https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8666
Сұхбат: газа мәселесі араптардың осыманлыға сатқындық етуінің жемісі (2) (2026.01.18 / Хижри 1447-жыл 29-Ражаб)
Исламбол (Станбул), Түркия.
Әс-сәламу Әлейкум уа Рахматуллахи уа Баракатуху.
Ағузубиллаһи Минаш-шайтанир ражим, Бисмиллахир Рахманир Рахим.
Уа с-салату уас-Саламу ғалә Расулина Мұхамадин Сәйидил-Ауалина уал-Ақирин, Мәдәт я РасулАллаһ, Мәдәт я Сәдәти Әсхаби Расулилаһ, Мәдәт я Машайқина, Дәстүр Мәуләнә Шайық Абдуллаһ әл-Фәйз әд-Дағыстани, Шайық Мұхаммад Назым әл-Хаққани, Мәдәт. Тәриқатуна әс-Сұхбах уал-Қайру фил-Жәмиях.
(Greengate Jamia Masjid – Oldham, UK, 2026) Англияда айтылған сұхбат. Алла ﷻ сіздерді берекелегей, бізді құрметтеп жатсыздар, біз бұған татымаймыз, бірақ әлхамдулилла, сіздер бізді әулие-машайықтармен пайғамбарымыз ﷺ үшін құрметтеп жатсыздар. Алла ﷻ сіздерге тіпті де көп махаббатпен нұр бергей, иншалла, және сіздерді осы жолда, пайғамбарымыз ﷺ жолында, әхлул сүннә уәл жамаға жолында, сопылық тәриқат жолында баянды еткей. Бұл жолдар ұқсас жол, ұқсамастығы жоқ, әлхамдулилла, біз тура жолдамыз, яғни тәриқул-мұстақим, тариқус-салих, иншалла, тәриқат дегеніміз жол, мұстақим дегеніміз түзу, яғни жолдан шығып кетпеу болмақ. Әлхамдулилла, біз пайғамбарымыз ﷺның жолындамыз, және ол әлі жалғасып келеді, ол қияметке дейін ғана емес, мәңгілік болмақ, әлхамдулилла, ол мәңгілік-дүр. Кім оны сонау бастан ұстай алса, ол тіпті де көп берекеге жетеді, және жәннәтта пайғамбарымыз ﷺға жақын тұрады, дүниеде де солай, ол пайғамбарымыз ﷺға тіпті де сүйікті жан болады.
Себебі пайғамбарымыз ﷺ, «кім маған салауат айтса, мен оған жауап қайтарамын» дер, сондықтан, сопылық тәриқаттағылар пайғамбарымыз ﷺға ұдайы салауат айтады, яғни сіздер айтқандай, «дүруд» айтады, және әр жолы пайғамбарымыз ﷺ оған жауап қайтарады. Міне бұл біздің сеніміміз, бұл исламдық сенім, ал кейбір адамдар бұны қабыл етпейді, бірақ бұл адамдар еш маңызды емес, маңызды нәрсе пайғамбарымыз ﷺның жолында, ата-бабаларымыздың жолында болу-дүр. Ол сонау пайғамбарымыз ﷺнан бері қазірге дейін әлі жалғасып келеді, көптеген адамдар осы жолды құртқысы келді, бірақ құрта алмады, бірақ олардың өздері құрыды. Олар жәйлы ешкім ештеңе білмейді, бірақ әрине, олар біреу, екеу, я жүз емес, олар әр жерде мыңдап қаптап жүр, бірақ әрдайым олардың барлығы өздері бастаған бүлігімен кесірлі істерінің астына көміліп жоқ болды, жеңіліп жойылды. Қазір олар қара жердің астында өкініп жатыр, бірақ одан еш пайда келмес, ал пайда әр кезде осы жолға ере білуде, шайтанға құлақ аспауда жатыр. Адамдар, «менде уәсуәсә бар» дейді, бұл қалыпты нәрсе, демек, шайтан уәсуәсә жасайды, бірақ манағы қыңыр адамдар шайтаннан бетер уәсуәсә салады, олар шайтаннан асып кетті.
Әлхамдулилла, бағана бұндағы шайық қасида айтып, әл-ақса мешітімен мираж жәйлы сөйледі, әрине, бірақ осыбір жерлерді, бақытсыздыққа орай, көптеген адамдар зиярат ете алмайды. Бүгін де бір бауырымыз менен, «сіз бүкіл дүниені аралап жүрсіз, қайсы елді ең жақсы көресіз, қайсысына ең риза болдыңыз» деп сұрады, ол бауырымыз мүмкін мен, «меккемен медина деп айтар» деп ойлап қалған. Ал мен, «палестин» деп жауап бердім, әлхамдулилла, себебі ол жер пайғамбарлардың жері, және қасиетті әл-ақса мешіті тұрған жер, сүбіханАлла, бұны Алла ﷻ менің жүрегіме салды, осыбір жерге деген махаббатты салды. Ол жерді мен Мәуләнә Шайық Назым хазіретпен зиярат еткем, бұрын ол жерді араптар басқаратын, ал Мәуләнә Шайық әр жылы кипірден адамдарды қажылыққа апарушы еді. Ол оларды қажылыққа апарып, одан соң әл-ақса мешітіне әкелетін, бірақ кейін бұл жерді израйыл алды, солар басқарды, содан соң онда адамдар бара алмады. Бірақ 60 жыл өткен соң, мен ол жерге зиярат еттім, ол расында бір жақсы жер, керемет жер.
Онда не істер болды? мен ондағы ниблуске зиярат еттім, ол бір керемет қала, онда көптеген сопылық тәриқаттағы адамдар бар екен, олар бізді кешкі асқа, және басқа қонаққа шақырды, біз ондағы көне мешітте намаз оқыдық, осы нәблус қаласында сопылық тәриқат ұстанатын көптеген адамдар бар. Бірақ өз кезінде барлық араптар алданып қалды, сонау бастан батыс яғни европа халифатқа, Османлы Империясына қарсы қимылдар жасады. Олар Әбдул Хамит Сұлтанға милиярттаған ақша әкеліп, «біз сенің бар қарызыңды қайтарамыз, бізге осы өңірден ұлтарақтай кішкене жер бер» дейді. Бірақ сұлтан, «мен бұл қасиетті жерден сендерге бір жапырақ та бере алмаймын, ол менің аманатым, бұл жауапкершілікті тастап, Аллаға қалай сөйлеймін» деп, манағы адамдарды қуып жібереді. Осы Әбдул Хамит сұлтан да сопылық тәриқатта еді, барлық сұлтандар да сопылық тәриқатта болған, сахип тәриқат болған, Әбдул Хамит сұлтан шазили сопылық тәриқатында болған, оның шайығы шазили еді. Бірақ әрине, манағы адамдар бүлік-фитна жасап, оны аударып жіберді, және араптарды келістіріп алдады, олар араптарға, «сендер мұсылмандарға патша боласыңдар, және осы жер сендердікі болады» деп, алдап соқты.
