жолы болған, бақыттың жолы болған, жақсы шүйіншінің жолы болған пайғамбарымыз ﷺның жолынан шығып кетуден сақтағай. «بَشِّرُوا ولا تُنَفِّرُوا», «башширу уәлә тунаффиру», яғни, «адамдарды жақсылықпен шүйіншіле, оларды қашырып жіберме» дейді пайғамбарымыз ﷺ. Демек, жақсы шүйінші айтыңыз, жақсы хабар айтыңыз, адамдарға, «Алла барлығын кешіре алады, алаң болмаңыз» деп айтыңыз, ал кейбір адамдар, «біз жаман іс істеп жатырмыз, мүмкін біз жәннәттық бола алмаймыз» дейді.

Жоқ. олай емес, яғни кім кешірім сұраса, расында жақсы ниеті болса, оған қатысты Алла ﷻ құран әзиму-шәнда, «Алла олардың жамандығының орнын жақсылықпен ауыстырар» дейді, құран 25інші сүре 70інші аят. Демек, Алла ﷻ оның күнәсін сауапқа өзгертіп жібереді де, ешқандай күнә қалмайды, Алла ﷻ күнәні әкетіп, орнына сауап берер, міне бұл Алла Әззә уә-Жәллә, ал біз осы үшін Алла ﷻға алғыс айтамыз. Біз ұдайы Алла Әззә уә-Жәлләға, «әшшүкірилиллаһ, әлхамдулиллаһ, ашшүкірилиллаһ» деп, алғыс айтуымыз керек, Алла ﷻ бізді Өз жолында етті, сондықтан, мұсылмандар арасында кішкене істерге бола мәселелер туындамасын.

Кейбір құтырған адамдар бар болып, олар ашуланғанда, «Алла кешірсе де, мен кешірмеймін» дер, Алла ﷻ осыбір құтырған адамдарға сана және жақсы ойлана білуді бергей, Алла ﷻ барлығымызды кешіргей. Біз бұнда Алла Әззә уә-Жәлләға мұхтажбыз, Алла ﷻ бізді өз жолында бекем еткей, құлатып жібермегей, біз, әлхамдулилла, машайықтармен, мәуләнәмен біргеміз. Алла ﷻ сопылық тәриқаттағыларды жоғары мақамда етеді, міне бұл Алла ﷻдан берілген бір іззет, сауға-дүр, ал біз Алладан келген бұл іззеттер үшін Аллаға шүкірлік айтуымыз керек. Алла ﷻ бізді осы жолда ете бергей, бізді онан арман биіктете бергей, иншалла.

- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы

#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami





سۇحبات: ءقازىر ەڭ بۇزىق ۋاحابي-سالافيلار ورتا ازيادا تۇرادى (2) (2026.01.27 / حيجري 1447-جىل 08-شاعبان)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.

ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.

(Shah Jahan Mosque – Woking، UK، 2026) انگليادا ايتىلعان سۇحبات. بيسميللاحير راحمانير راحيم، «إِنَّمَا ٱلْمُؤْمِنُونَ إِخْوَةٌ فَأَصْلِحُوا۟ بَيْنَ أَخَوَيْكُمْ ۚ وَٱتَّقُوا۟ ٱللَّهَ لَعَلَّكُمْ تُرْحَمُونَ»، ياعني، «مۇميندەر - ءوزارا باۋىرلار، سوندىقتان ولاردىڭ اراسىن جاراستىرىڭدار، جانە اللادان قورقىڭدار، سوندا راحىمعا يە بولارسىڭدار»، ساداقال لاحۋل عازيم، قۇران 49ءىنشى سۇرە 10ءىنشى ايات. بيسميللاحير راحمانير راحيم، «وَتَعَاوَنُوا۟ عَلَى ٱلْبِرِّ وَٱلتَّقْوَىٰ ۖ وَلَا تَعَاوَنُوا۟ عَلَى ٱلْإِثْمِ وَٱلْعُدْوَٰنِ»، ياعني، «جانە جاقسىلىقپەن تاقۋالىقتا سەلبەسىڭدەر، ءبىراق كۇنامەن زۇلىمدىقتا سەلبەسپەڭدەر»، قۇران 5ءىنشى سۇرە 2ءىنشى ايات. مىنە بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءامىرى، مۇسىلماندار، مۇميندەر ءوزارا باۋىرلار، دەمەك سىزدەر ءبىر بولۋلارىڭىز كەرەك، سوندا اللا ﷻ سىزدەرگە جاردەم بەرەدى، راحىمىن توگەدى. سونىمەن بىرگە اللا ﷻ ءبىر-بىرىڭە جاردەم بەرۋگە، جاقسى ءىس ىستەۋگە، يسلامعا، مۇسىلماندارعا كومەكتەسۋگە، ساداقا بەرۋگە، دەمەك، ءاربىر يگى ءىستى ىستەۋگە ءامىر ەتەدى، ال ارالارىڭىزعا ەشقانداي جەككورۋشىلىك، يا كورە الماستىق سالماڭىزدار.