Ұлық піріміз Мәуләнә Шайық Абдулла әд-Дағыстани хазірет сол кездегі Османлының армиясында әскер болған, ол әл-ақса мешітіне жақын тұрған әс-сақра мешітінде халуа (яғни оқшаулану) жасайды, ол онда 40 күн халуа өткізді, және армиямен палестиинді, әл-ақса мешітін қорғауда болды. Кейін олар қайтып келгенде бұзықтар Османылы құртты, содан батыстықтар дереу Османлының барлық жерлерін алады, және ондағы халифаны жоғалтады. Олар солай істер, біз оған ештеңе дей алмаймыз, бұл олардың хақысы, себебі, «الحَرْبُ خُدْعَةٌ», «әл-харбу қудға» яғни, «соғыс дегеніміз алдамшылық», демек, соғыста адам алдауға болады, бірақ алдамшылық істеуші ең сұмдық біреу болмақ, ал осындай алдамшылармен бірге болу тіпті де сұмдық іс болмақ. Яғни исламның жауларымен бірге болып, халифаға қарсы шығу өте үлкен күнә, олай болмауы керек еді, бірақ әрине, іс бітті, олар палестинді алды, одан соң ол жер айғай-шу, жылап-сықтаудан бір арылмады, ал ондағылар, «бізге зұлымдық жасалуда, бізде ана мәселе, мына мәселе бар» деп, күнде күңіренетін болды. Не үшін бұлай болады? себебі ондағылар өздерінің қателігін қабыл етпей жатыр, әлі де Османлыға қарсы болуда, халифаға қарсы болуда, бүкіл арап дүниесі солай істеп отыр! «олар халифаға немесе османлыға риза шығар» деп ойлап қалмаңыздар, қазірге дейін олай емес.
Себебі батыс елдері араптарды улап тастаған, және осыбір улы зәхар олардың сүйегіне дейін сіңіп кеткен, ал сіз оларды сәл қырнап көрсеңіз, олардың Османлыға, Халифаға деген дұшпандығымен жеккөрушілігін көресіз. Сол үшін оларға қазіргіндей келеңсіз істер болуда, олар, «газа-маза» дейме, білмедім, солай жылар, бірақ бұлар өздеріңнің қатерліктеріңнен болған. Ал манағы батыс елдері сендердің дұшпандарың еді, сондықтан, олар сендерге не істегісі келсе, соны істейді, оларға бұл мәселе емес, бірақ сендер Аллаға өкіне тәубе етпесеңдер, сопылық тәриқатпен бірге болмасаңдар, сендерге еш жақсылық келмейді. Мүмкін біреулер оны қате дер, бірақ мен сонда өмір сүрдім, Дамашықта туылдым, олар әрдайым мектепте, бастауыш мектепте, орта мектепте, демек әр жерде, «Османлы - дұшпан, бізді артта қалдырған солар, олар біздің жерді алып алған» деп үйретті. Алайда не болса да, Османлы палестинді манағы адамдарға сатып, ақша алмады, олар осы күнге дейін оларды билеп келер еді, бірақ бұл адамдарда, яғни біздің адамдарда ақыл болмады, ақылдары таусылған. Олардың милары күйіп кеткен, барлық мұсылмандардың милары күйіп кеткен, ештеңе ойлана білмейді, олар тек сыртына қарайды, қабына қарайды, бірақ жанында, немесе ішінде не болып жатқанын көре білмейді.
Адамдардың кейбірі иранның артынан, кейбірі уахабилардың артынан шауып жүр, ал сүйте тұра қалай мұсылманмын дейсіз, бұл менің Наблуста болғанда айтқаным еді, Әбдул Хамит Сұлтан осы қаланы сүйетін, және онда оған арналған ерекше жер бар болатын. Мен бұл қалаға кешкі ас кезінде жеттім, машалла, адамдары жақсы екен, олар Әбдул Хамит сұлтанды жақсы көреді, себебі сұлтан оларды жақсы көретіндігін айтқан, тіпті ол осы Наблусқа дейін темір жол да салдырған. Мен барғанда онда бір жасамыс кісі отыр екен, мен оған сәлем бердім, бірақ ол кісі қуанбай отыр, ол, «тәтби» деді, ал мен бірінші рет естігенде тәтбидің мағынасын түсінбедім, оны кейін түсіндім. Тәтби сөзі қалыптандыру немесе нормалдастыру деген мағына береді екен, олар бұны жақсы көрмейді, олай етпе дер. Ал сіз бұнда отырсыз, біз болсақ, қасиетті жерге зияратқа келдік, Алла ﷻ бізге осыны ашты, ал сіз неге бізге бұлай сөйлейсіз? бұл жер тек сізге ғана емес қой. Бұл жер қасиетті жер, ол жер бүкіл мұсылмандар үшін, бұлай десеңіз, әрине, манағылар сізге зұлымдық қылады, сіз ұнатпайтын бар істі істейді.
Исламның, мұсылмандардың хәлі осылай болды, олар шын ғұламалардан, нағыз әулие-машайықтардан білім алуы керек, әрине, олар да көп, бірақ бақытсыздыққа орай, тіпті сопылық ұстанған араптардың өзінде манағы рухани кесел бар. Себебі бұзықтар осы кеселді олардың жан-тәніне, барлық жеріне сіңдіріп жіберген, сондықтан, сіз оларды аздап қырнасаңыз, кеселдері ақырын-ақырын көріне кетеді, сол үшін олар Алла ﷻдан кешірім сұрауы керек. Алла Ғафурур Рахим, Ол қабыл етеді, және кешіреді, иншалла, Алла ﷻ бізді кешіреді, және Ол Сәйдина Мәхди хазіретті жібергей. Әлхамдулилла, бұнда пайғамбарымыз ﷺнан бізге Мәхди хазірет жәйлы жақсы шүйіншілі хабар бар, ол болмаса, барлығы қиын болар, әр жер түгемейтін мәселеге толған, бүкіл дүние мәселеге толған, мәселесіз жер жоқ. Ал осы мәселелердің көбі әрине мұсылман елдерінде, мұсылман жерлеріне болуда, не үшін? себебі Мәуләнә Шайық Назым хазірет айтқандай, шайтан шаршамайды.
Бірде христанның үлкен поп епискобы Мәуләнәдан, «бұл мәселелер қашан бітер» деп сұрайды, Мәуләнә Шайық, «шайтан пенсияға шығып кеткенде тоқтар, сол кезде бітер» деп жауап береді, ал манағы поп қатты күліп кетеді. Яғни Мәхди әлейхиссалам келгенде бүкіл мәселе жоғалады, бірақ қазір шайтан біткен жоқ, мен кашмир, миямыр, палестин, ирақ, иран, барша африка, судан, либия сияқты мұсылман елдері жәйлы көріп қаламын, естимін, және олар үшін көңілсіз боламын. Шайтанмен оның әскерлері оларды жоқ еткісі келеді, бірақ оған мыңдаған жыл керек, ал Сәйдина Әл-Мәхди хазірет келгенде мүлдем тыныштық орнайды. Еш мәселе болмайды, кашмир мәселесі, виза мәселесі, тұруға рұхат мәселесі, кіріп шығу мәселесі тб барлығы болмайды, олардың барлығы жоғалады, әрине, шайтан қазір пенсияға шыққан жоқ, ал Мәхди хазірет келгенде, Алла ﷻдың сөзі, берген уәдесі хақ болар, пайғамбарымыз ﷺ айтқандай, «бүкіл дүние исламда болар, басқа еш дін-сенім болмас, күллі адамзат исламға ерер» деген жағдай болар. Ал исламның мағынасы не? исламның мағынасы тыныштық, бейбітшілік дегенді білдіреді, демек, бүкіл дүниеге сол кезде тыныштық орнайды.
Сәйдина Әл-Мәхди хазіреттен соң Сәйдина Иса хазірет келер, Мәхди хәзіреттен соң дүниені Иса хазірет билеп, ол кезде 40 жыл тыныштық орнайды, ал Иса хазірет қайтыс болған соң, пайғамбарымыз ﷺның қасына жерленеді. Ол құтырған адамдар айтып жүргендей құдайдың баласы емес, астағфируллаһ, бұл ең ақымақ іс, бірақ осы адамдар өздерін дүниедегі ең ақылды адамдармыз деп ойлайды. Адамдар қазір машинадан ақылы аз болды, яғни оларда ақылды машиналар бар, тіпті сол машинасына, «Иса хазірет кім» деп сұрасаң, ол, «Иса хазірет бір пайғамбар» деп айтады, демек, машинаның өзі олардан ақылды болып отыр. Осы Иса хазірет қайтыс болған соң, Мәдинада пайғамбарымыз ﷺның қасына жерленеді, онда оған бір орын бар, бұны әхлул сүннә уәл жамағадан болғандардың барлығы біледі. Ал Иса хазірет кеткен соң, бүкіл дүние қайтадан шайтан болып кетеді, ол адамдар арқылы бүкіл күшпен келеді, сол кезде өте көп санды адамдар қайтадан кәпір болады, санаулы ғана мұсылмандар болады.
Сол кезде бір түтін, немесе самал жел шығар, ал оны мұсылмандар искеп, барлығы қайтыс болады, содан жер шарында тек қана кәпірлер қалады, сонымен біз шайтаннан тек 40 жыл ғана босай аламыз, одан соң шайтан тағы келеді. Міне, дүние осындай, ол осындай болуы керек, себебі қиямет манағы кәпірлердің басына орнайды, сол кезде бүкіл кәпір түгел жоқ болады. Қазір адамдар хабарларды көріп, «ох, аспанда бір тас келе жатыпты, ол жерді соқпақшы екен, сонда қиямет болар» деп жатады. Әлхамдулилла, біз мұсылмандар, мүминдер бұның шын емес екендігін білеміз, мүмкін басқа адамдар, «дүниенің ақыры сол таспен келетін болар» деп, бұдан қатты қорқып жүрсе керек, мазасы кетіп, көңілсіз жүрсе керек. Мейлі, сол тас келсін, я әр тас болсын, келсе, барлығы Алла Әззә уә-Жәлләның әмірімен келеді, ал Алла Әззә уә-Жәлләның әмірінсіз қалай қиямет орнамақ? демек, кәпірлерде тым мәнсіз, тым ақымақ сенімдер бар, олар өздерін осылармен қорқытады, олар Алла ﷻдан қорықпайды, бірақ басқа нәрсенің барлығынан, немесе, жоқ нәрседен өлердей қорқады.
Алла ﷻ бізді панасына алғай, иншалла, өздеріңізді әхлул сүннә уәл жамағаның жолында сақтаңыздар, ал әхлул сүннә уәл жамаға деген кімдер? олар шәриғатқа ерушілер, әлхамдулилла, шәриғат және төрт мәзхап аса маңызды. Ал кім осыларды қабыл етпесе әхлул сүннә уәл жамағадан болмайды, әр мәзхап оңай, онда қиындық жоқ, әр ел өздеріне лайық төрт мәзхаптың біріне ереді. Бірақ қазіргі жаңа шыққан қайсыбір қыңыр адамдарға еруге болмайды, себебі олар, «мәзхап керек емес» деп жүр, олар мәзхаптармен оған ергендерді қарғап жүр, олар, «мәзхап қажетсіз, тек құранға ер» дейді. Ал олардың құран оқығанын көп рет естіп қалдым, олар құранды жөнді оқи да алмайды, сонда құранды өзің қалай түсініп, өзің арқылы қалай ермекшісің?
Ал пайғамбарымыз ﷺ болса, «يَسِّرُوا ولا تُعَسِّرُوا», «яﷺиру уәлә тағсиру», яғни, «оңай ет, қиын етпе» дейді, демек, оңай етіңіз, оны қиын етпеңіз, яғни, олар жолды мәзхап арқылы көрсеткен кезде, ол сіздің еруіңізге оңай, және жеңіл болады. Ал оны білмесеңіз, сіз құранды ашып, басынан ақырына дейін бірдеңе іздемек боласыз, ал бұндайда сіз біреуін табасыз, бірақ екіншісін тапқанша, біріншісін ұмытып боласыз, тағы ашасыз, тағы ұмытасыз, жаңыласыз, бұл еш жақсылық емес. Міне бұл ең үлкен бүлік-фитна, ал ғұламалар бұны біледі. Қазір өздері бірдеңелерді жасап алып, «біз бұны құраннан үйрендік» деп, шәриғатқа қарсы жар салып жүрген адамдар көп. Ал құран әзиму-шәнді үйрену үшін, оны нақты үйрену, және түсіну үшін аз дегенде он жыл керек, ал сіз оны түсінген кезде бір жағынан хадиске де қарауыңыз керек. Бірақ манағылар хадисты қабыл етпейді, демек, бұл адамдардың шаруасы біткен, бұзылған адамдар, олардың оқыған, үйренген нәрселерінің еш пайдасы жоқ, тіпті бұлары оларды зияндайтын болады, себебі олар бүлік жасауда, адамдарды басқа жолдарға кетіруде.