ءالحامدۋليللا، بۇل جەر بەرەكەلى جەر، ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت سوناۋ كەزدەن بەرى وسى جەرگە كوپ رەت كەلدى، ارينە، بۇنداعىلاردىڭ بارلىعى سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار، ءالحامدۋليللا. سوپىلىق ءتاريقاتتا ناقشباند، قاديري، شيستي، ريفاي، باداۋي سياقتى تارماقتار بار، ولاردىڭ بارلىعى دا سوپىلىق ءتاريقات، بۇل يمامداردىڭ بارلىعى دا پايعامبارىمىز ﷺ جاعىنان بەرەكەلەنگەن يمامدار، ولار سونشاما عاسىردان بەرى ميليونداعان ادامدارعا نۇر بەرىپ كەلدى. سوندىقتان، ءوزارا جاۋ بولۋ قاجەتسىز، ءبىراق سىزدەر يگىلىكتە جاردەمشى بولۋلارىڭىز كەرەك، اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءاربىر جاراتىلىسىنا ۇقساماعان قابىلەت، ۇقساماعان سىناق، ۇقساماعان نارسەلەر بەرگەن، دەمەك، ءار جاراتىلىستىڭ جۇرەگى مەجەلى جەرگە تارتىپ تۇرادى. ءبىراق بۇنداعى ماڭىزدىسى، بۇنىڭ سوڭىندا ولاردىڭ بارلىعىنىڭ پايعامبارىمىزعا بارۋى بولماق، ياعني بارلىق سوپىلىق ءتاريقاتتار پايعامبارىمىز ﷺعا بارىپ تىرەلەدى، سوعان تارتادى.

سول ءۇشىن وسى جولدا بولعاندا پايعامبارىمىزدىڭ ايتقانىنا بويۇسىنۋىڭىز كەرەك، جانە اللا ﷻ ايتقان، «بىرگە بولىڭدار» دەگەن امىرگە باعىنۋىڭىز كەرەك. ارينە، ءار سوپىلىق ءتاريقاتتا ۇقساماعان نارسەلەر بولۋى مۇمكىن، ءبىراق بۇل نارسە ءسىزدى باسقالارمەن جامان بولۋعا اپارماۋى كەرەك، سىزدەر ءبىر-ءبىرىڭىزدى قابىل ەتە الۋىڭىز ءتيىس. جانە ءبىر-ءبىرىڭىزدىڭ ىستەرىڭىزگە ارالاسپاۋلارىڭىز كەرەك، تەك وزىڭىزگە قاراڭىز، ءوز ءناپسىڭىزدى كىشپەيىل ەتۋگە، بويۇسىنۋعا تاربيەلەڭىز، ءار نارسەگە اشۋلانۋدى قويىڭىز، ايتپەسە، باسقالارعا كىشكەنە ىستەن ۇلكەن ماسەلە تۋدىراسىز. جوق، بۇل جاقسى نارسە ەمەس، سەبەبى، شايتان سوناۋ يسلامنىڭ باسىنان باستاپ، يسلامدى جەڭە المادى، دەمەك، شايتان سىرت جاقتان شابۋىل جاساپ يسلامدى ەشقاشان جەڭىپ كورگەن جوق. ياعني يسلامدى نەمەسە حاليفانى جوق ەتپەكشى بولعان ءارقانداي جاۋ سىرتتان كەلىپ، جەڭىسكە جەتكەن جوق، ءبىراق ولار ۇدايى ءىش جاقتان كەلدى. دەمەك، ولار اراعا وت سالىپ، ءار جاقتى ءوزارا جاۋ ەتتى، اراعا بۇلىك سالدى. سودان سوڭ مۇسىلماندار ءبولىنىپ، ءبىرىن-ءبىرى ءولتىردى، ال جاۋلار سودان سوڭ كەلىپ، باسىپ الدى، مىنە بۇل جاعداي ءتاريحتا كوپ تۋىلعان.

ءتاريح وتە ماڭىزدى، ول - ءبىر ءبىلىم، ال قۇران ءجايلى، «القُرآن فیھ علوم الأولین والآخرین»، ياعني، «قۇراندا باسىنان باستاپ اقىرىنا دەيىنگى بىلىمدەر بار» دەلىنگەن، دەمەك، ول ءتاريحتى دا ۇيرەتەدى، جانە ادامدارعا عيبىرات بولۋى ءۇشىن وتكەن زامان ءجايلى ايتادى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «فَٱعْتَبِرُوا۟ يَـٰٓأُو۟لِى ٱلْأَبْصَـٰرِ»، ياعني، «سوندىقتان، عيبىرات الىڭدار، و كورە بىلەتىن ادامدار» دەيدى، قۇران 59ءىنشى سۇرە 2ءىنشى ايات، قۇراندا جانە، «يَـٰٓأُو۟لِى ٱلْأَلْبَـٰبِ»، ياعني، «يا ۋليل ءالباب»، ياعني، «و تۇسىنەتىندەر» دەلىنەدى، قۇران 2ءىنشى سۇرە 179ءىنشى ايات. دەمەك، كورە بىلگەن ادامدار ساباق الىڭدار، و تۇسىنۋگە جۇرەگى بارلار عيبىرات الىڭدار. ال ءتاريحتا مۇسىلماندار ۇدايى ءبىر-بىرىنە كومەك ەتپەي، تالاي رەت وزدەرىنە بالە-قالا، كەسىر-كەساپات، جاماندىق الىپ كەلگەن. باعانا لونداوندا بىرەۋلەر، «وسمانلى يمەرياسىن كىمدەر قۇرتتى» دەپ سۇرادى، ونى مۇسىلماندار قۇرتتى، مۇسىلماندار، جانە تۇرىكتەر دە قۇرتتى، ءبىراق وسمانلى تۇرىك ەمەس، وسمانلىدا 70 ءتۇرلى ۇلت-قاۋىم بولدى، جانە ولار اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا ءۇشىن كۇرەستى.

ال وسمانلىعا كومەكتەسپەي، ونىڭ اقىرلاسۋىن باستاعان كىم ەدى؟ ولار قىرىمدىقتار ياعني قىرىم تاتارلارى ەدى، ءقازىر وعان رەسەيمەن تاعى باسقالار تالاسىپ، سوعىسىپ جاتىر، ولار دا ۇقساس، ۇقساماستىق جوق، دەمەك، ءقازىر بىرەۋلەر قىرىمعا تالاسىپ قىرىلىسۋدا. ول سۇلتاندىقتىڭ اتى كەرەي سۇلتاندىعى ەدى، ياعني سۇلتان كەرەي بۇكىل وسى اۋماقتى مەڭگەرۋدە ۇستاپ تۇرعان تاتارلاردىڭ سۇلتانى بولاتىن. ولار قازىرگى ۋكراين جانە رەسەي وڭىرلەرىن بيلەدى، ول كەزدە ولاردىڭ بارلىعى دەرلىك مۇسىلمان ۇلىستارى بولاتىن، وندا مۇسىلماندار جاسايتىن. ءوز زامانىندا وسمانلى سۇلتانى اۆستريانىڭ ۆيەنناسىنا سوعىس اشپاق بولدى، جانە ماناعى تاتارلاردان كومەك سۇرادى، ال تاتارلار، «ءيا، كومەكتەسەمىز، ساعان جاردەم بەرەمىز، قانداي كومەك كەرەك» دەدى. وسمانلى ولارعا، «سەندەر جاۋدى ارت جاعىمىزعا كەلتىرمەي تۇرساڭدار بولدى» دەر، ال قىرىمنىڭ كەرەي سۇلتانى قىزعانشاق ەدى، بۇنداعى كەرەي نەمەسە گىراي ءسوزى تاتار تىلىندە سۇلتان دەگەن ماعىنانى بىلدىرەدى. سونىمەن ول ماناعى جاۋدى وسمانلىنىڭ ارتىنان كىرگىزىپ جىبەرەدى، سودان وسىمانلى وڭباي جەڭىلىپ، كوپ اسكەرى ولەدى، جاۋلار وسمانلىنىڭ بار قازىنا-بايلىعىن توناپ اكەتەدى، بۇل ەكىنشى رەتكى ۆيەننا شايقاسى ەدى.