Сондықтан, о әхлул сүннә уәл жамаға жұрты, мәзхаптан алыстамаңыздар, сопылық тәриқаттан алыстамаңыздар, бұлар екі қанат, өткендер осылай дер. Сәйдина Қалид Әл-Бағдади хазірет, Зұл Жанахаян хазіреттер осылай атаған. Ал кім осы екі қанатпен жүрсе, жеңіске жетер, себебі бір қанатың шәриғат болса, екінші қанатың тәриқат-дүр, бұлар болмаса, сіздер ешқайда бара алмайсыздар, осы екі қанат болуы керек, біздің жол міне осы. Алла ﷻ сіздері берекелегей, сіздерді осы жолда сақтай бергей, иншалла, әрбір сопылық тәриқат бола береді, қайсысы болғаны маңызды емес, оны мен бүгін де айтып өткем. Көптеген сопылық тәриқаттар бар, сіз олардың өзіңізге үйлескен кезкелгеніне ересеңіз болады, бұл кәдімгі сіздің өзіңізге үйлесетін қайсы мәзхапқа еруіңізге ұқсайтын іс. Алла ﷻ сіздері берекелегей, сіздерді осы жолда баянды сақтағай, әмин.
- УәминАллаһиТауфиқ, әл-Фатиха.
- Әулие Сопы Маулана Шайық Мехмет Әділ әр-Раббани Хазірет, Нақышбанд Тәриқатының 41інші Әулие пір Шайығы
#ислам #әулие #жүрек #қазақ #сопылық
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سۇحبات: گازا ماسەلەسى اراپتاردىڭ وسىمانلىعا ساتقىندىق ەتۋىنىڭ جەمىسى (2) (2026.01.18 / حيجري 1447-جىل 29-راجاب)
يسلامبول (ستانبۋل)، تۇركيا.
ءاس-ءسالامۋ الەيكۋم ۋا راحماتۋللاحي ۋا باراكاتۋحۋ.
اعۋزۋبيللاھي ميناش-شايتانير راجيم، بيسميللاحير راحمانير راحيم.
ۋا س-سالاتۋ ۋاس-سالامۋ ءعالا راسۋلينا مۇحامادين ءسايديل-اۋالينا ۋال-اقيرين، ءمادات يا راسۋلاللاھ، ءمادات يا ءساداتي ءاسحابي راسۋليلاھ، ءمادات يا ماشايقينا، ءداستۇر ءماۋلانا شايىق ابدۋللاھ ءال-ءفايز ءاد-داعىستاني، شايىق مۇحامماد نازىم ءال-حاققاني، ءمادات. ءتاريقاتۋنا ءاس-سۇحباح ۋال-قايرۋ فيل-ءجامياح.
(Greengate Jamia Masjid – Oldham، UK، 2026) انگليادا ايتىلعان سۇحبات. اللا ﷻ سىزدەردى بەرەكەلەگەي، ءبىزدى قۇرمەتتەپ جاتسىزدار، ءبىز بۇعان تاتىمايمىز، ءبىراق ءالحامدۋليللا، سىزدەر ءبىزدى اۋليە-ماشايىقتارمەن پايعامبارىمىز ﷺ ءۇشىن قۇرمەتتەپ جاتسىزدار. اللا ﷻ سىزدەرگە ءتىپتى دە كوپ ماحابباتپەن نۇر بەرگەي، ينشاللا، جانە سىزدەردى وسى جولدا، پايعامبارىمىز ﷺ جولىندا، ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال جاماعا جولىندا، سوپىلىق ءتاريقات جولىندا باياندى ەتكەي. بۇل جولدار ۇقساس جول، ۇقساماستىعى جوق، ءالحامدۋليللا، ءبىز تۋرا جولدامىز، ياعني ءتاريقۋل-مۇستاقيم، تاريقۋس-ساليح، ينشاللا، ءتاريقات دەگەنىمىز جول، مۇستاقيم دەگەنىمىز ءتۇزۋ، ياعني جولدان شىعىپ كەتپەۋ بولماق. ءالحامدۋليللا، ءبىز پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولىندامىز، جانە ول ءالى جالعاسىپ كەلەدى، ول قيامەتكە دەيىن عانا ەمەس، ماڭگىلىك بولماق، ءالحامدۋليللا، ول ماڭگىلىك-ءدۇر. كىم ونى سوناۋ باستان ۇستاي السا، ول ءتىپتى دە كوپ بەرەكەگە جەتەدى، جانە ءجانناتتا پايعامبارىمىز ﷺعا جاقىن تۇرادى، دۇنيەدە دە سولاي، ول پايعامبارىمىز ﷺعا ءتىپتى دە سۇيىكتى جان بولادى.
سەبەبى پايعامبارىمىز ﷺ، «كىم ماعان سالاۋات ايتسا، مەن وعان جاۋاپ قايتارامىن» دەر، سوندىقتان، سوپىلىق ءتاريقاتتاعىلار پايعامبارىمىز ﷺعا ۇدايى سالاۋات ايتادى، ياعني سىزدەر ايتقانداي، «ءدۇرۋد» ايتادى، جانە ءار جولى پايعامبارىمىز ﷺ وعان جاۋاپ قايتارادى. مىنە بۇل ءبىزدىڭ سەنىمىمىز، بۇل يسلامدىق سەنىم، ال كەيبىر ادامدار بۇنى قابىل ەتپەيدى، ءبىراق بۇل ادامدار ەش ماڭىزدى ەمەس، ماڭىزدى نارسە پايعامبارىمىز ﷺنىڭ جولىندا، اتا-بابالارىمىزدىڭ جولىندا بولۋ-ءدۇر. ول سوناۋ پايعامبارىمىز ﷺنان بەرى قازىرگە دەيىن ءالى جالعاسىپ كەلەدى، كوپتەگەن ادامدار وسى جولدى قۇرتقىسى كەلدى، ءبىراق قۇرتا المادى، ءبىراق ولاردىڭ وزدەرى قۇرىدى. ولار ءجايلى ەشكىم ەشتەڭە بىلمەيدى، ءبىراق ارينە، ولار بىرەۋ، ەكەۋ، يا ءجۇز ەمەس، ولار ءار جەردە مىڭداپ قاپتاپ ءجۇر، ءبىراق ءاردايىم ولاردىڭ بارلىعى وزدەرى باستاعان بۇلىگىمەن كەسىرلى ىستەرىنىڭ استىنا كومىلىپ جوق بولدى، جەڭىلىپ جويىلدى. ءقازىر ولار قارا جەردىڭ استىندا وكىنىپ جاتىر، ءبىراق ودان ەش پايدا كەلمەس، ال پايدا ءار كەزدە وسى جولعا ەرە بىلۋدە، شايتانعا قۇلاق اسپاۋدا جاتىر. ادامدار، «مەندە ءۋاسۋاسا بار» دەيدى، بۇل قالىپتى نارسە، دەمەك، شايتان ءۋاسۋاسا جاسايدى، ءبىراق ماناعى قىڭىر ادامدار شايتاننان بەتەر ءۋاسۋاسا سالادى، ولار شايتاننان اسىپ كەتتى.