ال ءبىرىنشى رەتكى شايقاسى سۇلتان سۇلەيمەن ءال-قانۋنيدىڭ كەزىندە بولدى، مەن ول جەرلەرگە باردىم، زيارات ەتتىم، ولاردى كوردىم، ونداعىلار سۇلتان سۇلەيمەن وسى جەرگە دەيىن كەلدى دەپ ايتقان بولاتىن، وندا تەك ءبىر بەلگى عانا بار ەكەن. ول ءبىر ۇلىق سۇلتان ەدى، ول قايتىپ كەلدى، ءاسىلى بۇل سوعىستى جاساۋ قاجەتسىز بولاتىن، ءبىراق ول سولاي بولدى، ول تۋىلدى، ال ودان سوڭ نە بولدى، ياعني وسمانلى جەڭىلگەن سوڭ نە بولدى؟ دەمەك، سودان باستاپ وسمانلى يمپەرياسى قۇلدىراي باستادى، ولار بىرتىندەپ السىرەدى، كۇشى قالمادى، سەبەبى ولار كوپ قازىناسىنان ايىرىلدى، ارمياسىنىڭ جارتىسى ءشاحيت بولدى. ءتىپتى سوعىستا وسمانلى ارمياسى ءوز سۇلتانىن ازەر قۇتقارىپ قالدى، ال ودان سوڭ كەرەي سۇلتانعا نە بولدى؟ ولار تۇگەلدەي ورىستار جاعىنان الىنىپ، جوق بولدى، ورىستار ولاردى قىرىپ سالدى، قىرىم سۇلتاندىعى جوق بولدى، جانە بۇكىل بارلىعىن تارتىپ الدى، ولارعا وسى كۇنگە دەيىن ماناعى ءىسى ەش پايدا بەرمەدى.

نەگە بۇلاي بولدى؟ سەبەبى مۇسىلماندار ءبىر-بىرىنە جاردەم بەرمەي قويدى، سول ءۇشىن ءبىز دە، «ءبىز ءار جەردە بولسىن، كىشكەنە عانا جاماعاتپىز، كىشكەنە ىستەر ءۇشىن ماسەلەلەر تۋىنداتۋدىڭ ەش قاجەتى جوق» دەپ ايتامىز، دەمەك، سىزدەر جاقسى جالعاستىرا بەرىڭىزدەر. اللا ﷻ سىزدەرگە كوپتەگەن جەرلەردى بەردى، ءىشتارلىق ەتپەڭىزدەر، بۇندا بارلىعى كەلىپ جاتىر، جانە پايعامبارىمىز ﷺعا، سوپىلىق ءتاريقاتقا قارسى بۇلىك جاساماڭىزدار، ولار ونى جۇرتتىڭ وندا قۇران-حاديس وقىپ، ءماۋليت وتكىزۋىنە، زىكىر ەتۋىنە اشىپ قويۋى كەرەك. ول سولاي جالعاسۋى كەرەك، ەگەر سىزدەر ءبىر-بىرىڭىزبەن سوعىسساڭىزدار، وندا باسقالار كەلىپ، سىزدەردى باسىپ الادى، جانە لاقتىرىپ جىبەرەدى. مۇمكىن ولار سىزدەرگە جاردەم كورسەتىپ جۇرگەندەي كورىنەر، ءبىراق ماناعى ادامدارعا تۋىلعانداي جاعداي سىزدەرگە دە تۋىلاتىن بولادى. ودان سوڭ ولار سىزدەردى الادى، لاقتىرىپ جىبەرەدى، بۇل كادىمگى ءتاريحتاعى يسلام ۇلىستارىنا تۋىلعان ىسكە ۇقسايدى.