ءالحامدۋليللا، باعانا بۇنداعى شايىق قاسيدا ايتىپ، ءال-اقسا مەشىتىمەن ميراج ءجايلى سويلەدى، ارينە، ءبىراق ءوسىبىر جەرلەردى، باقىتسىزدىققا وراي، كوپتەگەن ادامدار زيارات ەتە المايدى. بۇگىن دە ءبىر باۋىرىمىز مەنەن، «ءسىز بۇكىل دۇنيەنى ارالاپ ءجۇرسىز، قايسى ەلدى ەڭ جاقسى كورەسىز، قايسىسىنا ەڭ ريزا بولدىڭىز» دەپ سۇرادى، ول باۋىرىمىز مۇمكىن مەن، «مەككەمەن مەدينا دەپ ايتار» دەپ ويلاپ قالعان. ال مەن، «پالەستين» دەپ جاۋاپ بەردىم، ءالحامدۋليللا، سەبەبى ول جەر پايعامبارلاردىڭ جەرى، جانە قاسيەتتى ءال-اقسا مەشىتى تۇرعان جەر، ءسۇبىحاناللا، بۇنى اللا ﷻ مەنىڭ جۇرەگىمە سالدى، ءوسىبىر جەرگە دەگەن ماحابباتتى سالدى. ول جەردى مەن ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەتپەن زيارات ەتكەم، بۇرىن ول جەردى اراپتار باسقاراتىن، ال ءماۋلانا شايىق ءار جىلى كيپىردەن ادامداردى قاجىلىققا اپارۋشى ەدى. ول ولاردى قاجىلىققا اپارىپ، ودان سوڭ ءال-اقسا مەشىتىنە اكەلەتىن، ءبىراق كەيىن بۇل جەردى يزرايىل الدى، سولار باسقاردى، سودان سوڭ وندا ادامدار بارا المادى. ءبىراق 60 جىل وتكەن سوڭ، مەن ول جەرگە زيارات ەتتىم، ول راسىندا ءبىر جاقسى جەر، كەرەمەت جەر.
وندا نە ىستەر بولدى؟ مەن ونداعى نيبلۋسكە زيارات ەتتىم، ول ءبىر كەرەمەت قالا، وندا كوپتەگەن سوپىلىق ءتاريقاتتاعى ادامدار بار ەكەن، ولار ءبىزدى كەشكى اسقا، جانە باسقا قوناققا شاقىردى، ءبىز ونداعى كونە مەشىتتە ناماز وقىدىق، وسى ءنابلۋس قالاسىندا سوپىلىق ءتاريقات ۇستاناتىن كوپتەگەن ادامدار بار. ءبىراق ءوز كەزىندە بارلىق اراپتار الدانىپ قالدى، سوناۋ باستان باتىس ياعني ەۆروپا حاليفاتقا، وسمانلى يمپەرياسىنا قارسى قيمىلدار جاسادى. ولار ءابدۋل حاميت سۇلتانعا ميليارتتاعان اقشا اكەلىپ، «ءبىز سەنىڭ بار قارىزىڭدى قايتارامىز، بىزگە وسى وڭىردەن ۇلتاراقتاي كىشكەنە جەر بەر» دەيدى. ءبىراق سۇلتان، «مەن بۇل قاسيەتتى جەردەن سەندەرگە ءبىر جاپىراق تا بەرە المايمىن، ول مەنىڭ اماناتىم، بۇل جاۋاپكەرشىلىكتى تاستاپ، اللاعا قالاي سويلەيمىن» دەپ، ماناعى ادامداردى قۋىپ جىبەرەدى. وسى ءابدۋل حاميت سۇلتان دا سوپىلىق ءتاريقاتتا ەدى، بارلىق سۇلتاندار دا سوپىلىق ءتاريقاتتا بولعان، ساحيپ ءتاريقات بولعان، ءابدۋل حاميت سۇلتان شازيلي سوپىلىق ءتاريقاتىندا بولعان، ونىڭ شايىعى شازيلي ەدى. ءبىراق ارينە، ماناعى ادامدار بۇلىك-فيتنا جاساپ، ونى اۋدارىپ جىبەردى، جانە اراپتاردى كەلىستىرىپ الدادى، ولار اراپتارعا، «سەندەر مۇسىلماندارعا پاتشا بولاسىڭدار، جانە وسى جەر سەندەردىكى بولادى» دەپ، الداپ سوقتى.
ۇلىق ءپىرىمىز ءماۋلانا شايىق ابدۋللا ءاد-داعىستاني حازىرەت سول كەزدەگى وسمانلىنىڭ ارمياسىندا اسكەر بولعان، ول ءال-اقسا مەشىتىنە جاقىن تۇرعان ءاس-ساقرا مەشىتىندە حالۋا (ياعني وقشاۋلانۋ) جاسايدى، ول وندا 40 كۇن حالۋا وتكىزدى، جانە ارميامەن پالەستيندى، ءال-اقسا مەشىتىن قورعاۋدا بولدى. كەيىن ولار قايتىپ كەلگەندە بۇزىقتار وسمانىلى قۇرتتى، سودان باتىستىقتار دەرەۋ وسمانلىنىڭ بارلىق جەرلەرىن الادى، جانە ونداعى حاليفانى جوعالتادى. ولار سولاي ىستەر، ءبىز وعان ەشتەڭە دەي المايمىز، بۇل ولاردىڭ حاقىسى، سەبەبى، «الحَرْبُ خُدْعَةٌ»، «ءال-حاربۋ قۋدعا» ياعني، «سوعىس دەگەنىمىز الدامشىلىق»، دەمەك، سوعىستا ادام الداۋعا بولادى، ءبىراق الدامشىلىق ىستەۋشى ەڭ سۇمدىق بىرەۋ بولماق، ال وسىنداي الدامشىلارمەن بىرگە بولۋ ءتىپتى دە سۇمدىق ءىس بولماق. ياعني يسلامنىڭ جاۋلارىمەن بىرگە بولىپ، حاليفاعا قارسى شىعۋ وتە ۇلكەن كۇنا، ولاي بولماۋى كەرەك ەدى، ءبىراق ارينە، ءىس ءبىتتى، ولار پالەستيندى الدى، ودان سوڭ ول جەر ايعاي-شۋ، جىلاپ-سىقتاۋدان ءبىر ارىلمادى، ال ونداعىلار، «بىزگە زۇلىمدىق جاسالۋدا، بىزدە انا ماسەلە، مىنا ماسەلە بار» دەپ، كۇندە كۇڭىرەنەتىن بولدى. نە ءۇشىن بۇلاي بولادى؟ سەبەبى ونداعىلار وزدەرىنىڭ قاتەلىگىن قابىل ەتپەي جاتىر، ءالى دە وسمانلىعا قارسى بولۋدا، حاليفاعا قارسى بولۋدا، بۇكىل اراپ دۇنيەسى سولاي ىستەپ وتىر! «ولار حاليفاعا نەمەسە وسمانلىعا ريزا شىعار» دەپ ويلاپ قالماڭىزدار، قازىرگە دەيىن ولاي ەمەس.