مىنە بۇل ءبىزدىڭ ايتقانىمىز، وسمانلىلار ءاحلۋل ءساننا ءۋال-جاماعادان بولدى، ولار سوپىلىق ءتاريقاتتى جانە وزگەلەردى قورعادى، باسقالار دا سولاي، كەرەي سۇلتان دا، تاتارلار دا ءاحلۋل ءساننا ءۋال-جاماعادان، ولار شيعا ەمەس، ۋاحابي ەمەس، ول كەزدە ۋاحابيلار بولماعان، ءالحامدۋليللا. بۇل وڭىرلەردە، ياعني ورتا ازيا جانە رەسەي وڭىرلەرىندە ۋاحابيلار بولماعان، ءالحامدۋليللا، ماناعى ىستەر قازىرگى رەسەي جاقتا بولدى. الايدا ول كونە زامانداردا ولاردىڭ ەسىمدەرى ۇقسامايتىن ەدى، ماسەلەن، قىرىم، قازان، جانە سول سياقتى كوپتەگەن ەسىمدەر بولدى، قازان تاتارلارى ءار جىلى موسكۆاعا شابۋىل جاساپ، كوپتەگەن ولجا الىپ قايتاتىن. ولار وتە قۋاتتى بولدى، سەبەبى ولار ءاحلۋل ءساننا ءۋال-جاماعا ەدى، جانە يسلامدى قورعادى. ءبىراق ولار ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال-جاماعا بولسا دا، وندا ەشقانداي شيعا، سالافي، ۋاحابي دەگەندەر بولماسا دا، ولارعا بۇلىك كەلدى.

ءالحامدۋليللا، ول كەزدە ۋاحابيزيم جوق ەدى، ءبىراق باقىتسىزدىققا وراي، وسى كەزدە ەڭ بۇزىق ۋاحابيلار وسى رەسەي، جانە ورتا ازيا وڭىرىندە ءورىپ ءجۇر، ولار وندا سان ءتۇرلى بۇلىك جاساپ، ەل-جۇرتتى بۇلدىرۋدە. ءتىپتى ول جەرلەرگە بارساڭىز، جانە ولارمەن ۇقساماعان سوپىلىق ءتاريقاتتا بولماساڭىز دا، ولار ءسىزدى بەينە ءبىر دۇشپانى سياقتى كورەدى، بۇل دا ول وڭىرلەردەگى بولىپ جاتقان وتە ۇلكەن بۇلىكتەر. سول ءۇشىن سىزدەر بۇلىكتىڭ كىشكەنە كەزىندە باسىن الىڭىزدار، ءوشىرىپ جىبەرىڭىزدەر، جۇرت تا، «جىلاننىڭ باسىن ۇلكەيمەي تۇرعاندا ال» دەگەن ءسوز بار ەمەسپە. الايدا ول ۇلكەيىپ كەتسە، ونى ۇستاي المايسىز، جىلاننىڭ باسىن كەسە المايسىز، ودان سوڭ ول ءار جەردى ۋلاپ بولادى، راسىندا وتە ۇلكەن ۋلانۋلار بولىپ جاتىر. سوندىقتان، سىزدەر ىنتىماقتى بولىڭىزدار، كىشكەنە ۇساق-تۇيەك ماسەلەلەردى ويلاماڭىزدار، ەشتەڭە ايتپاڭىزدار، سەبەبى بىردەڭە دەسەڭىزدەر، ولار، «ول ءبۇيتتى، ول ءسۇيتتى» دەيتىن بولادى.

سول ءۇشىن، ءبىز اللا ءاززا ءۋا-ءجاللادان جۇرەگىمىزگە باۋىرلارىمىزعا، مۇريتتەرگە دەگەن ريزالىق نۇرىن سالۋىن سۇرايىق، جانە مۇسىلمانداردىڭ بارشا جاماندىقتاردان امان بولۋىن سۇرايىق، ءبىراق وسىعان ۇقساس نارسەنى تابۋ وڭاي ەمەس. سەبەبى، ماسەلەن، ءسىز ساداقاعا نيەت ەتسەڭىز، نەمەسە جاقسى بىردەڭە ىستەسەڭىز، كوپتەگەن ادامدار سىزگە شابۋىل جاساي كەتەدى، ءسىزدى توسپاق بولادى. ءبىر اڭگىمە بار ەدى، بىردە ءبىر يمام قۇتپا يا سۇحبات ايتىپ جاتىپ، «كىم ءبىر ۋىس كۇرىش ساداقا بەرسە، اللا ونىڭ ءاربىر دانىنە ساۋاپ جازار» دەيدى، ول بيداي، ۇن، ماي بەرسە دە سولاي بولاتىنىن ايتادى. سول كەزدە ونى ەستىپ تۇرعانداردىڭ بىرەۋى قاتتى شابىتتانىپ كەتەدى دە، ساداقا بەرمەك بولىپ، ۇيىنە قاراي جۇگىرەدى. ءبىراق ول ۇيىنەن بىردەڭە الىپ كەتپەكشى بولىپ جاتسا، كەنەت الدىنان ايەلى شىعا كەلەدى. ايەلى وعان، «بۇل نە» دەيدى، ول، «يمام ايتتى، مەن ساداقا بەرۋىم كەرەك» دەيدى، ال ايەلى، «جوق، ونى قوي» دەپ ۇرسادى، ول زاتىن الا الماي، قۇر قول كەلەدى. ال سىرتتا تۇرعان يمام، «ساداقاڭ قايدا» دەر، ول، «الايىن دەسەم وندا ءبىر شايتان ەمەس، شايتاننىڭ اناسى دا تۇر ەكەن» دەيدى قالجىڭداپ.