سەبەبى باتىس ەلدەرى اراپتاردى ۋلاپ تاستاعان، جانە ءوسىبىر ۋلى ءزاحار ولاردىڭ سۇيەگىنە دەيىن ءسىڭىپ كەتكەن، ال ءسىز ولاردى ءسال قىرناپ كورسەڭىز، ولاردىڭ وسمانلىعا، حاليفاعا دەگەن دۇشپاندىعىمەن جەككورۋشىلىگىن كورەسىز. سول ءۇشىن ولارعا قازىرگىندەي كەلەڭسىز ىستەر بولۋدا، ولار، «گازا-مازا» دەيمە، بىلمەدىم، سولاي جىلار، ءبىراق بۇلار وزدەرىڭنىڭ قاتەرلىكتەرىڭنەن بولعان. ال ماناعى باتىس ەلدەرى سەندەردىڭ دۇشپاندارىڭ ەدى، سوندىقتان، ولار سەندەرگە نە ىستەگىسى كەلسە، سونى ىستەيدى، ولارعا بۇل ماسەلە ەمەس، ءبىراق سەندەر اللاعا وكىنە تاۋبە ەتپەسەڭدەر، سوپىلىق تاريقاتپەن بىرگە بولماساڭدار، سەندەرگە ەش جاقسىلىق كەلمەيدى. مۇمكىن بىرەۋلەر ونى قاتە دەر، ءبىراق مەن سوندا ءومىر ءسۇردىم، داماشىقتا تۋىلدىم، ولار ءاردايىم مەكتەپتە، باستاۋىش مەكتەپتە، ورتا مەكتەپتە، دەمەك ءار جەردە، «وسمانلى - دۇشپان، ءبىزدى ارتتا قالدىرعان سولار، ولار ءبىزدىڭ جەردى الىپ العان» دەپ ۇيرەتتى. الايدا نە بولسا دا، وسمانلى پالەستيندى ماناعى ادامدارعا ساتىپ، اقشا المادى، ولار وسى كۇنگە دەيىن ولاردى بيلەپ كەلەر ەدى، ءبىراق بۇل ادامداردا، ياعني ءبىزدىڭ ادامداردا اقىل بولمادى، اقىلدارى تاۋسىلعان. ولاردىڭ ميلارى كۇيىپ كەتكەن، بارلىق مۇسىلمانداردىڭ ميلارى كۇيىپ كەتكەن، ەشتەڭە ويلانا بىلمەيدى، ولار تەك سىرتىنا قارايدى، قابىنا قارايدى، ءبىراق جانىندا، نەمەسە ىشىندە نە بولىپ جاتقانىن كورە بىلمەيدى.
ادامداردىڭ كەيبىرى يراننىڭ ارتىنان، كەيبىرى ۋاحابيلاردىڭ ارتىنان شاۋىپ ءجۇر، ال سۇيتە تۇرا قالاي مۇسىلمانمىن دەيسىز، بۇل مەنىڭ نابلۋستا بولعاندا ايتقانىم ەدى، ءابدۋل حاميت سۇلتان وسى قالانى سۇيەتىن، جانە وندا وعان ارنالعان ەرەكشە جەر بار بولاتىن. مەن بۇل قالاعا كەشكى اس كەزىندە جەتتىم، ماشاللا، ادامدارى جاقسى ەكەن، ولار ءابدۋل حاميت سۇلتاندى جاقسى كورەدى، سەبەبى سۇلتان ولاردى جاقسى كورەتىندىگىن ايتقان، ءتىپتى ول وسى نابلۋسقا دەيىن تەمىر جول دا سالدىرعان. مەن بارعاندا وندا ءبىر جاسامىس كىسى وتىر ەكەن، مەن وعان سالەم بەردىم، ءبىراق ول كىسى قۋانباي وتىر، ول، «ءتاتبي» دەدى، ال مەن ءبىرىنشى رەت ەستىگەندە ءتاتبيدىڭ ماعىناسىن تۇسىنبەدىم، ونى كەيىن ءتۇسىندىم. ءتاتبي ءسوزى قالىپتاندىرۋ نەمەسە نورمالداستىرۋ دەگەن ماعىنا بەرەدى ەكەن، ولار بۇنى جاقسى كورمەيدى، ولاي ەتپە دەر. ال ءسىز بۇندا وتىرسىز، ءبىز بولساق، قاسيەتتى جەرگە زياراتقا كەلدىك، اللا ﷻ بىزگە وسىنى اشتى، ال ءسىز نەگە بىزگە بۇلاي سويلەيسىز؟ بۇل جەر تەك سىزگە عانا ەمەس قوي. بۇل جەر قاسيەتتى جەر، ول جەر بۇكىل مۇسىلماندار ءۇشىن، بۇلاي دەسەڭىز، ارينە، ماناعىلار سىزگە زۇلىمدىق قىلادى، ءسىز ۇناتپايتىن بار ءىستى ىستەيدى.
يسلامنىڭ، مۇسىلمانداردىڭ ءحالى وسىلاي بولدى، ولار شىن عۇلامالاردان، ناعىز اۋليە-ماشايىقتاردان ءبىلىم الۋى كەرەك، ارينە، ولار دا كوپ، ءبىراق باقىتسىزدىققا وراي، ءتىپتى سوپىلىق ۇستانعان اراپتاردىڭ وزىندە ماناعى رۋحاني كەسەل بار. سەبەبى بۇزىقتار وسى كەسەلدى ولاردىڭ جان-تانىنە، بارلىق جەرىنە ءسىڭدىرىپ جىبەرگەن، سوندىقتان، ءسىز ولاردى ازداپ قىرناساڭىز، كەسەلدەرى اقىرىن-اقىرىن كورىنە كەتەدى، سول ءۇشىن ولار اللا ﷻدان كەشىرىم سۇراۋى كەرەك. اللا عافۋرۋر راحيم، ول قابىل ەتەدى، جانە كەشىرەدى، ينشاللا، اللا ﷻ ءبىزدى كەشىرەدى، جانە ول ءسايدينا ءماحدي حازىرەتتى جىبەرگەي. ءالحامدۋليللا، بۇندا پايعامبارىمىز ﷺنان بىزگە ءماحدي حازىرەت ءجايلى جاقسى ءشۇيىنشىلى حابار بار، ول بولماسا، بارلىعى قيىن بولار، ءار جەر تۇگەمەيتىن ماسەلەگە تولعان، بۇكىل دۇنيە ماسەلەگە تولعان، ماسەلەسىز جەر جوق. ال وسى ماسەلەلەردىڭ كوبى ارينە مۇسىلمان ەلدەرىندە، مۇسىلمان جەرلەرىنە بولۋدا، نە ءۇشىن؟ سەبەبى ءماۋلانا شايىق نازىم حازىرەت ايتقانداي، شايتان شارشامايدى.