سول ءۇشىن جاقسى بىردەڭە ىستەمەكشى بولساڭىز، كوپتەگەن شايتاندار ءسىزدى ودان توسپاقشى بولادى، ماسەلەن، ءاردايىم، «پايعامباردى سۇيمەڭدەر» دەگەن جينالىس بولا قالسا، وعان نەشە مىڭداپ كوپ ادام جينالار. ءبىراق پايعامبارىمىز ءۇشىن ايتىلعان سۇحباتقا ادام تىم از كەلەدى، مۇمكىن ون پايىزى عانا كەلەر، ونىڭ نەگە بۇلاي ەكەندىگىنە تاڭعالام، ءبىراق وندا سەبەپ بار. سەبەبى سول، شايتان ماناعى ادامدارعا يگىلىك قالامايدى، ول بۇزىقتارعا ريزا بولادى، ولاردى ساۋاپتان، پايعامبار ماحابباتىنان، اللا ماحابباتىنان قاشىرىپ جىبەرگەنىنە قۋانادى. ول سوعان ءماز بولار، سول ءۇشىن ول ماناعىنداي جينالىستارعا «ءيا، ءيا، بارىڭدار، قاراڭدار، كوپ ادام كەلىپ جاتىر، سالات-ءنابي سالاۋات ەتپەڭدەر، ايتپەسە قارعىسقا ۇشىرايسىڭ، مۇشىرىك بولاسىڭ، انداي بولاسىڭ، مۇنداي بولاسىڭ» دەر. ءبىراق جاقسى سۇحبات، جاقسى جينالىس بولا قالسا، ولار سىزگە شابۋىل جاسايدى، جانە، «ىستەگەنىڭ حارام بولسا قايتەسىڭ، بۇندا نەعىپ ءجۇرسىڭ، ماناعى ادامدار ونى حارام، بۇنى شىرىك دەگەن، توزاققا تۇسەسىڭ، دۇعاڭ قابىل بولمايدى، ەشقاشان كەشىرىلمەيسىڭ» دەپ، ءۋاسۋاسا بەرەدى.

دەمەك، ولاردىڭ ايتقاندارى تۇگەل تۋرالىقتىڭ كەرىسى بولىپ كەلەدى، ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، «مەن عافۋرۋر راحيممىن، سەندەر ەڭ سوڭعى تىنىس-دەمدەرىڭە دەيىن كەشىرىم سۇراۋىڭا بولادى، مەن سەندەردى كەشىرە الامىن» دەيدى. اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا تاعى، «ەگەر ءوسىبىر ادامدار كۇنا جاساماسا، مەن كۇنا جاسايتىن باسقا قاۋىم جاراتامىن دا، ودان سوڭ ولاردى كەشىرەمىن، مەن كەشىرگەندى سۇيەمىن» دەيدى، مىنە، اللا ﷻ وسىلاي ايتار. ال ماناعى ادامدار اللانىڭ ايتقانىن قابىل ەتپەيدى، نە ءۇشىن؟ سەبەبى ولاردا كورە الماستىق بار، ولار ءىشتارلىق قىلادى، ولار ادام بالاسىنا، ەشكىمگە دە جاقسىلىق قىلمايدى. كورە الماستىق اسا جامان قاسيەت، ول شايتاننان كەلەدى، شايتاندى ءجانناتتان لاقتىرىپ جىبەرگەن دە وسى كورە الماستىق ەدى، ال شايتان ونىسىن ءالى دە توڭمويىندىقپەن جالعاستىرۋدا. كاپىردىڭ دە باستى قاسيەتى وسى كورە الماستىق، دەمەك، ولار ونىڭ دۇرىس ەكەندىگىن بىلسە دە، ءبىراق ولاردا كورە الماستىق اۋرۋى بولعاندىقتان باسقا ادامدى قابىل ەتپەيدى، ولار وزدەرىن وسىلاي وتتا ۇستايدى.