بىردە حريستاننىڭ ۇلكەن پوپ ەپيسكوبى ءماۋلانادان، «بۇل ماسەلەلەر قاشان بىتەر» دەپ سۇرايدى، ءماۋلانا شايىق، «شايتان پەنسياعا شىعىپ كەتكەندە توقتار، سول كەزدە بىتەر» دەپ جاۋاپ بەرەدى، ال ماناعى پوپ قاتتى كۇلىپ كەتەدى. ياعني ءماحدي الەيحيسسالام كەلگەندە بۇكىل ماسەلە جوعالادى، ءبىراق ءقازىر شايتان بىتكەن جوق، مەن كاشمير، ميامىر، پالەستين، يراق، يران، بارشا افريكا، سۋدان، ليبيا سياقتى مۇسىلمان ەلدەرى ءجايلى كورىپ قالامىن، ەستيمىن، جانە ولار ءۇشىن كوڭىلسىز بولامىن. شايتانمەن ونىڭ اسكەرلەرى ولاردى جوق ەتكىسى كەلەدى، ءبىراق وعان مىڭداعان جىل كەرەك، ال ءسايدينا ءال-ءماحدي حازىرەت كەلگەندە مۇلدەم تىنىشتىق ورنايدى. ەش ماسەلە بولمايدى، كاشمير ماسەلەسى، ۆيزا ماسەلەسى، تۇرۋعا رۇحات ماسەلەسى، كىرىپ شىعۋ ماسەلەسى تب بارلىعى بولمايدى، ولاردىڭ بارلىعى جوعالادى، ارينە، شايتان ءقازىر پەنسياعا شىققان جوق، ال ءماحدي حازىرەت كەلگەندە، اللا ﷻدىڭ ءسوزى، بەرگەن ۋادەسى حاق بولار، پايعامبارىمىز ﷺ ايتقانداي، «بۇكىل دۇنيە يسلامدا بولار، باسقا ەش ءدىن-سەنىم بولماس، كۇللى ادامزات يسلامعا ەرەر» دەگەن جاعداي بولار. ال يسلامنىڭ ماعىناسى نە؟ يسلامنىڭ ماعىناسى تىنىشتىق، بەيبىتشىلىك دەگەندى بىلدىرەدى، دەمەك، بۇكىل دۇنيەگە سول كەزدە تىنىشتىق ورنايدى.
ءسايدينا ءال-ءماحدي حازىرەتتەن سوڭ ءسايدينا يسا حازىرەت كەلەر، ءماحدي حازىرەتتەن سوڭ دۇنيەنى يسا حازىرەت بيلەپ، ول كەزدە 40 جىل تىنىشتىق ورنايدى، ال يسا حازىرەت قايتىس بولعان سوڭ، پايعامبارىمىز ﷺنىڭ قاسىنا جەرلەنەدى. ول قۇتىرعان ادامدار ايتىپ جۇرگەندەي قۇدايدىڭ بالاسى ەمەس، استاعفيرۋللاھ، بۇل ەڭ اقىماق ءىس، ءبىراق وسى ادامدار وزدەرىن دۇنيەدەگى ەڭ اقىلدى ادامدارمىز دەپ ويلايدى. ادامدار ءقازىر ماشينادان اقىلى از بولدى، ياعني ولاردا اقىلدى ماشينالار بار، ءتىپتى سول ماشيناسىنا، «يسا حازىرەت كىم» دەپ سۇراساڭ، ول، «يسا حازىرەت ءبىر پايعامبار» دەپ ايتادى، دەمەك، ماشينانىڭ ءوزى ولاردان اقىلدى بولىپ وتىر. وسى يسا حازىرەت قايتىس بولعان سوڭ، ءمادينادا پايعامبارىمىز ﷺنىڭ قاسىنا جەرلەنەدى، وندا وعان ءبىر ورىن بار، بۇنى ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال جاماعادان بولعانداردىڭ بارلىعى بىلەدى. ال يسا حازىرەت كەتكەن سوڭ، بۇكىل دۇنيە قايتادان شايتان بولىپ كەتەدى، ول ادامدار ارقىلى بۇكىل كۇشپەن كەلەدى، سول كەزدە وتە كوپ ساندى ادامدار قايتادان كاپىر بولادى، ساناۋلى عانا مۇسىلماندار بولادى.
سول كەزدە ءبىر ءتۇتىن، نەمەسە سامال جەل شىعار، ال ونى مۇسىلماندار يسكەپ، بارلىعى قايتىس بولادى، سودان جەر شارىندا تەك قانا كاپىرلەر قالادى، سونىمەن ءبىز شايتاننان تەك 40 جىل عانا بوساي الامىز، ودان سوڭ شايتان تاعى كەلەدى. مىنە، دۇنيە وسىنداي، ول وسىنداي بولۋى كەرەك، سەبەبى قيامەت ماناعى كاپىرلەردىڭ باسىنا ورنايدى، سول كەزدە بۇكىل كاپىر تۇگەل جوق بولادى. ءقازىر ادامدار حابارلاردى كورىپ، «وح، اسپاندا ءبىر تاس كەلە جاتىپتى، ول جەردى سوقپاقشى ەكەن، سوندا قيامەت بولار» دەپ جاتادى. ءالحامدۋليللا، ءبىز مۇسىلماندار، مۇميندەر بۇنىڭ شىن ەمەس ەكەندىگىن بىلەمىز، مۇمكىن باسقا ادامدار، «دۇنيەنىڭ اقىرى سول تاسپەن كەلەتىن بولار» دەپ، بۇدان قاتتى قورقىپ جۇرسە كەرەك، مازاسى كەتىپ، كوڭىلسىز جۇرسە كەرەك. مەيلى، سول تاس كەلسىن، يا ءار تاس بولسىن، كەلسە، بارلىعى اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ امىرىمەن كەلەدى، ال اللا ءاززا ءۋا-ءجاللانىڭ ءامىرىنسىز قالاي قيامەت ورناماق؟ دەمەك، كاپىرلەردە تىم ءمانسىز، تىم اقىماق سەنىمدەر بار، ولار وزدەرىن وسىلارمەن قورقىتادى، ولار اللا ﷻدان قورىقپايدى، ءبىراق باسقا نارسەنىڭ بارلىعىنان، نەمەسە، جوق نارسەدەن ولەردەي قورقادى.
اللا ﷻ ءبىزدى پاناسىنا العاي، ينشاللا، وزدەرىڭىزدى ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال جاماعانىڭ جولىندا ساقتاڭىزدار، ال ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال جاماعا دەگەن كىمدەر؟ ولار ءشاريعاتقا ەرۋشىلەر، ءالحامدۋليللا، ءشاريعات جانە ءتورت ءمازحاپ اسا ماڭىزدى. ال كىم وسىلاردى قابىل ەتپەسە ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال جاماعادان بولمايدى، ءار ءمازحاپ وڭاي، وندا قيىندىق جوق، ءار ەل وزدەرىنە لايىق ءتورت ءمازحاپتىڭ بىرىنە ەرەدى. ءبىراق قازىرگى جاڭا شىققان ءقايسىبىر قىڭىر ادامدارعا ەرۋگە بولمايدى، سەبەبى ولار، «ءمازحاپ كەرەك ەمەس» دەپ ءجۇر، ولار مازحاپتارمەن وعان ەرگەندەردى قارعاپ ءجۇر، ولار، «ءمازحاپ قاجەتسىز، تەك قۇرانعا ەر» دەيدى. ال ولاردىڭ قۇران وقىعانىن كوپ رەت ەستىپ قالدىم، ولار قۇراندى ءجوندى وقي دا المايدى، سوندا قۇراندى ءوزىڭ قالاي ءتۇسىنىپ، ءوزىڭ ارقىلى قالاي ەرمەكشىسىڭ؟
ال پايعامبارىمىز ﷺ بولسا، «يَسِّرُوا ولا تُعَسِّرُوا»، «ياﷺيرۋ ءۋالا تاعسيرۋ»، ياعني، «وڭاي ەت، قيىن ەتپە» دەيدى، دەمەك، وڭاي ەتىڭىز، ونى قيىن ەتپەڭىز، ياعني، ولار جولدى ءمازحاپ ارقىلى كورسەتكەن كەزدە، ول ءسىزدىڭ ەرۋىڭىزگە وڭاي، جانە جەڭىل بولادى. ال ونى بىلمەسەڭىز، ءسىز قۇراندى اشىپ، باسىنان اقىرىنا دەيىن بىردەڭە ىزدەمەك بولاسىز، ال بۇندايدا ءسىز بىرەۋىن تاباسىز، ءبىراق ەكىنشىسىن تاپقانشا، ءبىرىنشىسىن ۇمىتىپ بولاسىز، تاعى اشاسىز، تاعى ۇمىتاسىز، جاڭىلاسىز، بۇل ەش جاقسىلىق ەمەس. مىنە بۇل ەڭ ۇلكەن بۇلىك-فيتنا، ال عۇلامالار بۇنى بىلەدى. ءقازىر وزدەرى بىردەڭەلەردى جاساپ الىپ، «ءبىز بۇنى قۇراننان ۇيرەندىك» دەپ، ءشاريعاتقا قارسى جار سالىپ جۇرگەن ادامدار كوپ. ال قۇران ءازيمۋ-ءشاندى ۇيرەنۋ ءۇشىن، ونى ناقتى ۇيرەنۋ، جانە ءتۇسىنۋ ءۇشىن از دەگەندە ون جىل كەرەك، ال ءسىز ونى تۇسىنگەن كەزدە ءبىر جاعىنان حاديسكە دە قاراۋىڭىز كەرەك. ءبىراق ماناعىلار حاديستى قابىل ەتپەيدى، دەمەك، بۇل ادامداردىڭ شارۋاسى بىتكەن، بۇزىلعان ادامدار، ولاردىڭ وقىعان، ۇيرەنگەن نارسەلەرىنىڭ ەش پايداسى جوق، ءتىپتى بۇلارى ولاردى زياندايتىن بولادى، سەبەبى ولار بۇلىك جاساۋدا، ادامداردى باسقا جولدارعا كەتىرۋدە.
سوندىقتان، و ءاحلۋل ءسۇننا ءۋال جاماعا جۇرتى، ءمازحاپتان الىستاماڭىزدار، سوپىلىق ءتاريقاتتان الىستاماڭىزدار، بۇلار ەكى قانات، وتكەندەر وسىلاي دەر. ءسايدينا قاليد ءال-باعدادي حازىرەت، زۇل جاناحايان حازىرەتتەر وسىلاي اتاعان. ال كىم وسى ەكى قاناتپەن جۇرسە، جەڭىسكە جەتەر، سەبەبى ءبىر قاناتىڭ ءشاريعات بولسا، ەكىنشى قاناتىڭ ءتاريقات-ءدۇر، بۇلار بولماسا، سىزدەر ەشقايدا بارا المايسىزدار، وسى ەكى قانات بولۋى كەرەك، ءبىزدىڭ جول مىنە وسى. اللا ﷻ سىزدەرى بەرەكەلەگەي، سىزدەردى وسى جولدا ساقتاي بەرگەي، ينشاللا، ءاربىر سوپىلىق ءتاريقات بولا بەرەدى، قايسىسى بولعانى ماڭىزدى ەمەس، ونى مەن بۇگىن دە ايتىپ وتكەم. كوپتەگەن سوپىلىق ءتاريقاتتار بار، ءسىز ولاردىڭ وزىڭىزگە ۇيلەسكەن كەزكەلگەنىنە ەرەسەڭىز بولادى، بۇل كادىمگى ءسىزدىڭ وزىڭىزگە ۇيلەسەتىن قايسى ءمازحاپقا ەرۋىڭىزگە ۇقسايتىن ءىس. اللا ﷻ سىزدەرى بەرەكەلەگەي، سىزدەردى وسى جولدا باياندى ساقتاعاي، ءامين.
- ءۋاميناللاھيتاۋفيق، ءال-فاتيحا.
- اۋليە سوپى ماۋلانا شايىق مەحمەت ءادىل ءار-رابباني حازىرەت، ناقىشباند ءتاريقاتىنىڭ 41ءىنشى اۋليە ءپىر شايىعى
#يسلام #اۋليە #جۇرەك #قازاق #سوپىلىق
nvrislam.net
instagram.com/nvrislami
سىلتەمە: https://www.nvrislam.net/index.php?j=tote&post=8666