بۇل ءبىر ماڭىزدى ءىس، سول ءۇشىن اللا ﷻ مۇسىلمانداردىڭ جۇرەگىن كورە الماستىقتان ادا ەتكەي، تۋرا جولدان شىعىپ كەتۋدەن ساقتاعاي، ولاردى راحىمنىڭ جولى بولعان، باقىتتىڭ جولى بولعان، جاقسى ءشۇيىنشىنىڭ جولى بولعان پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولىنان شىعىپ كەتۋدەن ساقتاعاي. «بَشِّرُوا ولا تُنَفِّرُوا»، «باششيرۋ ءۋالا تۋناففيرۋ»، ياعني، «ادامداردى جاقسىلىقپەن شۇيىنشىلە، ولاردى قاشىرىپ جىبەرمە» دەيدى پايعامبارىمىز ﷺ. دەمەك، جاقسى ءشۇيىنشى ايتىڭىز، جاقسى حابار ايتىڭىز، ادامدارعا، «اللا بارلىعىن كەشىرە الادى، الاڭ بولماڭىز» دەپ ايتىڭىز، ال كەيبىر ادامدار، «ءبىز جامان ءىس ىستەپ جاتىرمىز، مۇمكىن ءبىز ءجانناتتىق بولا المايمىز» دەيدى.

جوق. ولاي ەمەس، ياعني كىم كەشىرىم سۇراسا، راسىندا جاقسى نيەتى بولسا، وعان قاتىستى اللا ﷻ قۇران ءازيمۋ-ءشاندا، «اللا ولاردىڭ جاماندىعىنىڭ ورنىن جاقسىلىقپەن اۋىستىرار» دەيدى، قۇران 25ءىنشى سۇرە 70ءىنشى ايات. دەمەك، اللا ﷻ ونىڭ كۇناسىن ساۋاپقا وزگەرتىپ جىبەرەدى دە، ەشقانداي كۇنا قالمايدى، اللا ﷻ كۇنانى اكەتىپ، ورنىنا ساۋاپ بەرەر، مىنە بۇل اللا ءاززا ءۋا-ءجاللا، ال ءبىز وسى ءۇشىن اللا ﷻعا العىس ايتامىز. ءبىز ۇدايى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا، «اششۇكىريليللاھ، ءالحامدۋليللاھ، اششۇكىريليللاھ» دەپ، العىس ايتۋىمىز كەرەك، اللا ﷻ ءبىزدى ءوز جولىندا ەتتى، سوندىقتان، مۇسىلماندار اراسىندا كىشكەنە ىستەرگە بولا ماسەلەلەر تۋىنداماسىن.

كەيبىر قۇتىرعان ادامدار بار بولىپ، ولار اشۋلانعاندا، «اللا كەشىرسە دە، مەن كەشىرمەيمىن» دەر، اللا ﷻ ءوسىبىر قۇتىرعان ادامدارعا سانا جانە جاقسى ويلانا ءبىلۋدى بەرگەي، اللا ﷻ بارلىعىمىزدى كەشىرگەي. ءبىز بۇندا اللا ءاززا ءۋا-ءجاللاعا مۇحتاجبىز، اللا ﷻ ءبىزدى ءوز جولىندا بەكەم ەتكەي، قۇلاتىپ جىبەرمەگەي، ءبىز، ءالحامدۋليللا، ماشايىقتارمەن، ماۋلانامەن بىرگەمىز. اللا ﷻ سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلاردى جوعارى ماقامدا ەتەدى، مىنە بۇل اللا ﷻدان بەرىلگەن ءبىر ىززەت، ساۋعا-ءدۇر، ال ءبىز اللادان كەلگەن بۇل ىززەتتەر ءۇشىن اللاعا شۇكىرلىك ايتۋىمىز كەرەك. اللا ﷻ ءبىزدى وسى جولدا ەتە بەرگەي، ءبىزدى ونان ارمان بيىكتەتە بەرگەي، ينشاللا.

- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى

#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8688